Сана мен іс-әрекеттің бірлігі. Сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды.
Семантика – сөздер мен сөйлеуднгі айтылған атаулардың мағынасын білдіретін термин. Ғылымда бұл атау семантика, семасиология деп те атала береді.
Синтагма – лингвистикалық термин. Ол сөз тіркестері мен олардың бөлшектерін жіктеп қарастырып, анықтаушы және анықталушы бөліктерінің құрамын анықтай отырып белгілі жүйемен іздестіреді.
Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіргендіргіштің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі органдарда қыздыру тудыратын әсер. Оның қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады.
Статус (латын) – тұлғаның топ ішіндегі құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін ұғым.
Сөздің байланыс функциясы – араласу функция. Әңгімелесіп отырған адамға тура не жанама әсер ету.
Сөйлеу іс-әрекеті – адамның тілді қатынас жолы және ойлау құралы ретінде пайдалану процесі.
Сенсорика – сезімдік таным элементтерінің түсінулердің, қабылдаулардың, түсініктердің жиынтығы.
Сенсорлық эталондар үлгілер - заттар әлемі қасиетінің әр түрінің негізгі айырмашылық белгілері жөнінде адамзат мәдениетінде қалыптасқан түсініктер (түстер, формалар, заттардың шамасы, дыбыстардың жоғарлығын т.б.)
Синкретизм – бір нәрсенің дамымаған күйі: ажырамағандық , біріккендік.
Стресс (ағылшын) – ерекше жағдайлардың әсерінен адам организімінің титықталуы, дәрменсізденуі.
Темперамент – жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, теңдігіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик. Темпераменттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі мен әлеуметтік жағдайына орай өзгеріп, жаңа қасиет-сипаттарға ие болады. Темпераментік ерекшеліктер адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінез-құлық сипаттары өмірде жүре – тұра қалыптасады. Психологиядағы темперамент жайлы ғылыми көзқарастар әр түрлі. Дегенмен , темпераменттердің табиғи-ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің типтері екенін ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог И.П.Павлов.
Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін , ақыл-ой деңгейін белгілі бір нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Тест (сынақ) әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытылады. Қазіргі кезде тест әдісі кеңінен қолданылып отыр. «Тест» - ағылшын сөзі, мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді.
Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.
Топ жетекшісі – жора – жолдастары мен қатар құрбыларына өзінің беделімен , іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.
Тәрбие – тәрбиеленетін адамда мінез-құлықтың, дүниеге көзқарастың, мінездің және ақыл-ой қабілеттілігінің қалыптасуы үшін мақсатқа бағытталған жүйелі ықпал жасау. Тәрбие оқылудың ажыратылмайды . Бірақ, оған дәлме-дәл де келмейді, тәрбие таптық сипатта болады.
Тума белгі – адамның дүниеге өзімен бірге келетін белгісі.
Тәртіптілік – адамның жеке басының дағдысы, үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі.
Тианақталған сөйлеу - әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу.
Түрлестік – 1) индивидке ықпал ететін топпен іштей немесе сырттай келісу; 2) жеке адамның ішкі позициясына қарамастан топпен сырттай келісу.
Түсіндіріп сөйлесу- заттың, құбылысты немесе ережені айқынырақ дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу. Түсіндіру тәсілдер жиынтығы. Жағдайларға байланысты мұндай тәсілдер ретінде салыстыру, сипаттау, себебін көрсету, қарапайым модельді құрастыру т.б. атауға болады.
Түсінік – болмыстың заттары мен құбылыстарының өткен бір кездегі сезім мүшелеріне тигізген әсерінің сезім-көрнекілік бейнесі.
Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтижесі арқылы жасалып, оның мазмұны мен көлемі анықталады.
Ұғымталдық –сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті.
Ұжым –қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүдделерінің бірыңғай болуында.
Үйлесім , сыйымдылық – бұл әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқана саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.
Үнсіз сөйлесу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса , ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.
Фрейдизм – бұл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейдтің атымен байланысты. Фрейдизм ХХғасырда психологияда кең таралған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші фоктор жыныстық еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, ал психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік факторлармен де айқындалатыны ескерілмейді.
Фенотин (грек) - өмір сүру барысында қалыптасқан жүйке жүйесінің типі.
Филогенез (грек) – тіршіліктің алғаш пайда болуынан бастап адамзатқа дейінгі даму жолы.
Фрустрация (латын) – босқа әлек болу, жолы болмау.
Эгоцентрлік сөйлеу –сөйлеудің бұл түрін психологияда баланың автономды (өзіндік) сөйлеуі деп те атайды. Эгоцентрлік сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің үнсіз (іштей) сөйлеуге ауысу жолындағы өтпелі (өткел) деп санауға болады.
Электроэнцефалограмма (ЭЭГ) – мидағы биоэлектрлік белсенділік әрекетін осы аспаппен жазып алады да, оның мәнін анықтайды.
Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.
Эгоизм (франц) – жеке басы мүддесін басқалардың, қоғамның мүддесін жоғары қоюшылық.
Эгоцентризм (латын) - өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан формалары.
Эйдетизм (грке) – бейнелерді еске өте дәл айқын түсіру.
Эйфория (грек) – шындыққа сәйкес клмейтін көңіл – күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттануы.
2. ДӘРІСТЕР
Дәріс тақырыбы. Әлеуметтік психология пәні және ғылыми білімдер жүйесінде дамуы.
Жоспар.
Әлеуметтік психологияның ғылыми білім беру жүйесінде алатын орны.
Әлеуметтік психология пәні туралы 20- жылдардағы дискуссия.
Әлеуметтік психологияның қазіргі кездегі жағдайы.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Әлеуметтік психология ғылыми білім беру жүйесінде алатын өзіндік орны бар. Бұл пән психология және социология ғылымдары негізінде пайда болып, өзіндік статусы бар әлеуметтік психология. Әлеуметтік психологияның ғылыми білім беру жүйесіндегі орны ерекше. Бұл пән екі ғылымның объективтік қосылуынан пайда болған. Әлеуметтік психологияның өзіндік ғылым ретінде болуында үлкен үзіліс бар. Әлеуметтік психологияның қайтадан пайда болуы елуінші жылдың аяғымен алпысыншы жылдардың басы.
Әлеуметтік психолгия – адамдардың тәртібі мен іс-әрекет заңдылықтарын, олардың әлеуметтік топтарға кіруін және де сол топтың психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтік орта – ұжым, топ, жеке адам, жеке адам аралық қатынас, адамның өмірі мен іс-әрекеті, қоғамдық өмір сүру ортасымен байланысты дамиды.
Пікірталас 20-шы жылдарда ХХ ғасырдағы әлеуметтік психология пәні туралы. 20-шы жылдары әлеуметтік психология туралы дикуссия екі жағдаймен байланысты болды. Бірінші жағынан, өмірдің өзі қоғамның құрылуына байланысты әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешуге әкелді. Екінші жағынан, идеологиялық күрес әлеуметтік-психологиялық білімді игерді.
Әдеуметтік психологияда Г.И.Челпанованың көзқарасы үлкен орын алды. 50-шы жылдың аяғы мен 60-шы жылдың басында әлеуметтік психология екі сатыдан өтеді. Сонымен, әлеуметтік психологияны жаңадан талқылау үшін қажетті және субъективтік жағдайлар туды, пән туралы, оның міндеті, әдістері және ғылыми білім беру жүйесіндегі орны туралы.
Б.Д. Парыгин., В.Н.Мясищевтің әлеуметтік психологияны зерттеулері бойынша көзқарастары.
Әлеуметтік психологияның міндеті – қоғам мәселесі. Қазіргі қоғамда әлеуметтік психологиялық білімнің түрлі сфералары ашылуда. Методологиялық принцип - әлеуметтік психологияның мәселесінің мазмұндық жағын қарастырады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Әлеуметтік психологияның анықтамасын айтыңыз.
Әлеуметтік психологияның негізігі міндеттерін атаңыз.
Бұл пәннен білімдер педагог-психологқа қандай көмек береді?
Әдебиеттер:
Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.
Шибутани Т. Социальная психология. М., 1999.
3.Руденский Е.В. Социальная психология. М., 1997.
4.Майерс Д. Социальная психология. Питер.1999.
5.Е.С. Кузьмина., В.Е.Семенов. Социальная психология. ЛГУ.1979
Дәріс тақырыбы. Әлеуметтік психологияның тарихи қалыптасуы.
Жоспар.
Әлеуметтік психологияның пайда болуы.
Әлеуметтік психологияның өзіндік ғылым ретінде бөлініп шығуы.
Әлеуметтік психологияның теориялары.
Экспериментальды кезеңдерде әлеуметтік психологияның дамуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Әлеуметтік психологияның пайда болуы. Әлеуметтік психологияның тарихы ғылым ретінде өте жас. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде бөлініп шығуы. ГДР-дан зерттеушілер Г.Гибш пен М.Форверг «Әлеуметтік психологиялық ойлау» деп қарастырды. Әлеуметтік психологияның тарихының даму қиыншылығы, бұл пән әр түрлі қайнар көзден қалыптасқан, оның қандай ғылымдардан ішінен ерекшелеп айту өте қиын. Әлеуметтік психологияның білім беру ретінде пайда болуы, басқа ғылыми пәндердің пайда болуы сияқты екі себеп болды: әлеуметтік және теориялық. Көптеген зерттеушілер әлеуметтік психологиялық білімнің элементтерінің бар болуын философиялық концепциясында болғанын көрсетеді. Американдық зерттеуші О.Клайнберг әлеуметтік психологияның көп мәселелері проблеме ретінде, ертедегі философиялық жүйеде туған дейді. Г.Олпорт нақты көрсете отырып, осы проблемалардың басқару тегін Платоннан бастап қарау керек деп айтты. Анти философияда тек Платон философиясы ғана емес, Аристотель философиясыда бар. Философияның жаңа кезеңінде Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегель есімдерін айтпай кетпеуге болмайды. Әлеуметтік психологиялық идеялар идеалистік және материалистік жүйесісінде де болған.
Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде пайда болуы 19 ғасырдың ортасындағы кезең қарастырылады. Тіл білімі дамуда үлкен орын алады, оның қажеттілігі капиталистік европадағы процестердің шығуымен байланысты.
Әлеуметтік-психологиялық теорияларының үш түрі болды. Халықтар психологиясы . Психологиялық көпшілік. Әлеуметтік тәртіп инстинкт теориясы. Халықтар психологиясын дамытушылар- М.Лацарус және Г.Штейнталь. Психологиялық көпшілік бұл Г.Тарданың концепциясына еліктеу. Әлеуметтік тәртіп инстинкт теорясы –М.Дауголла есімімен байланысты. Жиырмасыншы ғасырдың басы, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әлеуметтік психология экспериментальды ғылымғы айналуы болып саналады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Әлеуметтік психологияның қалыптасу тарихына сипаттама беріңіз.
Әлеуметтік психологияның теориялары.
Эксперментальды кезеңдерде әлеуметтік-психологияның дамуы.
Әдебиеттер:
1.Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1980
2.А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.
3.Социальная психология. Под.ред. А.В.Петровский М., 1979
18.Шибутани Т. Социальная психология. М., 1997
Дәріс тақырыбы. Әлеуметтік психологияның методологиялық негіздері.
Жоспар.
Методологиялық проблемалардың қазіргі ғылымда алатын орны.
Әлеуметтік психологияда специфика ғылымын зерттеу.
Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістеріне сипаттама.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Методологиялық проблемалардың қазіргі ғылымда алатын орны. Методологиялық проблемаларды зерттеу ғылымның барлық саласында актуальды болып саналады. Математика және кибернетиканың дамуымен жаңа класс пәнаралық әдістер туды. Осының бәрі зерттеушілерден үлкен дәрежеде өздерінің танымдық әрекеттерін бақылауды және практика зерттеулерінде пайдаланатын құралдарына анализ жасау керектігін талап етеді. Қазіргі ғылымның қызығушылығы методология проблемасына өте жоғары, ерекше білімнің логикалық және методологиялық ғылымын зерттеуі пайда болды. Қазіргі ғылыми жүйесінде маркстік традиция термині «методология» үш түрлі деңгейдегі ғылыми амалымен белгілінеді. Жалпы методология және жекелеген методология. Жеке методология. Методология – нақты методикалық тәсілдің зерттеу жиынтығы. Ғылыми зерттеулерге мыналар жатады: нақты объектілермен жұмыс істеу; дифференциалды шешімді эмпирикалық (фактілерді тексеру, өлшеу әдістерін талқылау); логикалық және теориялық (себебін іздеу, принциптерді туғызу) танымдық міндеттер; қойылған фактілер мен гипотетикалық сұрауға, бақылау гипотеза процедурасы жүргізіледі. Әдістер екіге бөлінеді: - материалды жинау әдісі; - оны өңдеу әдісі. Эмперикалық зерттеу әдісі. Моделдеу әдісі. Әлеуметтік психологияда спецификалық ғылымын зерттеу. әлеуметтік психологияның зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама : (бақылау, іс-құжаттарын зерттеу, тест, сұраунама, эксперимент). Мәдени психологиялық тренинг әдістері.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Методологиялық проблемалардың қазіргі ғылымда алатан орны қандай?
Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1. Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.
2.А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.
3.Социальная психология. Под.ред. А.В.Петровский М., 1979
4.И.Ә.Абеуова., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология. А., 2012ж.
Дәріс тақырыбы. Қарым-қатынастың әлеуметтік субъектілердің өзара әрекеті.
Жоспар.
Қарым-қатынас туралы түсінік.
Қарым-қатынастың техникасы мен тәсілдері.
Қатынас процесіндегі өзара түсінушілік механизмдері.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Қарым-қатынастың ең негізгі құралы тіл болып табылады. Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске асады. Адам қатынасқа әрқашан жеке тұлға ретінде түсетіндіктен, ол басқа адамға да –қатынастағы партнеріне де жеке тұлға ретінде қабылданады. «Идентификация» термині - өзін басқаға теңдестіру дегенді білдіреді. Басқа адамды түсінудің ең қарапайым әдісінің бірі - өзін сол адамға теңдестіру. Идентификация басқа адамды түсіну мен танып білудің механизмдерінің бірі ретінде болады. Эмпатия да басқа адамды түсінудің ерекше әдісі болып табылады. Эмпатия дегеніміз – аффективті «түсіну»-(сезімді түсіну), басқа адамның проблемасына эмоционалды қарау. Қатынасты сипаттау тұрғысынан бұл екі жағдай да тағы бір мәселенің шешімін керек етеді: басқа адам, яғни қатынастағы партнер, мені қалай түсінеді. Бір-бірін түсіну процесі рефлексия құбылысымен күрделенеді. Бұл жерде рефлексия философиядағыдай субъектінің өз-өзін танып білуі мағынасында емес. Әлеуметтік психологияда рефлексия дегеніміз әрекеттесуші индивидтің өзін қатынастағы партнері қалай қабылдайтынын түсінуі. Бұл жай ғана басқа адамды білу немесе түсіну емес, басқа адам мені қалай қабылдайтыны туралы білім, бір-бірінің айнадағы көріністерінің өзгеше бір екі еселенген процесі, терең де жүйелі өзара көрініс. Рефлексияны зерттеу дәстүрі әлеуметтік психологияда өте ертеден бар.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Адамның және қоғамның өміріндегі қатынастың ролін сипаттаңыз.
Адамдар қатынасының қандай түрлері мен формаларын білесіз?
Қарым-қатынастың функцияларын атаңыз, әр функциясының мазмұнын түсіндіретін мысал келтіріңіз.
Әдебиеттер:
1.Социальная психология. Под.ред.Петровский.М., 1987.
2.Майерс Д. Социальная психология. Питер. 1994
3 И.Ә.Абеуова., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология. А., 2012ж.
4.А.А.Леонтьев. Психология общения. Изд.Тарту.1976
5.Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1995
Дәріс тақырыбы. Психологиялық әсерлердің классификациясы.
Жоспар.
1. Жеке адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік.
Қарым-қатынастың коммникативті, интерактивті, перцептивті жақтары.
Коммуникативтік барьерлер.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Жеке адам аралық қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі проблема. Адам арасындағы қатынастардың түрлері: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Адамдар арасында қарама – қарсылық болмай өзара түсунішілік болған жағдайда үйлесімді қатынастар болады. Топ ішінде кейбір адамдардың жағымды және жағымсыз ниеттері тоғысқан шақтарда қарама – қарсылық қатынастар болады. Қарым – қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы, перцептивті жағы.Төрт түрлі арақатынас бар: көңілдестік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшіліктік. Коммуникация процесінің этапы. Коммуникативті қарым-қатынас жақтары. Қарым-қатынас – бұл коммуникация, яғни пікір, оймен, тілекпен алмасу. Коммуникацияның мазмұны әр түрлі болуы мүмкін: информация алмасу, партнерлермен іс-әрекет сұрақтарын шешу т.б. немене болсада – бұл әрқашан коммуникация, онсыз болу мүмкін емес. Барьерлік түсініспеушілік. Көптеген жағдайларда адам өзінің сөзін, тілегін - әңгімелесуші дұрыс қабылдамайды немесе оған жетпейтінін байқайды. Кейбір жағдйларда басқаша көзқарас туады - әңгімелесуші бізден қорғанады, біздің сөзімізден, ойымыздан – ол өзі бір қорытынды шығарады. Қашу – партнермен контактіден қашу (бұрылу). Авторитет. Авторитеттің әрекеті бұл адамдарды авторитетті және авторитетті емеске бөліп, адам бірінші сеніп, екінші сенбейді. Партнердің әлеуметтік жағдайына байланысты. Түсініспеушілік - әрқашан информацияның бәрі анықтама бермейді- қауіптіме, бөтен немес авторитетті емсе, сондықтан қажет емес әрекеттерден сақтану керек. Кейде жиі қауіпті информация жақын-сеніп жүрген адамдардан шығуы мүмкін. Сондықтан бұндай жағдайлардан қорғану, хабарды түсібеушіліктен болуы мүмкін. Қашудың алдын-алу – күнделікті қарым-қатынастан қашу. Бұл зейін қоймаушылық формасында болуы мүмкін. Сондықтан бұл түрімен күрес партнердің зейінін өзіңізге бұру.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Жеке адам аралық қатынастардың түріне сипаттама беріңіз?
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы.
Әдебиеттер:
Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.
А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.
А.А.Леонтьев. Психология общения. Изд.Тарту.1976
М.И.Бобанова. Социальные нормы и регуляция поведения. М., 1978.
Дәріс тақырыбы. Жеке қатынас және әлеуметтік қатынас.
Жоспар.
Әлеуметтік психологияда жеке қатынас.
Әлеуметтік психологияда әлеуметтік қатынас.
Қарым-қатынас жүйесіндегі жеке өзара қатынас және әлеуметтік қатынас.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Әлеуметтік психологияның негізгі міндеті - әлеуметтік реальдылыққа индивидуалдылықтың үйлесу механизмін ашу. Жеке адамның қоршаған ортамен қатынас деңгейі әр түрлі: әрбір индивид қатынасқа түседі, топтармен және өзара қатынасқа. Сонымен екі негізігі қатынас түрін айыра білу: әлеуметтік қатынас, жеке (мен) қатынасы. Әлеуметтік қатынастардың структурасын социология зерттейді. Спецификасы – индивид нақты қоғамдық топтардың мүшесі (класс, кәсіби топтар, партия т.б.) бұндай қатынастар симпатия немесе антипатия негізінде құрылады, қоғам жүйесінде нақты қызметі жағдайы бар. Жеке өзара қатынастың адам өмірінің әрекетінде алатын реальдық жүйесінде алатын орны – жеке өзара қатынас – қоғамдық қатынас жүйесіне кіреді. Схемалық түрлі қоғамдық қатынастарда: экономикалық, әдеуметтік, саяси т.б. қоғамдық қатынастарда көруге болады және бұларда өзара қатынас бар. Жеке өз арақатынас нақты реалды қоғамдық қатынас. Жеке өзара қатынастың табиғаты – қоғамдық қатынас табиғатынан айырмашылығы эмоционалдық негізі. Эмоционалдық негіз жеке өзара қатынаста – нақты сезімдер адамдардың бір – біріне деген түсініктері қалыптасады. Қарым – қатынас жүйесіндегі жеке өзара қатынас және әлеуметтік қатынас. Әлеуметтік және өзара қатынас – қарым-қатынаста ашылады, жүзеге асырылады. Қарым-қатынастың түбірі – индивидтің матеиалдық өмір әрекетінде.
Өзін -өзі тексеруге сұрақтар:
1. Әлеуметтік психологиядағы жеке қатынасты сипаттама беру.
2.Әлеуметтік психологиядағы әлеуметтік қатынасқа сипаттама беру.
3.Қарым-қатынасжүйесіндегі жеке өзара қатынас және әлеуметтік қатынасты қалай түсінесіз?
Әдебиеттер:
В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.
Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994
А.Г.Ковалев. Коллектив и социально-психологические проблемы руководства. 2-е ид. М., 1976
Е.В.Руденский. Социальная психология. М., 1997
Дәріс тақырыбы. Психодраманың даму фазасы.
Жоспар.
Психодрама туралы түсінік.
Психодраманың даму фазасы.
Психодраманың психикалық әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Психодрама бұл терапевттік процесс, бұнда драматикалық импровизпция клиенттің ішкі дүниесін зерттеу үшін қажет. Бұл қатысушылардың шынайы мәселелерін бейнелейтін қойылым, ол ешқашан адын-ала ойлап шығарылған сценариий бойынша ойналмайды. Психодрамада ойлап шығарылған кейіпкерлер әрекеттері психикоррекцияның топтық мүшелерінің кездейсоқ мінез-құлығымен алмастырылады. Бірінші кезекте, психодрама қатысушылардың тұлғалық мәселелерін, фантазия-қиялдарын, қорқыныштарын ашып, кейінгі зерттеудің тәсілі болып табылады. Психодраманың пайда болуы мен дамуы Якоб Леви Морено (1892-1974) есімімен тығыз байланысты. Психодраманың негізгі фазалары. Классикалық психодраманың бірінші фазасы – шынығу. Шынығудан кейін топ психодрамалық әрекет фазасына өтуге дайын. Классикалық психодраманың соңғы фазасы – қорытынды талқылау немесе интеграция.
Психодраманың мақсаты – клиенттің эмоционалды пеакциясын, күйін түзету, тереңдей өзін-өзі тану. Психодрама үшін мінез-құллықтың ырықтылығы, белсенділігі, жағдайға оралымдылығы маңызды. Психодрамада клиент өзінің мәселесін драмалық әрекет түрінде көрсетеді. Психодрамалық жағдайда клиент өз мәселесін зерттеуші, басты ролді ойнаушы, оны жасаушы.
Психодрама невроздар, соның ішінде балалардың неыроздары кезінде, психосоматикалық аурулар мен алкоголизм кезінде, психопатиялардың асқынулары мен жасөспірімдердің ауытқыма мінез-құлықтары кезінде қолданылады. Психодрама жұмысы мынадай формада өткізіледі: сюжеттік-рольдік ойын, осы сәтте клиент өзінің мәселесін шынайы түрде көрсетеді, психодрамалық жағдайда клиент өз мәселесін тудырушы және басқарушы. Психодрама түрлері мен формасы.
Психодрамада алты адамнан тоғыз адамға дейін қатысады. Психодрама сеансы 50мин. созылады. Кейбір жағдайда мәселенің қиындығына байланысты қысқа немесе ұзақ болуы да ықтимал. Мүмкін болатын уақыты 15-20 минуттан 4 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Психодраманың негізгі компоненті : рольдік ойын, кездейсоқтылық, теле, катарсис, инсайт. Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Психодрама туралы анықтама.
Психодраманың даму түрлері мен формаларына сипаттама беріңіз.
Психодраманың негізін салған кім?
Әдебиеттер:
Е.С.Кузьмина, В.Е.Семенов. Социальная психология. ЛГУ.1979
Г.М.Андреева. Соцальная психология. М., 1983
Т.Шибутаныи. Социальная психология. М., 1997
Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М., Изд.БГУ.1976
Достарыңызбен бөлісу: |