20
2 кесте - жалғасы
Кадрлар бөлімі
Жоспарлау, тізімдер, есеп берулер,
ведомостер. Құжаттамаларды жүргізу.
Басқарудың
ақпараттық
жүйесі
бөлімі
Жоспарлау, тізімдер, есеп берулер,
ведомостер. Құжаттамаларды жүргізу.
Компьютерлік, көшірме және көбейткіш
техникаларына, байланыс құралдарына
есеп жүргізу.
Бухгалтерлер
Тізімдер, есеп берулер, ведомостер.
Құжаттамаларды жүргізу.
Бухгалтерлік
міндеттер,
кассалық
операциялар,
жалақыны
есептеу,
материалды және ақша құралдарын
есепке алу және т.б.
Заңгер
Тізімдер, есеп берулер, ведомостер.
Құжаттамаларды жүргізу. Заңдар мен
нормативтік актілерді іздестіру.
Зертханалық
жабдықтарды
жеткізумен айналысатын бөлім
Тапсырыстарды қабылдау, жоспарлау,
үлестіру,
есеп
беру,
тұтынушыға
зертханалық
жабдықтарды
жеткізу.
Құжаттамаларды жүргізу.
Энергетикалық
жабдықтарды
жеткізумен айналысатын бөлім
Тапсырыстарды қабылдау, жоспарлау,
үлестіру,
есеп
беру,
тұтынушыға
энергетикалық жабдықтарды жеткізу.
Құжаттамаларды жүргізу.
Киптік жабдықтарды жеткізумен
айналысатын бөлім
Тапсырыстарды қабылдау, жоспарлау,
үлестіру, есеп беру, тұтынушыға киптік
жабдықтарды жеткізу. Құжаттамаларды
жүргізу.
Геодезиялық
жабдықтарды
жеткізумен айналысатын бөлім
Тапсырыстарды қабылдау, жоспарлау,
үлестіру,
есеп
беру,
тұтынушыға
геодезиялық
жабдықтарды
жеткізу.
Құжаттамаларды жүргізу.
Қабылдау бөлімі
Құжаттамаларды жүргізу.
Әкімшілік-шаруашылық бөлімі
Тапсырыстарды қабылдау, есеп беру,
ведомостер. Құжаттамаларды жүргізу.
Жүргізілген талдаудан кейін тапсырыс беру бөлімі операторының
жұмысын үйлестіру мақсатында жаңа бағдарламалық өнімді құру бойынша
міндет қойылды.
21
2 Ақпараттық жүйені жобалау
2.1 Тапсырманың қойылуы
Жүйені әзірлеудегі зерттеу объектісі болып «ЭнергоПромКомплект -
ПВ» ЖШС ұйымының тапсырыстарды қабылдау бөлімінің жұмысы
табылады.
Зерттеу заты - тапсырыстарды қабылдау үрдісін автоматтандыру және
клиенттің тапсырған өнімін іздеу, сонымен қатар, құжаттармен жұмыс жасау.
Ұйымның жұмысын мұқият оқып шыққаннан кейін менің алдымда
тапсырыс беру бөлімінің жұмысын жақсарту мақсатындатек қажетті
ақпаратты іздестіру ғана емес, сондай-ақ, бөлімнің жұмысы үшін қажетті
құжаттамаларды енгізу арқылы ақпараттық жүйені құру міндеті тұрды.
Ақпараттық жүйені құрудың көмегімен ұйымның қолданатын есептерді
нормативтік құжаттарға толтыру, құру және сақтау мәселесі шешілді. Кез-
келген уақытта есеп журналдарының мәліметтер базасына қосымша көшірме
жасап, оларды басып шығаруға және қажет емес жазбаларды өшіріп тастауға
болады.
Қазіргі уақытта тапсырыс беру бөлімінің қызметкерінің жұмысы тек
жартылай ғана автоматтандырылған. Тапсырыс беру есебі журналдарда
жүргізіледі, ал есеп берулер Microsoft Word (97/2000/XP) қолмен
орындалады. Тапсырыстарды іздеу жартылай Microsoft Excel (97/2000/XP)
бағдарламасында орындалады. Тапсырыстар үшін кіріс ақпараттары
тапсырыстардың бөлімге келіп түсуі арқылы жүзеге асырылады: электронды
пошта, факс, телефондық тапсырыс - әрі қарай, жазбаша түрде құжатпен
мақұлданады, сонымен қатар, тапсырысты фирмалардың өкілдері жеке түрде
жүзеге асырады.
Шығысты формаларды қалыптастыру үшін үлкен көлемдегі
параметрлердің дұрыстылығын бақылауға тура келеді. Атап айтқанда,
жеткізілетін өнімнің фирмалық прайс - парағында аталмыш тапсырысты
қолмен іздестіру қажеттілігі туындайды. Қажет болған тапсырысты
тапқаннан соң және оның кәсіпорынның қоймасында бар екеніне көз
жеткізгеннен кейін ғана тапсырыс пен құжаттың есептік формасы қолмен
құрылады.
Жүйені құрудағы мақсат:
- тапсырыс беру бөлімінің қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру,
олардың тиімділігі мен өнімділігі;
- құжатпен жұмыс уақытын қысқарту;
- заманауи операциялық жүйелермен сәйкестігі.
Жүйенің міндеті.
Тапсырыстарды қабылдаудың жүйесін әзірлеу, тапсырысты іздеу,
құжаттарды толтыру тапсырыс беру бөлімінің қызметкерлері үшін арналған.
Жүйе келесідей негізгі міндеттерді орындайды:
22
- жеткізілетін өнімге прайс-парақты жаңарту;
- нормативтік құжаттарды толтыру;
- нормативтік құжаттар бойынша есептермен жұмыс және оларды
басып шығару;
- мәліметтерді қарап шығу мен түзетулер енгізу;
- есеп түрінде басып шығаруға дайындау;
- мәліметтерді сақтау;
- анықтама жүйесімен жұмыс жасау, басқаша айтқанда, жеткізушілер
мен клиенттердің жұмысы.
2.2 Қосалқы жүйенің қызмет етуін сипаттау
Тапсырыс беру бөлімі үшін ақпаратты өңдеу мен енгізудің
автоматтандырылған қосалқы жүйесі, жеткізумен айналысатын фирмалардан
алынған мәліметтермен жұмыс жасау үшін арналған автоматтандырылған
құралдар кешенін құрайды.
Жүйенің негізгі автоматтандырылған қызметтері:
- мәліметтерді енгізу;
- мәліметтерге түзету жүргізу;
- мәліметтерді қарап шығу және басып шығаруға дайындау;
- іздеу.
Мәліметтерді
енгізу
пернетақтаның
көмегімен
орындалады.
Мәліметтерді енгізу мен оларды көру үшін Excel құжаттарында толтырылған
прайс-парақты шығарады. Өзгерістерді енгізу үшін прайсты ашып,
өзгерістерді толтырып, сақтап қойса жеткілікті. Бұрыннан енгізілген
мәліметтерге түзету жүргізу мүмкін. Барлық мәліметтер сервердегі
мәліметтер базасына енгізіледі. Мәліметтермен жұмыс істеу үшін жүйені
мәліметтер базасына алдын-ала іске қосып қою қажет.
Мәліметтерді іздеу мәліметтер базасында көрсетілген талаптарға
сәйкес жүзеге асырылады.
Жүйе файл/сервер қағидасы бойынша құрылады және үш негізгі
құрамдас бөліктен тұрады:
- өздігінен әртүрлі пайдаланушы қосымшаларын құрайтын және
мәліметтер базасындағы сауалдарды орындайтын клиенттер;
- желілік хаттамалардың көмегімен клиент пен мәліметтер базасының
арасындағы қатынасты жүзеге асыратын желілік және коммуникациялық
бағдарламалық қамсыздандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |