Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



жүктеу 5,52 Mb.
бет25/51
Дата20.05.2018
өлшемі5,52 Mb.
#14890
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

р№

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Көрсетілетін демонстрация-лық тәжірибелер

Үйге тапсырма

1

2

3

4

5

6

І-тараудың атауы (тарауға бөлінген сағат саны)

Күнтізбелік жоспар жасалғаннан соң өздеріңе бөлінген тақырып бойынша сабақ жоспарын жазыңдар. Сабақ жоспарын жазудың мысалы 6-дәрісте көрсетілген.

Сабақ жоспары келесі элементтерден тұруы керек:


  • сабақтың тақырыбы мен міндеттері;

  • әрқайсысының уақыты көрсетілген сабақ кезеңдері;

  • білімді тексерудің әдістері мен мазмұны;

  • жаңа материалды оқытудың жүйелілігі мен әдістері;

  • қажетті мәліметтері бар көрсетілім тізбесі.


Бақылау сұрақтары:

    1. Мұғалім қандай жоспарларды құрады? Оларды сипаттаңыз.

    2. Күнтізбелік жоспар қалай жасалады?

    3. Күнтізбелік жоспар жасау не үшін қажет?

    4. Сабақ жоспары қалай жазылады?

    5. Сабақ жоспарын жазу не үшін қажет?

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11- сыныптарына аралаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.

  2. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.

  3. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

Сабақтың соңында студенттер жаңа оқу материалын меңгертуге арналған сабақтың жоспарын жазу үшін тақырыптар алады.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 3

ТАҚЫРЫБЫ: Физика сабағы және оны талдау

Мақсаты: Физика сабағына қойылатын негізгі талаптарды зерттеу. Физика сабағын талдаумен танысу.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Физика пәнінің мұғалімдеріне практикалық жұмыс барысында педагогикалық іс-әрекеттің барлық түрін орындауға тура келеді. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті деген әртүрлі әдебиеттерді (оқу бағдарламасы, оқулықтарды және оқыту құралдары) талдай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қажетті материалды жинақтап, сабақтың пәндік мазмұнын құру; сондай-ақ, өзінің жұмысын жоспарлау мен оқушыларды өз жұмысын жоспарлай білуге үйрету; оқушылардың түрлі қызметін ұйымдастыра білу, оларға көмектесу және белгілі бір деңгейде оны басқару; өзінің іс-әрекетінің негізгі түрлерін білуі тиіс. Мұғалімнің сабақ өткізуінде жоспардың дұрыс құрылып, оңды нәтижеге жетуі үшін сабаққа талдау жүргізудің әсері мол. Төменде сабақты талдау сызбасы келтірілген. Келтірілген сызбаны талдаңдар.


11-кесте

Физика сабағын талдау сызбасы



Мұғалімнің іс-әрекетіне қойылатын талаптар

Оқушының іс-әрекетіне қойылатын талаптар

Ұйымдастыру-шылық

Оқыту

Тәрбиелік

1

Сабақ жоспарының орындалуы

Оқытудың ғылымилық қағидасының орындалуы

Сабақтың идеялық, адамгершілік көзқарасқа бағыттылығы

Танымдық белсенділіктің деңгейі

2

Техникалық құралдар мен көрнекілікті пайдаланудың мақсаттылығы мен тиімділігі

Көрнекілік қағидасының жүзеге асырылу айқындылығы

Оқушылардың еңбек ету және оқу дағдыларын қалыптастыру

Оқу пәні мен сабаққа оқушының қызығушылығы-ның бар болуы

3

Негізгі психологиялық-гигиеналық талаптардың жүзеге асырылуы

Білімнің беріктілігі, түсініктілігі, жүйелілік қағидасының жүзеге асырылуы

Экономиялық тәрбие мен кәсіптік бағдарға арналған мүмкіндіктерді пайдалану

Оқушының өзіндік жұмыс дәрежесі

4

Барлық оқушылармен кері байланыстың жүзеге асырылуы

Оқытудағы тиімділік және шыдамдылық қағидасының сақталуы

Сабақтың ақыл-ой тәрбиесіне және оқушының дамуына әсері

Білімді белсендіру (оқу материалындағы жетекші идеяларды ажырата білу іскерлігі)

5

Оқу пәнін жетік білу, педагогикалық шеберлік деңгейі

Проблемалық қағидасының жүзеге асырылуы

Физикалық және гигиеналық тәрбиеге қойылатын талап

Аналитикалық іскерліктер мен дағдылардың деңгейі

6

Сабақ бойынша құжаттарды ұйымдастыру деңгейі

Оқытудың өмірмен, теориямен, практикамен байланыс қағидасының жүзеге асырылуы

Оқушыларға сабақтың эстетикалық әсері

Сабақ барысында тілдің, жазу, графикалық және арнайы іскерліктер мен дағдылардың дамуы

7

Мұғалімнің тілінің шеберлігі (эмоционалдығы, образдылығы, дыбыс ырғағы және т.б.)

Басты дидактикалық мақсатқа жету дәрежесі мен оны таңдау үйлесімі

Сабақ барысында тәрбиелік міндетті орындауды өмірмен байланысты жүзеге асырудың тиімділігі

Ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын дамыту

8

Сабақта уақытты тиімді пайдалануы

Оқыту әдісін дұрыс таңдау мен оның оқушының жас ерекшелігіне және дамуына сәйкес келуі

Сөзбен және баллмен бағалаудың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану

Тақтада және арнайы құрал жабдықтармен жұмыс істей білу іскерлігі

9

Мұғалімнің сыртқы сипаты, педагогикалық мәдениеті және тактикасы

Оқушының білім іскерлігі мен дағдысын және оған қойылатын талаптардың деңгейін бақылау

Мұғалімнің оқушыларға көзқарасымен оқушыларды басқару стилін таңдаудың дұрыстығы

Оқушылардың ұйымшылдығы мен тәртіптілігі

10

Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы

Үй тапсырмасының көлемінің үйлесімділігі мен оны оқушыларға жеткізу әдісінің тиімділігі

Мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі тәрбиелік мәні және оның сабақтағы іс-әрекеті

Оқушының сыртқы сипатының бірыңғай қойылған талапқа сәйкестігі


Бақылау сұрақтары:

1.Физика сабағын талдаудың қажеттілігі неде?

2.Сабақты талдаудың негізгі бағыттары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар


  1. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.

  2. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.

  3. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

  4. Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы / Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.

  5. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.

  6. Урок физики в современной школе: творческий поиск учителей: кн. Для учителя. Сост. Э.М. Браверман; / Под. ред. В.Г. Разумовского. М.: Просвещение, 1993.

  7. Современный урок физики в средней школе / Под ред. В.Г. Разумовского, Л.С. Хижняковой. М.: Просвещение, 1983.


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 4

ТАҚЫРЫБЫ: Физика сабақтарында оқушылардың құралдармен жұмыс жасауы

Мақсаты: Физикалық құралдардың түрлерімен танысу.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Физика сабақтарында оқу экспериментін жүргізетін құралдар үлкен үш топқа бөлінеді:



  1. Демонстрациялық тәжірибелер үшін

  2. Фронтальді лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелер үшін

  3. Физикалық практикумдар үшін

Динамометр күшті өлшеу үшін арнайы кұралдар - динамометрлер (грекше динамис – күш және метрео - өлшеймін) колданылады. Динамометрдің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Серіппеге шкала бойымен жылжитын көрсеткіш бекітіледі.
Тігінен орналасқан серіппеге әр түрлі күш түсіре отырып, оның әр жолы қаншалыкты созылғанын шкаланың көмегімен анықтауға болады. Ол үшін алдымен серіппе шкаласы градуирленеді. Градуирлеу дегеніміз құралды накты бөліктері бар шкаламен жабдыктау. Алдымен серіппе созылмаған кездегі көрсеткіштің орны белгіленеді. Осыдан кейін оған 1Н күш түсіріңдер. Түсірілген күш әрекетінен серіппе, мысалы, 1 см-ге созылған болсын. Гук заңына сәйкес серіппенің созылуы түсірілген күшке пропорционал екенін білеміз. Онда 2 см серіппе созылуына 2 Н күш, 3 см серіппе созылуына 3 Н күш сәйкес келеді. Осылайша градуирленген серіппе-динамометр көмегімен әр түрлі күштерді өлшеуге болады. Динамометрдің бірнеше түрі бар. Қолдың бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қол динамометрі, тракторлардың, локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы динамометрлер пайдаланылады.

Вольтметр – тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге арналған аспап. Вольтметр түрлері: аналогты (тілді көрсеткішімен және жарықты көрсеткішімен), цифрлы (механикалық, электрмеханикалық және электрлік индикаторлармен) болады. Тізбектегі жүктемеге немесе электр энергия көзіне параллель қосылады.

Термометрдененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Қазір термометрлердің көп түрі бар:

Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлер – сыртқы температураның өзгеруіне байланысты термометрдің ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген.

Электрлі термометрлер – бұл термометрлердің жұмыс істеу принципі сыртқы температура өзгергенде өткізгіште пайда болатын қарсылыққа байланысты.

Механикалық термометр – бұл термометрлердің жұмыс істеу принципі жоғарыда айтып өткен термометрлер сияқты, тек бір айырмашылығы мұнда датчик орнына металды спираль немесе биметалдан жасалған лента қолданылады.

Инфрақызыл термометрлер – инфрақызыл термометрлер денеге жанаспай-ақ температураны анықтай алады. Дамыған елдерде сынапты термометрлерді медициналық деңгейді былай қойғанда, үй жағдайында да қолданбайды. Инфрақызыл термометрлердің мүмкіндіктері өте зор:

• қолдануда қауіпсіз;

• барынша нақты нәтиже көрсетеді;

• нәтижені аз уақыт ішінде көрсетеді (шамамен 0,5 секунд).


Бақылау сұрақтары:

1.Физикалық құралдардың түрлерін атаңыз?

2.Физикалық құралдар не үшін қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар


  1. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

  2. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.

  3. Демонстрационный эксперимент по физике в средней школе. Ч.1 /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1978.

  4. Демонстрационный эксперимент по физике в средней школе. Ч.2 /Под. ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1978.

Сабақтың соңында студенттер физикалық құралдың сипаттамасы мен жұмыс істеу принципін жазу үшін бір-бір құралдан бөліп алады.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 5

ТАҚЫРЫБЫ: Білім, іскерлік және дағдыны тексеру және бақылау, тіркеу

Мақсаты: Білімдерді тексеру және бақылау әдістері мен формаларын зерттеу, оқушылардың білімдерін бақылау үшін нақты тапсырмалар құруды үйрену.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Физикадан үлгерімді тексеруге – білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады.

Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді.

Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі – ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады.

Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады.

Әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады. Мысалы, физикалық диктанттың негізгі мақсаты – оқушылар білімін болжау, білімдегі олқылықтың алдын алу, оқу процесіне тиісті түзетулер енгізу.



Физикалық диктант жеке сұрақтардан тұрады. Сұрақтар мына мәселелерді қамтиды:

- физикалық шамалардың әріптік белгіленуі, олардың өлшем бірліктері;

- физикалық шамалардың анықтамалары, олардың өлшем бірліктері, бірліктердің ара қатынасы;

- физикалық құбылыстар мен заңдардың тұжырымдамасы, физикалық шамалардың өзара математикалық байланысы;

- физикалық шамалардың өзара графиктік байланысы;

- физикалық құралдардың атқаратын қызметі және олрдың жұмыс істеу принциптері.

Физикалық диктантты өткізу әдістемесінің қиындығы жоқ. Мұғалім оқушыларға мәтіннің сұрағын оқып береді (екі рет қайталап оқыса жеткілікті) немесе магнитофондық жазуды, проекциялық құралдарды пайдаланады. Нұсқалар саны екіден артпайды. Оқушылар қойылған сұрақтарға берілген уақыт ішінде жауаптарын жазады.

Өздік жұмыстың негізгі мақсаты – оқылған білімді қайталап бекіту, жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын оқуға көшу мүмкіндігін анықтау. Жаңа оқу материалын бастау үшін бірінші және екінші сатыдағы білім мазмұнын барлық оқушының 80 пайызы меңгеруі міндетті.

Оқушылар оқулықты, дәптердегі мәліметтерді, анықтама әдебиеттерді пайдалана отырып, тапсырманы өз беттерімен орындайды. Өздік жұмысты орындау үстінде олар мұғалімнен көмек алады, өзара пікірлеседі.



Бақылау жұмысы – мектепте алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Оның нәтижесі бойынша ұстаз белгілі бір уақыт аралығында оқу жұмысының қорытындысын шығарады. Бақылау жұмысының көрсеткіші бойынша оқу материалының игерілу сапасы бағаланады, оқушылардың келесі оқылатын материалды қабылдауға даярлық дәрежесін анықтайды. Бұлар мұғалімнің оқу процесін жақсарту шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.

Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерімен орындайды. Мәтіннің мазмұнында есепті шығаруға қажетті барлық шамалар беріледі.

Өзіндік және бақылау жұмыстарының мазмұнын аналитикалық, графиктік және эксперименттік есептер мен сұрақтар құрайды. Олардың типтік түрлері бақылауға дейін өздік жұмыстар арқылы орындалады. Бұл жеткіншіктердің психологиялық дайындығын, жауапкершілігін арттырады, оқу уақытын дұрыс жоспарлап, тиімді пайдалану мүмкіндігін туғызады.

Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тесті қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлес болып есептеледі.

Тест тапсырмаларының негізгі төрт түрі бар:

1.Жабық тапсырма, мұнда оқушы ұсынылған нұсқаулардан бір не бірнеше дұрыс жауабын таңдайды;

2.Сәйкестікке тапсырма;

3.Жүйелілікті дұрыс белгілеуге тапсырма (бірізділікке келтіру),

4.Ашық тапсырма, мұнда оқушы жауапты өзі құрастырады. Жабық тапсырманы құру. Тапсырма қысқаша беріледі де, ішінде бір жауабы дұрыс болып келетін 5 нұсқа жауаптар ұсынылады. Неғұрлым жауап нұсқалары аз болса, соғұрлым оқушылардың кездейсоқ не жорамалдап жауап беру мүмкіндігі аз болады. Сондықтан балама жауап шындыққа жанасымды болуы керек.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын тексерудің жоғарыда көрсетілгендердің қайсысын алсақ та олардың басты мақсаты оқушылардың білім деңгейін көтеру, оқушылардың білімін бір жүйеге түсіру болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Өздік жұмыстың негізгі мақсаты қандай?

2. Физикалық диктант қандай мәселелерді қамтиды?

3. Тест тапсырмаларының қандай түрлері бар?

4. Оқушылардың білімін тексерудің қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар


  1. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

  2. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.

  3. Оноприенко О.В. Проверка знаний, умений и навыков учащихся по физике в средней школе: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1988.

  4. Минькова Р.Д., Свириденко Л.К. Проверочные задания по физике в 7,8, и 10 классах средней школы: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1992.


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 6

ТАҚЫРЫБЫ: Физика сабақтарында есептер шығару

Мақсаты: Физика бойынша есептер шығару әдістерін меңгеру, есептеу, графиктік және эксперименттік есептерді шығару әдістемесімен танысу.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Есептер шығару процесі сабақта жаңа оқу материалын меңгертуде, ұғымдар қалыптастыруда, жаңа сабақты бекітуде және оқушылардың алған білім, іскерліктерін тексеруде ұйымдастырылады. Олай болса, есептер шығару – қайталауды, пысықтауды және оқушылардың білімін тексерудің маңызды құралы.

Есептерді шығарудың басты шарты – оқушылардың бойында физикалық заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, сондай-ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады.

Оқушыларда есеп шығару дағдысын қалыптастыруда есептің шартын жазу техникасына қойылатын талаптың маңызы зор. Есеп шығару кезеңдері:

1) есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын түсіну;

2) есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу;

3) есепті талдау, берілген есепте қарастырылатын физикалық процестер мен заңдылықтарды түсіну, фиизкалық шамалардың арасындағы тәуелділіктерді қарастыру, физикалық мағынасына көңіл аудару;

4) есеп шығарудың жоспарын құру (тәжірибе жасау), есепке керекті тұрақтыларды және кестелік мәндерді жазу;

5) физикалық шамаларды СИ жүйесінде жазу;

6) ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу;



жүктеу 5,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау