Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
1.Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
2. Ток күшінің өлшем бірлігі?
3.Электр тогының қуатын қандай формуланың көмегімен есептейді?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 14-15
ТАҚЫРЫБЫ: «Оптика. Кванттық физика бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)
Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Жинағыш линзаның оптикалық күші мен фокус қашықтығын анықтау», «Судың сыну көрсеткішін анықтау», «Жазық пластиналардың көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау», «Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау», «Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау».
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.фокус аралығы ұғымына түсініктеме беріңдер.
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
1.Фокустық қашықтығы 5 см линзаны алыңдар.
2.Линзаны экраннан 10 см қашықтыққа орналастырыңдар.
3.Жарық көзін экраннан 5 см қашықтықта орналастырыңдар.
4.Экранда анық кескін пайда болғанда жарық көзін қозғаңдар.
5.Алынған мәліметтерді кестеге жазыңдар.
31-сурет
19-кесте
6.Фокустық қашықтығы 3 см линзаны алыңдар.
7. Жарық көзін экраннан 30 см қашықтықта орналастырыңдар.
8.Линзаны экраннан 15 см қашықтыққа орналастырыңдар.
9.Экранда анық кескін пайда болғанда линзаны қозғаңдар.
10.Алынған мәліметтерді кестеге жазыңдар.
Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
1.Жарық көзі линзадан 20 см қашықтықта орналасқан, линзаның фокустық қашықтығы 7 см тең. Кескін анық болуы үшін линзаны экраннан қандай қашықтықта орнаастыру керек?
2.Жарық көзін экраннан 50 см қашықтыққа жылжытуға болады. Жоғарыда көрсетілген әдіспен қандай максимальды фокустық қаштықты өлшеуге болады?
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1. Физикадан 7-9 сыныптардың күнтізбелік жоспарын жасау.
5.2 Физикадан 10-11 сыныптардың күнтізбелік жоспарын жасау.
5.3. Өз қалауымен алынған сынып бойынша бір сабақтың жоспарын жасау (7-11 сынып).
5.4. Физика есептерін шығару (сапалық, сандық, графиктік, эксперименттік) сабағының жоспарын жасау.
5.5 Есеп шығару сабақтарында электронды-оқытушы бағдарламаларды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |