Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Фармакогнозия және химия кафедрасы



жүктеу 1,46 Mb.
бет1/3
Дата17.11.2017
өлшемі1,46 Mb.
#522
түріНұсқаулар
  1   2   3

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Фармакогнозия және химия кафедрасы

Мамандығы: 051103 - Фармация

Пәні: Аналитикалық химия
Курсы: 2

Өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Шымкент - 2014ж

Әдістемелік нұсқаулар кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама № ___ «___» ______ 2014ж.
Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., проф. ________ Патсаев Ә..Қ.

І Кредит

1 тақырып


1.Тақырыбы: Химиялық талдау, химия әдісі ретінде. Медико-биологиялық, токсикологиялық, фармацевтикалық, биохимиялық, санитарлы – химиялық, ауылшаруашылық, техникалық т.б. химиялық талдаудың қолданбалы түрлері.

2. Мақсаты: Фармацевтер үшін ең маңызды қолданбалы сала фармацевтикалық қолдау болып табылады. Оның мақсаты медициналық өндіріс және дәріханалар дайындайтын дәрілердің сапасын анықтау. Фармацевтикалық талдауды фармацевтикалық химия қарастырады. Ол дәрілік препараттардың қасиеттерін және химиялық талдаудың әдістерін зерттейді: дәрілік шикізаттың талдауын фармокогнозия; дәрілер технологиясы, дәрілер сатылы бақылауды қарастырады. Заттардың улылығын тексеру және соттық химиялық талдаумен токсикологиялық химия айналысады.

3. Тапсырма:

1. Химиялық талдауға жалпы сипаттама.

2. Химиялық талдаудың жіктелуі.

3. Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері.

4. Фармацевтикалық талдау оның мақсаты.

4. Орындау түрі: реферат, презентация, тесттерді құрастыру.

5. Орындау критерилері :

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс

5. Презентация жасауға слайдтар дайындау



6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 1-2 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: реферат, презентация, тесттерді құрастыру және СӨЖ бойынша баллмен бағалау.

8. Әдебиеттер:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия 3, Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1.Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.

2.Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. –М., Высшая школа, 2001.

3.Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.



9. Бақылау сұрақтары :

1.Химиялық талдауға жататын әдістер:

А) түсті реакциялар

В) полярограмма түрлері

С) тамшылы реакциялар

Д) спектор сызықтары

Е) радиометриялық

2. Аналитикалық қасиеттерге жатады:

А) түсі

В) иісі


С) тұтқырлығы

Д) ерігіштігі

Е) тұнба

3. Сапалық талдау дегеніміз не?

4. Аналитикалық эффект беретін химиялық реакцияларды атайды________

2 тақырып


1.Тақырыбы: Аналитикалық химияда әрекеттесуші массалар заңын иондық тепе-теңдіктің әр түріне қолдану


  1. Мақсаты: Әсерлесуші массалар заңы химия пәнінің негізгі заңдарының бірі болып табылады.

Әсерлесуші массалар заңы реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін көрсетеді: тұрақты температурада химиялық реакцияның жылдамдығы әсерлесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура тәуелді.

  1. Тапсырма :

1. Әсерлесуші массалар заңын қандай ғалымдар ашты ?

2. Химиялық тепе – теңдік константасы нені сипаттайды?

3. Химиялық реакцияның кинетикасы, кинетикалық қисық, химиялық реакцияның жылдамдығы деген ұғымдарға анықтама беріңіз.

4. Химиялық реакцияның жылдамдығы және оның әртүрлі факторларға тәуелділігі.

5. Активтендіру энергиясына түсінік беріңіз. Аррениус теңдеуінің мағынасын түсіндіріңіз.

6. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар дегеніміз не?



4. Тапсырманы орындау түрі: реферат, презентация, глоссарий.

5. Орындау критерилері :

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс



6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 2-3 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: рефератты қорғау, презентация, глоссарий және СӨЖ бойынша баллмен бағалау.

8. Әдебиеттер:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия 3 , Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1.Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.

2.Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. –М., Высшая школа, 2001.

3.Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.



9. Бақылау сұрақтары:

1. Әрекеттесуші заттар концентрациялары артқанда реакция жылдамдығы:

А) кемиді

В) артады

С) өзгермейді

2. Температураны 200С-ға өсіргенде реакция жылдамдығы қанша есе артады ( = 2) ?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) өспейді

3. Температураны 300С-ға кеміткенде реакция жылдамдығы қанша есе өзгереді ( = 2) ?

А) 8 есе артады

В) 6 есе кемиді

С) 8 есе кемиді

Д) өзгермейді

4. 2Н2 + О2 = 2Н2О реакциясы үшін әсерлесуші массалар заңының өрнегі:

А) V = K[Н2]22]

В) V = K[Н2О]22] [О2]

С) V = K[Н2] [О2]2

Д) V = [Н2] [О2]

5. Әсерлесуші заттар концентрациясы артқанда тепе-теңдік тұрақтысы:

А) артады

В) кемиді

С) өзгермейді

6. 2Fe + 3СІ2 ------- 2FeСІ3 реакциясы үшін реакция жылдамдығы былай жазылады:

А) V = К[Fe] [СІ2]

В) V = К[Fe]

С) V = К[3СІ2]

Д) V = [СІ2]

Е) V = К[Fe]2 [СІ2]3
3 тақырып


  1. Тақырыбы: Қышқылдар мен негіздердің қазіргі заманғы теориясы. Бренстед-Лоуридің протолитикалық теориясы, протолитикалық реакциялардың теңдеуін құрастыру.


2. Мақсаты: Заттардың қышқылдық немесе негіздік қасиеттері көбінесе аналитикалық реакциялардың бағытын анықтайды. 1923 ж. Бренстед және ағылшын химигі Лоури қышқылдар мен негіздердің протолитикалық ілімін ұсынды.

3. Тапсырма:

1. Электролиттердің жіктелуі.

2. Судағы протолиттік тепе-теңдік.

3. Диссоциация константасы мен дәрежесі.

4. Қышқылдар мен негіздердің Аррениус және Льюис бойынша ілімі.

5. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік ілімі.



4. Тапсырманы орындау түрі: баяндама, презентация, глоссарий

5. Орындау критерилері:

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс

6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 3-4 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: баяндама жасау, презентация жасау, глоссарий құрастыру, СӨЖ бойынша бағалау.

8. Әдебиеттер:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия 3, Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1.Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.

2.Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. –М., Высшая шк

ола, 2001.

3.Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.

9. Бақылау сұрақтары:

1. Диссоциациялану дәрежесі 4,2 % тең, 0,01н СН3СООН ерітіндісінің рН және рОН есепте.

2. рН = 10,8 тең ерітіндідегі гидроксид-ионының концентрациясын есепте.

3. Оствальдтың сұйылту заңы, оның математикалық өрнегі:



А) К = αC;

В) К = αC/1-С;



С) К = α2C/1- α;

Д) К = αC/1- α;

4. Судың иондық көбейткіші мәнін көрсетіңіз:

А) Кв = [Н+][ОН-];

В) Кв = [Н+][ОН-]/14;

С) Кв = 14/[Н+][ОН-];

Д) Кв = рН/[Н+][ОН-];

5. Гидроксильді топ көрсеткіші формуласы:



А) рН = -Ig[Н+]

В) рОН = -Ig[ОН-]

С) рОН = -IgСқышқылы

Д) рОН = -1/Ig[Н+]

6. Диссоциация дәрежесі 1 %, 0,1н НСООН ерітіндісінің рН тең:



А) рН = 2; С) рН = 3;

В) рН = 4; Д) рН = 12;

7. Бренстед-Лоури теориясы бойынша негіздерге жатады:

А) протон беруші С) электрон акцепторы

В) протон қабылдаушы Д) нейтрон доноры

8. Бренстед-Лоури теориясы бойынша қышқылдарға жатады:

А) протон беруші С) электрон акцепторы

В) протон акцепторы Д) нейтрон доноры

4 тақырып


  1. Тақырыбы: Күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздердің, буферлі ерітінділердің рН есептеу. Медицинадағы буферлі ерітінділердің маңызы.


2. Мақсаты: Тірі ағзаларда протолиттік процестер заттар алмасуында, қаннық қышқылдығын сақтауда т.б. физиологиялық сүйықтарда маңызды қызмет атқарады.Сутектік көрсеткіш (рН) биохимиялық зерттеулерде, клиникалық және фармакологиялық жұмыстарда әртүрлі физиологиялық ерітінділер мен дәрілік препараттардың қышқылдық-негіздік қасиеттерін білу үшін қолданылады. Гидролиттік процестер заттар алмасуында, қанның қышқылдығын қажетті деңгейде сақтауда маңызды қызмет атқарады.

3. Тапсырма:

1. Электролиттердің жіктелуі.

2. Судағы протолиттік тепе-теңдік.

3. Диссоциация константасы мен дәрежесі.

4. Қышқылдар мен негіздердің Аррениус және Льюис бойынша ілімі.

5. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік ілімі.



4. Тапсырманы орындау түрі: , реферат, презентация, глоссарий.

5. Орындау критерилері :

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс

6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 4-5 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: реферат қорғау, презентация жасау, глоссарий бойынша бағалау.

8. Әдебиеттер:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия 3, Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1.Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.

2.Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. –М., Высшая школа, 2001.

3.Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.



9. Бақылау сұрақтары :

1. Концентрациясы 2 · 104 моль/л сутек ионының рН есепте.

2. 0,1н СН3СООН ерітіндісінің рН есепте.

3. [ОН-] = 10-6 моль/л концентрациялы ерітіндінің [Н+] және рН есепте.

4. 0,1 М калий ацетатының гидролиз константасын және рН анықта.

5. Буферлі жүйені көрсетіңіз:

А) NH4ОН + СН3СООН С) СН3СООН + НСІ

В) NH4ОН + NH4СІ Д) NH4ОН + Н2SO4

7. Қандай тұз гидролизденгенде фенолфталеин таңқурай түс береді:

А) Na2CO3 С) ZnSO4 Е) CH3COONH4

В) K2SO4 Д) Fe2S3

7. Ацетатты буферлі жүйенің рН 4.75 ке тең болады мына қатыста:

А) 1:2 В) 1:3 С) 2:2 Д) 3:1

8. 0,01 М аммоний хлоридінің гидролиз дәрежесі мен константасы тең болады:

А) 0,56 · 10-7; 2,4 · 10-3; С) 0,56 · 10-9; 2,4 · 10-4;

В) 5,6 · 10-10; 2,4 · 10-4; Д) 0,56 · 10-5; 2,4 · 10-5;

5 тақырып

1. Тақырыбы: Гидролиз. Әр түрлі типті гидролизденуші тұздардың рН есептеу. Дәрілік препараттарды алу мен сақтаудағы гидролиздің маңызы

2. Мақсаты: Тірі ағзаларда гидролитикалық үрдістер зат алмасуда, қанның қышқылдығын қалыпты деңгейде ұстап тұруда аса маңызды роль атқарады. Дәрілік заттардың қышқылдық-негіздік қасиеттеріне байланысты олардың еріген кездегі гидролизге түсуін міндетті түрде ескеру керек. Ауру адам қабылдауға бірнеше дәрі жазылып берілгенде, не оларды бірге сақтау кезінде осы құбылысты ескеру қажет.

3. Тапсырма :

1. Тұздар гидролизі. Оның себебі. Сольволиз.

2. Гидролиз химиялық тепе-теңдік ретінде және оның температураға, сұйылтуға, электролиттерді қосуға тәуелді ығысуы.

3. Гидролиз дәрежесі мен константасы

4. Гидролиздің биохимиялық процестердегі рөлі, оның фармациядағы маңызы

4. Тапсырманы орындау түрі: реферат, презентация, тест құрастыру.

5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар :

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс

6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 5 -6 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: реферат қорғау, презентация жасау, тест құрастыру бойынша бағалау.

8. Әдебиеттер:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия 3, Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1.Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.

2.Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова - М., Высшая школа, 2001.

3.Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.



9. Бақылау сұрақтары :

1. Әлсіз электролит түзілуіне алып келетін, тұз иондары мен судың әсерлесу үрдісін...........деп атайды

2. Толық гидролизге келесі екі тұздың сулы ерітінділері түседі:

А. натрий сульфаты мен калий сульфаты

В. мырыш хлориді мен барий нитриті

С. аммоний сульфаты мен нитраты

Д. калий карбонаты мен натрий сульфиты

Е. барий нитраты мен кальций хлориді

3. Тұздың сулы ерітіндісінде лакмус қызарады:

А. Na2SO4

B. Al(NO3)3

C. K2SO3

D. Zn(CH3COO)2

E. BaCl2

4. Гидролиз дәрежесі тәуелді емес:

А. еріген зат концентрациясына

В. температураға

С. қысымға

Д. еріген зат табиғатына

Е. еріткіш табиғатына

5. Қысым жоғарылағанда гидролиз тепе-теңдігі қай қабатқа қарай ығысады:

А. оңға


В. солға

С. ығыспайды

Д. жауабы жок

6. 0,01М аммоний хлоридінің ерітіндісінің гидролиз константасы мен дәрежесі (тәуелді) тең:

А. 0,5610-7; 2,410-3

В. 0,5610-7; 2,410-5

С.5,610-10; 2,410-1

Д. 5,610-9; 2,410-4

Е.5,610-8; 1,210-4

7. Температура төмендегенде гидролиз дәрежесі:

А. төмендейді

В. жоғарылайды

С. өзгермейді

8. Гидролиз константасы тәуелді емес:

А. еріген зат табиғатына

В. температураға

С. Концентрацияға

9. Бериллий сульфатының сулы ерітіндісінің рН-ы тең:

А. 7-ге

В. 7-ден көп

С. 7-ден аз

10. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан тұратын түздар ұшырайды:

А. жартылай гидролизге

В. толық гидролизге

С. гидролизге ұшырамайды

№6 тақырып



  1. Тақырыбы: Катиондардың қышқылдық-негіздік, сульфидтік және аммиакты-фосфатты жіктеулері


2. Мақсаты: Катиондардың қышқылдық-негіздік Сульфидтік жіктеу бойынша барлық катиондар бес топқа бөлінеді. Сульфидтік жіктеу бойынша жүйелік әдіспен сапалық талдау жасағанда катиондардың аммоний сульфидімен және күкіртті сутекпен әрекеттесуі қолданылады.

Аммиакты-фосфатты жіктеу бойынша катиондар бес топқа бөлінеді.

Жіктеу катиондардың фосфаттармен әрекеттесуіне негізделген.

3. Тапсырмалар:

1. Катиондардың сульфидті жіктеуін қалай түсінесіз ?

2. Катиондар сульфидтік жіктеу бойынша қанша топқа бөлінеді ?

3. Сульфидтік жіктеу бойынша бірінші топқа қандай катиондар жатады ?

4. Сульфидтік жіктеу бойынша ІІ топқа жататын катиондар.

5. Сульфидтік жіктеу бойынша ІІІ топқа қандай катиондар жатады ?

6. Аммиакты-фосфатты жіктеудің негізі.

7. Сульфидтік жіктеу бойынша катиондар қанша топқа бөлінеді, атап көрсетіңіз.

8. Аммиакты-фосфатты жіктеудің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігі.

9. Әрбір топтың реагенті және реакция өнімі.



4. Тапсырманы орындау түрі: реферат, презентация, глоссарий.

5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар :

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс

6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 6 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: рефератты қорғау, презентация жасау, глоссарий құрастыру бойынша бағалау.

8. Әдебиеттер: Негізгі:


  1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

  2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

  3. Өтелбаев Б.Т. Химия. Т. 3, Шымкент, 2000

  4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1. Пономарев В.Д. Аналитическая химия, ч. 1,2. М., Высшая школа, 1982. 2. Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. -М., Высшая школа, 2001.

3. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәнінің лабораториялық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, 2002.

9. Бақылау:

1. Сульфидтік жіктеу бойынша І-ші аналитикалық топ катиондарының фармакопейалық препараттарын атап көрсет.

2. Сульфидтік жіктеу бойынша І-ші аналитикалық топ катиондарының қосылыстарының қайсы бірі улы болып келеді.

3. Сульфидтік жіктеу бойынша екінші аналитикалық топқа жатады:

А) темір (ІІ), темір (ІІІ), висмут, марганец (ІІ).

В) литий, натрий, калий, аммоний.

С) кальций, стронций, барий, магний.

Д) күшән, алюминий, мырыш, хром.

Е) күміс, сынап (І), қорғасын.

4. Сульфидтік жіктеу бойынша катиондардың екінші тобының электронды конфигурациясы:

А) р-элементтер

В) S1-элементтер

С) S2-элементтер

Д) р- және d- элементтер

Е) d- элементтер

5. Аммиакты-фосфатты жіктеу бойынша катиондардың бесінші тобындағы қорғасын хлоридінен басқаларының айырмашылығы неде ?

А) ерігіштігінде

В) ыстық суда ериді

С) аммиакта ериді

Д) минералды қышқылдарда ериді

6. Күміс иодиді ериді:

А) азот қышқылында

В) тұз қышқылында

С) натрий тиосульфатында

Д) сірке қышқылында

Е) аммиакта

7. Беріліп отырған қорғасын тұнбаларының қайсысы ыстық суда ериді:

А) РbСІ2

В) Рb(СН3СООН)2

С) РbSО4

Д) қорғасын хроматы

8. Сульфидтік жіктеу бойынша катиондардың ІІ аналитикалық тобының топтық реагенті:

А) натрий гидроксиді

В) тұз қышқылы

С) күкіртті сутек қышқылы

Д) күкірт қышқылы

Е) аммоний карбонаты

9. Барий тұзының жалынының түсі:

А) көк

В) сары-жасыл



С) күлгін

Д) қызыл


10. Барий, стронций, кальций карбонаттары ериді:

А) сірке қышқылында

В) аммиакта

С) тұз қышқылында

Д) азот қышқылында

№7 тақырып


1. Тақырыбы: Аниондардың жіктелуі

2. Мақсаты: Аниондар р-элементтері және d-элементтерінен түзіледі. Әсіресе Д.И.Менделеев кестесінің жоғарғы оң бұрышына орналасқан р-элементтері аниондарды түзуге жоғары қабілетті. Тогтығу-тотықсыздану қасиеттері бойынша аниондарды анион-тотықтырғыштар, онда элемент жоғары тотығу дәрежесіне ие (NO3-), тотықсыздандырғыш аниондар тотығу дәрежесі төмен (СІ-, Вr-, S2-) және бейтарап аниондар олар тотықтырғыштық та тотықсыздандырғыш та қасиеттер көрсетпейді (СО32-, РО43-, SО42-).

3. Тапсырмалар:

1. Аниондарға түсінік беріңіз.

2. Аниондардың жіктелуі.

3. Бірінші топқа қандай аниондар жатады ?

4. Екінші топқа қандай аниондар жатады ?

5. Үшінші топқа қандай аниондар жатады ?

6. Тотығу-тотықсыздану жіктеуі бойынша аниондар қанша топқа бөлінеді ?

7. Аниондардың үш топтық жіктеуіне түсінік беріңіз.

8. Аниондардың жеті топтық жіктеуіне түсінік беріңіз.

4. Тапсырманы орындау түрі: реферат, презентация, портфолио.

5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар :

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс

6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 6 -7 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: реферат қорғау, презентация жасау, портфолио жинау бойынша бағалау.

8. Әдебиет Негізгі:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия. Т. 3, Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1. Пономарев В.Д. Аналитическая химия, ч. 1,2. М., Высшая школа, 1982. 2. Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. -М., Высшая школа, 2001.

3. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәнінің лабораториялық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, 2002.

9. Бақылау:

1. РО43- анионының сапалық реагенті:

А) AgNO3 С) (NH4)2MoO4 Е) H2SO4

В) HCl Д) FeCl3

2. J- анионының сапалық реагенті:

А) HCl С) H2SO4(конц) Е) NaOH

В) Pb(NO3)2 Д) CaCl2

3. NO2- анионының сапалық реагенті:

А) BaCl2 С) антипирин + HCl Е) AgNO3

В) KI Д) MnO2

4. Ыстық суда ерігенде күкірт бөлетін тұнба:

А) AgCNS В) Ag2S С) BaS2O3 Д) PbSO4

5. SO32- анионына өзіндік реакция болады:

А) SO32- + Ba2+ =BaSO3 В) SO32- + 2Na+ =Na2SO3



С) SO32- + Mg2+ =MgSO3 Д) SO32- + Ca2+ =CaSO3

6. NO2- ионына фармакопейалық реакция болып табылады:

А) этакридин В) иодид

С) антипирин Д) сульфания қышқылы және 1-амино-

-2-нафтол

7. Топ: Аниондар:

І А) Cl-,I-,SCN-

ІІ В) NO2-, CH3COO-, NO3-

ІІІ С) SO32-, C2O42-, CO32-, PO43-

8. Анион: Реагент:

1) SO42- А) KMnO4+H2SO4

2) I- В)AgNO3

3) CH3COO- С) FeCl3

4) C2O42- Д) Pb(CH3COO)2

9. Аниондардың негізгі жіктеуіне суда ерімейтін тұнбалар түзетін тұздар...................жатады.

10. Аниондардың І-ші тобын тұндыру бейтарап немесе.................ортада өткізеді.

11. Аниондар тотығу-тотықсыздану қасиеті бойынша ...............топқа бөлінеді.


№8 тақырып


1.Тақырыбы: Аралық бақылау

2. Мақсаты: Студент өтілген курс бойынша теориялық және тәжірибелік материалдарды қаншалықты меңгергендігін көрсетуі қажет. Өтілген тақырыптарды қайталау

3. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1). Катиондардың және аммиакты-фосфатты жіктеуі.

1. Аммиакты-фосфатты жіктеу бойынша ІІ, ІІІ және ІV топ катиондарына жататындар және олардың топтық реагенттері.

2. Сульфидтік жіктеу бойынша І және ІІ топ катиондары бір-бірінен толық бөліну қандай рН өтеді ?

3. Сульфидтік жіктеу бойынша ІV топ катиондарын тұнбаға түсіргенде неліктен күкірт немесе сірке қышқылын қолданбай тұз қышқылын қосады ?

4. Сульфидтік жіктеу бойынша ІІ, ІІІ және ІV топ катиондарын және олардың топтық реагенттерін ата.

2). Аниондардың жіктелуі.

1. Неліктен тотығу дәрежесі жоғары р-элементтер оттегімен аниондар түзеді?

2. Тотықтырғыштық қасиетті қандай аниондар көрсетеді ?

3. Тотықсыздандырғыштық қасиетті қандай аниондар көрсетеді ?

4. Аниондардың қандай жіктеулерін білесіз.

5. Қандай аниондар Аg+ ионымен қышқылда ерімейтін тұнба береді ?

6. Медицина мен фармацияда қандай қышқылдар мен олардың тұздары қолданылады ?

3). Ерітінділер теориясы. Судың иондық көбейткіші. Электролит ерітінділерінің рН шкаласы.

1. Иондар активтілігі дегеніміз не ?

2. Активтілік коэффициентіне түсінік беріңіз.

3. Ерітінділердің иондық күші.

4. Активтілік коэффициенті нені сипаттайды.

4). Әрекеттесуші массалар заңы оның аналитикалық химияда қолданылуы.

1. Гомогенді жүйедегі химиялық тепе-теңдік.

2. Әрекеттесуші массалар заңын қандай оқымыстылар ашты ?

3. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не ?

4. Тура және кері реакциялар дегеніміз не ?

5). Тұздар гидролизі. Гидролиз дәрежесі және константасы.

1. Гидролизді қандай факторлар күшейтеді.

2. Тұз ерітіндісін сұйылту гидролиз дәрежесін күшейтеді ме жоқ әлде азайтады ма ?

3. Қайтымсыз тұздар гидролизі қандай жағдайда өтеді ?

4. Гидролиз дәрежесі мен константасы тұздардың сулы ерітінділерінің рН.

5. Биохимиялық процесстердегі гидролиздің маңызы.



6). Буферлі ерітінділер. Амфолиттер.

1. Бірдей концентрациялы қышқыл мен тұзды араластырған жағдайдағы буферлі ерітіндінің рН қандай факторларға байланысты ?

2. Қышқыл мен тұздың қандай көлемінде рН пен рКқыш тең болады ?

3. Неліктен буферлік сиымдылықты қышқыл немесе сілтімен жүргізеді ?

4. Буферлік жүйе қышқыл мен сілтінің қандай көлемінде өз жұмысын тоқтады ?

7). Аналитикалық химиядағы гетерогенді процесстер. Тұнбаның еруіне түрлі факторлардың әсері.

1. Иондардың ерігіштік көбейтіндісі мен активтілік көбейтіндісі дегеніміз не?

2. Ерігіштік дегеніміз не ?

3. Иондарды бөлшектік тұндыру дегеніміз не ?

4. Тұнбалардың еруіне қандай талаптар қойылады ?

4. Өткізу түрі: Ауызша сұрау және компьютерлік тест.

6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 8 апта.

7. Әдебиет Негізгі:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия. Т. 3, Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1. Пономарев В.Д. Аналитическая химия, ч. 1,2. М., Высшая школа, 1982. 2. Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. -М., Высшая школа, 2001.

3. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәнінің лабораториялық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, 2002.

8. Бақылау:

1. Химиялық талдау әдісі:

А) тұндыру реакциясы; С) спектр сызығы; Е) радиометриялық әдістер.

В) жалынның түсі; Д) полярограмма түрлері;

2. Макроанализ (грамм-әдіс) жүргізу үшін қажетті анықталатын зат массасы:

А) 0,05 – 0,5 г В) 0,001 – 10 С) 1 – 10 г Д) 10-6

3. Жартылай микроанализ (сантиграмм-әдіс) жүргізу үшін қажетті анықталатын зат массасы:

А) 0,05 – 0,5 г В) 1-10г С) 0,001 – 10-6г Д) 10-6-10-9г

4. Микроанализ (миллиграмм-әдіс):

А) 0,001 – 10-6г В) 1 – 10 г С) 0,05 – 0,5 г Д) 10-6– 10-9 г

5. Ультрамикроанализ (микрограмм-әдіс):

А) 10-6– 10-9 г В) 1 – 10 г С) 0,05 – 0,5 г Д) 0,001 – 10-6г

6. Субмироанализ (нанограмм-әдіс):

А) 10-9 – 10-12 г В) 1 – 0,5 г С) 0,05 – 0,5 г Д) 0,001 – 0,1 г

7. Бірінші аналитикалық топ катиондарының топтық реагенті:

А) топтық реагенті жоқ; С) аммиак ерітіндісі;

В) күкірт қышқыл; Д) натрий гидроксиді.

8. Калий ионының жалын түсі:

А) күлгін; В) көк; С) жасыл; Д) сары.

9. Аммоний ионын басқа иондар қатысында анықтау:

А) NH4Cl + NaOH = NH3 + NaCl + H2O

В) 2NH4OH + H2SO4 = (NH4)2SO4 + 2H2O

С) (NH4)2CO3 = 2NH3 + H2O + CO2

Д) (NH4)2SO4 + 2NaOH = Na2SO4 + 2NH3 + 2H2O

Е) (NH4)2SO4 = 2NH3 + H2SO4

10. Несслер реактивінің құрамы:

А) K2 [HgI4] + KOH С) Na2HPO4 + NH3

В) Zn(NO3)2 + AsH Д) NaOH

11. Екінші аналитикалық топ катиондарын көрсетіңіз:

А) күміс, сынап (І), қорғасын ;

В) литий, натрий, калий, аммоний;

С) кальций, стронций, барий;

Д) күшән, алюминий, мырыш, хром;

Е) темір (11), темір (111), висмут, сурьма, марганец (11).

12. Екінші аналитикалық топ катиондарын көрсетіңіз:

А) Ag+, Pb2+, Hg22+

В) Cu2+, Cd2+, Co2+, Ni2+, Hg2+

С) As3+, As5+, Sn2+, Sn4+, Al3+, Zn2+, Cr3+

Д) Fe2+, Fe3+, Mn2+, Bi3+, Bi5+

Е) Li+, Na+, K+, NH4+

13. Төменде берілген қосылыстардың ішінде қорғасынның ең ерігіштігі жоғары тұнбасын көрсет:

А) PbCl2 ПР = 2,4 * 10-4

В) PbSO4 ПР = 2,2 * 10-8

С) PbCO3 ПР = 7,4 * 10-14

14. Қышқылдық-негіздік жіктеу бойынша ІІІ аналитикалық топ катиондарына жатады:

А) Ca2+, Sr2+, Ba2+

В) Li+, Na+, K+, NH4+

С) Pb2+, Hg22+, Pb2+

Д) Cr3+, Zn2+, As3+, As5+, Sn2+, Al3+

Е) Fe(11), Fe(111), Mg(11), Sb(111), Mn(11)

15. ІІ-ші аналитикалық топ катиондарының электрондық конфигурациясы:

А) p- және d – элементтер; С) р – элементтер; Е) f – элементтер.

В) S1 – элементтер; Д) d – элементтер;

16. Күшті қышқылдардың рН есептеу формуласын көрсет:

А) рН = - lgCк

В) pH = 14 – lgCк

1

С) рН = - ------ lg Cк



2

1

Д) рН = - lg ------



17. Хром (ІІІ) ионын анықтайтын реагентті көрсет:

А) (NH4)2S2O8 + HCl С) NH4OH + NH4Cl

В) NaOH + KI Д) MgSO4 + NH3 + NH4Cl

18. Автопротолиз константасын көрсет:

А) Kw = [H+] [OH-] = 10-14

В) Kw = [H+] [OH-] = 10-7

С) Kw = [H+] = [OH-] = 10-7

[H+] [OH-]

Д) Kw = --------------- = 10-14

[H2O]

19. Күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздың рН есептеу формуласын көрсет:

1 1 1

А) pH = ---- pKw - ---- pKн - ---- lg Cсоль



2 2 2
1 1 1

В) pH = ---- pKw + ---- pKн + ---- lg Ссоль

2 2 2
1 1

С) pH = pKw - ---- pKн - ----- lg Ссоль

2 2

Д) pH = pНw - pНн – lg Ссоль



20. Әлсіз қышқыл мен күшті негіз әрекеттесуінен түзілген тұздың рН есептеу формуласын көрсет:

1 1 1


А) pH = ---- pKw + ---- pKк + ---- lg Cсоль

2 2 2


1 1

В) pH = ---- pKк + ---- lg Ссоль

2 2
1 1 1

С) pH = ---- pKw - ---- pKк - ----- lg Ссоль

2 2 2

Д) pH = pКw + pКк + lg Ссоль


21. Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіз әрекеттесуінен түзілген тұздың рН есептеу формуласы:

1 1 1


А) pH = ---- pKw + ---- pKк - ---- рКос

2 2 2
1 1 1

В) pH = ---- pKw + ---- pKк + ---- рКос

2 2 2
1 1

С) pH = ---- pKw - ---- pKк + рКос

2 2


Д) pH = pКw + pКк + рКос

22. Алюминийді (ІІІ) анықтаудың фармакопейалық реагенті:

А) ализарин; В) NaOH; С) NH4OH; Д) Co(NH3)2

23. Әлсіз қышқылдық рН есептеу формуласы:

1 1

А) pH = ---- pKк – ---- lg Cк



2 2

1 1


В) pH = ---- pKк + ----- lg Cк

2 2
С) pH = pKк + lg Ск

Д) pH = pKк – lg Ск

24. Марганец (ІІ) ионын анықтауға арналған реагентті көрсет:

А) (NH4)2S С) K4[Fe(CN)6]

В) K2CrO4 Д) Na2S2O3



ІІ кредит

1 тақырып




  1. Тақырыбы: Дәрілік препараттарды анықтауда тотығу-тотықсыздану реакцияларының маңызы, клиникалық зерттеудегі дәрі-дәрмек заттардың метаболизмінде қолдану



2. Мақсаты: Химиялық талдауда көптеген әдістер тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген.
3. Тапсырма :

1. Қандай реакциялар тотығу-тотықсыздану деп аталады 

2. Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар дегеніміз не

3. Тотығу-тотықсыздану потенциалы. Стандартты потенциал.

4. ЭҚК дегеніміз не? Нернст теңдеуі.

5. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін факторлар.

6. Негізгі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.


  1. Аналитикалық химияда қолданылатын тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.

  1. Тапсырманы орындау түрі: баяндама, презентация, глоссарий

5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар:

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс

6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 8-9 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: баяндама, презентация жасау, глоссарий және СӨЖ бойынша балымен бағалау.

8. Әдебиеттер:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия 3, Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1. Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.

2. Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. –М., Высшая школа, 2001.

3. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.



9. Бақылау сұрақтары :

1. рН=7 ерітіндісіне батырылған сутегі электродының потенциалы нешеге тең болады?

2. Концентрациясы 0,01 моль/л CuSO4-ты электродының электродтық потенциалы қаншаға тең болады?

3. Zn+2=0.01 моль/л Hg+2=0,1моль/л болатын Zn/Zn+2//Hg+2/Hg гальваникалық элементтың ЭҚК табыңыз.

5) Сутектік электродының стандартты потенциалын көрсет:

а) o =1 в) o =0 с) o =0,059 д) o 1

6) Сутегі электродының потенциалы:

а) H /H+ = 0,059 pH с) H /H+ = -0,059 pH

в) H /H+ =1 д) H /H+ = 0,059

7. Сутегі электродының потенциалы –0,236 В тең, ерітіндінің рН табыңыз:

а) 2 в) 4 с) 5 д) 6

8. Концентрациясы 0,01 моль/л болатын электролиттердің Mg/Mg(NO3)2// Cu(NO3)2/Cu гальваникалық элементтің ЭҚК табыңыз:

а) 2,7 в)3,1 с) 3,9 д) 2,3

2 тақырып




  1. Тақырыбы: Комплексті қосылыстарды дәрілік препараттарды анықтауда қолдану


2. Мақсаты: Комплексті қосылыстар ағза тіршілігінде маңызды қызмет атқарады. Адам ағзасындағы барлық микроэлементтердің іс-әрекеті ақуызбен сәйкес металдардың арасындағы комплекс түзу процестеріне байланысты. Мысалы гемоглобин құрамына Ғе+3 ионы енетін маңызды табиғи комплекс ретінде саналады. Адам ағзасында гемоглобин сияқты, өсімдіктер тіршілігінің себепкері - хлорофилл Mg2+ ионының комплексті қосылысы. Co2+ анемияға (қанның аздығы) қарсы қолданылатын В12 витаминінде комплексті қосылыстың орталық атомы болып есептеледі.

Со комплексті қосылыстары ақуыз алмасуыдың активтілігін анағұрлым арттырады, бұлшық ет ақуыздарының пайда болуын тездетеді. Диабет ауруына қолданылатын белгілі препарат инсулин Zn-тың комплексті қосылысы.



3. Тапсырма :

  1. Комплексті қосылыстар, оларды алу. Комплексті қосылыстардың құрылысы. Аталуы.

  2. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты. Хелатты комплекстердің түзілуі.

  3. Комплексті қосылыстардың жіктелуі.

  4. Комплексті қосылыстардың қасиеттері.

  5. Комплексті қосылыстардағы тепе - теңдік процесстер. Тұрақсыздық константасы.

  1. Тапсырманы орындау түрі: реферат, презентация, тест құрастыру

5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар :

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс

6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 9-10 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: рефератты қорғау, презентация жасау, тест құрастыру және СӨЖ бойынша балымен бағалау.

8. Әдебиеттер:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия 3, Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1. Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.

2. Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. –М., Высшая школа, 2001.

3. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.



9. Бақылау сұрақтары :

1. Комплексті қосылыстарды атаңыз: [CoSO4(NH3)5]NO3 және K[Co(NO2)4(NH3)2].

2. [CoCl(NH3)5]Cl2 комплексті қосылыстың комплексті ионының зарядын анықтаңыз.

3. Келесі қосылыстардың диссоциация теңдеуін және тұрақсыздық константасын жызыңыз: K2[Co(CN)4], H2[PtCl4], Na2[Sn(OH)4] және олардың қандай классқа жататынын анықтаңыз.

4. Монодентатты комплексті қосылыстарға жататынын анықтаңыз:

а) K3[Al(C2O4)3] в) K3[Fe(CN)6] с) K[Cr(SO4)2]

д) K[Co(H2O)2(CN)4 e)[Cr(NH3)3H2OCl2]Cl

5. Комплексті ионының заряды - 2 тең болатын қосылысты анықтаңыз:

а) [Cu(CN)4] в)Na2[Zn(OН)4] c) [Cu(NH3)4](OH)2

д) K2[HgJ4] е) [Fe+3(CN)6] ж) [Hg+2(CN)4]

6. Бидентатты комплексті қосылыстарға жататынын анықтаңыз:

а) К3[Al(C2O3)4] в) K3[Fe(CN)6] c) K[Cr(SO4)2]

д) Na2[Fe(SO4)2] e)[Cr(NH3)3H2OCl2]Cl

7. K3[Сr(CN)6] комплексті қосылыстың комплекстүзушінің зарядын анықтаңыз:

а) +3 в) +4 с) +6 д) +2

8. Ең тұрақты комплекс:

а) K3[AgJ4] Kн =1 10-13 в) K3[BiJ6] Kн =1,6 10-20

с) K2[HgJ4] Kн =1 10-30 д) K2[PbJ4] Kн =1,2 10-4

9. Калий гексанитрокобальтатының (III) координациаляқ формуласы:

а) K[Co(NO2)5] в) K4[Co(NH3)6]

с) K2[Co(NO2)6] д) K3[Co(NO2)6]

10. Координациялық саны тең [Ni(H2O)2(NH3)4](NO3)2:

а) 4 в) 5 с) 6 д) 2

3 тақырып




  1. Тақырыбы: Заттарды анықтау әдістері: химиялық, физико-химиялық.


2. Мақсаты: Зат құрамын, мөлшерін және құрылымын анықтау барысында сол жүйелерге тән химиялық, физикалық, және физика-химиялық қасиеттер пайдаланылады. Қарастырылып отырған заттың физикалық қасиеттеріне сүйуну аналитикалық химияның физикалық талдау әдістерінің негізін құрайды. Зат құрамы, мөлшері оның химиялық қасиеттеріне негізделіп анықталса, аналитикалық химияның химиялық талдау әдістері деп аталады.

3. Тапсырма :

1. Химиялық және физико - химиялық талдау әдістерінің негізі.

2. Химиялық талдау әдістерінің жіктелуі.

3. Физико-химиялық талдау әдісінің негізі. Жіктелуі.

4. Бұл әдістердің салыстырмалы түрде артықшылығы мен кемшілігі.

4. Тапсырманы орындау түрі: баяндама, презентация, портфолио.

5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар :

1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі

2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет

3. Интернетті пайдалану

4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс

6. Тапсыру мерзімі: ІІІ-семестр, 10-11 апта.

7. Бағалауға қойылатын талаптар: баяндама, презентация жасау және СӨЖ бойынша балымен бағалау.

8. Әдебиеттер:

1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.

2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия 3, Шымкент, 2000

4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Қосымша:

1. Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.

2. Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. –М., Высшая школа, 2001.

3. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.


9. Бақылау сұрақтары :

1. Физикалық сапалық анықтау әдістері:

А. Экстракциялық анализ С. Спектрдің сызықтары

В. Полярограмма түрлері Д. Түсті реакциялар Е. люминесценция түрлері

2. Электрохимиялық әдістерге жатады:

А. Потенциометрия С. комплексонометрия Е. полярография

В. оксидиметрия Д. кондуктометрия

3. Сәйкестілікті келтіріңіз:

І. Талдаулар:


  1. жүктеу 1,46 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау