Пәндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Дәріс № 2. Машина сенімділігінің негізгі теориясы



жүктеу 12,96 Mb.
бет2/30
Дата19.11.2018
өлшемі12,96 Mb.
#21668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Дәріс № 2. Машина сенімділігінің негізгі теориясы.

Дәріс жоспары:

1. Машиналардың сенімділігі.

2. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері мен терминдері.


1. Машиналардың сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде машиналардың сенімді, берік болуына өте мән беріліп жүр. Себебі машиналар, агрегаттар, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді. Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан қазір машина бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда.

Машина мен олардың жұмыс істеу шартын анықтау үшін, алдымен МЕСТ 27002-83-те берілген ұғымдармен танысқан жөн. Көрсетілген стандартта берілген ұғымдарды 4 топқа бөліп қарастырған тиімді. Олар біріншіден есепке алушы зат, объект, екіншіден сол объектінің жағдайлары, үшіншіден олардың қасиеттері мен ерекшеліктері және соларды анықтайтын көрсеткіштер.


2. 1 топ. Объект зат.

Бұйымдар, заттар – оларға түрлі машиналар немесе олардың бөлшектері, приборлар, жабдықтар және т.б. заттар жатады.

Бұйымдар элементі – машина бөлшектері, бөлшектер және басқа зат бөлшектері.

Ремонттауға келетін бұйымдар істен шыққан жағдайда, қайтадан жұмыс істеу қалпына келтіруге болады. Бұған көптеген машиналар, автомобильдер, станоктар, крандар және т.б. жатады.

Ремонттауға келмейтін бұйымдар - машиналар жұмыс істеп тұрған кезде оларды жөндеп қалпына келтіруге болмайды. Мысалы, электролампа, домалау подшипниктері, сондай-ақ тісті берілістер, біліктер және т.б. Тісті берілістер, біліктер, подшипниктер ремонттауға келеді, бірақ ол үшін машинаны тоқтатып, айтылған бөлшектерді зауытқа не юшеберханаға жеткізу керек.

2 топ. Жағдайлар мен оқиғалар.

Жөнделген немесе қалыпқа келтірілген деп, бұйымдардың, заттардың техникалық құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкестігін айтады.

Жөнделмеген немесе қалыпқа келтірілмеген деп, техникалық құжатта көрсетілген бір немесе бірнеше шарт орындалмаған жағдайды айтады.

Жұмыс істеу қабілеттілігі деп, машина мен механизмнің техника көрсеткіштеріне сай жұмыс атқара алуын айтады. Мысалы, жеңіл автомобильдің бір жері майысып немесе бояуы көшіп кеткен болса, ол оның жұмыс істеу қабілетінен айырылғанын көрсетпейді, ол тек жөнделмеген, қалыпқа келтірілмегенін ғана көрсетеді.

Істен шығу, бұзылуы деп, жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайды түсінуіміз қажет.

3 топ. Қасиеттер мен ерекшеліктер.

Сенімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздеріне жүктелген міндетін, негізгі көрсеткіштерін сақтай отырып, белгілі бір мерзімде сақталу қасиетін айтамыз. Машина мен механизмдердің сенімділігі олардың тоқтап қалмай, ұзақ жұмыс атқарып өзінің көрсеткіштерін сақтап қалу ерекшеліктерімен анықталады.

Істен шықпау, бұзылмау деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің еріксіз бұзылмай жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.

Шыдамдылық, төзімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің керекті жөндеу жұмысын жүргізіп қажетті күтім жасап, уақтылы майлау арқасында тозығы жеткенше жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.

Жөндеуге ыңғайлылық – тозуды немесе тоқтап қалуды алдын-ала болжап, оларды кезінде түзеп отыруға ыңғайлылық қасиетімен анықталады.

Сақтауға ыңғайлылық деп бір жерден екінші жерге ауыстыруда және белгілі мезгілде сақтау кезінде бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздерінің техникалық құжатында көрсетілген көрсеткіштерін сақтап қалу қасиетін айтады.

4 топ. Сандық көрсеткіштер.

Жұмыс көрсеткіші немесе істелген жұмыс деп, машина мен механизмдердің, бұйымдардың пайдалану уақытын немесе бітірген жұмысын, жүрген жолын және т.б. көрсететін көрсеткішті айтамыз.

Бұзылуға дейінгі жұмыс деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің екі жөндеу (ремонт) аралығында орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.

Бірінші бұзылуға дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткіші деп, машина мен оның бөлшектерінің бірінші рет істен шығуына дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.

Ресурс – тозығы жеткенге дейінгі жұмыс көрсеткіші. Жөндеу аралығындағы ресурс деп, бірінші капиталды жөндеуге дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады. Мысалы, транспорт машинасының жүрген жолы, экскаватордың қазған топырақ мөлшері, машина бөлшектерінің жұмыс істеу мерзімі көрсетіледі.

ү - проценттік ресурс жасалынған бұйымдардың, машина мен оның бөлшектерінің белгілі бір проценті ( көбінесе 90 шартпен) көрсетілген ресурсты атқаруы қажет. Мысалы, домалау подшипниктердің катологта көрсетілген динамикалық жүк көтергіш көрсеткіші сол текті, сол өлшеммен шығарылған домалау подшипниктерінің 90 -ті көрсете алады деген сөз.

Берілген ресурс деп, машина мен оның бөлшектерінің қандай жағдайда болғанына қарамастан осы берілген ресурстан соң тоқтатылуын айтады.

Жұмыс істеу мерзімі деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің тозығы жетіп жұмысқа жарамсыз болғанға дейінгі уақытты айтады.

Жөндеуге кеткен орташа уақыт деп, жөндеу кезінде сынған жерді тауып, оларды қалыпқа келтіруге кеткен орташа уақытты айтады.

Дайындық коэффициенті деп, бұйымдардың, машина мен механизмдерінің планмен алынған техникалық күтім аралығында қандай да бір уақытты алсақ та олардың жұмыс істеуге дайын тұру ықтималдығын көрсетеді.

Істен шықпай, бұзылмай жұмыс істеу ықтималдығы деп, белгілі уақыт аралығында немесе берілген жұмыс көрсеткіштер аралығында тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы.

Бұзылу жиілігі деп, белгілі бір уақытта барлық істен шыққан бұйымдардың сол уақытта жұмыс істеп тұрған бұйымдардың барлық санына қатынасын айтады. Бұл термин тек жөндеуге келмейтін бұйымдар үшін қолданылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Машиналардың сенімділігі деген не? 2. Көрсетілген стандартта берілген ұғымдарды қандай топқа бөліп қарастырған тиімді? 3. Бұйымдар, заттарға не жатады? 4. Бұйымдар элементіне не жатады? 5. Ремонттауға келетін бұйымдарға не жатады? 6. Ремонттауға келмейтін бұйымдарға не жатады? 7. Жөнделген немесе қалыпқа келтірілген деп нені айтады? 8. Жөнделмеген немесе қалыпқа келтірілмеген деп қандай сәйкестігін айтады? 9. Істен шығу, бұзылуы деп нені айтады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

А.Е. Проников. Надежность машин,-М.: Машиностроение,1978.

Соколов В.И. Основы расчета и конструирования машин и аппаратов пищевых производств. - М.: Колос, 1992. – 399 с.

Харламов С.В. Практикум по расчету и конструированию машин и аппаратов пищевых производств. – Л.: Агропромиздат. Ленинградское отд-ние, 1991. – 256 с.

В.М. Соколов. Основы расчета и конструирования деталей и узлов пищевого оборудования. - М.: Машиностроение,1970. – 422 с.
Дәріс № 3. Берілістердің тозу ерекшеліктері.

Дәріс жоспары:

1. Тісті берілістердің тозуы.

2. Буынтықты берілістердің тозуы.

3. Шынжырлы берілістердің тозуы.
1. Эксплуатация процесі кезінде тісті дөңгелектерде келесідей кемшіліктер бар: жұмыстық профильдің тозуы, тістердің сынуы, немесе ступицаларда беттік жағының майысуы және тағы басқалар.

Тісті берілістің тозуын анықтау үшін оны бөлшектейді. Біліктен тісті дөңгелектерді шешу қажет емес. Бөлшектерді жуып, құрғақ болғанға дейін сүртеді. Тістердің тозу шамасын анықтау үшін: сыртқы бакылаудан және штангентісөлшегішпен өлшейді немесе штангенциркульмен тістің қалыңдығының азаюы бастапқы шеңберден 0,15 мм дейін қабылданады, ал жауапты берілістерге 0,55 мм модуль жатады.

Үгітілген және сынық тістерді эксплуатация берілісі рұқсат етілмейді.

А) штангентісөлшегішпен тістің өлшенуі;

Б) сваркілеу арқылы тістің қалпына келтіру;

В) мыс шаблондар бойынша балқыту арқылы тістерді қалпына келтіру;

Г) қондырғы арқылы тісті қалпына келтіру;

Д) шаблонды тісті профилмен бақылау.

Кішкентай модульмен тозған беріліс бөлшектерді қалпына келтірілмейді, оларды жаңа бөлшектермен алмастырады. Кейбір жағдайларда үлкен диаметрлі тісті дөңгелектерді қалпына келтіреді.

Қатты тозған, үгітілген және сынық тістерді, диаметрлері түзу тісті цилиндрлердің дөңгелектерін жөндейді, тіске төсем жабдықталады. Төсемді винтпен немесе пісіру арқылы жонады. Сонымен қатар жуан қабатты электродтарды пайдаланып, тістерді электродоғалы пісірумен шаблонға орналастырады. Пісіруден кейін дөңгелекті ыстық құмда суытады. Фрезерлерді немесе тісті кескіш станоктарда өңдейді, осыдан қалған тістерді қанмен немесе модульді шаблон арқылы тістің профилін бақылайды болатты тегершіктерді жоғары жілікті тозған цементпен нығайтып қатырады.

Жоғары модульді шойынды тегершіктердің тістерін ввертыш қондырғы арқылы жөнделеді. Сынған жерлердің дөңгелектерін кеседі, пайда болған бет жағындағы тістердің өстерінен бұрғымен шеңбер жасалынады, оның ішіне болатты шпилькаларды бұрайды, тістің биіктігімен кесімді де, металға балқытады. Жоғарыда атап өткен әдістер бойынша өңдеу жүргізіледі.

Тісті дөңгелектің эталонмен салыстырып егейді. Қалпына келтірген тістердің размерлерін штангентісөлшегішпен немесе штангентісөлшегішпен тексереді, тістердің қадамдарын және профилдерін шаблон арқылы бақыланады. Тісті берілісті үйкелеп өткеннен кейін 2.....3 сағатқа жүктемесіз, 2....3 сағат жүкпен тексереді. 50 индустриалды маймен майланады. Тісті берілістің эксплуатациясы қарапайым.

Сапалы және тісті дөңгелектерін өңдеу, бөлшектердің берілістерін дұрыс жинауын қамтамасыз ету. Сонымен қатар біліктердің өстері паралель болуы керек, ал өс аралықта тістердің қалыпты ұстауын жетілдіру керек. Тісті дөңгелектер тіс өстік шектерден жоғары болуы мүмкін, мысалы біліктердің клеткаларының тербелуі 0,03 т немесе болмауы керек.

Тісті дөңгелектердің дұрыс жалғануы жанасу нүктеден анықталынады. Жанасу нүктесі тісті дөңгелектердің айналуынан алады, тістің біреуін жұқа қабатпен бояу жағылады, жұмыс істегенде тіс екінші тісті дөңгелекке із қалдырады.

Қалыпты жалғану мынандай жағдайларда сипаттайды жанасу нүктесі тістің ортасында орналасады 50…...60% биіктікті алады, тістің аудандық беттік жағының еті 55……75% тістердің өлшеніп анықталынады, шестерня тістердің арысына қорғаныс пластиналар немесе алюминий фольгасын қояды, екі индикаторлы сағатты, типтің көмегімен жасалынады. Тісті берілістің дөңгелектерін жинағанда балға арқылы престейді орташа дөңгелектің өс аралық қашықтығы 320…..500 мм дейін, біліктердің өстерінің қашықтығы + 16 мин диаметрдің жартысына тең болу керек.

2. Буынтықты берілісте ең бірінші дөңгелектер тозады. Оны көбінесе ауыстырады. Үнемдеу жағдайда түсті металдан 2 құралған биметалды шестернялар жасалынады. Шестернялардың ступицалары шойыннан, ал венецтары қоладан жасайды. Биметалдардың шестерняларын венецтарын жөндегенде тістерді егейді, кертіктерді алады жаңа венецтарды компрестейді, тістерді кесіп тегістейді қалыпты жұмыста буынтықты берілістің жанасу нүктесі. Буынтықты дөңгелектің тісінде орналасады. Жөндеу зауыттарда тісті және буынтықты берілістердің бөлшектері арнайы стендтарда сыналады, жанғануының дұрыстығы және соғылуы бөлшектердің эталонмен салыстырады, мысалы ұршық эталонмен және инфотордың шестернясының эталонымен салыстырады.

3. Шынжырдың және шынжырлы берілістердің жұлдызшалардың тозуының кесірі себеп ол жұлдызшалардың паралель өстерінің бұзылуы, біліктердегі өстерінің шығуы шынжырлардың тозуы немесе жонуы, берілістің жұмыс істеуі жоғары температурада болуы мысалы: сопаның майдан және тағы басқа шынжырлардың беруінің әлсіреуі тістердің бұзылауынан төзуінен болады. Сонымен қатар шынжырлардың созылып кетуі, жұлдызшалардың ұшып кетуі, берілістердің қатты шуланып, жұмыс істеу нәтижесінде шынжырлардың үзілуі. Шынжырлардың тозуы қадамдардың үлкеюінен сипатталынады және бастапқы шынжырлардың қадамдардың шамасымен білдіреді. Шынжырлардың қадамдары 50 звеноларға тең, ұзындығы е-мен өлшенеді. Орташа қадамдардың температурасы мынандай формуламен анықталынады.

T=(e1-e)/e)*100%

е1, немесе е - 50 звеноларға тең шынжырлардың ұзындығы, мм.

Машина жөндеу технологиялық процестің сұлбасы механизмдерді және олардың түйіндерін машина жөндеу технологиялық процестің сұлбасы бойынша орындалады.



  • Тек процестің жөндеу схемасы машинаның сыртысын жуу.

  • Машиналарды группа, подгруппаға және бөлшектерге бөлінуі.

  • Бөлшектерді жуу.

  • Ведомстваларға дефектілерді құру, детальдарды бақылау және сорттау.

  • Жөндеуге арналған бөлшектер

  • Бөлшектерді жөндеу

  • Сапаны бақылау

  • Группа және подгруппаға бөлу

  • Группаларды бақылау және сынау

  • Группаларды бөлу

  • Машиналарды жасау

  • Машиналарды сынау және жүргізу

  • Бояу

Жөндеу цехына келіп түскен машиналардың сыртына ауа үрлеп, механикалық әдіспен тазалайды немесе оларды душ арқылы жуады. Тазалаудан кейін машиналарды майдан босатады да, бөлшектейді.

Бөлшектерді және бөлшектеуге келмейтін ұзындарды жуғыш ванналарда немесе машиналарда жуады, осыдан тозудың дәрежесін анықтайды. Эксплуатацияға келетін бөлшектерді бөлшектеуге жіберуі, ал жөндеуді талап ететін бөлшектерді арнайы жөндеу цехтарына әкетеді. Жарамсыз бөлшектерді ауыстырады. Ұзындарды жинағаннан кейін сынайды. Жиналған машинаны жүргізуден жай жүрісте және салмақты жүріспен тексереді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Эксплуатация процесі кезінде тісті дөңгелектерде қандай кемшіліктер бар? 2. Тісті берілістің тозуын анықтау әдістемесі қандай? 3. Тістердің тозу шамасын анықтау үшін қандай аспаптар қолданылады? 4. Қалыпты жалғану қандай жағдайларда сипаттайды? 5. Буынтықты берілісте ең бірінші қандай бөлшек тозады? 6. Шынжырдың және шынжырлы берілістердің жұлдызшалардың тозуының себептері қандай? 7. Машина жөндеу технологиялық процестің сұлбасы қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

А.Е. Проников. Надежность машин,-М.: Машиностроение,1978.

Соколов В.И. Основы расчета и конструирования машин и аппаратов пищевых производств. - М.: Колос, 1992. – 399 с.

Харламов С.В. Практикум по расчету и конструированию машин и аппаратов пищевых производств. – Л.: Агропромиздат. Ленинградское отд-ние, 1991. – 256 с.

В.М. Соколов. Основы расчета и конструирования деталей и узлов пищевого оборудования. - М.: Машиностроение,1970. – 422 с.
Дәріс № 4. Машина өнімділігінің негізгі теориясы.

Дәріс жоспары:

1. Машина өнімділігі.

2. Машина өнімділігіннің түрлері.


1. Машина өнімділігі, машинаның жұмысының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Машина өнімділігі деп - белгілі бір уақытта машинаның өндіретін (қайта өңдеу, шығару, өңдеу) өнімнің саны немес мөлшерін айтамыз. Ол т, кг немес м3 сағатына немес секунты арқылы өлшенеді және олар жұмыс (технологиялық) процесінің жүруін нақты сипаттайды, осының нәтижесіне қарап машинаның басқа пареметрлерін максималды түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Өнімділік үш түрге бөлінеді: нақты ПН, теориялық ПТ, және технологиялық П//.

1) Машинаның нақты (факторлық) өнімділігі ПН- өнімнің кондициялық нақты мөлшерімен анықталады, яғни өнімділіктің уақыт бірілігіндегі орташа мөлшерін береді (бұндай өнімділікке, ауысымдағы эксплуатацияда немесе басқа мезгілдердегі жағдайларда және әртүрлі түрдегі циклдік емес шығындар; машинаны реттеу, орнықтыру немесе құрылғаларды айырбастау, механизмдер мен тораптарды жөндеу, машинаны жинақтау және т.б. кіреді).

Егерде, τсм - ауысымның ұзақтығы; τМ - ауысым кезіндегі машинаның жұмыс істеу ұзақтығы; τп -кідіру ұзақтығы; п -жұмысшы циклдардың саныдарын белгілеп, жұмысшы циклдағы бір бұйымды берудегі машинаның нақты (факторлық) өнімділігі ПН анықтасақ:



, (4.1)

мұндағы τр - жұмыс циклдағыуақыт; τотн -кідіріс кезіндегі салыстырмалы уақыт.

2) Машинаның теориялық өнімділік ПТ- өнімнің санымен анақталатын, бірлік уақыт ішінде тоқтаусыз жұмыс істеуде машинаның өндіре алатын мүмкіндік өнімділігі.

Жұмыс циклінде бұйымды беруде машинаның теориялық өнімділігі мына формуламен табылады:



, (4.2)
Машинаның нақты өнімділігі, теориялық өнімділіктің функциясы болып табылады, сонымен қатар машинаның экспулатациялық және өндірісті ұйымдастыру жағдайларына байланысты.

Нақты өнімділік пен теориялық өнімділіктің айырмашылықтарын машинаның қолдану (теориялық өнімділік) коэффициенті деп аталады.


(4.3)

η/ машинаның жұмыс істеу кезіндегі уақытты жоғалтудың салыстырмалы мөлшерімен сипатталады және машинаның рационалды эксплуатациялық көрсеткіші болып табылады.


жүктеу 12,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау