Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 0,92 Mb.
бет3/5
Дата30.05.2018
өлшемі0,92 Mb.
#18499
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары:

1.Макро мен микро ортаның айырмашылығы

2.Макро орта дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
6-дәріс. Жеке бас аралық психикалық өзара әрекеттесу формалары.

Мақсаты: Қарым - қатынастағы бедел, қарым-қатынас этикеті жайлы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

Психологиялық технология туралы түсінік. Қарым-қатынас этикеті. Жеке ара қатынастағы іскерлік карым - қатынас этикетінің психологиялық және педагогикалық технологиясы. Психологиялық -педагогикалық және этикалық талаптар және ережелер. Субординация түсінігі.Қарым - қатынастағы бедел.

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:


  • 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

  • 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

  • 3)аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы Қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз Қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде Қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы Қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы.


Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.

1.Күнделікті қызметтік араласу.



  • әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;

  • келушілерді қабылдау;

  • жиналыстарға, мекемелерге бару;

  • азаматтардың тұрған орындарына бару;

  • жиналыс, конференция, отырыстар;

  • кезекшілік, күзет.

2.Спецификалық қызмет араласуы.

  • жұмыс кезінде коллективімен араласу: а) субординациялық араласу түрі;

  • жұмыскерлер арасында араласу;

  • үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу.

  • шет азаматтармен іскерлік қатынас.

3.Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу.

  • өзара келіспеушілік қарым-қатынасы;

  • митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу;

  • спецконтингентермен араласу.

4.Невербалдық және неспецификалық араласу түрі.

  • публикалық қатынас және интерьвю;

  • баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;

  • телефон, телесайт, радиохабар;

  • іскерлік жазу.

Бақылау сұрақтары:

1.Қарым – қатынастың негізгі қызметі

2.Қарым – қатынастың басты мақсаты

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
7-дәріс. Қарым - қатынас этикасы

Мақсаты: Этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасы жайлы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

Этика туралы жалпы түсінік. Этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасы. Кәсіби этиканың қалыптасуы. Мораль құрылымы және функциялары. Қылық және сана, адамгершілік қатынаста мәні. Мораль категориялары және оның классификациясы. Іскерлік этикасы, оның қалыптасуы. Қарым - қатынас этикасын дамыту.
Кәсіби этика – белгілі қызмет аясындағы адамдардың өзара қарым – қатынастарының өзіндік шарты негізінде әрекет ететін моральдық нормалар мен принциптердің жүйесін зерттейтін этикалық ғылымның саласы.

Іскерлік қатынас этикасы – мінез – құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы.


Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады:

  1. іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек;

  2. адамгершілік;

  3. мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі;

  4. құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет.

Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы
Кәсіби такт – бұл қарым – қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.
Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді.
Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді. Қабылданған нормалардан қандац да болмасын бас тарту мемлекеттердің абыройына нұқсан келтіру сияқты бағаланады. Тіпті белгісіз бір кеткен қателік қасақана жасалған қорлауға тең.
Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар.
Дипломатиялық хаттаманың ережелері «халықаралық әдептілік» қағидасына негізделген, яғни мемлекетті таныстырып, көрсеттетін құрметтеулер мен қадірлеулердің барлығын сақтауды білдіреді.
Хаттамамен шет мемлекетке келген ресми тұлғалардың өзін - өзі ұстауы, ресми жағдайларда киінуі және т.б. белгіленеді. Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Бірақта осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік таныту сияқты бағаланатын жағдайлардан аулақ болған жөн. Қызметтік немесе қоғамдық кездесу мен өзара сөйлесу барысында сыйлық сыйлау туралы ой келеді. әр бір мекемеде өздерінің сыйлық силау ережелері қалыптасқан дәстүрлері болады, бірақ осындай дәстүрлерге қарамастан барлығына ортақ негізгі ережелер де бар.
Егер сізді біреу үйіне түстенуге немесе қонаққа шақырған болса, онда кішігірім сыйлық алып барған жөн. Сыйлық кімге сыйланса сол адамның талғамына байланысты болуы керек.
Сыйлық қабылдар кезінде өзіңізді келесідей ұстауыңыз тиіс. Сыйлаған сыйлық қандай түрде болмасын оны қонақ кеткенге дейін ашпау қажет, себебі сыйлық туралы ойламаған басқа адамдарды ыңғайсыз жағдайға қалдыруыңыз мүмкін. Сыйлықты алғаннан кейін құр ризашылық аз болады, сондықтан өз ризашылығыңды ашық хат арқылы білдірген жөн.

Бақылау сұрақтары:

1.Қарым – қатынастағы этика

2.Қарым – қатынас этикасын дамыту жолдары

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
8-дәріс. Педагогикалық қарым - қатынастың психологиялық аспектілері

Мақсаты: Педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік беру. Қарым - қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі жайлы мағлұмат беру.

Дәрістің мазмұны:

Педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік. Қарым - қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі. Коммуникативті міндеттері. Коммуникативті іскерлік және комуникативті қабілеттілік. Қарым - қатынасты дамыту. Коммуникативті әсер етудің тиімділігін жетілдіретін құралдар.
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

Педагогикалық қарым – қатынастағы гуманистік бағытты қолдап қорғаушы К.Роджерс мүғалімнің оқушылармен арадағы бір-бірін түсіну мәселесін басты міндет етіп қояды Р.Бернс осы мақсаттағы технологиялық принциптерге толық қосылатынын атап көрсетеді:



  • «Мұғалім оқу процесінің басынан бастап аяғына дейін оқушыларға деген сенімін көрсете білу керек.

  • Ол оқушылар тобының, сол сияқты әрбір жеке оқушының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтау мен нақтылауға көмектесуі керек.

  • Ол әр кезде де оқушыларда оқуға деген ішкі мотивациясы бар екендігіне сүйенуі керек.

  • Ол оқушылар қиындықтарға тап болғанда, әрқашан да көмекке даяр тұратын, оқушылар үшін түрлі тәжірибенің көзі болып табылатындай болуы керек.

  • Әр оқушы үшін осындай рөлді орындауы ол үшін өте маңызды.

  • Ол топтық эмоциялық күйін сезіне білуі мен оны қабылдай алу қабілетін дамытуы керек.

  • Ол топтағы өзара әрекеттің белсенді мүшесі болуы керек.

  • Ол әр оқушының сезімі мен күйзелістерін түсіне алатындай дәрежедегі эмпатиялық жағдайға ұмтылуы керек.

  • Ең соңында, ол өзін өзі жақсы білуі керек» (4, 328-329).

Болашақ ұстаз бұл жағдайға жетудің күрделілігін сезіне отырып, тәжірибелі, оқушының жетегімен оған дайындық жасауға мүмкіндік алады. Жан – жақты, заман талабына сай білікті, кәсіби – педагог мамандарды дайындау жоғары оқу орнындағы бөлік оқу үрдісін ақпараттандыру мәселесін жеделдеткенде, инновациялық оқыту технологиясын енгізгенде сонымен қатар, оқытудың әлемдік озық үлгілері мен халқымыздың төл педагогикалық қағидаларын пайдаланғанда мүмкін болары сөзсіз.

Бақылау сұрақтары:

1.Педагогикалық қарым – қатынастың негізгі қызметі

2.Педагогикалық қарым – қатынастың басты мақсаты

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
9-дәріс. Көпшілік алдында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері

Мақсаты: Сөйлеу мәдениеті жайлы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

Қарым-қатынас құралы. Сөйлеуге даярлану. Көпшілік назарын өзіңе аудару тәсілдері. Сөйлеуді аяқтау және қорытындылау. Іскер адамның сөйлеу мәдениеті. Жазбаша сөйлеу. Ауызша сөйлеу.Ауызша және жазбаша сөйлеудің артықшылықтары мен айырмашылықтары.


Қарым-қатынас құралы-бұл тек белгілер жүйесі арқылы болуы мүмкін. Сөйлеу құралы вербальды және вербальдыемес болып бөлінеді. Вербальды қарым-қатынаста сөйлеудің екі: жазбаша және ауызша нұсқасы қолданылады.

Жазбаша сөйлеу - мектеп қабырғасында үйретілетін және адамның білімділігін көрсететін бірден бір белгі. Жазбаша сөйлеу көбіне штамптан, кеңселік ережелерден тұрады. Бірақ бұл мәтіннің мазмұнынтура түсіну үшін өте қажет болып табылады. Жазбаша сөйлеу ғылымда, іскерлік және заңды қатынастарда қолданылады. Жазбаша сөйлеудің тиімділігі оның нақтылығында. Жазбаша сөйлеуді жақсы меңгеру үшін, ең алдымен, сөздік қордың бай болуы қажетті шарт болып табылады.

Ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеуден ең негізгі айырмашылығы оның сауатсыздығында деп айту қате. Себебі ауызша сөйлеу өз кезегінде ережелер мен грамматикалардан тұрады. Ауызша сөйлеудің ең негізгі ерекшелігі оның сөзді үнемдеуінде, яғни ойды жеткізу үшін көп сөзді қолданудың қажеті жоқ.

Ауызша сөйлеудің кемшілігі ойды ауызша жеткізуде сөйлеудегі қателер және көпмағыналығы. Мысалы: бір сөйлемде көптеген толықтырулардың болуы. Ауызша сөйлеудің тиімді жағына оның тәрбиелік, әсер еті, рухтандыру, уақыттың тарлығында өз ар-намысын қорғау жатады.

Ақпарат алмасудың негізгі құралы тіл, яғни сөйлеу арқылы жүзеге асады. Вербальды коммуникация негізі ретінде жүйелерінің ішінде сөйлеу жатады. Табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық жүйенің белгісі, ол лексикалық және синтаксистік түрде жүзеге асады. Сөйлеу-қарым-қатынастың ең негізгі түрі. Мұнда ақпараттық өңдеу және қайта қорытындылау процестерді жүзеге асады. И.АЗимняя айтуы бойынша, «сөйлеу» және «тыңдау» терминдері вербальды қарым-қатынастың психологиялық компоненті болады.

Сөйлеу құралдары болмаған жағдайда қол, ым-ишара, жүріс-тұрыс, дауыс, бет әлпетінің көрінісі, көз, дене тұрысы, барлық дене мүшелерінің қозғалысы, арақашықтықтың маңызы зор. Кейде қарым-қатынасқа түскенде сөзден гөрі ым-ишараның түсініктірек болуы байқалады. Барлығына өжеттілік, мейірімділік, жағымпазданушылық, қорқыныш, қызғану кезеңдеріндегі бет әлпет ым-ишарасы белгілі және таныс десек болады.

Оптика-кинетикалық жүйе ым-ишарат, пантомимика арқылы жүзеге асады. Жалпы айтқанда, адамның сыртқы бейнесі арқылы ақпаратқа қосымша демеу болатын белгілер. Оптика-кинестетикалық жүйе өзіне ым-ишарат және пантомимиканы қосады. Бұл басында Ч.Дарвиннің зерттеулерінде кездеседі. Ол адам мен жануардың эмоциясын шығаруын зерртеген. Дене қимылдары арқылы сөйлесу барысында эмоция шығарамыз. Бұл қарым-қатынасымызға нюанс береді.

Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты, яғни, сөздер қалай дыбысталса сөйлеген кезде де әрбір сөздің дұрыс айтылуына мән беруіміз керек.

Әрбір сөзбен сөйлеу, не мәтінді мәнерлеп, сөздің нақышына келтіріп айту - ауыз әдебиеті асыл қазыналарынан, айтыс өнерінен келе жатқан табиғи заңдылық.

Сондықтан ауызша сөйлеу кезінде тілдің өзіндік заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеудің техникасын жетік біліп, қорымыздың да мол болғаны қажет.

Белгілі бір мәтінге грамматикалық талдау жасау, тәрбиелік мәні жоғары үзінділердің әдеби сырын ашып, басқа біреулерге үлгі-өнеге ету үшін де тілдік заңдылықты қатаң сақтаудың үлкен пайдасы бар.

Ойды жеткізер тілдің мәнері, нақышы жеткіліксіз болса, ойшыл ақынымыз Абай айтқандай: «көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда сәні кететінінің» бірі болмақ.

Ауызекі тілде бір сөзді қайталай бермей, оған мағыналас, мәндес синоним сөздерді қолдану да, ойды әсерлі, түсінікті жеткізудің айғағы.

Қашан да сөзді қарапайым қолдана отырып, тартымды да көркем айта білген ғұламалардың шешендігін, сөйлеу мәнеріндегі қатаң сақталған әуезділікті өзімізге өнеге тұтуымыз керек.

Сөйлеу мәдениетін арттыруда, әрбір сөздің мағынасын дұрыс түсініп, орынды жеткізе білуде сөздіктерді, нормативтік сипаттағы анықтағыштарды, орфоэпиялық сөз тудыру, синонимдер, омонимдер, фразеологиялық сөздіктерді, тілді грамматикалық жағынан дұрыс көрсететін сөздіктерді пайдаланудың маңызы зор.

Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі - бірін-бірі бетпе-бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысу, түсінісу құралы.

Бірін-бірі түсіну үшін сөйлеуші адамдардың дауыс ырғақтары, сөз құралындағы әрбір дыбыстың орфоэпиялық нормаға сай естілуі қажет.

Мысалы: қонбады - қомбады, басшы - башшы, көкөніс - көгеніс, көзсіз - көссүз, өзенге - өзөңгө, айдын көл - айдың гөл, ай қабақ - ай ғабақ, тас бауыр - тас пауүр, жас бала - жас пала т. б.

Сөздерді жазылуынша айту, әсіресе, жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Бұл - күнделікті өмір сүріп жүрген ортаның тілге мән бермеуінен және мектептегі оқытуда жіберіліп жатқан кемшіліктер.

Соның салдарынан, адам баласының бір-біріне деген қарым-қатынасы, түсініспеушілігі басталады, бір-бірінің ойын, ішкі жан-дүниесін түсінбейді немесе әр сөзін селқос, енжарлықпен тыңдап, босаңдық танытады.

Сөйлеу тілінде адам баласының бір-бірімен түсінісуі сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар, бұған кісінің бет-аузы, қас-қабағы, қол-қимылы қатысып отырады. Яғни, өз сезімін, ез ойын бірнеше нұсқада, бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуге тиісті.

Оның үстіне сөйлеуші дауыс ырғағын құбылта сөйлеп, әр сөзіне жан бітіреді, көріктендіре сөйлейді, әсерін, мақамын келтіреді. Бұл жерде әрбір сөйлеуші радио, теледидар, лекторлар мен шешендердің, айтыс ақындарының сөз мәнеріне, сөз саптауына мән беріп, сол негізде сөйлей білуге тырысқаны абзал. Абай атамыз «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей, әр нәрсені, жағымды нәрсені үлгі тұта білу керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Ауызша мен жазбаша сөйлеу құралдарының айырмашылығы

2. Ауызша сөйлеудің тиімді жағы

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.



4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
10-дәріс. Қарым - қатынас мәдениеті

Мақсаты: Қарым-қатынастағы әңгімелесу барысындағы психологиялық мәдениеті жайлы мәлімет беру.

Дәрістің мазмұны:

Әңгімелесу барысындағы сөйлеу мәдениеті. Іс барысындағы әңгімелесуге қойылатын негізгі талаптар. Сөйлеу этикеті. Іскерлік әңгімелесу барысындағы логикалық мәдениет. Қарым - қатынастағы әңгімелесу барысындағы психологиялық мәдениет. Әңгіме барысында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты

Этикет (фр. etiquette – жарлық, этикетка) - адамдарға сыртқы әсер ету қатынастарына қатысты мiнез-құлық ережелерiнiң жиынтығы (қоршағандармен қатынаса бiлу, сәлем беру, қоғамдық орындардағы мiнез-құлық, әдет және киiм).

Әйелдерге сыпайлықпен қарай білу, үлкендерді сыйлау, дастарқан басында өзін ұстай білу, сәлем беру мен әңгiменi жүргiзу ережелерін білу, мiнез-құлық, қонақтармен қатынаса бiлу, әр түрлi жағдайларына қатысты адамның киiмі сай болу талаптарын орындау (dresscode),- көрсетілген сыпайылығының барлық заңдары адамның адамгершілігін, және адам арақатынасындағы қарапайым ыңғайлық пен еркіндік талаптарын көрсетеді.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар.

Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.
Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.

Амандасу — адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде "сәлем түзелмей әлем түзелмейді", "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады" деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін таба білу" іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.

Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі.

Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл – оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.



Қызметтік  этикет қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым  қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез  құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.

Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.

Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін  бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған  адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті  ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма  бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс.

Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен  байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.  


Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік.

Дипломат болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу.

Іскерлік мінез-құлық:

1) міндеттілікті  және жинақылықты;

2) әріптестеріне құрметпен қарауды; субординацияны сақтауы;

3) жалған сөзді құптамауды, олардың таралуына себепші болмауды;

4) әріптестеріне көмек көрсетуді, білімі мен тәжірибесін беруді;

5) теріс мінез-құлық (әрекет) көрсеткен жағдайда, міндетті түрде кешірім сұрауды;

6) басқа қызметкерлердің көзінше  әріптесін, қарамағындағы адамды, басшыны сынамауды;

7) тікелей басшыға жұмыс орнында ұзақ уақыт болмайтыны туралы хабардар етуді көздейді;

Қызметкер лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес тек  қана өз құзыреті шегінде шешім қабылдауға міндетті, мәселе оның құзыретінен  асып кеткен жағдайда, қызметкер тікелей  басшымен сөйлесуі тиіс. Кез келген түрдегі хат-хабар алмасу (сұрауларға жауап, ақыл-кеңестер және ұсыныстар) қарастырылып отырған мәселе және осы мәселе бойынша қолда бар барлық деректер мұқият талданғаннан кейін тек бөлімше басшысының келісімімен ғана жүргізіледі.

Дипломат мемлекеттік тілді құрметтеу, мемлекеттік тілдің іскерлік қарым-қатынастағы, іс қағаздарын жүргізудегі, нормативтік құқықтық актілерін әзірлеген және қабылдаған кездегі жұмысын қамтамасыз ету;  жоғары этикалық стандарттарды сақтау, басқалардың пікірін сыйлау және  проблемаларды шыдаммен, ашық және  ізгі ниетпен талқылау  тиіс.

Қызметкерлерге  өздерінің лауазымдық функцияларын орындауға байланысты жеке немесе заңды тұлғалардан, ілтипат білдіру белгісі немесе кішігірім кәдесыйлар ретіндегіні қоспағанда, сыйлықтар немесе олардың қызмет көрсетуін қабылдауға тыйым салынады.

Егер  кімде-кім қызметкердің лауазымдық міндеттеріне байланысты әрекеттер  жасауына не әрекет жасамауына ықпал  ету құралы ретінде пайдаланылуы ықтимал ілтипат білдіруге немесе қызмет көрсетуге тырысса, қызметкер келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл жөнінде тікелей басшысына хабарлауға тиіс.



Жеке қарым - қатынастар. Өзін - өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша «кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші амандасады». әйел адамның қызметтік құқы ер адаммен бірдей болғандықтан, өзі бастап амандаса беруіне болады.  

Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты адам бастығына амандасады. Әйелдерге  қалауына қарай, ал ер адамға қол алысқан дұрыс. Көптеген елдерде, оның ішінде бізде де тұрмыстағы әйел адамның қолын сүю қабылданған. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен ер адамға бірінші қолын ұсынады.

Жеке  қарым - қатынас - 60 см мен 1 - 2 метр қашықтықтан  араласу. Бұған әңгімелесу, келіссөз келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады. Әлеуметтік  ара қашықтық - 1,2 - 2,5 метрмен анықталады. Ол танымайтын адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге де қызметкерлермен қатынасында  болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді.

Көпшілік  ара қашықтық 3,5 - 7,5 метрге шейінгі  аралықты қамтиды. Ол мәжілістер, жиналыстар өткізуде қолайлы. 

Мемлекеттік ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас барысында, азаматтар өтінішпен хабарласқан кезде қызметкерлер:


  1. ешкімді алаламай, бәріне бірдей  құрметпен қарауға, кез келген  келушімен өзін  ізгі ниетте және инабатты ұстауға;

  2. ұстамдылық және әдептілік көрсетуге  міндетті.

Жиналыстар  және кеңестер өткізген кезде қызметкерлер іскерлік этикеттің мынадай ережелерін басшылыққа алуға міндетті:

  1. жиналысқа уақытында келу;

  2. күн тәртібімен алдын ала танысу  және барлық қажетті материалдарды,  күнібұрын дайындалған сұрақтарды  немесе түсіндірмелерді өзімен бірге алып келу;

  3. жиналыс немесе кеңес басталар алдында телекоммуникациялық байланыс құралдарын ажырату;

  4. сөйлеуге қанша уақыт берілгенін күнібұрын анықтау, сөйлейтін құпиялылық  грифі бар құжаттар  қызметкердің жұмыс орнында және бөтен адамдардың қолы жететін жерлерде жатпауы тиіс. Жұмыс орнында шылым шегуге және алкогольді ішімдікті пайдалануға тыйым  салынады. Шылымды арнайы бөлінген орындарда ғана шегуге болады. Сыртқы келбеттің  жағымды іскерлік бет-бейнені қолдаудағы маңызы зор.

Осыған байланысты сыртқы түр этикетінен де хабардар болған жөн. Тап - таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық  жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады.

Қызметкерлер  өзінің киім киісінде консерватизммен, қолайлылығымен, тазалығымен, талғампаздығымен және шектен тыс болмауымен (киімнің түсі және пішімі, бижутерия, макияж, шаш баптауы) сипатталатын қатаң іскерлік стильді ұстануға тырысуға міндетті.

Кең пішілген киім кию қызметкердің физиологиялық  жағдайына (жүктілік жағдайы, жарақаттанудан кейінгі жай-күйі) байланысты рұқсат етіледі.

Күзгі-көктемгі және қысқы кезеңдерде аяқ киімді ауыстырған жөн болады. Спорттық аяқ  киім, сандалет, сандал, тапочка киюге  тыйым салынады.  



Тиімді қарым - қатынас. Тиімді қарым - қатынас үшін әңгімелесуші өзіне бейімдеудің, өзін - өзі икемді ұстаудың, ұстамдалақ пен ашық адамға тән қасиеттерді меңгерудің маңызы зор.  Егер келуші қысылыс білдіріп, мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамыңызбен келушіні тыныштандыра аласыз.  

Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес. Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Біріншіден, әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын Сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз. Екіншіден, өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз  қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс. Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы мүмкін.

Белсенді тыңдау. Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де Сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, Сіз сөйлегенде, ол да Сізді сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу - адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, қызметтегі жоғарылауларды жақсы сөйлейтіндерге қарағанда жақсы тыңдай білетіндер тез алады.

 Тиімді  тыңдап білудің тәсілдері:

1.Тыңдаушының көзіне тіке арап  отырыңыз. Сіз мұнымен оны ынта қойып тыңдағаныңызды білдіресіз.

2.Сөйлеушіге өзіңіздің тыңдап  отырғаныңызды «иә,иә», «түсінемін»  деген сөздер немесе басыңызды  изеп қоштау арқылы сездірте аласыз.

3.Сөйлеушіге шынымен де тыңдап  қана емес, түсініп отырғаныңызды  да білдіріңіз. Егер бір нәрсеге түсінбей қалсаңыз, сұрақ қойыңыз.  

4.Сіздің отырысыңыз, қимыл - қозғалысыңыз тыңдап отырғаныңызды білдірсін, сөйлеуші ынталы, тірі адаммен сөйлесіп отырғанын түсінуі тиіс.

5.Сізге айтылған әңгіменің мәнін түсіне біліңіз. Бұл оңай емес, өйткені Сіздің ойыңыз бір айтылғанды терең ойлап, соны қуып кетсе, келесі айтылғандардан хабарсыз қалуыңыз мүмкін. Ой «адасуына» жол бермеңіз.  
        6.Ойды түсінуге ғана емес, сөйлеуші сезімін түсінуге де ден қойыңыз. Адамдардың өз ойы мен сезмдерін әлеуметтік нормалармен қабылдағандай, «құпиялап» беруі мүмкін екенін есте ұстаңыз.

7.Байқағыштық - жақсы қасиет. Сөйлеушінің бет құбылысының сипаттарын: Сізге қалай қарағанын, қалай отырғанын немесе тұрғанын, әңгіме кезінде өзін қалай ұстағанын бақылаңыз.  

8.Сөйте отырып, өзіңіздің сезіміңізді де дәл беріңіз: бұл жағдайды айқындап, әңгімедегі кедергілерді жояды.  

9.Айтылған нәрсеге өз ойыңыздың қолдауын білдіре отырыңыз. Сіздің ол қолдауыңыз сөйлеушінің ойын дәл жеткізуіне ықпал етеді. Сіздің тарапыңыздан болған кез келген жағымсыз реакция сөйлеушінің қорғаншақтауына, өзіне сенімсіздігіне соқтырады.  


        10.Сізге айтылған нәрселердің мақсаты - Сізден кері байланыс талап ететінін есте сақтаңыз. Мұндайда қажетті әрекет - әңгімелесушіге жауап беру.

Телефонмен әңгіме  - мемлекеттік қызметші жұмысының ажырамас бөлігі. Телефонмен сөйлесе білу де - биік мәдениеттіліктің  белгісі. 


        Біреумен телефон арқылы сөйлескенде сіздің өзіңізді көрсететн жалғыз мүмкіндігіңіз  - дауысыңыз. Сіздің дауысыңыз ашу, ренішіңізді , қуаныш, қайғыңызды білдіреді. Телефон сіздің дауысыңызды құбылтып, өзгертіп, жағымсыз әсер беруі мүмкін екенін естен шығармаңыз.  

Қызметтік қарым - қатынастар. Жаңа қызметкерді ұжымға бастық таныстырады. Бұрынғы қызметкерлер жаңа адамның ортаға өз адамдарындай сіңісіп кетуін іске араластырып, бірнеше күн өткеннен кейін жаңа адам өзін осы ортаның байырғы мүшесіндей қолайлы сезінуі керек. Ұжымдағы кейбір адамдардың күрделі қарым - қатынастарын, өзара реніштерін жаңа келген адамға білдіртпеген жөн.  

Ұжымдағы мүшелердің бір - бірімен қарым - қатынасы олардың арасында қалыптасқан дағдыға немесе өзара жеке қарым - қатынастарына байланысты болады.  

Мекеме басшысы неғұрлым жас болса, жасамыс қызметкерлер мен әйелдерге сәлем береді. Тәрбиелі адамдар бір - біріне иілісу де бар.  

Бөлмеге кіргенде, басшы бірінші амандасады, қызметкерлер орындарыннан тұрмай - ақ амандасады.  

Басшы өз кабинетіне жұмыспен келген әйел қызметкерді тұрып қарсы алмайды. әңгіме ұзаққа созылар болса, орын ұсынады.  
        Келушінің қызметкерлерді өз жұмысынан аландатпауы үшін есікті қақпай кіргені  дұрыс. Басшының кабинетіне алдына хатшы болмаса ғана қағып кіруге болады. Басшы қызметкерлеріне есік қағып кіруді ескерткен болса, бұл ережені сақтаған дұрыс.  

Қызметкерімен немесе келушімен сөйлесіп отырған басшы: іске қатысы жоқ қағаздарды ақтарып кетуден; қайта - қайта телефонменен сөйлесуден; саусақтарымекн үстелді тықылдатудан аулақ болғаны жөн  


        Егер әңгіме нақты іске қатыссыз бағытқа кетіп, ұзаққа созылар болса, басшы орнынан тұрып, әңгіменің аяқтала келгендігін білдіргені дұрыс.

Көпшілік алдында сөйлесу. Көптеген мемлекеттік қызметшілер өз жұмысы барысында көпшілік алдына шығып сөйлесуге мәжбүр болады.

Сөйлесуге байсалды дайындықпен кірісіңіз. Сіздің әрбір сөзіңіз аудитория үшін де, сіз үшін де маңызы болуы тиіс.  

Қажетті жерге дәл уақытта жету үшін мекенжайлы, күннің жадын, уақытты, қабылдайтын тарап туралы мәліметті, ұйымдық мәселелерді жазып алыңыз. Келеңсіздің болмас үшін рет - ретімен не болатынын нақтылаңыз. Сіздің кездесуіңіз қандай болатынын да алдын ала білуңіз қажет: жиналыс па, қабылдау ма, әлде ресми емес қабылдау ма? Сахнадан сөйлейсіз бе, кафедрада ма, әлде топ ортасына шығу керек пе? Бұларды да алдын ала білгеніңіз дұрыс. Мұндай мәліметтер сіздің қандай жағдайға не лайықтап киетініңізді таңдауға мүмкіндік береді.  

Біріншіден, не жөнінде, қандай мақсат қойып сөйлейтініңізді анықтап алыңыз. Қанша уақыт талап етіледі? Сөйлеп болғаннан кейін сұрақтарға жауап беру үшін уақыт беріле ме? Регламентпен дәл сәйкестікте жүруді жоспарлаңыз.  

Сөйлеудің - мақсаты, іскерлік жұмыс екенін ұмытпаңыз.

Сахнаға шығар алдында мыналарды есте сақтаңыз: 



  • Менің сыртқы түрім толықтай тәртіпте: шашым, гримім, киімім жағдайға үйлесімді;

  • Мен өз тыңдаушыларымың көзіне тіке қарай аламын;

  • Менің тұлғам тіп - тік сондықтан өзімді еркін, жайбарақат ұстай аламын;

  • Бет құбылысым мен қимылым иманды, игі,байсалды түрде;

  • Менің сөздерім - ең жақсы сөздер;

  • Менің тыңдаушыларыма  мені жылы қабылдап, тыңдауға әзір;

  • Мен өз тыңдаушыларыма ұнаймын, сондықтан олардың алдында сөйлегім келеді;

  • Мен сөз сөйлеп тұрғанда қалай демалуды білемін;

  • Мен сенімділік пен достық қарым - қатынасты таратамын;

  • Менің шешендік деңгейім жоғары деңгейде;

  • Олар менің сөйлей түскенімді қалауы мүмкін, бірақ мен өз сөзімді олар ойлағаннан бұрынырақ аяқтаймын;

  • Мен өз сөзімді аяқтағанда жасалған жұмыстың нәтижесіне риза боламын.




жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау