№ 12 тақырып ҚАЗІРГІ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ
2012 жыл көрерменге қазақстандық кинорежиссерлердің жарқыраған кинокөрсетілімдерімен есте қалды. Бір ғана «Жаужүрек мың бала» неге тұрады?! Жаңалыққа толы жылдың кейбір қорытындылары туралы біз мәдениетке тікелей қатысы бар, белгілі музыкант және дирижер Асқар Бөрібаевпен әңгімелесеуді жөн көрдік. Мәдениетіміз үшін маңызы зор оқиға – бұл А. Жұбановтың және Л. Хамидидің «Абай» операсын Оңтүстік Тюрингия (Германия) опералық театрының тарихи сахнасында қойылуы. Опералық жанрдағы қазақ шығармасы алғаш рет Батыс Еуропа сахнасында қойылды. Бұл халқымыздың музыкалық өнері әлемдік мәдениетте абыройлы орын алатынын мойындау. Бұл Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Еуропаға жол» бағдарламасын өмірге енгізу. Маңызы зор іс – тарихи-мәдени мұрамызды сақтау. Көпке мәлім, 1987 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 24 сессиясында «Жібек жолы – сөйлесу жолы» Ұлы жібек жолын кешенді зерделеу бойынша халықаралық жобасы мақұлданды.
Өткен уақыт ішінде номинацияны жылжыту бойынша әр түрлі конференциялар, халықаралық экспедициялар, семинарлар өткізілді. Қазақстан, Орталық Азия елдері сияқты ЮНЕСКО «Ұлы жібек жолы» номинациясына ерекше ескерткіштерді жылжытуға белсенді қатысады. Осы жобаға деген қызығушылық қарастыруға Жібек жолының объектілерін немесе барлығын дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу мүмкіндігін әкелді. Қазіргі таңда біздің министрлікпен осы ескерткіштерді сақтау бойынша номинациялар мен менеджмент-жоспарларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы жинақтарды дайындауды аяқтау 2013 жылдың қаңтарына белгіленген.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі көрмелер ұйымдастыру, ТМД елдерімен әр түрлі іс-шаралар өткізу арқылы тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау және жария ету болып табылады. 2012
ПОӘК 042-18.1.32/03-2015
|
Баспа. № 1 27.08.2015 ж.
|
Бет 35/ 62
| жылғы қаңтардан бастап қарашаға дейінгі кезеңде Министрлік желісі бойынша 8 халықаралық көрмелер өткізілді. Соның ішінде Астана жылында «Астана – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шеңберінде 3 ірі мәдени шара өтті. Бұл түркі тілдес елдердің «Ару-Арт» қазіргі заманғы өнер галереясында ұйымдастырылған 9-шы фотосуретшілер кездесуі. Осы іс-шараның шеңберінде өте қызықты «Жаңа мыңжылдықтың жаңа астанасы» атты фотокөрмесі өтті. Осы кездесуге Астанаға Қазақстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Ресейдің, Молдавияның, Түркияның, Кипрдың кәсіби суретшілері, сонымен қатар ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымының өкілдері келді. Сонымен қатар, 5 қыркүйек – 5 қазан аралығында Астанада 5-ші биеннале өтті (Биенна́ле (лат. bis — екі рет + annus — жыл) — түркі өнерінің мүсін өнерінің жылына екі рет өтетін әдеби көрме, кинофестиваль немесе музыкалық конкурс. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының залдарында ұйымдастырылған «Франция маржандары – француз өнері және Ренессанс дәуірінен бастап қазіргі кезге дейінгі мәдениет» атты халықаралық көрмесін ерекше атап өту керек. Көрмеге Лувр және Д’Орсэ, Помпиду орталығының, Франция ұлттық кітапханасының, Ұлттық гобелен мануфактуралары, Бове және Савонри мануфактураларының, Версаль сарайының және т.б Франция мұражайларының 400 астам бірегей шығармалары ұсынылды.
Мәдениетте тағы бір бағыт бар – бұл театр өнері. Қазақстанның театр өнерін қолдау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен маңызды іс-шаралар өткізілді. Наурызда Алматы қ. шетелдік театр саңлақтарының қатысуымен «Қазіргі театрдағы дәстүрлер мен жаңалықтар» және «Театрлық сын және қазіргі театр процесіндегі оның рөлі» атты ХII Республикалық театр өнері қайраткерлерінің практикумы өтті. Оған Қазақстан театрларының директорлары, көркемдік жетекшілері және режиссерлер, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары мен студенттері, Қазақстанның театр қайраткерлері одағының өкілдері, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері қатысты. Қыркүйекте Оралда Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге КСРО Халық әртісі Халық Қаһарманы, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, атақты кино және театр режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтың 80-жылдығына орай ХХ Республикалық Қазақстанның драма театрларының фестивалі өтті. Сонымен қатар, қыркүйекте Министрліктің келісімімен Жамбыл облысының әкімдігі «Дебют» республикалық жас режисерлер конкурсын өткізді, ал қазанда Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның проза және публицистикалық шығармалары бойынша республикалық жабық конкурсы өткізілді.
Қостанайда Мәдениет қайраткері жазушы Ілияс Омаровтың 100-жылдығына арналған Республикалық театр фестивалі өтті. Алматыда IV Халықаралық Орта Азия елдерінің театр фестивалі шеңберінде жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Дулат Исабековтың 70-жылдығына орай «Исабеков әлемі» атты Халықаралық театр фестивалі өтті. Жалпы, қазақстандық театрлар шетелде өтетін халықаралық іс-шараларға белсенді қатысады, солай қазақстандық к
ПОӘК 042-18.1.32/03-2015
|
Баспа. № 1 27.08.2015 ж.
|
Бет 36/ 62
| өпұлтты театр өнерін насихаттайды. Биылғы жылы да біздің театрлар Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия және Корея елдеріндегі фестивалдерге қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңару – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Жолдауында моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше назар аударады. Осы тұрғыдан министрлікпен республикалық гастрольдік-концерттік ұйымдардың гастрольдік жоспары әзірленді. Ол «Отаным – бақыт мекенім» атты жобасының негізі болды, оның мақсаты – мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау, моноқалалардың тұрғындарының рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету, өнер мен әдебиеттің ұлттық және дүниежүзілік шығармаларын насихаттау, мәдени шараны ұйымдастыру және халықты эстетикалық тәрбиелеу. Осы іс-шараның маңыздылығы мен ерекшелігін ескере отырып, оны жүзеге асыру үшін жетекші республикалық шығармашылық ұжымдар тартылды.
2012 жылдың сәуірінен бастап республиканың 56 тұрғын пунктілерінде 15 республикалық ұйымдардың 15 гастрольдер өткізді. 8 моноқалаларда отандық фильмдер көрсетілді. Бұның бәрі халықта ерекше қызығушылық тудырды, сондықтан бұл тәжірибе келесі жылдары да жалғасатын болады.
Қазіргі таңда Министрлікпен жүзеге асырылып жатқан маңызды іс-шаралардың бірі халық шығармашылығының республикалық теледидардық көрсетілімі «Ел іші – өнер кеніші» атты бағдарламасы, бұл жаңа дарындарды айқындау және талантты, ерекше шығармашлық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, республиканың қалаларында, аудандық орталықтарында және облыстарында оларды дамытуға жағдай жасау. Халық таланттарын іздеу мамырда басталды. Оған қатысу үшін дербес ұжымдар мен орындаушылар 15 – 35 жас арасында шақырылды. Өз таланттарын көрсету үш номинацияда ұсынылды: «Ән және би», «Театр өнері және өзіндік жанр», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері». Ымырасыз жарысудың нәтижесінде ең үздік ансамбльдер мен орындаушылар, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері астаналық Конгресс-холл сахнасында кездесті. Конкурстың финалына еліміздің әр түрлі аймақтарынан әртістер мен шығармашылық ұжымдар келді. Мұндай жобалар мәдениетті сақтауға, дамытуға және таратуға әсер етеді, жастарды патриоттық тәрбиелеуге қолдау көрсетеді.
Осы жылы тәуелсіз Қазақстан әр түрлі мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқанына 20-жыл толуын атап өтті. Мерекелік оқиғаларда мәдени байланыстар, көршілес және алыс штел елдерімен қарым-қатынастар ерекше орын алды. Тамызда Бішкекте Қырғызстандағы Қазақстандық Мәдениет күндерінің ресми ашылуына орай гала-концерт, сонымен қатар, бейнелеу өнерінің көрмесі өтті. Мұнда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы қорларынан суреттер ұсынылды. Мәдени іс-шаралар мен концерттер Қырғызстанның астанасында ғана емес, Талас және Қант қалаларында да өтті.
ПОӘК 042-18.1.32/03-2015
|
Баспа. № 1 27.08.2015 ж.
|
Бет 37 62
| Бұл жылы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20-жылдығын Қазақстан мен Түркия да атап өтті. Кейінгі 20 жылда біздің елдеріміз Мәдениет күндерін сәтті өткізіп келеді, онда екі елдің халықтары бір бірінің тарихы мен өнерін танып білуде. Биылғы жылы Қазақстан мен Түркия елдерінің Мәдениет күндері Стамбулда өтті. 10 — 12 қазан аралығында түркі көрермені қазақ өнерінің атақты шеберлерінің шығармашылығымен тамсана алды. 10 қазанда «Ежелгі көшпенділер алтыны және Қазақстанның зергерлік өнері» көрмесінің ашылуы болды, 12 қазанда Қазақстанның өнер шеберлерінің шығармашылық концерті өтті. 2012 жылдың 9 қазанында Мәскеуде Ресейдің Үлкен театрында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанына 20-жыл толуына орай Мерекелік концерті өтті. Концертке екі елдің басшылары қатысты. Әр түрлі жанрда өткен гала-концерт Қазақстан мен Ресейдің халқы бірге келе жатқандығын және қызметтің барлық салаларында өзара сәтті бірге әрекет ететінін растайды.
9 -11 қыркүйегі аралығында Астанада Қазақстан Республикасындағы Въетнам Социалистік Республикасының мәдениеті күндері өтті. Олардың салтанатты ашылуында Бейбітшілік және келісім сарайында Куан Хо билері мен әндері ұсынылды. Бұл Солтүстік Въетнамның Кинь Бак халық әндері. Куан Хо әндері 2009 жылы ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұрасы болып танылды. 20 қарашада Астанада Қазақстандағы Ланкиялық мәдениет күндері өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатуға арналған.
Қазақстанда 2005 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен Астана күніне орай жыл сайын өткізіліп келетін «Опералия» халықаралық фестивалі өтті. Астанада өтетін мәдениет саласындағы ең ірі ауқымды акциялардың бірі. «Опералия» фестивалінің арқасында Астана қонақтары мен тұрғындары әлемнің ең үздік театрларының атақты опера өнерімен және орындаушыларымен танысу мүмкіндігін алды. Қазіргі жылы фестиваль ең жоғары деңгейдегі әртістерді жинады. «Әлемдік балет жұлдыздары» гала-концертінің бағдарламасында әйгілі бишілер Арионель Варгас (Англия), Дерек Данн, Мария Ковроски, Аск ля Кур Расмуссен (АҚШ), Ма Сяньдон, Чжан Синьлю (Қытай Ұлттық балеті), Хуан Кая, Шига Якуе (Жапония), Үлкен театр орындаушылары Екатерина Крысанова, Владислав Лантратов (Ресей), сонымен қатар К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының орындаушылары Мадина Басбаева, Таир Гатауов қатысты. Сондай-ақ, Астана мен Алматыда итальяндық Еуропаның алдыңғы қатардағы театрларының орындаушылары Джузеппе Варано мен Сильвии Далла Бенеттаның қатысуымен «Әлемдік опера жұлдыздары» гала-концерті өтті.
Маусымда Астана Қорқыт атындағы түркітілдес елдердің дәстүрлі орындаушыларының өнері фестивалінің қонақтары мен қатысушыларын қабылдады. Ол үш номинация бойынша өтті: қобыз, үрлеу және таяқпен ойнайтын аспаптар. Оның негізгі мақсаты – түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы ретінде Қорқыттың музыкалық мұрасын сақтау. Біз елімізде қобыз дәстүрлі мектебін дамытқымыз, дарынды жастарды айқындағымыз және оларға өз шеберліктерін жетілдіруге
ПОӘК 042-18.1.32/03-2015
|
Баспа. № 1 27.08.2015 ж.
|
Бет 38/ 62
| мүмкіндік бергіміз келеді. Қыркүйектің ортасында К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Астана – түркі әлемінің мәдени ордасы -2012» жылы шеңберінде «Ұлы дала әуені» халықаралық дәстүрлі орындаушылар фестивалі өтті. Оның мақсаты – қазақ және басқа түркітілдес халықтардың музыкалық мәдениетінің әралуандылығын көрсету, қазақ ұлттық музыкасын түркі өнерінің бір бөлігі ретінде дамыту және насихаттау. Фестивальдерден басқа бізде қызықты байқаулар да өтті. Сонымен, қазанда Астана қ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚазҰӨИ қолдауымен IV Халықаралық скрипкашылар байқауы өтті. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері Қазақстан композиторларының шығармаларын көпшілікке тарату, музыканттардың кәсіптік шеберліктерін жетілдіру, дарынды скрипкашыларды анықтау және елдің мәдени имиджін жоғарылату сияқты көптеген аспектілерден тұрады. Ал қыркүйекте Алматыда VI Халықаралық Бибігүл Төлегенова вокалистерінің байқауы өтті. Оған 45 жас орындаушы Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Украинадан, Литвадан, Ресей Федерациясынан және Болгариядан қатысты. Астанада 5 желтоқсанда «Тәуелсіздік толғауы» ІІІ Республикалық байқауы өтеді. Оның негізгі мақсаты – маңызды драмалық және музыкалық шығармаларды жазуға жәрдемдесу, отандық авторларды қолдау, республикалық театрлардың репертуарларын және концерттік ұйымдарды қазіргі заман талаптарына жауап беретін жаңа шығармалармен толықтыру, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Өнердің ең әйгілі түрі, әсіресе жастар арасында, – кино. Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес, осы саладағы іс-шаралар біздің кинематографымыздың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған. Стратегиялық бағыттарды дамытудың мақсаттары, біріншіден, «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрі жүзеге асыру, және, екіншіден, елді және шетелде отандық мәдениетті жария ету болып табылады. Мемлекеттік тапсырманың шеңберінде әр түрлі жанр мен түрдегі фильмдер шығарылады. Фильмдердің негізгі тақырыптық бағыты кино құралдарымен Қазақстанның тарихын, оның қазіргі өмірін көрсету. Біздің кинематографистер алдарына кең көрермендік аудиторияның қызығушылықтарына жауап беретін жоғары көркемдік фильмдерді қояды. Министрлікпен, сондай-ақ, Қазақстан кинематографистері одағының қызметіне қолдау көрсетіледі.
Қазіргі таңда қазақстандық фильмдерге деген сұраныс жоғары. Әрине, бұл осы жылдағы еліміздің мәдени өмірі туралы толық бейне емес. Мен олардың көбісіне тоқталмаймын, себебі олардың барлығы БАҚ кеңінен жарыққа шықты. Осындай әралуандылықта әр адам өзіне бір жақын дүниені тапты деген сенімдеміз, келесі жылы қазақстандықтарды жаңа жобалармен қуантуға тырысамыз. Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған.
ПОӘК 042-18.1.32/03-2015
|
Баспа. № 1 27.08.2015 ж.
|
Бет 39/ 62
| Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз «Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің», «Сөз сүйектен өтеді», «Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік» деп, сөз өнерін ерекше тани білген.
Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.
Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми
ПОӘК 042-18.1.32/03-2015
|
Баспа. № 1 27.08.2015 ж.
|
Бет 40 62
| тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді», «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды», – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», – деп толғайды. Бұлар – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі». Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
…Көш бастау қиын емес –
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын –
Шешімін таппас дау бар, –
деп дұрыс аңғартады.
Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған.
Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны – айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Ш.Уәлихановтың: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе х
ПОӘК 042-18.1.32/03-2015
|
Баспа. № 1 27.08.2015 ж.
|
Бет 41 62
| алықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған», – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», – деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадынд
Мектептен тыс кештер ұйымдастыру әдісі.
Дискотека.Музыкалық кештер.
Жоспары:
Музыкалық кештер
Дискотека
Мектептен тыс кештер – тәрбие жұмыстарының өзегі. Ол мектеп оқушылары ғана емес, мұғалімдердің өзін де шығармашылыққа баулиды, рухани өсіреді. Мектеп кештерін дұрыс ұйымдастыра білу білімділікті, ең бастысы шеберлікті қажет етеді. Әр пән бойынша әр түрлі ғылым саласына қарай кештер өткізуге болады. Солардың барлығындағы ортақ қасиет - өз халқының адами ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты білімді, мәдениетті, дені сау, сезімтал өнерпаз ұрпақты тәрбиелеу үшін алдына мақсат қойған ұстаз сыныптан тыс жұмыс жөнінде өзі де көп ізденіп, материалдар жинайды, шәкірттерін де қызықтыра біледі. Сондықтан да, мектеп бойынша мынадай кештер өткізу тиімді болады деп ойлаймын.
Кездесу кештері. Көрнекті ғалымдар, ақын – жазушылар, еңбек озаттары, қарт ардагерлермен кездесу. Бұл адамгершілікке, еңбекке баулудың өте тиімді әдісі. Кездесуде келген қонақтардың және оқушылардың ортақ қызығушылығына сай сценарий құрып, сқрақтар ұйымдастыру кештің қызықты өтуіне ықпал етеді. Тақырыпқа сай немесе келген қонаққа қатысты кітап, сурет көрмелерін жасауға болады. Мектеп оқушыларының өнерлерін де осы тақырыпқа сай орайластырып ұсынуға болады.
Мерекелік кештер. Әрбір тарихи оқиғаға байланысты өткізілетін аналар күні, мамыр мерекелері, жаңа жыл, ойын – сауық кештері. Салт – дәстүрге байланысты наурыз тойы тәрізді ұлттық мереке түрлеріне арналған дәстүрлі кештер. Сол сияқты «Алтын күз», «Табиғат ана», «Алғашқы қоңырау», «Соңғы қоңырау», «Қош, аяулы мектебім», «Ұстаздарды құттықтаймыз», «Төрт түлік мал мерекесі», «Әліппемен қоштасу», т.б..
ПОӘК 042-18.1.32/03-2015
|
Баспа. № 1 27.08.2015 ж.
|
Бет 42/ 62
| Жарыс – сайыс кештері. Спорттық ойындар, мектеп олимпиадасы бойынша «Кім күшті?», «Шебер қолдар», «Жас тілші», «Жас конструктор», «Әлемдік спорт
апталығы», «Салтын сүйген – халқын сүйер», «Жас термеші», «Ұлттық ойындар», «Шағын әңгімешілер жарысы», т.б. бүкіл мектепішілік тәрбие жұмысына байланысты кештер өткізу де тиімді болады. Сыныпаралық жұмыстар баланы жылдамдыққа, тапқырлыққа, өнерге жетелейді және ұлт намысы үшін күресе білуге дағыландырады.
Әдеби оқырмандар кеші. Жырды жатқа айту, мәнерлеп оқу және шежіре клубының кеші, өз әңгімесі мен өлеңдерін, мақалдарын, ел аузынан жинағандарын, жаттаған мақал – мәтелдердерін, диалог, монолог оқу, көркем прозадан үзінді оқу, т.б..
Cырласу кештері. Біздің педагогикадағы үлкен бір қателігіміз – бала мен ұстаз арасындағы адамгершілік қатынастың әміршілдік - өктемдік қатынаспен ауысып жататындығы. Біреу бағындырушы да екіншісі – бағынугы болатындығы. Айғай мен қорқытудың бағасы тәрбиенің әлсіздігінде. Шәкірт өзі ынталы болған нәрсесіне құрметпен қарайды, әдетте өне бойынан ізгілік пен адамдық төгіліп тұрған ұстазын шәкірт аңсап, сағынып тұрады. Ұстаз бен тәлімгер, ата – ана мен бала, сан тарау мінез – құлық тақырыптарында пікір алысса, шынайы адамдық тұрғыда сырласа білсе, талай жұмбақтар шешілер еді, дұрыс бағыт – бағдар беру жолы оңай көрінер еді. Ұстаз, шәкірт, ата – ана арасындағы қамал еркін ашылар еді. Сол үшін мектептерде әр тоқсанда бір рет сырласу кештерін өткізген абзал. Ұлдар кеші – болашақ әке, қамқор аға, немесе кенже ұл, сүйікті жар, отау иесі, ел қорғаны, т.б. мәселелер төңірегінде сырласу. Мұндайда пікір алысуға өнегелі аталар, әкелер мен ағалар қатысқаны жақсы. Мектептегі тәрбие тиімділігін арттыратын бір жұмыс - әжелермен, жеңгелермен сырласу.
Мысалы «Сырымды айтсам деген кеші». Бұл арада қыздар аналарымен, сынып жетекшісі қыздармен сырласады. Сондай – ақ, ұлдар мен қыздар сырласады. Оның тақырыбын мектеп тәрбиесінің меңгерушісі мен сынып жетекшісі ойлап табады. Мұғалімнің шығармашылығ дегеніміздің өзі өлең, жыр шығару емес, тәрбиенің тиімді әдісін табу. Мектептегі бұзықтық, теріс жолға түсу осындай тәлім – тәрбиенің жетіспеуінен болады.
ПОӘК 042-18.1.32/03-2014
|
Баспа. № 1 27.08.2015 ж.
|
Бет 43/ 62
| Ата – аналар мектебі атты арнаулы клубтың іс – шаралары. Бұл мектептен тәлім алған қыздар түрлі тамақ жасаудан, сырмақ, қошма, оюдан, ши тоқудан, тоқыма өнерінен, киім пішіп тігуден,
ұлттық тағам пісіруден, жас нәресте күтімінен, ұлттық қонақ күту рәсімдерінен алған үлгі - өнерлерін ортаға салады. Кейде отбасылық спорттық жарыстар әр жерде өтіп жатады. Ал өзге нерлерден мұндай жарыстардың өтуі кемде – кем. Біз өзіміз өткізген «Әкелер сайысы» атты кешті мысалға келтіре кетейік. Алдымен, кештің бағдарламасын жасап алдық. Әкелердің ішінен өнерпаздар, мақал – мәтелдерді көп білетін, күлдіргіштер, қамшы өргіштер, ауа райын болжағыштар, бата бергіштер, термешілер сарапқа түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Көбісі бата мен мақал – мәтелді Дискотека. Ол сенбі күндерінің бірін пайдаланып, музыка әлемін қамтыған тақырыптарға арналады. Әсіресе, халықтық музыканың ғажайып сыры мен қырын жас адамның жан дүниесіне жеткізу, жастарды ұлттық қазынаға құрметпен қарауға, арлылық пен инабаттылық, кішіпейілділік пен адалдық сезімдеріне тәрбиелейді. Дискотека тақыптары: әлем музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман әндері, халық әндері, би кеші, халық композиторларының өмірі, ғажайып жұмыбақ пернесі (скрипка, қобыз үні туралы, симфониялық шығарма тыңдату), қазақ композиторлары, операны тыңдап үйрену, қазақ балеті (мазмұны мен тақырыбы)
Достарыңызбен бөлісу: |