Дескриптор:
Қоқан автономиясының Алаш Ордамен 4 ұқсастығы және 4 айырмашылығын анықтайды
Тапсырма №2 Тарихи фактілерге сүйене отырып, қазақ жерінде құрылған ұлттық автономиялардың ортақ тарихи маңызын жазады
Дескриптор:
Қазақ жерінде құрылған ұлттық автономиялардың 2-ден кем емес ортақ тарихи маңызын анықтайды.
Үйге тапсырма:
|
|
Рефлексия
|
Өз прогрессіңді бағала ....
|
|
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 28 қараша күні Түркістан өлкесінде Түркістан автономиясын жариялайды, Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, екіншісі отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы болып Мұхамеджан Тынышпаев, Бірақ көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай тағайындалды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.[1]
Алаш қозғалысы 1917 ж соныңда партиялық құрылыс мәселесінен ұлттық автономия құру әрекетіне көшті. Большевиктермен жүргізілген келісім нәтиже бермеді, өйткені Алаш қайраткерлері пролетариат диктатурасы мен тап күресі идеясын қолдамады. Большевиктер ұлттық мемлекеттердің құрылуынан ғана емес, түркі халықтарының бірігуінен сақтанды.
1917 жылы желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Екінші жалпықазақ съезі өтті. Съезде қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар қабылданды. Съезд Алаш атауымен қазақ автономиялық үкіметінің құрылғаны жөнінде мәлімдеді. Алашорда деген атпен Уақытша халықтық кеңес үкіметі құрылғаны айтылды. Орталығы Семей қаласы болып жарияланды. 1920 жылы 9 наурызда Алаш үкіметін тарату туралы жарлық шықты
Достарыңызбен бөлісу: |