Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар
Адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынасқа байланысты туатын сан-алуан мәндеп көңіл-күй, ризалық, үлкенге кұрмет, сый ілтипат білдіру, жақсы көру, кішіні еркелету сияқты адамның ішы сезімін білдіретін реңк мәнді жұрнақтар зат есім сөздердің өзіне жалғанып, оның лексикалық мағынасын түрлендіреді. Лексикалық мағынаның турленуі жалпы тіл білімінде де сөзжасамға жатады. Оны орыс тіл білімінде түрлендірілген (модифицированное) сөзжасамдық мағына деп атаған. Барлық қызметі тарылған өнімсіздері де бар. Өнімді жұрнақтарға -еке, -қа, -ке, -й, -тай, -жан, -шақ, -шек, -шық, -шік, -ш, -сымақ жұрнақтары жатады. Бұлар күнделік өмірде жиі қолданылады, өрісі кең жүрнактар.
Ал өнімсіз жұрнақтарға —шығаш, -шігеш, -ес, -ка, -пат, -паң, -пан, -анақ, -қалаң, -ақай, -ек, -жын, (-жін), -ат, -қал жұрнақтары жатады. Бұл жұрнақтар бірді-екілі сөздердің құрамында кездеседі, басқа сөздерге жалғанбайды, олар өзінің сөзжасамдық қызметін тоқтатқан.
Ал жеңешетай, ағатай, қалқатай сияқты сөздердегі —тай жұрнағы жақсы көру, ізет көрсету, сыйлау мағыналарын қосып тұр. Сол сияқты Құрмаш (Қүрманғали), Жүмаш (Жүман), Сәулеш дегендегі —ш жұрнағы сөзге әрі кішірейту, әрі жақсы көру мағынасын қосқан.
Бақылау сұрақтары:
1.Зат есімнің сөзжасамдық бірліктері қандай?
2.Зат есім неге үнемі туынды сездермен толығып отырады?
3.Зат есімдегі туынды зат атаулары неге түрлі-түрлі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991
16,17 дәріс тақырыбы: Сын есімнің лексика-грамматикалық құрылымы
1. Сын есімнің семантикалық топтары.
2. Сын есімнің морфемалық құрамдары.
3. Сын есімнің шырай категориясы
3. Сын есімнің сөзжасамы
Сөздерді таптастыру ұстанымдары бойынша сын есімнің жалпы грамматикалық мағынасы-сындық белгі. Сын есім деп заттың эр түрлі сыр-сипатын қасиеттерін тікелей не басқа заттың катысуы арқылы білдіретін сөздер аталады. Мысалы, жақсы, жаман, тогайлы, елсіз т.б.
Әр сөз табының ерекшелігін танытатын өзіндік морфологиялық көрсеткіштері болады. Олар екі түрлі, бірі- сөз табының грамматикалық категорияларының көрсеткіштері, екіншісі- сөз табының сөзжасамдық жұрнақтары. Бұл екі түрлі морфологиялық көрсеткіштің екеуі де сын есімде бар. Сын есімнің шырай категориясы оны басқа сөз таптарынан ерекшелендіреді. Сын есімді танытатын екінші морфологиялық белгі - сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Сөзжасамдық жұрнақтардың өзіндік бір ерекшелігі-олар сөз табына байлаулы, әр сөз табының өзіне ғана тән сөзжасамдық жұрнақтары бар. Сөз таптары танылу үшін қойылатын синтаксистік ұстаным түрғысынан келгенде, сын есімнің атқаратын негізгі синтаксистік қызметі-анықтауыш. Сын есім сөйлемнің баяндауышы қызметін де жиі атқарады, ал сын есімнің пысықтауыш қызметінде қолданылуы сиректеу.
Сөйлемде қолданылатын сын есім сөздер төмендегі тұлғаларда болады: негізгі түбір сын есімдер, туынды түбір, біріккен түбір, қос сөз, тіркесті күрделі сын есімдер.
Негізгі түбір сын есім сөздер бір ғана морфемадан тұратын, тілдің казіргі даму сатысында әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі морфемалар: ақ, қцара, көк, қызыл, жасыл, қоңыр, сары, үлкен, кіші т. б.
Туынды түбір сын есімдер ең кемі екі морфемадан құралады- негізгі морфема және сөзжасамдық жұрнақ: өнерпаз, білгіш, үйшіл т.б.
Біріккен түбір сын есімдер: жалауқазықтай, жалңаяқтай, жалмауыздай, басыбайлы, бәйшешектей, бойкүйез, аққудай т.б.
Қос сөзді сын есім сөздер: үлкенді- кішілі, аумалы- төкпелі т. б.
Тіркесті күрделі сын есімдер: көк ала, сара көк, қара күрең т.б.
Сын есімдер морфемалық құрамдарына қарай, негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп бөлуге болады. Бірақ оларды осылайша жіктеу шартты нәрсе екенін есте ұстау қажет, өйткені қазіргі кезде негізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігінің төркінін талдап қарағанымызда, туынды сындар болып келеді. Мысалы: тұнық, суық. Сын есімдер морфологиялық, синтаксистік, морфологиялық-синтастиктік тәсілдер арқылы жасалады.
Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады.
Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады.Мысалы: -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты –ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мыс: бүтін, ұзын, ортан.
Заттың белгісі я сипаты біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады. Сын есімнің 4 түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.
Бақылау сұрақтары:
1. Сын есімнің семантикалық топтары қандай?
2. Сын есімнің морфемалық құрамы неден тұрады?
3. Сын есімдердің жасалу жолдары қандай?
4. Шырайдың қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007.
18 дәріс тақырыбы: Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешеліктері
1. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі.
2. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі.
3. Сан есімнің синтаксистік өзгешелігі.
Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың саңдық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың сандық белгісін білдірсе, сын есім заттың сындық белгісін білдіреді.
Сан есім сөздер тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де жазылады. Бұл- сан есімнің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі, жоғарыда келтірілген сөздерде бұл белгі жоқ.
Сөз табы ұстанымдары тұрғысынан алғанда, сан есімнің өзіне тән семантикалық мағынасы бар, яғни олар - сандық ұғымды білдіретін сөздер. Шындық өмірде заттар өте көп, зат болған жерде заттың саны да болады. Ол жанды затқа да, жансыз затқа да қатысты. Сондықтан сан есім сөздер затты талғамай тіркеседі, сан есім зат атауының алдынан тіркесіп, оның санын білдіреді. Сан есім зат есіммен ешбір қосымшасыз орын арқылы ғана байланысады.
Сөздерді таптастырудың екінші ұстанымы- сөз табының морфологиялық белгісі. Бұл көбіне сөз табының сөздерді түрлеңдіру жүйесіне қатысты екені белгілі. Сан есімнің өзіне тән грамматикалық категориясы, яғни түрлендіру жүйесі жоқ. Бұл ерекшелік басқа да бірнеше сөз табына қатысты. Сондықтан ол сан есімнің сөз табы ретінде танылуына кедергі бола алмайды. Сан есім морфологиялық көрсеткішке кедей сөз табы болғанымен, оның мағыналық топтарының жекелеген қосымшалары бар. Олар реттік санның -ншы, -нші, -ыншы, -інші жүрнағы мен жинақтау санның -ау, -еу жұрнақтары.
Сөздерді топтастырудың үшінші ұстанымы – сөз табының негізгі синтаксистік қызметі болуы. Бүл үстанымға сан есімнің анықтауыштық қызметі жауап береді. Сан есім түрлі морфемдік құрамда қолданылады. Қүрамына қарай сан есімдер дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір негізгі морфемадан тұрып, сандық ұғымды атайды.
Күрделі сандар сан есімде өте көп, оның санын көрсету де мүмкін емес. Күрделі сандар ешқандай қосымшаның көмегінсіз бір сан мен екінші санның тіркесуі арқылы жасалып, үшінші санның атын жасайды.
Бақылау сұрақтары:
Сан есімдер қандай үғымды білдіреді?
Сан есімдердің затқа қатысы қандай?
Сан есімнің грамматикалық категориясы бар ма?
Сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,2007
19 дәріс тақырыбы: Есімдіктер туралы жалпы сипаттама
1. Есімдіктер туралы жалпы сипаттама.
2. Есімдіктер және олардың түрлері.
Есімдік - басқа сөз таптарынан ерекшелігі мол сөз табы. Есімдіктің басты ерекшелігінің бірі-оның өте жалпы мағынасы. Дәл есімдіктей жалпы лексикалық мағыналы бір де бір сөз табын көрсету мүмкін емес. Сондықтан есімдіктің жалпы мағынасы оның негізгі ерекшелігі саналады.
Есімдіктің мағынасы сөйлеу әрекетімен, яғни ол сөйлемде не туралы айтылғанымен, сөйлеуге қатысушылармен тікелей байланысты.
Сөздерді таптастыру үстанымы түрғысынан алғанда, сөздерді таптастырудың 1-ұстанымына яғни семантикалық ұстанымға есімдіктің жалпылық мағынасы жауап береді, өйткені жалпылық мағына- бүкіл есімдік сөздерге ортақ мағына. Сөздерді таптастырудың 2-ұстанымы морфологиялық көрсеткіштер тұрғысынан алғанда, есімдіктің өзіне ғана тән грамматикалық категориясы, өзіне ғана қатысты сөз түрлендіру парадигмасы жоқ. Бірақ есімдіктер түрленбейтін сөздердің тобына жатпайды. Есімдіктер өзінің табиғатында түрлі сөздердің орнына қолданылатын сөздер болғандықтан, олар қай сөз табының орнына қолданылса сол сөз табының түрлену жүйесімен түрленеді. Сөздерді таптастырудың 3-ұстанымы тұрғысынан алғанда, есімдіктің синтаксистік қызметі оның табиғатымен тікелей байланысты. Есімдік белгілі бір синтаксистік қызметке байлаулы емес, ол қай сөз табының орнына қолданылса, сол сөз табының синтаксистік қызметін атқара береді.
Заттық есімдіктер қолданыста зат есімнің жалпы грамматикалық мағынасы- заттық үғым мағынасында зат есім сөздерінің орнына қолданылып, оның мағынасына сілтейді, сөйлемде зат есім атқаратын синтаксистік қызметті атқарады. Яғни көбіне бастауыш, толықтауыш қызметінде қолданылады.
Белгі есімдіктері заттың нақты белгісін атамаса да, заттың белгісіне сілтейді де, қай? қайсы? қандай? деген сүрақтарға жауап береді. Белгі есімдіктері мыналар: бұл, сол, мына, ана, осы, мынау, анау, осынау, сонау, пгонау, әне, міне, әнекей, мінекей. Бұларды аттрибутивтік есімдіктер деп те атайды. Мысалы, Темірбек сен менімен сонау үйге дейін бірге жүр(С.М.). Аттрибутивтік есімдіктер түрленбейді. Тек заттанғанда ғана түрленіп қолданылады. Мысалы, мынаны ал, соны түсін т.б.
Есімдіктің бірнеше түрлері бар: Өздік есімдігі, бел гісіздік есімдіктері,
болымсыздық есімдіктері, жалпылау есімдіктері
Бақылау сұрақтары:
1. Есімдіктің өзіндік негізгі ерекшелігі қандай?
2. Есімдіктің қандай түрлері бар?
3.Есімдік сөйлемде қаңдай қызмет заттарға атқарады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: 2007
20 дәріс тақырыбы: Етістіктің лексика-граммматикалық құрылымы.
Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі
Негізгі түбір етістіктер.Туынды түбір етістіктер
Күрделі етістіктер
Негізгі және көмекші етістіктер
Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы
Етістік- сөз таптарының ішіндегі құрамы жағынан да, грамматикалық қүрылымы жағы нан да ең күрделі сөз табы.
Етістік деп заттардың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы аталады. Етістіктің жалпы қимыл ұғымын білдіруі сөздерді таптастырудың 1-ұстанымына жауап береді.
Етістіктің қимыл атауы, есімше, көсемше түрлері, салт, сабақты етістікке бөлінуі де етістікті басқа сөз табынан ажырататын белгілеріне жатады. Өйткені ол мәселелер басқа сөз табында жоқ.
Етістік басқа сөз таптарынан мағынасы жағынан ғана емес, өте күрделі грамматикалық құрылымы арқылы да ерекшеленген. Етістіктің грамматикалық категориялары ешбір сөз табында жоқ және олар өте күрделі, етістік грамматикалық категорияларға өте бай. Әр грамматикалық категориялардың өз мағынасы, өз көрсеткіштері тілде қалыптасып, әбден орныққан. Мәселен, етістіктің болымдылық, болымсыздык категориясы, қимылдың өту сипаты категориясы, модальдық, рай категориясы, шақ, жақ категориясы басқа ешбір сөз табында жоқ. Сондықтан ол грамматикалық көрсеткіштер етістіктің морфологиялық көрсеткіштері болып саналады. Бұл етістіктің сөздерді таптастыру теориясының 2-ұстанымына жауап беретінін дәлелдейді. Сонымен бірге, етістіктің өзіне тән сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі бар. Ол- сөйлемнің баяндауыш мүшесі қызметін атқарады. Етістіктің ішінде баяңдауыш қызметін атқара алмайтын бірде-бір етістік жоқ. Сондықтан баяндауыш- етістіктің негізгі синтаксистік қызметі. Ол сөздерді таптастырудың 3-ұстанымына етістіктің жауап беретінін білдіреді. Бұл етістіктің жалғыз синтаксистік қызметі емес, етістік пысықтауыш қызметін де атқарады.
Тілдегі етістіктер екі үлкен топқа бөлінеді, олар- дербес етістіктер мен көмекші етістіктер. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, т. т. Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады.
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады. Көмекші етістікгердің қолданылу аясы, жетекші етістікке тіркескенде оларға қосатын мағынасы мен түрлену сипаты жағынан бәрінде бірдей емес. Сондықтан олардың өзі іштей толымды және толымсыз көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.
«Аналитикалық формант» термині есімге де, етістікке де тән. Грамматикалық категориясы бар зат есім мен сын есімдегі грамматикалық аналитизм мәселесі дәлелденбегендіктен, аналитикалық формант ұғымы тек етістікпен байланысты қаралып жүр. Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. Аналитикалық формант - сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш. Мысалы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегендер - аналитикалық форманттар.
Бақылау сұрақтары:
1.Етістіктің мағынасы қандай ұғымды білдіреді?
2. Етістіктің морфологиялық көрсеткіштеріне не жатады?
Етістіктің негізгі синтаксистік қызметі қандай?
Дара, күрделі етістіктер дегеніміз не?
5. Негізгі және көмекші етістіктер қандай ұғымды білдіреді?
6. Аналитикалық форманттардың мағыналары, құрылымы қандай ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.А., 1951
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991.281-284-6.
3.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.
21 дәріс тақырыбы: Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
Салттылық және сабақтылық категориясы
Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері
Етістіктің болымды-болымсыз категориясы
Қазақ тіл білімінде сабақты етістік пен салт етістік етістіктің жеке семантика - синтаксистік категориясы -деп танылады.
Салт, сабақгы етістіктерді тануда ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген қимылдың субъектіге не объекгіге бағытталуына байланысты болады деген жалпылама анықтама жеткіліксіз сондықтан, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату қажет. Олар:
1.Салт етістікте қимылды субьекті жасайды, бірақ ол қимылға түсетін, қимыл жасалатын субъектіден басқа зат болмайды. Ал сабақты етістікте қимылды басқа зат жасайды, яғни сабақты етістікте қимылға түсетін объекті зат болады.
2. Салт етістік тек субъеістіге қатысты қимылды білдіретін болғандықган, салт етістіктегі қимыл бір затқа ғана қатысты болады. Ал сабақты етістіктер субъектінің объектіге жасапатын қимылын білдіреді. Сондықтан да ол кемі екі затқа байланысты қимыл болады.
3. Салт етістіктер тек субьектіге қатысты қимылды білдіретін объектісіз етістіктер болса, сабақты етістіктер қимылдың белгілі бір обьектіде өтуін қажет ететін обьектілі етістік .
Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етіс - негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, - деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінік берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістікгердің де негіздері жатады. Етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.
1. Өздік етіс. Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің субьектісіне қарай бағытталып, сабақты етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады.
2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы (түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалады.
3. Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады.
4. Ортақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің салт етістік, сабақты етістік тұлғаларынан арнайы -ыс,-іс,-с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатынын білдіреді.
Болымды-болымсыздық категориясы.Етістік түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық (лексика-грамматикалық) тұлғаларында да қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын, болу сипатының әр түрлі реңін) білдіреді. Етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етіс) тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістікгің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын да жасайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Етіс дегеніміз не? Етістің ұандай түрлері бар?
2. Өздік етістің мағынасы, жасалу жолы қандай?
3.Өзгелік етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?
4.Ырықсыз етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?
5.Ортақ етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.А., 1951
2.Ысқақов А. Қазіргі қазақтілі. Морфология. А., 1991.281-284-6.
22, 23 дәріс тақырыбы: Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
1. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі
2. Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны
Қимылдың өту сипаты категориясы А.Ысқақовтың 1991 жылы шыққан "Қазіргі қазақ тілі" оқулығында "Амалдың өту сипаты" деген тақырыппен берілген дедік. Онда амалдың жүзеге асқандығын білдіретін арнаулы грамматикалық формалардың болатындығын, ол формалардың бір саласы аналитикалық форманттар және олардың тілімізде аса көп екендігі айтылады. Қимылдың өту сипаты категориясы іштей екіге бөлінеді: 1) қимылдың тәсілі; 2) қимылдың даму сатысы
Қимылдың даму сатысы, кезеңі үшке бөлінеді. Олар:
1. Қимылдың басталу кезеңі. 2. Қимылдың жалғасу кезеңі.
3. Қимылдың аяқталу кезөңі. Етістіктің функциялық формаларының бірі - есімше.
Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.
Есімше -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жүрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жүрнақтары жалғанбайды.
Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
Есімшенің түрлері
Бұрынғы өткен шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -ған, -ген, -қан, -кен жұрнағымен жүзеге асады. Өткен шақ есімше жұрнағы отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктеріне жалғанғанда да өткен шақ мағынасын береді.
Дағдылы өткен шақ есімше -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнағы арқылы жасалады.
Болжалды келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -ар, -ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалады.-ар, -ер, -р болымды етістіктерге жалғанса, -с жұрнағы болымсыз етістіктерге жалғанады.
Мақсат мәнді келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -мақ, -мек, -, -пек, -бақ, -бек жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.
Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады.
Тұйық етістік (кейде қимыл есімі, кимыл атауы) етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі. Барлық етістік формалары жіктеліп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартса, қимыл есімінде ондай белгі жоқ. Керісінше, есімдерше көптеліп, тәуелденіп, септеліп қолданылады.
Қимыл есімінің етістіктің бір түрі бола тұрып муңцай ерекшелікке ие болуы қимыл әрекеттің өзін емес, сол әрекеттің атауы ретінде қолданылуына байланысты. Тұйық етістік түбір етістікпен туынды түбір етістікке- у, (-ұу, -үу), ыс(-іс), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) журнаідары жалғану арқылы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |