Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)



жүктеу 481,45 Kb.
бет3/3
Дата05.02.2018
өлшемі481,45 Kb.
#8799
түріБағдарламасы
1   2   3
КЕЛІСІЛГЕН

«Көліктік техника

және логистика»

Кафедра меңгерушісі ____________ Е.К.Ордабаев 20__ж.«____»________

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

А.Ж.Т. Алтыбасаров Рашат Мейрамович

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі аға оқутышы

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы Б-1 корпусында (ак.Чокин 139 к-сі), Б-215 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673633 (+1203).
2 Пән туралы мәліметтер

Пән төртінші семестре 15 апта ұзақтықпең беріледі. Пәнінең жалпы көлемі 135 сағат.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

4

3

45

15

30










90

45

КЖ-а Емтихан


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Пәнді оқытудың мақсаты

Курстың мақсаты - студенттердің арнайы пәндерді зерделеу үшін қажет механика бойынша базасын қальпттастыруды аяқтау.



Пәнді оқытудың міндеті

барлық коліктік машиналардың құрама бөліктерінің - бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың конструкцияларын, типажын және жұмысқа қабілеттілік критерийлерін зерделеу; жұмыс істеу теориясының негіздерін және машиналар бөлшектері бірлесіп жұмыс істегенде есептеу әдістерін зерделеу; жобалау және құрастыру дағдыларын игеру, шығармашылық конструкторлық қабілеттерін дамыту; құрастыру кезінде қазіргі компьютерлік техниканы және машина графикасын игеру.
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студенттер:



білуі керек:

- машиналар бөлшектерінің жұмысқа қабілеттілігінің негізгі критерийлерін және олардың бұзылу түрлерін;

- машиналардың бөлшектері мен тораптарының теориясы негіздерін және есептеуді, типтік конструкцияларын және олардың қасиеттері мен қолданылу саласын;

- бөлшектер мен тораптарды есептеу мен құрастыруды автоматтандыру негіздерін, жобалауды оңтайландыру элементтерін.

істей білу керек:

- жобалау кезінде нормативтік-анықтамалық әдебиетті, графикалық материалды (оның ішінде конструкциялар прототиптерін) өз бетімен таңдауды;

- құрастыру кезінде машиналардың технологиялылық, үнемділік, жөндеуге жарамдылық, стандарттау және бірыңғайлау талаптарын, өнеркәсіптік эстетика, экология және еңбек қорғау талаптарын ескеруді.

меңгеру керек:

машиналардың бөлшектері үшін ыңғайлы материалдарды таңдауды және оларды ұтымды қолдануды;

нормативтік-анықтамалық әдебиетті (МЕСТ, ССТ, СТЕ және т.б.) қолдана отырып, машиналардың бөлшектері мен тораптарын есептеуді орындауды;

графикалық және мәтіндік құжаттаманы СТЕ және КҚБЖ талаптарына толық сәйкестікте ресімдеуді.
6 Пререквизиттер

Осы пәнді игеру үшін келесі пәндерді оқып меңгерген кезде алған білімдер, шеберлік пен дағдылар қажет: математика; физика; инженерлік графика; теориялық механика; материалдар кедергісі; өзара алмасу негіздері; механизмдер мен машиналар теориясы; конструкциялық материалдар және термиялық өңдеу.


7 Постреквизиттер

Осы пәнді оқып меңгеру кезінде алынған білімдер, шеберлік пен дағдылар келесі пәндерді игеру үшін қажет: Автомобиль және трактор құрылысы, Көлік техникасының сенімділігі және т.б.


8 Тақырыптық жоспар


Рет №

Тақырыптар атауы

Сабақтың түрілері бойынша кездесу сағаттарының саны

Дәр.

Тәж.

Зерт.

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе.

0,5







2




1. Машина бөлшектері мен тораптарьш жобалау мәселелері

2

Машина бөлшектерінің құрылымына қойылатын негізгі талаптардың жұмыс істеу қабілеттілігі

1







3

3

Триботехника ілімі туралы мәліметтер

0,5







3




2. Механикалық жетектер мен берілістер

4

Механикалық берілістер

1

4




4

5

Тісті берілістер

2

4




3

6

Червякті берілістер

2

2




4




3. Тіректер, біліктер мен өстер, муфталар

7

Біліктер мен өстер

1

3




3

8

Тіректер

1

3




3

9

Муфталар

1

2




3




4. Қосылыстар

10

Қосу болшектерінің түрлері, жалпы сипаттамалары және ерекшеліктері, пісіріп қосу, дәнекер және клеймен біріктіру

1

2




3

11

Машина болшектерін керіп қосу

1

2




8

12

Бүрандалы қосылыс

1

2




4

13

Шпонкалы және шдицті қосылыстар

1

4




4




5. Машина бөлшектерін жобалау жұмысын автоматтандыру

14

Автоматтық жүйемен жобалау (САПР) негіздері мен әдістері қолданбалы бағадарламалар мен математикалық модельдер

1

2




3
Барлығы:

15

30

-

90


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Машина бөлшектері мен конструкциялау негіздері» пәнінде, өндірісте, халык шаруашылығында кеңінен таралган машина мен тетіктердің жалпы бөлшектерінің құрылымы мен есептеу жолдары және олардың құрылымын кұру мәселелері карастырылады.

Бүл ілім болашақ мамандардың техниканы толық меңгеріп, адамзатқа керек заттарды өндіретін немесе тұрмысын жеңілдетін машина мен тетіктердің жана үлгісін жасауға баулыйды.

10 Курс компоненттері
10.1 Пәннің мазмұны

1 тақырып Кіріспе

Машина бөлшектері туралы жалпы мағлұматтар. Даму жолдары. Пәннің мақсаты, басқа салалармен байланыстылығы. Пәннің негізгі, мазмүны, ерекшелігі, мамандарға қажеттілігі.



1. Машина бөлшектері мен тораптарьш жобалау мәселелері

2 тақырып Машина бөлшектерінің құрылымына қойылатын негізгі талаптардың жұмыс істеу қабілеттілігі

Машина бөлшектерінің құрылымына қойылатын негізгі талаптардың жұмыс істеу қабілеттілігі, жасау технологиясының оңайлығы мен үнемділігі, сенімді жұмыс істеу қабілеттілігі және оны көтеру жолдары.

Машина бөлшектерін беріктікке есептеу жолдары: тұрақты және айнымалы күш түскенде есептеу. Айнымалы күштердің түрлері, сипаттамасы.

Материалдардын төзімділік шегі. Шоғырлану коэффициенті. Бөлшектердің беріктігін көтеру. Машина бөлшектерінің қатандығы, орнықтылығы, тозуға және діріл мен жылуға төзімділігі.

Машина бөлшектерінін және машинаның сенімді жұмыс істеу кабілетілігі.

3 тақырып Триботехника ілімі туралы мәліметтер.

Үйкеліс түрлері, олардың машине жасау өнеркәсібіндегі алағын орны. Тозуға қолданатын шаралар.

Машина болшектері мен тораптарының жобалау жұмыстарын жүргізу негізі, орындау жолдары және оларды үйымдастыру. Өзара ауыстрымдылық шақтама және қондыру.

2. Механикалық жетектер мен берілістер

4 тақырып Механикалық берілістер.

Механикалық жетектердің атқаратын қызметі, құрамы және жалпы сипаттамалары.

Механикалық берілістер, олардың түрлері және негізгі сипаттамалары.

5 тақырып Тісті берілістер.

Тісті берілістер, олардың сипаттамалары мен негізгі олшемдері. Тісті берілістердің есептеу күшін анықтау, күш шогырлануы және динамикалық коэффициенттер. Тісті берілістердің істен шығуы. Цилиндрлік тік тісті берілістердің тістерін иілу беріктігіне есептеу. Жанасу бетінде пайда болатын кернеу. Тісті берілістерді жанасу беріктігіне есептеу. Материалдар, олардың қыздырып немесе химиялық әдістермен өңдеу түрлері. Қигаш тісті берілістердің құрылымы мен өлшемдері және есептеу ерекшеліктері. Конустық тісті берілістер. Геометриялық және жұмыс істеу ерекшеліктері. Олардың құрылымы, пайдалану орны. Тістер ілінісуінде пайда болатын күштер. Есептеу ерекшеліктері. Бәсеңдеткіштер, оларды жобалау.



6 тақырып Червякті берілістер.

Червякті беріліс, жалпы сипаттамасы, қолдану. Червяк пен червяк дөңгелектерінің құрылымы, түрлері, өлшемдері және материалдары.

Червяк берілістердің пайдалы әсер коэффициенті, ПӘК шамасын котеру жолдары. Ілінісудегі әсер ететін күштер. Жанасу төзімділігі мен иілуге есептеу. Червякті берілістердің қызуын есептеу.

3. Тіректер, біліктер мен өстер, муфталар

7 тақырып Біліктер мен өстер.

Олардың құрылымын жасау, материалы және оларды қыздырып немесе химиялық әдіспен өңдеу түрлері.

Біліктер мен остерді беріктікке есептеу (Жуықтап есептеу және тұрақты күш түскенде есептеу). Біліктерді тозімділікке есептеу.

8 тақырып Тіректер.

Тіректердің атқаратын қызметтері. Олардың түрлері, домалау, сырғану мойынтіректері. Домалау мойынтіректер, жалпы сипаттама, қолдануы, түрлері. Негізгі домалау мойынтіректерінің кұрылымы, олардың істен шығуы.

Домалау мойынтіректерге әсер ететін келтірілген (эквивалентгі) күшті анықтау және оларды динамикалық жүк көтергіш қабілетілігіне байланысты таңдап алу.

9 тақырып Муфталар.

Атқаратын қызметі және құрылымы мен түрлері. Тұрақты муфталардың қүрылымы, атқаратын қызметі және есептеу жолдары. Серіппе муфталар, олардың сипаттамалары. Серіппелік қасиеттері. Төлке-сақиналы серіппе муфталарадың (МУВП) кұрылымы мен есептеу жолдары. Басқару және өздігінен басқару кызметін атқаратын муфталар жөнінде мәліметтер.



4. Қосылыстар

10 тақырып Қосу болшектерінің түрлері, жалпы сипаттамалары және ерекшеліктері, пісіріп қосу, дәнекер және клеймен біріктіру.

Жалпы сипаттамалары, құрылымы, қолдану аумағы. Пісірілген жапсарлардың істен шығуы. Тұрақты күш түскенде есептеу. Мүмкіндік кернеулерін анықтау.



11 тақырып Машина болшектерін керіп қосу.

Керіп косудың құрылымы, түрлері және есептеу жолдары.



12 тақырып Бүрандалы қосылыс.

Олардың құрылымы, түрлері, пайдалану аумағы. Бұранданың өлшемдері, эсер етуші күш моменттерді анықтау, олардың озара қатынасы, пайдалы әсер коэффициенті және оздігінен тежелу кабілеттілігі. Бұрандасы бар бөлшектерді ееептеу.



13 тақырып Шпонкалы және шдицті қосылыстар.

Олардың қүрылымы, түрлері және есептеу жолдары.



5. Машина бөлшектерін жобалау жұмысын автоматтандыру

14 тақырып Автоматтық жүйемен жобалау (САПР) негіздері мен әдістері қолданбалы бағадарламалар мен математикалық модельдер.

Сызу жұмыстарын автомат тандыру.


10.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптары

4 тақырып Механикалық жетек және механикалық берілістердің негізгі түрлер.

5 тақырып Тісті берілістер. Цилиндрлік Конусты тісті берілістер.

6 тақырып Червякті берілістер.

7 тақырып Біліктер мен өстер

8 тақырып Тіректер. Домалау подшипниктер.

9 тақырып Муфталар. Механикалық жетектердің муфталары.

10 тақырып Қосу болшектерінің түрлері. Пісірілген қосылыстар.

11 тақырып Машина болшектерін керіп қосу. Дәнекерленген қосылыстар.

12 тақырып Бұрандалы қосылыстар.

13 тақырып Шпонкалы және шдицті қосылыстар

14 тақырып Машина бөлшектердің автоматтандырылған жоба.
Студенттің өздік жұмысының тізімі

Қатар №

СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатпен

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабақта қатысу

15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабақта қатысу

23

3

Дәріс сабақтарына кірмеген материалдарды оқып білу

Конспект

Конспект тексеру

17

4

Курстық жобалау

Есептік-түсіндірме хатты. Сызба.

КЖ қорғау

30

5

Бақылау шараларына дайындық




1МБ, 2МБ

5

Барлығы:

90


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1 Машиналардың бөлшектерге және тораптарға негізгі талаптар, олардың сенімділік. Материалды іріктеуді негіздеу. Машина бөлшектеріне әсер ететін жүктеулердің түрлері. Машиналар бөлшектерін есептеу мен жұмыс істеуге қабілеттілігінің межелері.

Әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 68-69 бет.

2 Машиналар бөлшектердің жұмысқа қабілеттілік және олардың бағалауның әдістер. Машиналар бөлшектердің беріктік. Машиналар бөлшектердің беріктікті жоғарылатуның құрастырлық және технологиялық әдістері.

Әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 68-69 бет.

3 Триботехника негіздері. Машиналардағы үйкеліс пен тозу. Сырғанау үйкелісінің табиғаты. Сырғанау үйкелісінің режимі мен олардың машинаның жұмыс істегендегі ролі. Тозғыштығының табиғаты. Үйкелетін жұптың тозуға төзімділігін бағалау әдістері. Триботехникалық сенімділікті жоғарылату әдістері.

Әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 68-69 бет.

4 Тісті берілістер. Қисық тісті шошақты берілістердің геометриялық ерекшеліктері. Берілістерді беріктікке есептеу. Беріліс кинематикасы. Редуктордың схемасы. Қиғаш тісті және шевронды цилиндрлік берілісті есептеудің ерекшеліктері

Әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 98-99 бет, 104-105 бет.

5 Конусты тісті берілістер. Түзу тісті конусты берілістердің іліністеріндегі күштер. Түзу тісті Тік тісті конусты берілістердің тістерін иілуге және түйісу (ұштасу) беріктігіне есептеу.

Әдебиет: [5] 98-99 бет, 104-105 бет.

6 Бұрамдықты берілістер. Беріліс саны. Пайдалану коэффициенті. Бұрамдықты берілістерінің, бұрамдықты дөңгелектерінің материалдары. Бұрамдықты дөңгелектерінің геометриялық есебі.

Әдебиет: [5] 321-323 бет.

7 Белдікті берілістер Белдіктерің керілу әдістері. Білік пен тіріктерге түсетін жүктеме. Берілістердің есебі.

Әдебиет: [1] 367-372 бет.

8 Шынжырлы берілістер. Шынжырлы берілістердің есебің жүйелілігі.

Әдебиет: [1] 391-397 бет.

9 Білік және осі. Мойынтірек. Біліктерді беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Мойынтіректер классификациясы. Шайқалу мойынтіректердің негізгі конструкциясының жалпы сипаттмасы, бұзылу түрлері, олардың ресурстарын анықтау.

Әдебиет: [1] 409-415 бет; [5] 285-287 бет, 272-273 бет

10 Муфталар мен серпімді элементтер муфталар, жалпы мағлұматтар, тағайындалуы, конструкция материалдар.

Әдебиет: [5] 299-301 бет.

11 Қосылыстар. Ажырамалы және ажырамсыз қосылыстар. Жалпы мағлұматтары, сипаттамалары. Беріктікке есептеу.

Әдебиет: [5] 16-20 бет, 27-30 бет.

12 Ажырамсыз қосылыстар. Пісірілген қосылыстарды кесілуге есептеу.

Әдебиет: [5] 58-61 бет.
4.4.3 Курстық жобаның мазмұны.

Оқытудың соңғы кезеңі курстық жобалау – тәлімгердің бірінші дербес құрылыстық жұмысы.

Курстық жобалаудың мақсаты-тәлімгерлерде машиналарды құрастырудың дағдыларын қалыптастыру. Курстық жобалау оқытушының басшылығымен жасалатын тәлімгерлердің дербес жұмысының түрі және ол мүмкіндік береді. Жалпы техникалық пәндерде оқығанда алынған білімді белсене бекіту мен тереңдетуге; кестелермен, мемлекеттік пен сала стандартымен, анықтама беретін әдебиетпен жұмыс істеу, есептеу дағдыларын алуға; машина жасаудың істелетін бұйымдарының құрылыстық құжат қағаздарың жасау принциптерін меңгеру.

Курстық жобалау процесінде тәлімгер курста оқылатын бөлшектердің құрылыстық түрлерімен танысу керек, құрылыстық, технологиялық және экономикалық шешімдерінің бірлігін, кез келген машинаның құрылысының келісімді сипатын меңгеру, сондай-ақ жеке тораптардың, бүкіл машинаның құрылыстық шешімдерінің көп варианттық мүмкіндігін анықтау, жалпы міндетті атқаратың беріліс механизмдерінің тораптарынің ұтымды құрастыруды.

Жобаның көлемі – А1 (594*841) форматы 1,5 бет, ЕСКД талаптарына сәйкес жасалған есептік- түсіндірме хат.

Жоба беттерінің мазмұны:



  • Редуктордың ықшамсызбасының жобасы (миллиметрлі қағазда орындалған). Редуктордың сызбасы.

  • Редуктордың екі бөлшектерінің сызбалары (тісті доңғалақтардың, біліктердің) А2 форматына сәйкес келетің жалпы көлемді.

Бір жинау бірлігінің бөлшектерін белгілеген дұрыс. Бөлшектерінің сызбаларында өлшемдердің мүмкіндігі, беттердің орналасу мен түрлерінің мүмкіндігі қойылу керек, қаттылығы көрсетілген термоөңдеу мен беттердің кедер –бұдырлығы белгіліну керек. Жетек пен редуктордың сызбаларына есептік-түсіндірме хатқа жапсырылатын спецификация жазылады.

Есептік-түсіндірме хат А4 форматты жазатын қағазға орындалады және оның құрамына кіреді:



  1. Курстық жобаның тапсырмасы.

  2. Мазмұны.

  3. Кіріспе.

  4. Кинематикалық есептеулер.

  5. Редуктордың берілісін есептеу.

  6. Редуктордың ықшамсызбасының жобасың жасау.

  7. Тербелу подшипниктерді тандау.

  8. Белдікті (шынжырлы) берілісті есептеу.

  9. Редуктордың құрылысын жасау.

  10. Редуктор ақырын жүретін біліктерінің есебі (есептеу).

  11. Спецификация (қосымша).

  12. Әдебиеттер




п/п

Курстық жобаның бөлімдердін мазмұны

Істеуге қажетті уақыты, сағат

1

Кинематикалық есептеулер. Редуктордың берілісін есептеу.

5

2

Редуктордың ықшамсызбасының жобасың жасау. Тербелу подшипниктерді тандау.

2

3

Редуктордың конструкциялық жетілдіру: дөнғалақтардың, біліктердің, қосылыстардың, подшипниктердік тораптардың, корпустың, реттеуші қондырғылардың құрылыстарын жасау. Бөлшектердің майлау тәсілді тандау.

5

4

Редуктордың сызбасыны жасау (1-ши бет).

Тізбекті (белдікті) берілістерді есептеу.



10

5

Редуктор ақырын жүретін біліктерінің есебі. Бөлшектерінің сызбаларын жасау (2-ши бет).

5

6

Есептік-түсіндірме хатты құрастыру. Жобаны қорғау.

3



Пәннің ақырғы бақылауы мен ағымдағы үлгірімдерінің жүк салмағының үлесімі

п/п

Ақырғы бақылаудың түрі

Бақылаудың түрлері

Жүк салмағы

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Үлгірімнің ағымдағы бақылауы

0,6

Курс саясаты

Студенттердің міндеттері: ұдайы сабаққа қатысу, пән бойынша тапсырмаларды өткізу кестесінің талаптарын орындау, кітапханада және интернет залында әдебиетпен өздегінен жұмыс істей білу.

Оқытушылар студенттермен бірігіп жұмыс істей үрдісінде келесі ережелерге сүйенуі қажет:

1. Оқытушы мен студент бір-біріне сыйласымды, сыпайы және мейірімді болу керек.

2. Сабақтарда белсенді болыңыз. Оқытушыға сұрақтар қойыңыз. Сабаққа қатысу жеткілікті емес. Материалды толық меңгере білу керек.

3. Оқытушы студентпен творчестволық түрде жұмыс істеуге міндетті. Студент мұғаліммен қарым-қатынаста болуға міндетті және орындалатын практикалық, өздік жұмыстар бойынша консультация алуға міндетті.

4. Қате жібергенге ұялмаңыз. Кім еш нәрсе істемейді, сол қателеспейді.

5. Барлығын түсінген адам сияқты түр жасамаңыз. Түсінуге тырысыңыз.

6. Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Егер сіз үш және одан да көп сабақты себепсіз босатсаңыз (себебі құжат бойынша бекітілуі керек), онда оқытушы сізден деканаттың сабаққа рұқсат қағазын талап етуге құқылы. Есіңізде болсын: сабаққа қатысу қорытынды баңаңа әсер етеді.

7. Өз уақытында практикалық, өзіндік жұмыстардың кестесі бойынша есептесіп отыру қажет. Бұл қорытынды бағаға әсер етеді. Аяқталмаған есептесулер және өздік жұмыстар есептелмейді. Әр жұмыстың өз уақытында және толық көллемде орындалған тапсырмаларына жоғары балл қойылу ұйғарылғанды.

Марапаттық баллдар 0,2 ÷ 2 балл:

- оқу үрдісіне белсенді қатысқаны үшін;

- студенттік конференцияға қатысқаны үшін;

Айып балдары 0,2 ÷ 2 балл, жалпы саннан төмендегі жағдайда шегеріледі (азайтылады):

- материалдарды өз уақытында көрсетпегені үшін;

- жұмысты сапасыз орындағанда;

- сабақты жібергенде;

- сабаққа кешіккенде

Студенттердің өзінің қатысуынсыз бақылау жүргізілмейді.

8. Аудиториялық сабақтарға кешігуге 5 минутқа дейін рұқсат етіледі, басқа жағдайда студентке сабаққа кіруге рұқсат етілмейді. Объективті себептер болса оқытушыны алдын-ала ескерту керек. Ұдайы сабақ босату-жақсылыққа әкелмейді. Ол студенттің сабаққа деген қатынасын сипаттайды.

9. Этика бойынша оқытушы сөйлеп тұрғанда дауыс шығарып сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін студент аудиториядан қуылады. Сабақ кезінде басқа тақырыпқа әңгімелесуге болмайды.

10. Сіздің міндетіңіз сабаққа дайын болып келу. Бар әдебиетті пайдаланыңыз, өз уақытында кітапханадан әдебиетті алыңыз.

11. Ішкі тәртіп ережесі орындалуы тиіс.

12. Басқа біреудің жұмысын көшіріп алуға үзілді-кесілді тиым салынады

13. Мүмкіндігінше консультацияға қатысу.

14. Сабақ кесінде сот.телефондар ажыратылған болу керек.



15. Кесте бойынша тапсырылмаған практикалық және өздік жұмыстар оқудың меңгеру сапасын төмендетеді. Студенттердің күнделікті еңбекке ізденушілікке тәрбиелеу үшін олардың сапалы жұмысын - өз уақытында (дер кезінде) рейтинг картасы бойынша бағалау оқытушылар үшін өте қажет.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі

  1. Решетов Д.Н. «Детали машин» - М., Машиностроение, 1989 г.

  2. Серікбаев Д., Тәжібаев С.Д. «Машина детальдары», Алматы, Мектеп 1983 ж.

  3. Тәжібаев С.Д. Қолданбалы механика, Алматы, Білім, 1994 ж.

  4. Иванов М.Н. «Детали машин» - М., Высшая школа, 2001 ж.

  5. Иосилевич Г.Б. «Детали машин» - М., Машиностроение, 1988 г.


Қосымша

  1. Анурьев В.И. «Справочник конструкгора - машиностроителя», т. 1-3 - М., Машиностроение, 1982 г.

  2. «Детали мапшн. Атлас конструкций.» Под ред. Д.Н.Решетов - М.., Мапшностроение, 1989 г.

  3. Тажибаев С.Д., Тажибаев Т.С. Проектирование деталей и узлов машин на ЭВМ. Алматы, КазНТУ. 2000 г.

  1. Тажибаев С.Д. «Расчет механических передач на ЭВМ» - Мектеп, 1983 г.

  1. Тәжібаев С.Д. Машина конструкциясын құру негіздері. Алматы, Сәтбаев атындағы КазҰТУ, 1998 ж.

  2. Тажибаев С.Д. Конструирование узлов и деталей машин. Алматы, КазНТУ им. К.И Сатпаева, 1999г.

  3. Дунаев П.Ф., Леликов О.П. «Конструирование узлов и деталей машин», -М., Высшая школа. 1985 г.

  4. «Проектирование механических передач», С.А.Чернавского, Г.А.Снесарева и др. - М., Машиностроение, 1984 г.

  5. Биргер И.А., Шорр Б.Ф., Иосилевич Г.Б. «Расчеты на прочность деталей машин» - М., Машиностроение, 1979 г.

  6. Орлов ПИ. «Основы конструирования. Справочно-методическое пособие» Кн.І и 2 - М., Машиностроение ,1988 г.

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Машина бөлшектері мен конструкциялау негіздері» пәні бойынша 050713 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша іштей оқу нысанындағы студенттерге арналған

бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (3 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Максималды балл

6

6

18

15

6

16

18

15

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




ДҮТ 1

ДҮТ 2

ДҮТ 3

ДҮТ 4

16

Бақылау нысаны




Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




ПҮТ 1

ПҮТ 2

ПҮТ 3

ПҮТ 4

32

Бақылау нысаны




Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

4

4

4

4

4

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны










ӨОҮТ










ӨОҮТ




24

Бақылау нысаны










Т










Т




Макс.балл










12










12




Курстық жобаны орындау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны













КЖБ1




КЖБ2




КЖБ3

28

Бақылау нысаны













Т




Т




Т

Макс.балл













9




10




9




2 рейтинг (3 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

9

10

11

12

13

14

15

Барлығы

Максималды балл

6

6

20

21

6

20

21

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




ДҮТ 5

ДҮТ 6

ДҮТ 7




14

Бақылау нысаны




Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

2

2

2

2

2

2

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




ПҮТ 5

ПҮТ 6

ПҮТ 7




28

Бақылау нысаны




Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

4

4

4

4

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны













ӨОҮТ







ӨОҮТ

30

Бақылау нысаны













Т







Т

Макс.балл













15







15

Курстық жобаны орындау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны










КЖБ4




КЖБ5




КЖБ6

28

Бақылау нысаны










Т




Т




Т

Макс.балл










10




10




8

Шартты белгілеулер: 1 ДҮТ – №1 дәрісті дайындау үшін берілетін үй тапсырмасы; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ПҮТ 1 – №1 практикалық сабақтарға дайындалу үшін үй тапсырмасы; 1 зертхҮТ – №1 зертханалық сабаққа дайындалу үшін үй тапсырмасы; Д – рұқсат қағазы; Е – есеп; 1ЗҚ – №1 зертханалық жұмысты қорғау; КЖБ 1– курстық жұмыстың №1 бөлімі; Т – тексеру; ӨОҮТ1 – материалды өздігінен оқуға №1 үй тапсырмасы; К – коллоквиум; 1Т –№1 тест, ҮЖ1 – үй жұмысы №1.


Кафедра отырысында ұсынылған 2010ж. «26» қазан № 3 хаттама.
Кафедра меңгерушісі __________ Мустафин А.Х. 2010ж. «26» қазан
жүктеу 481,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау