Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
№
|
Көрсеткіштер аталуы „
|
1/1 >00 ж.
|
1/IV
|
ІЛ/ІІ
|
1/Х
|
1/1
200 ж
|
1.
|
Тиелген, несиелеуге қабылданатын тауарларды қоса алғанда барлық тауарлық-материалдық және өндірістік шығын-дардың жоспарланған қалдығы
|
|
|
|
|
|
2.
|
ТМҚ мен шығындардың қалдығы несиелеуге қа-былданбайды
|
|
|
|
|
|
3.
|
Айналым қаражаттары-ның меншікті қалыптасу көздері, олардың жетіс-пеушілігін уақытша то-лықтыру ссудаларын қо-са алғанда
|
|
|
|
|
|
4.
|
Несиеленетін ТМҚ мен өндірістік шығындарға жататын кредиторлык борыш
|
|
|
|
|
|
5.
|
Ссуданың жоспарланған сомасы (1-2-3-4)
|
[
|
|
|
|
|
Кәсіпорын басшысы
Бас бухгалтер "„..« -------200—ж.
м.о.
Несие алу үшін қарыз алушы банкке несиенін мақсаты, бағыты, сомасы, пайдалану мерзімі, өтеудің нақты мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шараларды қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі көрсетіліп негізделген жазбаша арызбен (3 дана толтырылады) барады.
Сол кезде ол банке несие шоттарын ашу үшін қажет арыз-міндеттеме береді. Несие шоттары банкте есеп айырысу шотын ашу бойынша ашылады. Несие алу үшін қарыз алушы, оны пайдалану мерзіміне тәуелсіз, банкке келесі құжаттарды өткізеді:
несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары, несие өтелетін айналым активтерінің және күтілген түсімдер қозғалысының есебі бар техникалық-экономикалық негіздемелері;
қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиеге қабілеттілігін анықтау үшін бухгалтерлік,статистикалық есеп берулер, табыстар мен шығындар туралы есеп берулер және басқа да мәліметтер;
банк тәжірибесінде қабылданған нысандар бойынша несиені өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер (жедел міндеттемелер, кепіл міндеттемелері, кепілдемелер, кепілдікке алу, сақтандыру куәлігі және басқалар);
4-сұрақ. Қажет болған жағдайда банк сол орында алдын ала тексеру жүргізуі және қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымның қортындысын талап етуі мүмкін. Несиелік келісім-шарт жасауға дейін, қарыз алушыдан арыз және қажет құжаттарды алған кезде, банк өзінің қарыз міндеттемелері бойынша және бекітілген уақытта есептесе алады және несие алу үшін алғы шарттарды орындай алатын қабілетілігін білдіретін, қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдауы қажет.
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі несие алуға құқы және мүмкіндігі талданады. Ол алдыңғы несиелер бойынша есептесу кезіндегі ұқыптылығы, ағымдағы қаржы жағдайы қажет болған кезде ақша қаражаттарының әр түрлі жұмылдыра алу мүмкіндігімен сипатталады.
Несиеге қабілеттілігін талдаудың мақсаты банкпен несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселеңі шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).
Кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізбестен бұрьщ төмендегідей жұмыстарды жүргізу керек.
1. Нақты бір кәсіпорынның қызметін зерттеу кезеңін белгілеу; материалдарды іріктеп алу және жүйелеу; көрсеткіштердің өзара байланысын тексеру және олардың салыстырмалылығын бағалау. Жеке алғанда инфляциялық факторлардың әсерін жою керек, ол үшін елдегі жарияланатын индекстік бағалар негізінде базистік көрсеткіштермен салыстырылатын есеп беру көрсеткіштері қайта саналады.
2. Жүмыстың екінші кезеңіндегі сыртқы талдау өткізу кезінде әр түрлі алдын ала талдау есептері жүргізіледі. Олардың қатарына есептік көрсеткіштердің базалық көрсеткіштерінен абсолютті және салыстырмалы ауытқуларының есебі; қорытынды көрсеткіштеріндегі жеке баптардың үлес салмағын анықтау; төлем қабілеттігінің, табыстылықтың және т.б. салыстырмалы көрсеткіштерінің есептері жатады.
3. Үшінші кезеңде нағыз талдау жүргізіледі. Сандық өлшемдерді пайдалана отырып талдау, белгілі бір дәрежеде шеберлікті қажет етеді, өйткені көптеген, жиі қарама-қарсы тенденциялар мен көрсеткіштерден қарыз алушыға несие беру туралы мәселені шешу үшін кәсіпорынның төлем қабілеттігі жағдайын дүрыс баға-лау үшін оның даму бағыттарын анықтай білу керек
Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
• кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;
• қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;
• қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;
• несиелердің тиімділігін көтеру.
Несиелеу шарттарын талдау мыналарды білуді кажет
етеді:
1) бұрын болған несиелерін өз уақытында өтеу, берілген есептердің сапалылығы, басшылықтың жауапкершілігі, басқа міндеттемелерге қатынасын қүрайтын карыз алушының атағы (репутация). Жақсы атақ дегеніміз - жеке билеушілік, міндеттілік, адалдық, әділдік, гіптілік және т.б. сияқты қасиеттері;
2) қарыз алушының бәсекеге қабілеті - өнімді өндіру және табыс алу, сонымен бірге несиені өтеуге қаржыны табу қабілеттілігі. Банктің қарыз алушының нақты шығындарын несиелеу кезіндегі табысын банктің орташа табыстылығымен салыстырып бағалау жургізеді. Банк табысының деңгейі несиелеу кезіндегі тәукел дәрежесімен үйлестірілуі тиіс. Банк қарыз алушыдан түсетін табыс мөлшерін қалыпты қаржылық қызметті жүзеге асыру кезіндегі банкке пайыз төлеу мүмкіндігі көзқарасынан бағалайды;
3) ірі ресурстарды пайдалану мақсаттарын;
4. несие сомасын;
5.несиені өтеуді. Бұл зерттеу материалды, құндылықтарды өткізу, берілген кепілдемелер және кепіл беру пайдалану есебінен несиенің қайтарымдылы-зерттеу жолымен жүргізіледі;
6) несиенің қамтамасыз етілуін, яғни банктің берілген несиеге, кепілге қарыз алушының активтерін бағалы қарыздарды қоса алуға құқығын анықтау көзқарасынан жарғы мен ережені зерттеу;
7) активтерді иеленуін (егер кәсіпорынның несиені қайтару үшін қажетті активтері болмаса, онда ережеге сай оған несие берілмейді);
8) экономикалық коньюктура жағдайлары мен даму перспективалары (ссуда беру барысында банк саласындағы кәсіпорынның экономикалық роліне және алатын орнына назар аударуы керек. Несиелеу мерзімі қаншалықты ұзақ болса, экономикалық болжау соншалықты маңызды болады) және басқа факторлар.
Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есептерінен жинақталған мәліметтер негізінде, қосымша хабарламалар, кәсіпорынның төлемді жиі кешіктіруі туралы фактілер, оның серіктестерге қатысты жауапсыздығы, бәсеке күресіндегі арамзалық, жиіркенішті әдістерін пайдалануы, меншік иесінің немесе кәсіпорын басшысының құлықсыз тәртіп және т.б. туралы құпия көздерден алынған мәліметтер негізінде жүргізілуі тиіс.
Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудың басты әдісі - оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау. Осыған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы керек.
1) кәсіпорынның төлем қабілеттігін және өтімділігін;
2) айналым қаражаттарын және алған несиені пайдаланудың тиімділігін;
3) барлық қарыз міндеттемелерді, несиенің сұралған сомасын қоса, өтімді қаржылармен жабуын;
4) шаруашылық айналымда меншікті айналым қаражаттарының болуын;
5)кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) бағалау.
Кәсіпорынның несиеге қабілеттігін бағалау белгілі бір уақытта және динамикада жүргізіледі. Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.
Несиеге қабілеттігін бағалау кезінде банктер, өтеудің аралық коэффициенттерімен қатар, өтімділіктің жалпы коэффициентін кең қолданады. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда банк төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорынмен істес болады деп саналады және несие тек ерекше шарттармен ғана беріледі. Осы коэффициенттің 1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды уақтылы алуда белгілі бір тәуекелге ұрындыруы мүмкін, коэффициенттің 1,5-тен жоғары деңгейінде қарыздың қамтамасы етілуі және оның қайтарылу кепілдігі жеткілікті болады .
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Несие қабілеттілігінің рөлі және маңызы қандай?
2. Несие түрлерін ата.
3. Несиелеу шарттарын талдау қандай?
4. Ұйымның несие қабілеттілігін бағалау
Қолданылған әдебиет:
1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,
Санкт-Петербург, 1994
2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995
3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.
4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24
5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001
6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998
Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000
15-тақырып. Баланс өтімділігін талдау
Мақсаты: Тақырыпты ашу.
Өтімділігіне қарай активтерді топтау
Міндеттемелердің төлем мерзіміне қарай талдау
Ұйым балансының өтімділік шарттары
Коэффиценттерді есептеу және талдау
1-сұрақ. Баланс өтімділігінің талдау мәселесін қарастырар жалпы активтердің, баланс және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек. Өтімділіктің 2 тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзім міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады: Мысалы, өтімділік-«кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді мәндеттемелрі бойынша төлеу қабәлеті», дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігі өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі,-ол оның өзңнңғ борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда өтімді кәсіпорын болып саналады». Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістері. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік-бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. «материалдық және тағы басқа құнды сатылу және олардың ақша қаражаттарына мүмкіндігін айтады». Ағылшын авторлары, «бухгалтерлік талдау деген» еңбегінде «фирманың өтімділігі-бұл оның барлық қажет төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеті»деп көрсетілген. «Өтімді» өзі дейді олар «ақшаға оңай айналатын» деген білдірсе Профессор В.В.Ковалев: қандай да бір активтің өтімділігі ол оның ақша түрлену, айналу қабілеті.
«Өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты асырылатын уақыттан ұзақтығымен анықталады, қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады»,-деп жазады. Бұл қорытынды профессор А.Д.Шереметтің қорытындысымен үндес: «Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғұрлым оның өтімділігі жоғары». Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып оның өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өз уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігітәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділіг өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды тезірек жұмылдыру мүмкіндігі жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша келіп түсу уақыты бойынша әрдайым теңдікі көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділік мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу қажет.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады-, өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге, яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары және құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қлома-қол ақшаға айналады.
А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары ЕАШ белгілі бір уақытта келіт түсіп, бұлар да өз міндеттемелереін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақвтвнда қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын-ала шаралар қолданылады. Кез келген деитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономи жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция әрңптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей-ақ қаражытна тез айнала алмайды. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін. Сатыға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
А3 Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің 1-ші бөлімінің «тауарлы-материалды қорлар» бабы және баланс активының ІІ бөліміндегі «Ұзақ мерзімді инвестициялар» бабы.
Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығыстары» бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті.
А4 Қиын өткізілетін активтер. Баланс активінің ІІ бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынан басқа баптары. 1 бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандыұтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымда ғана есепке алынады.
Баланс активтерің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынға ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады-кассаадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы қаражаттары. Өтімділігі бқдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылады.
2-сұрақ. Баланс пасиивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:
І. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемеелер-бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыз, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлер мен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тез өтуі үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етуі тиіс.
ІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер- қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
ІІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді несиелер мен заемдер.
ІV. Тұрақты міндеттемелер- пассивтің ІІІ бөлімінің «капитал» баптары. Актив пен пассив балансының сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активының «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиынтығын салыстыру керек.
А1>П1
А2>П2
А3>П3
А4<П4
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбәр тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттеемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады кері жағдайда баланс өтімді емес.
3-сұрақ. Төлем қаражаттарының бірінші тобы төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауыа тұрған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.
Актив пен пассив баптарының І тобының жиынды салыстыру жақында келіп түскен кірістер төлемдердің қатынасын көрсетеді. Актив пен пассив баптарының І тобын салыстыру уақытында күтілетін төлем тәртібінің жағдайында жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндің береді.
Жалпы алғанда актив пен пассив баптарының І жәнк ІІ топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастылырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған.
Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдыға уақытта қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының айтарлықтай артықшылығы болған.
Баланс активі мен пассиві баптарының 4-ші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіз принципін сақтау немесе жұмыс жасап кәсіпорын үшін шаруашылық субъектілерінің өз айналым капиталының болуы талап етіледі.
Баланс өтімділігін дәл бағалауда есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Өтімділігіне қарай активтерді топтау
Міндеттемелердің төлем мерзіміне қарай талдау
Ұйым балансының өтімділік шарттары
Коэффиценттерді есептеу және талдау
Қолданылған әдебиет:
1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,
Санкт-Петербург, 1994
2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995
3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.
4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24
5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001
6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998
Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ
|
Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілген
Қаулы №___ «_______» 20___ж.
ОӘК төрағасы, оқу ісі жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор_____________ Машанова Р.К.
|
ТӘЖІРИБЕ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша
«5В050800-Есеп және аудит» мамандығы
Алматы, 2012 ж.
Тәжірибе (семинар) сабақтарының тақырыптарының атауы
Тақырып 1: Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық субъектілер қызметінің басқарудағы талдауы
1. Субъект қызметі жүйесіндегі басқаруды талдау ролі мен маңызы.
2. Басқаруды талдау пәні, мазмұны, оның мақстаы және міндеттері
3. Басқаруды талдау принциптері және басқа ғылымдармен байланысы.
4. Басқаруды талдау түрлері.
Тақырып 2: Басқаруды талдауда қолданылатын әдістер мен тәсілдер
1. Талдау әдісі және оның сипаттық ерекшеліктері.
2. Жүйелік ыңғай және өзара байланысты аналитикалық көрсеткіштерді жасау.
3. Басқаруды талдауда экономикалық ақпараттарды өңдеудің дәстүрлі тәсілдері.
4. Факторлық талдау әдістері.
5. Детерминирлік талдаудағы факторлардың әсерлерін өлшеу тәсілдері.
6. Резервтердің экономикалық мәні, іздестіруді және есептеуді ұйымдастыру.
Тақырып 3: Басқаруды талдауды ұйымдастыру және ақпараттармен қамтамасыз етілуі
1. Басқаруды талдаудың негізгі принциптері және ұйымдастыру кезеңдері.
2. Талдау жұмыстарын жоспарлау
3. Талдаудың ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуі.
Тақырып 4: Шаруашылық субьектілерінің маркетиг қызметінің талдауы
1. Маркетингті талдау мазмұны, мақсаты және міндеттері
2. Маркетингті талдау әдістері
3. Сұраныс пен ұсынысты талдау
4. Сұраныс икемділігіне байланысты бағаның өзгерісіне сату көлемі мен табыстың тәуелділігін талдау.
Тақырып 5: Өнімдердің өндірілуі және өткізілуін талдау
1. Өнімдердің өндірілуі және өткерілуін талдаудың мәні мен міндеттері
2. Көлемі, құрылымы және ассортименті бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуын талдау
3. Өндірістің ырғақтылығын талдау
4. Өнімнің сапасын талдау
Тақырып 6: Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау
Шаруашылық субъектінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау
Жұмыс уақытын пайдалануды талдау
Еңбек өнімділігін және өнімнің еңбек сиымдылығын талдау
Еңбек ақыға қаржылардың пайдаланылуын талдау
Тақырып 7:.Негізгі құралдардың пайдалануын талдау
1. Талдаудың мәні, міндеттері және ақпараттық көзі
2. Шаруашылық субъектінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін талдау
3. Негізгі қорлардың қозғалысы мен техникалық жағдайын талдау
4. Негізгі қордың тиімді пайдаланылуын талдау
5. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылату есебінен өнімдер шығаруды көбейтудің резервтері
Тақырып 8:Материалдық ресурстардың пайдалануын талдау
Талдаудың міндеттері мен ақпараттық көздері
Шаруашылық субъектінің материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау
Материалдар шығындарының нормасын талдау
Материалдық ресурстардың тиімді пайдаланылуын талдау
Достарыңызбен бөлісу: |