Пәнінің оқу-әдістемелік кешені


RAD Методологиясының шеңберіндегі өмірлік цикл фазалары



жүктеу 0,56 Mb.
бет39/69
Дата21.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#34352
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
АЖЖ жобалау Глоссарии

RAD Методологиясының шеңберіндегі өмірлік цикл фазалары.

Қосымшаны жылдам құру методологисын пайдалану кезінде АЖ-ның өмірлік циклі фазадан тұрады:



  • Талаптарды жоспарлау мен талдаудан;

  • жобалаудан;

  • құрудан;

  • енгізуден.

Әр қайсысын жекелеп қарастырайық.
Талаптарды жоспарлау мен талдау фазасы

Талаптарды жоспарлау мен талдау фазасында анықталады:



  • құрылатын АЖ орындауға міндетті функциялар;

  • бірінше кезекте құруды қажет ететін функциялар;

  • ақпараттық қажеттіліктер;

  • жобалау масштабы;

  • әр кезекті фазаға арналған уақытша шектеулер;

  • аталмыш жобаның орнатылған аппараттық және программалық ққралдарды қаржыландыру шектеулер шеңберіндегі өзіндік мүмкіншіліктері

Егер жобаны құру негізінде мүмкін болса, онда талаптарды жоспарлау мен талдау фазасының нәтижесі құрылып жатқан АЖ функцияларының тізімі ретінде, сонымен қатар, жүйенің ақпататтық моделі беріледі.
Жобалау фазасы

Жобалау фазасында CASE- құралдар қажетті инструмент болып табылады, олар қосымшаның жұмыс істеп тұрған прототиптерін жылдам алу үшін пайдаланылады. CASE- құралдар көмегімен құрылған прототиптер , пайдаланушы тарапынан талданады. Осылайша, аталмыш фазада сонымен қатар болашақ пайдаланушылардың қатысқандығы маңызды.

Процестерді бөлшектеп қарастырғаннан кейін құрастырылатын жүйенің функционалды элементтерінің саны анықталады. Бұл АЖ – ны бірнеше подсистемалар қатарына бөлуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысы құрастырушылардың бір командасымен іске асырылады. CASE- құралдарды пайдаланумен жоба әртүрлі командалар арасында бөлінеді – функционалды модель бөлінеді.

Осы фазада қажетті құжаттамалар жинағы аныталады.

Аталмыш фаза нәтижесі болып:


  • жүйенің жалпы ақпараттық моделі;

  • құрастырушылардың жеке командасымен іске асырылатын жүйенің тұтас және подсистемалардың функционалдық моделдері;

  • автономды құрастырылатын подсистемалар арасындағы CASE- құралдарының көмегімен нақты анықталған интерфейстер;

  • экрандардың, диалогтық терезелердің және есептердің құрылған прототиптері.


Құру фазасы

Құру фазасында жүйені пайдаланушылардың қатысуы керек, олар алынған нәтижелерді бағалап, құру кезінде жүйе басында қойылған талаптарға сай келемей, жұмыс істеуі нашарлай бастағанда түзетулер енгізеді. Жүйені тестілеу міндетті түрде құрастыру процесінде жүргізіледі.

Құрастырушылардың әр командасының жұмысы аяқталғаннан кейін аталмыш жүйенің жеке элементтерін басқаларымен біртіндеп біріктіру жұмыстары басталады, толық программалық код құрылымдалады, қосымшаның осы бөлігінің басқа бөліктермен жұмыс істеуі тестіленеді, сосын барып толық жүйенің тестіленуі болады.

Жүйенің физикалық жобасы аяқталады, нақтырақ айтсақ:



  • деректерді бөлу қажеттілігі анықталады;

  • деректерді пайдалану талдауы жүргізіледі;

  • деректерді физикалық жобалау болады;

  • аппараттық ресурстарға қойылатын талаптар анықталады;

  • өндіргіштікті ұлғайту әдістері анықталады;

  • жобаның құжаттарын құрастыру аяқталады.

Аталмыш фазаның іске асу нәтижесі пайдаланушылардың барлық талаптарын қанағаттандыратын АЖ болып табылады.
Енгізу фазасы

Енгізу фазасы негізінде пайдаланушыларды енгізілген АЖ-мен жұмыс істеуге оқытуға негізделеді. Құру фазасы созылмалы болғандықтан енгізуге жоспарлау және дайындық іс-шаралары жүйені жобалау этапында жасалуы керек.



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау