Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихының шығу тегі.
Э. Мейоның, отбасылар үлгілеріне өндірістік қатынастардың талдауы.
Ағылшын мәдениеттанушы Дж. Дэвистің нуклеарлық отбасына әдеттегі отбасынан мемлекеттік көніл бөлуінің ауысуы.
М. Сапис пен К. Уэллстің отбасы мәселелерін оқудың жеке түсіндірме әдістемесі.
Ресейдегі әлеуметтік жұмыс: генезис пен даму жолдары.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Индустриялды социология – АҚШ-тағы әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы саласы. Оның өкілдері өнеркәсіптегі адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен және өңдірістің тиімділігін арттыру үшін ұсынылған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеумен айналысады. Индустриялды социологияның теориялық — әдістемелік негізінің қызметін тейлоризм Э. Мейо, Д. Макгрегор және т.б. концепциялары құрайды.
Индустриялды социология шеңберінде өткізілетін, белгілі социологиялық зерттеулер, тек жеке жұмыс орнында ғана емес, басқарудың бүкіл жүйесі – менеджментке де қатысты.
Американ социологы және психологы Элтон Мейо (1880-1949) американдық индустриалды социологияның және «адамгершілік қатынастар» доктринасының негізін қалаушылардың бірі.
Мейоның теориялық концепциясының негізіне келесі принциптер жатыр:
1) адам «әлеуметтік жануар» ретінде, топтық тәртіптің контекстіне енгізілуін мен бағытталуын белгілейді;
2) бағынудың қатал иерархиясы мен бюрократтық ұйыдастыруы адам табиғаты мен оның бостандығымен сай келмейді;
3) өнеркәсіп жетекшілері өнімдерге емес, көбінесе адамдарға бағытталуы керек.
Мейо бойынша, бұл принциптер қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын мен индивидтердің өз жұмыстарына қанағаттануын қамтамасыз етуі керек.
Әдебиет [1, 2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 6 Отбасымен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибедегі әдістемелер мен әдістік аспектілер.
Жоспар
Отбасымен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибедегі әдістемелер мен әдістік аспектілер.
Әлеуметтік жұмыстың қалыптасқан жүйесінің елдік типтеріне байланысты, тұрғындардың әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің рөлі.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына ұлы теоретиктер мен практиктердің қосқан үлесіне талдау жасау барысында әлеуметтік жұмыскер қызметінің спецификасы мен оның теориялық негізін жоғалту қаупі бар. Осы тұрғыдан, ғылыми білім аумағында еңбек сіңірген адамдардың әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихының нақты кейіпкері болмай қалу қаупі туындауы мүмкін. Осы сияқты мәселелерді шешудің қиындауының себебі мынаған байланысты: әлеуметтік жұмыс аумағындағы кез келген үлкен теоретик пен практиктің базалық білімі әлеуметтік жұмыскер болмауы мүмкін, бұған мысал ретінде Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс факультетінің бұрынғы деканы Рональд Фельдманды немесе Канаданың Калгари қаласының ірі университеттің әлеуметтік жұмыс факультетінің деканы Рей Томлиссонды бөліп көрсетуге болады. Осылайша, Гетеборг университетіндегі әлеуметтік жұмыс институты бағдарламасын ұзақ уақыт бойы басқарған, Швециядағы әлеуметтік жұмыс аумағндағы ғылыми зерттеулердің негізін салушы Харольд Сиднер философия ғылымдарының докторы болып табылады, мәдениеттану әлеуметтік философиялық зерттеулерде үлкен тәжірибесі бар, социология аумағында мамандалған (Ол Лунд университетінің социология бөлімін аяқтаған) Швецияда Сведнердің зерттеу қызметінің ықпалынан 80 жылдары құрылымды әлеуметтік жұмыстық ғылыми дәстүрі, оның қазіргі кездегі адамның даму контесіндегі жүйелі – функционалдық көрінісі күшейді.
Ерекше атап өтетін жайт, Х.Сведнер КСРО-ның әлеуметтік-мәдени дамуының философиялық-гуманистік дәстүрін жоғары бағалаған және бағалайды да, ол әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік этникалық негіздерін зерттеуде орыс ойшылдарының әлеуметтік қызметінің идеялары мен тәжірибелріне сүйенген. Олар: Л.Толстой, И.Бунин, А.Чехов, Ф.Достоевский және т.б.
Х.Сведнер С.Г.Струмилин, А.С.Макаренко, В.И.Ленин, А.Колонтай, И.И.Павлов және т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерін жоғары бағалады.Әлеуметтік жұмыс теориясы ұғымының негізін салушылар Ализе Соломон, Мария Гахери, Элизаветта Фрай, Джеймс Адамс, Мери Ричмонд.Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыста фрейдизм мектебі бағыттары қалыптасты.Яғни ХХ-ғасырдың I-ші жартысында әлеуметтік жұмыстағы психодиагностикалық басымдылықпен қамтамасыз ететін Зигмунд Фрейд және оның шәкірттерінің психоанализді жақтаушылардың теориялық нәтижелерінің әсері.Фрейдизм бағыты әлеуметтік жұмыстың теориялық негізінің дамуына өз ықпалын тигізді.Қазігі күнде Фрейдизм өзгере отырып,әлеуметтік жұмыстың теориясында жоғарғы деңгейде қолданылады.Әлуеметтік жұмыстың теорияларын қалыптастыруда педагогтардың қосқан үлес зор.
Әдебиет [1,2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 7 Отбасымен жұмыс жүргізудегі отандық қалыптасу тарихы.
Жоспар
Әйелдер мен балаларды мемлекеттік қорғаудың ролін ашудағы Әл Фарабидің ғылыми ізденістері.
«Жеті жарғы заңы»(немесе Тәуке хан заңы).
Қолдау мен көмекті қажет ететін тұрғындар топтарын әлеуметтік қорғауға ұмтылыс ретіндегі мемлекеттік жетімханалар мен мекемелер, қамқорлық үйі.
Отбасылар мен балалардың жағдайын жақсарту жұмысындағы қеністік басқару орындарының революциядан кейінгі және соғыстан кейінгі іс әрекеттері.
ҚР әйелдер мен балалар жөніндегі Ұлттық Комиссияның іс әрекеті.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Мемлекеттің негізі жер болса, оның болашағы балалар, жастар деген ұлағатты сөз бар. Бұл шынында да ақиқатты айғақтаған тұжырым. Қазақ елі ежелден бала саны мен тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Бала болашағына ерекше саясат ұстаған дәуір – Кеңес үкіметі өмір сүрген жылдарға дөп келеді. Большевиктер мемлекеттік билікті қолға алмай тұрып-ақ, өздерінің бағдарламалық құжаттарында балаларды оқыту, мектептен тыс мекемелер ашып, оларды тамақ, киім – кешекпен қамтамасыз етуге баса назар аударған.
1917 жылы Қазан төңкерісі жүзеге асысымен, Кеңес өкіметі бұрын -соңды тарихта болмаған ауқымды деңгейде балаларға тиесілі саясатын бастады. Елде тегін білім беру ісі қолға алынды. Бала бақшалар, мектептен тыс білім беретін оқу орындары ашылып, оқулықтар, оқу құралдарын шығаруды жолға қойды. Бүгінде тоталитаризм қылмыстарын әділінен сынасақ та, большевиктердің жас ұрпақты жан – жақты, кемел тәрбиелеуге қол жеткізбек болған ниеті мен соның жолында істелінген шаралары гуманизмнен ада еместігін мойындауымыз керек. Большевиктердің көсемі В.И.Ленин “Барлық жақсылық – балаларға” деген қағиданы кездейсоқ алға тартқан жоқ. Ал Лениндік қағиданың жүзеге асырылуына Н.К.Крупская, Ф.Э.Дзержинский сынды серіктері өлшеусіз үлес қосты. Әр затты өз атымен атауымыз қажет. Егер кешегі тарихымызға күл шашумен орынсыз әуестенсек, бүгінгі өмірдің қадыр – қасиетін ұғынбақ түгілі, бұрынғыдан да ауыр қасірет пен қателікке ұрынамыз.
Отан тарихында балалар мәселесін бірінші кезекте шешу әрқашанда өзекті міндет болып келді. Бұл мәселенің ең асқынған тұсы XX-ғасырдың 20-30 жылдары деп білеміз. Өйткені азамат соғысы мен шетел интервенциясы, 20 жылдардың ортасынан басталған халық шаруашылығын индустриализациялау және әміршіл-әкімшіл жүйенің орнығуы, іле-шала басталған ауыл шаруашылығын күш қолданумен ұжымдастыру – бәрі ғасырлар бойы елде қалыптасқан ырғақты әрі табиғи дамудың үрдісін күрт өзгертті. Халық тұтасымен үйреншікті өмір салтынан ажыратылды, зорлық пен зомбылық салтанат құрды. Қаншама қазақ қожалықтары ата мекенінен көшірілді. Ақтар мен қызылдар арасындағы ұрыс – шайқас даласында сан мыңдаған азамат қаза тапты. Тап сол 20-30 жылдардағы елдің экономикалық негізінің шайқалуынан қазақ даласына жойқын аштық келді. Нәтижесінде ең қорғансыз әлеуметтік қауым – балалар шексіз жапа шекті. Панасыз балалар мәселесі күн тәртібіне қойылды. алу туралы шешімдері.
Панасыздық- жас ұрпақтың денсаулығын әлсіретіп қана қоймай дүниетанымына да айықпас жара түсіретін алапат. Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов ашына жазғандай, “ұлым дейтін елі болмаса,елім дейтін ұл қайдан шықсын”. Тіпті құран сүрелері мен пайғамбардың хадистерінде балаларға қамқорлық жасау барша мұсылман қоғамының парызы екені ескертілген ғой. Кеңестер билеген Қазақстанда панасыз балалар мәселесінің асқынуы мемлекеттің болашағына төнген қатер екенін большевиктер қапысыз түсінді. Осынау әлеуметтік қасіретпен күресудің ұлан-ғайыр тәжірибесі жинақталды. Балалар панасыздығын жою жолында кемшіліктер мен қателіктер аз болған жоқ. Бірақ тұтастай алсақ, Қазақстандағы кеңестік билік осы игі істі оң нәтижеге жеткізді.
Әдебиет [1,2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 8 Отбасының әлеуметтік мәселелері.
Жоспар
Отбасы жағдайының әлеуметтік психологиялық анықтамасы.
Отбасы түрлері және отбасының қазіргі таңдағы мәселелері.
Қазақстандағы бала туудың денгейінің төмендеу мәселесі.
Тұрғындардың репродуктивтік және матримониалдық мінез құлқын зерттеу.
Қазіргі отбасылардың тоқырау тенденциялары.
Жағдайы төмен отбасылардың түрлері.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Отбасының жіктелу проблемасына келгенде, кейбір қиыншылықтар пайда болды, отбасы мен неке формасының, түрінің саны өте көп болғандықтан оларды нақты санмен белгілеу қиын. Осы жағдайда ғылыми әдебиеттерде бәрінен жиі кезедсетін отбасының ең негізгі белгісіне тоқтап кету орынды деп есептейміз.
1. Құрамы бойынша:
а) Нуклеарлық (қарапайым) отбасы қалай толық болса, солай орта бола алады.
Толық нуклеарлық отбасы - басқа отбасылар арасында ең көп таралған форма. ә) Күрделі отбасы. Отбасының бұл типінің ерекшелігі – отбасы бірнеше ұрпақтан тұрады. әртүрлі ұрпақ адамдарының бір отбасында өмір сүруін мәжбүр ететін негізгі екі себеп бар. Олардың бірі мынада: жас жұбайлар ата-анамен тұруды қалайды, өйткені бұл тұрмыстық және материалдық аспектін жеңілдетеді.
Б) Үлкен отбасы. (10 және одан да көп мүшелері бар) біздің уақытта сирек кездеседі. Мұндай отбасында бала үшін проблема жоқ, байланыстың әр алуандығы бар, өзара көмек күшті дамыған. Дәу едәуір азырақ, өйткені өмір мұндай үлкен отбасында оның әрбір мүшесін өнегелі және қайырымды болуыға мәжбүр етеді.
2. Балалар саны бойынша:
а) Баласыз отбасы. Отбасыда бала болмаудың негізгі себептерінің бірі – жұбайлардың бірінің бала тууға кедергі болатын дене сырқаты немесе кешеуілдеп қалған неке.
ә) Бір балалы отбасы. Мұндай отбасы әсіресе, кейінгі уақытта көп тарала бастады. Себебі, баланың ата-аналар жағынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін қарым-қатынас негізгі нысана болуында. Жалғыз балаға сапалы тәрбие, білім беруге, материалдық жабдық жасауға қолайлы болатындықтан, отбасының көбі бір бала болуды қалайды.
Б) Аз балалы отбасы. Мұндай отбасында екі-үш бала болады. Бір балалы отбасына қарағанда орнықты болады.
В) Көп балалы отбасы. Төрт және одан да көп балалы отбасы көп балалы деп ептеледі. Мұндай отбасында ажырасу сирек кезедеседі.
3. Отбасының стажы бойынша: мұндай отбасының типтері бар: а) жас жұбайлар; б) жас отбасы; в) баладан үміткер отбасы; г) балалары бар жас отбасы; д) орта жастағы жұбайлар отбасы; е) егде жұбайлар жұбы.
4. Географиялық белгісі бойынша:
а) қалалық; б) ауылдық;
5. Отбасындағы басшылық типі бойынша:
а) өктем отбасы; б) эгалитарлықө отбасы;
6. Отбасындағы қарым-қатынас сапасы жне жағдайы бойынша:
а) сәтті отбасы; ә) әлеуметтік сәтсіз отбасы; б) ұстаздығы әлсіз
7. Отбасындағы тұрмыс, отбасы тәртібі бойынша:
а) шаруашылық-тұрмыс ұясы үлгілі отбасы; ә) балаорталық отбасы; б) жұбайлық отбасы; в) патриархалдық отбасы; г) пікірталас клубы немесе спорттық топ типіндегі отбасы. ғ) отбасы “жұбаныш”;
8. Әлеуметтік құрамының біркелкілігі бойынша: а) әлеуметтік гомогендік отбасы. ә) әлеуметтік-гетерогендік отбасы
9. Отбасы өмірінің ерекше жағдайы бойынша:
а) дистанттық отбасы; ә) студенттік отбасы;
Әдебиет [1,2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 9 «Қауіп- қатері бар тобындағы» отбасылардың әлеуметтік проблемаларының ерекшеліктері.
Жоспар
Әскери қызметтегілер мен олардың отбасындағы әлеуметтік мәселелердің өзгешілігі.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік атқару жұмысы.
Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасымен әлеуметтік жұмысы.
Қиын жағдайдағы отбасылар категориясы мен мәселелілері бар отбасылар.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Отбасылық қауіп-қатер. Бұл қауіп-қатер типіне тән белгі барлық отбасына қатысты күдік, қорқыныш, қауіптену ретінде көрінетіндер болып табылады.
Отбасылық қауіп-қатер негізінде индивидтің отбасылық өмірдегі қандайда бір маңызды аспектісіне нашар білінетін қанағаттанбаушылығы жатады. Бұл жұбайының сезіміне, өзіне сенбеушілігі болуы мүмкін, мысалы: индивид отбасылық қатынаста көрінетін сезімін қысылып шығарады. Сондай-ақ бұл жағдайдың маңызды аспектілері әлсіздік, отбасыдағы оқиғаларға қатысуға, оларды дұрыс бағытқа салуға қабілетсіздігін сезіну болып табылады.
Отбасы нервтік психикалық күш қалыптасу барысында оның мүшелері бірнеше жолдарды басынан өткізуі мүмкін:
1. Индивид үшін үнемі психологиялық қысым, қиын немесе демалыссыз жағдайлар жасау. Бұған маскүнемнің әйелі мысал бола алады. Ол оны үнемі қорқытып, ақшасын алып қойып, қорғансыз ұстайды, әйелі оған қарсы тұра алмайды.
2. Отбасы мүшелеріне олар үшін анық, төтенше маңызды сезімдерін көрсетуіне, негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруына кедергі келтіру. ...
3. Индивидтің ішкі кикілжіңдерін қолдау немесе жағдай жасау.
Әдебиет [1,2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 10 Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің кәсібі және рухани адамгершілік қасиеттері.
Жоспар
Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің кәсіби бейнесі.
Әлеуметтік қызметкерлердің рухани- адамкершілік бейнесі.
Әлеуметтік қызметкерлердің іс-әрекетінің нормативтік –құқықтық базасы.
Әлеуметтік қызметкерлердің нормативтік базасы анықтайтын құқықтық құжаттардың 5 деңгейі: БҰҰ,МОТ,ЮНЕСКО және т.б..;
Конституция және кодекстер, заңдар, Қазақстан Республикасы Призидентінің бұйрықтары;
Өз аумағындағы заңдарды іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының құжаттары;
Қалалық және ауылдық мекемелердің құжатары;
Ұйымдар мен мекемелердің тікелей нұсқаулары мен бұйрықтары, шешімдері.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Әлеуметтік қызметкердің басты тұлғасы болып адамның ішкі, рухани құндылығы ретінде адамгершілік болып табылады. Оның моральдық және этикалық қажеттіліктерге сәйкес адамдарға жақсылық көрсету, ігілікті істерді істеу керек.
Медицина қызметкерлері белгілі сөйлемді жиі айтады: егер ауру адамға дәрігердің әңгімесінен кейін жақсы болмаса, онда ол дәрігер емес. Бұл жағдай әлеуметтік қызметкерге қатысты. Егер клиентке әлеуметтік қызметкердің әңгімесінен кейін жақсы болмаса, онда ол клиенттің сенімін ақтамайды, онда мұндай әлеуметтік қызметкерге әлеуметтік қорғау қызметінде орын жоқ.
Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік сезімі 3 қажетті компоненттерден тұрады: адамгершілік білімі, адамгершілікті сендіру және адамгершіліктік қажеттілік.
Адамгершілік білімі. Этика, мораль және адамгершілік туралы білім негізін, оның ішінде маманданған қызмет облысында әлеуметтік қызметкер оқыту процесі кезінде орташа мамандықта, жоғарғы білім мекемесінде және квалификацияны жоғарлатудың факультетінде және курстарда білім алады. Болашақ маман адамгершілік мәнін ұғынады, ол өоғам туралы мазмұны және функциясы жайлы мәлімет алады, өзіндік адамгершілік нормаларын қызметкерлермен салыстырады, өзінің адамгершілік позициясын түзетеді. Жоғарғы оқу орындарында курсты өтпеген әлеуметтік қызметкер өзінің интуациялық жақсы мен жаман түсінігін басшылыққа алады. Профессионалдық этика қажеттіліктеріне сәйкес оған өзіндік моральдық орналастыруға мүмкіндік береді; бірақ бұл күнделікті бола бермейді.
Моральдық норма білім моральдық әрекетті білдірмейді, сондықтан профессионалдық қызмет іс-тәжірибесіне қатысты өз беттілігін сақтайды - олар профессионалдық қызметте қолдануы және қолдануы мүмкін. Мұндай жағдайда біз тұлғамен бірге «екі мораль» атты іс бар, бұл профессионалдық моральда теориялық түрде адамгершілік сұрақтарына бағдар бере алады, бірақ оның қажеттіліктеріне соңынан еру міндетті емес.
Адамгершілікті сендіру – бұл профессионалдық моральдың әділеттілік қажеттілігіне әлеуметтік қызметкердің тәжірибеге және білімге сенімділік негізі. Адамгершілікті сендіру бұл маманның жеке дамудың жоғары сатысы болып табылады. Оған оның сезімі, олардың әлеуметтік практикадағы тексірісі, өмірлік және профессионалдық тәжірибесі жатады. Адамгершілік сендіру маманнан өзінің еңбегіне жауапкершілікпен қарай білуді, клиент пен қоғам үшін не істеді, не істеу керектігін қажет етеді. Адамгершілікті сендіру профессионалдық қызметке маманның теориялық және практикалық дайындығын анықтайды, яғни әлеуметтік жұмыс практикасында өзінің мінезі мен әрекетіне саналы түрде қарым-қатынасы болып табылады.
Әдебиет [1, 2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 11 Ана болу қазіргі қоғамдағы әйелдердің басты рөлі.
Жоспар
Қазіргі кездегі ана болудың ерекшеліктері, негізгі заң құжаттары;
Мектепке дейінгі және мектеп ұжымдарының сандық кемуі - ана болудың кері әсер етуші факторлары;
Некеге отыру санының кемуі, қоныс аударулар;
Ана болудағы құқықпен қамтамасыз етуді толықтыру;
Баласыздық. Әлеуметтік жетімдік мәселесі.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Отбасының құрылуы. Бірінші баланың өмірге келуіне дейін жас отбасылар міндеттер қатарын шешіп алады. Олардың ішіндегі ең маңызды мәселелер жұбайлардың жалпы отбасылық өмір жағдайына және бір-бірінің психологиялық ерекшеліктеріне бейімделуі болып табылады. Бұл кезеңде жұбайлардың өзара жыныстық бейімделуі жүзеге асырылады немесе аяқталады (егерде некесіз қатынаста болса). Отбасылық бұл даму кезеңінде негізгі күш бастапқы отбасылық бұйым, жабдықтар қолдануға жіберіледі, яғни пәтер-үй мәселесі мен ортақ мүлік арттыру мәселелерін шешіп алулары керек. Дәл осы отбасылық даму кезеңінде туыстары мен қатынастары құрылады.
Жас отбасыларының көпшілігі бірлескен жұбайлық өмірдің басында-ақ ажыраса бастайды. Бұндай некелердің бұзылуының негізгі себептері ерлі-зайыптылық өмірге дайынсыздық, тұрмыстық жағдайдың қанағаттандырылмауы, үйленгеннен кейін пәтер жайдың болмауы.
Еңбек әрекетін бастамаған балалы отбасы. Отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінен кейін өмірлік циклдің негізгі, орталық кезеңі, яғни құрамында ер жеткен балалары бар жетілген отбасының құрылуы. Отбасылық өмірде бұл едәуір шаруашылық-тұрмыстық белсенділік уақыты. Әйелдердің, ер жетпеген баласы бар аналардың үй шаруашылығымен айналысуға жұмыстан тыс көбірек уақытын бөліп отыруына тура келеді. Мұндай отбасыларының ер азаматтары үй еңбегіне орташа есеппен күніне 1,5-2 сағат бөледі.
Әдебиет [1, 2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 12 Отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық қөмек беру орталығы - әлеуметтік тәрбие институты.
Жоспар
Орталықтардың іс- әрекеттерінің құрылымы, мақсаты мен міндеттері, негізгі принциптері мен жұмыс бағыттары.
Отбасымен жұмыс жүргізу кезендері.
Қазіргі тандағы отбасы мәселелері, отбасы жағдайындағы төмендеуінің себептерін анықтау.
Орталықтардың түрлері: жазғы еңбек бригадалары, күндізгі емдік сауықтыру лагері.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
“Отбасы татулығы бағдарламасы” бағыттары 5 бөлімнен тұрады
1. Психологиялық диагностика.
Топты психологиялық зерттеу, жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлері (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік-психологиялық ерекшеліктерді және бала дамуына белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық саулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.
Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коорекциялық жұмысын “Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мектебі” тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес шараларының тиімділігін нақтылауда қажет.
2. Психологиялық коорекция.
Психологиялық коррекция психологиялық-педагогикалық кешен ретінде бір жағынан бала мен ата-ананың тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестерді жетілдіру ата-ана мен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.
Психологиялық коорекция және психотерапия әдістерін қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.
3. Психологиялық ағарту.
Тұлғалық қалыптасуға бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін психологиялық ағарту, психологиялық білім және дамыта оқыту жұмыстар жүргізіледі. Психологиялық сабақтарды: оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коорекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт аралығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.
Ата-анада психологиялық сауаттылықты дамыу, баланың жас және жекелік-психологиялық ерекшлеіктерін, психикалық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-анамен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде отбасы жағдайының сақталуын жауапкершілікті сезіну маңызды.
4. Психологоиялық кеңес беру – психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді, бағыттар ұсынады.
5. Психологиялық алдын-алу жұмыстары. Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:
- балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі т.б. тәуелсіздігіне) ықпал ету;
- баланың ең алдымен жас ерекшелігін, қалыптасушы тұлға типін және қасиеттерін есепке алу;
- ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында “қиындықты” түсінуі және білім мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;
- баланың жеке абс дамуында зияндық сипат: психлогиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді;
Алдын алу жұмыстарының түрлері:
Тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгреуі психикалық бұзылыстың алдын алуға негіз болады.
Стресс жағдайының пайда болуы, тұрақты және қолайлы хал-ахуал жасау мүмкіндіктерін төмендетеді;
“Отбасы татулығы қызметінің” мазмұны осы әдістемелік құралдың 4 тарауында тлық көрсетілген.
Әдебиет [1, 2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 13 Отбасылық қатынастардың мәселелері (отбасылық келіспеушілік және ажырасу).
Жоспар
Отбасындағы ажырасу алдындағы жағдайлар, себеп- салдарлары;
Жас отбасылардың қалыптасуындағы аға буынның ролі;
Жас отбасылардың репродуктивті қызметі;
Жас отбасындағы ерлі- зайыптылық қатынастардың мәдениетінің қалыптасуы.
Отбасындағы психологиялық ахуалында бос уақыттың алатын ролі.
Әлеуметтік қызметкерлердің іс - әрекетіндегі әлеуметтік – психологиялық аспект.
Қазіргі тандағы әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір бағыты – отбасы саясаты: өмірлік және еңбек жағдайын келістіретін факторлар; әлеуметтік жұмыстың принциптері.
Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің қарым- қатынасы; түсіністік, ашықтық, «тексеру» психологиялық тіректердің болуы.
Қазіргі кездегі отбасындағы келіспеушіліктердің себептерін анықтау.
Үйлесімді ерлі – зайыптылық қарам- қатынастарын тәсілдерін реттеу.
Ажырасу себептері. Келіспеушіліктердің оң және теріс жақтары. Ажырасудың зардаптары. Ажырасулардың алдын –алу. Отбасы қарым- қатынастарын тактикалық реттеуіштер. 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңы.
Ажырасу мен неке жайында зандағы бөлімдері.
Павлодар қаласындағы оқитын жастардың арасындағы ажырасу жағдайы.
Э.Фишер бойынша ажырасу кезендері.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Жастарды отбасылық өмірге даярлау жалпы мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік мәселе болып отыр. өскелең буынның семья басы болып тәрбиеленуі қалыптасына семьяны және оның маңындағы адамдардың ықпалы өте зор.
Отбасылық құқық. Отбасы-некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немеса балаларды тәрбиеге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасылық құқықтық қатынастар-құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.
Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері бланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.
Куәландыру жолдары:
- баланың анасы екендігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттр негізінде, ал бала медиицналық мекемден тыс жерде туған жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулірінің немесе өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі, ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.
Өзара некеде тұрмаған әке-шешеден туған баланың тегі әкесі мен щещесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады. Мұндай мойындау болмаған күнде, баланың әкесі, сот арқылы анықталады.
Әдебиет [1, 2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 14 Психоәлеуметтік кенес беру әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде.
Жоспар
Әлеуметтік көмек көрсету объектілері; «қенес берудің» анықтамасы;
Психоәлеуметтік кеңес берудің мақсаты мен міндеті;
Арнайы кеңес берудің негізгі стратегиялары.
Клиентке көмек берудің 9 сатысы.
Жас отбасымен жұмыс істеудің әдестері мен мазмұны:
Диагностикалық жұмыс; «диагноз» қою.
Өз міндеттерін дұрыс орындамайтын отбасыларын анықтау.
Білім беру мекемелері мен медициналық мекемелердің өзара әрекетін іске асыру, еңбекпен қамтылу мәселелеріне ықпал жасау.
Жағымсыз құбылыстарды ескерту мен аттап өтудің психологиялық, құқықтық, әлеуметтік – құқықтық механизмдерін іске асыру.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты қатысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналикатикалық бағыттағы терапевттер басқаларға қарағанда олар да директивті жақын. Осы терапевттік бағытта қоланылатын техникалар төмендегңдей: конфрантация, интерпретация және тәжірибені қайта өңдеу, коммуникативті қабілетті көтеруге техникалар, «еркін ассоциация» техникасы. Психоаналитиктердің сұрақтарды бос талдағанды тез тоқтатып, тыңдау мен бақылауға ықылас қояды.
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Отбасы – тәрбиенің негізі. Оның құндылығын “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” деген мақалда анық көрінген. Отбасы сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін айқындайды.
Адамгершілік принциптерінің идеялық мазмұнымен қаруланған отбасының негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Осының негізінде әрбір адамның, әрбір отбасы мүшесінің өмір және еңбек процесінде қарапайым, кішіпейіл, қайырымды және ұстамды болуы, бірін-бірі сыйлай білуі, балалар тәрбиесіне ерекше қамқорлық жасауы – адамгершілік принциптерінің негізі.
Әдебиет [1, 2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 15 Студент жастарды отбасылық өмірге дайындау.
Жоспар
Отбасының әлеуметтік мәнін, әрекетін түсіну.
Некелік – отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы.
Құндылық бағыттарды тәрбиелеу.
Отбасы құруға дайындық болуы.
Студенттерде некелік – отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы.
Некелік- отбасылық қатынастар саласындағы құндылық бағыттылық ойларды тәрбиелеу. «отбасы құруға дайындық» ұғымының анықтамасы.
Студенттік жастардың отбасын құруға дайындығының ғылыми негіздері.
Жоғарғы оқу орындарындағы біртұтас педагогикалық процестер негізінде студенттік жастардың некелік- отбасылық қатынастарын құруға дайындығын қалыптастырудағы әлеуметтік педагогтың жұмысының әдістері мен формалары.
Некеге дейінгі ара қатынасына қөніл бөлудің ерекшіліктері. Үйлесімділік психологиясы.
Некеге дейінгі көніл бөлудің ерекшеліктері мен сатылары.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Некеге тұру мотивтері жөнінде жүргізілген барлық әлеуметтік зерттеулер бірінші орынды сүйіспеншілік пен мүдде, көзқарас ортақтығы алатыныніс жүзінде көрсетіп отыр. Отбасы құру мәселесін шешуде материалдық мотивпен моральдық мотивтің айқын басым болуы қуантпай қоймайды. Ол біздің өмірмізде жаңа түрдегі отбасының қалыптасып, дамығандығын дәлелдейді. Алайда зерттеулер отбасылық өмірдің тек сүйіспеншілік, жеке бақытпен шектелмейтінін де көрсетіп берді. Оның мінездер қақтығысы мен тұрмыс қиындығынан бастап, бір кезде жас адамдарды біріктірген сүйіспеншілік сезімінің эволюциясынан туындайтын күрделілік тәрізді әр салалы қиындықсыз болуы мүмкін емес. Ресей социологы А.Г.Харчев: «... ерлі-зайыптылық тиісті дәрежедегі берік отбасы болуға жету үшін әдетте сүйіспеншілікпен байланыстырылып келген қасиеттермен ғана емес, сонымен қоса неке жауапкершілігінен туындайтын ауыртпалыққа төзе білу қабілетімен де қарулануы тиіс. Оның үстіне бұл қабілет ғасырлар бойы қалыптасқан жыныстардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің әрбір нақтылы ерлі-зайыптылар жұбында қандай дәрежеде жетілуімен анықталады», - деп дұрыс айтады.
Адам отбасышыл болып ең алдымен өз үйінде қалыптасады. Некеге тұрғысы келген кездегі оның некеге деген даярлығы әр дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ ең алдымен талапты өзіңе қою керектігін біліп және өзіңді жетілдіре түсудің шексіздігін түсініп, ортақ бақыт үшін, үйленгенге дейін де, кейін де ақыл-ойыңды жетілдіре беру бағытында жұмыс жасау қажет.
Әдебиет [1, 2]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
7.Тәжірибешілік сабақтар, олардың сағат көлемі
Тақырып 1 Отбасымен әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде.
Жоспар
Отбасы-әлеуметтік мәселе ретінде.
Отбасылық уақытты өткізу жолдары.
ҚР отбасылық демалыс ұйымдастыру перспективалары.
Тапсырмалар:
1 Әр сұрақ бойынша толық ақпарат дайындаңыз.
2. «Отбасы» деген ұғымға анықтама беріңіз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тапсырмаларды орындау кезінде ұсынылған ақпаратты мұқияттылықпен зерделеп, тек қана ең қажеттісін теріп жазу керек. Сөйлемдер мазмұны жағынан толық және мағыналы болғаны дұрыс. Тапсырмаларды толық орындап болғаннан кейін ұсынылған әдебиеттен қолданыста болған басқа қосымша әдебиеттің атауын, басылымын, авторын көрсетіп, пайдаланылған сайт атауы мен электронды адресін тапсырма соңында көрсеткен жөн.
Әдебиет [1, 2]
Тақырып 2 Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру.
Жоспар
Ата-аналарға арналған педагогикалық дәрістер.
Ата-аналармен өткізлетін шаралар түрлері.
Ата-аналармен өткізлетін шаралардың жоспарлауы.
Тапсырмалар:
Берілген сұрақтардың әр қайсысына қысқа нұсқа жауап жазу;
«Тәрбие барлығын жасай алады» сөздерді қалай түсінесіз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Ұсынылған әдебиет көзімен жұмыс істеу барысында түсінуге күрделілік туғызатын жерлерін толық меңгеру үшін анықтамалық сөздіктермен қолдануға болады.
Әдебиет [1, 6]
Тақырып 3 Әлеуметтік қызметкер және отбасы.
Жоспар
Әлеуметтік қызметкердің отбасымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.
Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жүргізілетін міндетті жұмыстары.
Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмысын жоспарлауы.
Тапсырмалар:
1. Бірінші сұрақ бойынша толық ақпарат жазып, қарым қатынас сипаттамасының толық болуын қадағалаңыз.
2. Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмыс жоспарын үлгі ретінде келтіру.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тапсырманы сапалы орындау үшін ең алдымен орыс тіліндегі мәтінді толығымен мағынасын түсініп алып барып қана аударма жұмысына кірісу керек.
Әдебиет [1,4.]
Тақырып 4 Қазіргі қезендегі отбасылардың қызметттері.
Жоспар
Қазіргі кезде педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік әдебиетте отбасы туралы жалпы теориялар.
Қазіргі кезде отбасы қызметтері
Тапсырмалар:
Кестені толтырыңыз:
Алғашқы үй болып қалыптасып, жас отбасының мәселелері
|
15-20 жыл бойы бірге өмір сүрген отбасы мәселелері мәселелер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Кестені толтыру үшін отбасы жағдайларын мұқияттылықпен зерделеп алған дұрыс.
Әдебиет [1, 2]
Тақырып 5 Жастардың некеге түспес бұрын бұл мәселеге қөніл бөлу ерекшеліктері және отбасының психологиялық үйлесімділігі.
Жоспар
1. Жастардың неге тұру себептері, статистика.
2. Жастардың арасында отбасына қатысты қалыптасқан стереотиптер.
Тапсырмалар:
Неке және отбасы туралы заңды зерттеңіз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тапсырманы орындау үшін Неке және отбасы туралы заңын өте зарделілікпен қарастырыңыз.
Әдебиет [1, 6]
Тақырып 6 Отбасы құрамы және саны, оның отбасындағы тәрбие потенциялына әсері.
Жоспар
Отбасына жалпы сипаттама.
Отбасының тәрбие потенциалы және оған түрлі факторлардың әсері
Отбасы микроклимат зерттеу жолдары.
Тапсырмалар:
Қазақстан еліндегі отбасы түрлерін қарастырыңыз, статистика мәліметтерін талдаңыз.
Отбасының ішкі мәдениеті мен орта мәселесінің мәнін ашыңыз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Бұл тақырыпты орындау үшін топ студенттері кіші топтарға бөлініп, тапсырмаларды ішінара бөлісіп орындауларына рұқсат етіледі.
Әдебиет [2,8]
Тақырып 7 Ата-аналардың беделі және олардың отбасындағы рөлі.
Жоспар
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлдері.
Ата-аналардың беделі, оны көтеру жолдары.
Тапсырмалар:
«Қазіргі кездегі идеалды отбасы» тақырыбына эссе жазу.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тапсырмаларды зерделілікпен орындау керек. Қысқаша жазылған жауап мазмұны жағынан кең, мағынасы жағынан айқын болуы тиіс.
Әдебиет [1, 2,3,4]
Тақырып 8 Отбасы мен баланы қорғаудың әлеуметтік институты.
Жоспар
ҚР отбасы мен баланы қорғау институттар.
Отбасы және баланы қорғаудың әлеуметтік маңызы.
ҚР отбасы мен баланы қорғауға бағытталған ресми құжаттар.
Тапсырмалар;
1 «Отбасының бос уақытын ұйымдастыру» жобасын жасау.
2 Әлеуметтік адаптация ұғымын талдаңыз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тақырып жоспары бойынша барлық сұрақтарға жауаптарды әрбір студент жеке дара істеуі тиіс.
Әдебиет [2,3]
Тақырып 9 Мемлекеттік отбасылық саясат.
Жоспар
ҚР отбасылық саясаттың сипаты.
Қазіргі кезде отбасы мәселелерді сипаттайтын маңызды құжаттарға талдау.
Тапсырмалар;
ҚР отбасылық саясаты бағдарламаларын талдап, жазбаша анализ жасаңыз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тапсырманы орындау үшін студент барлығын аса мұқияттылықпен зерделегені жөн болады.
Әдебиет [2,5,8]
Тақырып 10 Отбасына әлеуметтік көмек.
Жоспар
Отбасына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлеріне толық талдау.
Отбасын қорғауға арналған құжаттар.
Тапсырмалар:
Қазіргі таңдағы отбасы саясатының негізгі бағыттарын анықтаңыз, жазыңыз.
Отбасының құқықтарын қорғау заңдарын талдаңыз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тақырып жоспары бойынша барлық сұрақтарға жауаптарды әрбір студент жеке дара істеуі тиіс.
Әдебиет [8,9]
Тақырып 11 Әлеуметтік жұмыстағы отбасының құрылымы мен процестерінің зерттеу әдістері.
Жоспар
Отбасы мәселелерін зерттеу жолдары.
Отбасы құрылымын және отбасылық мәселелерді зерттейтін әлеуметтік әдістер мен технологиялар.
Тапсырмалар:
1 Кез келген мәселелі отбасы жағдайын мысалға алып, шешімін көрсетуге тырысыңыз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тапсырмаларды орындау кезінде ұсынылған ақпаратты мұқияттылықпен зерделеп, тек қана ең қажеттісін теріп жазу керек. Сөйлемдер мазмұны жағынан толық және мағыналы болғаны дұрыс. Тапсырмаларды толық орындап болғаннан кейін ұсынылған әдебиеттен қолданыста болған басқа қосымша әдебиеттің атауын, басылымын, авторын көрсетіп, пайдаланылған сайт атауы мен электронды адресін тапсырма соңында көрсеткен жөн.
Әдебиет [1, 2]
Тақырып 12 Қазақстандағы некеге дейінгі ана болу мәселелері.
Жоспар
ҚР некеге дейін ана болу мәселелеге жалпы әлеуметтік сипаттама, бұл жағдайдың пайда болу жолдарын анықтау.
Некеге дейін ана болу мәселелерін шешу жолдары.
Тапсырмалар:
1. Жасөспірімдердің ана болу мәселесін талдаңыз.
2. келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
- жасөспірімнің ғашықтығы жайлы не ойлайсыз?
- қиын балалардың тәртібі қай жағдайда түзеледі, немесе түзелмей ме?
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тапсырмаларды орындау кезінде ұсынылған ақпаратты мұқияттылықпен зерделеп, тек қана ең қажеттісін теріп жазу керек. Сөйлемдер мазмұны жағынан толық және мағыналы болғаны дұрыс. Тапсырмаларды толық орындап болғаннан кейін ұсынылған әдебиеттен қолданыста болған басқа қосымша әдебиеттің атауын, басылымын, авторын көрсетіп, пайдаланылған сайт атауы мен электронды адресін тапсырма соңында көрсеткен жөн.
Әдебиет [1, 2]
8. СӨЖ жұмыстарына тапсырмалар
Тақырып 1 Неке және отбасы институттарын танудың әдістемелік негіздері.
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары
1. Келесі сұрақтарды өндеу керек:
Отбасының түрлері және құрылымы
Адам қоғамы тарихындағы отбасы мен некенің ретроспективасын қарастыру;
Қазақстан Республикасының жастарды жұмыспен қамту бағдарламасын зерделеңіз.
Тақырып 2 Қазақ отбасыларындағы тәрбие ерекшеліктері.
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары
1. Келесі сұрақтарды өндеу керек
Қазақ отбасында бала тәрбиесіне деген тұжырымдамалар.
Қазақ халқының әдет ғұрыптары мен тәрбиелік мәні.
Қазіргі қазақ отбасылардың мәдениеті мен ерекшеліктері.
2. Қазақ отбасының қазіргі таңдағы тәрбиеге байланысты мәселелері.
3 тақырып: Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік педагог іс– әрекетінің рөлі.
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары
1. Келесі сұрақтарды өндеу керек
«Ата ана» түсінігі, қазіргі кездегі функциялары.
«Ата аналық мәдениет» деп нені түсінеміз.
Ата ананың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру ісі.
«Ата ана борышы» атты тақырыпқа эссе жазу.
4 тақырып: Отбасы мәселелері.
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары
1. Келесі сұрақтарды өндеу керек
Жетім және тастанды балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу.
Ажырасу себептері.
Некелік- отбасылық қатынастар саласындағы құндылық бағыттылық ойларды тәрбиелеу.
Қазырғы кездегі отбасындағы келіспеушіліктердің себептері.
Әлеуметтік жетімдік мәселесі.
5 тақырып: Жас отбасы.
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары
1. Келесі сұрақтарды өндеу керек
Жас отбасымен жұмыс істеудің әдестері мен мазмұны.
Студенттерде некелік – отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы.
Студенттік жастардың отбасын құруға дайындығының ғылыми негіздері.
9. Оқу бағдарламасындағы қиын сұрақтар. Қазақстан Республикасының неке және отбасы саясатын басқа елдердің неке мен отбасына қатысты саясатымен салыстыру. Салыстыру барысында жетістіктері мен кемшіліктердін, ұқсастықтары мен өзгешеліктерін көруге тырысу.
10. СОӨЖ кеңес беру кестесі
№
|
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сәрсенбі
|
сейсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
12.35
13.25
|
|
2.
|
Тәжірибелік сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
12.35
13.25
|
|
|
|
3.
|
СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
|
12.35
13.25
|
4.
|
Курстық жұмыс сұрақтары бойынша кеңес беру
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
5.
|
Тест сұрақтары бойынша кеңес беру
|
12.35
13.25
|
|
|
|
|
|
Бүкіл кеңес беру ағымдағы семестрдің СОӨЖ кестесі бойынша өткізіледі
11. Студенттердің тапсырмаларды істеу және тапсыру кестесі
Дәріске, тәжірибелік, зертханалық сабақтарына қатынасу 0-100 балмен бағаланады.
Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тақырыптар
|
Ұсыныл.
әдебиеттер
|
Орындау мерзімі
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Тапсырманы орындау
|
Тақырыптық жоспарға сәйкес
|
[4]
|
3 апта
|
Конспект
|
4 апта
|
2
|
Тапсырманы орындау
|
Тақырыптық жоспарға сәйкес
|
[4]
|
2 апта
|
Конспект
|
2 апта
|
3
|
Аралық бақылау
|
Тақырыптық жоспарға сәйкес
|
[4]
|
2 апта
|
жазбаша
|
8 апта
|
4
|
Тапсырманы орындау
|
Тақырыптық жоспарға сәйкес
|
[4]
|
1 апта
|
Конспект
|
9 апта
|
5
|
Тапсырманы орындау
|
Тақырыптық жоспарға сәйкес
|
[4]
|
1 апта
|
Конспект
|
11 апта
|
6
|
Тапсырманы орындау
|
Тақырыптық жоспарға сәйкес
|
[4]
|
1 апта
|
Конспект
|
12-13 апта
|
7
|
Тапсырманы орындау
|
Тақырыптық жоспарға сәйкес
|
[4]
|
1 апта
|
Конспект
|
14 апта
|
8
|
Тапсырманы орындау
|
Тақырыптық жоспарға сәйкес
|
[4]
|
1 апта
|
тест
|
15 апта
|
Достарыңызбен бөлісу: |