Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқытуда бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген оқытуды дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдесінің өзегі – жаңа технологиялар. Әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар:
модульдік технология
рейтингтік жүйе
дамыта оқыту технологиясы
сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
Технология ұғымына анықтама беріңіз
Педагогикалық технолгия деген не?
Инновациялық технологияларға мысал келтіріңіз.
Тақырыбы: Дамыта оқыту технологиясы
Дәрістің жоспары:
Дәрістің қысқаша мазмұны
Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков).
Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков). Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудық екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.
"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді.
Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы.
Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға өзір тұруы.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Л.В.Занков жүйесі. Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
• оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
• теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
• оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;
• оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды. Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген. Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.
Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудық оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.
Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер, сезіменді.
Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте саңтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәөрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, баңытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат - баланың барлық адамдьщ қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л .В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.
Л.В. Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.
Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгендерін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарама-қайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сүрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушыны өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны — сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.
Оқытуды ұйымдастырудық маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет. Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес. Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланың байқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастыруылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жаңсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады. Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады.
Л.В.Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балаларкім "озат", кім "үлгермеуші" екенінбілмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.
Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады.
Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар - сыншыл. Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияңты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия - өзінің психикалық жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге бейімділік. Бала өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары.
Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.
Дамыта оқыту жүйесіндегі технологиялардың классификациялық сипаттамасы.
Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық.
Философиялық негізіне қарай: гумандық.
Психикалық даму факторына қарай: социатектік, психотектік.
Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: рефлекторлық, дамытушылық.
Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік.
Басқару мипіне қарай: шағын топтар жүйесі.
Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық, сабақтық, топтық және жеке.
Балаға қатынас амалына қарай: тұлғалық, бағдарлық.
Басымдық танытатын әдісіне қарай: дамытушы.
Оқушылар категориясына қарай: жалпы.
Жетілдіру бағытына қарай: балама.
Дамыта оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары:
Кешенді дамытушы жүйе негізінде мақсатты бағытталған даму;
Теориялық білімнің басты рөл атқаруы;
Мазмұнның толықтығы мен жүйелілігі;
Материалды игеруді қарқынды жүргізу.
Оқытуда эмоционалды үрдісті іске қосу;
Мазмұнды проблемаландыру;
Оқыту үрдісінің вариативтілігі;
Барлық оқушыны бірдей дамыту жұмыстарын жүргізу.
Дамыта оқыту белгілері:
Педагогикадағы түсіндірмелі – иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланысты.
Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
Балаға іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;
Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу
Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу
Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Дамыта оқыту технологиясы ұғымына анықтама беріңдер.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндетін көрсетіңдер.
Дамыта оқыту белгілері қандай?
Дамыта оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдарын атаңыз.
Тақырыбы: Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиясы
Дәріс жоспары
Жаңа ақпарттық техникалық құралдар және оларды физиканы оқытуда қолдану.
Бағдарламалап оқыту. Оқытудың жаңа технологиялары.
Дәрістің қысқаша мазмұны
1. Жаңа ақпарттық техникалық құралдар және оларды физиканы оқытуда қолдану
Компьютер – қазіргі уақытқа дейінгі мұғалімдердің қолданып жүрген техникалық құралдардың ішіндегі ең тиімді және қуатты құралдардың бірі.
Компьютерде бағдарламалық оқыту тәсілдерін жүзеге асыратын оқыту бағдарламаларын бағдарламалық оқыту құралдары деп атайды.
Физика сабақтарында ақпараттық компьютерлік технологияны (АКТ) қолдану пәнді меңгеруге деген қызығушылықты арттырады, виртуалды түрде демонстрациялық тәжірибелерді көрсету мүмкіндігін арттырады.
Сабақтың барлық түрлерінде компьютерді қолдануға болады. Атап айтқанда, жаңа оқу материалын өз беттерінше меңгеруде, есептер шығаруда, білімдерін тексерудің тестік формасында және т.б. қолдану мүмкіндігі бар. Сондай-ақ физика сабақтарында компьютерді қолдану олардың нағыз шығармашылық қабілеттерін арттырады. Және дамыта оқыту принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сабақта компьютерлік техниканы қолдану білім алушылардың оқу процесіне деген мотивациясын көтереді, оқушыларға әлемді тану және таным процесін қабылдауға мүмкіндік береді.
Оқу процесінде ақпараттық компьютерлік технологияны қолдануда мұғалім білуі керек:
сабақтарда жұмыс жасай алуы үшін дидактикалық материалдарды дайындау үшін сәйкес редакторлардың көмегімен дыбыстық, сандық, текстік, графикалық ақпараттарды өндеуді;
сабақтарда презентацияларды демонстрациялау үшін MS Power Point редакторын қолданып, берілген оқу материалы бойынша слайдтарды құруды;
өз пәні бойынша дайын бағдарламалық өнімдерді қолдануды;
сабақта электронды оқулықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды;
оқу бағдарламалық құралдарды қолдануды;
дайын қабықша-бағдарламаларды пайдаланып тест тапсырмаларын дайындауда.
Физика сабақтарында оқушыларды компьютерлік техникаға қатыстырудың әртүрлі тәсілдерін қолдануға болады. Олардың бірі – компьютердің көмегімен физикалық есептерді шығару.
Мысалы, 7-сыныпта физиканы оқыту барысында есеп шығаруда компьютерлік технологияны пайдалауға болады.
Массасы 14,7 кг тәждің судағы салмағы 13,4 кг массаға сәйкес келеді. Тәж алтыннан жасалған ба?
-
Бер:
|
Талдауы
Сұйыққа батырылған дененің салмағы дененің сұйықтан тыс кездегі салмағы мен ығыстырушы күштің айырымына тең болады. ,
|
Шешуі
|
Достарыңызбен бөлісу: |