6-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау
1) Келіссөз жүргізу сызбасы.
2) Келіссөз жүргізу стратегиясы.
3) Жест және мимика.
4) Имидж.
7-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау
1) Конфликттің шығу себептерін анықтау жолдары.
2) Конфликтік жағдайдағы позициялар.
3) Конфликтіні шешу тактикалары.
4) Ұжымдағы конфликтілік жағдайларды шешу жолдары.
8-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау
1) Конфликтті тұлғалар.
2) Қазіргі таңдағы конфликтілерді шешудегі менеджменттің ролі.
9-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау
1) Келіссөз жүргізу стратегиясы мен тиімді жолдары.
2) Кездейсоқ конфликтілік жағдайларды шешу жолдары.
Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
Сабақ барысы.
Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.
Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.
Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.
2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.
Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.
3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.
Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.
4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.
Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.
Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.
5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.
Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.
4 БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Магистранттардың өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
БӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Реферат жазуда не ескеріледі?
Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты білімгер кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
Реферат жазуда магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
Магистранттардың жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы білімгерлердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған магистранттың, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
4.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
БӨЖ тақырыптарының тізімі
1. «Конфликт» феноменіне заманауи ықпал ету
2. Конфликт кезіндегі тұлға ықпалы. «Конфликт» феноменін кең ұғымды талқылау. Термин мәні. Конфликттің ғылыми анықтамасы.
3. К. Рудестам бойынша психотерапиялық конфликтердің топтық жіктемесі. Психотерапиялық конфликтті оқыту
4. Әлеуметтік психологиялық конфликт
5. Тәжірибелік психология және психотерапия кезіндегі топтық тәсілдердің дамуы. Конфликттің эмоциональді сезгіштігі
6. Бизнес конфликт: даму тарихы. Тұлғаның конфликтке ықпал етуі.
7. Тренердің жұмысындағы қателіктерді табу.
8. Топтардың мүмкіншілігіне орай шығу. Заманауи конфликтологиялық көмектерді ұйымдастыру.
9. С.И. Макшанов, Н.Ю. Хрящев жұмыстарында психологиялық ықпал ету кезіндегі конфликті түсіну. Клиенттің қажеттілігін зерттеу
10. Арнайы режимде оқыту. Коучинг мамандар мен басқарушылар үшін. Ұжымдағы жағдайларды зерттеу
11. Корпаративті конфликт форматында негізгі принциптермен оқыту. Заманауи бизнес-тренер. Заманауи конфликттердің топтық тәсілдерідің жеке тұлғаның дамуына әсер етуі
12. Медиаторлық формат оқыту кезіндегі дамыту. Модератор конфликтісінің әлеументтік жұмысшының психотехникалық минимумы
13. Медиаторлық жұмыс жұмысшалардың дамуы мен олардың өзгерістеріне әсер етуі. Конфликттің ғылыми тәжірибелік принциптері.
14. Әлеуметтік-психологиялық аспектілерді топтық тәсілдермен оқыту. Конфликтердің тәжірибелік принциптері. Серіктестік қарым-қатынас
15. Корпаративті конфликті ұйымдастыру технологиясы. Модератордың конфликтте қызметі мен ролі.
Бақылау сұрақтары.
Конфликтология: қалыптасуы және даму тарихы.
Алғашқы ой-пікірлердің қалыптасуы.
Кеңестік және отандық ой-тұжырымдардың қалыптасуы.
Қарым-қатынас және қарама-қайшылықтар.
К.Томас әдістемесі.
Конфликт және оның түрлері.
Конфликт және оған қатысушылар.
Тұлғаішілік конфликт.
Тұлғааралық конфликт.
Этносаралық конфликт
Қарым-қатынас психологиясы және конфликтология.
Қарым-қатынас психологиясының мақсат-міндеттері, зерттеу пәні және қалыптасуы мен дамуы.
Конфликтология ғылымы.
Даму тарихы мен зерттеу объекті.
Зерттеу әдістері.
Қарым-қатынас және шиеленіс бойынша жалпы теориялар.
Шиеленіс жағдайларының туындауы.
Себептері.
Құрылымдары.
Функциялары.
Динамикасы.
Қарым-қатынас және шиеленіс (конфликт) түрлері.
Тұлғаішілік шиеленістер. Түрлері.
Стресс – шиеленіс туғызушы ретінде.
Тұлғааралық шиеленістер.
Әлеуметтік жүйелердегі шиеленістер.
Топтық шиеленістер.
Педагогикалық конфликт.
Этнос аралық шиеленістер.
Ұйымдардағы шиеленістер.
Шиеленістің алдын алу және шешу жолдары
Конфликтті тұлғалар.
Қазіргі таңдағы шиеленісті шешу менеджменті.
Шиеленістің алдын алу.
Шиеленісті шешу жолдары.
Келіссөз және оны жүргізу.
Келіссөз жүргізу стратегиясы мен динамикасы.
Амалдары мен тиімді жолдары.
Кәсіпорындардағы және ұйымдардағы стресс тудырушы жағдайлар.
Тұлғаның ішкі күйзелістері және бұзылулар.
Стресске қарсы тұру, алдын алу жолдары.
Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдерін дамыту
Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдері.
Шығарып тастау және сулимация.
Регрессия және рационализация.
Проекция және алмастыру және т.б.
Фрейд психоанализі бойыншаконфликтік жағдайларды талдау (тұлғааралық және ұйымдағы)
Фрейд теориясы.
Конфликтік ситуацияларды психологиялық анализ жүйесінде қарастыру.
Тұлғааралық конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері.
Ұйымдағы конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері.
Конфликтінің алдын алу және болдырмау
Келіссөз жүргізу сызбасы.
Келіссөз жүргізу стратегиясы.
Жест және мимика.
Имидж.
Достарыңызбен бөлісу: |