Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы



жүктеу 1,68 Mb.
бет8/13
Дата20.11.2018
өлшемі1,68 Mb.
#22438
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін - өзі бақылау сұрақтары

1. Талдаудың мәні, міндеттері және ақпараттық көзі

2. Шаруашылық субъектінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін талдау

3. Негізгі қорлардың қозғалысы мен техникалық жағдайын талдау

4. Негізгі қордың тиімді пайдаланылуын талдау

5. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылату есебінен өнімдер шығаруды көбейтудің резервтері



Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000
Тақырып 9: Өткізілген өнімдердің өндіріс шығындарын талдау


  1. Шығындарды талдаудың мәні, міндеттері және ақпараттық базасы. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің резервтері

  2. Өнім өндіруге кеткен жалпы шығындар сомасын талдау

  3. Өндірілген өнімнің бір данасына шығындарды талдау

  4. Өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнын талдау

  5. Шығындардың жеке баптары бойынша өзіндік құнның өзгеруіне әсер ететін шығындар мен факторлардың құрылымын талдау

Өнiмдердi өндiру мен сатудың талдауының мақсатына келесiлер жатады:

1) Бәсекелестермен салыстырғанда өнiмдi өндiрудiң және сатудың көлемдерiн ұлғайтудыңжолдарын iздестiру.

2) өндiрiс қуатын пайдалана отырып нарықтағы өз үлесiн кеңейту.

3) нәтиже ретiнде кәсiпорынның пайдасын көбейту.

өнiмдi өндiрудiң және сатудың талдауының негiзгi мiдетiне нарық коньюнктурасының өзгеруi кезiндегi кәсiпорынның бәселестiк позициялары және өз ресурстарын басқаруының талдауы жатады. Негізгі мiндет келесi аналитикалық есептер арқылы жұзеге асырылады.

- өндiрiстiк бағарлама мен өнiмдi сату жоспарының орындалу дәрежесі

- өнiмдердi сату мен өндiрудiң динамикасына баға беру.

- өнiмдердiңкөлемi ырғақтылығы, жабдықталуы, сапасы және кешендiлiгi бойынша келiсiм шартты орындалуы.

- өндiрiстiңырғқтылық еместiгiнiңжәне төмендеуiнiңебептерiн анықтау.

- өнiмдi өндiру мен сатудың өсу резервтерiне сандық баға беру.

Өндiрiлген өнiм көлемi наруралды- шартты, натуралды және құндық өлшемдермен көрсетiледi. өндiрiс көлемiнiңнегiзгi көрсеткiштерiне тауарлы, жалпы және сатылған өнiмдер жатады.

Жалпы өнiмге – барлық өндiрiлген өнiм құны жатады (аяқталмаған өндiрiстi қоса) тауарлы өнiмге жалпы өнiмге қарағанда, аяқталмаған өндiрiс пен iшкi шаруашылық айналым қалдықтары қосылмайды және құны есептiк жылдағы көтерме бағамен көрсетiледi.

Сатылған өнiмге – сатып алушыға жөнелтiлген және құны төленген өнiм көлемi жатады. өнiм көлемiн зерттеу релеванттық қатарды көрсететiн минимум максимум шекарасында жұзеге асырылады. Бiрақ талдау тек қана минимум максимум шекарасында жұзеге асырыла қоймайды. Сонымен бiрге, өзгертiлмейтiн тұрақты шығындардың аумағында да жұргiзiледi. Рлеванттық қатарға минималды мұмкiн, максималды мұмкiн, оптималды және нақты өнiмдi өндiру және сату көлемдерi жатады. Минималды мұмкiн сату көлемi деп (зиянсыз) өнiмдi өндiрiп, сату кезiндегi табыстар мен шығындардыңтеңелуi кезiндегi көлемдi айтамыз.

Максималды мұмкiн көлемге өндiрiстiк факторлардың максималды жұмысын қамтамасыз ететiн көлемдi айтамыз.

Оптималды сату көлемi деп белгiлi бiр бағалық диапазондағы тұрақталған өндiрiс шарттары кезiндегi максималды пайда алуды қамтамасыз ететiн көлемдi айтамыз.

Өнімді өндіру мен сатудың көлемін талдаудың объектілері.

Талдау объектісі

Өнімді өндіру көлемінің көрсеткіштері

Зиянсыз көлем

Өндірілген өнім көлемінің релеванттық қатарының көрсеткіштері

Оптималды көлем

Өнім асортименті және құрылымы

Максималды көлем

Өнім сапасы

Сату мен өндірудің ырғақтылығы

Өндірістік өнім көлемінің өсуі резервтері.

Ассортимент деп толық және топ ішіндегі өнімдердің аталуының тізімін айтамыз. Талдау жүргізудің ақпараттық көздеріне келесілер жатады.


1) оперативтік талдау жүргізу үшін (оперативтік) бухгалтерлік есептің алғашқы құжаттары.
2) Дайын өнімді сату, жөнелту және қозғалысы ведомсті.
2.өнімді өндіру мен сату көлемінің талдауы басқару талдауының бөлімі ретінде құрастырылып кәсіпорын тиімділігін өсіруге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін жүргізіледі.өнімді өндіруді басқаруға нақты өндірілген өнім көлемімен, максималды, минималды шекарадағы сату көлемінің үлкен маңызы бар. Зиянсыз минималдың көлемді салыстыру кезінде кәсіпорын қауіпсіздік зонасын бағалауға мүмкіндік береді. Егерде қауіпсіздік теріс мәнге ие болса, онда өнімнің кейбір түрлері өндірістен алынып, өндіріс шарты өзгертіліп, шығындар төмендетіліп сол өнімнің өндірілуі тоқтатылады.өнім көлемін максималды өнім көлемімен салыстыру сұраныстың өсуі мен нарықтағы кәсіпорын үлесінің көбейуінен болған өндіріс көлемінің өсуі кезіндегі, пайданың өсу мүмкіншіліктеріне баға беруге мүмкіндік жасайды. Экономикалық басқару кезінде қорытынды және болжамды талдаулардың маңызы зор. Болжамдық талдау кәсіпорынның өндірістік ресурстарға қажеттілігі мен нарық концептурасын талдаумен қатар жүргізіледі. Зиянсыздықты талдауда келесі процедуралар жасалуы керек:
1) бірнеше периодқа зиянсыз көлемді салыстыру немесе жоспарлық кезеңмен салыстыру.

2) динамикадағы кәсіпорынның қауіпсіздік деңгейіне баға беру.

3) өндірістің зиянсыз көлеміне факторлар әсерәнің сандық бағасы.

4) болжанған пайда сомасын алу үшін жоспарлы өндіріс көлемін есептеу.

Өндірістің зиянсыз (критикалық) келесі теңдеумен есептеледі:

Р*Q= Штұр + Шайн * Q.

Мұндағы: Р - өнім бірлігінің бағасы.

Q- өндірістік сатылған өнім бірлігінің саны.

Штұр- өнімнің бір бірлігіне шақ шығындар.

Q минималды зиянсыздық нүктесін анықтау.


N Ша+Шт
N= (Ша+Шт)=П
N-Ша-МТ Шайн

Штұр
Суретте көрсетілгендей өнімді өндірудің зиянсыз көлемі шығындардың жалпы сомасымен сатудан түскен түсіммен тең болғанда немесе маржиналды айналым шығындармен тең болғанда пайда болған материалды немесе жалпы маржа деп айналым шығындары жапқаннан кейін қалған табысты айтады. Зиянсыз көлем келесі есептеулер арқылы анықталады.

1)Натуралдық түрдегі минималды өнім көлемі.

Мысал тұрақты шығындар 10000 пл айналым шығындар 5 тг өнім бірлігінің бағасы 12тг.

5) Құндық түрдегі минималдық өнім көлемін анықтау үшін теңдеудің екі жағын бағаға көбейту керек?

Р*а = Шт+Ша* Q; Q*Р= N- қосылған құнға салықсыз сатудан түскен түсім; Ша/Р- бағадағы айналым шығындар үлесі.

6) Сату көлемінің критикалық көлемі маржиналды табысты пайдалану арқылы есептеуге болады.

МТ = N-Шайн; Nmin= Штұр/МТ;

Өндірістің критикалық көлеміне құрылымдық қозғалыстар әсерін анықтау үшін келесі көрініс пайдаланылады.

«Зиянсыз көлем» түсінігі «қаржы тұрақтылық қоры» түсінігімен тығыз байланысты.

ҚТҚ=НӨК- ЗӨК.

Өнімнің өзіндік құны – бұл өнімді өндіруге және сатуға кеткен кәсіпорынның ағымдық шығындары.өзіндік құнда өндіріс кезінде жұмсалатын еңбек құралдары және заттары, тірі еңбек құны, сатып алынған жартылай фабрикаттар, шеткі ұйымдардың өндірістік қызметтерінің құны көрсетіледі.

Тауарлардың өзіндік құны өндірістік қорлардың жиынтық шығындары көрсетілсе, үлестік өзіндік құнда (1 тг. өнімге шақ өзіндік құн) ресурстардың тиімді пайдалануы көрсетіледі.

Өзіндік құн, бұл баға құраушы және пайда құраушы фактор, сондықтан талдау бір жағынан қорларды пайдалану тиімділігіне жалпы баға берсе, екінші жағынан қорларды пайдаланудың тиімділігіне жалпылама баға береді.

Өзіндік құнды талдау келесі негізгі бағыттар арқылы жүргізіледі:

1. Өзіндік құнның жалпылама көрсеткіштеріне баға беру, оның өзгеру факторларын талдау.

2. Бір бірлік өнімнің өзіндік құнын талдау.

3. Шығындар құрылымы мен динамикасын талдау.

4. Статья бойынша өнімнің өзіндік құнын талдау.

5. Өнімнің өзіндік құнына факторлық талдау.

6. Өзіндік құнды төмендетудің резервтерін анықтау.

Өзіндік құнды талдауда келесі талдаулар жүргізіледі:

1. Қорытынды талдау.

Бұл талдау шығындар динамикасы мен олардың өзгеру факторлары жайлы ақпарат жинау мақсатында пайдаланылады. Бұл талдаудың нәтижелері жоспарлы өзіндік құнды анықтау үшін, баға саясатының түзілуі үшін, басқару шешімдерін жасау үшін, өнімнің бәсеке жағдайын көтеру үшін жүргізіледі.

2. Оперативтік талдау.

Бұл күнделікті жүргізілетін талдау түрі. Талдау нәтижесінде өндірістік емес шығындар да анықталады.

3. Алдын-ала талдау.

Бұл талдау өмірлік циклдің бірінші кезеңінде өнімнің белгілі бір түріне жасалады. Оған негізінен ғылыми зерттеу жұмыстары жатады.

4. Болжамды талдау.

Бұл талдау жалпы немесе жеке өнім түрі бойынша өзіндік құнның төмендеуі немесе өсуіне баға береді. Оған қорлар нарығындағы болжамды өзгертулер жатады. Бұл талдауда «шығын-көлем-пайда» әдісі пайдаланылады.

Талдаудың ақпарат көздеріне келесілер жатады:

1. Өнімді өндіруге, сатуға (қаржылық) кеткен шығындар туралы есеп беру.

2. Бухгалтерлік есеп мәліметтері.

3. Материалдық, еңбектілік, қаржылық шығындарды көрсететін ведомстер, журнал-ордерлер.

4. Шығындардың жоспарлы, нормативтік сметалары.

Өндірістік құнның жалпылама көрсеткішіне тауарлы өнімнің 1 теңгесінің өзіндік құны жатады. Егер тауарлы өнімнің өзіндік құнын 1 бірлік өнімнің өзіндік құнының өнім санына көбейтінді ретінде, ал тауарлы өнім көлемін өнім саны мен бағаның көбейтіндісі ретінде қарастырсақ, онда 1 тг тауарлы өнімнің өзіндік құны келесідей:

Мұндағы: Уөз.қ – 1 тг өнімге шақ өзіндік құн (шығындар деңгейі).

Qi = натуралды көрсеткіштегі бірлік саны

Сi = 1 бірлікке шақ өзіндік құн.

Pi =1 бірліктің бағасы

п=номенклатурадағы бірлік саны

Бұл көрсеткішке 4 фактор әсер етеді.

1. Шығарылған өнім құрамы.

2. Бөлек бірліктерді өндіруге кеткен шығын деңгейі.

3. Жұмсалған материалдық қорларға тариф және бағасы.

4. Өнім бағасы.


Кесте бойынша көріп отырмыз 1 бірлік өнімнің өзіндік құны 4,3 тг өсіп отыр (119,4- 1) өзіндік құн деңгейіне келесі факторлар әсер еткен

1. өнім өндірудегі құрылымдық қозғалыс (В,А, Б)

2. 1 бірлік өнімнің өзіндік құны

1)құрылымдық қозғалыс әсеріне баға беру.

а)нақты өнім көлемі бойынша
б)нақты үлес салмағы бойынша

Мұндағы: - 1 бірлік өнімнің орташа өзіндік құны, ендігі жерде 1 бірлік құрылымына құрылымдық өзгеріс әсері келесідей.

2) 1 бірлік өнімнің өзіндік құнындағы өзгерске баға беру.

Өндірілген өнімнің өзіндік құнының өзгеруі өзіндік құнның үлес салмағының өзгеруі нәтижесінде шығындар үнемделуі немесе асыра шығындалуы анықталады. Бұл жағдайда асыра шығындалу келесідей 2345,9 тг.

Көрсеткіш

Есептеу алгоритмі

есептеу

әсер ету көлемі

1

Жоспарлы өзіндік құн



гр 7

60568


2

Шартты өзіндік құн

гр 8

63248


3

Өзіндік құнға өнімнің көлемі және құрылымы

63248-60568

2680


4

Жиынтық өзіндік құнға стт әсері

(554-526)х115,15

3224,2


5

Өнім құрылымының жалпы өзіндік құнға әсері

а) – 0,98х554

б) 2680 – 3224,2

а) – 542,9

б) – 544,2

6

1 бірлік өнімнің өзіндік құнының өзгеруінің жалпы өзіндік құнға әсері



(119,38-115,15х554)

2345,9
7

Факторлардың жиынтық әсері

4ж-6ж


3224,2+2345,9

5570,1
Сонымен қатар, өнімнің 1 бірлігінің өзіндік құнын талдауда тереңдете түссек – шығын сиымдылығы көрсеткішін анықтау керек. Шығын сиымдылығы деп- 1 бірлік өнімге шақ тура және жанама шығындарды айтамыз.

1. Зиянсыз өндірістің экономикалық және бухгалтерлік модельдері және оларды графиклық зерттеу

2. Шығындар, өнімдер шығару және табыстар арасындағы тәуелділікті зерттеудегі шектелген талдау әдістері.

3. Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі

Бизнесте басқару шешімдерінің негізінде маржиналды талдау үлкен роль атқарады, әдістемесі үш маңызды экономикалық көрсеткіштер арасындағы қатынастарды зерттеуге базаланған:

1. шығындар

2. өндіріс (сату, өткізу) көлемі

3. табыс (пайдамен)

Басқару есептерінің аталған әдістерін сонымен қатар шығынның талдауы деп те атайды. Әдістеме негізіне өндірістік және тұрмыстық шығындар бөлінісі жатады.

Маржиналды талдаудың негізгі мүмкіндіктері келесі анықтамалардан тұрады:

- Сатылудың шығынсыз көлемі (рентабельділік бастамасы) берілген баға қатынастарында және тұрақты, айнымалы шығындарда;

- Кәсіпорынның шығынсыздығының аймағы;

- берілген табыс өлшемін алу үшін қажетті сатылым көлемі;

- Маржиналды табыстаға берілген деңгей бойынша тұрақты шығынның критикалық деңгейі;

- сатудың айнымалы және тұрақты шығындағы критикалық бағасы.

Маржиналды талдау көмегі арқылы басқа да басқару шешімдері негізделеді: өндірістік қуаттылықтың өзгеру варианттарын таңдау, өнімнің ассортименті, жаңа бұйымдарға қойылған баға, өндіріс технологиясының қондырғыларының варианттары, қосымша тапсырыс қабылдау тиімділігін бағалау және т.б.

Өндірістің шығынсыздығын талдау үшін келесі модельдерді қолданамыз:

1. экономикалық

2. бухгалтерлік.

Экономикалық модель болжамға негізделіп жасалған, мұнда жиынды табыс және жиынды шығын өндіріс көлемі мен бағаның реализациясына байланысты өзгеріп отырады.

Табыстың өзгеруі – бағаның төмендеуін және өнімнің санының жоғарылауын талап етеді. Бағаның төмендеуі сапаның өсуіне қарағанда табыстың төмендеуіне үлкен әсерін тигізеді және график түрінде ол келесі суретте берілген үлгіде болады:

Бухгалтерлік модель болжамға негізделген, онда айнымалы ұстанымдар және өнімнің бірлік бағасы ешқандай өзгермейді, сонымен қатар жиынтықты табыс пен шығынның тәуелділігі өнімнің өндірісінің көлеміне қарағанда сызықты мінездемеге ие болады.

Кәсіпорынның шығынсыздығын талдау өнімнің және өндіріс реализациясының қажетті минималды көлемін анықтауға мүмкіндік береді, онда кәсіпорын толығымен өз шығынының орнын шығынға ұшырамай және пайдасыз жаба алады.

Өндірістің шығынсыздығын талдауды екі тәсілмен жүргіземіз:

1. графикалық

2. алгебралық

Негізінде ұстанымды айнымалы және тұрақтыларға бөлу жатыр.

Талдаудың нәтижесі - өнімнің өндіруінің және шығынсыз реализация көлемінің анықталуы болып табылады.

Нүкте арқылы немесе деңгей арқылы реализацияланған өнімнің көлемі түсіндіріледі, онда реализациядан түсетін табыс оның толық өзіндік құнына тең болады, берілген нүктеде пайда да шығын да болмайды, сондықтан да оны шығынның окупация нүктесі деп атаймыз.

1. Графикалық тәсілде тұрақтылар қисығы, айнымалылар қисығы, ұсталымдар мен өнімді реализациялаудан түсетін табыс сызығы тұрғызылады.

2. Шығынсыз өндірістің алгебралық әдісінің негізіне маржиналды табыс түсінігі сәйкес келеді.

Пайданың маржиналды талдауды жүргізуде көпкезеңді табыс бойынша процесі қолданылады, оның модельі келесі түрде болады:

1) «В» өнімінің реализациясының түсімі

2) айнымалы шығындар «Рп»

3) маржинальды табыс Дм

4) тұрақты шығындар Н.

5) П өнімінің реализациясынан тұсетін табыс.

Схемадан көретініміз:

Дм = В-Рп

Дм =П+Н

Маржиналды табыс көлемін біле отырып, критикалық көлемнің орналасқан орнын анықтау үшін арналған коэффициентті есептейміз:

К= Н/Дм

Егер аталған коэффициентті өнімнің реализациясының фактілі және максималды көлеміне көбейтетін болсақ ол табиғи түрде (К), немесе ақшалай түрде (В) болады, сосын натуралды және ақшалай тұрдегі шығынсыздық нүктесін аламыз.



Критикалық көлемнің нүктесі табиғи түрде келесі теңдеумен сипатталады

Т= К *Н/Дм

Т=В *Н/Дм

Критикалық көлемнің нүктесін біле отырып, формула бойынша қауіпсіздік аймағын немесе қаржылық тұрақтылық зонасын анықтауға болады:

ЗБ= В-Т/В

Мұндағы


В - реализациядан түсетін фактілі және максимальды табыс

Т – ақшалай түрдегі критикалық көлемнің нүктесі (немесе табиғи түрдегі).

немесе ЗБ= К /К

Мұндағы К – Табиғи түрдегі фактілі және максималды өндірістің көлемі.

Қауіпсіздік аймағы фактілі сатылым көлемі критикалыққа қарағанда қанша пайыз екенін көрсетеді, бұл жерде рентабельділік =0-ге тең болады.

Сатылымның шығынсыздық көлемінің қауіпсіздік аймағы тұрақты және айнымалы шығындар суммасына тәуелді, сонымен қатар өнімнің бағасының деңгейіне де тәуелді.

Тұрақты ұстанымдарды қысқарту кезінде қауіпсіздік аймағының деңгейі жоғарылайды.

Маржиналды талдаудың көмегімен маржиналды табыстың берілген деңгейінде тұрақты шығынның критикалық деңгейін орнатуға болады:

Н=К(Ц-Рп), немесе Н= КхДс, Н=Вх Ду

К – табиғи түрдегі реализацияланған өнімнің көлемі;

Ц- өнім бірлігінің құны;

Рп – айнымалы шығындар;

Дс – өнім бағасындағы маржиналды табыс ставкасы;

Ду – өнімді реализациялаудан түсетін маржиналды табыстың ұлесті салмағы;

Есептедің мақсаты: тұрақты шығындардың максималды рұхсат етілген өлшемін анықтау; ол берілген сатылым көлемінде маржиналды табыс арқылы өнім бірлігіне айнымалы шығындар деңгейін және бағасын жабады. Егер де тұрақты шығындар бұл деңгейден асып түсетін болса, онда кәсіпорын шығынға батқан деген сөз.

Мысалы: бұйымның бағасы 5000 тенге

Ауыспалы шығындар бірлігі. – 3000 тенге

Өндірістің мүмкін көлемі – 4000 бірлік.

Н-? (тұрақты шығынның критикалық деңгейі).

Н=К(Ц - Рп)= 4000 (5000-3000)=8000 мың. Тенге мұдай суммада кәсіпорын ешқандай пайда көрмейді, бірақ шығынға да ұшырамайды.

Егер тұрақты шығындар критикалық суммадан асып түсетін болса, онда кәсіпорын оларды өз пайдасының есебінен жаба алмайды.

Т=Н/Ц*Р


80000 мың теңге/5000-3000 теңге =4000 бірлік

мұнда кәсіпорын 4000 бірлік бұйымды тұрақты шығынның 8000 мың теңгесін жабу үшін реализациялауы керек.

Егер де шығынның суммасыжоғары деңгейде болып, ал сатылу көлемі болса қаржы нәтижелерін формалау процесін тиімді басқара алады.

Тұрақты шығындардың критикалық деңгейі қаржы нәтижелерінің формалау процесін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Бағаның критикалық деңгейі – аталған реализация көлемінен және тұрақты және айнымалы шығын деңгейімен анықталады.

Цкр = Н/К +Рп,

мұнда тұрақты шығынды жабу үшін минималды баға.

Мысалы: өндірістің көлемі 6000 бірлікке тең.

Айнымалы шығындар 55000 тенге

Тұрақты шығындар 180000 мың. тенге

Цкр= 180000 мың теңге/6000 бірлік + 55000 теңге=85000 теңге,

Мұндағы баға 85 мыңнан аз болатын болса, ода шығын болып саналады.

Таза табыстың максималдануы кез-келген шаруашылық субъектісінің доминациялы проблемасы болып саналады. Максималды табысты алу өндіріс көлеміне,өнім бағасына, өндіріс үшін ұсталымына байланысты. Табыстың максималдануы өнім өндірудің көлемін таңдаумен шектеледі, ол көлемде шекті ұстанымдар өндірісте және өнімді реализациялау үшін шекті пайданың көлеміне тең болады.

Ол үшін өндірістің барлық кеңеюі пайданың адекватты өсіміне әкелмейтінін есте ұстау керек, яғни:

а) ұстаныс динамикасы бірнеше түрде болады;

б) өнім өндірісінің көлемінің өзгеруінде бағаның төмендеуі болуы мүмкін.

Яғни, кәсіпорын үлкен табыс әкелетін өнім өндірісінің көлемін табуы керек. Өндірістің тиімді көлемін анықтауға арналған бірнеше әдістер мен тәсілдер бар:

- бухгалтерлік – аналитикалық;

- графикалық;

- статистикалық.

Бухгалтерлік – аналитикалық тәсілдің маңызы шекті табыс пен шекті ұстанымнан тұрады. Егер шекті табыс шекті ұстанымнан ұлкен болатын болса, онда өндірудің болашақтағы өсімі пайданың жалпы суммасын жоғарылатады және керісінше. Сонымен қатар, кәсіпорынның табысын максималдау үшін өндірістің көлемін шекті табыс шектіұстанымның көлемінен асқанша кеңейтуіміз керек, және шекті ұстаным шекті табыстан асқан кезде ғана өндіруді кеңейтуді тоқтатамыз.

Графикалық әдістің маңызы графикте қисықты шекті ұстаным мен шекті табыс қисығымен қиылысумен шектеледі. Бұдан кейін шекті ұстанымның қисығының нүктесі шекті табыстың нұктесіне қарағанда жоғарырақ орналасады, бұдан тұжырымдайтын болсақ, әрбір қосымша өнім бірлігі пайданы төмендетеді және оның өндірілуі кәсіпорын үшін пайдасыз болады.

Статистикалық әдістің маңызы массалы мәліметтердің негізінде шекті табыс пен шекті ұстанымның тәуелділіктері зерттелумен шектеледі.

Нарықтық экономикада тәуекелділік факторы жылдам күшейеді, ол кәсіпорын қызметіне үлкен әсер етеді.

Тәуекелділік – кәсіпорынның өз ресурстарының жартысын жоғалту ықтималдығы, табысты толығымен алмау, немесе қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы.

Тәуекелділікті анықталған шығын деңгейінің ықтималдығы сияқты өлшейді.

Тәуекелділіктің негізгі түрлеріне жататындар:

- өндірістік;

- коммерциялық;

- қаржылық;

- инвестициялы

Өндірістік – өнім, ұсыныс, тәуекелділікпен кез-келген өндірістік қызмет түрінің жүзеге асырылуымен байланысты. Туындау себебі: өндірістің жоспарланған көлемінің төмендеуі, материалды шығындардың өсуі; қызметкерлердің еріксіздігі, менеджерлер қателіктері, жоғарылатылған бөлінімді төлемдер, салықтар және т.б.

Коммерциялы – өндірілген немесе сатып алынған тауарларды реттеуде туындайды. Себептері: тасымалдау көлемінің төмендеуі; материалды ресурстар бағасының өсуі; айналым ұсталынымының өсуі, конкуренттер қызметі; клиенттер сұранысында болатын өзгерістер.

Қаржылы тәуекелдік – кәсіпорынның банкпен және басқа да қаржы институттарымен өзара қатынасының нәтижесінде пайда болады. Себебтері- заемды және жеке құралдар қатынасының жоғары өлшемі, несиеге тәуелділігі, капиталдың белсенді еместігі, бір жобада ұлкен құралдардың бір уақытта орналасуы, несиелік және инвестициялық операиялардан зиян келу, құнды қағаздар эмиссиясы.

Қаржы тәуекелінің рұхсат рұхсат құралдарын таңдау кезінде келесі принциптер міндетті түрде есепке алынуы тиіс:

- өзіндік капиталдан үлкен көлемді тәуекелге бармау керек;

- аз үшін көп тәуекелге бармау керек;

- тәуекелдік әкелетін нәтижесін алдын-ала есептеп болжап көру керек.

Инвестициялы тәуекелділік –ақшаны құнды қағаздарға инвестициялау тәуекелдігі (инвестициялы – қаржы портфелін қамтамасыз ету). Ол табыс түсіруді, капиталды көбейтуді, немесе оны бұрынғы деңгейінде сақтауға жарамайды. Шығынның көлемі салынған капитал көлеміне тең болады. Тәуекелдің деңгейі коэффициенттің деңгейімен өлшенеді.

Инвестициялы тәуекел ережесі: инвестор баруға дайын тәуекелге тікелей пропорционал құнды құнды қағаздарды салғаннан кейін түсетін пайда.

Жүйелі ықпал көзқарасы бойынша инвестициялы тәуекелді екі топқа бөлеміз:

а) жүйеленген – инвестицияның барлық түріне қатысты және макроэкономикалық мінездеменің өзгерісі арқылы анықталады.

Себептері: инфляция, экономикалық құлдырау; жоғары ставка % және т.б.

б) жүйеленбеген – тәуекелдер бақталастықпен (инвестиция) тығыз байланысты. Себептері: игеру тәуекелдігі (тасымалдаушының өз міндеттерін орындауы); өнімнің тасымалдану тәуекелдігі (сатып алушылардың тәртібі); бақталастықтың әсері; ірі келісімдерді алу немесе жоғалту не бұзу.

Тәуекелдіктің төмендеу әдістері:

1. Тәуекелдіктің бөлігінің басқа фирмаларға берілуі немесе өзін-өзі сақтандыру. Ол шығынды жабу құралдарын резерфтеумен және өзіндік жеке құралдарының бір бөлігінің есебінен шығынды жабумен байланысты. Ішкі өлшемдер көмегімен мүлікті жою тәуекелдігі кезінде мақсатқа лайықты болады. Оның құны барлық фирманың қаржылық көрсеткіштерімен салыстырғанда үлкен емес.

2. Хедждеу –қарсылықты валюталы, коммерциялы, несиелі және басқа да міндеттер мен талаптарды құру. Тәуекелдіктің ұлкен бөлігі толығымен кәсіпкерлерге жатады (баға мен сұраныстың өзгеруі; жобаны дұрыс таңдамау; менеджерлердің жіберген қателіктері).

Тәуекелдік талдау – шешім қабылдауға арналған потенциалды кәсіпкерге мәліметтерді жеткізеді.

Тәуекелдікті талдау кезінде «тәуекелдік облысы» деген жаңа ұғымды қарастырамыз, ол- тәуекелдік бекітілген деңгейінен аспайтын рыноктың жалпы шығынының зонасы.

Тәуекелдік талдауының түрлері:

1. Сапалы талдау – тәуекел, ол кезең және орындалуының нәтижесінде тәуелділік туындайтын жұмыс формаларын анықтаумен шектеледі.

Жүргізілу реті:

1 Тәуекелің өзгеруші түрлерінің сыртқы әне ішкі факторларының жариялануы;

жарияланған факторлар талдауы;

екі ықпалды қолдану арқылы қаржылық жағынан тәуекелдің нақты түрін бағалау, яғни:

а) қаржы жағдайын анықтау (жобаның ликвиді);

б) экономикалық мақсатқа лайықтылықты анықтау.

4. тәуекелдің рұхсат етілген деңгейін орнату;

5. тәекелің таңдап алынған деңгейі бойынша жеке операцияларды талдау;

тәуекел деңгейіне әсер ететін факторлар келесі түрде бөлінеді:

а) объективті – кәсіпорынның өзіне тәуелді емес (инфляция, бақталастық, экономикалық және саяси дағдарыстар, экология, кеден).

б) субъектілі – кәсіпорыннның өзіне тәуелді (өндірістік потенциал, кадрлар құрамы, шаруашылық байланыстар, қаржылық жағдай).

Сандық талдау қарастырады – қаржы тәуекелі және жеке түрлер бойынша шығынның нақты түрін анықтау. Жүргізілу әдістері:

а) статистикалық – өндірістегі пайда мен шығынның статистикасын зерттейді, болашаққа болжау жасалады.

б) шығынның мақсатқа лайықтылығын талдау – кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке алу арқылы тәуекелдің потенциалды зрнасын орнату.

в) экспертті бағалау әдісі – шешім қабылдауға пайдалы эксперт-мамандардан сұраунама жүргізу.

г) аналогтарды қолдану әдісі – басқа да аналогты объектілердің құрылуы негізінде жаңа ойлар мен ұсыныстардың туындауы.


жүктеу 1,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау