1. Сақталатын деректердің типіне байланысты АЖ фактографиялық және документтік болып классификацияланады.
Фактографиялық жүйелер құрылымдалған деректерді мәтін және сан түрінде сақтауға немесе өңдеуге болады. Мұндай деректермен әртүрлі операциялар жасауға болады. Құжаттық жүйелерде ақпарат құжат түрінде берілген, олар нұсқаулар мен реферат және тексттерден тұрады. Таңдап алынған құжат тер пайдаланушыға беріледі, ал берілгендерді өңдеу бұл жүйеде іс жүзінде жасалмайды.
2. Автоматтандыру деңгейі бойынша классификациясы. Ақпараттық жүйелер бірнеше түрге бөлінеді: қарапайым қол күшімен, автоматтық және автоматизацияланған.
Қолдық АЖ: Мұнда ақпаратты өңдейтін жаңа технологиялар жоқ, барлық операциялар адаммен орындалады. Мысалы: менеджері бар офисте компьютерлердің жоқтығы, оны қолдық АЖ деп айтуға болады.
Автоматтандырылған АЖ ақпаратты өңдеуде адамды және технологиялық құрылғылардың қатысуы, дегенмен компьютерге негізгі рол бағытталады. Дәл осы класс қазіргі заманғы АЖ-ге нақ келеді.
Автоматты АЖ өндірудің барлық операциялары орындалады, бірақ адам көмегінсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |