Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері



жүктеу 283,72 Kb.
бет36/106
Дата16.01.2022
өлшемі283,72 Kb.
#32570
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106
0bba3ffa-a182-11e4-8a1d-f6d299da70eeМетодика-метод. материалы№1

3. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері

1.Тілде бір - бірімен байланыспай, жеке тұратын ешбір элемент жоқ . Тіл элементтері бір -  бірімен тығыз байланысты. Мысалы, дыбыс сөзде, сөз сөйлемде, сөйлем де, ешбір тілдік элементті байланыссыз, жеке үйрету нәтижесі болмайды. Оқу процесінде тыңдау, ауызша дұрыс айтуға, оқуға, жазу жаттықтыру жұмыстары бірге жүргізіледі. Сөйтіп,  дыбыс жеке үйретілмейді, ол сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін құрамында үйретілсе, оның нәтижесі жақсы болуы сөзсіз.

2.Тілдің фонетикалық жүйесін үйретуде оқытушының қазақ тілінің өзіне ғана тән, орыс тілінде кездеспейтін дыбыстарға ерекше тоқталуы керек. Орыс тілінде де қазақ тілінде бар үндес, мәндес дыбыстар оқу процесінде үлкен қиындық келтірмейді. Ал,  қазақ тілінің ә, ө, ү, ұ, ң, ғ, қ, і, һ дыбыстарының орфоэпиясын меңгерту оңайға түспейді. Сондықтан,  оқытушы осы дыбыстарды меңгертуге оқу процесінің басынан бастап ерекше мән беру керек. Қазақ тілінің дыбыстық құрамындағы осы дыбыстардың әр қайсысының жасалуына, қатысатын мүшелер, олардың дыбысты жасаудағы қалпы суретке сүйене отырып, мұқият үйретілуі қажет.Мұнда осы дыбыстардың жеке айтылуынан бастап, сөз ішінде, басқа дыбыстармен тіркесте айтылуына әрбір оқушы арнайы жаттықтырылуы қажет. Мұндай жаттықтыру, оқушының дұрыс айтуын қадағалауы тек фонетика бөлімінде ғана емес, курстың аяғына дейін оқытушының назарынан тыс қалмау керек.

3.Сөзді дұрыс айтуға үйрету тек қазақ тілінің ерекшелігіне тән дыбыстарға ғана байланысты емес. Орфоэпия мәселесі одан әлде қайда кең. Әсіресе, сөз бен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бір -  біріне әсерінен айтылуда,  кейде жазылуда болатын өзгерістер сөздердің орфоэпиясын қиындатады.  Сондықтан,  түбір мен қосымшаның ара жігінде болатын дыбыстық өзгерістер жөнінде толығырақ айту қажет. Бұл үшін сөздің дұрыс айтылуын оқытушының айтуымен бірге, үнтаспаға  немесе күйтабаққа жазылған материалды тыңдатып, оқушыларды соған ілесіп айтуға жаттықтырған нәтижелі болады.

4.Екпінге байланысты кездесетін қиындықтар оқушының өз тілінің заңдылығын қазақ тілімен қолданумен байланысты туады. Басқа ұлт өкілдері қазақ тілін оқығанда, екпінді сөздің басына , кейде сөздің ортасындағы буынға түсіруі де кездеседі. Сондықтан, қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігін түсіндіруі өте қажет. Қазақ тілінде екпіннің сөздегі тұрақтылығы, оны меңгеруді жеңілдетеді, тек оқушы осы заңдылықты орфоэпияда сақтауға дағдыландыруы керек. Ал сөздің соңына түскенімен, екпінді қабылдамайтын жіктік жалғауы, болымсыздық етістіктің жұрнағы, сын есімнің - дай,  - дей жұрнақтары сияқты қосымшаларды оқушы білуі керек. Сонымен,  бірге қазақ тіліндегі екпін орыс тіліндегідей тым көтеріңкі айтылмайтынын ескерген дұрыс.

5.Ешбір тілдік материал ереже жаттау түрінде өтілмеуі тиіс. Барлық тілдік материал іс жүзінде сөйлеу, тіл үйрену процесі ретінде жүргізілуі тиіс. Жатталған ереже ұмытылады, оны іс жүзінде қолданғанда ғана есте жақсы сақталады, тілді жақсы үйретуге көмектеседі. Сондықтан, барлық сабақ тілдік материалды оқушының қолдануына, тәжіребе жүзінде меңгеруіне лайықтап құрылуы қажет.

6.Басқа ұлт өкілдеріне сабақ беретін және қазақ тілі үйірмелерінде сабақ беретін оқытушылар тіл үйренушілерді қызықтыруына әсерлі өтуіне ерекше мән бергені жөн. Ол үшін бір сабақ екінші сабаққа ұқсамайтындай етіп өткізілгені дұрыс, бұл әрине, оқытушының шеберлігіне байланысты.

7.Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлауға, оны түрлі тәсілдермен әсерлі өткізуге ерекше мән беруге қажет. Ол үшін әр сабақтың толық жоспары күні бұрын жасалып, сабақта өтетін материалдар күні бұрын анықталып, онда қолданатын әдістемелік тәсілдер белгіленуі керек. Сабаққа оқытушы қандай материалды қалай үйрететінін әбден анықтап, келуге тиіс.

8.Оқытушы жаңа материалды тіл үйренушілердің бұрын алған біліміне сүйене отырып үйретуі керек. Мұндай жағдайда бұрын алған білімі қайталанып отырылады, жаңа материалды тез ұғуға мүмкіндік туады. Ал бұның екеуі де тіл үйренудің сапасын арттырады.

9. Көрнекілік құралдар сабақтың ұтымдылығын арттыратыны, материалды жақсы түсіндіруге қажет екені белгілі .

10. Сабақта техникалық құралдарды қолдану қазір өте кең тараған. Оның маңызы өте зор. Сонымен бірге интерактивтік әдістерді пайдалану және озат тәжіребені зерттеу, жинақтау және оқу процесіне енгізу. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу.

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы - бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика – фонемаларды - тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.




жүктеу 283,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау