Пи директоры



бет6/6
Дата12.02.2018
өлшемі1 Mb.
#9393
1   2   3   4   5   6

Әдістемелік нұсқаулар: : Студент берілген сұрақтың біреуін таңдап, соны ауызша айтып беру. 6-7 студенттер аудитория ортасына отырып мәселені талқылайды. Ал қалған студенттер оқытушымен бірге олардың айналасына отырып, олардың жауаптарын бағалайды. Пікір талас 20 минутты қамтуы тиіс. Пікір талас арнайы жоспарға байланысты жүргізіледі. Сабақ соңында студент- бақылаушылар өз ойларын білдіріп, әр қатысушының пікіріне баға береді.

Әдебиеттер:

Бергер П. Приглашение в социологию- М.

Кравченко А.И. Социология- М., 1998

Радугин А.А., Радугина К.А. Социология – М., 1997

Энциклопедический словарь. М., 1997

СОӨЖ №25, 26

Тақырыбы: Әлеуметтік делдалдық пен кеңес беру.

Мақсаты: Әлеуметтік делдалдық пен кеңес беру.

Өткізу формасы: Топтық сабақ.

Сұрақтар:

1.Әлеуметтік делдалдық түсінігі.

2.Әлеуметтік делдалдық қызметтері.

3.Әлеуметтік кеңес беру түсінігі мен оның ерекшеліктері.

4.Әлеуметтік кеңес беру ұстанымдары.

5.Әлеуметтік делдалдық нысандары.

6.Жақын және қашықтықта әлеуметтік кеңес беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Топтық сабақ. Сабақта басты тақырып етіліп жоғарда сұрақтар алынады. Топ екіге бөлініп, әр топтан бір студент мини-докладпен шығады. Тақырыптың мазмұнын ашу. Әр топқа өзекті мәселені шешуе байланысты сұрақ беріледі. Әр топ сол мәселені шешудің технологиялық әдісін көрсетуі тиіс.

Әдебиеттер:

Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000

Бергер П. Приглашение в социологию- М., 1999

Кравченко А.И. Социология- М., 1998



СОӨЖ №27, 28

Тақырыбы: Шет елдерде әлеуметтік қызмет даму тәжірибесі. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар. Әлеуметтік қызметтің қазіргі заманғы теориялары.

Мақсаты: Шет елдерде әлеуметтік қызмет даму тәжірибесі, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар, әлеуметтік қызметтің қазіргі заманғы теориялары туралы мәлімет алу

Өткізу формасы: Пікір- талас түрінде.

Сұрақтар:

1.Әлеуметтік қорғаудың ұлттық модельдерінің ерекшеліктері.

2.Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың американдық және батысевропалық модельдерінің ұстанымдық ерекшеліктері.

3.Әлеуметтік қызметтің скандинов моделінің ерекшеліктері.

4.ТМД елдеріндегі әлеуметтік қызмет моделдері мен жағдайы.

5.Скандинов елдерінде әлеуметтік қызметті ұйымдастыру.

6.Германия тұрғындарын әлеуметтік қорғау.

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген сұрақтар бойынша жазбаша конспект құрап, тақырыпты мазмұнын жан-жақты ашу. Тақырыптың мазмұнын ашу, жекелеген мәселені зерттеу, әртүрлі көзқарас пен концепциялардың бар екеніне назар аудару, шығармашылық талқылау жағдайын туғызу.

Әдебиеттер:

Радугин А.А., Радугина К.А. Социология – М., 1997

Энциклопедический словарь. М., 1997

Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000



СОӨЖ №29, 30

Тақырыбы: Қазақстанда әлеуметтік қызметтің даму болашағы.

Мақсаты: Студенттерге Қазақстандағы әлеуметтік қызметтің даму болашағы туралы айту

Өткізу формасы: Топтық сабақ.

Сұрақтар:

1.Әлеуметтік жобалау дамуы.

2.Әлеуметтік қызметтің жалпы мемлекеттік және жергілікті бағдарламалары.

3.Әлеуметтік қорғаудың аса өзекті мәселелері.

4.Әлеуметтік маңызды жобалар байқауы – Қазақстанда әлеуметтік қызмет дамуының нысаны ретінде.

5.Әлеуметтік қызметтегі еріктілер қозғалысы.

6.Қазақстанда әлеуметтік қызмет дамуындағы үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар ролі.

7.Қазақстанда әлеуметтік қызмет дамуындағы шетелдік әлеуметтік қызметтер тәжірибесінің маңызы



Әдістемелік нұсқаулар: Топтық сабақ. Сабақта басты тақырып етіліп жоғарда сұрақтар алынады. Топ екіге бөлініп, әр топтан бір студент мини-докладпен шығады. Тақырыптың мазмұнын ашу. Әр топқа өзекті мәселені шешуе байланысты сұрақ беріледі. Әр топ сол мәселені шешудің технологиялық әдісін көрсетуі тиіс.

Әдебиеттер:

Бергер П. Приглашение в социологию- М., 1999

Кравченко А.И. Социология- М., 1998

8. Курстық жұмысқа арналған материалдар:

1. Курстық жұмыс үшін талаптар:

Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны таңдап алынған тақырыппен, және зерттеу деңгейімен анықталады. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

Алғашқы кіріспе бөлімінде курстық жұмыстың мақсаты, міндеті, тақырыбы, пәні және өзектілігі анықталады. Мақсат айқындалады, содан кейінзерттеу міндеі, одан ары қарай зертеу бірнеше кезеңдерге бөлінеді, және сонымен қатар жұмыстың нақты құрылымы мен ақпараттық және ғылыми базасы көрсетіледі.

Бірінші теориялық бөлім. Онда тақырыптың қысқаша мазмұны, критикалық сараптау жасалады.

Екінші теориялық-сраптау бөлімде курстық жұмыстың жекелеген бағыттардың, қарастырылып отырған мәселердің жүйелі зерттеу кіреді. Онда нақты жағдайға сараптама жасалынды.

Ал үшінші бөлімде осы мәселенің негізгі бағыттары, ағымдары, осы мәселені шешу жолдары, сонымен бірге тәжірибеде қолдану мысалдары көрсетіледі. Кез-келген бөлім араграфтардан тұрады. Әрбір бөлім мен параграфтың нақты айқындалған тақырыптан тұруы керек.

Қорытындыда қысқаша қаралған мәселеге қорытынды шығару, көзделген мақсат пен міндеттерге қол жеткізілді ме сол көрсетілуі керек.

Әдебиеттер тізімі қолданылған әдебиеттер, әдіснемелік құралдардың атауы, автор аты-жөні, баспа атауы, баспадан шыққан жылы, шыққан жері көрсетіледі.

Қосымшада схема, кесте, сурет көрсетілуі тиіс.

Курс тақырыбы студенттің оқытушымен келісе отырып жеке дара таңдап алынады. Тақырыптар арнайы ұсынылған тізім негізінде жүзеге асады. Таңдап алынған курстық жұмыстың негізгі мазмұны этносоциологияның мәселесі болуы керек.Барлық бөлім бір-бірімен тығыз байланыста болу керек және ақыры мақсатқа жетуді көздеуі керек. Курстық жұмыс міндетті түрде қорғалу керек. Және бестік жүйе бойынша бағаланады.


2. Курстық жұмысты безендіру.

Курстық жұмыс компьтерде терілуі керек. Және А4 стандартық көлемдегі ақ бетте мазмұндалады. Компьютерлік текст арасы 2 интервалдан 20-25 беттен кем болмау керек. Бет көлемі сол жақтан 3 см, оң жақтан 1.5 см, жоғардан және төменнен 2 см болуы керек.

Беттерді номерлеу титульды беттен басталып, барлық кейінгі бетерге араб санымен қойылады. Титулдік бетке алайда номер қойылмайды.

Курстық жұмыста міндетті түрде сілтеме болу керек. Мысалы [1; 7] немесе [1, с 11 -16]. Немесе сілтеме беттің төменгі жағында деректің толық атауы көрсетілуі де мүмкін.


Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары

1.Әлеуметтік қызметтің –жеке дара қызмет түрі ретінде пайда болуы.

2.«Әлеуметтік қызмет» түсінігін айқындаудағы байламдар.

3.Әлеуметтік қызмет мазмұны мен мақсаттары, міндеттері.

4.Әлеуметтік қызмет жүйесі.

5.Әлеуметтік қызмет субъектілері мен объектілері.

6.Әлеуметтік қызметтердің жеке және кәсіби сапалары.

7.Әлеуметтік қызметтің қазіргі қоғамдағы ролі.

8.Әлеуметтік қызмет деңгейлері.

9.Әлеуметтік қызметтің басқа әлеуметтік салалармен байланысы.

10.Әлеуметтік қызметтің жалпы және жеке технологиялары.

11.Тұрғындардың әртүрлі топтарымен жұмыс істегенде әлеуметтік технологияларды қолдану ерекшеліктері.

12.Әлеуметтік инновация түсінігі.

13.Әлеуметтік инновацияларды жүйелеу.

14.Әлеуметтік жобалау түсінігі.

15.Әлеуметтік болжаудың пайда болуы мен дамуы.



9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар:
1. Мақсаты мен міндеттері

Студентердің өзіндік жұмысы алынған білімді тереңдету мен оны тәжірибеде қолдану аясын кеңейту мақсатында жүргізіледі.

Студенттердің өзіндік жұмысына мыналар жатады:


  • өтілген дәрістерді арнайы әдебиеттер бойынша оқу.

  • үй тапсырмаларын орындау.

  • тәжірибелік және семинар тапсырмаларына дайындалу.

  • семестрлік тапсырмаларды орындау.

  • курстық жобаларды орындау.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт студенттердің жаңа өзіндік өндірістік жұмыс үшін қажет дағдыларды игеру деген талпынысымен айқындалады.

Өзіндік жұмысты жоспарлауда студенттерге жыл басында берілетін жұмыс кестесі көмектеседі. Бұл кестеде жұмысты орындау мерзімі, талаптары көрсетіледі.



2. Өткен материалдарды оқу.

Өткен материалдарды қайтадан қарау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады.

Материал қаншалықты қызықты және терең зерттеліп, сарапталса, соншалықты жоғары бағаланады.

2.1 Дәріс мазмұнын зерттеуден бұрын,


  • дәріс конспектісі

  • берілген пән бойынша бағдарлама

  • берілген әдебиеттер тізімі болуы керек.

2.2 Жұмыс әдісі.

  • Дәрісті сабақтан соң бірден қайталап қарау керек.

  • конспектімен жұмыс істей отырып, қосымша мәліметтерге назар аудару керек.

  • тақырып бойынша материал есте қалғанға дейін оқыла берілуі керек.

2.3. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасының мақсаты алынған теориялық материалды практикада қолдану.



  • үй тапсырмасын алдымен тақырып бойынша материалдардан бастау қажет.

  • тапсырманы орындау кезінде дәріс материалдарын пайдаланған жөн.

2.4. Тәжірибелік сабаққа дайындалу.

Алынған білімді бекіту және кеңейту үшін тәжірибелік сабақты жүргізген жөн.



  • Курс бойынша теориялық бөлімді мұқият оқып шыққан жақсы.

  • тәжірибелік сабаққа дайындалу кезінде әдіснемелік құралдарды, әдебиеттерді пайдалану керек.


3. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар:
1.Әлеуметтік инновация түсінігі.

2.Әлеуметтік инновацияларды жүйелеу.

3.Әлеуметтік жобалау түсінігі.

4.Әлеуметтік болжаудың пайда болуы мен дамуы.

5.Әлеуметтік сараптама мақсаттары мен түрлері.

6.Әлеуметтік инновациялар құрылымы.

7.Әлеуметтік болжам технологиясының ақпараттық аспектісі.

8.Инновациялық цикл түсінігі.

9.Инновациялық зерттеу модельдері.

10.Әлеуметтік жоба ерекшеліктері.

11.Әлеуметтік жобалау мен болжам байланыстары.

12.Әлеуметтік болжау кезеңдері мен түрлері.

13.Әлеуметтік сараптаманың ұйымдастыру моделдері.

14.Қоғам анықталуы.

15.З. Шилз теориясы.

16.Қоғамның айқындаушы белгілері.

17.Қоғам түрлері.

18.Қоғамды жіктеу негіздері

19.Қазақстан қоғамы: қазіргі жағдайы мен даму жолдары.

20.Дәстүрлі қоғамның негізгі белгілері.



11. Емтиханға дайындық сұрақтары.

1.Адаптациялық және реабилитациялық үрдістер мазмұны.

2.Бейімделу тетіктерінің негізгі белгілері.

3.Әлеуметтік реабилитация түсінігі.

4.Әлеуметтік коррекция түсінігі.

5.Әлеуметтік терапия түсінігі.

6.Әлеуметтік бейімделу құрылымы мен қызметтері.

7.Коррекциялық әсер етуді бағыттау.

8.Тұрғындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік бейімделу ерекшеліктері.

9.Тұрғындардың әртүрлі категорияларының әлеуметтік реабилитациясы.

10.Жеке адамның әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру ерекшеліктері.

11.Әлеуметтік терапия әдістері.

12.Жеке және топтық терапия.

13.Гендерлік /жыныстық/ теңсіздік түсінігі.

14.Жас айырмашылығы теңсіздігі түсінігі.

15.М.Мид гендерлік зерттеулері.

16.Э.Баттлердің эйджизм тұжырымдамасы.

17.Герантология теориясы және оның социологияда зерттелуі.

18.Функционалистер гендерлік теңсіздік туралы.

19.Коллинздің отбасылық егес теориясы.

20.Гендерлік сәйкестік ұғымы.

21.Гендерлік үлгі /идеал/ ұғымы.

22.Гендерлік және жас айырмашылықтары теңсіздігіндегі биологиялық компонент және еңбек ролі.

23.Ер мен әйел әлеуметтік роліне деген стереотипті көзқарастар.

24.Жас мәртебесі түсінігі.

25.Герантологиядағы босаңсу және белсенділік теориялары.



Тест сұрақтары:

1.Әлеуметтік қорғаныс дегеніміз не ?

a). әлеуметтік процестерді жүзеге асырудың және дамытудың шартты заңдылықтарына алдыңғы қатарлы тәжірибеге негізделген әлеуметтік жұмыс органдарының негізгі шарттары, ережелері және тәртіп нормалары

b). рационалды зерттеу әдістері және нақты жағдайды байта құру, мақсаттарға тез жетудің жолдары

c). адамдардың өмір сүру қызметі мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, қалыпты өмір жағдайларын кепілдендіруді жүзеге асыру мекемелері және шаралар жүйесі

d). әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың негізгі әлеуметтік қызметтерін қалпына келтіру процесі

2.Әлеуметтік жұмыс бұл -

a). табиғат, қоғам және ойдың дамуының жалпы заңдылықтары жөніндегі ғылым

b). қоғамның құрылуы және ондағы адамдардың мінез-құлқы туралы ғылым

c). әлеуметтік сала және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған арнайы әлеуметтік қызмет туралы ғылым

d). әлеуметтік жүйенің қызметі мен даму ретіндегі қоғам жөніндегі ғылым

3.Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы немен байланысты ?

a). парламентаризмнің даму мен сайлау құқығының кеңеюімен

b). нарыққа көшу және нарықтық қатынастардың дамуымен

c). ғылыми-техникалық прогресс, жаңа коммуникациялық құралдардың пайда болуымен

d). социологияның пайда болуы және әлеуметтік білімдердің дамуымен

4.Әлеуметтік жұмыс қандай ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста ?

a). математика, астрономия

b). әдебиет, тіл білімі, психология

c). биология, география, демография

d). соціологія, психология, педагогика

5.Әлеуметтік жұмыстың объектісі қайсысы болады?

a). өмірдің қиын жағдайларына тап болван адам, жанұя, әлеуметтік топ

b). белсенді бас тама жасаушы агент

c). мемлекеттік, қоғамдық, жеке ұйымдар мен мекемелер

d). қоғамдағы орташа топ өкілдері

6.Кәрі адамдардың жағдайының ерекшеліктері қандай

a). денсаулығының нашарлығы

b). аз қамтылуы

c). жалғыздық

d). жоғарыдағылардың барлығы

7.Ұқыптылық принципі, моральдық жауапкершілік: әлеуметтік жұмыстың қай принциптеріне қатысты ?

a). операционалдық

b). этикалық

c). эмпирикалық

d). жалпылама

8. „Орта –тұлға” принципі не қайсысы қатысты ?

a). тең құқықтық әріптестік идеясы

b). қарым-қатынас және таным процесінің жалпы құрылуы

c). бұрынғы өмір жағдайлары мен тәжірибелерін маңыздандыру

d). өзгеріс ортасы ретінде интеракциялық процестердің құрылуы

9.Әлеуметтік жұмыстың қай тәсілі клиенттің өзін-өзі ұстауына, жүріс –тұрысына және оған әсер ететін факторларға аса назар аударады ?

a). бихевиористік

b). экзистенционалдық

экологиялық

d). кризи стік - бағдарлаушылық

10.Әлеуметтік жұмыстың қай моделі клиенттің қанағаттанарлық өмір салтына жетуіне көмек беруді бастр мақсат етіп қояды ?

a). экзистенционалдық

b). психодинамикалық

c). коммуникативтік



d). жүйелік
12. Электрондық оқулықтар көрсетілмеген.
13. Арнайы маманданған кабинеттер жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау