Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Демократиялық саяси режим



жүктеу 0,88 Mb.
бет8/10
Дата21.11.2018
өлшемі0,88 Mb.
#23364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Демократиялық саяси режим.

Демократиялық саяси режим – басқару қызметтері халықты билік көзі деп есептеуге негізделген саяси – мемлекеттік құрылым. Мемлекеттік істерді шешуге қатысуға барлық азаматтардың құқығы бар. Саяси құқықтар мен бостандықтар шын мәнінде іске асырылады, бүкіл қоғамдық сайлау құқығы белгіленеді.

Демократиялық саяси режимге тән белгілер:


  • орталық үкіметке оппозициялық бағыттағы саяси партиялар толық заңды құқықтарға ие;

  • мемлекеттік жоғарғы билік органдары жүйесінде бүкілхалықтық өкілеттік орган Парламент күші басым болады;

  • орталық үкімет елдегі барлық саяси партиялардың ашық күресі нәтижесінде құрылады.

Демократиялық саяси режимдер көптеген түрлерге жіктеледі.

М. Дювержье партиялық жүйеге қарай отырып, демократиялық саяси режимдерді бипартиялық, псевдобипартиялық және мультипартиялық деп бөледі.

Леклерктің ойынша, саяси жүйеге барлық партиялардың немесе тек либералды идеяларды қолдаушы бірігуіне орай «ашық» және «жабық» демократиялық саяси режимдер деп бөлуге болады.

Сол сияқты, көптеген сайлаушылардың саяси партияларға деген көзқарастары бойынша, оларды биполярланған парламенттік режим және орталықтандырылған парламенттік режим деп бөлуге болады.

Демократияны зерттеуші көптеген саясаттанушылар, оның өмір сүруінің басты экономикалық жағдайы нарықтық қатынастар деп көрсетеді. Жалпы демократияның өзі бәсекелестігімен, жарысымен, идеяларды, көзқарастарды, саяси бағдарламалар мен түрлі саяси позицияларды «пайдамен» сатуға деген ұмтылысымен саяси нарыққа ұқсайды.

Мұндай саяси нарықтың өмір сүруі үшін саяси мүдделердің бәсекелестігі қажет. Бұл бәсекелестік жеке меншік плюрализмінен, тауар өндірушілер бәсекелестігінен, яғни нарыққа байланысты мүдделер әртүрлілігінен туындайды. Бұл жерде демократияның таңдау еріктілігіне негізделетінін ұмытпау қажет. Себебі, ерікті таңдауды тек қана саяси еркін, экономикалық тәуелсіз азамат жүзеге асыра алады.

Демократияның әлеуметтік жағдайларының ішінде негізгі екі мәселе ерекше орын алады, бұлар, азаматтық қоғам мен әлеуметтік плюрализмнің болуы. Азаматтық қоғам дегеніміз – мемлекеттік биліктің тікелей араласуы мен шектеулерінен заңмен қорғалушы қоғамдық өмір саласы. Бұл даралықтың еркін әрекеті саласы, саяси емес, яғни экономикалық, рухани – адамгершілік, діни және т.б. қатынастар саласы. Азаматтық қоғамда адамдар өз мүдделерін еркін білдіреді. Осы мүдделерге байланысты бірлестіктер мен топтар құрады, сайлау және бақылау арқылы билікке қатынасын білдіреді.

Азаматтық қоғам әлеуметтік плюрализмнің өмір сүруіне жағдай жасайды. Дамыған әлеуметтік құрылымы (сонымен қатар этникалық, діни және т.б.) бар қоғамда әртүрлі мүдделер қатар өмір сүреді. Бұлар бір – бірімен қақтығыста демократиялық жүйеге қажетті бәсеке туғызады. Әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстың өзі, егер заңмен реттелінетін болса, саяси прогреске жетелейді. Себебі, көптеген мәселелердің бетін ашып, билікті осы мәселелерді шешуге реттейді.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Саяси жүйе дегеніміз не?

  2. Саяси жүйенің қандай түрлері бар?

  3. Саяси жүйені алғаш саяси ғылымға енгізген кімдер?

  4. Саяси жүйенің басты қызметтері қандай?

  5. Авторитарлық саяси жүйенің басты белгілері қандай?

  6. Тоталитарлық саяси жүйенің басты белгілері қандай?

Әдебиет:

1. Давлетьяров Б. Демократизация казахстанского общества // Мысль 1, 2000

2. Бәйішев Ж. Парламент және конституциялық сот // Ақиқат 11,1993

3. Ержанов А, Кішібеков Д. Өтпелі кезең: Түйіндер мен түйіткілер. // Ақиқат 4,1995

4. Қалиев Н. Тәуелсіз Қазақстанның саси жүйесі.// Ақиқат 12,2003

Дәріс №7

Тақырып: Мемлекет саяси жүйенің негізгі институты.

Дәріс мазмұны:

1.Мемлекеттің шығу теориялары; теократтық, келісім-шарт, жауап алу, әлеуметтік-экономикалық, саяси-антропологиялық..

2. Мемлекеттің басты белгілері, құрылымдық элементтері атқаратын қызметтері.

3.Мемлекет түрлері



Мақсаты: Мемлекет туралы түсінік қалыптастыру. Оның түрлерін, белгілерін айқындау.
1.Мемлекеттің шығу теориялары; теократтық, келісім-шарт, жауап алу, әлеуметтік-экономикалық, саяси-антропологиялық..

Мемлекет – саяси жүйенің ең орталық институты. Қоғамдағы адамдар қарым – қатынастары мен іс-әрекеттерін ұйымдастыру, бағыттау және бақылау қызметтерімен айналысады.

Мемлекеттің пайда болуының астарында әр түрлі факторлар жатыр:


  1. Еңбектің қоғамдық бөлінісінің дамуы нәтижесінде басқарушылық еңбектің бөлініп шығуы.

  2. Қоғамдық өнеркәсіптің дамуы барысында жеке меншіктің, таптардың және қанаудың шығуы. Бұл көзқарас Ф. Энгельстің атақты «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» еңбегінде жан-жақты қарастырылған.

  3. Бір халықтың басқаларды жаулап алуы. Ф. Оппенгеймер, Л. Гумплович және т.б. зерттеушілер пікірінше, мемлекет – бұл бір топтың, яғни жаулап алушылардың, жаулап алынған топқа оларды қанау мақсатында күшпен таққан құқықтық институты.

  4. Демографиялық факторлар: халықтар санының өсуі, олардың көпшілігінің отырықшылық өмірге көшуі, некелік қатынастардың тәртіптелінуі және т.б.

  5. Психологиялық факторлар, яғни мемлекет адамның сана-сезімінің өсуінің, жетілуінің нәтижесі деп түсіндіру.

  6. Антропологиялық факторлар, яғни қоғамның мемлекеттік – ұйымдастырушылық қасиеті адамның өз бойына салынған деп түсіндіру.


2. Мемлекеттің басты белгілері, құрылымдық элементтері атқаратын қызметтері.

Мемлекеттің негізгі белгілері:



  1. Биліктің қоғамнан бөлінуі, кәсіпқой басқарушылардың болуы.

  2. Егемендігі, яғни белгілі бір аумақ көлемінде, бір ғана жоғарғы билік болуы. Әрбір қоғамда көптеген билік түрлері бар, мысалы, партиялық, өнеркәсіптік және т.б. Бірақ ең жоғарғы биліктің, яғни осы аумақ көлеміндегі барлық азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті болып саналатын билік иесі – мемлекет.

  3. Мемлекет көлемін бейнелейтін аумақтың болуы. Мемлекет заңдары осы аумақта таралады.

  4. Күш қолдануға заңды түрде иелігі. Бұл күшті мемлекет адамның еркі мен бостандығын шектеу мен оны жоюға дейін қолдана алады.

  5. Барлық тұрғындарға міндетті заңдар мен нормалық актілер шығаруға құқықтылығы.

  6. Салық салуға және алым алуға құқықтылығы. Бұлар оған мемлекеттік мекемелер мен қызметкерлерді қамтамасыз етуге және жалпы қоғам мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруға қажет.

3.Мемлекет түрлері

Мемлекеттік басқару нысандары билікті ұйымдастыру әдісіне қарай монархиялық басқару және республикалық басқару болып бөлінеді.

Монархиялық басқаруда формалды түрде билік көзі бір адам. Мемлекет басшысы биліктің халық өкілеттігі органдары мен сайлаушыларға тәуелсіз, өз билігін ата-бабасынан мұраға алып қалады. Басқарудың монархиялық түрінің өзі әр түрлі.


  1. Абсолюттік монархия – мемлекет басшысының қолына шексіз билік беріледі. Қазіргі таңда Сауд Аравиясы, Катар, Оман мемлекеттері абсолюттік монархиялық басқару нысанындағы елдер болып табылады.

  2. Конституциялық монархия – мемлекет басшысының билігі конституциямен, заңдармен шектелетін монархиялық басқару нысаны. Қазіргі таңда конституциялық монархияның екі түрі бар.

* Дуалистік конституциялық монархия – мемлекет басшысының қолына негізінен атқарушы билік беріледі және шектелген заң шығару билігін де иеленеді. Заң шығару билігі монархтан тәуелсіз. Қазіргі таңда Иордания, Кувейт, Марокко мемлекеттері дуалистік-конституциялық монархиялық басқару нысанындағы елдер болып табылады.

* Парламенттік конституциялық монархия – монарх формалды түрде мемлекет басшысы болып есептелгенімен, шын мәнінде тек өкілеттік рол иеленеді, шектелген атқарушы биліктік құзіретке ие, арасында парламент шешіміне вето қоя алады, бірақ бұл құқығын өте сирек пайдаланады.

Қазіргі конституциялық монархиялардың көпшілігі, парламенттік-конституциялық монархиялар. Бұларда үкіметті парламент құрамдайды және үкімет парламент алдында есеп береді. Монархияның парламенттік-конституциялық түрі қазір Батыс Еуропаның 8 елінде (Ұлыбритания, Дания, Швеция, Испания және т.б.) сақталған.

Республикалық басқару нысанында билік көзі халық болып табылады. Мемлекеттің жоғарғы билік органдарын халық сайлайды және бақылап отырады. Республикалық басқару нысанының үш түрі бар.

1. Парламенттік республика – басты ерекшелігі, үкімет парламенттік негізде құрылады. Парламент үкіметке қатысты келесі құзіреттіліктерге ие: үкіметті құрамдайды және қолдап отырады, үкімет орындауға міндетті заңдар қабылдайды, мемлекеттік бюджетті бекітеді, үкіметтің қызметінің қарсылық шеңберін белгілейді, үкімет қызметін бақылайды, қажет болған кезде үкіметке сенімсіздік танытады (вотум) және бұл жағдайда үкімет қызметінен кетеді, үкімет шешіміне және саяси бағытқа балама нұсқа ұсынады және т.б.

Үкімет атқарушы биліктің иесі, заң ұсыну бастамасын пайдаланады, сол сияқты үкіметтің парламентті тарату жөнінде президентке ұсыныс жасау құқығы да бар.

Көптеген елдерде үкіметке мүшелік депутаттық мандаттың сақталуымен ұштастырылады. Мұның өзі үкімет құрамына басқарушы партия көшбасшыларын ғана емес, парламенттің көпшіліктің неғұрлым ықпалды депутаттарын да тартуға мүмкіндік береді және осы арқылы парламентті бақылап, бір мезгілде бұқаралық-партиялық басшылыққа ие болады.

Үкімет басшысы (премьер-министр, канцлер және т.б.) ресми түрде мемлекет басшысы болып танылмағанымен, саяси-биліктік иерархиядағы бірінші тұлға. Президент тек саяси-өкілеттік рол атқарады.Президентті көбіне парламент сайлайды.

2. Президенттік республика – республикалық басқарудың ең көп таралған түрі. Президенттік республикада Президент бір мезгілде мемлекет басшысы да, үкімет басшысы да болып саналады. Президент сыртқы және ішкі саясатты айқындап, іске асырады. Үкіметті Президент өз жақтастары, серіктері есебінен құрады, яғни үкімет президент командасы болып саналады. Президент қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады.

Президенттік республикада үкімет тұрақты болып келеді және көбіне отставкаға президент биліктен кеткен жағдайда ғана кетеді. Президенттік республикада биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтары қатаң бөлінеді және әрқайсысы бір-бірінен тәуелсіз болады. Президент тарапынан өте ауыр антиконституциялық әрекеттер немесе қылмыс жасалынған болса, оған импичмент жарияланады, яғни мерзімінен бұрын қызметінен босатылады.

Парламент пен президент арасындағы қатынас ұстамдылық, өзара теңдік, өзара тәуелділік жүйесінде құрылады.

3. Жартылай президенттік республика. Республикалық басқару нысанының үшінші негізгі түрі – жартылай президенттік не аралас деп аталады. Республикалық басқарудың бұл түрі Австрия, Португалия, Польша, Финляндия, Франция, Болгария және т.б. елдерде қалыптасқан.

Республикалық басқарудың бұл түрі мықты президенттік билікті, үкіметтің қызметін парламенттің тиімді бақылауымен ұштастыруды көздейді. Жартылай президенттік республикалық басқарудың ең басты сипатты белгісі – үкіметтің әрі президент, әрі парламент алдындағы екі жақты жауаптылығы.

Жартылай президенттік республиканың классикалық түрі – Франция. Мұнда парламент президентті босата алады, президент парламентті тарата алады.

Президент парламентпен келіспей, бірақ, ондағы саяси күштердің ара салмағын ескере отырып, үкімет басшысын тағайындайды және онымен біріге отырып министрлер кабинетін құрады. Мемлекет басшысы үкімет жиналысына басшылық жасайды, оның шешімдерін бекітеді және оның қызметін бақылайды.

Парламент жыл сайынғы бюджетті бекіту арқылы үкіметтің қызметін бақылайды және қажет болса, үкіметке сенімсіздік білдіріп, отставкаға жібереді.


Унитарлық мемлекеттің саяси құрылымы, Конституциясы мен азаматтығы біреу-ақ болады. Олардың ішіндегі әкімшілік-территориялық бөліктер өз беттерінше заң шығарып, өздерінің саясатын жүргізе алмайды. Барлық мемлекеттік органдар бір жүйеге бағынып, бір ғана құқықтық негізде жұмыс істейді.

Унитарлық мемлекетте әкімшілік-территориялық бөліктер биліктік мүмкіндіктері мен шекаралары Орталық үкіметтің шешімімен айқындалады. Бұған мысал ретінде Қазақстандағы облыстарды қосу немесе аудандарды ірілетуді, ал бұрынғы кезеңдерде облыстарды бөлшектеп, жаңа бөліктер, жаңа әкімшілік-территориялық құрылымдар шығаруды айтсақ та болады.

2. Федеративті құрылым.

Федерация бірнеше жеке құрылымдардың бір мемлекетке топтасуы, одақтасуы. Олар орталықпен тең дәрежеде қарым-қатынас орнатады да, жалпы мемлекеттік мақсаттың қажеттілігіне сай кейбір құқықтарды мойындайды. Федерацияның құрамындағы субъектілердің өздерінің заң шығаратын органы, сот органы, көп жағдайда жеке Конституциясы, ал кейбір елдерде екі азаматтығы да болады.

Федерация субъектілер мен орталықтың қызметтерін бөлуге негізделеді. Бұл Конституцияда көрсетіледі және федерация субъектілерінің келісімімен ғана өзгертіледі. Бұл жерде биліктің бір бөлігі Орталық органға, тағы бір бөлігі федерация субъектілеріне, ал кейбіреулері Одақ пен субъектілердің екеуіне де беріледі. Федерация субъектілері мен Одақтың басшыларының ара қатынасын, өкілдіктерін тәуелсіз сот бақылап отырады.

Кейбір федерацияларда субъектілердің Одақ құрамынан шығып кету құқығы болса, көпшілігінде ондай құқық берілмеген. Конституция бойынша кейбір федералды органдар субъектілердің ішкі ісіне де араласа алады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Мемлекет дегеніміз не?

  2. Мемлекеттің түрлері қандай?

  3. Мемлекет басқару нысаны бойынша қандай түрге бөлінеді?

  4. Мемлекеттің басты белгілері қандай?

  5. Мемлекеттің қызметтері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Нысанбаев А. О Формах взаймодействие институтов гражданского общества с государственными органами. // Саясат 2002,№7

  2. Бельгибаев С. Развитие гражданского общества в Казахстане // Саясат 2002, №1

  3. Аюпова З. Особенности построения демократического праваго государства // Мысль №4, 1999


Дәріс №8

Тақырып: Саяси партиялар және мүдделес топтар.

Дәріс мазмұны:

1. Партия түсінігі. Саяси партиялардың пайда болуы туралы тұжырымдамалар

2. Партиялар типологиясы, саяси партиялардың қазіргі заманғы анықтамалары.

3. Партияның атқаратын қызметтері

4. Партиялық жүйе.
1. Саяси партия түсінігі.

Саяси партия –демократия жағдайындағы билікке ең негізгі саяси әсер ету тетігі. Партия азаматтар мен саяси билік арасын байланыстыратын бірден-бір ұйым. Партия Билік пен Үкімет саясаты туралы ақпараттар жинақтайды, бұл мәліметтерді қарапайым тілмен сайлаушыларға түсіндіріп отырады. Саяси билікке үміткерлер ұсынады және олардың сайлау науқанының сәтті өтуін қамтамасыз етеді. Батыс демократиясындағы саяси партиялар құрылымы үш құрамдас бөлікті қосады.

1. Партия ұйымының өзі.

2. Үкімет құрамына кіретін партия мүшелері тобы.

3. Осы партияны қолдайтын сайлаушылар.

Партия ұйымына партияның ресми басшылығы, партия мүшелігіндегі беделді жеке тұлғалар, жергілікті деңгейдегі партия басшылары, партиялық бюрократия, партияның қарапайым мүшелері кіреді. Бұлар өз уақыттары мен білік-білімдерін партия өркендеуі үшін жұмсайды.

Партия күшімен және ықпалымен саяси билік иеленген партия мүшелері Орталық Үкімет құрамына енеді. Бұлар мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдаушы тұлғалар болғандықтан партия басшылығына бағынышты болмайды. Қызмет істеп тұрған кездерінде партия алдында ешқандай есеп бермейді. Өз қызметтерінде өз партияларының халық мүддесіне қызмет атқарып отырғанын дәлелдеулері тиіс. Саяси партия өз іс-әрекеттерімен көптеген азаматтарға жағымды болуы мүмкін. Өз жеке мүддесін бәрінен жоғары қоятын көптеген азаматтар партия мүшелігіне өтпейді, бірақ олар сайлау немесе белгілі бір партиялық акция кезінде өздеріне ұнайтын партияға қолдау көрсетеді.

2. Партиялар типологиясы

Қазір Қазақстанда саяси партияларға қатысты аз зерттеліп отырған мәселелердің бірі партия имиджін қалыптастыру технологиясы. Партия имиджі дәл сол кездегі саяси шындыққа және партияның электоралды тобының мүддесіне дәл сәйкес болуы тиіс. Бұлардан ауытқушылық болса партия сайлаушылар даусын жоғалтады.



Саяси партия имиджі төрт құрамдас бөліктен қалыптасады:

  1. Идеологиялық-бағдарламалық. Бұл бөлікте партия құрылуының мақсаты мен оның іс-әрекетінің негізгі бағыттары сайлаушыларға қарапайым тілмен түсіндіріледі. Осы арқылы партия өз электоралды тобын табады. Партияның идеологиялық-бағдарламалық жұмысы бірнеше шараларды қамтиды. Біріншіден, жеке электоралды топтар мен аймақтарға бөлек түрде арнайы саяси, экономикалық, әлеуметтік ұсыныстар даярлау. Екіншіден, партия мақсаттары мен ұстанымдары көрініс тапқан декларациялар, ашық хаттар, бағдарламалар, плакаттар және т.б. жазба басылымдар даярлап, тарату. Үшіншіден, партия бағдарламасын насихаттау шараларын даярлап, іске асыру. Төртіншіден, партияның бағдарламалық мақсаттарына сәйкес келетін қысқа, уытты сөздер (слоган) мен ұрандар даярлап, сайлаушыларға жеткізу. Бесіншіден, орталық және жергілікті баспасөз беттерінде партия жетекшілері мен халық арасында беделді мүшелерінің сұхбаттары мен бағдарламалық ұсыныстарын жариялау.

  2. Нақты іс-шаралар. Бұл компонент партия имиджін қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Партия имиджін қалыптастыратын нақты іс-шаралар оқиғалар тізбегінен тұрады. Ең бастысы оқиғаның басы мен аяғы (старт, финиш) елең еткізерлік болуы тиіс. Партия өткізетін нақты іс-шаралар қатары, біріншіден, партияның құрылтай, кезекті, кезектен тыс съездері мен конференциялары.




  1. Партияның атқаратын қызметтері

Қоғамның саяси жүйесінде партиялар бірқатар қызметтер атқарады: 1. Ең алдымен кез-келген саяси партия саяси билік иелену мен пайдалану үшін күреседі. 2. Азаматтардың саяси үрдістерге қатысу белсенділіктерін арттырады. 3. Саяси лидерлер мен қайраткерлер тәрбиелеп шығарады. 4. Үкімет, азаматтар және қоғамдық ұйымдар арасында байланыс орнатады. 5. Азаматтарды саяси ақпараттарды талдап, өз көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді. 6. Сайлау науқандарын даярлап, өткізеді. 7. Сайлауда жеңіске жетсе Үкімет құрып, мемлекетті басқарады
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Партия латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

  2. Саяси партия дегеніміз не?

  3. Саяси партияның атқаратын қызметтері?

  4. Саяси партияның қандай түрлерін білесін?

  5. Саяси партиялар қай ғасырда пайда болды?

  6. Алғаш саяси партиялар қай елде пайда болды?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Молдабаев Т. К. Политические партии и избирательный процесс // Саясат 5, 2001

  2. Чебаторев А. Особенности партийного стройтельства в РК // Саясат №5,7,8 2003

  3. Дьяченко С., Кармозина Л. Многопартийность проблемы и перспективы // Мысль №2 1998

  4. Мейіржан М. Қазақстандағы көппартиялық, оның қалыптасуының құқықтық алғышарттары.// Ақиқат №6, 1998


Дәріс №9

Тақырып: Қазақстанның саяси жүйесінің даму эволюциясы

Дәріс мазмұны:

1. ҚР Конституциясы

2. ҚР саяси жүйесі.

3. Президент және Парламент

4. ҚР саяси партиялары

Мақсаты: Қазақстанның саяси жүйесіне анықтама беру, оның Конституциясын, негізгі тармақтарын, даму жолдарын, Президент пен Парламенттің атқаратын қызметтерін айқындау. Және ҚР саси партиялардың түрлерін, олардың қалыптасу жолдарын, сайлау алды бағдарламаларына талдау жасау.
3. Қазақстандағы саяси партиялар дамуындағы тенденциялар.

Қазіргі таңда Қазақстанда қалыптасып келе жатқан партиялық жүйенің дамуына қатысты бірнеше тарапта болжамдар жасалуда. Болжамдардың көпшілігі, Республика саяси жүйесіндегі ең күшті партия ретінде “Отан” партиясымен байланыстырылуда.



  1. “НұрОтан” партиясы бастаған доминанттық партиялық жүйенің пайда болуы. Мұндай жағдайда “НұрОтан” басқарушы саяси элита мүддесін қозғаушы күшке айналады.

  2. Көппартиялық келісім жүйесі. Мұндай жүйе “НұрОтан” өзінің жетекшілік ролін толық атқара алмай, өзге екі-үш саяси партиямен блок құруға мәжбүр болған жағдайда пайда болады.

  3. Қос партиялық жүйе. Мұндай жағдай елде “НұрОтанмен” тең бақталас бола алатын тағы бір өте күшті саяси партия құрылса орын алады. Әзірге Қазақстанда ондай саяси күш жоқ. Сараптамашылар пікірінше, олигархтар билігі Қазақстанда одан әрі күшейе беретін болса “Атамекен” немесе «Нағыз Ақ жол» партиялары “НұрОтанмен” бақталас бола алатын елеулі саяси күшке айналуы мүмкін.

  4. Қос саяси блок жүйесі. Мұндай жүйе, қазіргі партиялар блоктарға біріккен жағдайда пайда болады. “НұрОтан” партиясы өз туының астына қазіргі билік жағындағы барлық саяси партияларды біріктірсе, оппозициялық бағыттағы партиялар басқа ту астына жиналуы мүмкін. Сараптамашылар, қазіргі таңда “Ақ жол” екіге жарылған соң, Қазақстанда оппозициялық күштерді біріктіре алатындай күшті саяси партия қалмағанын мойындап отыр. Бірақ ұлттық буржуазияның шапшаң баю қарқыны ондай күштің тез пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қазіргі таңдағы Қазақстандағы партия құрылысы мен партиялық даму кездесіп отырған өзекті мәселелер аз емес. Сараптамашылар пікірлері мен баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды талдай келе қазақстандық партиялардың барлығы дерлік кездесіп отырған бірқатар өзекті мәселелерді алға тартуға болады.

  1. Саяси партияға мүшелік мәселесі. Қазіргі таңда саяси партиялар өздеріне мүшелік тартуда сапаның емес санның соңынан қууда. Мүмкін қазіргі заңның өзі соған мәжбүр етіп отырған шығар. Бірақ заң солай екен деп сапаны құрбан етуге болмайды. Тарихшыларға белгілі, кезінде “Алаш” партиясына мүшелікке партия программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі кіре алатындығы айтылған. (Қазақстан мемлекеттілік кезеңдері. Құраст. Ж. Бәйішев. Алматы, 1997ж. 7-10 бет.) Қазіргі кезеңде партия Жарғысында бұндай талаптар қою, жеке адамға күмән келтіріліп, оның азаматтық намысына тию болып бағалануы мүмкін, сондықтан еш партия олай жаза алмайды. Бірақ қазір, әсіресе Үкімет қолдауындағы саяси партияларға “діні үшін емес, күні үшін” кіргендер мөлшерінің көптігі ешкімге де құпия емес. Өз болашағын бүгінмен емес, ертеңмен өлшейтін кез-келген саяси партия өз мүшелерінің сенімінің беріктігіне, партия мақсаттарын дәл түсініп, оны нық сеніммен қолдайтындықтарына басты назар аударулары тиіс.

  2. Партиялардың барлығының дерлік әлеуметтік-электоралдық негіздері нақты емес. Қазақстандағы партиялар бәрі де түгел, тұтас халық мүддесін, барлық қазақстандықтар мүддесін қорғайтындықтарын алға тартады. Саяси теорияда бұл мүмкін емес. Әрбір саяси партияның өзі нақты сүйенетін, өзі соның мүддесін жүйелі түрде қорғайтын әлеуметтік тобы болуы тиіс. Қазір нақты электоральды топ тек “Отан” партиясында ғана бар, яғни мемлекеттік шенеуіктер мен қызметкерлер.

  3. Қазақстандағы саяси партиялар ішінде қазақ халқының ұлттық мүддесін табанды түрде қорғап, қазақтың күйзеліске ұшыраған топтарымен тұрақты қарым-қатынастағы бірде-біреуі жоқ. Қазақстандағы партиялардың бірде-біреуінің бағдарламасында ұлттық ұстаным жоқ. Бағдарламаларының әлеуметтік-экономикалық бекітілімдерден ауысқан жері жалпыадамзаттық құндылықтармен толтырылған.

  4. Қазақстандағы саяси партиялардың саяси билік алдындағы беделдері төмен. Әрқайсысында жүз мыңнан аса мүшесі бар 10 партияны Парламентте 10-ақ орынға таластырып қою, осының дәлелі. Бұл дәрменсіздік саяси партиялардың өз мүдделерін табанды қорғауға қабілетсіздіктерінен шығып отыр. Тіпті осы 10 орын мәселесін Парламенттегі партиялық фракциялардың бірде-біреуі үлкен маңызды мәселе ретінде көтерген жоқ.

  5. Қазақстандағы саяси партиялар өз қызметтерін сайлау қарсаңында қатты жандандырып, сайлау біткен соң өте бәсеңсітіп жібереді. Бұның өзі халық санасында “партиялар тек сайлау кезінде халықты алдарқату үшін құрылған” – деген жаңсақ пікір қалыптастырып жүр. Сондықтан партиялар жиі пайда болатын қоғамдық мәселелерді шешуге белсенді қатысып отырулары тиіс.

  6. Қазақстандағы саяси партиялар қоғамдық пікір туғызуда дәрменсіз. Еуропа елдерінде Үкімет қандай да болмасын саяси партия сынынан қатты сескенеді. Себебі ол сын қоғамдық пікір тудырады, ал ол өз кезегінде Үкіметтің отставкаға кетуіне әкеледі. Қазақстан тарихында бірде-бір саяси партия, қандай үлкен мәселе талқыланып жатпасын Үкіметтің отставкаға кетуіне себепші болып көрген жоқ.

  7. Қазақстанда партиялар арасында саяси бақталастық жоқ. Батыстық либералдық демократияның ең басты құндылықтарының бірі, саяси бақталастық арқылы партиялар сапасын көтеру. Қазақстандық партиялардың бағдарламалары бір-бірінен көшіріп алғандай ұқсас. Саяси партиялар бір-бірін сынамайды. Сондықтан сайлаушыға қай партияға дауыс берсе де бәрібір. Мұның өзі саяси партиялардың әрқайсысының да электоралды позицияларының әлсіреуіне әкеледі, яғни бірте-бірте өз сайлаушыларын жоғалта береді.

  8. Қазақстандық саяси партиялардың тұрғындар арасындағы беделдері де төмен. Оның басты себебі, қазақстандық партиялардың атқару билігі құрылымынан шеттетілуінде болып отыр. Батыс демократиясы елдерінде Президент, Үкімет, Мэр саяси партиялардың тікелей ұсынысымен және нақты қатысуымен сайланады. Қазақстанда бұлардың Президенттен басқа бірде-біреуін лауазымына саяси партиялар ұсынбайды және олардың өту-өтпеуі партия позициясына байланысты емес. Президент сайлануының өзі АҚШ-тағыдай оны ұсынған партия жағдайына емес, тікелей халық еркіне байланысты.

  9. Қазақстандық саяси партиялар саяси жеңілтектіктен арыла алмай отыр. Кедей елде өз қаржыларын тұрғындардың нақты әлеуметтік жағдайларын шешуге салудың орнына, Батыстың бай елдеріне еліктеп өте қымбат шоу бағдарламалар ұйымдастыруға салуда. Мұның өзі тұрғындардың төмен топтары арасында түсінбеушілік пен жек көру сезімдерін тудырып отыр.

Қорыта келгенде айтарымыз Қазақстанда партия құрылысы қызу даму үстінде. Аз ғана уақыт ішінде әрқайсысының 100000 мыңнан 200000 дейін мүшесі бар көппартиялылық жүйе қалыптастыру АҚШ-тың да, Еуропа елдерінің де, Ресейдің де қолынан келмеген жағдай. Орта есеппен Қазақстанның 2 миллионға жуық азаматы партия мүшесі болып табылады. Бұл дегеніміз Республиканың барлық азаматтарының 15% партия мүшелері деген сөз. Бұл халықтың жалпы санының пайызы, осының ішінде сайлау жасына, партияға мүше болу жасына жетпеген балалар да бар. Оларды алып тастар болсақ , азаматтар арасындағы жаңағы пайыз мөлшері әлі кем дегенде 5-6%-ға көтеріледі деген сөз. Бұл Қазақстан азаматтарының саяси белсенділіктерінің өте жоғары екендігін көрсетеді партиялар дамуының кепілі болып табылады.
жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау