Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ғимараттарды техникалық эксплуатациялау» 5В072900 “Құрылыс”, Мамандығы үшін оқу- әдістемелік материалдары



жүктеу 1,44 Mb.
бет12/15
Дата15.11.2018
өлшемі1,44 Mb.
#20347
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ДӘРІС 9

ШАТЫР ЖӘНЕ ЖАБЫНДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

Стропилалық жүйені күшейту және жөндеу, ауыстыру.

Стропиланы күрделі жөндеу негізінен, көтергіш элементтерді толық немесе аздап ауыстыруды, стропилалық элементтердің жеке алаңтарын ауыстыруды, конструкцияларды түзеу және күшейтуді қарастырады. Стропилалық жүйені жөндеу үшін дөңгелек орманды және ылғалдылығы 25% -дан аз емес қылқан жапырақты тұқымды кесілген материалдарды қолданады. Мауэрлаттың және стропилалық аяқтардың жаңа элементтерін өажетті құрылғылармен даярлайды. Мауэрлатты айырбастау үшін домкраттың көмегімен алдын-ала стропилалық аяқтарды тігеді.

Мауэрлаттың жаңа участогын буоқшаулағыш төсемге екі қабатты орама суоқшаулағыш материалдан жаяды. Орама суоқшаулағыш төсемді ұзындығы бойынша битумды мастикамен желімдейді және мауэрлаттың беті тас қалаумен тиісіп кетпейтіндей етіп орнлаластырады.

Стропилалық аяқтың тірек бөліктерінауыстыруды стропилалық аяқты асумен жүргізеді.

Биіктігін стропилалық аяқ биіктігіне тең етіп қабылдайды, ал олардың сәйкес қалыңдығын – стропила аяғының қалыңдығынан аз емес етіп алады. Стропилалық аяқты тұтастай ауыстыру кезінде оны алдын-ала тиеп алу қажет. Алдын-ала дайындалған стропилалық аяқты бір соңынан тірек ұяшығына әкеледі, содан соң ғана екінші соңын стропилалық аяқпен қысады.

Ағаш стропилалы конструкцияларды күшейту және түзету үшін қосымша подкостар орнатады, ағаш фермалар пайдаланады

Тас қалауға қосылған мауэрлаттың беттерін ағаш қарамайымен немесе креозотпен антисептиктеледі. Стропила элементтерінің қалған беттері және торшалар отқа қауіпсіз құрамдармен жабылады.

Шатырасты негізін жөндеу.

Шатырасты негізін жөндеу беттің тегіс еместігінің алдын-алу болып табылады. Ағаш негізді жөндеу элементтерді ауыстырудан немесе қаттылығы артуынан тұрады.

Бұл жұмыс түрлерін шатыр асты үй-жайының ішкі жағынан, шатыр жабындысын алмай жасаған жөн. Орама шатыр асты негізінің жөндеуін ішкі суағар воронкаларын орнату аумағынан бастаған дұрыс. Жылылағыш қабат бетін қажет жағдайда жылытқыш көмегімен тегістейді. Мұздатылған жерлерді мұқият тазалайды және қосымша жылылайды.

Металл төбені жөндеу және ауыстыру.

Металл төбелерді жөндеу ескі төбе жабынын ауыстырудан немесе жеке зақымдалған парақтарды ауыстырудан, жаппа құрылғыларынан, фальцаларды ретке келтіруден, төбедегі өлшемі үлкен емес ойықтарды бітеуден тұрады. Металл төбелерді ауыстыру кезінде ескі жабындыны бұзуды қатарлармен төменнен жоғары қайта пайдалануға жарамды материалдарды жинақтаумен жүргізеді. Металл төбе астындағы торшаны әдетте қимасы 50х50 мм тақтадан және брустан орнатады. Тақтаны стропилалы аяққа адымын 140см, 90 0 бұрышпен қағады.

Төбелік парақтық болатты шеберханаларда жабынға төсеуге қайта даярлайды. Төбелік болатты парақтарды коррозиядан қорғау үшін олиф қабатымен қаптайды және кептіреді.

Жеке зақымданған парақты ауыстыру үшін тұрғзылғанды иеді, ал содан соң жатқан фальцаларды. Жаңа парақты орнатқан соң майлы бояумен бояйды.



Өлшемі 5мм ойықтарды сурик жақпасымен бітейді. Жөнделінген жерлерді майлы құрамдармен бояйды. Жөндеуден кейін төбе жабындысы қақтардан тазартылып, майлы бояумен боялады.

Орама материалды төбелерді жөндеу және ауыстыру.

Орама төбедегі зақымды төбеге пайдаланған материалдардарды қолданып кетіреді. Негіз мұқият тазаланады және кептіріледі. Осыдан соң әрбір қабат мастикамен желімделеді, кесу орнының жоғары жағын мастиктегі рубероид қиындыларымен желімдейді

Негізді мастикпен жағады және жөнделінетін жердің барлық периметрі бойынша оны жаппа қабаты астына 10см түсірумен төбе материалы бөлігіне желімдейді. Үстінен жабын материалының екі қабатынан заплата желімделеді.

Орама кілемшенің толықтай ауыстырылуы жаңа кілемшені желімдеу технологиясы бойынша өндіріледі.

Асбестоцементтік жабынды ауыстыру және жөндеу.

Асбестоцементтік жабынды жөндеу негізінен жеке парақтарды ауыстыруды қарастырады.

Асбестоцементті жабынды ауыстыру кезінде ескі жабынның бөлшектеуін алымдармен жүргізеді. Парақтарды төсеуді карнизге параллель етіп қатарлармен, жаңа жабындар технологиясы бойынша орындайды.

Черепицалық жабындарды ауыстыру және жөндеу.

Черепицалық жабындарды жөндеу кезінде жарамсыз жеке черепицаларды жаңаларға ауыстырады. Ол үшін жарамсыз черепицаны және содан кейінгісін бекітпеден ажыратады, төмен жатқанның шеткі жағын 2-3см-ге көтереді және содан соң ғана ескі черепица орнына жаңасын қояды. Черепицаның осал бекітпелерін жаңасына ауыстырады. Барлық жөндеу жұмыстары шатыр ішінің жанынан жүргізіледі.

ДӘРІС № 10

Едендерді жөндеу және ауыстыру технологиясы

Еденнің негізгі ауыстыру және жөндеу жұмыстар түрлеріне жаңа негіздерді немесе жөндеу, жабатын қабатты, жабынды, кірпіш бағаналарын жөндеу және ауыстыру.
Цемент және бетон едендерді жөндеу және ауыстыру

Бұзылған жабын едендерін және жабылатын қабат алып тастайды және жаңасын орнатады. Негізді төсер алдында жаятын қабатты тығыздалады, қопсытылған грунтты сенімдірек (құмды грунтпен) ауыстырады. Төселетін бетонның қоспасы жайылатын қабатқа ені 3—4 м сызықпен өндіріледі. Сызықтар бірінен кейін бетондалады. Аралық сызықтарды бетондау қатайғаннан кейін орындалады.

Бұзылған учаскінің зақымдалған едендері бқзылады, ескі бетонның беті тазаланады және сумен дымқылданады. Дайындалатын орынға бетон жайылады, тегістеледі,болат теркамен жазылады. Бетон және цемент едендерінің зызаттары ашылады, сумен жуылады және сұйық цемент ерітіндісімен құрамы 1:1, 1:2 толтырылады. Суөткізбейтін бетін цемент ерітіндісімен тегістейді және кептіреді. Сосын грунт жағады және суөткізбейтіндей жапсырады.
Асфальт едендерді жөндеу және ауыстыру

Асфальт еден учаскісі үлкен сызаттары бар, ұрылған, үйкелген және басқада зақымдар алынады және тазаланады. Сақталған еденнің шеттері жақсы ұстасу үшін оны қайтадан төселетін салмақты тапталған M-II битуммен себеді (жағады). Дайындалған учаскіге жаңа асфальт төселеді оны каткамен тығыздайды. Жаңа едендердің жапсарлары және барын мұқият бекітеді. Салынған еденнің бетіне ұсақ құмдар себіледі.

Жаяр алдында жабын негізін мұқият жылы ауамен кептіру қажет.


Мозоикалық едендерді жөндеу және ауыстыру

Мозаикалық едендерді жөндегенде алдымен учаскілер белгіленеді, жөндеуге арналған, шекарасын тоқылдатып анықтайды. Сосын бұзылған учаскісі жұлынып тасталынады, әрбір алаң дұрыс геометриялық қалыпты және еденнің жалпы бейнесімен үйлесімді болу керек.

Негізді алдын ала шаңнан тазаланады және 5% ылғалдылықта кептіріледі. Полотнищаны жүріске немесе түс бағытына қарай 3% артық кеседі. Негізін грунттайды. Линолеумның полотнищасын ораммен арқа жағын бетіне қаратып сырғытады. Сосын линолеумды полотнищаның арқа жағына желім немесе мастика жағылады, линолеумның жапсырылуы және негізге ортадан шетіне қарай күш түсірумен және сырғанатып жасалады. Для нахлестка үшін ені 60-80 мм таза сызық қалдырады. Полотнища нахлесткаға 20-30 мм құрғақтай жапсырылады. Жапсырғаннан кейін полотнищаның бірінші жартысыне сондайақ екінші жартысы жапсырылады, орамды бұрумен, желім жағылады және тегістеумен сырғанатылып және қажет болған жағдайда мешокпен құрғақ құм түсіреді.

Полотнищаны кесу, шовтарын жапсыру және өңдеу линолеум жапсырғаннан 2-3 күнен кейін жасалады.

Линолеум кигіз негізінде болғанда құрғақтай жаюға болады. Мұндай жағдайда полотнища жапсарларының аралығын ыстық ауамен, жоғары жиіліктегі тоқпен немесе инфроқызыл сәулелермен және басқада тәсілдермен бекітеді.

Линолеумнан кілемді бөлменің өлшемімен орындалады, 15°Стан кем емес температурада 1-2 күн жайылған түрінде ұстайды, тегістейді, бөлменің қабырғалар периметрімен кесіп плинтусқа 5 мм тақайды.

Кілемдік жабындар ағаштан немесе темірбетонды негіздерден орындалуы мүмкін.

Синтетикалық кілемдерді жабынға жаяр алдында полимерцемент ерітінді стяжкасын тегістеу қажет. Синтетикалық кілемдерді жаяр алдында негіз кептірілген болу керек.
ДӘРІС 11

ЕСІК ЖӘНЕ ТЕРЕЗЕЛІК ТОЛТЫРҒЫШТАРДЫ АУЫСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
Есік және терезелерді жөндеу жеке бөлшектердің ойықтарының зақымдарын жоюды қарастырады. Жұмыс мінездемесіне байланысты терезе және есік жақтауларының «үлкен» және «кіші» жөндеулері жүргізіледі.

Үлкен жөндек кезінде жақтаулардың немесе есіктердің жеке бөлшектері бөлшектенеді және ауыстырылады. Үлкен жөндеу және жаңа ағаш бұйымдарын жасау, арнайы станок және механизмдер қондырғыларымен жабдықталған шеберханаларда жасалынады.

Аспаптарды ауыстыру, жақтауларды жону, жақтама бұрыштарын бекітуге арналған метал бұрыштамаларды орнату жұмыстары аз жөндеуге кіреді.

Біраз кең тараған жұмыстар: есік және терезе қораптарының жеке бөліктерінің жөндеуі немесе оларды толық ауыстыру, терезе жақтауларының жеке бөліктерінің ауыстырылуы жатады.

Қорапты жөндеу қойғыштарды тік немесе тқменгі бөлшектерге қою көмегімен жүргізіледі. Элементтердің жаңа бөліктері, қатаң түрде, ауыстырылатын бөліктің өлшемі бойынша дайындалынады. Бұрыштар шиптерге байланыстырылады. Әрбір байланыс нагелдермен берікткндіріледі. Орнатылар алдында жаңа элементтер антисептиктелінеді.

Жаңа қораптардың бетін толық ауыстыру кезінде де, қабырғаға бекітілгендері де тольмен кқмкеріліп, антисептиктелінеді. Қорап ойықтарында бір деңгейде және қатаң тәртіпте тік жағдайда орналастырылады. Оларды қабырғаларға бекіту шуруптармен жүргізіледі. Қораптың әрбір бөренесі кем дегенде екі жерінен бекітіледі, соның өзінде бекіту аралары 1,5м-ден көп болмауы тиіс.

Терезе алды бетон және темірбетон тақтайларын жөндеу механикалық кезде олардың зақымдары :жарықтарды, соғылған жерлерді бітеуді қарастырады. Жарыөтарды тазалап оларды сумен жуады , содан соң цемент ерітіндісімен жөнге келтіреді. Тазаланған және жуылғаннан соң сынықтар мен соққыларды жөндеу сол, терезе алды тақтасы жөнделген құраммен орындалады. Жаңа терезе алды тақталары орнатылар алдында, антисептиктеледі, ал соңдары, тольмен өңделеді. Тақтаны орнату орны қоқыстан тазартылып, содан соң тақталар әкті-алебастерлі ерітіндіге 1-2% бұрышпен үй-жай ішіне төселеді. Тақтаның төменгі беті қабырға қалауынан минералды войлок арқылы оқшауландырылады. Жарамдылығы өткен отливтар жақтауларды жөндек кезінде алынып тасталады, олар жаңаларға ауыстырылады.

Ағаш қапсырмаларды жөндеу кезінде петлялардан тазартады, зақымданған жерлерін есік қапсырмасын бөлшектеусіз жояды, содан сол өлшемдегі жаңа элементтерді орналастырады. Есік қораптарын жөндеу терезенікі сияқты жүргізіледі. Есік және терезе жөндеу кезінде жөнделінбейтін аспаптарды жаңасына айырбастайды, қолданыстағыға сәйкес материалын және суретін таңдау арқылы.


ДӘРІС № 12

Әйнектеу жұмыстары

Тұрғызылатын, тұрғызылған, қайта жаңғыртуланатын ғимараттар және үймереттерді әрлеу жұмыстарының алдында желорайдан сақтану мақсатында, ішкі әрлеу жұмыстарына қалыпты жағыдай жасау үшін әйнектейді. Кішігірім көлемде әйнегін ауыстыру есік және терезе толтырғыштарын тура бояр алдында орындайды.

Әйнекті арнайы үстелде әйнеккескіш көмегімен кеседі. Терезе жақтаулары иен ағаш тақтайларға әйнекті салу бекіту немесе штапик, резенке немесе пластмассалық төсемдер мен штапиктер арқылы жүзеге асады.

Ағаш қапсырмалары әйнектеу көлденең бойымен жүргізіледі. Қапсырмалар әйнектелгенге дейін бір рет боялған болу керек. Алынбайтын және үлкенөлшемді металл қапсырмалар орнатылған жерінде бекітіледі. Сынған қалыңдығы 2-3 мм әйнекті ауыстыру құрамына келесі жұмыстар:

    1. Штапиктерді шешумен және ойықтарды тазалаумен шыныларды алу;

    2. кесілген және кесілетін әйнектер;

    3. шыныларды және ойықтарды майлау;

    4. әйнекті қою оларды күшейтіу және штапиктерді орнату;

    5. әйнекті сүрту.

Бекіту немесе жұмсақ төсем бойынша штапиктегі витринаның сынған әйнектерін ауыстыру кезіндегі жұмыстар келесідегідей жүреді:

1. сынған әйнектерді қапсырмалардан алу штапиктерді шешу және ойықтарды тазалау арқылы жүзеге асады

2. терезе жақтауларының ойықтарын олифтеу.

      1. Бекіту немесе жұмсақ төсем бойынша штапикті қапсырмаларға әйнектерді салу штапиктерді және жұмсақ төсемдерді бөлшектеп ауыстыру кезінде әйнектерді кесу арқылы жүреді.

      2. Әйнекті сүрту.



ДӘРІС 13

САТЫЛАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

Сатыларды жөндеу кезінде, тозу дәрежесіне байланысты, келесідей жұмыстар атқарылуы мүмкін:

  • саты-баспалдақ марштарын және алаңдарын толық төсеу;

  • жеке басқыштарды немесе плита және алаңшаларды ауыстыру;

  • балка және алаңшаларды ауыстыру;

  • басқыштар немесе плита алаңшаларындағы зақымдалған жерлерді бітеу;

  • бұрышты консольді басқыштарды қайтажасау және бекіту;

  • металл қанаттарын жөндеу;

Баспалдақтарды толық төсеу кезінде оларды төменнен жоғары орындайды,ал жинақтауды төменгі бөлшектерден орындайды. Саты баспалдақ алаңшаларының жеке плиталарының едәуір бұзылуы кезінде оларды жаңаға ауыстырады. Ол үшін еден алаңшасын бөлшектейді және жарамсыз плита орнына өлшемі сәйкес келетін жаңасын төсейді. Қолданыстағы және жаңа плита арасындағы жіктерді цемент ерітіндісімен бітейді, содан соң бөлшектелген еден алаңшасын қайта жасайды.

Өте зақымдалған баспалдақтарды да сол өлшемді жаңасына ауыстырады. Бір немесе бірнеше марш басқыштарын ауыстыру кезінде, төмен жатқан басқыштарды сырғанап кетпес үшін уақытша бекітеді. Төселетін баспалдақтар төменгі тірек бөлігінсіз, арматураны шығарумен дайындалады. Алдын-ала тазалап және оларды сумен жуып, баспалдақтардағы жарықтарды цемент ерітіндісімен бітейді . Мозайкалық баспалдақтарды жөндеу кезінде цемент ерітіндісіне мраморлы крошка қосылады. Жөндеу орыны беріктендіруге дейін зақымданудан қорғалуы керек. Баспалдақ алаңдарындағы және басқыштарындағы соғылған жерлерді жөндеу бетон және цементтік едендердің соғылған жерлерін жөндеу сияқты жүргізіледі. Едәуір зақымдары бар ағаш ұстатқыштарды жаңалармен ауыстыырады. Ағаш ұстатқыштардың ұсақ зақымдарын, зақымдалған жерлерін желімдеу жолдарымен жояды. Өрт баспалдақтарын жөндеу кезінде, уақыты өтіп кеткен бөлшектер алынып тасталады, ал олардың орнына сол қималы жаңалары қойылады. Бөлшектердің байланысуы электрдәнекерінің көмегімен жүргізіледі.


ДӘРІС 14

Әрлеу жұмыстарының жөндеу технологиясы

Сылақ жұмыстары

Шатыр, жабын, таса, есік және терезені толтыру, жылыту жұйесі, суқұбырлары және газқұбырлары жөндегеннен кейін сылақ жұмыстары өндіріледі. Ең көп тараған жұмыстар мыналар: қабырға және төбенің сылақ жұмысының бөлігі (әрлеу орындары), зақымдалған және соғылғандарын бекіту, сызаттарды расшивка және сылақты қайта тегістеу, құрғақ сылаққа бөлігін ауыстыру, сондай ақ жаңа бетін сылау.

Жөндеуге жататын сылақ орны балғамен тоқылдатып немесе басқа құралдармен анықталады. Негізбен дұрыс ұстаспаған сылақ тоқылдатқанда тұйық дыбыс шығарады. Содан кейін негіз сылаққа дайындалады.

Кірпіш, тас, бетон және басқа конструкция беттерін ескі ерітінділерден және шаңнан мұқият тазалайды. Ағаш бетіндегі ескі дранканың орнына, алып тасталынатын, дранкалы щиттар өлшемі 45x45 мм ұяшықтар жарыққа қағады.

Кішкене көлемді сылақ ерітіндісі механикалық әдіспен жағылады. Кішкене көлемді ерітінді шөмішті «оттяжкой» көмегімен жағылады. Әрбір сылақ қабатын ағаш полутер және правиламен тегістеледі. Жабылған қабат қисық, войлочалы және басқа арнайы немесе басқада құралдарды электрлі немесе қысылған ауамен қолданылады.

Құрғақ сылақты парақтарды дайындалған негізге маркамен бекітеді.

Зақымдалған ескі құрғақ сылақты жөндеуде алып тастайды және жаңасын қояды.
Әрлеу жұмыстары

Қабырғаны әрлеу көздендірілген, әйнектелген және синтетикалық плиткаларды алдын ала дайындалған беттерде маяктармен орындалады. Кірпіш және бетон беттерін әрлеуге дайындауда алдын ала шаң тозаңдардан тазалайды. Қажет жағыдайда цемент сылақпен қабатпен затиркасыз бетін тегістейді. Ағаш беттерінде әрлеуде әйнек немесе керамикалық плиткаларды сым торлармен қағады. Плитканы жапсырар алдында сулайды.

Әрлеуді көлденең қатармен төменен жоғары қарай олардың ендерінің қабылданған бекітулерді сақтаумен. Шовтардың өлшемдердің тегістігін калибрленген сымдар көмегімен, әйнектелген, пластмасса немесе металл пластинкалар, уақытша ұстатылған шовтар, көлденең қатарлы плитканы орнату шнурға орнатады.

Шовтарын плиткалар арасын толтырады және бөлмеге плитканы жайғанан кейін 3-5 күнге бөледі.
Бояу жұмыстары

Бояу жұмыстар сапасы көбіне өңделетін бетін дайындауда байланысты. Жөнделетін бетін жуады және тазалайды ескі бұзылған бояудан және шпатлевкадан.

Әкті ерітіндіні және жапсырылған қабатын соскабливают скребкамен, кист көмегімен бетін ыстық сумен жуады. Майлы бояуды шпателмен немесе скребкамен өшіреді; егер бояу берік ұсталса, оны еріткішпен немесе паялы шаммен күйдіру жолымен алады.

Металл беттерін бояуға арналған, ескі бояудан тазалайды, тоттардан, шаңнан және балшықтан металл щетка көмегімен тазалайды. Ағаш бетінің деформациясын болдырмау үшін мұқият кептіреді, шпатлевка немесе құрғақ ағаш бекеітеді. Бетті дайындауға грунтовка, шпатлевка, шпатлевка және перетирка жатады.

Еден бетін шаң және ластан алдын ала тазалайды. Сосын кепкен бетіне екінші рет олифкамен огрунтовка охры қосып жасайды. Дайындалған бетті майлы бояумен 2 рет бояйды.
Түсқағаз жабыстыру жұмыстары

Түсқағаз жапсыру жұмыстары кептірілген және дайындалған беткі бөлігінде қндіріледі. Ескі түсқағазды шешеді, оларды алдын ала ыстық суға малып. Ағаш беттерді түсқағаздарды алдында картон қағады картон стыктар макулатурасымен жапсырады. Жай түсқағаздармен жапсыру внахлестку, линкрустом — впритык өндіріледі. Линкруста және түсқағазбен ауыстырусыз жөндегенде, терісімен тазаланады және жапсырылады. Жыртылған және былғанған түсқағаздың кішкене бетін немесе линкрустты алып тастайды, олардың орнына жаңа тілімін жапсырады, түсіне және суретіне, сортына сәйкес алады.
Қасбетті жөндеуге арналған лес және подмостка

Инвентарлы лес және подмост, ғимарат қасбетін жөндеу үшін қолданады, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар мықты, тасымалдауға ыңғайлы, тез және жеңіл жиналатын болу керек. Лестің негізгі элементтері (құбырлы инвентарлы) мықты (ұяшықтармен), көлденең (саусақпен) және тік (ригелді), башмак және настил тіреулер.

Лесті ғимараттың кескініне және жергілікті рельефаға тәуелсіз қолданады. Оларды 60 м биіктікке дейін жөндеуге болады. Ғимаратты жөндеуде ең көп тараған жөндеу ол подвесті люлькалар 30 м биіктікке дейін қолданады. Олар жеңіл жөнделіп және бұзылады, эксплатциялауда еңбек шығынын аз қажет етеді.

Қасбетті жөндеу үшін жылжымалы телескоптикалық надвигалық жоғары көтергіш вышкалар, үш қабаттарға арналған.
Қасбет элементтерін жөндеу

Ғимараттың қасбетін жөндеуде ең көп тараған жұмыстар-бұлар балконды жөндеу, эркерді, карнизді, сылақты, қасбетті әрлеу плиткалары және қасбетті бояуды жөндеу.

Балкондарды кешенді жөндеуде суоқшаулағыш, еден, ағу құрылғысын жасайды. Балкон көтергіш конструкцияларды қажет болса күшейтеді. Темірбетон консольді плиталарды қосымша темірбетон қабатымен күшейтіледі. Бетон плитасының беткі қабаты арматураға дейін тазаланады. Плита бетін және арматураны сумен жуады. Бетон қоспасы қалыңдығы 40-50 мм жаяды.

Эркер консольді бағаналарын жөндеуде күшейтуге немесе түгелдей ауыстыруға, қабырғаға салады және жабындарды ауыстыруға болады. Эркер консольді бағаналарын профилденген болат подмоскамен күшейтіледі, біржақ ұшы ұяшыққа электрмен дәнекерленіп бекітеді. Эркер және лоджа жарамсыз бағанасын жаңасына ауыстырады.

Кірпіш карниздері келесідегідей жөнделеді: жеке кірпіштер немесе участкіні байқап бұзады, қосылған кірпішті бұзбай, пайда болған ұяшықты қоқыстан, шаңнан тазалайды және сумен ылғалдайды.

Бұзылған бөлшектерін цемент ерітіндісін жағу жолымен қажет көлемге дейін алынады. Бұзылған бөлшекті жаңасына ауыстырады.
Қасбетті сылау жұмыстары

Қасбет сылауын жөндеуде зақымдалған сылақтар қол немесе механикалық құралдармен (электрлі, пневматикелық) көмегімен алынылып тасталады. Тас беттері сылақ алынғанан кейін болат щеткалармен тазаланады. Қабат қалыңдығы 10 мм жоғары болса сылақ болат тормен немесе сымдармен армирленеді, шегелермен немесе ағаш пробкалармен күшейтіледі. Жөнделген сылақтың бөлігінің стыктарын ескі сылақпен мұқият тазаланады. Біркелкі құрамды жасау үшін жаңа және ескі сылақтарды қасбеттің перетиркалайды. Жаңа сылақты маякпен орындайды, барлық қасбеттерде және терезе жақтауларында орналасқан. Терезе жақтауларының аздаған ендерде және қабырғалық қосымша бір бірінен 1,5—2 м аралықта маяк орнатады.

Кішкене көлемді сылақ ерітіндіні жағу үшін ерітіндісорғышпен және компрессорлар қозғалысы қолданылады; Кішкене көлемді ерітінді шөмішті «оттяжкой» көмегімен жағылады.
Ғимараттың цоколін және қасбетін әрлеуін жөндеу.

Әрлеудің алғашқы бұзылу белгілері пайда болуда арналған оның келесі дамуы әрлеуде қабаттар арсына кескін жасайды. Қиындатылған да, біртіндеп оны декоративті ауыстыруда немесе жай сылақ жағдайында ғана. әрлеудің бұл бұзылулары жергілікті мінездемелері бар, металл сымдарымен қабырғаға қосымша бекітеді немесе оның жеке бөліктерін. Метал анкерлі сымдар әрлеу бөлігін бекіту үшін адымын 60-80 см тігінен ал көлденеңнен 60 см қиылысуы орнына көлденең және тік шовтарын лажок қатармен орнатады. Металл сымдарды орнату үшін алдын ала қабырғаға тереңдігі 32-36 см тесік жасайды Д = 19-25 мм көлденең бұрышқа. Негізгі қалауға 20% жоғары немесе майысу жебесі әрлеудің 5 см кем емес әрлеумен ауыстырады көп күш түскенде.

Жөнделетін ғимараттың цоколін әрлеуде іріөлшемді панелдерді табиғи немесе жасанды тастардан анкерлік элементтер көмегімен әрлеуді бекітумен өндіреді. Қиылысуы, анкер адымы және бітеу тереңдігі әрлеу түрінде анықталады.
Ғимараттың қасбетін бояу

Ғимараттың қасбетін бояу жалпықұрылыстық және арнайы жөндеу жұмыстарын барлық түрі біткенен кейін орындалады. Бояр алдында былғанған беті тазаланған және жуылған болу керек. Жоғарсапалыбояу перхлорвинил құралымен қасбет бетін толықтай шпатлевкалайды. Қасбетті сулы, майлы немесе синтетикалық құраммен, пигменттерден тұратын, байланыстырғыш, толтырғыштар, қатайтқыштар, араластырғыштар және қоспалармен бояиды.

Ғимараттың қасбетін жөндеуде кешенді механикаландырылған әдіспен бетін бояу қажет. Жоғары сапалы қасбет сылағы жабын беткі жағы водоэмульсиялы бояумен кеппеген қабатқа 1,5-2 МПа қысыммен арнайы қондырғылар көмегімен, декоративті 2-5 мм өлшемде грунтан, кварцтан, мрамордан, жай немесе түрлі шыныдан қол жеткізеді. Қабат бөлігі кепкеннен кейін акрилитті немесе силиконды лакпен негізге жабады( ұзақтығы-8 жыл).

ДӘРІС 15

Ғимараттар мен үймереттерді қайта жаңғырту кезіндегі монтаждық құралдарды пайдаланудың ерекшеліктері.

Қайта жаңғырту жағдайында жұмыс істейтін жүк көтергіш құралдар келесідей спецификациялық сапаларын қамтуы тиіс:

    1. Ілгіштегі жүкті шектеулі кеңістікке орағыту қабілеті;

    2. Конструкцияларды үлкен аралықта араластыру қабілеті;

    3. Тасымалдың қарапайымдылығы;

    4. Мобильділік;

    5. Транспорттық жағдайдағы аздаған габариттер;

    6. өзіндік аз салмақ және т.б.

Барлық талаптарды бір дегенде бірде-бір жүк көтеру құралы қанағаттандыра алмайды, тіпті, талаптардың өздері де нақты жұмыс өнімділік шартынан туындайды. Мысалы, кәсіпорын алаңы кең жолдарды қамтыса, онда габариттер транспорттық жағдайда маңызды рөл атқармайды.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп қайта жаңғырту жағдайына арналған крандарды шығармайды. Сондықтан, құрылыс конструкцияларының қайта жинақтау және жинақталуы үшін, негізінен бөліммен шыққан машиналар мен механизмдерді пайдалануға тура келеді. Осыған сәйкес келесі нұсқалар қарастырылуы мүмкін:

      1. бөлімдік машиналарын ешбір жөндеусіз пайдалану;

      2. машинаның кей конструкцияларын өзгертіп пайдалану;

      3. құрылыс ұйымдарының қабілет күшімен арнайы машиналарды дайындау;

Рассмотрим особенности использования некоторых типов машин при реконструкции.
Өзі жүретін жебелі крандар.

Мұда автокөліктік, пневмодөңгелектік, автокөлік түрлі арнайы шассилі крандар жатады. Осы аталып отырған крандар қайта жаңғырту кезінде көп қолданылады. Осыдан басқа, олар тасымалауғ, бұзуға және жинақтауға көп шығын кетірмейді. Бұл сапалар нысандар орталықтандырылған кезде, ал жұмыс көлемдері көп кезде өте қажет.

Өзі жүргіш крандарды пайдаланудағы ерекшеліктері келесідей:

  1. Бұл крандар жүкпен қозғалу мүмкіндігі шектеулі. Егер алаң қысыңқы болса онда конструкцияны кран ілгішіне беруге қосымша тасымал көліктері қажет болады.

  2. Мұнаралы- жебелі қондырғылы кранды пайдалану ұсынылады. Мұндай крандар бұрылу кезінде үлкен еркіндікке ие.

  3. Ғимарат ішіндегі жұмыстар үшін телескопиялық жебелі крандарды пайдалану ұсынылады.

  4. Өзіжүретін жебелі кранды қолдануға болады ( сур 15.1)



Сурет . 15 1.

жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау