Аймақтар
|
Мемлекеттер
|
Еуропа
|
Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Германия Федерациялы Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария Конфедерациясы, Югославия Одақтас Республикасы
|
Азия
|
Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Малайзия, Мьянма Одағы, Пәкстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы
|
Америка
|
Америка Құрама Штаттары, Аргентина Республикасы, Бразилия Федерациялы Республикасы, Венесуэла Республикасы, Канада, Мексика Құрама Штаттары
|
Африка
|
Комор аралдары Федерациялы Ислам Республикасы, Оңтүстік Африка Республикасы, Нигерия Федерациялы Республикасы, Эфиопия
|
Аустралия мен Мұхит Аралдары
|
Микронезия Федерациялы Штаттары, Аустралия Одағы.
|
Тәуелді аумақтар. Ұлы географиялық ашылулар мен еуропалық отарлау нәтижесінде метрополияларға тәуелді аумақтар пайда болды. Жалпы “аумақ” деген термин егемендігі жоқ жерлерге; аз игерілген аудандарға; мәртебесі белгісіз жерлерге (мысалы, Батыс Сахара) қатысты қолданылады.
Тәуелді аумақтарға отарлар (латынша “colonіa” - қоныс), протектораттар (латынша “protector” – қамқоршы), мандаттық аумақтар, шалғай департаменттер мен аймақтар, ассоциациялық мемлекеттер жатады.
Ұлыбританияға тәуелді аумақтар:
Гибралтар (Испаниямен даулы аймақ)
Әулие Елена аралы (Атлант мұхиты)
Ангилья (Кариб теңізі)
Виргин (Британдық) аралдары (Кариб теңізі)
Кайман аралдары (Кариб теңізі)
Монтсеррат (Кариб теңізі)
Теркс и Кайкос (Кариб теңізі)
Питкэрн (Мұхит Аралдары)
Бермуд аралдары (Атлант мұхиты)
Фолкленд (Мальвин) аралдары (Аргентинамен даулы аумақ).
Францияға тәуелді аумақтардың арасында “шалғай департаменттер” деп аталатын айрықша топ бар. “Шалғай департаменттер” ресми түрде Франция мемлекетінің құрамында деп есептелінеді, оларды француз үкіметі тағайындаған комиссар немесе префект басқарады. Францияға тиесілі 5 шалғай департамент бар. Сонымен, Францияға тәуелді аумақтар қатарына жататындар:
Француз Гвианасы - «шалғай департамент» (Оңтүстік Америка)
Гваделупа — «шалғай департамент» (Кариб теңізі)
Мартиника — «шалғай департамент» (Кариб теңізі)
Реюньон аралы — «шалғай департамент» (Үнді мұхиты)
Сен-Пьер және Микелон — «шалғай департамент» (Атлант мұхиты)
Маоре аралы (Комор аралдары тобында) — әскери база, «айрықша аумақтық түзілім»
Крозе аралдары (Үнді мұхиты)
Кергелен аралы (Үнді мұхиты)
Клиппертон аралы (Тынық мұхит)
Француз Полинезиясы (Қоғам, Туамоту, Маркиз, Тубуаи, Бас және басқа аралдар) (Мұхит Аралдары)
Жаңа Каледония (Мұхит Аралдары)
Сен-Поль аралы (Үнді мұхиты)
Амстердам аралы (Үнді мұхиты)
Уоллис және Футуна (Мұхит Аралдары)
Нидерландқа тәуелді аумақтар:
Антиль (Нидерланд) аралдары (Бонайре, Кюрасао, Саба және т.б.) және Аруба (Кариб теңізі)
Данияға тәуелді аумақтар:
1. Гренландия (ішкі автономия)
АҚШ-қа тәуелді аумақтар:
1. Виргин аралдары (Кариб теңізі)
2. Пуэрто-Рико (1952 жылдан бастап АҚШ-қа “өз еркімен қосылған” мемлекет статусы бар)
3. Шығыс Самоа (Мұхит Аралдары)
4. Гуам (Тынық мұхит, Мариан аралдары тобында)
5. Мидуэй аралындағы әскери базалар (Гавай аралдары)
6. Джонстон және Сенд аралдарындағы әскери базалар
7. Адам қоныстанбаған аралдар: Пальмира, Джарвис, Кингмен-Риф, Хоуленд және Бейкер (Мұхит Аралдары)
Аустралия Одағына тәуелді аумақтар:
Кокос аралдары (Мұхит Аралдары)
Халықаралық ұйымдар дегеніміз – халықаралық келісімдер (жарғы, статут немесе басқа құжаттар) негізінде құрылған, тұрақты түрде жұмыс істейтін үкімет аралық және үкіметтік емес ұйымдар. Олар өзінің қызметін жарғылық құжаттарына сай, көп жақты келіссөздер мен проблемаларды талқылау, дауыс беру арқылы немесе консенсус негізінде шешім қабылдауға құрады.
1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Ұйымға 191 мемлекет (2007 ж) мүше.
Бұл ұйымның алға қойған негізгі мақсаттары оның Жарғысында көрініс тапқан. Олардың қатарына әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбір өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу жатады. Бұл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі мен ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің теңдігі, халықаралық көлемдегі ынтымақтастық пен өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптері бекітілген.
БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Хатшылық. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды.
Сондай ақ, БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі қызметін ұйымдастыруда оның құрамындағы Атом энергетикасы жөніндегі агеттік (МАГАТЭ), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымның (ЮНЕСКО, штаб-пәтері Парижде орналасқан), Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Азық-түлік пен ауыл шаруашылық жөніндегі ұйымның (ФАО), Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор.
Лекция 2
Тақырыбы: Қазіргі заманғы елдерді топтастыру (2 сағат)
Мақсаты – қазіргі заманғы дүние жүзі елдерін топтастырудың негізгі принциптерімен таныстыру.
Жоспары
Дүние жүзі елдерін топтастырудың әртүрлі әдістемелері.
Елдерді мемлекет құрылымы бойынша топтастыру.
Елдерді аумағы мен халық санына қарай топтастыру.
Елдерді экономикалық даму деңгейіне қарай топтастыру.
Дүние жүзі елдерін топтастыру ең алдымен біз бірінші тақырыпта қарастырып кеткен басқару формасы мен мемлекет құрылымына қарай болады. Одан басқа топтастырудың бірнеше басқа принциптері бар, олардың негізгілері:
Жерінің ауданы
Аумағының пішіні
Халық саны
Теңізге шығу –шықпауы
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі
Мемлекет аумағы – белгілі бір мемлекеттің егемендігіндегі географиялық кеңістік бөлігі, ол мемлекеттің халықаралық деңгейде танылған аумағы болып табылады. Мемлекеттер арасындағы кеңістік қатынастар шекаралар арқылы реттеледі. Осы тұрғыда мемлекеттің саяси-географиялық орны анықталады. Мемлекет аумағының құрамына құрлық пен ішкі сулар ғана емес, оның жағалауындағы Дүниежүзілік мұхиттың аумақтық бөлігі де енеді. Теңіз жағалауында орналасқан мемлекеттердің басым көпшілігінде (олардың саны 121) аумақтық сулар 3-12 мильдік жолақты құрайды, алтауында ол 15-50 миль, ал қалған он үш елде 200 мильдік аумақтық су зонасы бекітілген. Теңізге тікелей шыға алмайтын 41 мемлекетке басқа мемлекеттердің аумағы арқылы еркін өту құқығы берілген.
Жерінің ауданы бойынша ірі тоғыз елді (Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия Одағы, Үндістан, Аргентина, Қазақстан) атауға болады, олардың жерінің ауданы бірігіп, адам қоныстанған құрлықтың 55,8 %-ын құрайды.
Ал жерінің ауданы 30 мың км2-ден аспайтын микромемлекеттерге Еуропадағы «ергежейлі» мемлекеттер мен Мұхиттағы аралдық мемлекеттерді жатқызуға болады: Ватикан, Монако, Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Мальдив Республикасы, Науру, Тувалу және т.б. Ұсақ мемлекеттердің алып жатқан аумағы адам қоныстанған құрлықтың бар болғаны 1,3%-ын құрайды (кесте).
үние жүзі мемлекеттерін жерінің ауданы бойынша топтастыру
(И.И. Пирожник бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |