Құрастырушы: аға оқытушы Уызбаева А.А.
Философия және мәдениеттану кафедрасы
Пәннің бағдарламасы (Syllabus)
5В020400 «Мәдениеттану» мамандығының қашықтан оқу нысанының студенттеріне арналған «Постмодерн және мәдениет»
Бағдарлама «___» _________2013 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «___»__________№____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________Ахметова Г.Ғ. 2013 ж. «____» ________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен
мақұлданды 2013 ж. «_____»____________№____ Хаттама
ОӘК төрағасы_______________Сулейменова Ш.Қ. 2013 ж. «_____»________
1 Оқу пәнінің куәлігі
Пәннің атауы: Постмодерн және мәдениет
Пән- міндетті компоненті бойынша
Оқу мерзіміндегі кредиттер саны
Барлығы- 3 кредит
Курс-4
Семестр-7
Барлық аудиториялық сағат- 45 сағат
Дәрістер – 30
Тәжірибиелік-семинарлық сағат – 15 сағат
СӨЖ – 90
соның ішінде СОӨЖ – 22,5
Барлығы 135
Бақылау түрі:
Емтихан – 7 семестр
Пререквизиттері
Бұл пәнді оқып білу үшін алдын ала келесі пәндердің өтүі қажет: модерн мәдениеті, философияның тарихы, мәдениет философиясы және теориясы, қазіргі заман мәдениеті.
Постреквизиттері
Постмодернизм эстетикасы, Мәдениеттану оқыту әдістемесі.
2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Уызбаева А.А., аға оқытушы (тәжірибелік сабақтары)
Философия және мәдениеттану кафедрасы А - корпусында,
Ломов көшесі 64, 529 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны 67-36-85 (ішкі 1153)
3 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Жоғарғы оқу орындарында философия пәндерi бойынша мамандар дайындау және оны практика жүзiнде пайдалану студенттердiң мәдениеттанымдық бiлiмiнсiз мүмкiн емес. Мәдениеттану - Қазақстан үшiн жаңа бiлiм саласы, “Постмодерн” және “постмодерн және мәдениет” терминдерi осыдан ширек ғасыр бұрын қазiргi заман философиясы мен ғылымында пайдаланыла бастады; осы уақытқа деiн “постмодернң түсiнiгi төңiрегiндегi, оның мәдениеттегi орны туралы айтыстар толастаған жоқ және қазiргi заманғы гуманитарлық бiлiмнiң маңызды да күрделi тақырыптарының бiрi. Сондықтан - “постмодерн және мәдениет” пәнi XX ғасыр мәдениетiң дамытушы,бүгiнгi күн ақиқаттарын ой елегiнен өткiзуде, түсiнуде жаңа көптеген көрiнiстерiнде байқалады.
Пәннің мақсаты – студенттерді постмодернизм мәдениеті туралы теоретикалық ұсыныстар мен таныстыру.
Пәннің міндеттері
- оқытылатын мәселелер төңiрегiнде түсiнiгi болуы керек;
- пән мен оның тапсырмаларын қалыптастырады;
- қоғамның мәдени - құлықты дамуын болжау үшiн пәннiң тарихи қалыптасуы мен негiзгi сатыларын бiлуi керек;
- тоқтаусыз бiлiмiн жеттiлдiруге, шығармашылық қызметке деген қабiлетiн, кызығушылығын дамытады;
- сұхбатқа бағытталған ғылыми және объективтiк ақиқат шеңберiнен шықпайтын жеке кiсiлiк бағдарын қалыптастырады.
4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:
«ризома», «симулакр», «деконструкция», «эпистема» т.б. ұғым-категориялық аппараттың постмодерн мәдениетінің ерекшелігі жөнінде түсініктері болуы.
мәдениетті проблематикаға деген біртұтас тіл табу, анализ және тарихтың" "айналманың жолының түсінушілігі адамзаттың мәдениетті дамуында білуі.
саралау және түсіндеу мәдениеттің постмодернизмнің тұжырымдамаларының икемді болуы;
-деректермен, ғылыми және оқу әдебиеттерен өз бетімен жұмыс істеудің;
- мәдени-тарихи үрдістерді модельдеуде алынған теориялық білімдерді қолданудың;
- қазіргі заманғы мәдениеттің құбылыстарына мәдениеттанулық ойдың жетістіктерін пайдаланудың практикалық машықтарын иемденуі қажет.
5 Пәннің тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттардың сабақ түрлеріне бөлу
№
| Тақырып аты |
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
СӨЖ
|
барлығы
|
соның ішінде СОӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
Кіріспе
|
3
|
1
|
9
|
2
|
| Постмодернизмнiң мәдени- философиялық алғы шарты |
3
|
1
|
9
|
2
|
|
Постмодернизмнiң дамуы
|
3
|
1
|
9
|
2
|
|
Постмодерн және философия
|
3
|
2
|
9
|
2
|
|
Постмодерн және ғылым
|
3
|
1
|
9
|
2
|
|
XX ғасыр соңындағы мәдениет жағдайы есебiндегi постмодерн
|
3
|
2
|
9
|
2
|
|
Постмодернизм мәдениетiнiң негiзгi белгiлерi мен ерекшелiктерi
|
3
|
2
|
9
|
2
|
|
Әдебиет. Көркем постмодерн
|
3
|
2
|
9
|
3
|
|
Өнердегi постмодернизм
|
3
|
2
|
9
|
3
|
|
Постмодерн мәселелерi
|
3
|
2
|
9
|
2,5
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
15
|
90
|
22,5
|
6. Дәріс сабақтардың мазмұны
Дәріс 1. Кіріспе
1. Постмодернизм бағғытың жалпы сипаттамасы.
2. Бағыттын шығуының экономилакалық және саяси-әлеуметтік алғышарттары.
3. Мәдениеттегi постмодерн мәселелерi
Адамзат тарихына XX ғасыр ең бiр әсерлi, көп сырлы, соңында “постмодерн” мәдениетi деп анықталып кiрдi. Экономика саласында “кибернетикалық” немесе “ақпараттық” деп аталатын индустриалдықтан постиндустриалдық коғамға өттi. Ақпарат, ғылым салаларында, автоматтандырылған өндiрiстерде жұмыскерлер үстемдiгi қалыптасқан және адамсыз, жалпылық өндiрiс дәуiрi дүниеге келдi. Жеке адам талғамдары жоғалып жалпыға арналған автомобилдер, жалпылық саңа, жалпылық мәдениеттер өз дамуларын тапты. Ақиқат құбылыстар: жеке компьютерлер, мәтiндi автоматты өңдеу, кабелдi және спутник теледидары, мобильдi телефондар т.б. Ақпарат ағындары және оны сақтаудың жаңа тәсiлдерiн iздеу, оқу мен тарату бiлiм беру жүйесiнiң алдына жаңа талаптар қояды. Мәдениеттегi постмодерн мәселелерi Ж.-Ф.Лиотар, Ж.Деррида, М.Фуко, Ф.Гваттари, Ж.Делез, У.Эко, Дж.Джойс, Ф.Кафка, Р.М.Рильке т.б. еңбектерiнде қарастырылады. Осы бағдарлама постмодерн мәдениетiнiң өзектi мәселерiн ой елегiнен өткiзуге бағытталған. Рухтың айрықша жағдайы ретiндегi постмодернизмге деген екi түрлi көзқарастың екеунiң де тең құқы бар; ақиқат осылардың ортасында жатыр. Пәндi оқудың негiзгi тәсiлдерi салыстыру, талдау, тарихи және қисынның бiрлiгi болады.
Дәріс 2. Постмодернизмнiң мәдени- философиялық алғы шарты
1. Модерн және постмодерн бағыттарының салыстырмағы
2. Постмодернизмнің мәнi. Постмодернің терминiнiң қазiргi мәдениет көрiнiсiнiң тенденциясы
3. Постмодерн философияда, ғылымда, өнерде, әдебиетте көрiнiс тапқан мәдениеттiң жаңа тарихи түрi
Постмодернизм туралы сұрақ. Модерн және постмодерн. Мәдениет құбылысы ретiндегi негiзгi белгiлерi бар модернизмнiң өзiндiк ерекшелiктерi: дағдарыстығы, теориялығы, әрқашан философиялық негiздерге сүйенуi, жаңа бейнелеу түрлерiн iздеуi, элитарлығы. Бодлер тұжырымдаған постмодерн мәдениетi мақсатына жетуде модерн қандай да бiр “жаңаны” бiлдiредi. Модерн негiздерi ортасынан рационализм принциптерiнiң (парасатқа табыну), урбандық (қалаға табыну), технологияларға (индустриялауға табынушылық), қарадүрсiндiк (дамымаған бейнелерге елiктеуге табыну), эротика, гуманизациядан бас тарту т.б. бөлектенуi.“Постмодернизмнің мәнi. Модернмен салыстыру. “Постмодернің терминiнiң қазiргi мәдениет көрiнiсiнiң тенденциясы ретiндегi әдеттен тыстығы (парадокстiк). Постмодерннiң негiзгi белгiлерi: парасаттық желiден ауытқу, барлық капиталистiк елдер дамуы үшiн бiр догмадан бас тарту, плюрализмдi, мәдениет әр түрлiлiгiн, табиғатпен бiрiгудi, қоршаған ортаны қорғау, планетарлық ой т.б. мойындау. Қалаға табынуды космоска (космизм) табынумен, индустриализм идеалдарын экология императивтерiмен ауыстыру. “Постмодерн” және “постмодернизм” терминдерiнiң қалыптасуы. Постмодерн философияда, ғылымда, өнерде, әдебиетте көрiнiс тапқан мәдениеттiң жаңа тарихи түрi. Оның негiздiк принциптерi – мәнерлi тәсiлдердi еркiн бiрiктiру, ой-пiкiр көзқарастарының көптүрлiлiгi және нақты гуманизм. Постмодерннiң дүниетанымдық негiздерi. Космостық, экологиялық, постгуманизм, жаңа жынысқұмарлық және басқа да принциптер – дүниетанымдық көзқарас есебiндегi постмодернизм түп қазығы. Әдебиет пен өнерде, сонымен қатар әлеуметтiк-экономиялық, әлеуметтiк-саяси және технологиялық орталардағы жаңалықтарды бейнелеу үшiн осы терминнiң қолданылуы. Постмодерннiң объективтiк алты шарттарының қалыптасуындағы үш фактордың бөлектенуi: мемлекеттiң басқару мүмкiндiктерiнiң таусылуы; адам және оның еркiндiгi тақырыбының естен шығарылуы, әлеуметтiк үдерiске жаңа әлеуметтiк топтардың (феминистiк, экологиялық қозғалыс, жыныстық бағыттан айрылғандар азшылық ұйымдары мен олардың өзiндiк мәселелерi) белсендi қосылуы. Ессiздiк, түрме, жыныстық мәселелердi бiрiншi болып күн тәртiбiне қойған М.Фуко. Постмодерн жаңа статусын 70-жылдар соңында Ж.-Ф.Лиотардың ашық ұстаған бағытынан алады. Ол постмодерн туралы айтыста философияны да қамтиды.
Дәріс 3. Постмодернизмнiң дамуы
1 Постмодерннiң жаңа бағдарламасы. Р.Панвицтiң 1914 жылы “Европа мәдениетiнiң дағдарысы” еңбегi.
2 Субъектiнi ұжымдық “Менге” алмастыру, мәтiн мен билiк арасындағы қарым-қатынасы.
3 Постмодернизмде наррация, мәтiндiк, экологиялық, феминистiк, логофонофаллолцентристiк, деконструкция, номадизм т.б. терминдердiң жеке зертелуi.
Постмодерннiң жаңа бағдарламасы мен оның анықтамасы. Р.Панвицтiң 1914 жылы “Европа мәдениетiнiң дағдарысы” еңбегiнде “постмодерн” терминiң бiрiншi қолдануы. Нақты тарихи ойды, модерн әдебиеттерiн ауыстыруға келе жатқан соңғы немесе постмодернизм әдебиеттерiн белгiлеу үшiн XX ғасырдың 20-30 ж.ж. мәдени айналымға “постмодернң терминiң еңуi. А.Тойнбидiң 40- жылдардың аяғында Жаңа дәуiрден соңғы уақытты батыс дiнi мен мәдениетiнiң соңы есебiнде осы терминмен белгiлеуi. “Постмодернң сөзiнiң пайда болуын Скрутонның нағыз осы уақыт тарихын жазуға талпыныс деп жорамалдауы. Батыстың дамыған елдерiнде соңғы 20-30 жылғы мәдени санадағы пайда болған бағғытардың жиынтығын белгiлеу есебiндегi постмодернизм анықтамасы. Постмодернизмнiң негiзгi түсiнiктерi. Постмодернизмнiң бағалаудан, иерархиядан, өткенмен салыстырудан, өмiрдi парасатты қайта құруға талаптанудан Қайта өрлеудiң, Ағартушылык және Жаңа уақыттың парасаттық жобаларынан бас тартуы. Мәдениеттегi кез келген билiктен, бәрiнен бұрын салт-дәстүр билiгiнен босануға ұмтылуы. “Қазiргi заманың немесе модерн ой-мақсатынан арылу, Ф.Бэконның Бiлiм-күшің ұраны. Ғылымда нақты көрсетiлгенңпарасатң белгiлерi негiзiнде әлемге әсер етудiң мүмкiн еместiгi.Болмыс, ақиқат түсiндiрмесiнiң мүмкiндiгi. Жаңашылдықты ығыстыру, наразылықты ауыстыруға конформизмнiң келуi. Субъектiнi ұжымдық “Менге” алмастыру, мәтiн мен билiк арасындағы қарым-қатынастың негiзгi мақсат болып аңықталуы. Постмодернизмде наррация, мәтiндiк, экологиялық, феминистiк, логофонофаллолцентристiк, деконструкция, номадизм т.б. терминдердiң жеке зертелуi.
Дәріс 4. Постмодерн және философия
1. Философиялық бағыттар және постмодерн
2. Философиялық постмодерннiң негiзгi түсiнiктерi
3. Ж.-Ф.Лиотар және Ж.Дерриданың көзқарастары
Постмодерннiң философиялық бiлiм аймағына таралуы. Ж.Батай, М.Бланшо, Р.Барт, М.Фуко, Ж.Делез, Ф.Гваттари және Ж.Деррида, Ж.-Ф.Лиотар көзқарастарындағы постмодернистiк шығармашылық элементтерi. Структурализм, марксизм, фрейдизм және ницшелiк дүниетанымдық мүмкiндiктердi сақтау мен игеру талпынысы нәтижесiнде философиялық постмодерннiң пайда болуы. Тиiмдi, батыл эклектиканы пайдалану, ежелгi (“кiшiң философия) ұмытылған дискурстардың жандануы, бәрiнен бұрын софистiк, философиялық бiлiмнiң әлеуметтенуi, оның психологиялануы мен шешенденуi. Философиялық постмодерннiң негiзгi түсiнiктерi: “әлем хаос есебiнде”, “әлем мәтiн есебiнде”, “сана мәтiн есебiнде”, ңинтермәтiндiк, авторлық бет перде (маска)”, қатынас сәтсiздiгi”, “пастиш, “метаәңгiме” және т.б. Постмодерн философтарының зейiнiн көптеген кiшi наррациялардан қалыптасатын үлкен наррацияны терiстеуге, мәтiндiк фактiге бұру. Постмодернист-деконструктивист жазалаушы мемлекет шекарасынан тыс жолдарда көшiп жүрген жиһанкез-көшпендi болуы керек. Ж.-Ф.Лиотар: постмодерн құрастырушы. “Балалар үшiн постмодерндi мазмұндауң (1986 ж.) еңбегiнде автор постмодерндi модернге жасырынған оның бөлiгi деп есептейдi. Лиотардың “Постмодерн жағдайың еңбегiнiң негiзгi желiсi –постмодерн дәуiрiндегi бiлiм статусының өзгерiсi. Лиотардың бiлiмнiң статусын анықтауы және оның шақыруларына жауап есебiндегi постмодерн мәселелерiн құрастыруы. Кез келген бiлiмдi тiл ойыны сапасында құрастыру. Лиотардың ғылыми және дәстүрлi бiлiмдердi салыстыруы мен сипаттамасы; заңды деп танылу мәселесiн құрастыру, жаңа бiлiмнiң дұрыстығын дәлелдеу. Лиотар босаңсуларға үндеудi қабыл алмайды, эксперименттердi тоқтау, жалпылық мәдениет шыңдалуларының нольдiк дәрежесi дамуының қарсыласы болады. Ж.Дерриданың постмодернистiк дискурсы. Онтологияны, теологияны, телеологияны, фонологияны, фаллологияны бүтiндей бiрнеше жұмыстарында жоюы. Басты қағидасы – деконструкция. Деконструкция адамды құртушы мемлекеттiк құрылымдар жағынан қудалану әсерiнен құтқарушы негiзгi тәсiл есебiнде. Деконструкция – бұл талдау және талдау емес, сын және сын емес, тәсiл және тәсiл емес, бүтiн және бүтiн емес, мәтiннiң талдануы-жинақталуы, мәтiннiң хаттық-оқылуы. Деконструкция көбеюшi белгiсiздiк белгiсiнiң астында – Деррида стилi осындай. Бұл мәтiндiк сыңарлармен сөздермен және сөйлемдермен жұмыс; оларды мүмкiн болатын орынбасар тiзбекткрiмен жазу; оларды шексiз толықтырулар; өздерiнде құпиялық пен ынтызарлық таңбасын алып жүретiн сөздер мен заттарды қандай да бiр iздерге айналдыру. Постмодернизмнiң философиялық мәнi. Конструктивтi және конструктивтi емес постмодернизм айырмашылығы. Философиялық постмодерн мен эстетикалық мәдениет постмодернi арасындағы пәнаралық шыңырау, үзiлген қарым-қатынасты айғақтау. Мәдениеттi постмодерн үлкен еркiндiгiмен ерекшеленедi; философиялық герменевтикаға, франкфурт мектебiнiң сыни теориясына, аналитикалық философияға бағыт ұстайды. Әдебиетке, сәулет, театр т.б. өнер түрлерiне философиялық постмодерн қызметiнiң әмбебап бағыттылығы. Философиялық постмодерндi көпұлтты философиялық, эпистемологиялық. ғылыми-теориялық және эмоционалды-эстетикалық түсiнiктер жинағы ретiнде аңықтау.
Дәріс 5. Постмодерн және ғылым
1. Постмодернизм эпистемология ғылымындағы
2. М.Фуко ғылым туралы
3. Постмодернистiк ғылым мен эстетика
Постмодернистiк жағдай және ғылым. Батыс эпистемологиясы ғылымындағы постмодернизм магистралды тақырыптардың бiрi есебiнде. Рационалдық түрдiң өзгерiстерi туралы қортындыға алып келген кванттық физика, термодинамика, информатика, ойын теориясы, апат теориясы жетiстiктерiн философиялық ой елегiнен өткiзу. М.Фуконың ғылым туралы дискурсивтiк практика философиясы. Фуконың дискурсивтiк практика-бiлiм-ғылым талдау желiсiнде ғылым тiзбек соңы. Дискурсивтiк практика мен бiлiм ғылымнан ауқымы, кең. Кез келген бiлiм ғылыми болмайды, тек белгiлi бiр позицияны тұрғызу заңдылықтарына бағынатыны ғана ғылыми бiлiм болады. Фуконың төрт бiлiм деңгейiн бөлектеуi: позитивтiк, эпистемологиялық, ғылыми және формалданған (“Бiлiм археологиясың). Фуко археологиясы назары ақиқат/жалған оппозициясында емес, дұрысында бiлiмге (ақиқатка) деген ерiкте. Дискурсивтiк формация, оқиғалар, мүмкiндiктер, кездейсоқтықтар, үзiк-үзiктiлiк, ойындары және ыдырату мен қоюландыру, тiл ойындарына баса назар аудару. Ж.-Ф.Лиотардың конструктивтiк постмодернизмi. Тұрақты жүйенiң қарсы моделi есебiндегi соңғы классикалық емес ғылымның сипаттамасы. Тiл ойындарындағы елестету, жаңа ойлар, пiкiр алшақтығы, дисконсенсус, жанталас, тiлдiк материя “бұлттардыныңң ашық, мөлдiр еместiгi, “үлкенң хикаялар айту, ондағы танылмағандарға ұмтылыс, “кiшiң жергiлiктi әнгiмелердiң басымдығы, ғылымдағы постмодерн жағдайының белгiлерi. Постмодернистiк ғылым мен эстетикаға тән ғылыми зерттеу бағдармаларының көп түрлiлiгi және суреткерлiк стилдердiң осы мақсатпен анықталуы. Лиотар қортындысы - ғылым, ғылымның соңғы жаңалықтарының табиғатымен толық сәйкестiк жағдайында болатын ғажап iс шара. Ж.Дерриданың деконструктивтiк модернизмi және ғылым. Деконструкция Дерриданың теория мен фактiлерге қарым-қатынасында сөздер мен заттардың әрен ажыратылың iздерi, жалғандықтан баска ешнәрсе қалмайтын ең қатал әдiсi. Ғылыми ой ойсыздыққа аударылады, ғылым жоғалады. Дискурсивтiк практикада сұлға көрiнiсi, паралогия бейнесiндегi немесе деконструктивизм “ұнтақтаушысындаң қиратылушы есебiндегi (В.Канке) постмодернистiк философиядағы ғылым табиғаты.
Дәріс 6. XX ғасыр соңындағы мәдениет жағдайы есебiндегi постмодерн
1. Постмодернде уакыт мәселелерi.
2. Жаңа әлем бағасының тәсiлi ретiнде.
3. Жаңашыл әлеуметтiк негiздер мен сұраныстары.
Тарихи болмыс ретiндегi батыс мәдениетiнiң конституциясы. Адамзатты тек қана Құдай еркiнен, парасат үстемдiгiнен, өзiндiк рефлекстерден, сонымен қатар уақыт үстемдiгiнен азат етушi үлкен жоба есебiндегi постмодерн. Постмодерн жағдайларының уакыт мәселелерiнен пайда болуы. Постмодерндегi уақыт байланыстарының ажырауы, үзiлуi. Өткенмен себептi байланыссыз, қазiргi (осы күнгiнiң) өмiр сүрудiң және “осындаң, “қазiрдің бар болудың күйзелiстер, қасыреттер нуктесiне айналуы. Осы шақ бұл сенуге болатын жалғыз ақиқаттық. Августиннiң жалпы қабылданған уақыттың үш түрiнiң өмiр сүрмейтiндiгi туралы қанатты сөзi, бiрақ олардың осы шақтық көзқараста; өткен осы шақ, нақты осы шақта, болашақ осы шақта өмiр сүруi. Постмодерндегi “жаңаң түсiнiгiнiң өзiндiк ерекшелiгi. Жаңа әлем бағасының тәсiлi ретiнде: ләзатты сезiну, көпшiлiктi таң қалдыру, немесе ұятқа қалдыру. Жаңаның дүниеге келуiндегi үдеу тенденциясы, кумирлер мен батырлардың ауысуы. Жаңашыл әлеуметтiк негiздер мен сұраныстар есебiнде. “Шекарасыз өмiр сүруің және “барлық ережелердi бұзуың, “қалай iстегiң келсе солай iстең, минез құлық пен өмiр жаңалықтарына шақырулар.
Дәріс 7 Постмодернизм мәдениетiнiң негiзгi белгiлерi мен ерекшелiктерi.
1. Постмодерн мәдениетiнiң өлшемдерi.
2. Постмодерннiң мәдени-дүниетанымдық бағдарламасының ерекшелiгi.
3. Постмодерннiң эстетикасы мен өнер.
Постмодерн мәдениетiнiң өлшемдерi. Постмодерн мәдениетiнде болмыстық, танымдық, тарихи-мәдени, эстетикалық өлшемдердiң бөлектенуi. Әлемдi өзгерту талпыныстарындағы сенiмсiздiктер (скепсис), әлемдi жүйелендiру талпынысынан бас тарту, жүйесiздiк постмодерннiң өзiндiк белгiсi есебiнде, классикалық емес, “ақыл онтологиясыныңң қалыптасуы. Дәстүрлi түсiнiктер оппозициясынан тыс (субъет-объект, бүтiн-бөлiк, iшкi-сыртқы, ақиқат-елестету) жорамалдар, тұрақты бүтiндерге байланысынан тыс (Шығыс-Батыс, капитализм –социализм, ер-әйел) ойлаудың пайда болуы. Классикалық философиялық сөздердiң жiктелу үлгiсiн классикалық емес философия жағынан эпистемологиялық сынау. Постмодерннiң мәдени-дүниетанымдық бағдарламасының өзiндiк ерекшелiгi, Ф.Кафка, Р.Музиль романдарының, П.Пикассо және В.В.Кандинскидiң көрiнiстерiнiң, И.Стравинскидiң әуенiнiң, Ш. Ле Корбюзье сәулет өнерiнiң, А.Тарковский, А.Хичкок фильмдерiнiң модернистiк дүниетанымдағы заттануы. Постмодерннiң эстетикасы мен өнер үшiн Деррида түжырымдаған контекст деконструкциясы идеясы сенiм символы болды. Мәтiн мен контекст, тiл мен метатiл арасындағы айырмашылықтың өшiрiлуi. Зерттеушi мақсаты қалайда металингвистiк кiлттердi Руссоның “қосымша” түрiндегi сөз-құралдарды, Малларменiң “ақтық”, “қатпарын” табу. Метафораның деконструкциясы мәселесi есебiндегi эстетика мақсаты. Бүкiл әлем метафоралы, автомобилдегiдей, онда сапар шегетiн және өмiр сүретiн адамдар метафора жолаушылары. Мәдениеттегi постмодернизм диалог пен ашықтыққа, рухани өмiрдiң көптүрлiлiгiне бағыт ұстаған феномен.
Дәріс 8 Әдебиет. Көркем постмодерн
1. ХХ ғасырында әдебиеттің дамуы және жалпы ерекшеліктері.
2. Поэзия мен прозада.
3. Постмодернизм әдебиетіндегі сюжет, тәсіл, бейнелері.
Әдебиеттiң басты ерекшелiктерi. XX ғасыр басына тән ерекше белгi есебiндегi Д.Голсуорси, Т.Манн, А.Франс шығармашылығындағы классиқалық дәстүрге адалдық. Поэзия мен прозадағы модернизм дамуы (П.Элюар, Л.Арагон, М.Пруст, Ф.Кафка, Дж.Джонс) және тоқтаусыз ой ағыны, адам сезiмi мен пiкiрi есебiндегi “сана ағымы” әдiстемелiк тәсiлдi пайдалану.
Дәріс 9 Өнердегi постмодернизм
1. ХХ ғасыр басындағы өнерінің негізгі сипаттамасы және ерекшеліктері.
2. Негізгі өнер бағыттары.
3. Постмодернизм эстетикасы.
Қазiргi заманғы өнер бағыттарының басты ерекшелiктерi. Бейнелеушi мүмкiндiктер, жаңа тiл мен бейнелеу пәнiнiн жаңа түрлерiн iздеу. Фовизм, экспрессионизм, кубизм, абстракционизм, супрематизм, футуризм бағыттарының дамуы. Өнер бастауы пайымсыздық (инстинкт, түс көру, галлюцинация) аймағы, тәсiлi еркiн ассоциациялар мен қисындық байланыстардың ажырауы деп жариялаушы сюрреализм өнердегi жетекшi бағыт есебiнде. С.Дали, П.Блум, И.Танги шығармаларында құбылыстар мен заттарды үйлестiрудiң әдеттен тыс қисынсыздығы, оларға нәзiк пәндiк сияқты болып көрiнетiн анықтық бередi. Л.Бретонның “Сюрреализм манифестiнң тұжырымдауы. Сюрреалистер ұраны – “сұлулық дегенiмiз – iс машинасы мен қол шатырдың анатомиялық стол үстiнде кездейсоқ кездесуiң (Лотреамон). Бейнелеу өнерi шығармасы көрермендерден егжей-тегжейлi тәптiштеп, зер салып зерттеудi керек ететiн шифрланған мәтiн есебiнде. Таңдамашылықтан, жалпы композиция нәзiктiгiнен, жалпыламалықтан алшақтау. Конструктивистiк сәулет өнерiндегi өнердiң пайдакүнем-конструкциялығы, қарапайымдыққа ұмтылыс. Өнер эталоны есебiндегi адам туралы идеалды түсiнiктен, гуманизмнен алшақтау. Эстетикалық белсендiлiктен, “шығармашылықтанң цитата алуға саналы түрдегi бетбұрыс, өзiндiк шығармадан – коллажға. Постмодернизмнiң жинақ сипаттамасы (И.Хассан). Постмодерн мәдениетiнiң қайшылықтығы, оның қызу рухын беретiн апокалипсистiк көнiл күйi, көнiлдi қирату пафосы, эпатаждық сипаттамасы мен мысқылы.
Дәріс 10 Постмодерн мәселелерi
1. Постмодернизм және постпостмодернизм.
2. Технобейнелер ақиқаты
3. Постмодерн мәдениетiнiң өрбу символы.
Постмодерн мен жалпылық мәдениеттердi салыстырудың маңыздылығы. Постмодерннiң авангарттың кейбiр принциптерiн мұраға алуы, жалпылық мәдениеттiң болмысына, сәнiне, күнделiктi тұрмысына қызығушылық қатынасы. 60-жылдар соңындағы жастар контрмәдениет құбылысы. Оның элитарлық және жалпылық өнер оппозицияларын, жоғарғы және жалпылық мәдениет “жоғарғы өнерң мен “кичң арасындағы анық айырмашылықты жоюы. Жалпылық мәдениеттi миғула, мылжың, көрiксiз, тұрпайы, классикалық мәдениетке қатынасында “басқашаң өзiндiк, соны есебiнде қабылдау. Постпостмодернизм. Технобейнелер ақиқат асқан шеберлiк, транссентименталдық 90-жылдар соңындағы көркем-эстетикалық феномен. XXI ғасыр басындағы постмодерн мәдениетiнiң өрбу символы ретiндегi Интернеттiң сеттiк табиғаты. Постмодернистiк өнер мен эстетикадағы нонклассикалық жаңа сатының пайда болуы; “жылтылдаушың эстетика идеялары (Д.Пригов, В.Ерофеев), “транс-ң және “прото-ң постмодерндiк дамыдың жаңа сатысы дәуiрiнiң өзiндiк ерекшелiгi (М.Эпштейн), хаостың iшкi қисыны, тәртiбi есебiндегi хаосмос (Ж.Делез, М.Липовецкий), “батырдың дәуірдiң соңы және бейбiт өмiрге көшу (В.Курицын).
7 Тәжірибе сабақтарының тізімі
Тақырып 1. Кіріспе
1. Модерн және постмодерн сипаттамасы.
2. Модерн негiздерi ортасынан рационализм принциптерi.
3. Модернизмнiң өзiндiк ерекшелiктерi
Тапсырмалары:
Постмодернизмнің мәнің ашу.
Модерн және постмодерн бағыттардың айырмашылығың көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Модерн негiздерi ортасынан рационализм принциптерiнiң (парасатқа табыну), урбандық (қалаға табыну), технологияларға (индустриялауға табынушылық), қарадүрсiндiк (дамымаған бейнелерге елiктеуге табыну), эротика, гуманизациядан бас тарту т.б. бөлектенуi. Бодлер тұжырымдаған постмодерн мәдениетi мақсатына жетуде модерн қандай да бiр “жаңаны” бiлдiредi. Постмодернизмнің мәнi : дағдарыстығы, теориялығы, әрқашан философиялық негiздерге сүйенуi, жаңа бейнелеу түрлерiн iздеуi, элитарлығы.
Әдебиеттер: [1], стр. 45-67, [4] стр.4-90
Тақырып 2. Постмодернизмнiң мәдени- философиялық алғы шарты
1. Постмодерн философияда, ғылымда, өнерде, әдебиетте.
2. Постмодерннiң объективтiк алты шарттарының қалыптасуындағы үш фактордың.
3. Постмодерн жаңа статусын 70-жылдар соңында.
Тапсырмалары:
1. Постмодерн әр түрлі салаларында көрiнiс тапқан мәдениеттiң жаңа тарихи түрi ретінде қарастыру.
2. Постмодерннiң дүниетанымдық негiздерiн анықтау.
3. Ж.-Ф.Лиотардың еңбектерінде постмодернизм көзқарастары
Әдістемелік нұсқаулар:
Үш фактор: мемлекеттiң басқару мүмкiндiктерiнiң таусылуы; адам және оның еркiндiгi тақырыбының естен шығарылуы, әлеуметтiк үдерiске жаңа әлеуметтiк топтардың (феминистiк, экологиялық қозғалыс, жыныстық бағыттан айрылғандар азшылық ұйымдары мен олардың өзiндiк мәселелерi) белсендi қосылуы. Космостық, экологиялық, постгуманизм, жаңа жынысқұмарлық және басқа да принциптер – дүниетанымдық көзқарас есебiндегi постмодернизм түп қазығы. Әдебиет пен өнерде, сонымен қатар әлеуметтiк-экономиялық, әлеуметтiк-саяси және технологиялық орталардағы жаңалықтарды бейнелеу үшiн осы терминнiң қолданылуы. Постмодерннiң объективтiк алты шарттарының қалыптасуындағы
Әдебиеттер: [14], стр. 5-77 [6] стр.5-66
Тақырып 3. Постмодернизмнiң дамуы
1. Постмодерннiң жаңа бағдарламасы мен оның анықтамасы.
2. Постмодернизмде негізгі терминдерi
3. Постмодернизмнiң негiзгi түсiнiктерi.
Тапсырмалары:
1. Р.Панвицтiң 1914 жылы “Европа мәдениетiнiң дағдарысы” еңбегiнде “постмодерн” терминiң қарастыру
2. Субъектiнi ұжымдық “Менге” алмастыру, мәтiн мен билiк арасындағы қарым-қатынастың негiзгi мақсат болып аңықталуы.
3. Постмодернизмде наррация, мәтiндiк, экологиялық, феминистiк, логофонофаллолцентристiк, деконструкция, номадизм т.б. терминдердiң жеке зертелуi.
Әдістемелік нұсқаулар:
Болмыс, ақиқат түсiндiрмесiнiң мүмкiндiгi. Жаңашылдықты ығыстыру, наразылықты ауыстыруға конформизмнiң келуi. А.Тойнбидiң 40- жылдардың аяғында Жаңа дәуiрден соңғы уақытты батыс дiнi мен мәдениетiнiң соңы есебiнде осы терминмен белгiлеуi. “Постмодернң сөзiнiң пайда болуын Скрутонның нағыз осы уақыт тарихын жазуға талпыныс деп жорамалдауы.
Әдебиеттер: [13], стр. 35-97 [15] стр.5-77
Тақырып 4. Постмодерн және философия
1. Постмодерннiң философиялық бiлiм аймағына таралуы.
2. Ж.-Ф.Лиотар: постмодерн құрастырушы ретінде.
3. Деррида шығармашылығындағы деконструкция түсінігі
Тапсырмалары:
1. Ж.Батай, М.Бланшо, Р.Барт, М.Фуко, Ж.Делез, Ф.Гваттари және Ж.Деррида, Ж.-Ф.Лиотар көзқарастарындағы постмодернистiк шығармашылық элементтерi зерттеу.
2. Структурализм, марксизм, фрейдизм және ницшелiк дүниетанымдық мүмкiндiктердi сақтау мен игеру талпынысы нәтижесiнде философиялық постмодернде қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Ж.-Ф.Лиотар: постмодерн құрастырушы. “Балалар үшiн постмодерндi мазмұндауң (1986 ж.) оқу. Деконструкция көбеюшi белгiсiздiк белгiсiнiң астында – Деррида стилi осындай. Постмодернизмнiң философиялық мәнi.
Әдебиеттер: [12], стр. 5-27 [4] стр.5-56
Тақырып 5. Постмодерн және ғылым
1. Постмодернистiк жағдай және ғылым.
2. Ж.-Ф.Лиотардың конструктивтiк постмодернизмi.
3. М.Фуконың ғылым туралы дискурсивтiк практика философиясы.
Тапсырмалары:
1. Батыс эпистемологиясы ғылымындағы постмодернизм қарастыру.
2. Ж.-Ф.Лиотар, М.Фуко, Ж.Дерриданың постмодернистік көзқарастары және ғылым.
Әдістемелік нұсқаулар:
Батыс эпистемологиясы ғылымындағы постмодернизм магистралды тақырыптардың бiрi есебiнде. М.Фуконың ғылым туралы дискурсивтiк практика философиясы. Ж.Дерриданың деконструктивтiк модернизмi және ғылым. Дискурсивтiк практикада сұлға көрiнiсi, паралогия бейнесiндегi немесе деконструктивизм “ұнтақтаушысындаң қиратылушы есебiндегi (В.Канке) постмодернистiк философиядағы ғылым табиғаты.
Әдебиеттер: [11], стр. 4-67 [3] стр.5-45
Тақырып 6. XX ғасыр соңындағы мәдениет жағдайы есебiндегi постмодерн
1. Постмодерн жағдайларының уакыт мәселелерiнен пайда болуы.
2. Жаңа әлем бағасының тәсiлi ретiнде.
3. Жаңаның дүниеге келуiндегi үдеу тенденциясы.
Тапсырмалары:
1. Жаңашыл әлеуметтiк негiздер мен сұраныстарын қарастыру.
2. Постмодерндегi “жаңаң түсiнiгiнiң ерекшелiгiн қөрсету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тарихи болмыс ретiндегi батыс мәдениетiнiң конституциясы. Постмодерн жағдайларының уакыт мәселелерiнен пайда болуы. Постмодерндегi “жаңаң түсiнiгiнiң өзiндiк ерекшелiгi. Жаңа әлем бағасының тәсiлi ретiнде: ләзатты сезiну, көпшiлiктi таң қалдыру, немесе ұятқа қалдыру. Жаңаның дүниеге келуiндегi үдеу тенденциясы, кумирлер мен батырлардың ауысуы.
Әдебиеттер: [9], стр. 25-112 [6] стр.23-85
Тақырып 7. Постмодернизм мәдениетiнiң негiзгi белгiлерi мен ерекшелiктерi
1. Постмодерн мәдениетiнiң өлшемдерi.
2. Дәстүрлi түсiнiктер оппозициясынан тыс (субъет-объект, бүтiн-бөлiк, iшкi-сыртқы, ақиқат-елестету) жорамалдар, тұрақты бүтiндерге байланысынан тыс (Шығыс-Батыс, капитализм –социализм, ер-әйел) ойлауы.
3. Мәтiн мен контекст, тiл мен метатiл арасындағы айырмашылықтың өшiрiлуi.
Тапсырмалары:
1. Классикалық философиялық сөздердiң жiктелу үлгiсiн классикалық емес философия жағынан эпистемологиялық сынау.
2. Зерттеушi мақсаты қалайда металингвистiк кiлттердi Руссоның “қосымша” түрiндегi сөз-құралдарды, Малларменiң “ақтық”, “қатпарын” табу
Әдістемелік нұсқаулар:
Постмодерннiң мәдени-дүниетанымдық бағдарламасының өзiндiк ерекшелiгi, Ф.Кафка, Р.Музиль романдарының, П.Пикассо және В.В.Кандинскидiң көрiнiстерiнiң, И.Стравинскидiң әуенiнiң, Ш. Ле Корбюзье сәулет өнерiнiң, А.Тарковский, А.Хичкок фильмдерiнiң модернистiк дүниетанымдағы заттануы. Постмодерннiң эстетикасы мен өнер үшiн Деррида түжырымдаған контекст деконструкциясы идеясы сенiм символы болды.
Әдебиеттер: [2], стр. 55-67 [4] стр.5-45
Тақырып 8. Әдебиет. Көркем постмодерн
1. XX ғасыр басында әдебиеттiң басты ерекшелiктерi.
2. Д.Голсуорси, Т.Манн, А.Франс еңбектерінде көзқарастары.
3. П.Элюар, Л.Арагон, М.Пруст, Ф.Кафка, Дж.Джонстың көзқарастары.
Тапсырмалары:
1. Д.Голсуорси, Т.Манн, А.Франс шығармашылығың талдау.
2. П.Элюар, Л.Арагон, М.Пруст, Ф.Кафка, Дж.Джонс шығармашылығың зерттеу.
Әдістемелік нұсқаулар:
Әдебиеттiң басты ерекшелiктерi. XX ғасыр басына тән ерекше белгi есебiндегi Д.Голсуорси, Т.Манн, А.Франс шығармашылығындағы классиқалық дәстүрге адалдық. Поэзия мен прозадағы модернизм дамуы (П.Элюар, Л.Арагон, М.Пруст, Ф.Кафка, Дж.Джонс) және тоқтаусыз ой ағыны, адам сезiмi мен пiкiрi есебiндегi “сана ағымы” әдiстемелiк тәсiлдi пайдалану.
Әдебиеттер: [10], стр. 45-67 [12] стр.5-19
Тақырып 9. Өнердегi постмодернизм
1. Қазiргi заманғы өнер бағыттарының басты ерекшелiктерi.
2. Фовизм, экспрессионизм, кубизм, бағыттарының дамуы.
3. ХХ ғасырдағы абстракционизм, супрематизм, футуризм бағыттарың ерекшеліктері.
4. Постмодернизмнiң жинақ сипаттамасы (И.Хассан).
Тапсырмалары:
1. С.Дали, П.Блум, И.Танги шығармаларың талдау.
2. Сюрреализмнің мәнің көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар:
С.Дали, П.Блум, И.Танги шығармаларында құбылыстар мен заттарды үйлестiрудiң әдеттен тыс қисынсыздығы, оларға нәзiк пәндiк сияқты болып көрiнетiн анықтық бередi. Л.Бретонның “Сюрреализм манифестiнң тұжырымдауы. Сюрреалистер ұраны – “сұлулық дегенiмiз – iс машинасы мен қол шатырдың анатомиялық стол үстiнде кездейсоқ кездесуiң (Лотреамон).
Әдебиеттер: [3] стр. 4-59 [5] стр. 4-299
Тақырып 10. Постмодерн мәселелерi
1. Постмодернистiк өнер мен эстетикадағы нонклассикалық жаңа сатысы.
2. «Жылтылдаушың» эстетика идеялары.
3. Постпостмодернизм.
Тапсырмалары:
1. Постмодерн мен жалпылық мәдениеттердi салыстыру.
2. Д.Пригов, В.Ерофеев, М.Эпштейн, В.Курицынның көзқарастарың талдап салыстыру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Постмодернистiк өнер мен эстетикадағы нонклассикалық жаңа сатының пайда болуы; “жылтылдаушың эстетика идеялары (Д.Пригов, В.Ерофеев), “транс-ң және “прото-ң постмодерндiк дамыдың жаңа сатысы дәуiрiнiң өзiндiк ерекшелiгi (М.Эпштейн), хаостың iшкi қисыны, тәртiбi есебiндегi хаосмос (Ж.Делез, М.Липовецкий), “батырдың дәуірдiң соңы және бейбiт өмiрге көшу (В.Курицын).
Әдебиеттер: [2], стр. 45-67 [9] стр.5-19
8. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі
Тақырып 1. Мәдениеттегi постмодернизм бастаулары.
1. Сұрақтарды талқылау:
1) Модернизмнің негізгі ерекшеліктері, даму кезеңдері, ауқыты, негізгі қарастыратын мәселелері.
2) Постмодернизм шығуың алғашарттары.
3) Постмодернизмның жалпы сипаттамасы, негізгі мәселелері, басты өкілдері.
4) Модернизм және постмодернизм бағыттарды салыстыру.
2. Ж.-Ф.Лиотар, Ж.Деррида, М.Фуко, Ф.Гваттари еңбектерiн оқып талдау.
3. Ж.Делез, У.Эко, Дж.Джойс, Ф.Кафка, Р.М.Рильке шығармашылығымен таныстыру.
Оқу бағдарламасында ең қиын сұрақтар:
постмодернизмның мәні мен мақсаты
2) Постмодернизм және модернизм бағыттарың арасында ерекшеліктерің бөлу
Тақырып 2. Постмодернизм және жалпылық мәдениет.
1. Сұрәақтарды талқылау:
1) Постмодерн мәдениетiнiң өлшемдерi.
2) Көркем өнерлiк постмәдениет.
3) Өнердегi постмәдениет.
2. С.Дали, П.Блум, И.Танги, Л.Бретонның шығармаларың талдау.
Оқу бағдарламасында ең қиын сұрақтар:
1) XX ғасырындағы көркем әдебиет және оның постмодернизмге әсер етуі.
2) Әдебиеттегi авангард.
Тақырып 3. Модернизмнен постмодернизмге.
1. Сұрақтарды талқылау:
1) Постмодерннiң жаңа бағдарламасы, оның ерекшелiктерi.
2) Постмодерн және философия.
3) Постмодерннiң мәдени-дүниетанымдық бағдарламасының ерекшелiктерi.
Оқу бағдарламасында ең қиын сұрақтар:
1) Постмодерн және ғылым.
2) Постпостмодернизм.
9. БМӨЖ кеңестер кестесі
Сұрақтар бойынша кеңестер ағымдағы семестрдің БМӨЖ графигі бойынша жүргізіледі.
10. Студенттердің білімінің тексеру кестесі
Тәжірибе және СӨЖ сабақтарына қатысуы әр жұма сайын бағаланады (0-100 балл).
Пән бойынша тапсырмаларды орындалуы және тапсыру графигі
№
|
Жұмыстың түрі
|
Тапсырманың тақырыбы мен мақсаты және құрылымы
|
Ұсынылған әдебиет
тер
|
Орында
лу мерзімі
|
Бақы
лау түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
1,2 тақырыпты тапсыру
|
1) Кіріспе; 2) Постмодернизмнiң мәдени- философиялық алғы шарты
|
|
2 жұма
|
конспект
|
1 жұма
|
2
|
3,4,5 тақырыпты тапсыру
|
3) Постмодернизмнiң дамуы; 4) Постмодерн және философия; 5) Постмодерн және ғылым
|
|
3 жұма
|
конспект
|
1 жұма
|
3
|
Межелік бақлау
|
1 – 5 тақырып боыйнша, аудару жұмысы
|
|
2 жұма
|
жазбаша
|
1 сабақ
|
4
|
6,7
|
6) XX ғасыр соңындағы мәдениет жағдайы есебiндегi постмодерн; 7) Постмодернизм мәдениетiнiң негiзгi белгiлерi мен ерекшелiктерi
|
|
2 жұма
|
конспект
|
1 жұма
|
5
|
8,9,10
|
1) Әдебиет. Көркем постмодерн; 2) Өнердегi постмодернизм; 10) Постмодерн мәселелерi.
|
|
3 жұма
|
конспект
|
1 жұма
|
6
|
Межелік бақлау
|
6– 10 тақырып боыйнша, аудару жұмысы
|
|
2 жұма
|
жазбаша
|
1 сабақ
|
11. Студенттердің білімін тексеру критерийлері
Пәннің игерілуі жыл өткен мәліметті құрайтын аралас түрде (тест+ауызша) өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу шарты ретінде бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы міндетті шарт ретінде қарастырылады.
Әрбір тапсырма 0-100 балл негізінде бағаланады.
Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы барлық тапсырмалардың орындалуының (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, МӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.с.с., өтпелі бақылау) орташа арифметикалық жиынынан анықталады.
Қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының (барлық зертханалық жұмыстардың, МӨЖ бойынша жұмыс пен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы) барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингі алған (50 баллдан кем емес) магистранттар жіберіледі.
Әрбір пән бойынша студенттердің білім жетістіктерінің деңгейі (оның ішінде МЕ қорытынды бақылау түрі бар пәндер бойынша да) қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Ол МБ мен ҚБ (емтихан, дифференциалды есеп немесе курстық жұмыс/жоба) бағаларынан олардың таразылық үлестерін (МБТҮ мен ҚБТҮ) ескере отырып есептелінеді.
Қ = МБ*0,6 + ҚБ*0,4
Таразылық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және де МБ үшін 0,6-дан артық емес, ал ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болуы тиіс.
Пән бойынша қорытынды баға тек егер де жіберілу рейтингі бойынша және де сонымен бірге қорытынды бақылауы бойынша жағымды бағаларға ие болған кезде ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына сәйкес келеді. Емтихан мен аралық аттестацияның қорытындысы студенттердің сол күні немесе егер де жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткізілген жағдайда екінші күні хабарландырылады.
Студенттердің межелік бақылау (рейтингі) мен қорытынды емтихандағы білімінің қорытынды бағасының дұрыс есептелуі мақсатында олар пайыздық мөлшерде 0-ден 100%-ға дейінгі аралықта бағаланады.
Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.
Студенттердің білімін бағалау.
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Хорошо
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
12. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі
Әрбір студент сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты таллқылауында белсенділік танытып, өз курстарыныңыздық қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сабақта өзін-өзі устаудың плагиақтығына шара қолданылыды, типті аудиториядан қуылғанға шейін. Мен сіздерден мына талаптардың орындалуын талап етемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу, университеттің ішкі ережесін бұзбау.
Сабақтың жібергендерге мен мынадай айыптық санкция белгілеймін; белгісіз себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатысқапағандардан 3 балл алынып тасталынады.
Үй тапсырмасын орындағандарға ең жоғарғы сандық әр жұмада 100 балл қойылады, сонымен қатар тәжірибелік сабақты болмағанға (белгісіз себептермен) – 0 балл, үй тапсырмасы орындалмай қолғандықтан – минус 80 балл. Әрбір сабаққа дайындық міндетті, берілген тапсырма толығымен оқылуға тиіс. Сіздің дайндығыңыз тәжірибе сабағы барысында сұрақ беру мен тест тапсырмаларын арқылы пәннің әрбір аяқталған тарауы барысында тексеріледі.
Дәрістік және тәжирибелік сабақ барысында белсенділік танытқан cтудент марапатына 10 балл қосылады. Белсенділікке жауап берген магистранттың айтарына қосымша тың материалдар ұсыну.
Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, сізге келесі сабақтың барысында қайта өтуіңізге мүмкіндік беріледі, басқаша жағдайда сіз «0» баллға не баласыз.
Семестр барысы 2 мәрелік бақылаудан тұраып тест түрінде өтеді. Тест бақылауы пәннің өтілген тараулары материадарынан беріледі.
13 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану. – А.: Раритет, 2012.
Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. А., 2010.
Ғабитов Т.Х. Мәдениеттануға кіріспе. А., 2011.
Құлсариева А.Т. ж.т.б. Мәдениеттанулық сөздік. А., 2010.
Нұржанов Б.Ғ. және т.б. Бейбіт мәдениеті жолында. А., 2000.
Қосымша:
Философия және мәдениеттану (Алтаев Ж., Ғабитов Т.Х. т.б.). А., 2009
Ильин И.П. Постструктурализм. Деконструктивизм. Постмодернизм. - М., 2010.
Ильин И.П. Постмодернизм от истоков до конца столетия: эволюция научного мифа. - М., 2011.
Ильин И.П. Постмодернизм. Словарь терминов. - М., 2011.
Канке В.А. История философии. Мыслители, концепции, открытия:Учебное пособие. - М., 2010.
Маньковская Н.Б. Эстетика постмодернизма. - СПб., 2011.
Батай Ж. Литература и зло.М., 2010.
Бодриар Ж. Система вещей. М., 2009
Делез Ж. Логика смысла. М., 2011.
Лиотар Ж.-Ф. Состояние постмодерна. - М., 2010.
Постмодерн в философии, науке, культуре: Хрестоматия. - Харьков, 2011.
Фуко М. Воля к истине: по ту сторону знания, власти и сексуальности. - М., 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |