Персонала при работе с компьютером



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет4/23
Дата14.05.2018
өлшемі0,68 Mb.
#13440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 

 

 



 

19 


 

Басқарудың  ақпараттық  жүйесі  бөлімінің  бастығы.  Басқарудың 

ақпараттық  жүйесі  бөлімінің  қызметкерлеріне  тікелей  басшылық  етеді. 

Басқарудың  ақпараттық  жүйесі  бөлімінің  шешетін  барлық  сұрақтарын 

бақылайды, қызметкерлердің жұмыстарын біріктіреді. «ЭнергоПромКомплект - 

ПВ» ЖШС ұйымының жетекшілері мен басқарудың ақпараттық жүйесі бөлімі 

мен  жоғарыда  тұрған  бақылаушы  ұйым  қызметкерлерінің  арасындағы 

байланыстырып 

тұратын 

буын 


болып 

табылады. 

Компьютерлік, 

ұйымдастырушы  техника  мен  көшірме  техникасының  жұмыс  қабілетін 

қамтамасыз етумен байланысты барлық жұмыстардың орындалуын бақылайды 

және  оларға  жетекшілік  етеді.  Техника  мен  бағдарламалық  қамсыздандыруды 

жеткізушілердің  таңдауы  мен  ізденуіне  жетекшілік  етеді,  жаңартпашылықтың 

жоспарларына  байланысты  техниканы  ауыстырады.  Жаңа  бағдарламалық 

қамсыздандыруды  енгізу  мен  құруды,  дайындауды,  сонымен  қатар,  оның 

жұмыс қабілеттілігін және т.с.с қамтамасыз етеді.  

Тапсырыс  беру  бөлімінің  бастығы.  Тапсырыс  беру  бөлімінің 

қызметкерлеріне  тікелей  басшылық  етеді.  Тапсырыс  беру  бөлімінің  шешетін 

барлық  сұрақтарын  бақылаумен  қатар,  қызметкерлердің  жұмысын  біріктіреді. 

«ЭнергоПромКомплект-  ПВ»  ЖШС  ұйымының  арасындағы  байланыстырып 

тұратын буын болып табылады. Өнімдің сату мен жеткізуді қамтамасыз етумен 

байланысты  барлық  жұмыстардың  орындалуын  бақылайды  және  жетекшілік 

етеді.  

Әкімшілік-шаруашылық 

бөлімнің 

жетекшісі.Кәсіпорынның 

шаруашылығына жетекші болып табылады, кәсіпорынның тауарлы-материалды 

құндылықтармен  қамтамасыз  етуді  бақылайды,  кәсіпорындағы  тазалық  пен 

тәртіпті  қадағалайды,  кәсіпорынның  жиһаздары  мен  оларды  орналастырумен 

байланысты сұрақтарды шешеді.  

 

 

1.3 Кәсіпорындағы ақпараттық ағындар 



 

Құжат  алмастыру  өз  көрінісінде  баспалдақты  құрайды,  оның  басында 

кәсіпорынның  директоры,  директордың  орынбасары  және  қаржы  директоры 

тұр. Одан әрі қарай - бөлім басшыларыжәне соңында бөлім қызметкерлері.  

Кәсіпорынға қандай-да бір құжат келіп түскен жағдайда(кіріс құжаттары) 

атшабар  немесе  электронды  түрде  келген  құжат  болса,  қабылдау  бөліміне 

тапсырылады,  ол  жерде  арнайы  журналда  құжаттың  келіп  түскен  күні  мен 

журналдағы  реттік  саны,  кімнен  және  кімге  жолданғаны  туралы,  сондай-ақ, 

құжаттың  тақырыптамасы  көрсетіледі.  Әрі  қарай  құжат  директорға  келіп 

түседі,  ол  құжатта  өз  қарарын  қойып,  орындау  үшін  нұсқау  береді  немесе 

құжатты  орындауға,  қарастыруға  немесе  шешім  шығаруға  жауапты  тұлғаға 

береді.  

Кәсіпорыннан қандай-да бір құжат шыққан жағдайда(шығыс құжаттары), 

құжат  соңында  орындаушы  белгіленеді  -  аталмыш  құжатты  құрастырған 




 

 

 



 

20 


 

жауапты және өкілетті тұлға және онымен қалай байланысуға болатыны туралы 

мәлімет,  құжатқа  орындаушы  өзі  немесе  бөлімнің  бастығы  қол  қояды.  Кез-

келген шығыс құжатында құжатты жіберген және құжатты алатын тұлға туралы 

ақпарат  болуы  тиіс,  ол  құжатқа  кәсіпорынның  директоры  мен  бас  бухгалтер 

қолдарын 

қояды. 

Осыдан 


кейін 

қабылдау 

бөлмесінде 

құжаттың 

тақырыптамасы, оны алушының аты-жөні және жіберілген күні тіркеледі.  

Құжат алмастыруды ұйымның ішінде кәсіпорынның директоры жүргізеді. 

Директор кәсіпорынның барлық ішкі құжаттарын бекітеді.  

Мынадай бұйрықтарды бекітеді: 

- бөлімдердің арасындағы жұмыстарды біріктіру мен үлестіру бойынша; 

-  қандай-да  бір  қабылдауға  немесе  орындау  мен  мәлімдеуге  тұратын 

құжаттарды орындау туралы; 

-  жұмыс  күнінің  және  жұмыс  аптасының  тәртібі  мен  өзгерістерін  енгізу 

туралы; 

-  бөлімдердің  қызметкерлеріне  тәртіп  жазасын  тағайындау  немесе 

мадақтамалар туралы; 

- кадрлық жұмысқа байланысты; 

- демалыс кестесі туралы; 

- жабдықтарға профилактикалық жұмыстарды жүргізу кестесі туралы; 

- өндірістік қызметтің жоспары туралы; 

- ақшалай және материалдық құралдарды беру туралы; 

- басқа да бұйрықтар. 

Кәсіпорын  бойынша  барлық  бұйрықтарды  әдетте  кадрлар  бөлімі 

атқарады.  Кәсіпорын  қызметкерлерінің  жұмысымен  байланысты  барлық 

бұйрықтар  міндетті  түрде  кадрлар  бөлімінің  бастығы  мен  бас  бухгалтердің 

қолдарымен  бекітіледі.  Жұмыстан  босату  туралы  бұйрықтар,  сондай-ақ 

жұмыстан  босатуға  сұранып  отырған  қызметкердің  тікелей  бастығының 

қолымен бекітіледі. Кәсіпорынның қаржылық әрекетімен байланысты құжаттар 

міндетті  түрде  бас  бухгалтермен  келісіліп,  қолы  қойылуы  тиіс.  Жөндеумен, 

қосалқы  бөлшектерді  тапсырумен  байланысты  құжаттар  жөндеу  бөлімінің 

бастығымен  келісіліп,  қолы  қойылады.  Компьютерлік,  желілік,  көшірмелік 

жабдықтар  мен  ұйымдастырушы  техникасына  қатысты  ішкі  құжаттар 

басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығымен келісіліп, қолы 

қойылуы тиіс. 

Кәсіпорынның  ақпараттық  ағындары  күрделі  құрылымды  құрайды. 

Ақпараттық тік және көлденең ағындары бар.  

Кәсіпорынның  тік  ағындары  директордан  қатарлы  қызметкерлеріне 

шығатын  және  керісінше  бәсең-өрлеме  арна  бойынша  жүреді.  Көлденең 

ағындар  -  «ЭнергоПромКомплект  -  ПВ»  ЖШС  ұйымының  бөлім  бастықтары 

мен  жетекшілерінің,  кәсіпорынның  барлық  қызметкерлерінің  арасындағы 

ақпараттық  арналар.  Ақпараттық  ағындардың  жалпы  көрінісі  3  сұлбада 

көрсетілген.  



жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау