Мақсаты: Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Оқушы білімін бақылау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар туралы білімдерін толықтыру
Жоспар:
Қайталау сабығының мақсаты
Қайталау түрлері
Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар
Қайталау- сабақтың аса көп тараған түрі.
Қайталаудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды, оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді, мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді.
Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады.
Қайталау сабағында оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек.
Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.
Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады. Қайталау сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерге тоқтамас бұрын әдіс-тәсіл дегеніміз не деген сұраққа жауап алайық.
Қайталау сабағының мақсаты – оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту. Қолданылатын әдістері. Түсіндіру, әңгіме, теңестіру, салыстыру, дәлелдеу, бағалау. Тәсілдері: бақылау жұмыстарын жаздыру, қорыту.
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болғанымен оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Мысалы, сабақта көп жағдайда оқушының дербес ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіншіліктің болмауы оқытуды ұйымдастырудың басқа формаларын іздестіруге себеп болады.
Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, толықтыру, шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін дамыту мақсатында оқу жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолоданылаады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлеріне семинар, эскурсия, факультатив, үйірме, конференция, сынақ, үй жұмысы , қосымша сабақ, тәжірибелік зертханалық және пәндік үйірме, олимпиада, өзіндік жұмыстар жатады
Семинар - оқыған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатымен жүргізілетін оқыту формасы.
Экскурсия - оушылардың сабақта алған теориялық білімдерін практикамен жалғастыру, бекіту мақстында жүргізіледі. Бұл әсіресе, физика, химия, биология, тарих, еңбек сабақтарында қолданылады. Экскурсия саьбақтары мектептің оқу алаңында, ауыл шаруашылығында, өндірісте, мұрадайда, көрмелерде ұйымдастырылады. Тиімді ұйымдастырылған эксурсия нақтылы фактілерді, құбылысытарды жақсы оқып, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Факультатив - оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әр түрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Факультативтің атқаратын қызметі: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, дүниетанымын кеңейтеді. Белгілі пәнеге қатысты танымдық қызығушылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |