Шет елдердегі кəсіптік білім беру
Ресейдегі жəне Кеңес өкіметі тұсындағы кəсіптік білімнің дамуы мен қалыптасуы. Ерте кезде пайда болған қолөнер шəкірттігі XVIII ғасырға дейін жастарды кəсіби даярлаудың негізгі формасы ретінде сақталып келді. I Петрдің үзеңгілестері B. H. Татаринцев (1686-1750) жəне В. И. Геннин (1676-1750) болашақ жұмысшыларды өнер мен кəсіпке баулу əдістемесі мен тəрбиесін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік тау-кен мектептері жүйесін жəне оның қажетті құжаттарын жасады. Екатерина дəуірінің көрнекті қайраткері И. И. Бецкой (17041795) сословиялық мекемелердің жүйесін ұсынды. Оның Мəскеу университетінің профессоры А. А. Барсовпен (1730-1791) авторлық бірлестікте жасаған «Мəскеу тəрбие үйінің генералдық жоспарында» мемлекет үшін жоғары адамгершілікті жəне практикалық дағдыларды иеленген өнерпаз шеберлерді даярлау бағдарламасы баяндалған. Либерал-буржуазия педагогикасының өкілі Н. И. Пирогов (1810-1881) кəсіптік білімге негізделген қоғамдық тəрбие идеясына негіздеме берді. Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский (1824-1870) өзінің «Петербургтегі қолөнер шəкірттері», «Жексембілік мектеп», «Кəсіптік мектептерінің астанадағы қажеттілігі» атты мақалаларында қалыптасқан қолөнер шəкірттігін қатаң сынға алып, келесі қағдидаларды ұсынды: Жаңа типтегі кəсіптік білімнің функциялары: – экономикалық – кəсіптің ғылым мен техниканың талаптарына сай болуы; – əлеуметтік – отандық мамандарды даярлау; – адамгершілік – балалардың еңбегін қанау формасы ретіндегі шəкірттікті жою; – педагогикалық – кəсіби мектеп жүйесіне негіздеме беру, оқыту
40
мен еңбек етудің арасында байланыс орнату, кəсіптік оқытудың əдістемесін психология мен педагогиканың талаптарына сəйкес жасау. XIX ғасырдың 60-80 жылдары Ресейдегі қоғамдық-педагогикалық қозғалыстар халық бұқарасының білімін демократияландыру мен кеңейтуге бағытталуы жəне революциялық-демократиялық (Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов), буржуазиялық-демократиялық (К. Д. Ушинский), либералды-буржуазиялық (Л. Н. Толстой, Н. И. Пирогов), реакционистік (Халық ағарту министірлігі) бағдарлануы Патшалық өкіметті Ресейде бастауыш, орта жəне жоғары білім бойынша бірқатар реформалар жүргізуге мəжбүр етті. XIX ғасырдың 60-шы жылдары Ресейде ғылыми білімнің дербес саласы ретіндегі кəсіптік білімнің теориясы мен əдістемесі қалыптаса бастады. Бұл өз кезегінде өндіріс пен капиталистік қарымқатынастардың дамуымен, мектептегі білім беру реформаларымен, кəсіби оқу орындары жүйесінің кеңейюімен Ресейде қоғамдықпедагогикалық қозғалыстың өрістеуімен себептелінді. Оған ықпалын тигізген (Орыс техникалық қоғамы, Еркін экономикалық қоғамы, Мəскеу техникалық білімдерді тарату қоғамы) ғылыми жəне техникалық қоғамдардың əрекеті еді. Мұндай қоғамдар кəсіби оқу орындарын ашты, Ресейдегі жалпы жəне кəсіптік білім беру жүйесін реформалау жобаларын жасады, жұмысшы жəне басқа да мамандар даярлау жөніндегі шетел тəжірибесін зерттеді, кəсіби-техникалық білім қайраткерлерінің съездерін өткізді, ғылыми, оқу жəне əдістемелік əдебиеттер шығарды. Кəсіптік білімнің теориясы мен əдістемесінің қалыптасуында «Техникалық білім» (1892-1917) журналы үлкен рөл атқарды. 1862 жылы Ресейдің кəсіптік білімінің көрнекті қайраткерлері Е. Н. Андреев (1868-1889) пен А. Г. Неболсин (1889-1917) жетекшілік етуімен Орыс техникалық қоғамының техникалық білім бойынша Тұрақты комиссиясы құрылды. Кəсіби педагогиканың қалыптасуында мемлекеттік кəсіптік білім беру жүйесінің негізін қалаған ғалым-механик жəне қаржы министрі И. А. Вышегорскийдің (1831-1895) «Ресейдегі өндірістік білімнің жалпы жоспарының» (1884) жобасын жасауы белгілі кезең болды. Орыс ғалымдары мен инженер-педагогтары ( Д. И. Менделеев, В. К. Делл-Вос, В. И. Гриневецкий, И. А. Стебут, А. И. Гурнов, Д. К. Советкин, С. А. Владимирский, М. В. Лысковский жəне т.б.) кəсіби білімнің келесі талаптарын қалыптастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |