Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік сабақтар
4 Білім алушылардың өздік жұмысы
1модуль Стандарттау жөнінде жалпы түсінік
№1 дәріс
Тақырыбы:
Кіріспе
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Пәннің мақсаты мен қарастыратын мәселелері.
2 Стандарттаудың тарихына қысқаша мәліметтер.
1 Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру.
Осы курсты оқудың негізгі мәселесі - стандарттау саласындағы негізге алынатын стандарттарды меңгеру және олардың талаптарын тәжірибе жүзінде қолдануды үйрену. 2 «Стандарт» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің эталондарымен салыстыруға арналған.
Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.
Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.
Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.
Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған.
Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды.
1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді.
Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды.
19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.
Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды.
1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды.
1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді.
1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды.
1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.
Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен тәжірибелік әсерін тигізді.
19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды.
Англияда 1901 жылы стандарттар Комитеті құрылды, оның басты мақсаты – Британ империясының экономикалық күшін шикізатқа, өнеркәсіптік бұйымдарға және әскери техникаға стандарттарды дайындап, енгізу арқылы күшейту болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін көптеген мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды, мысалы, Бельгияда (1912 ж.), Голландияда (1916 ж.), Германияда (1917 ж.), Францияда, Швайцарияда, Америка Құрама Штатында (1918 ж.), Австрилияда, Швецияда, Чехословакияда (1922 ж.), Норвегияда (1923 ж.), Финляндияда, Польшада (1924 ж.), Данияда (1926 ж.) және Румынияда (1928 ж.).
Халықаралық тауаралмасу және ғылым мен техника салаларында тығыз байланыстардың кеңейту салдарынан стандарттау жөніндегі Халықаралық ассоциация (ИСА) құрылды, бірақ оның жұмысы екінші дүниежүзілік соғыстың басталысымен тоқтатылды.
1943 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шегінде стандарттау жөніндегі мәселелермен шұғылданатын Координационды комитет құрылды, оның бюросы Лондонда және Нью-Йоркте орналасты.
1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) құрылды, оның құрамына 33 ел қатысты. Қазіргі кезде ИСО ірі халықаралық техникалық ұйымдардың құрамына кіреді (оның мүшелері болып 146 ел саналады).
ИСО басқа стандарттау жөніндегі жұмыстар көптеген халықаралық және өңірлік ұйымдарда жүргізіледі.
Мысалы, Еуропалық көмір және болат бірлестігінің шегінде 1953 жылы болат бойынша Координационды комиссия құрылды, ол бірлестіктің құрамына кіретін мүшелер үшін, яғни Германия, Франция, Бельгия, Италия, Голландия және Люксембург сияқты мемлекеттерге еуропалық стандарттарды дайындап шығаруға уәкілетті болды.
Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы Кеңес одағы кезінде басталды. 1923 жылы Семейде Омбылық өлшемдер және таразылардың салыстырып-тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейлік өлшемдер және таразылар салыстырып-тексеру палатасының Алматылық бөлімшесі ашылды.
1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып, 1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді.
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларына 1993 жылы «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңын, ал 1999 жылы «Стандарттау туралы» ҚР заңын қабылдау болып саналады.
2004 жылы Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қабылданып, 2005 жылдың мамыр айында ол күшіне енеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Стандарттаудың даму тарихы?
2 Қай мемлекетте ең алғашқы рет стандартты өлшемді кірпіштерді қолдана бастады?
3 Стандарттаудың маңызы?
Ұсынылатын әдебиет:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003г. 450с
2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000г. 465 с.
3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера.-М.: ЮНИТИ-ДАНА,2000. 487с
Дәріс сабағының құрылымы:
№2дәріс
Тақырыбы Стандарттаудың мәні және экономикалық маңызы
Дәрістің мазмұны:
1 Стандарттаудың мәні
2 Экономикалық маңыздылығы
1 Стандарттаудың мәні. Стандарттау адамның белгілі саладағы әрекетін жүзеге асыру ретін белгілейді және тәжірибедегі ережелерді анықтайды. Стандарттау бойынша жұмыстардың негізгі түрі - стандартты өңдеу және бекіту. Стандарт - стандарттау объектіге қойылатын талаптарды, ережелерді белгілейтін бекітілген ережелік – техникалық құжат.
Ол мына түрде болуы мүмкін:
- орындалуға жататын бірқатар талаптарды және ережелер-ді құрайтын құжат;
- негізгі физикалық бірліктер немесе тұрақтылар (констан-талар) түрінде мысалы, ампер, абсолюттік ноль (Кельвин);
- физикалық салыстыру үшін қолданылатын кейбір заттар немесе құбылыстар.
Стандарттар категориялар мен түрлерге бөлінеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты (МС) республиканың барлық аймақтарында барлық кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен орындалуға міндетті.
Салалық стандарт дәл осы саладағы кәсіпорындармен және мекемелермен орындалуға міндетті.
Кәсіпорынның стандарты бұл кәсіпорынның немесе кәсіп-орын бірлестікке біріктірген кәсіпорын топқа жататын стандарти-зациялық ережелерді, талаптарды және әдістерді енгізеді.
Стандарттаудың негізгі шешетін негізгі мақсаттары мыналар:
- өнім мен эксперименттің сапасына қойылатын талаптар-ды белгілеу;
- сапа көрстекіштерінің бірыңғай жүйесін белгілеу;
- өлшеудің бірлігін және күмәнсіздігін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік эталондарды құру және мүлде жетілдіру немесе басқа мемлекеттердің эталондарын қолдану ережелерін өңдеу;
- физикалықмәндердің бірліктерін қолдану;
Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыс тар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.
2 Экономикалық маңыздылығы
Стандарттаудың экономикалық тиімділігі ғылыми-техникалық процесстің экономикалық тиімлігінің немесе жаңа техниканың тиімділігінің бөлігі.
Стандарттау өндіріс процесінің элементтеріне және заттарының, еңбек құралдарының, технологияның жетілуіне әсер етеді.
Стандарттау объектілерінің көбеюі олардың әлеуметтік және экономикалық өмірдің әр түрлі салаларына енуі, стандарттаудың дамуы көп мөлшерде ресурстардың бөлінуін талап етеді. Ал кейбір жағдайларда ресурстарды тиімді пайдалану, стандарттардың әр бағытта дамуына қажетті ресурстармен қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар ұлғаяды.
Осындай жағдайда стандарттаудың экономикалық тиімділігін есептеу актуалды, себебі тиімділік көптеген аспектілердің критериясы болып табылады, оның ішінде:
- стандарттаудың даму альтернативтік бағалау яғни стандарттау туралы глобалды шешімін анықтайды.
- әртүрлі қайталанатын процесстерді/ жұмыстарды, үйлестіруде стандарттауды қолдану қажеттілігі
- стандарттау объектісінің сипаттамасын таңдау және оптималды шешім қабылдауда параметрлер жиынтығын таңдау.
- басқару кезеңінің әр циклдарында стандарттаумен басқарудағы баға беруді іске асыру.
- стандарттаудың даму бағытындағы экономикалық ресурстарды тиімді бөлу ережелерге негізделген. Олар өнім сапасын жоғарылатуға және стандарттауға бірдей болып табылады.
Өнімнің барлық өмірлік циклында/ жобалау, әзірлеу айналымы мен тұтыну немесе пайдалану / стандарттаудың экономикалық тиімділігін есептеу кезінде стандарт әсері ескеріледі.
Жобалау кезінде экономикалық тиімділікті есептеу барысында жобалау жұмысының көлемін, еңбек сиымдылығын, жобалаудың уақыт мөлшері мен құны ескеріледі.
Ол үшін:
-конструкторлық-жобаның жұмысты ұйымдастыру жақсарту;
-стандартты техникалық құжаттарды көп мәрте қолдану;
-есептеудің стандартты әдісін қолдану;
-көшірме жұмысының көлемін азайту;
-техникалық архиватордағы сақталатын құжаттар көлемін иазайту;
-стандарт жобасына сәйкес жобаларды өндіруге арналған шығындарды азайту;
-жаңадан шығарылатын техникалық құжаттарды келістірудің және бекітудің уақытын қысқарту жұмыстары жүзеге асырылуы тиіс.
Өндіріс кезеңіндегі экономикалық тиімділікті есептеуде анықталатындар:
-материалды сиымдылықты азайту;
-арнайы өндіріс кәсіпорындарынан алынатын қосалқы бөлшектерді қолдануды көбейту;
-үйлестіру;
-қор сиымдылығын азайту;
-жанар май электр энергиясының шығын үлесін қысқарту.
-Айналым және пайдалану кезінде экономикалық тиімділікті есептеу барысында тұтынушылар шығынын азайту ескеріледі. Ол үшін:
-өнімді сақтау және тасымалдау шығынын қысқарту;
-өнім сапасын және техникалық деңгейін жоғарылатуды;
-бір стандартты заңмен бірнешеуін алмастыру қажеттілігін;
-заттық қызмет көрсету уақытын ұзартуды;
-заттың сенімділігін жоғарылатуды;
-қосалқы материалдарды, суды, жанар майды тұтынуды және энерго сиымдылықты азайтуды;
қызмет көрсетуші мамандардың саныны азайтуды;
-жөндеу жұмыстарының құнын төмендетуді.
Уақыт кезеңіне байланысты экономикалық тиімділіктің мына ьтүрлерін ажыратуға болады:
-жылдық;
-стандарт қызметін уақыты аралығында шығарылған стандартталған өнімдерді өндірудің барлық жылдарындағы.
Жаңа техникаға қолданылатын тиімділіктің мына түрлері ажыратылады:
-өнімнің жылдық шығарылу тиімділігі;
-жаңа техниканың жылдық шығарылудағы бір жылдық қызметтің тиімділігі;
-жаңа барлық қызмет уақытындағы тиімділігі;
-жаңа техниканың жылдық орта тиімділігі;
-жаңа техниканың барлық өндірісінің жылдық тиімділігін жинақтайтын интегралды тиімділігі
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1)Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін ата?
2) Экономика саласындағы стандарттаудың объектілерін ата?
№
3 дәріс
Тақырыбы: Стандарттау саласындағы терминдер
мен анықтамалар
Дәрістің мазмұны:
1 Стандарттау және оның интерпретациясы
2 Стандарт және оның түрлері
1 Стандарттау саласында және басқа да ғылым немесе техника салалыранда нақты ғылыми – зерттелген терминология керек.
«Стандарттау» терминінің анықтамасы кең болған соң, Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» заңында стандарттау және стандарт деген сөздерге келесі анықтамалар беріледі:
Стандарттау – нақты бір немесе әлеуметті мәселелер жайында жалпы және көп рет пайдалану үшін белгілі салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған қызмет;
Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;
«Техникалық реттеу туралы» заңында келесі анықтамалар берілген:
Стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;
Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат.
2 Алдын ала ұлттық стандарт - қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт;
Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт - белгіленген және арнайы пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжат.
Консорциум стандарты - консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт;
Негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;
Өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
Ұлттық стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;
Ұйым стандарты - ұйым дербес бекіткен стандарт;
Үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;
Үкіметтік емес стандарт - Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт;
Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
Шет мемлекеттiң стандарты - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетімді стандарт.
Нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;
Техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Стандарттауға қатысты терминдердің мазмұнын ашу?
2 Стандарттардың қандай түрлерін білесіздер.
Ұсынылатын әдебиет:
Дәріс сабағының құрылымы:
№4-5 дәріс
Тақырыбы: Стандарттаудың заңнамалық базасы
Қазақстан Республикасында стандарттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңымен орнатылды.
1999 жылы «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңы қарастырылып, Қазақстаннның дамуы мен нарықтық реформаларды жүргізу нәтижесінде «Стандарттау туралы» ҚР жаңа заңы қабылданды, бұл заң 2003 жылдың 10 маусымында күрделі өзгертіліп, толықтырылды.
2004 жылдың қарашасында «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қабылданды, бұл заңға сай «Стандарттау туралы» заңының күші жойылып, кейбір баптары ғана уақытша қалдырылды.
«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы өзгертіліп, толықтырылады, 2008 жылдың шілдесінде бұл заңға бірнеше өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.
Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.
Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1) міндетті регламенттеу саласында:
өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
саудадағы техникалық кедергілерді жою;
2) стандарттау саласында:
отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;
табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.
Техникалық реттеу:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;
2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;
3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;
4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;
5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;
6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;
7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;
9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;
10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;
11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;
12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;
13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкiлетті орган;
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;
3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар;
9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды.
Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;
7) үкіметтік емес стандарт;
8) консорциум стандарты;
9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.
Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құрады.
Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзірленетін және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стаидарттар мен техникалык-зкономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми акпарат, сондай-ақ көрсетілген қүжаттар пайдаланушыларға қолжетімді болуға тиіс.
Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік қүжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Құжатты әзірлеген тұлға әрбір стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бір данасын уәкілетті органға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшін жібереді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (03.12.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
Дәріс сабағының құрылымы:
№6 дәріс
Тақырыбы: Техникалық реттеудің принциптері.Стандарттауды қолданудың еріктілігі.Тұтынушылардың құқығын қорғау қызметіндегі стандарттау.
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Техникалық реттеудің принциптері.
2 Стандарттауды қолданудың еріктілігі.
3 Тұтынушылардың құқығын қорғау қызметіндегі стандарттау.
1.Техникалық реттеу жүйесін құру және дамыту мына принциптерге негізделуі қажет:
техникалық регламенттердің және стандарттауға қатысты нормативтік құжаттардың түрлері мен санаттарының бірлестігіне;
өнімге талаптарды белгілеу ережелерінің бірлестігіне;
халықаралық нормалар мен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарымен үйлестіруге;
елдің экономикасының, материалдық-техникалық базасының, жағдайының және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігіне;
тіркеу және сертификаттау органдарының тәуелсіздігіне.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық стандарттарды қолдану мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
-халықаралық стандарт мұқабасын мемлекеттік стандарт мұқабасына алмастыруды;
- қарастыратын мұқаба ауыстыру;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) жетекшісінің бұйрығы түрінде Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттарды олардың мұқабаларын ауыстырмай енгізуді растау туралы хабарландыру жариялауды қарастыратын растау.
Стандарттың мазмұны, атауы, құрылымы немесе ұсыну нысаны ұқсастырылған немесе өзгертілген халықаралық стандарттар негізінде мемлекеттік стандартты әзірлеу.
Халықаралық стандарт негізінде мемлекеттік стандартты әзірлеу тәртібі "Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 98 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 27 сәуірде N 3587 тіркелген).
Ерікті сертификаттау - өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
Міндетті сертификаттауға - жататын және талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол берілетін өнімдер тізбесіне енгізілген өнімнің талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы дайындаушы растай алады.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қабылданған сәйкестік туралы декларация өзінің тіркеу саласына декларация ресімделген өнім енгізілген сертификаттау жөніндегі органда тіркеледі.
Сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы өнімнің нормативтік құжаттар талаптарына сай келетіндігін растайтын дайындаушы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес осы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады.
3. Қоғам өмірінде және экономикасында қызмет көрсету саласы елеулі орын алады. Оны мына деректерден көруге болады: - өнеркәсібі дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынады. - елімізде жұмыспен қамтылған халықтын 30 % астамы қызмет көрсету саласында істейді және бұл көрсеткіштің әрі қарай өсуі байқалады. т.б.
1995 ж. Дүние жүзілік сауда ұйымының ақылы қызмет көрсету саласындағы басты келісім іске асырылды. Келісімнің мақсаты халықаралық рынокта барлық ақылы қызмет көрсету түрлерін ынталандыру және құқықтық қамтамасыз ету. Қызмет кәрсетулер біртекті топтар түрінде жіктеледі. Бұл топтарға мыналар жатады:
1. Тұрмыстық радиоэлектронды аппараттарды, электр машиналары мен приборларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
2. Автоматотранспортқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
3. Сұйық отынмен және газбен жанатын приборларды жөндеу.
4. Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметі.
5. Тұрмыстық-экскурсиялық және қонақ үй қызметі
6. жолаушыларға көрсітілетін көлік қызметі.
7. Жиһаз жасау және жөндеу.
8. Байланыс қызметі.
9. Киімді тігу және жөндеу.
10. Аяқ киімді жөндеу, бояу және тігу.
Көрсетілетін қызмет түрлері көбейіп келеді. Оның жаңа тұрлері, яғни, аудиторлік, кеме кіресі, жарнамалық ж.б. түрлері дамып келеді. Қызметті стандарттау жұмыстары 1992 ж. басталды. Оған себеп Қазақстан Республикасында қабылданған “Тұтынушыларды құқығын қорғау туралы” заң. Заң тұтынушыларды қауіпті қызметтен қорғаудың жүйесін құрудың қажеттігін айқындады. Жүйенің басты бағыты ретінде міндетті сертификаттау белгіленді. Қызмет көрсету саласында қолданылып келген ережелер, нұсқаулар т.б. сертификаттаудың нормативтік негізі бола алмағандықтан міндетті талаптар тағайындайтын мемлекеттік стандарттар қажет болды. Сондықтан елімізде басталған міндетті сертификаттау қызмет көрсету саласында стандарттау жұмыстарын жандандырды. Мемлекеттік стандарттарды дайындау үшін техникалық комитеттер құрылды. Қызмет көрсету сапасының көрсеткіш атауларына, қызмет сапасын бағалау әдістеріне стандарттар дайындау жоспарланып, қазіргі кезде жүзеге асырылып келеді. Міндетті сертификаттауға жататын қызмет түрлері анықталды (шаштараз қызметі, бөлшек сауда қызметті ж.б
Ұсынылатын әдебиет:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003г. 450с
2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000г. 465 с.
3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера.-М.: ЮНИТИ-ДАНА,2000.
№ 7 дәріс