Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Ақша, Несие, Банктер»



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет34/40
Дата19.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#20498
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40

73 

 

ХВҚ  мен  Әлемдік  банк  кӛрсетілген  әмбебап  әдістемелер  бойынша  12  айлық 



эксперименттік  бағдарламаны  жүзеге  асыру  барысында  33  елге  (ФАТФ  және  ФТАҚ  -  8) 

бағалау жүргізді. 

2004 жылғы наурызда ХВҚ мен Әлемдік банк Кеңесі эксперименттік бағдарламаның 

нәтижесін қарап, оның сәтті әрі халықаралық қауымдастықтың қаржыны жылыстату және 

лаңкестікті  қаржыландыруға  қарсы  күшті  екпінін  бар  екендігін  осы  эксперименттің 

арқасында мойындады. 

Әлемдік  банк  ӛзінің  қызметі  аясында  сондай-ақ,  мүдделі  ұлттық  мемлекет 

органдарының  қызметкерлеріне  түрлі  оқыту  үлігісін  ұйымдастыру  арқылы  және 

кӛрсетілген салада халықаралық  сарапшыларды тарту арқылы  жеке сектор ұйымдастыра 

отырып, мүше мемлекеттерге қылмыстық жолмен келген табыстарды заңдастыруға қарсы 

іс-қимыл саласында техникалық кӛмек кӛрсетеді. 

Мұнан ӛзге, Әлемдік банк шеңберінде қаржыны жылыстату проблемасына арналған, 

қылмыстық  жолмен  түскен  табыстарды  заңдастыруға  қарсы  іс-қимылдардың  жалпы 

жүйесіне,  қаржы  барлау  бӛлімшелеріне  және  т.б.  арналған  анықтамалық  материалдар 

таратады.  Бүкіләлемдік  банк  сондай-ақ,  қатысушы  мемлекеттердің  қаржы  секторының 

қызметіне  бағалау  жүргізеді.  Оның  шеңберінде,  атап  айтсақ,  қылмыстық  жолмен  келген 

табыстарды  жылыстату  және  лаңкестікті  қаржыландыруға  қарсы  іс-қимылдың 

халықаралық стандартқа сай ұлттық жүйеге сәйкес бағалау жүргізіледі. 

1996 жылдан бастап, Әлемдік банк сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрестің 600 

бағдарламасын  және  басқару  тиімділігін  жоғарылатудағы  100-дей  ел  клиенті  жүзеге 

асырды. Бұл бастамаларда әр түрлі шаралар қарастырылған: мемлекеттік қызметшілердің 

кірісін  кӛрсетіп  декларация  толтырудан  бастап,  мүлік  және  судьялардың  жоғары 

біліктіліктен  ӛтіп,  журналистерге  журналистік  зерттеулер  жүргізу  әдістерін  оқытулар 

жүргізіледі.  Қазіргі  таңда  жаңа  жобалардың  тӛрттен  бірі  мемлекет  кірісі  мен  қаржы 

реформасына қатысы бар компоненттен тұрады. 

Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚКДБ-ЕБРР) мақсаттары мен қызметтері. 

Еуропа  қайта  құру  және  даму  банкі  (ЕҚҚДБ)  —  халықаралық  үкіметаралық  қаржы-

несиелік  ұйым;  Орталық  және  Шығыс  Еуропа  елдерінің  ұзақ  мерзімді  несиелендіру 

жӛніндегі  аймақтық  мемлекетаралық  банкі  1990  жылы  құрылған.  Штаб-пәтері  Лондонда 

орналасқан.  Еуропа  қайта  құру  және  даму  банкіге  50-ге  жуық  ел,  соның  ішінде  ТМД 

елдері, сондай-ақ, Еуропа инвестициялық банкісі мен Еуропа қоғамдастығы мүше болып 

табылады.  Банкке  еуропалық  емес  елдер  де  мүше  бола  алады.  Банкінің  мақсаты  — 

Орталық  және  Шығыс  Еуропа  елдеріндегі,  сондай-ақ,  бұрынғы  КСРО  елдеріндегі 

экономикалық  реформаларды  қаржыландыру.  Олардың  ашық  нарықтық  экономика 

негізінде  экономикалық  дамуына  септігін  тигізу;  кредит  алған  елдерде  құрылымдық 

реформа  жүргізуге,  жекешелендіруге  және  монополияны  жоюға,  орталықсыздандыруға 

кӛмектесу арқылы олардың экономикасын әлемдік интеграцияға тарту. Банк мемлекеттік 

қана  емес,  сондай-ақ,  жеке  секторда  да  әрекет  етеді,  коммерциялық  мүмкіндігі  жоғары 

жобаларға қатысады. Банк капиталы (12 млрд. АҚШ доллары шамасында) мүше елдердің 

жарналарынан құралады, бұл капиталдың 51%-і Еуропа экономикалық қоғамдастығы мен 

Еуропа  инвестициялық  банкісінің  үлесінде.  Қазақстан  Республикасы  Еуропа  қайта  құру 

және  даму  банкімен  1992  жылы  байланыс  орнатып,  мүшелікке  ӛтті.  Бұл  байланыс 

стратегиясы  бірінші  кезеңде  техникалық  ынтымақтастық  арқылы  ұйымдастыру  және 

кадрлар  даярлау  жұмыстарын  жүргізу  болса,  екінші  кезеңде  қаржы  секторына,  ауыл 

шаруашылығы, энергетика, тау-кен ӛнеркәсібі және кӛлік салаларын инвестицияландыру 

қамтылды. Осыған орай Қазақстанда кӛптеген жобалар іске асырылуда. 



Ӛзіндік бақылау сҧрақтары:  

1.  Банктік мекемелердің түрлері.  




74 

 

2.  Халықаралық  валюталық  қор  (ХВҚ–МВФ),  оның  атқаратын  қызметтері  мен 



міндеттері. 

3.  Әлемдік  Банк  Тобы,  оның  құрылымдық  бӛлімдері:  халықаралық  қаржы 

корпорациясы  (ХҚК–МФК),  халықаралық  даму  ассоциациясы  (ХДА–МАР), 

инвестициялардың  кепілдігі  жӛніндегі  кӛп  жақты  агенттік  (КЖКА-МАГИ), 

халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ-МБРР). 

4.  Әлемдік  банктің  (ХҚКДБ)  міндеттері  мен  мақсаттары,  оның  ұйымдастырылу 

құрылымы мен басқарылуы.  

5.  Еуропалық  қайта  құру  және  даму  банкінің  (ЕҚКДБ-ЕБРР)  мақсаттары  мен 

қызметтері. 

 Ҧсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15 

 

5.3 тақырып. ҚР-дағы халықаралық қаржылық  

институттардың қызметі 

1.Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қызметтері. 

2. Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары. 

      3. Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі 

 

Халықаралық кредит - бір елдер мемлекеттерінің, банкілерінің, сондай-ақ басқа да 



заңды және жеке тұлғаларының ӛзге елдердің мемлекеттеріне, банкілеріне, басқа да заңды 

және  жеке  тұлғаларына  белгілі  мерзімге,  қайтарылмалы  және  пайызы  тӛленетін  кредит 

беруі. 

Халықаралық  кредит  экономикалық    категория  есебінде  3  функция  атқарады:  қайта 



бӛлу,  айналым  шығындарын  үнемдеу,  капиталдың  орталықтандыруына  және 

шоғырлануына жағдай жасау. 

Кредит  капиталын  қайта  бӛлу-  елдердің  арасында  кеңейтілген,  ұдайы  ӛндірісті 

қамтамасыз ету  және пайда алу ушін  жүргізіледі. Бұл жағдайда кредит ұлттық пайданы 

ортақ пайдамен теңестіреді және кӛлемін ӛсіреді. 

Халықаралық  кредиттің  екінші  функциясы-қолма-қол  валюталық  айналымды 

халықаралық  есеп  айыру  аясында  халықаралық  кредиттік  операциялармен  ауыстыруға, 

қолма-қол  валютасыз    есеп  айырысуды  дамытуға  байланысты.  Қолма-қол  валюталарды 

кредиттік құралдырмен: вексельмен, чектермен, траттамен, аударымдармен т.б. ауыстыру 

жүргізіледі. 

Капиталдың  орталықтандыру  және  шоғырландыру-фуекциясы  халықаралық  кредит 

жаңа  фирмалар,  компаниялар  трансұлттық  компаниялар  мен  монополиялар  құрылуына 

жағдай жасады. 

 

Халықаралық  есеп  айыру  -  әр  түрлі  елдердің  экономикалық  саяси,  мәдениеттік, 



дипломатиялық,  соғыс  қатынастарынан  туатын  ақшалай  міндеттемелер  мен  талаптардан 

туатын  тӛлемдерді  реттеу.Ондай  қатынастар  үкіметтер,  заңды  және  физикалық 

тұлғалардың  арасында  болады.  Негізгі  қатынастарға  сыртқы  сауда,  қызмет  кӛрсету, 

кредит және инвестиция жатады. 

Есеп  айырысу  негізінен  қолма-қол  ақшасыз,  тӛлем  құралдарын  бір  шоттан  екінші 

шотқа  аудару  түрінде  жүргізіледі.  Ол  үшін  шетел  банктерімен  корреспонденттік 

келісімдер  арқылы  корреспонденттік  шоттар  ашады:  лоро  (шетел  банктердің  ұлттық 

банктерде) және ностро (осы банктың шетел банкте ашқан шоты) 

Халықаралық есеп айырысудың бір ерекшелігі ұлттық валюталар ӛз еліне тыс заңды 

тӛлем  құралы  бола  алмайтындықтан  жалпы  барлық  мемлекеттерге  бірдей  заңды  тӛлем 

құралының жоқтығы. Сондықтан халықаралық есеп айырысуда девиз пайдалынады. 



жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау