Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Ақша, Несие, Банктер»



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет32/40
Дата19.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#20498
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40

69 

 

тін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін ай- 



налымдығы және валюталық шектеудің болмауы. 

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді 

жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және  валюталық 

шектеулердің  болмауы,  девальвация  жүргізбеу.  Сонымен  қатар,  ұлтгық  валютаны 

резервтік  дәрежеге  кӛтеру  ұлттық  шаруашылық  үшін  тӛлем  балансының  тапшылығын 

ұлтгық  валютамен  автоматты  түрде  пайызсыз  және  мерзімсіз  халықаралық  несие  алу 

жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді. 

Халықаралық  есептік  ақша  бірлігі  –  валюталық  пари-тет  пен  валюталық  бағамды 

белгілеу,  халықаралық  талаптар  мен  міндеттемелерді  ӛлшеу  үшін  шартты  бірлік  ретінде 

пайдаланылатын  валюталық  бірлік.  Қазіргі  уақытта  халықаралық  экономикалық 

қатынастарға  қызмет  ету  үшін  қажетті  дүниежүзілік  несиелік  ақша  типтері  ретінде  СДР 

(арнайы  қарыз  алу  құқығы)  және  ЭКЮ  (еуропа  валюта  бірлігі)  қызмет  етеді.  Бұл 

халықаралық  активтер  қолма-қолсыз  халықаралық  есеп  айырысуларда  елдердің  арнайы 

шоттарына  жазбаша  жазу  жолымен:  СДР  –  Халықаралық  валюталық  қорда,  ЭКЮ  -

Еуропалық 

кауымдастыққа 

ынтымақтастық 

валюталық 

Еуропалық 

қорында 


пайдаланылады.  Олардың  шартты  құны  валюталық  «қоржынға»  кіретін  валюталардың 

орташа ӛлшемді құнын және бағамдарын ӛлшеу негізінде есептеледі. 

Валюталық  «қоржын»  1973  жылы  наурыз  айынан  бастап  ӛзгермелі  бағам  режимін 

енгізумен  байланысты  банктерді  және  халықаралық  валюталы-несиелік  ұйымдарда 

қолданы-  лады.  Осы  топтағы  валюталар  саны,  олардың  құрамы  және  валюталық 

компоненттердің мӛлшері орташа ӛлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді. 

Валюталардың орташа ӛлшемді құны, топқа кіретін, валюталардың АҚШ долларына 

қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің 

негізін  құрған  валюталық  «қоржын»  бес  валютадан  тұрады  (1.01.1991  ж.  жағдай 

бойынша): АҚШ доллары – 40%, неміс маркасы – 21%, жапон йені – 17%, француз франкі 

– 11%, фунт стерлинг 11%. 

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына бай- 

ланысты  анықталатын  валюталардың  конверсиялау  дәрежесі  валюталық  жүйенің 

келесі  бір  элементін  сипаттайды.  Басқа  да  ұлттық  валюталарға  еркін  айырбасталатын, 

ақша бірліктері ретінде еркін конверсия-ланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап 

халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын: 

- «еркін пайдаланылатын валюта», яғни халық- 

аралық есеп айырысуларда және валюталық 

нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен 

қолданылатын; 

- валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған 

елдердің валюталары; 

- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің 

конверсияланбайтын валюталары. 

Валюталық  паритет  –  бұл  валюталық  бағамның  негізі  болып  табылатын  және  заңды 

түрде  бекітілетін  екі  валюта  арасындағы  шекті  қатынасты  білдіреді.  ХВҚ  Жарғысы 

бойынша валюталық паритет СДР негізівде белгіленеді. 

Ұлттық  валюталық  жүйенің  шегінде  ХВҚ  арқылы  мемлекетаралық  реттеу  объектісі 

болып саналатын валюта-мен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу 

енгізілуде. 

Халықаралық  ақшалай  талаптар  мен  міндеттемелерді  мемлекеттік  реттеумен 

байланысты  бейнелейтін  және  жеке-леген  елдің  немесе  барлық  елдердің тӛлем  қабілетін 

сипат- 

Халықаралық валюталық қатынастар 




70 

 

тайтын  –  халықаралық  ӛтімділік  валюталық  жүйенің  эле-менті  болып  табылады. 



Халықаралық  валюта  ӛтімділігінің  құрылымына  шетел  валютасы,  алтын,  Халықаралық 

валю-талық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-да-ғы шоттар кіреді. 

Халықаралық  несиелік  құралдарды  пайдалану  ережеле-рінің  регламенттелуі  және 

халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева вексельдік және 

чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылады. 

Валюталық  жүйенің  институтциональдық  құрылымы  ұлттық  және  мемлекетаралық 

деңгейлерде реттеледі. 

Аймақтық  валюталық  жүйелердің  пайда  болуының  себептерінің  біріне,  жаңа 

валюталық  орталықты  құру  және  оны  дүниежүзілік  валюталық  жүйе  аумағына  қосу 

жатады.  Аймақтық  валюталық  жүйе  –  валюталық  бағамдардың  ауытқуын  азайту  және 

интеграциялық  процессті  ынта-ландыру  мақсатында  бірлестікке  мүше  елдердің 

валюталық  қатынастарын  мемлекеттік-құқтық  ұйымдастыру  формасы-ның  және 

экономикалық  интеграция  шегінде  валюталардың  қызмет  етуімен  байланысты 

қалыптасатын  қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы  болып  табылады  (Еуропалық 

валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз). 

Валюталық жүйенің даму кезеңдері ӛндірістің, дүние-жүзілік нарықтың, халықаралық 

еңбек бӛлінісінің, дүние-жүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді. 

Қазақстан  Республикасы  Халықаралық  валюталық  қорға  мүше  бола  отырып, 

дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады. 

Валюта  жүйесін  ұйымдастыру  формалары:  ұлттық  және  халықаралық,  дүниежүзілік. 

Валюта жүйесінің элементтері. 

Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму сатылары: 1867 ж. Париж конференциясы, 1922 

ж. Генуя, 1944 ж. Бреттон-Вудс, 1976 ж. Ямайка конференциялары. 

Тӛлем  балансы  және  оның  құрылымы.  Есеп  айырысу  балансы  және  оның  тӛлем 

балансынан  айырмашылығы.  Тӛлем  балансына  әсер  етуші  факторлар:  инфляция, 

халықаралық саудадағы ӛзгерістер. 

Валюта  курсының  экономикалық  категория  ретіндегі  түсінігі.  Шетел  валютасымен 

несиелеу  және  есеп  айырысу,  оларды  ұйымдастырудың  ерекшеліктері.  Валютамен 

халықаралық есеп айырысуды жүргізудің тәртібі. 

Валюталық саясат және банктің валюталық-қаржылық портфелін басқару. 

2005  жыл  13  маусымдағы  «Валюталық  реттеу  және  валюталық  бақылау  туралы» 

Қазақстан Республикасының Заңы. 



Ӛзіндік бақылау сҧрақтары:  

1.  Валюта  жүйесін  ұйымдастыру  формалары:  ұлттық  және  халықаралық, 

дүниежүзілік.  

2. 


Валюта жүйесінің элементтері. 

3. 


Дүниежүзілік  валюта  жүйесінің  даму  сатылары:  1867  ж.  Париж 

конференциясы,  1922  ж.  Генуя,  1944  ж.  Бреттон-Вудс,  1976  ж.  Ямайка 

конференциялары.  

4.  Тӛлем балансы және оның құрылымы. Есеп айырысу балансы және оның тӛлем 

балансынан  айырмашылығы.  Тӛлем  балансына  әсер  етуші  факторлар: 

инфляция,  халықаралық  саудадағы  ӛзгерістер  Ҧсынылған  әдебиеттер 

тізімінен: 1,3,10,15 

 

1.2.  тақырып. Халықаралық валюталық-несиелік институттар 

1.  Банктік мекемелердің түрлері.  

2.  Халықаралық  валюталық  қор  (ХВҚ–МВФ),  оның  атқаратын  қызметтері  мен 

міндеттері. 




жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау