Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік ойлар мен жаңа дәуір әлеуметтік ойлары



жүктеу 0,88 Mb.
бет6/10
Дата21.11.2018
өлшемі0,88 Mb.
#23364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік ойлар мен жаңа дәуір әлеуметтік ойлары.

Бұл дәуірде алдыңғы орынға адамгершілік идеялары шықты. Енді адам, қоғам өмір сүруінің жаратылыстық негіздерін іздеу басталды. Адамгершілік идеясы – бұл адамды жеке тұлға, даралық ретінде тану. Адамның бостандық пен бақытқа құқын тану.

Данте Алигьери (1265-1321). Еңбегі «Қасиетті комедия». Оның ойынша қасиетті және жаратылыстық рухтар тең. Адам әрекеті құдай нұсқауымен қатар өз санасымен де жасалынады. Құдай еркі адамдар өмір сүруінің жалпы бастамасы ғана. Жаңа дәуір ақыл-ойы нақты әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуге бетбұрыс жасады.

Н.Макиавелли (1469-1527). Еңбегі «Билеуші» және т.б. Макиавелли мемлекеттік құрылыс идеясын философиялық және теологиялық тұжырымдардан бөліп алды. Ең жақсы мемлекет нақты кезеңде өз азаматтарының нақты тұтыныстарын қанағаттандыра алған мемлекет. Саясатты іске асыруда билеуші аморалдық әрекеттерге де бара алады. Мыс.: сатып алу, қастандық және т.б. Саясат қасиетті емес лас әрекет ретінде танылды.

Жан Боден. Еңбегі «Мемлекет туралы алты кітап». Мемлекет отбасы негізінде пайда болды. Мүліктік теңсіздік мемлекеттегі табиғи жағдай. Монарх өз әрекетінде шіркеуден тәуелсіз, ол мемлекет үшін қажет талаптарды ғана орындауға құқықты. Мемлекет құрылысына ауа райы да әсер етеді.

Томас Мор (1478-1535). Еңбегі «Утопия». Утопия – арал, онда жеке меншік жоқ. Барлық мүліктік игілік тең бөлінеді. Адамдар барлығы да жұмыс істейді. Олар өз мүдделерін орындауда қанағатты.

Томас Гоббс (1588-1679). Еңбегі «Левиафан». Жаратылыстық құқық түсінігін енгізді. Адамдар жаратылғанда бір-біріне қас болды. Сондықтан олар өздерін тежеп ұстап отыратын ұйым - мемлекет құрды. Адамдар өздерінің артық құқықтарынан бас тартып оларды мемлекетке береді. Адамдар қоғамдық шарт арқылы табиғи жағдайдан мемлекетке өмір сүру жағдайына өтті. Ең жоғарғы билік абсолютті өзгермейтін болуы тиіс. Мемлекет жағдайында жеке бостандыққа ұмтылу қылмыс, себебі, бұл қоғамдық шартқа қарсы болып табылады.

Шарль Луи Монтескье (1689-1755). Еңбегі «Заңдар рухы туралы». Адам қоғамы қасиетті және жаратылыстық заңдардың бірлігі арқасында өмір сүреді. Адам көп нәрсеге тәуелді: ауа райы, дін, заң, дәстүр және т.б. Осылар бірігіп халық рухын құрайды. Әрбір қоғам өмір сүруде өз халық рухына тәуелді. Мемлекет билігі үшке бөліну қажет: заң шығару, атқару және сот биліктері. Мемлекеттік құрылым жер жағдайына байланысты. Үлкен аумақты - деспоттық, орта аумақты – монархиялық, кіші аумақты – республикалық басқару ыңғайлы.

Клод Гельвеций (1715-1771). Адам басында, өмірге келгенде ешқандай қасиетке ие емес. Барлық қасиеттерді ол басқа адамдармен араласу арқылы иеленеді. Адамның биологиялық және әлеуметтік тұтыныстары болады. Мемлекет адамның еркіндігі мен жеке меншікке құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл үшін білімді монарх пен ақылды заңдар қажет.

3. Классикалық философиясы аясындағы әлеуметтік ойлар.

Германияда әлеуметтік-саяси ойлар философиялық тұжырымдарға қайтарылды.

Иммануил Кант (1724-1804). Еңбегі: «Мәңгілік әлемге», «Әдеттер метафизикасы». Адам өзін-өзі дамыту арқылы ғана табиғат оған жүктеген істерді атқара алады. Адамға өз табиғатынан мынадай қасиеттер тән: 1) жануарлық бастама – бұл адам бойында дөрекілік, тұқымын жалғастыру, сөйлесу-шүйіркелесу және т.б. нысандарда көрініс табады; 2) адамдық бастама – бұл өз құндылықтарын жасау, басқалардан жоғары тұруға ұмтылу және т.б. түрлерде көрініс табады; 3) жеке-даралық бастама – бұл адамгершілік, моралдық, заң ережелерінде көрініс табады. Құқықтық-азаматтық қоғам туралы алғаш айтқандардың бірі И. Кант болды. Бұл қоғам ақылды заңдар мен оларды іске асырудың нақты тетіктері бар қоғамдық жүйе. Мұндай қоғам барлық жер бетіне тарау қажет, себебі сыртқы көре алмайтын күштер қашан да қоғам тыныштығын бұзуға талпынады. И.Кант «сауда рухы» түсінігін енгізді. Сауда рухы мемлекеттерді бейбіт өмір сүруге, соғысты болдырмауға мәжбүр етеді.

Гегель (1770-1831). Ақылды бастама әлеуметтік дамуды қамтамасыз ететін күш. Ақылды бастама – бұл жеке адам іс-әрекеті мен тарихтың объективті заңдарының қосындысы. Еркіндікті пайдалану үшін оны түсіне білу керек. Еркіндікті түсіну әр халықтың мәдениетіне, оның адамгершіліктік, құқықтық және саяси ережелерінің дамуына тәуелді.

Адамзат дамуында Гегель үш кезеңді бөлді: шығыстық, антикалық және германдық. Шығыста еркіндікке бір адам монарх ие, басқалар ондай жағдаймен келіседі. Греция мен Римде белгілі бір адамдар тобы ғана еркіндікке ие болды.Тек герман халықтары ғана нағыз еркіндікке ие. Еркіндік – тарих, ерік, бостандық және құқыққа сүйенеді. Адамгершілік – бұл мораль мен құқық қосындысы. Адамгершілік отбасынан басталып, азаматтық қоғам және мемлекет арқылы дамиды. Мемлекет деңгейінде адамгершілік адамзат ақылына айналады. Осы адамзат ақылы қоғам дамуындағы ең негізгі күш.

Әлеуметтану негізін қалаушы О.Конт (1798-1857). Еңбектері: «Позитивтік философия курсы», «Позитивистік катехезис», «Позитивтік философия рухы туралы талдау» және т.б. Әлеуметтану курсының зерттеу негізі «әлеуметтік жүйе». Әлеуметтік ұйымдасудың ең өзегі отбасы. Отбасынан тайпа, ұлт, халық өсіп шығады. Отбасының құруы қоғамның құруына әкеледі. Отбасы сонымен қатар мәдениетті сақтау, дәстүрлерді жалғастыру, қоғам бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету қызметтерін атқарады. Әлеуметтік ұйымдастырудың тағы бір өзегі – бұл еңбек бөлінісі. Еңбек бөлінісінің арқасында әлеуметтік топтар құрылады, отбасылар арасында байланыс орнайды, біртұтастық және мораль пайда болады. Адам өз іс-әрекетінде ақылды емес, сезімді басшылыққа алады. Сондықтан адам мінез-құлқын ішкі сезімі арқылы реттейтін әлеуметтік институттар қажет. Бұл салада жетекші орын дінге тиісті. Қоғамда билік рухани және зайырлы болып бөлінуі қажет. Бұл адамгершілік беделдің дүниелік-заттық беделден бөлінуін қамтамасыз етеді.О.Конт жеке меншікті жақтады. О.Конттың пікірінше адам ақылының дамуы үш кезеңнен өтті:



  1. Теологиялық кезең 1300 жылға дейін.

  2. Метафизикалық кезең 1300-1800 ж.ж. (Реформация, Ағарту, Буржуазиялық төңкерістер).

  3. Позитивтік кезең 1800 жылдан басталады.

Герберт Спенсер (1820-1903) – ағылшын пәлсапашысы. Еңбектері: «Негізгі бастамалар», «Психология негіздері», үш томдық «Әлеуметтану негіздері», «Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде», «Этика негіздері» және т.б. Спенсер жеке бостандық пен еркін бақталастық ұстанымдарын насихаттады. Қоғамның жаратылыстық дамуына кез-келген араласушылық әрекеттер өте жағымсыз жағдайларға ұрындырады деп есептеді. Спенсер қоғам өміріндегі мемлекет ролін шектеуді жақтады. Ол тіпті мемлекет кедейлерге көмектесу, немесе болашақ ұрпаққа тәрбие беру сияқты әрекеттерден де бас тартуы қажет деп есептеді. Спенсердің эволюциялық даму заңы үш негізге сүйенеді. Бұлар: зат, қозғалыс және күш, яғни мағынасы кез-келген затты белгілі бір күш қозғалысқа келтіреді. Эволюция кез-келген затты біртектіліктен көптектілікке, айқынсыздықтан айқындылыққа әкеледі. Эволюция жүйелер теңдігіне жеткенде тоқтайды. Егер жүйелер теңдігі бұзылса қоғамның жіктеліп, шашырауы басталады. Осыдан кейін жаңа эволюциялық үрдіс басталады. Сөйтіп қоғам дамуы үздіксіз қайталанып отыратын теңдік бұзылу жинақтау кезеңдерінен тұрады. Спенсер эволюциялық үрдістің үш түрін бөліп шығарды. Бұлар бастапқы жаратылыстық, жаратылыстық және жаратылыстан жоғары. Бастапқы екеуінде қоғам табиғаттың бір бөлшегі ретінде дамиды. Ал жаратылыстан жоғары, бұл айқын дамыған ақыл-ой мен еңбек тәжірибесіне негізделген даму үрдісі. Әлеуметтік институттар – адамдардың бірлесіп сүруін қамтамасыз ететін өзін-өзі ұйымдастыру тетіктері. Спенсер әлеуметтік институттарды бес түрге жіктеді.

  1. Үй-жайлық институттар, бұлар отбасы, некелік қатынастар, бала тәрбиесі, туыстық, көршілік қарым-қатынастар.

  2. Рәміздік институттар, бұлар адамдар арасындағы күнделікті өзара түсіністікті қамтамасыз ететін дәстүр, талғам, рәміз және т.б.

  3. Саяси институттар, бұлар топтар арасындағы жанжал-егес негізінде пайда болды. Соғыс пен егестер қоғамның топтық құрылымы мен саяси ұйымдардың пайда болуына әкелді. Бұл топқа мемлекет, құқық, әскер, полиция және т.б. кіреді.

  4. Діни институттар, бұлар қоғамның рухани бірлігін қамтамасыз етеді.

  5. Кәсіби-өнеркәсіптік институттар, бұлар қоғамдағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Бұған өнеркәсіп орындары, кәсіподақтар және т.б. материалдық өндіріс аймағындағы ұйымдар кіреді.

Марксизм тұжырымының негізін қалаушылар К.Маркс (1818-1883) және Ф.Энгельс (1820-1895) болды. Марксизм басқа ғылыми бағыттардан, өзінің таптық қарсылыққа бағытталуымен ерекшеленді. Егер басқа ілімдер өмір сүріп тұрған қоғамдық жүйені жаңартуға бағытталса, марксизм бұл жүйені түпкілікті жоққа шығарды.

К.Маркс пен Ф.Энгельс тұңғыш рет қоғамдық дамуды жіктеуді іске асырды. Олар қоғам дамуын бес қоғамдық-экономикалық формацияға бөлді. Бұлар: ерте дәуір, құл иелену дәуірі, феодалдық дәуір, капиталистік дәуір және коммунизм. Әрбір формация тарихи дамудың келесі кезеңі болып табылады. Бір дәуірден келесі дәуірге өткенде шаруашылық әдіс, саяси жүйе, әлеуметтік ұйымдасу және т.б. қоғамдық көрсеткіштер өзгеріске түседі.

Формацияның өмір сүруі өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы теңдікке, келісімге тәуелді. Бұл екеуінің арасында қайшылық туса, әлеуметтік төңкеріс іске асырылады.

Әлеуметтік құрылымды, - Маркс, - қоғамның таптарға бөлінуі деп түсіндірді, қоғамның таптарға бөлінуінің себебі еңбек бөлінісі мен жеке меншік. Үстемдік етуші тап негізгі өндірістік құралдарды, еңбек бөлінісі мен заттық құндылықтарды өз бақылауында ұстайды. Белгілі бір тапқа жату тегі адамның қоғамдағы орнын айқындайды. Қоғамның басқа мүшелері үстемдік етуші тапқа өз еңбек күшін сатып өмір сүреді.

Екі таптың экономикалық мүдделері қарама-қайшы болғандықтан, олардың арасында таптық күрес пайда болады. Таптық күрес қоғамдық дамудың қозғаушы күші болып табылады. Қоғамдық тап біртекті, айырмасыз тобыр емес. Таптың өз ішінде де өмір үлгісіне, діни сеніміне, ұлтына және т.б. ерекшеліктеріне қарай айырмашылықтар болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Ежелгі дәуірдегі саяси ойлардың бастр идеясы неде?

  2. Орта ғасыр саяси ойлардың бастр идеясы неде?

  3. Платон мен Аристотельдің бастр саясатқа қатысты еңбектері қандай?

  4. Н. Макиавеллидің бастр ұстанымық андай және еңбектерін ата?

  5. „Екі семсер” аттые ңбектің авторы кім?


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Нысанбаев Ә. Қожа Ахмет Йассауи // Ақиқат 3, 1998

    2. Омарбеков Т. Мұхаммед Хайдар Дулати // Ақиқат 6, 1998

    3. Мухамедьярова А Формиравание концепции народовластия в политических учениях философов Нового времени.// Саясат, 2003 №1


Апта - 3

Дәріс – 1

Тақырып: Саяси билік.

Дәріс мазмұны:

1."Билік" түсінігі, анықтамалары.

2.Саяси билік субъектілері. Билік қорлары.

3.Саяси биліктің атқаратын қызметтері, түрлері



Мақсаты:
1."Билік" түсінігі, анықтамалары.

Билік өмірде ең кең таралған түсініктердің бірі. Саяси билік болса қоғамдағы басқа билік түрлерінің ең жоғарғысы. Саяси билік түсінігін анықтауда әртүрлі көзқарастар бар: 1) телеологиялық айқындама билікті алға қойған мақсаттарға жету қабілеті дейді;

2) бихевиористік айқындама бойынша билік ерекше мінез-құлық түрі, яғни біреулер бұйрық беріп ал қалғандары бағынатын қарым-қатынастар нысаны;

3) психологиялық айқындама бойынша билік адамның психологиялық ұмтылысын қанағаттандыру құралы;

4) реляционистік айқындама бойынша билік субъектісінің әртүрлі әдістер мен құралдар көмегімен объектіні толық бақылауда ұстауы.

Негізінен саяси теорияда мынадай жалпы айқындама бар: саяси билік – бұл дәстүрдің, күштің, беделдің, экономикалық механизмдердің көмегімен жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттеріне әсер ету қабілеті. Саяси билік – саясаттың орталық, ұйымдастырушылық және реттеу – бақылаушылық бастамасы. Саяси билік экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық тетіктердің, беделдің, күштің, дәстүрдің көмегі арқылы адамдардың, әлеуметтік топтардың қарекетінің барысына ықпал ету қабілетімен сипатталатын әлеуметтік қатынастар нысаны.

Саяси биліктің ішкі құрылымы мынадай түсініктерден тұрады:

1. Егеменділік – биліктің тәуелсіздігі, бөлінбейтіндігі. Бұл, саяси биліктің әр түрлі саяси бағыттар ұстаушы субъектілер арасында түпкілікті бөліске түспейтіндігін білдіреді. Тіпті елде коалициялық үкімет немесе көп партиялы парламент болса да билік түбегейлі бөліске түспейді, олар билікті белгілі бір саяси бағыт тұрғысынан шарт, келісімдер негізінде жүзеге асырады.

2. Бедел – елде, шет елдерде жалпыға танымал болуы. Қоғам өмірінің барлық салаларына ықпал ете алуы. Бедел бұйрық, қарарлар, шешімдер, нұсқаулар нысанында көрініп, объекті (бағыныштылар) биліктің заңдылығын (легитимділігін) мойындағандықтан орындалуға міндетті болады.

3. Саяси еркінің болуы, кең ауқымды бағдарламасының болуы, оны жүзеге асыруға дәйекті дайындықтың болуы.

4. Күш қолдану құқығын иелену. Мұның деңгейі саяси биліктің әрбір нақты нысанына байланысты әр түрлі болады.

2. Саяси билік субъектісі мен объектісі мен саяси билік қорлары.

Саяси билік саясаттың белсенді бастамасы, яғни саяси шешімдер қабылдаушы жақ. Субъекті ретінде жеке адам, ұйым, адамдар тобы, халық және БҰҰ атынан халықаралық қауымдастық та көріне алады. Биліктік қарым-қатынас пайда болуы үшін субъекті белгілі бір қасиеттерді иеленуі тиіс: 1) билік етуге деген еркінің, талпынысының болуы;

2) өз ісінде білікті болуы тиіс;

3) атқарылып жатқан нақты іс мәнінен толық хабардар болуы тиіс;

4) өзіне бағыныштылардың көңіл-күйі мен жағдайынан толық хабардар болуы тиіс;

5) саяси билік қорларын толық пайдалана білуі тиіс;

6) беделді болуы тиіс.

Саяси биліктің бір ғана объектісі бар. Ол бағыныштылық. Биліктік қатынастар екі жақты мінезге ие. Егер бағыныштылық билікке тәуелді болса, белгілі бір дәрежеде билікте бағыныштылыққа тәуелді. Мұндай қағиданы түсіну өзінің саяси-тәжірибелік көрінісін азаматтық бағынбаушылық акцияларында тапты.

Бағыныштылық әртүрлі факторларға тәуелді: бағыныштының өз табиғатына; оған қойылған талаптар мінезіне; әсер ету құралдарына; нақты қалыптасқан саяси жағдайға; тұрғындардың саяси мәдениетіне.

Шын өмірдегі бағыну өте күрделі мінезге ие. Ол мынадай негіздерге сүйенеді:

1) билік алдындағы қорқыныш;

2) ұзақ жылдар бойы қалыптасқан бағыныштылық әдеті;

3) шешімдерді іске асыруға деген жеке қызығушылық;

4) билік иелеріне деген сенім;

5) билік иелерінің беделі;

6) билік пен бағыныштылық сәйкестігі.

Қорқынышқа негізделген билік өмірі әдетте ұзақ емес. Сол сияқты әдетте негізделген билікте ұзақ өмір сүрмейді. Жеке мүддеге негізделген билік анағұрлым тұрақты болып табылады. Сенімге негізделген биліктің күші идеология не белгілі бір діни қағидаларға сүйенеді.

Көптеген зерттеушілер пікірінше тұрақты бағыныштылық билік иелерінің беделіне негізделеді. Өз кезегінде бедел мынадай түсініктерге сүйенеді: ғылыми; іскерлік (біліктілігі, тәжірибесі); моралдық (адамгершілік қасиеттері); діни (әулиелігі); мәртебелік (қызметіне құрмет). Бағыныштылар мен билік иелері сәйкестігінің екі себебі бар: а) азаматтар бір мезгілде билік субъектісі де (басшыларды сайлап, оларды бақылайды) әрі билік объектісі де (с. басшылық шешімдерін орындайды) болып табылады. Мұндай жағдай демократиялық саяси жүйелерде қалыптасқан; б) бағыныштылар мен билік иелері мүдделерінің бір жерден шығуы. Мыс., ұлттық мүддені қорғау идеясы.

Бір адамдардың екіншіге бағыныштылығының ең негізгі әлеуметтік себебі саяси билік қорларының әртүрлі бөлінісі. Саяси билік қоры дегеніміз жеке адамның немесе топтың басқаларға әсер ету үшін қолданатын барлық мүмкіндіктер жиынтығы. Саяси теорияда билік қорларын ең маңызды өмірлік салаларға сәйкестендіріп бөлу қолданылады: 1) экономикалық қорлар. Бұлар қоғамдық өнеркәсіп пен тұтыныс үшін қажетті материалдық құндылықтар, барлық материалдық құндылықтардың жалпы эквиваленті – ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, тағам өнімдері, және т.б.; 2) әлеуметтік қорлар – бұлар әлеуметтік артықшылықтар беру мүмкіндіктері, қызмет орны, бедел, білім, медициналық қызмет, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б.; 3) мәдени-ақпараттық қорлар – бұлар ақпарат, оны алу мен тарату құралдары (БАҚ); ғылыми-зерттеу институттары және т.б.; 4) күш қолдану қорлары – бұлар күш қолдану органдары мен құралдары. Мемлекетте бұған әскер, полиция, қауіпсіздік қызметтері, сот, прокуратура және олардың ғимараттары мен түрмелер сияқты заттық атрибуттары болып табылады. Әдетте бұл қор ең белсенді билік қоры болып саналады. Себебі оны қолдану адамды оның өмірі, бостандығы мен меншігі сияқты ең жоғарғы құндылықтарынан айырады.

3. Саяси биліктің атқаратын қызметері.

Қоғамда саяси билікті жүзеге асыру ерекше саяси тетіктер көмегімен жүргізіледі. Бұл тетіктер мыналар кіреді: үстемдік, жетекшілік, басқару, ұйымдастыру және бақылау.

1. Үстемдік қоғамның басқарушылар мен бағыныштылар болып екіге бөлінуіне негізделеді, бұлардың арасындағы белгілі бір алшақтықты және біреулерінің екіншілеріне бағыныштылығын көрсетеді. Үстемдікте бұйрық басым болады және ол орындалуға міндетті. Үстемдік мемлекеттің құқықтық актілерінде заңды тұрғыда бекітіледі.

2. Жетекшілік қоғам үшін маңызды, қоғамның мақсатын, міндетін, жоспарын, болашағын анықтайтын шешімдер қабылдау.

3. Басқару басшылықтың қабылдаған шешімдерін асыру, ол оның тікелей тәжірибелік қарекеті арқылы орындалады. Нақты басқару қарекетімен басқарушы топтың әкімшілік аппараты айналысады.

4. Ұйымдастыру - әр түрлі адамдар, әлеуметтік топтар әрекеттерінің өзара байланысын жүзеге асыру, келісу, тәртіпке келтіру, реттеуді көрсетеді.

5. Бақылау – қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, адамдар мен әлеуметтік топтардың қарекеті ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Сол сияқты, бақылау кері байланыс ролін де атқарады, яғни бақылаудың көмегімен билік өзінің басқару ықпалының салдары қандай екендігін қадағалайды.

Билік пен саясат әдіс-тәсілдері өмір сүріп тұрған әлеуметтік – саяси құрылысқа қатысты революциялық, реформистік және консерваторлық болып бөлінеді. Бірақ, бұл жағдайда көтерілетін мәселелер тереңдігі ескеріліп, қосымша тағы да радикалды және жәй революциялық радикалды және жәй реформистік жеткілікті және шектен шыққан консерваторлық болып бөлінеді.

Белгілі бір нақты саяси жағдайды шешу әр түрлі әдіс – тәсілдерді спецификалық үйлестіру жолымен іске асырылады. Сондықтан, нақты саяси іс-әрекет әдіс-тәсілдері тек өзіне арналған жеке сұрыптауды қажет етеді.

Билік пен саясат мақсаттары – саяси үрдістің бастауыш кезеңі. Ол орындалмай басқа ұмтылыстарға жету мүмкін болмайтын, бастапқы мақсаттар болады (мысалы, қоғам мақсаттарын сеніп тапсыратын орталық үкіметті құрылымдау).

Билік пен саясат мақсаттары былай бөлінеді:


  1. Арналуына орай: жекелеген мақсаттар (жекелеген билік түрлерінің, партиялардың, ұйымдардың), маңызды мақсаттар (қоғамның), жалпы мақсаттар (мемлекеттің), сыртқы мақсаттар (қоғамды жаңарту, тоқыраудан шығару), максималды мақсаттар (кең көлемдегі, мысалы, жалпыға бірдей теңдік, еркіндік, әділеттілік және т.б.).

  2. Мазмұнына орай: әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, саяси-құқықтық, экологиялық және т.б.

  3. Мезгіл кеңістігінде орналасуына орай: жақын мақсаттар, өтпелі мақсаттар, алшақтаған мақсаттар және соңғы мақсаттар (сол берілген үрдіс үшін, мысалы, социалистік революцияның ең соңғы мақсаты коммунизм орнату болды).

Билік пен саясат құралдары – билік пен саясатты іске асыру және оларды қоғам мүддесі үшін пайдалану мүмкіндіктерінің жиынтығы. Қолданылған құралдарға (қатал, жұмсақ, ізгілікті не репрессивті) байланысты билік құру мен саясатты іске асыру тәсілдерінің түрлері болады.

Билік пен саясат құралдары саяси – қолданбалы тәжірибені құрайды. Бұл тәжірибе ұйымдастыру, реттеу, бақылау, басқару түсініктерінде жинақталады. Құралдар туралы жалпы түсініктер екі топқа бөліну арқылы нақтыланады:



  1. Қоғамның өзі тудырған, бірақ билік пен саясат мүддесіне пайдаланылатындар: мәдени, этикалық, қоғамдық нормалар, дәстүрлер, идеологиялық ағымдар, сенім, наным, қоғамдық көңіл-күй және т.б.

  2. Саясаттың өз ішінде пайда болатын, биліктің өзі тудыратын және пайдаланатын құралдар: жағдайды білу, кәсіптік дәйектілік, адамдар таңдай білу, саяси сөз, әр түрлі саяси символика (ғимарат, шеру, ритуал және т.б.), бұқаралық ақпарат құралдары, өнер құралдары (театр, кинематограф, бейнелеу өнері және т.б.), үгіт-насихат, қоғамдық қозғалыстар, бұқаралық акциялар (жиындар, манифестациялар, шерулер), бұйрық, декрет, жарғы және т.б. әкімшілік – бұйыру құралдары, күш қолдану құралдары және т.б.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Билік дегеніміз не?

  2. Билік қорлары дегеніміз не?

  3. Биліктің атқаратын қызметтері қандай?

  4. Биліктің қандай түрлерін білесін?

  5. Саяси билік пен мемлекеттік биліктің басты айырмашылығы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Көшімов Д Оппазиция және сайлау //Ақиқат 2000,№2

  2. Сейдолла С. Баспасөзде билік бар ма? // Ақиқат 2000,№2

  3. Оразбаева А. И. Қазақ қоғамындағы билер институтының зерттеудің теориялық методологиялық мәселелері // Саясат 8,1998

  4. Алимжан К. Суд биев как институт обычного парва // Мысль 6, 1999


Апта - 4

Дәріс №4

Тақырып: Саяси басшы.

Дәріс мазмұны:

1. Саяси басшы түсінігі, анықтамалары.

2. Саяси басшы типологиясы

3. Саяси басшы қызметі

4. Саяси менеджмент пен маркетинг
Мақсаты: Саяси басшы анықтамасын, табиғатын анықтау, оның негізгі түрлерін, сипатын, белгілерін айқындау.
1. Саяси басшы түсінігі, анықтамалары.

Сократ. Антик саяси философиясына этика мен саясаттың тығыз өзара байланысы тән болды. Саясат әлі де мәдениет аймағынан толық бөлініп шықпағандықтан, ең үздік азамат болып жоғары моралдық сапаларға ие адам саналды. Сократ “ең бастысы – белсенді азаматтың жоғары моралдық мінез-құлқы” - деген сенімде болды. Әлемнің жаратылыстық моделіне бағытталған антик дәуіріне жан мен дене аналогиясы тән болды. Адам жаны да, тәні де ғарыштың өзі де, бөлшегі де болып саналды.

Платон бойынша философ-билеуші. Платон үшін саяси ғылым нақты мақсатқа ие болды, яқи үлгілі мемлекет құру. Платонның ойы бойынша осы негізгі міндетті шешудегі құрылымдық ролді көшбасшылар ойнауы тиіс еді. Ол “Мемлекет” атты еңбегінде, мемлекетті құтқару үшін философтар патша болу керек, ал патшалар философ болу керектігін дәлелдеді: “Әзірге мемлекетте философтар патшалық құрмаса немесе қазіргі патшалар мен әміршілер игі даналыққа үйренбесе мемлекеттер қасіреттен құтыла алмайды”.

Платонға сүйенсек, даналық билігі, саяси ақыл үстемдігі абсолютті басқару болып табылады. Ең үздік мемлекетте, кім бақытқа жетсе және кім қайырымды бай болса, солар басқарады. Осыған байланысты Платон еңбегінде көптеген орын даналық жанның нақты мазмұнын ашуға кеткен. Ол философ-билеушіге үлгілі мемлекет қайырымдылықтарының негізгі белгілері тән деген қортындыға келеді. Олардың ең бастылары даналыққа сүйіспеншілік пен ақиқатты тану, яғни даналық пен қайырымдылық өзара байланысты.



Аристотель ізгілікті қоғамдық тәрбиелеу маңызын баса көрсетті.” Мемлекеттік құрылыстың сақталуын қамтамасыз ететін біз көрсеткен құралдардың ішіндегі ең маңыздысы – бұл сәйкесті мемлекеттік құрылыс рухында тәрбиелеу”. Басқаруды ізгілікті адамдар іске асыруы тиіс. Қортындысында, антикалық саяси философия дәстүрін жалғастыра отырып, Аристотель баса көрсетті:

  • азамат пен көшбасшы бойында саяси ізгіліктілікті тәрбиелеу маңызы;

  • көшбасшының саясат әлеміндегі қызметтік үйлесімділіктегі орны (біреулердің әрқашанда билік құруы, ал екіншілердің мәңгілік бағыныштылықта болуы);

  • саяси көшбасшы сапасындағы ғұлама ролі, бірақ ол дана-философтың бір түрін ғана көрсетеді – заң шығарушы және мемлекеттің “құрушы-әкесі”.

жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау