Пи директоры


Мақсаты: Студенттерге әлеуметтік қызметті кәсіби қызмет түрі ретінде түсіндіру. Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет3/6
Дата12.02.2018
өлшемі1 Mb.
#9393
1   2   3   4   5   6

Мақсаты: Студенттерге әлеуметтік қызметті кәсіби қызмет түрі ретінде түсіндіру.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.«Әлеуметтік қызмет» түсінігін айқындаудағы байламдар.

2.Әлеуметтік қызмет мазмұны мен мақсаттары, міндеттері.

3.Әлеуметтік қызмет жүйесі.

4.Әлеуметтік қызмет субъектілері мен объектілері.

5.Әлеуметтік қызметтердің жеке және кәсіби сапалары.



Әдебиеттер:

Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000



Дәріс №2

Тақырыбы: Әлеуметтік қызмет теориясының пайда болуы мен дамуы.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік қызмет теориясының философиялық, социологиялық және психологиялық негіздері. Әлеуметтік қызмет дамуына әсерін тигізген негізгі теориялар. Вебердің түсініктік әлеуметтануы. Гуссерля мен Щюцаның феноменологиясы. ХХ ғасырдағы психосараптамалық теория.

Әлеуметтік қызмет мүмкіндіктері туралы Мид, Морено, Хорни, Маркузе Лазарсфельд ойлары мен түсініктері.

Әлеуметтік қызмет теориясында социологиялық шкалаларды пайдалану. ХХ ғасырда әлеуметтік қызметтің дамуы. Әлеуметтік қызметтің қазіргі моделдері. Әлеуметтік қызметтің салааралық мінезі.

Антика дәуірінің әлеуметтік ойлары. Орта ғасыр әлеуметтік ойлары, Шығыс ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары. Жаңа дәуір әлеуметтік ойлары. Х1Х ғасырдағы социологияның ғылыми негіздерінің қалануы.

Социология ғылымының Кеңестер Одағында зерттелуі. Социология ғылымының Қазақстанда дамуы.

Платон, Аристотель әлеуметтік көзқарастары. А. Августин, Ф. Аквинский әлеуметтік ойлары. Әл-Фараби, Ж. Баласағұн қоғам және мемлекет туралы. Н. Макиавелли, Т.Гоббс және т.б. азаматтық ақыл-ой негізін қалаушылар. О.Конт, Г.Спенсер социология негізін қалаушылар. Социология қалыптасуына Э. Дюркгейм, М. Вебердің қосқан үлестері.



Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Әлеуметтік қызмет дамуына әсерін тигізген негізгі теориялар.

2.Вебердің түсініктік әлеуметтануы.

3.Гуссерля мен Щюцаның феноменологиясы.

4.ХХ ғасырдағы психосараптамалық теория.

Әдебиеттер:

Комаров М.С. Введение в социологию. –М., 1995

Анурин В.Ф. Основы социологических знаний. –М., 1997
Дәріс №3

Тақырыбы: Әлеуметтік қызмет ғылыми сала және оқу пәні ретінде.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік қызметтің пәндік саласын айқындау. Әлеуметтік қызметті ғылыми сала ретінде айқындау. Әлеуметтік қызметтің категориялық аппаратына және оны жүйелеу. Әлеуметтік қызмет объектісін айқындаудағы негізгі байламдар. Әлеуметтік қызметтің әдістемелік, ұйымдастырушылық, психологиялық, әлеуметтік ұстанымдары.

Әлеуметтік қызмет заңдылықтары. Әлеуметтік қызметтің негізгі әдістері. Жеке және топтық жұмыс әдістері.

Әлеуметтік менеджмент. Әлеуметтік қызмет оқу пәні ретінде. Әлеуметтік қызметкерлерді дайындаудағы негізгі бағыттар. «Әлеуметтік қызмет» курсының мазмұны мен құрылымы. Оның әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерімен байланысы.

Социологиядағы ғылыми әдіс. Социологияда қолданылатын ғылыми әдіс түрлері. Жалпы логикалық, теориялық және эмпирикалық социологиялық зерттеулердегі гипотеза. Социологиялық теориялар ерекшеліктері. Микросоциология, оның ерекшеліктері мен түрлері. Макросоциология ерекшеліктері мен түрлері. Функционализм теориясының негізгі ұстанымдары. Т. Парсонс, Р.Мертон, К. Дэвис ойлары. К. Маркс пен Р. Дарендорф тұжырымдарындағы егес теориясы. Функционализм мен егес теориясын тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері.



Мақсаты: Студенттерге әлеуметтік қызмет ғылыми сала және оқу пәні ретінде көрсету

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Әлеуметтік қызметтің категориялық аппаратына және оны жүйелеу.

2.Әлеуметтік қызмет объектісін айқындаудағы негізгі байламдар.

3.Әлеуметтік қызметтің әдістемелік, ұйымдастырушылық, психологиялық, әлеуметтік ұстанымдары.

4.Әлеуметтік қызмет заңдылықтары. Әлеуметтік қызметтің негізгі әдістері.

Әдебиеттер:

Радугин А.А., Радугина К.А. Социология – М., 1997

Энциклопедический словарь. М., 1997

Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Дәріс №4

Тақырыбы: Әлеуметтік қызмет жүйесіне, оның деңгейлері мен нысандарына социомәдени факторлардың әсері.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік қызмет және қоғам дамуының өзекті мәселелері. Қоғамдық нормалар мен құндылықтар түсінігі. Әлеуметтік қызмет деңгейлері мен нысандары туралы түсінік.

Қоғамдық нормалар мен құндылықтар - әлеуметтік қызмет мазмұны мен бағыттарын айқындайтын негізгі фактор ретінде.

Әлеуметтік қызмет нысандары мен әдістеріне әлеуметтік мәдениет, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік жауапкершілік туралы құндылықтық түсініктердің әсері. Әлеуметтік қызмет мазмұнының ұлттық-аймақтық компоненттері.
Социологиядағы эмпирикалық білім маңызы. Эмпирикалық әдістер ерекшілігі, оның негізгі түрлері. Ақпараттық жазба көздерді сұрыптау. Бақылау әдістері және оның әлсіз жақтары. Сұрау әдістері. Тест, оның маңызы мен түрлері.Эксперимент, социологиядағы оны қолдану ерекшеліктері. Ресми және бейресми құжаттар, баспасөз және көркем әдебиет, кино-социолог үшін ақпарат алу көздері. Контент-сұрыптау, оның мазмұны мен негізгі бағыттары. Бір үлгідегі және тікелей бақылау әдістері. Далалық және лабораториялық бақылау. Анкеттік сұрақ, интервью, жалпы сұрау, таңдап сұрау. Анкеттік сұрақ жүргізу техникасы.

Мақсаты: Әлеуметтік қызмет жүйесіне, оның деңгейлері мен нысандарына социомәдени факторлардың әсерін қарастыру

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Әлеуметтік қызмет деңгейлері мен нысандары туралы түсінік.

Қоғамдық нормалар мен құндылықтар - әлеуметтік қызмет мазмұны мен бағыттарын айқындайтын негізгі фактор ретінде.

Әдебиеттер:

Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000



Дәріс №5

Тақырыбы:Мемлекеттің әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік қызметтің өзара байланыстары. Әлеуметтік қызметтің құқықтық негіздері.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік саясат айқындалуы. Әлеуметтік саясаттың негізгі ұстанымдары. Әлеуметтік саясат қызметтері. Мемлекеттік әлеуметтік саясат бағыттары мен іске асыру тетіктері. Әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қызмет байланыстары.

Әлеуметтік үрдісті басқару. Әлеуметтік қызметтің құқықтық негіздерінің мазмұны.

Әлеуметтік қызмет құықтық мемлекет дамуының көрсеткіші ретінде. Әлеуметтік қызметте қолданылатын негізгі құқықтық түсініктер: азаматтық, құқықтық мәртебе,заңды міндеттер, жеңілдіктер. Әлеуметтік қызметті мемлекеттік – құқықтық реттеудің актілер. Мемлекеттік, мақсатты әлеуметтік бағдарламалар. Социологиялық зерттеу мазмұны социологиялық зерттеу түрлері: далалық және лабораториялық, сұрыптау, салыстыру. Зерттеу бағдарламасын жасау және іске асыру кезеңдері. Мәселе қою. Зерттеу мақсаттарын айқындау. Бастапқы ақпарат жинау. Зерттеу жүргізу техникасы.

Зерттеу объектісін айқындап, оны суреттеу. Қолда бар статистикалық құжаттарды жинақтау мен сұрыптау. Зерттеу тәсілін таңдау. Сұрақтар мен жауаптар құру. Басты жиынтық және таңдау жиынтықтары. Ақпаратты қорыту. Алынған ақпаратты сұрыптау. Нақты тәжірибелік мәні бар кеңестер беру.



Мақсаты:Мемлекеттің әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік қызметтің өзара байланыстары мен әлеуметтік қызметтің құқықтық негіздерін қарастыру

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Әдебиеттер:

Аженов М.С., Бейсембаев Д. Социальная стратификация в Республике Казахстан, Алматы, 1997

Әженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2004 ж.

Тернер В. Символ и ритуал –М., 1983

Бергер П. Приглашение в социологию- М., 1999

Кравченко А.И. Социология- М., 1998



Дәріс №6

Тақырыбы: Әлеуметтік қызмет қоғам өмірінің әртүрлі салаларында.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік қорғау - әлеуметтік қызмет нысаны ретінде. Тұрғындарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін билік органдары құрылымы. Отбасы әлеуметтік мәселелері мен оны әлеуметтік қорғау. Денсаулық сақтау аймағындағы әлеуметтік қызмет. Тұрғындарға әлеуметтік-дәрігерлік қызметтер көрсету. Тұрғындар денсаулығы мен дене мәдениеті салалсындағы әлеуметтік қызмет. Еңбек саласындағы әлеуметтік қызмет. Ауылдық жерлердегі әлеуметтік қызмет. Әлеуметтік қызмет ерекшелігін айқындаушы факторлар. Этникалық ортадағы әлеуметтік қызмет. Бас бостандығынан айыру мемекмелеріндегі әлеуметтік қызмет.

Социологиядағы жеке адам түсінігі. Социологияның жеке адамды зерттеудегі басқа ғылыми салалармен байланысы. Жеке адамның әлеуметтік қасиеттері. Әлеуметтік моделдер. Әлеуметтік қызметтер мен мәртебе. Жеке адамдар арарсындағы өзара байланыс пен қарым-қатынас. Негізгі әлеуметтік мәртебелер. Дүниеге келгенде пайда болатын әлеуметтік мәртебелер. Әлеуметтік міндеттер. Жеке адамның әлеуметтік белсенділігі. Жеке адамның биоәлеуметтік өмірі.



Мақсаты: Әлеуметтік қызметтің қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы бағыттарын көрсету

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Отбасы әлеуметтік мәселелері мен оны әлеуметтік қорғау.

2.Денсаулық сақтау аймағындағы әлеуметтік қызмет.

3.Тұрғындарға әлеуметтік-дәрігерлік қызметтер көрсету.

4.Тұрғындар денсаулығы мен дене мәдениеті салалсындағы әлеуметтік қызмет.

5.Еңбек саласындағы әлеуметтік қызмет.



Әдебиеттер:

Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000 Аженов М.С., Бейсембаев Д. Социальная стратификация в Республике Казахстан, Алматы, 1997

Әженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2004 ж.

Дәріс №7

Тақырыбы: Тұрғындардың әртүрлі топтарымен әлеуметтік қызмет жасау.

Дәріс мазмұны: Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету. Қарттардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және әлеуметтік реабилитация. Мүгедектермен әлеуметтік қызмет. Жастармен әлеуметтік қызмет. Балалармен әлеуметтік қызмет.

Үйсіз-күйсіздер мен және соғыс ошағынан қашқандармен әлеуметтік қызмет. Балалар үйлеріндегі әлеуметтік қызмет. Мүгедектерді қорғаудың басқару және ұйымдық аспектілері. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер мазмұны мен құрылымы. Үйсіз-күйсіздік мәселесін шешу жолдары. Мінезі қиын балалармен әлеуметтік қызмет жүйесі. Әйелдер, ана мен баланы әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат. Әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұрғындар категориясы. Әлеуметтік іс-әрекеттер – негізгі социологиялық түсінік. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет ерекшеліктері туралы. Т. Парсонс жекелеген іс-әрекет құрылымдары туралы. Әлеуметтік іс-әрекет қағидалары. Қағида мазмұны. Адам тұтынысы – оның мінез-құлқының басты қағидасы. Тұтыныс түрлері. Әлеуметтік іс-әрекеттерді жіктеу. Әлеуметтік іс-әрекет түрлерін М. Вебер жіктеуі: мақсаты, құндылықты, дәстүрлі.



Мақсаты: Тұрғындардың әртүрлі топтарымен әлеуметтік қызмет жасау әдістерін көрсету

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Мүгедектермен әлеуметтік қызмет.

2.Жастармен әлеуметтік қызмет.

3.Балалармен әлеуметтік қызмет.

4.Үйсіз-күйсіздер мен және соғыс ошағынан қашқандармен әлеуметтік қызмет.

5.Балалар үйлеріндегі әлеуметтік қызмет.

6.Мүгедектерді қорғаудың басқару және ұйымдық аспектілері.

Әдебиеттер:

Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000



Дәріс №8

Тақырыбы: Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымдар.

Дәріс мазмұны: Үкіметтік емес ұйымдардың жергілікті, қоғамдық өзін-өзі басқару нысандары ретінде пайда болуы. Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуі. Үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындарды әлеуметтік қорғаудағы ролі. Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызметтің негізгі бағыттары.

Үкіметтік емес ұйымдардың мақсаты әлеуметтік бағдарламаларды даярлау мен іске асыруға қатысуы. Үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті билік органдарының бірлесе қызмет істеу жағдайлары. Әлеуметтік қамтамасыз ету қорларын құру. Әлеуметтік қарым-қатынас түсінігі. Әлеуметтік қарым-қатынас үрдісін сұрыптаудың макродеңгейі мен микродеңгейі. Әлеуметтік байланыс және әлеуметтік өзара әрекет. Жеке адамдар өзара байланыстарына арналған негізгі теориялар. «Символикалық интеракционизм» теориясы. Г.Мид пен Г. Блумер. Г.Мидтің жеке адам формуласы. Жеке адамдар өзара байланыстарындағы әлеуметтік мән-мағына. «Психологиялық сұрыптау» теориясы. З.Фрейд Эрос және Танатос ұғымдары. «Этнометодология» теориясы. Г. Гарфинкель. Күнделікті қарапайым іс-әрекеттер –жалпы қоғамдық құндылықтар негізі.



Мақсаты: Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін қарастыру

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуі.

2.Үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындарды әлеуметтік қорғаудағы ролі.

3.Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызметтің негізгі бағыттары.



Әдебиеттер:

Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000



Дәріс №9

Тақырыбы: Әлеуметтік қызметтегі әлеуметтік технологиялар мен оларды қолдану ерекшеліктері.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік технологиялар түсінігі. Әлеуметтік қызметтің жалпы және жеке технологиялары. Тұрғындардың әртүрлі топтарымен жұмыс істегенде әлеуметтік технологияларды қолдану ерекшеліктері. Әлеуметтік технологияларда коммуникативтік әдістерді қолдану ерекшеліктері. Әлеуметтік коммуникацияның мазмұндық мінездемесі. Біріктірілген әлеуметтік технологиялар түсінігі. Біріккен әлеуметтік технологиялар жүйесін пайдалану ерекшеліктері. Әлеуметтену түсінігі. Әлеуметтенудің биологиялық және мәдени негіздері. Жеке адам дамуы туралы теориялар. Әлеуметтену тетіктері. Олардың адам жасына байланысты ерекшеліктері. Ж. Плаженің таным дамуы туралы теориясы. Л. Колбергтің адамгершілік дамуы теориясы. Сәйкессіз /девиантты/ мінез-құлық. Э. Дюркгеймнің аномия теориясы. Әлеуметтік ұйымды бұзу теориясы. Тейлордың радикалды криминология теориясы. Сәйкессіз мінез-құлық түрлері және оларды үйлестіру жолдары.

Мақсаты: Әлеуметтік қызметтегі әлеуметтік технологиялар мен оларды қолдану ерекшеліктерін қарастыру

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тұрғындардың әртүрлі топтарымен жұмыс істегенде әлеуметтік технологияларды қолдану ерекшеліктері.

2.Әлеуметтік технологияларда коммуникативтік әдістерді қолдану ерекшеліктері.

3.Әлеуметтік коммуникацияның мазмұндық мінездемесі.

4.Біріктірілген әлеуметтік технологиялар түсінігі.

Әдебиеттер:

Бергер П. Приглашение в социологию- М., 1999

Кравченко А.И. Социология- М., 1998 Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995



Дәріс №10

Тақырыбы: Әлеуметтік диагностика мен алдын – алу шаралары.

Дәріс мазмұны: «Әлеуметтік диагностика» мен «әлеуметтік алдын-алу шаралары» түсініктері. Олардың мазмұны мен маңызы. Диагностикалық зерттеудің жалпы логикалық кестесі. Әлеуметтік диагностика ұстанымдары. Әлеуметтік паталогия түрлері. Әлеуметтік диагноз және оның мазмұны. Әлеуметтік диагностика әдістері жүйесі. Әлеуметтік алдын-алу шараларының негізгі ұстанымдары. Әлеуметтік алдын-алу шараларының түрлері. Әлеуметтік алдын-алу шараларының даму бағыттары. Этникалық топ түсінігі М. Уингердің этникалық топ теориясы. А.Вирттің ұлттық азшылық теориясы. Т. Симпсон мен М.Уингер үстемдік етуші этникалық топ пен ұлттық азшылық арасындағы қарым-қатынас нысандары туралы. Р. Блаунердің нәсілдік қанау теориясы. Ассимиляция түсінігі. Ұлттық плюрализм түсінігі. Ұлттық азшылықты құқықтық қорғау түсінігі мен нысандары. Тұрғындар алмастыру түсінігі. Этникалық апартеид түсінігі. К. Гордонның англоконформизм тұжырымы. Н. Смелзердің дискриминация теориясы.

Мақсаты: Әлеуметтік диагностика мен алдын – алу шараларын қарастыру

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Диагностикалық зерттеудің жалпы логикалық кестесі.

2.Әлеуметтік диагностика ұстанымдары.

3.Әлеуметтік паталогия түрлері.

4.Әлеуметтік диагноз және оның мазмұны.

5.Әлеуметтік диагностика әдістері жүйесі.

6.Әлеуметтік алдын-алу шараларының негізгі ұстанымдары.

7.Әлеуметтік алдын-алу шараларының түрлері.



Әдебиеттер:

Бергер П. Приглашение в социологию- М., 1999

Кравченко А.И. Социология- М., 1998 Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000

Әженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2004 ж.



Дәріс №11

Тақырыбы: Әлеуметтік бейімделу мен реабилитация. Әлеуметтік коррекция мен терапия.

Дәріс мазмұны: Адаптациялық және реабилитациялық үрдістер мазмұны. Бейімделу тетіктерінің негізгі белгілері. Әлеуметтік реабилитация түсінігі. Әлеуметтік коррекция түсінігі. Әлеуметтік терапия түсінігі. Әлеуметтік бейімделу құрылымы мен қызметтері. Коррекциялық әсер етуді бағыттау.Тұрғындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік бейімделу ерекшеліктері. Тұрғындардың әртүрлі категорияларының әлеуметтік реабилитациясы. Жеке адамның әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру ерекшеліктері. Әлеуметтік терапия әдістері. Жеке және топтық терапия. Гендерлік /жыныстық/ теңсіздік түсінігі. Жас айырмашылығы теңсіздігі түсінігі. М.Мид гендерлік зерттеулері. Э. Баттлердің эйджизм тұжырымдамасы.Герантология теориясы және оның социологияда зерттелуі. Функционалистер гендерлік теңсіздік туралы. Коллинздің отбасылық егес теориясы. Гендерлік сәйкестік ұғымы. Гендерлік үлгі /идеал/ ұғымы. Гендерлік және жас айырмашылықтары теңсіздігіндегі биологиялық компонент және еңбек ролі. Ер мен әйел әлеуметтік роліне деген стереотипті көзқарастар. Жас мәртебесі түсінігі. Герантологиядағы босаңсу және белсенділік теориялары.

Мақсаты: Әлеуметтік бейімделу мен реабилитация, әлеуметтік коррекция мен терапия мәселелерін қарастыру

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Әлеуметтік реабилитация түсінігі.

2.Әлеуметтік коррекция түсінігі.

3.Әлеуметтік терапия түсінігі.

4.Әлеуметтік бейімделу құрылымы мен қызметтері.

5.Коррекциялық әсер етуді бағыттау.

6.Тұрғындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік бейімделу ерекшеліктері.

7.Тұрғындардың әртүрлі категорияларының әлеуметтік реабилитациясы.



Әдебиеттер:

Бергер П. Приглашение в социологию- М., 1999

Кравченко А.И. Социология- М., 1998 Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000

Дәріс №12

Тақырыбы: Әлеуметтік жобалау мен болжам, әлеуметтік сараптама.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік инновация түсінігі. Әлеуметтік инновацияларды жүйелеу. Әлеуметтік жобалау түсінігі. Әлеуметтік болжаудың пайда болуы мен дамуы. Әлеуметтік сараптама мақсаттары мен түрлері.Әлеуметтік инновациялар құрылымы. Әлеуметтік болжам технологиясының ақпараттық аспектісі. Инновациялық цикл түсінігі. Инновациялық зерттеу модельдері. Әлеуметтік жоба ерекшеліктері. Әлеуметтік жобалау мен болжам байланыстары. Әлеуметтік болжау кезеңдері мен түрлері. Әлеуметтік сараптаманың ұйымдастыру моделдері. Қоғам анықталуы. З. Шилз теориясы. Қоғамның айқындаушы белгілері. Қоғам түрлері. Қоғамды жіктеу негіздері: жазу мәдениетіне байланысты, басқару деңгейі мен әлеуметтік теңсіздік деңгейіне орай, өмір сүру қажеттілігін табу тәсілдеріне орай. Қазақстан қоғамы: қазіргі жағдайы мен даму жолдары. Дәстүрлі қоғамның негізгі белгілері. Өнеркәсіптік қоғамның негізгі белгілері. Ақпараттық қоғамның негізгі белгілері. Ф. Теннис қала және ауыл қоғамдары ерекшеліктері туралы. Қоғам дамуы нысандары. Реформа және оның түрлері. Революция. Модернизация және оның түрлері. Қазақстан модернизациясы: теориясы мен тәжірибесі.

Мақсаты: Әлеуметтік жобалау мен болжам, әлеуметтік сараптама әдістерін қарастыру

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Әлеуметтік болжаудың пайда болуы мен дамуы.

2.Әлеуметтік сараптама мақсаттары мен түрлері.

3.Әлеуметтік инновациялар құрылымы.

4.Әлеуметтік болжам технологиясының ақпараттық аспектісі.

5.Инновациялық цикл түсінігі.

6.Инновациялық зерттеу модельдері.

7.Әлеуметтік жоба ерекшеліктері.

8.Әлеуметтік жобалау мен болжам байланыстары.

9.Әлеуметтік болжау кезеңдері мен түрлері.



Әдебиеттер:

Бергер П. Приглашение в социологию- М., 1999

Кравченко А.И. Социология- М., 1998 Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Әженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2004 ж.

Дәріс №13

Тақырыбы: Әлеуметтік делдалдық пен кеңес беру.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік делдалдық түсінігі. Әлеуметтік делдалдық қызметтері. Әлеуметтік кеңес беру түсінігі мен оның ерекшеліктері. Әлеуметтік кеңес беру ұстанымдары.

Әлеуметтік делдалдық нысандары. Жақын және қашықтықта әлеуметтік кеңес беру.

Әлеуметтік делдалдық арқылы шешілетін әлеуметтік егестер ерекшеліктері кеңес байланыстары. Отбасылық кеңес беру-әлеуметтік кеңес берудің ерекше нысаны ретінде. Қазіргі Қазақстандағы медицина мен қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері. Қазақстан республикасындағы экологиялық жағдай. Қазақстандағы медициналық көмек көрсетудің деңгейі. Қазақстандағы медициналық көмек көрсетуге және экология байланысты қолайсыз аймақтар. Қазақстан Республикасындағы медициналық және экологиялық мекемелердің жағдайы.

Мақсаты: Әлеуметтік делдалдық пен кеңес беру әдістері жөнінде қарастыру

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Әлеуметтік кеңес беру ұстанымдары.

2.Әлеуметтік делдалдық нысандары.

3.Жақын және қашықтықта әлеуметтік кеңес беру.

4.Әлеуметтік делдалдық арқылы шешілетін әлеуметтік егестер ерекшеліктері кеңес байланыстары. 5.Отбасылық кеңес беру-әлеуметтік кеңес берудің ерекше нысаны ретінде.

Әдебиеттер:

Смелзер Н. Социология.-М., 1994

Пригожин А.И. Современная социология организации –М., 1995

Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом.- СПб, 2000

Бергер П. Приглашение в социологию- М., 1999

Кравченко А.И. Социология- М., 1998



Дәріс №14

Тақырыбы: Шет елдерде әлеуметтік қызмет даму тәжірибесі. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар. Әлеуметтік қызметтің қазіргі заманғы теориялары.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік қорғаудың ұлттық модельдерінің ерекшеліктері. Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың американдық және батысевропалық модельдерінің ұстанымдық ерекшеліктері. Әлеуметтік қызметтің скандинов моделінің ерекшеліктері. ТМД елдеріндегі әлеуметтік қызмет моделдері мен жағдайы. Скандинов елдерінде әлеуметтік қызметті ұйымдастыру. Германия тұрғындарын әлеуметтік қорғау. Англиядағы әлеуметтік қызмет. Франция мен Бенилюкс елдеріндегі әлеуметтік қызмет Израилдегі әлеуметтік қызмет ерекшеліктері. АҚШ-пен Канададағы әлеуметтік қызмет. Әлеуметтік институт түсінігі. Әлеуметтік институттардың көп түрлілігі және олардың өзгеріске ұшырауға бейімділігі. Әлеуметтік тұтыныстар мен қорлар түрлері. Отбасы, оның қоғамдағы ролі. Білім жүйесінің қоғам өміріндегі орны. Діннің қоғамдағы орны. Қоғамның саяси және экономикалық жүйесі, олардың құрылымы мен қызметтері. Отбасы нысандары: нуклеарлық және кеңейтілген. Мемлекеттік және жеке білім беру жүйелері. Діни бірлестіктер: мешіт, шіркеу, секта. Экономикалық жүйелер түрлері. Саяси партиялар, элита мен жетекшілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау