Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің


Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар



жүктеу 3,37 Mb.
бет9/10
Дата20.05.2018
өлшемі3,37 Mb.
#14621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар:


  • су басу болжамына тұрақты назар аудару, шаруашылықтың мүдделі салаларын гидрологиялық құрылыстардың қауіпі дамуы туралы жедел ескерту.

  • Тоғанның, бөгеттің, су қоймасы мен басқа объектілерінің жағдайына тұрақты бақылау жасау.

  • Су қоймасындағы судың жинақталуын ретте

  • Ірі өзендерде судың транзиттік жіберілун жүргзу /гидротораптардың жағасын нығайту немесе осы тоғандардың аса қауіпсіз бағыттағы бұзылуын ауыздықтау.

  • Жүзу және құтқару құралдарын даярлау

  • Халық пен малды дер кезінде көшруге әзірлік және жүрізу, ықтимал су тасқыны ауандарынан материалдық құндылықтарды әкету.

  • Су тасқыны аймағындағы тұрған үйлерді судың басуын болдырмау үшін белгілі бір уақытта топырақ салынғанқаптармен бекіту, үйлердің бірінші қабаттарындағы есік пен терезе тақтармен немесе үйеңкімен шегеленеді.

Тасқын кезіндегі өндірістік қызметкерлер мен халықтың өзін-өзі ұстау тәртібі және іс-әрекеті. Халыққа көшудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радиохабар торабы мен теледидар бойынша , ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын нүктелерінің орны, осы нүктеге келу мерзімі, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай- ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жергілікті жағдайда, оны ауыздықтау уақытына қатысты басқа да мәліметтер хабарланады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние- мүлікпен бірге көшіріледі. Көшіру су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді мекендерге бойынша жүргізіледі. Халық қоғамдық ғимараттарға және жергілікті тұрғындардың тұрғын алаңдарына қоныстандыру жолмен орналастырылады.

Кәсіпорындар мен мекемелерде су қаупі төнге жағдайда жұмыс режимі өзгереді, ал кей жағдайда жұмыс тоқтайды. Су басу ықпалы аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттардаға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығуға тиіс. әкімшілік нұсқаумен жұмыста болған кезде белгіленген тәртіпті сақтап, биік жердегі орындарға бару керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әр түрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.

Үйден /пәтерден/ шыққан кезде өзіңізбен құжаттарыңызды, ұндылықтарды, аса қажетті заттармен, 2-3 тәуліктік азық- түлік қорын алу ұсынылады.

Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа , шатырға шығару керек. Үйден /пәтерден/ шығадың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікі, терезені, ғимараттағы желдету және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.

Су басқан аумақтағы адамдар іздеу шұғыл ұйымдастырылып, сол үшін АҚ және ТЖ құрамаларының, әскери бөлімдерінің жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күшпен құралдар таратылады. Құтқару жұмыстары кезінде, ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Құтқару құралдарын /катер, қайық,желкен және т.б./ шектен тыс толтыруға болмайды, өйткені бұл адамардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаға жөн.

Суда қалған кезде ауыр киім мен аяқ киімді шешіп, жақында жүзіп жүрген затты пайдалану, көмек күту керек. Жақын маңдағы су баспаған жерге, ағысқ қырындай жүзе тұрып бару керек.

Батқан адамға шалқалай жүзіп барған жақсы. Жақындаған оны басынан, иығынан, қолынан, жағасынан ұстап, оны шалқалай жатқызып, бос қолмен аяқты семей отырып жағаға қарай жылжу керек.

Қайықта батқан адамдар ағысқа қарсы, жел соққан кезде жел мен толқынға қарсы жақындау керек.

Су басқан кезде жоғарыда келтірілген шаралардан басқаөтпел жолдармен көпірлерді жедел қалпына келтіру, зардап шегуілерге киім мен тамақ жеткізу, қосымша бөгетті, су жіберетін каналдар мен тоғандарды тұрғызу, бұыннан бар бөгеттердің саңылауы мен шайылған жерін бітеу, өндірістік қондырғыны құтқару, комуналдық энергетика желісінің зақымдалуын жою. Ғимараттар мен тұрақтарды қысқа уақытта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар орындалады.

Су кеткеннен кейін үзілген және ілулі тұрған электр өткізгіштерінен, зақымдалған газ желісінен сақтану қажет. Үйге кірерде оның бөлшектерінің су толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу қажет. Судан табылған азық – түлікті тасқынннан кейінгі іркілен суды пайдаоануға болмайды. Әкелінетін су болмаған жағайда жақын маңдағы құдықты түбіне дейін сарқып, ол топырақ суымен қайта толғанша күту керек.


№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Қауіпті гидрологиялық құбылыстар

  2. Қазақстанда су басуды тудыру себептері

  3. Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар

  4. Aлдын алу және құтқару жұмыстарының түрлері.


Практикалық сабақ №7 Метеороглогиялық табиғи құбылыстар.

Сабақтың мақсаты: Халықтың іс әрекеті, алдын алу шаралары, құтқару жұмыстарының түрлері
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7

Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.

Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді.



Шаңдақ дауыл — бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.
Қазақтсан аумағында шаңдақ дауыл — сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.

Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы, ол – таянған дауыл қауіпін тұрғындарға дер кезінде хабарлау және дауыл болып тұратын аудандарындағы осыны ескере отырып орналастыру. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салғызбай, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормаларын енгізіп, бақылауға алып көмектесу керек.



Дауылдың жақындағаны туралы хабар алған соң, мына іс-әрекетті жүзеге асыру қажет:

Панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту; төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару; даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр жүйесін ажырату, суды жабу; пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасу керек.

Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек. Ғимарат ішінде болған әйнек, шыны сынықтарынан және жарықшақтардан сақтанған жөн. Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр беру желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шаңдақ дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қорға немесе ғимарат ішіне қамау керек.
Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз, малды тасаға жасыру қажет. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел тәрізді бұталы жерде малды ұстай тұрған жақсы.
Егер дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз, көру қашықтығы азайып, адасып кету қауіпі туса, онда қозғалысты тоқтату қажет. Егер адассаңыз, жарақат алсаңыз, онда өз орныңызды білдіру мақсатында түтіні қатты шығатын матаны, бұтаны, көк шөпті жағып, дыбыс беріп, алыстан көрінетін ашық затты жерге іліп, қам жасағаныңыз жөн.
Егер шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, қоқым түспес үшін арнайы көзілдірік киіңіз. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қалқа ретінде пайдалануға болады.

Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері еңбекке жарамды тұрғындармен бірге жасырынған, жарақаттанған адамдарды шығарып, қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне апарады.


Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.

Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде, ұшақтар мен поездтар апатқа ұшырағанда т.б.

Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жасайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіпкеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырн, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 градус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз- мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздыңүстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмасы жүруге болады.



Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.

Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат.



Қан қасымы ми жиілігі анықталмаған жағжайда жасанды түрде «ауыздан-ауызға» жасау қажет немесе бір мезгілде жүрегіне массаж жасау қажет.

Зардап шегушіні жағаға жеткізу түрлері: Мұз үстіндегі жол ерекшеліктері.

Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады.

Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалапта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек.

Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады.

Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен «бу» шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.



Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:

  • қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;

  • мұз үстінде топ болып тұрамау керек;

  • мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;

  • биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;

  • мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;

  • мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;

  • өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер

Мұз үстінен жүру ережесі: Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғилап жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралап 5-6 метр болуы тиіс. Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс. Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзынтаяғы болуы тиіс. Жай жүрісте мұз тез сына қоймайды (секірмесең, жүгірмесең).Мұздың сынуына ондағы жарықшық, түсі бұзылуы, үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда өзің келген ізбен тез артқа қайту керек.

Егер аяғыңыздың астында мұз жарылсы: Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.

Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз: Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз. Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б. л


ақтыру керек.

  • мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б.

Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.
Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек:Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік болса 1-2 адм суға секіріп жағаға жүзіп барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.

Құтқару құралдарын ағаштан, резина камераларынан, ұйықтайтын қапшық т.б. жасауға болады.



Үсік алу. Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.

Қалай жылыну керек Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабңызды киіңіз. Егер қолқап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз. Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз. Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды. Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.




Көкмұз – бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз – ауа температурасы 0С-ден – 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.

Мұздақ – жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.

Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.



Асығу – көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.




Қарлы боран (дауыл)

Егер сіз боранда қалсаңыз:



Қар үстінен паналайтын орын дайында;

  • ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;

  • паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;

  • ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.

Паналайтын жерде отырып не істеу керек:

  • паналаған орынды белгілеу керек;

  • бір-біріңе жақын отыру керек;

  • барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;

  • Су киімді сығу керек;

  • ыстық шәй, кофе ішу керек;

  • басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;

  • майлы азық пен қант жеу керек

Түн уақытта не істеу керек:

  • Ішімдік ішпеу;

  • отты қараусыз қалдырмау;

  • орынды себепсіз қалдырмау.

Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:

  • машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;

  • автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;

  • қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;

  • пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.

Жылдың

Егер автокөлік жолда өшіп қалсы:

  • даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;

  • егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;

  • егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз.


Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін жағуға болады.

жүктеу 3,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау