Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Қазақ орфографиясының принциптері



жүктеу 283,72 Kb.
бет57/106
Дата16.01.2022
өлшемі283,72 Kb.
#32570
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106
0bba3ffa-a182-11e4-8a1d-f6d299da70eeМетодика-метод. материалы№1

Қазақ орфографиясының принциптері

Фонетикалық принцип

Морфологиялық принцип

Дәстүрлі-тарихи принцип

Бүгін (бұл күн)

Белбеу (белдің бауы)

Жаздыгүні (жаздың күні)


Жұмысшы (жұмашшы)

Түнгі (түңгі)



Хал, хабар, халайық

бейкүнә

Орфография мен орфоэпиядан өткен білімдерін бекіту ретінде оқушыларға жеке өздік жұмыстарын жасатқызу оларды өз бетінше жұмыс жасауға төселдіреді

Қазақ пунктуациясы — қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердіц жиынтығы. Ол — тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарас- тырады. Қазақ пунктуациясы да орыс халқының пунктуация­ сы сияқты грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамма­ тикалық қүрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады. Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі — тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді (речь) сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бәліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау. Қазақ тыныс белгілері осындай қызметті атқарып та келеді. Мәселен, нұкте сөйлеуді сөйлемдерге саралайды да, аяқталған жай немесе күрделі ойды білдіреді. Егер бір тексті алып, төмендегідей ара жігін ажырат- пай жазсақ, оқушылар оны оқығанда, қатты қиналар еді, тіпті оның мағынасына да түсінбей қалуы ықтимал:



Күн салбырап сңкейген кузге салымғы жылы күн азырак, салқын тартқан орман ағаіитарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің қулпы- рып шашыраған алтын шуғыласымен шағыласады ма- ңайда Хамиттан басқа адам жоқ (С. Сейфуллин.) Ал осы тексті Сәкенше терт сөйлем етіп, араларына тыныс белгілерін койып төмендегіше жазсақ, ол тексті де, ондағы сөйлемдерді де оқушылар қпналмай, мәнерлеп, дұрыс оқи алады және эр сөйлемнің мағынасына саналы түсінеді, өйткені тыныс белгілерінің сөйлемдерді, олардың мағынасын саналы түсінуге жәрдемі тиеді: Күн салбырап еңкейген. Кузге салымғы жылы күн азырақ салқын тартқан. Орман ағаштарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің қулпырып шашыраған алтын шуғыласымен шағылысады. Маңайда Хамиттан басқа адам жоқ. (С. Сейфуллин.). Үтір құрмалас сөйлемнің бөліктерінің, сонымен бірге бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасына қойылады. Сол арқылы ол құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерін және бірыңғай сөйлем мүшелерін іштей ажыратады да, олар­ дың арасына кідіріс жасап (пауза қойып) оқу керектілігін аңгартады. Егер біз үтірдің қызметін елемей, сөйлемді іштей ажыратыи жазбасак, оны дұрыс оқи алмас едік, әрі жазушының айтайын деген ойын өз мәнінде түсінбе- ген де болар едік. Мысалы, Біздің қазақтың достыгы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қактырмай отырғанымыз. Үш миллионная халқы артық дүниеде бір кала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі то- лып жатыр1 деген Абай сөздеріндегі бірыңгай мүшелер мен сөйлем компонентінен кейін үтір қоймасақ, акын жазғанын дұрыс оқуға, ақын ойын дұрыс түсінуге нұксан келер еді. Үтір сияқты нүктелі үтір, кос нүкте белгілері де сөйлемдердің ішкі бөліктерін және олардың бір-бірімен байланыстылығын көрсетеді.Сонымен, бұл келтірілген фактілер қазақ тыныс бел- гіяерінің сөйлемнің грамматикалық кұрылысына қарап қойылатынын дәлелдейді және проф. С. И. Абакумовтың пунктуаңияның негізгі қызметі жайындағы пікірінің дүрыстығына айғақ болады: Мәселен, Мен өзім тірі бол- сам да, анық тірі де емеспін, эншейін осылардың ызасы- нан б а? Өзіме өзім ыза болғанымнан б а? Бір бөтен себеп- тен бе? (Абай) деген сөйлемдерде сұрақ белгілері сол сөйлемдердің ара жігін ғана ашып тұрған жоқ, сонымен бірге олардың сұраулық мағынаны білдіретінін байқата- ды. Осы сияқты леп белгісі сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін және ол сөйлемнің леп мағынасы барын аң- ғартады. Ал құрмалас сөйлемнің арасына қойылатын кос нұкте оның жалғаулықсыз себепті Салалас немесе іліктес салалас екенін, көп нұкте сөйлемде айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіреді. Бұл тәрізді фактілер қазақ пунктуациясының сөйлемнің мағынасына карай та қойылатынын айқындайды. Қазақ тыныс белгілері сөйлемнің интонациясына қарап (негізделіп) та қойылады. Мәселен, соңына нұкте қойылған сөйлем еш уақытта көтеріңкі дауыспен (интонациямен) оқылмайды. Керісінше» сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады. Ал тек қана интонация арқылы жасалынатын сұраулы сөйлемер (Ертеңнен бастап практикада боласыңдар). — Ертеңнен бастап? дегендегі Ертеңнен бастап? де­ ген сияқты сөйлемнің пунктуациясы интонациясына қарап қойылатынын байқатады және оған дәлел бола алады. Бастауыштан соң қойылатын сызықша да пунктуация- ның интонаңияға сүйенетінін аңғарта алатын тәрізді. Мысалы, Ол — елден келді деген сөйлемде ол сөзінен соң сызықша қойып жазсақ, біреудің (бір кісінің) елден келгенін білеміз. Мұндай жағдайда ол сөзі сөйлемде бас­ тауыш қызметін атқарады да, к і м? сұрауына жауап болады. Сөйлемді оқығанда, ол сөзінен кейін пауза жа-салынады, ол сөзі ерекше интонаңиямен айтылады. Егер сол сөйлемдегі ол сілтеу есімдігінен кейін сызықша қойылып жазылмаса, сөйлемді оқығанда, ол сөзі ерекше интонациямен айтылмайды, ол сөзінен кейін пауза жасалынбайды. Мұндай жағдайда сөйлемдегі ой біреудің сөй- леушіге я жазушыға ғана белгілі бір елден келгені жай- лы айтылады және ол сөзі бұл сөйлемде к а й? сұрауына жауап болып, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл да кейбір жағдайда қазақ пунктуациясының интонацияға негізделетінін және сөйлемдегі сөздерді өз интонациясы- мен оқуға көрсеткіш бола алатынын байқатады. Сөйтсе де қазақ пунктуациясы тек қана интонация мен паузаға байланысты деп қарауға да, түсінуге де болмайды. Себе­ бі тілімізде ерекше интонациямен айтылатын сөздерден соң ешбір тыныс белгісі қойылмай жазылатын сөйлемдер де бар. Бұлардың қатарына үйірлі мүшелі сөйлемдерді және шылаумен байланысқан ыңғайлас салалас сөйлем­ дерді атауға болады. Үйірлі бастауышты сөйлемде (Әкесі шаңғы әаерген бала тым қуанышты. Бұл сөйлем­ дегі үйірлі бастауыш — әкесі шаңғы әперген бала) инто­ нация үйірлі бастауышқа түсіп, үйірлі бастауыштан соң пауза қойылып айтылады, ал жазғанда, одан кейін ешбір тыныс белгісін қоймай жазамыз. Осы сияқты үйірлі анықтауышты, үйірлі толықтауышты, үйірлі пысық- тауышты еөйлемдерде интонация сол мүшелерге түсіп айтылғанымен, жазғанда, олардан соң ешбір тыныс бел­ гісі қойылмайды. Өлеңді еөйлемдерде инверсия жасалатындықтан, кей­ бір синтагмадан кейін пауза қойылып айтылады. Ал жазғанда, пауза жасалған сөздерден кейін немесе ерекше интонациямен айтылған сөздерден соң ешбір тыныс бел­ гісі қойылмай жазылады. Міне, мұндай тілдік фактілер пунктуация мен инто- нацияның жаратылысыңың және атқаратын қызметінің бір еместігін дәлелдейді. Пунктуация жазу мәдениетін көтерсе, интонация оқу, сөйлеу мәдениетін арттырады; пунктуация жазу арқылы ой білдірудің құралы болса, интонация — ауызекі тілде ой білдірудің құралы. Пунк туация мен интонацияның осындай ерекшелігін алғаш көрсеткен проф. С. И. Абакумов былай деп жазған еді: «Интонация и пунктуация — это как бы две сестры, до­ чери одного и того же отца — смысла речи. Но надо ска­ зать, что эти два равноправных средства выражения не равнозначны Ескере кететін бір жай: жалпы қазақ пунктуаңиясы мағынаға, грамматикаға және интонацияға негізделетінін талаесыз мойындап және сол пікірді көптеген тілдік фактілермен дәлелдегенімізбен, белгілі бір тыныс белгісі тек қана грамматикаға, мағынаға, жалаң интонация мен паузаға негізделіп қойылады деген тоқтамнан тыспыз. Рас, белгілі бір тыныс белгісінің грамматикаға я мағы­ наға, яки интонацияға, әйтеуір осы үшеуініц біреуін ба- сымырақ таяныш етіп барып жазылуы ықтимал. Алайда соның өзі аздап болса да басқалармен байланысты бол- май тұра алмайды. Мәселен, сызықша интонацияға негіз- деле қойылады дегенімізбен, оның грамматикамен тығыз байланыстылығын жоққа шығара алмаймыз. Өйткені сөйлемде ерекше интонациямен айтылған сөзден соң тал- ғаусыз сызықша қоя бермейміз: тек қана белгілі бір грамматиканың заңдылығына (ережелеріне) сүйеніп қана сәйлемдегі белгілі бір сөзден кейін я алдынан сызық­ ша қойып жазамыз. Олай болса, жоғарыда белгілі бір тыныс белгілері грамматикаға негізделіп жазылады ле­ генде, олардың мағына мен интонацияға ешбір қатысы, байланысы жоқ деген ұғым тумасқа тиіс. Керісінше, бел­ гілі бір тыныс белгісі интонацияға негізделеді дегенде, оны мағына мен грамматикадан тыс деп қарамағанымыз жөн. Мұның өзі тыныс белгілерін қоюда диалектикалық заддылықтың басшылыкқа алынатынын дәлелдейді. Г Қорыта айтқанда, қазақ пунктуаңиясы магынаға, грамматикаға және ішінара интонацияға негізделеді. Бұл жағдайда қазақ тыныс белгілерінің бір мағынаны білдіруіне және белгілі бір қызмет атқаруына тірек бола алады. Қазақ пунктуациясының қызметін сөз ету дегеніміз — казак тілінде қандай тыныс белгілерінің барын, олардың қандай мағына білдіретінін және колданылуын баяндау.


жүктеу 283,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау