Пән бағдарламасының (syllabus) титул парағы Форма ф со пгу 18. 4/19



жүктеу 434,5 Kb.
бет3/3
Дата08.02.2018
өлшемі434,5 Kb.
#9019
түріБағдарламасы
1   2   3

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


Аты-жөні - Егінбаева Айгүл Есенғалиқызы

Ғылыми дәрежесі, лауазымы - география магистрі, География және туризм кафедрасының аға-оқытушысы


География және туризм кафедрасы, ауд. № 313, 509 телефон: 8(7182) 67-36-85 (ішкі 12-77,11-85)


Е-mail: aeginbaeva@mail.ru
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты – студендерде Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің халық шаруашылығы географиясы мен ірі экономикалық аудандары, нарық реформасы кезеңіндегі елдердің экономикасының даму мәселелері, халықтың әлеуметтік құрылымы мен проблемалары туралы толық түсініктерін қалыптастыру.



Пәнді оқытудың міндеттері:

  • ТМД елдерінің экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктерін қарастыру;

  • ТМД-ң табиғат жағдайы мен байлықтарымен, халқымен, өнеркәсіп тораптарымен таныстыру;

  • Статистикалық мәліметтер және карталарымен жұмыс істеп, ТМД елдеріне баға беру.


4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

  • ТМД-ң халық шаруашылығының құрылымын және өндірісті ұйымдастырудың негізгі формаларын;

  • ТМД-ң табиғи және еңбек ресурстарының ерекшеліктері, олардың тиімді пайдалану жолдары;

  • Маңызды салааралық кешендер және олардың географиясы: шаруашылық жүйенің элементтерінің өзара байланысы (өндіріс – табиғат, өндіріс – халық, өндіріс – өндіріс);

  • ТМД-ң өнеркәсіптерінің салаларын және олардың ірі орталықтарын;

  • ТМД-ң ауыл шаруашылық салаларын;

  • ТМД-ң транспорттық магистральдар мен тораптар;

  • Негізгі отын-нергетикалық, металлургиялық, ауылшаруашылық базалары.


Студент істей білу керек:

  • Экономикалық карталарды, картограммаларды, диаграммаларды мен картосхемаларды оқи білу;

  • Статистикалық мәліметтерді талдау (кестелер, графиктер, диаграммалар) және олардың негізінде экономикалық-географиялық шешімдерді шығару;

  • Ауылшаруашылық және әлеуметтік мәселелерді шешуінде географиялық білімдердің ролін бағалау.

5. Пәннің тақырыптық жоспары




р/с

Тақырыптың атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ


Дәріс

Тәж.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе. ТМД құрылуы.

1

2

5

2,5

2

ТМД елдерінің экономикалық-географиялық сипаттамасы.

4

5

30

3

3

Ресей Федерациясы.

2

5

10

3

4

Беларусь.

1

4

10

3

5

Украина. Молдова.

2

4

10

3

6

Кавказ елдері.

2

4

10

3

7

Орта Азия елдері.

2

4

10

3

8

ТМД елдеріндегі геоэкономикалық жағдай.

1

2

5

2




БАРЛЫҒЫ:

15

30

90

22,5




Пән бойынша барлығы

135

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 Тақырып. Кіріспе. ТМД құрылуы.

Жоспар

  1. ТМД елдерінің экономикалық географиясы» пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  2. Халық шаруашылығының дамуында экономикалық-географиялық ғылымының ролі.

  3. Тәуелсіз мемелекеттер достығының пайда болу тарихы.

  4. ТМД-нің құрамы. ТМД елдерінің даму бағыттары.

«ТМД елдерінің экономикалық географиясы» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Пәннің географиялық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны. Оның физикалық географиямен және қоғамдық ғылымдармен байланысы. Халық шаруашылығының дамуында экономикалық-географиялық ғылымының ролі. Экономикалық географияның дамуы. Ірі кеңестік географтар: Н.Н.Баранский, В.П.Максаковский, Н.Н.Колосовский және т.б. Кеңес Социалистік республикалар одағының ыдырауы. Тәуелсіз мемелекеттер достығының пайда болу тарихы. ТМД-нің құрамы. ТМД елдерінің даму бағыттары.



Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

2 Тақырып. ТМД елдерінің экономикалық-географиялық сипаттамасы.

Жоспар:

  1. ТМД-ң табиғи жағдайлары мен табиғи ресурстары.

  2. ТМД халық шаруашылығының дамуының жалпы сипаттамасы.

  3. Тұрғындар мен шаруашылық географиялардың арасындағы байланыс.

  4. Машина жасау кешенінің таралу принциптері.

  5. Химиялық өнеркәсіптің ауыл шаруашылық маңызы және оның ауыл шаруашылықтың басқа салаларымен байланысы.

  6. АӨК-ң ауыл шаруашылықта маңызы.

  7. ТМД-ң ауыл шаруашылығында көлік кешенінің маңызы.

Табиғи жағдайлар және олардың ТМД-ң әр түрлі аудандарында шаруашылықтың дамуына ықпалы. ТМД-ң табиғи ресурстары. Табиғи ресурстарының түрлері және олардың халық шаруашылығының салаларында маңызы. Табиғи ресурстарының рационалді пайдаланудың негізгі жолдары.

ТМД халық шаруашылығының дамуының жалпы сипаттамасы. ТМД елдерінде өндіргіш күштерінің таралуының заңдылықтары, принциптері және факторлары.

Тұрғындар мен шаруашылық географиялардың арасындағы байланыс. Халқының таралуы мен тығыздығы және миграциясы. Қала және ауыл халқы. Қалалық агломерацилар.

Машина жасау кешенінің таралу принциптері. Өндірістің мамандығы. Машина жасау кешенінің қазіргі жағдайы.

Химиялық өнеркәсіптің ауыл шаруашылық маңызы және оның ауыл шаруашылықтың басқа салаларымен байланысы. Химиялық өнеркәсіптің салалық құрамы және оларың таралу принциптері. Орман, ағашөңдеу өнеркәсіптің ауыл шаруа-шылықта маңызы. Орман байлығы және оның экономикалық-географиялық бағалауы. ТМД-ң ағашөңдеу өнеркәсібінің дамуы.

АӨК-ң ауыл шаруашылықта маңызы. АӨК-ң құрамы. Шаруашылықтың интенсивті және экстенсивті дамуының жолдары. Топырақтық-климаттық, экономикалық факторлардың бағалауы. АӨК-ң ауыл шаруашылықтың басқа салаларымен өзара байланысы. ТМД-ң жер қоры және оның құрылымы. Өсімдік және мал шаруашылығы, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі.

ТМД-ң ауыл шаруашылығында көлік кешенінің маңызы. Көліктің түрлері. ТМД-ң әр түрлі көліктің жүк және жолаушылар айналымы. Көліктің мамандылығы. ТМД-ң көлік жүйенің тұтастығы.



Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
3 Тақырып. Ресей Федерациясы

Жоспар

  1. Ресей Федерациясына жалпы сипаттама.

  2. Экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері.

  3. Табиғи жағдайы мен ресурстарың экономикалық бағалауы.

  4. Мемлекеттің халқы, оның динамикасы мен құрылымы.

  5. Ауыл шаруашылығының міндеттері мен мамандығы.

  6. Көлік кешені.

  7. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Жалпы сипаттамасы. РФ-ны ТМД-ң басқа мемлекетерімен салыстыру: территориясы, халқы, табиғи жағдайы мен ресурстар бойынша. Экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері. Ауданның экономикалық-географиялық жағдайының талдауы. Табиғи жағдайы мен ресурстарың экономикалық бағалауы. Мемлекеттің халқы, оның динамикасы мен құрылымы. Таралуының сипаттамасы. Қала агломерациялар. Мәскеу және Мәскеу агломерациясы. Ауыл шаруашылығының міндеттері мен мамандығы. Көлік кешені. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


4 Тақырып. Беларусь

Жоспар

  1. Экономикалық-географиялық жағдайы.

  2. Республиканың ТМД-ң халық шаруашылығында ролі.

  3. Табиғи жағдайы, ресурстары, олардың экономикалық бағалауы.

  4. Табиғатты қорғаудың сұрақтары.

  5. Халқы, оның динамикасы мен құрылымы.

  6. Көлік жүйесі.

Экономикалық-географиялық жағдайы. Республиканың ТМД-ң халық шаруашылығында ролі. Табиғи жағдайы, ресурстары, олардың экономикалық бағалауы. Табиғатты қорғаудың сұрақтары. Халқы, оның динамикасы мен құрылымы. Ұлттық құрамы. Еңбек ресурстары. Қала мен ауыл халқы. Көлік жүйесі. Құбыр – республиканың жаңа көлігі.


Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

5 Тақырып. Украина. Молдова

Жоспар

1. Молдова мен Украинаның экономикалық-географиялық жағдайы. Молдованың ТМД-ң ауыл шаруашылығында, Украинаның ТМД-ң халық шаруашылығында маңызы.

2. Молдова мен Украинаның табиғи жағдайы, ресурстары, олардың экономикалық бағалауы.

3. Молдова республиканың құрылуы. Еңбек ресурстары.

4. Молдова республикасының агроөнеркәсіптік кешені. Көлік, сыртқы байланыстары.

5. Украинаның климаты. Табиғаттың байлығы мен әртүрлілігі.

6. Украинаның халқы. Оның саны, динамикасы, ұлттық құрамы.

7. Украинаның маңызды салаларының таралу ерекшеліктері: отын-энеретикалық кешені, металлургиялық мен машина жасау кешені, химиялық, мұнайхимиялық мен агроөнеркәсіптік кешендер.

8. Украинаның ауыл шаруашылығы. Көлік жүйесі.
Молдова.

Экономикалық-географиялық жағдайы және ТМД-ң ауыл шаруашылығында маңызы. Табиғи жағдайы, ресурстар, олардың экономикалық бағалауы. Молдова республиканың құрылуы. Еңбек ресурстары. Агроөнеркәсіптік кешені. Ауыл шаруашылығы және оның дамуының деңгейі. Көлік, сыртқы байланыстары.

Украина.

Экономикалық-географиялық жағдайы. Республиканың ТМД-ң халық шаруашылығында ролі. Украинаның табиғи ресурстар мен жағдайы, олардың экономикалық бағалауы. Климат. Табиғаттың байлығы мен әр түрлілігі. Халқы. Оның саны, динамикасы, ұлттық құрамы. Еңбек ресурстары. Қалалардың типтері. Қала агломерациялар. Украинаның маңызды салаларының таралу ерекшеліктері: отын-энеретикалық кешені, металлургиялық мен машина жасау кешені, химиялық, мұнайхимиялық мен агроөнеркәсіптік кешендер. Ауыл шаруашылығы. Көлік жүйесі. Көліктің әр түрлі түрлердің байланысы.


Әдебиеттер тізімі: (1,2,3,4.)
6 Тақырып. Кавказ елдері.

Жоспар

  1. Экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері.

  2. Аймақтың экономикалық дамуының деңгейі.

  3. Табиғи жағдайлар мен ресурстар, шаруашылық бағалауы.

  4. Каспий теңізі, оның мәселесі.

  5. Республикалардың агроөндірістік кешені.

  6. Аймақтың көлік жүйесі.

  7. Халқы, оның саны мен ұлттық құрамы.

Экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері. Аймақтың экономикалық дамуының деңгейі. Табиғи жағдайлар мен ресурстар, шаруашылық бағалауы. Каспий теңізі, оның мәселесі. Республикалардың агроөндірістік кешені. Аймақтың көлік жүйесі. Халқы, оның саны мен ұлттық құрамы.


Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)
7 Тақырып. Орта Азия елдері.

Жоспар

  1. Қырғызстан. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғи ресурстарының экономикалық бағалауы. Су, гидроэнергетикалық, минералды ресурстары.

  2. Халықтың ұлттық құрамы. Шаруашылықтың мамандығы.

  3. Өзбекстан. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғи жағдайының мен ресурстарының ерекшеліктері. Халқы, ұлттық құрамы.

  4. Республиканың агроөнеркәсіптік кешені. Электроэнергетиканың дамуының мәселелері, түсті металлургия, газ өнеркәсібі. Өзбекстанның ТМД-ң басқа елдерімен байланысы.

  5. Тәжікстан. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғаттың ерекшеліктерінің экономикалық бағалауы. Табиғи ресурстар: су, минералды. Көлік географиясы.

  6. Түрікменстан. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғи жағдайлардың мен ресурстарының экономикалық бағалауы.

  7. Каспийдің маңызы. Халықтың таралу ерекшеліктері. Мұнай-газ-химиялық мен аграрлық-индустриалді энергоөндірістің циклдердің қалыптасуы. Көлік: ішкі және сыртқы байланыстары.

Қырғызстан.

Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғи ресурстарының экономикалық бағалауы. Су, гидроэнергетикалық, минералды ресурстары. Халықтың ұлттық құрамы. Шаруашылықтың мамандығы.

Өзбекстан.

Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғи жағдайының мен ресурстарының ерекшеліктері. Халқы, ұлттық құрамы. Республиканың агроөнеркәсіптік кешені. Электроэнергетиканың дамуының мәселелері, түсті металлургия, газ өнеркәсібі. Өзбекстанның ТМД-ң басқа елдерімен байланысы.

Тәжікстан.

Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғаттың ерекшеліктерінің экономикалық бағалауы. Табиғи ресурстар: су, минералды. Көлік географиясы.

Түрікменстан.

Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғи жағдайлардың мен ресурстарының экономикалық бағалауы. Каспийдің маңызы. Халықтың таралу ерекшеліктері. Мұнай-газ-химиялық мен аграрлық-индустриалді энергоөндірістің циклдердің қалыптасуы. Көлік: ішкі және сыртқы байланыстары.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)
8 Тақырып. ТМД елдеріндегі геоэкономикалық жағдай.

Жоспар


  1. Аймақтық экономикалық байланыстардың экономикалық базасы.

  2. Достастықтың қаржы жүйесі.

  3. Әлемдік қызмет көрсету жүйесі және оның дүниежүзілік экономикасындағы өсіп келетін маңызы – банктік және сақтандыру қорлары, фрахт, дүниежүзілік туризм, сыртқы жұмыс күшінің пайдалануы, т.б.

  4. Қызмет көрсету географиясы.


Аймақтық экономикалық байланыстардың экономикалық базасы. Достастықтың қаржы жүйесі. Оны реттеу мәселелері. Ұлттық валюталардың капиталдық әлем нарығындағы алатын орны. Капиталдың негізгі экспортерлары. Мемлекеттердің қаржы қарызы. Әлемдік қызмет көрсету жүйесі және оның дүниежүзілік экономикасындағы өсіп келетін маңызы – банктік және сақтандыру қорлары, фрахт, дүниежүзілік туризм, сыртқы жұмыс күшінің пайдалануы, т.б. Қызмет көрсету географиясы.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, 30 сағат



1 Тақырып. Кіріспе. ТМД құрылуы (2 сағат).

КСРО-нің ыдырауы және дүниежүзілік саяси картасындағы өзгерістер. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – Евразия кеңістігіндегі өзара көмек және ынтымастық одағы. ТМД елдерінің экономикалық-әлеуметтік жағдайы мен шекаралық мәселелер. ТМД елдеріндегі экономикалық интеграция. Мемлекеттер арасындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстар.



Жоспар:

  1. КСРО-ның ыдырауы және дүниежүзілік саяси картасындағы өзгерістер.

  2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – Евразия кеңістігіндегі өзара көмек және ынтымастық одағы.

  3. ТМД елдерінің экономикалық-әлеуметтік жағдайы мен шекаралық мәселелер.

  4. ТМД елдеріндегі экономикалық интеграция.

  5. Мемлекеттер арасындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстар.

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.


Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
2 Тақырып. ТМД елдерінің экономикалық-географиялық сипаттамасы.

ТМД-ң өнеркәсіптің дамуы мен таралуының жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылығында өнеркәсіптің маңызды ролі. Өнеркәсіптің құрылысы. Табиғи ортаға өнеркәсіптің әсер етуі. ТМД елдерінің өнеркәсіп салаларының арасындағы өндірістік байланыстары.

ТМД-ң халық шаруашылығында энергетиканың ролі және олардың эконом-географиялық ерекшеліктері. Кешеннің салалық құрамы. Негізгі отын-энергетикалық базалардың және энергияны тұтыну аудандарының таралуы.

Материалді-техникалық базаның құрылуында электроэнергетиканың ролі. Электростанциялардың түрлері және олардың таралу принциптері.

ТМД-ң ауыл шаруашылығында қара мен түсті металлургияның маңызы. Металлургияның салалық құрамы және олардың таралу принциптері. Металлургиялық өндірістік аудандарында қоршаған ортаның мәселелері.

Жоспар:


  1. ТМД елдерінің дүние жүзіндегі орны (территория, халқы, табиғи ресурстарының қоры, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылуы).

  2. ЭГЖ ерекшеліктері, олардың экономика дамуындағы өзгерілуі және маңызы.

  3. ТМД-ның табиғатына тән белгілері, табиғи ресурстарының байлығы мен әртүрлілігі, оларды зерттеу мәселелері.

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. «ТМД елдерінің негізгі демографиялық көрсеткіштері» атты кестені қолдана отырып, халықтың табиғи өсуін санау.

  3. «Туу және өлу дәрежесін анықтау» кестесін қолдана отырып, ТМД елдеріндегі туу және өлу дәрежесін анықтау.

  4. «Нәрестелік өлім деңгейлерінің коэффициенттері (Б.Ц. Урланис бойынша)» атты кестенің шкаласын қолдана отырып, ТМД елдері бойынша нәрестелік өлім деңгейін бағалау.

  5. «ТМД елдері бойынша жұмыспен қамтылған халықтың экономика салалары бойынша бөлінуі» атты кестені қолдана отырып, корреляция коэффициентін (r) есептеп, нәтижелерін кестеге толтыру.

  6. ТМД халқының санын (2012ж.) КСРО халық санымен (1980-1987жж) салыстырып, ТМД мен КСРО-дағы урбандалу деңгейі туралы айту.



Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
3 Тақырып. Ресей Федерациясы.

РФ халық шаруашылық кешені, оның рөлі. Шаруашылықтың салалық және территориалды құрамы. Елдің халық шаруашылығында энергетиканың рөлі. Энергетикалық ресурстар, олардың таралу ерекшеліктері. Отын өнеркәсібінің географиясы. Материалды-техникалық базаның қлыптасуында электрэнергетиканың рөлі. Ауыр өнеркәсібінің салалық маңыздылығы. Түсті металлургия, салалық құрамы, өндірістің аудандары. Қара металлургияның географиясы. Машина жасау кешенінің негізгі салалары, олардың таралуы. Химиялық өнеркәсіптің ауыл шаруашылық маңызы және оның ауыл шаруашылықтың басқа салаларымен байланысы. Химиялық өнеркәсіптің салалық құрамы және олардың таралу принциптері. Орман, ағаш өңдеу өнеркәсібінің ауыл шаруашылығында маңызы. Орман байлығы және оның экономикалық-географиялық бағалауы. ТМД-ң ағаш өңдеу өнеркәсібінің дамуы. Өсімдік шаруашылығы. Мал шаруашылығы. Таралудың басты аудандары. Тамақ және жеңіл өнеркәсібінің таралу принциптері. Көліктің түрлері.



Жоспар:

ТМД елдерінің зерттелуі келесі жоспар бойынша қарастырылады:



  1. Мемлекеттің экономикалық-географиялық жағдайы мен қалыптасу тарихы, ерекшеліктері;

  2. Табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстарының шаруашылықтық бағалауы;

  3. Халық географиясының негізгі көрсеткіштері мен ерекшеліктері;

  4. Мемлекеттің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы мен шаруашылығының негізгі салаларының сипаттамасы;

  5. Экономикалық аудандары;

  6. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. «ТМД елдерінің отын ресурстары» атты кестені толтыру.

  3. «ТМД елдерінің металды және металды емес пайдалы қазбалары» атты кестелерін толтыру.



Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
4, 5, 6 Тақырыптар. Беларусь. Украина. Молдова.

ЭГЖ, территориясы. Табиғаттың ерекшелігі. Жер қойнауының байлығы мен кедейлігі. Халықтың жоғары тығыздылығы. Мемлекеттердің мамандылығы. ТӨК және өнеркәсіп байлаулар (узлы). Ірі қалалар. Ауыл шаруашылық және дамыған көлік торабы.



Жоспар:

ТМД елдерінің зерттелуі келесі жоспар бойынша қарастырылады:



  1. Мемлекеттің экономикалық-географиялық жағдайы мен қалыптасу тарихы, ерекшеліктері;

  2. Табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстарының шаруашылықтық бағалауы;

  3. Халық географиясының негізгі көрсеткіштері мен ерекшеліктері;

  4. Мемлекеттің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы мен шаруашылығының негізгі салаларының сипаттамасы;

  5. Экономикалық аудандары;

  6. Сыртқы экономикалық байланыстары.


Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. «Өнеркәсіптік өнімінің негізгі негізгі түрлерін өндіру» атты кестенің мәліметтерін пайдаланып, ТМД елдерін бағалаңыздар:

  • Мұнай өндіру, %;

  • Көмір өндіру, %;

  • Табиғи газ өндіру, %;

  • Электроэнергиясын өндіру, %;

  • Қара металдар прокатын өндіру, %;

  1. Халық саны туралы мәліметтерін пайдаланып, ТМД елдерін бағалау.

  2. «ТМД елдерінің негізгі өнеркәсіптік функциялары» атты кестені келесі белгілерді пайдаланып толтыру: А – автомобиль жасау; Р – түрлі машина жасау; Н – мұнай өндіруге арналған машина жасау; П - аспап жасау; С – кеме жасау; Э – энергетика өндіруге арналған машина жасау; М – металл өңдеу.

  3. «Қара металлургия шикізаты мен өнімін өндіру» атты кестені толтыру.

  4. «Негізгі металлургиялық базалардың зауыттары» атты ТМД елдеріне арналған кестені толтыру.

  5. «Ауыр түсті металлургия» атты ТМД елдеріне арналған салалар бойынша кестені толтыру.

  6. «Жеңіл түсті металлургия» атты салалар бойынша кестені толтыру.

  7. ТМД елдеріндегі орман өнеркәсібінң дамуына баға беру.



Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
6 тақырып. Кавказ елдері.

ЭГЖ ерекшеліктері. Аймақтың экономикалық дамуының деңгейі. Табиғи жағдайлар мен ресурстар, шаруашылық бағалауы. Каспий теңізі, оның мәселесі. Республикалардың агроөндірістік кешені. Аймақтың көлік жүйесі. Халқы, оның саны мен ұлттық құрамы.



Жоспар:

ТМД елдерінің зерттелуі келесі жоспар бойынша қарастырылады:



  1. Мемлекеттің экономикалық-географиялық жағдайы мен қалыптасу тарихы, ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттама жасау. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

  2. Табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстарының шаруашылықтық бағалауы;

  3. Халық географиясының негізгі көрсеткіштері мен ерекшеліктері;

  4. Мемлекеттің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы мен шаруашылығының негізгі салаларының сипаттамасы;

  5. Экономикалық аудандары;

  6. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Халық саны туралы мәліметтерді пайдаланып, ТМД елдерінің жер қорын бағалай отырып, кесте жасап талдау.

  3. Халық саны туралы мәліметтерді пайдаланып, ТМД елдері малының басын бағалай отырып, кесте жасап талдау.

  4. «Ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерін өндіру» атты кестенің және халық саны туралы мәліметтерді пайдаланып, ТМД елдеріне талдау жасау.



Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта

7 тақырып. Орта Азия елдері.

Қырғызстан. ЭГЖ. Табиғи ресурстарын экономикалық бағалау. Су, гидроэнергетикалық, минералды ресурстар. Халықтың ұлттық құрамы. Шаруашылықтың мамандығы.

Өзбекстан. ЭГЖ. Табиғи жағдайы мен ресурстарының ерекшеліктері. Халқы, ұлттық құрамы. Республиканың агроөнеркәсіптік кешені. Электроэнергетика дамуының мәселелері, түсті металлургия, газ өнеркәсібі. Өзбекстанның ТМД-ның басқа елдерімен байланысы.

Тәжікстан. ЭГЖ. Табиғат ерекшеліктерінің экономикалық бағалануы. Табиғи ресурстар: су, минералды. Көлік географиясы.

Түрікменстан. ЭГЖ. Табиғи жағдайлар мен ресурстардың экономикалық бағалануы. Каспийдің маңызы. Халықтың таралу ерекшеліктері. Мұнай-газ-химиялық пен аграрлық-индустриалды энергоөндірістік циклдердің қалыптасуы. Көлік: ішкі және сыртқы байланыстары.

Жоспар:

ТМД елдерінің зерттелуі келесі жоспар бойынша қарастырылады:


  1. Мемлекеттің экономикалық-географиялық жағдайы мен қалыптасу тарихы, ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттама жасау. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

  2. Табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстарының шаруашылықтық бағалауы;

  3. Халық географиясының негізгі көрсеткіштері мен ерекшеліктері;

  4. Мемлекеттің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы мен шаруашылығының негізгі салаларының сипаттамасы;

  5. Экономикалық аудандары;

  6. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. ТМД көлік кешеніне талжау жасау.



Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта

8 тақырып. ТМД елдеріндегі геоэкономикалық жағдай.

Сыртқы сауда экономикалық байланыстардың аса дамыған түрі ретінде. Экспорт және импорт құрылымы мен көлемі. Сыртқы сауда-саттық көрсеткіштерін мемлекеттік реттеу жүйесі. ТМД елдеріндегі саяси және әлеуметік-экономикалық байланыстарының даму мәселелері. Әр түрлі мемелкетттер арасындағы тауар ағындары құрылымының өзгеруі. Шаруашылық байланыстардың түрлері: сыртқы сауда, капитал, технологиялар трансфері, валюта-қаржы әрекеттесуі, жұмыс күшінің миграциясы, аймақтық экономикалық мәселелері.



Жоспар:

  1. Сыртқы сауда экономикалық байланыстардың аса дамыған түрі ретінде.

  2. ТМД елдеріндегі саяси және әлеуметік-экономикалық байланыстарының даму мәселелері.

  3. Әр түрлі мемелкетттер арасындағы тауар ағындары құрылымының өзгеруі.

  4. Шаруашылық байланыстардың түрлері.

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.


Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
8. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар
1 тақырып. Кіріспе. ТМД құрылуы.

  1. Тәуелсіз мемлекеттер достастығын басқа аймақтық ұйымдармен салыстыру: Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Евразиялық экономикалық қоғамдастығы және т.б.

2 тақырып. ТМД елдерінің экономикалық-географиялық сипаттамасы.

  1. ТМД және басқа мемлекеттердің ЭГЖ салыстыру.

  2. Шаруашылық салалардың таралу және дамуына табиғи жағдайлардың және ресурстардың әсері.

  3. «ТМД елдерінің халқы» атты кесте толтыру.

  4. Логикалық тірек конспектісін құрастыру.

3 тақырып. Ресей Федерациясы.

  1. Көмір, мұнай мен газдың басты кен орындары.

  2. Металлургияның және машина жасау кешенінің маңызы.

  3. Химиялық және орман өнеркәсібінің аса ірі өндіріс орындары.

  4. Құрылыс материалдар өнеркәсібінің дамуы.

  5. Ауылшаруашылық салалардың даму болашағы.

  6. Экономикалық аудандастыру: Орталық-Қаражер, Еділ-Вятка аудандар. Орталық ауданы. Солтүстік-батыс және Солтүстік аудан. Еділ бойы ауданы. Солтүстік Кавказ ауданы. Орал ауданы. Батыс-Сібір ауданы. Шығыс-Сібір ауданы. Қиыр Шығыс ауданы.

4 тақырып. Беларусь.

  1. Беларусь республикасының даму ерекшеліктері.

  2. Аса ірі машина жасау өндіріс орындары.

  3. Кедендік Одақ: Ресей, Қазақстан және Беларусь.

5 тақырып. Украина. Молдова.

  1. Экономикалық аудандастыру: Дон, Днепр бойы, Солтүстік-шығыс, Орталық, Солтүстік-батыс, Подол, Қара теңіз бойы, Карпат, Астаналық аудандар.

  2. Донецк металлургиялық базасы.

  3. Жүзім шаруашылығы.

6 тақырып. Кавказ елдері.

  1. Гидроэлектр энергиясы және суару көзі ретіндегі өзен. Суармалы егін шаруашылығы.

  2. Сейсмикалық қауіптілік.

  3. Ауданның шаруашылығын ТМД-ң басқа аймақтарымен салыстыру.

  4. Кавказ елдеріннің табиғи-рекреациялық және мәдени-рекреациялық ресурстары мен туризм индустриясының дамуы.

trhtfw
7 тақырып. Орта Азия елдері.

  1. Мақта өнеркәсібі, бақша және егіншіліктің т.б. салалары.

  2. Аймақтың тігін өнеркәсібі.

  3. Шөл климаты.

  4. Орта Азияның табиғи жағдайларының және ресурстарының қиыншылығы.

  5. Орта Азия елдеріндегі экологиялық-географиялық және экономикалық-географиялық мәселелер және оларды шешу жолдары.

8 тақырып. ТМД елдеріндегі геоэкономикалық жағдай.

  1. «ТМД елдерінің экономикалық даму болашағы» атты дөнгелек стол ұйымдастыру.


9. СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













12.35

13.25





2.

Семинар сабақтары бойынша кеңес







12.35

13.25











3.

СӨЖ бойынша кеңес
















12.35

13.25


4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес

12.35

13.25


















11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі
Дәріс және тәжірибелік (семинар) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады.

Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

ТМД елдерінің халқы




2 жұма



2-ші жұма

2

Тақырыптық карталармен жұмыс

Карталар

Тақырыптық карталар

Семестр бойы

Ауызша сұрау

семестр бойы

3

Аралық бақылау

Жоспар бойынша алғашқы 4 тақырып







коллоквиум

8-ші жұма

4

Реферат

Кедендік Одақ: Ресей, Қазақстан және Беларусь




2 жұма




9-шы жұма

5

Реферат

ТМД елдерінің экономикалық даму болашағы




2 жұма




14-ші жұма

6

Аралық бақылау

Жоспар бойынша 5-8 тақырыптар







коллоквиум

15-ші жұма

Ескерту:

1. Реферат СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс.

12. Студенттердің білімін бағалау критериилері


Пәнді оқыту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.



13. Курстың саясаты
Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе ортасында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де, сабақта жоқ деп есептеледі.

Сабақтардағы кез-келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:

- Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;

- Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.

Талаптар мен айыпты санкциялар:


  1. Оқу процесіне белсенді қатысу.

  2. Сабаққа кешікпеу.

  3. Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.

  4. Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.

  5. Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау.

  6. Босатылған дәрісті өздігінен игеріп, тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.

7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.

Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.



Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:

1. Дәріс сабақтарына қатысу.

2. Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық тәжірибелік жұмыстар мен СӨЖ орындау мен қорғау.

3. Білімдердің шекті бақылауы.

4. Емтихан (сынақ) бағасы.

Білімді бағалау баллдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті баллдар санын жинау үшін студент барлық дәріс, тәжірибелік сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.

Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.

Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.



Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:

Орынды себеппен тәжірибелік жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 1 баллға төмендетіліп бағаланады.

Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді).

Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген жауап төмендегідей бағаланады:

-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;

-75 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;

-75 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;

-85 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;

-50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;

-0 балл – жауабы болмаған жағдайда.



14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. Вавилова Е.В. Экономическая география и регионалистика: Учебное пособие. М.: Гардарика, 2002.

  2. Гладкий Ю.Н., Добросюк В.А., Семенов С.П. Экономическая география России: Учебник. М.: Гардарика, 1999.

  3. Копылов В.А. География промышленности России и стран СНГ: Учебное пособие. М.: Финансы и статистика, 2002.

  4. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С. Б. География мирового хозяйства. Учебное пособие для студентов. - М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999.

  5. Любимов И.М.. Общая политическая, экономическая и социальная география. / Под ред. Л.П. Куракова. М: Гелиос АРВ, 2001. 336 С.

  6. Родионова И.А. Экономическая география и региональная экономика: Учебник. М.: Московский лицей, 2002.

  7. Социально-экономическая география зарубежного мира. / Под ред. В. В. Вольского. М: КРОН-ПРЕСС, 1998.

  8. Фурсина Г.А., Калиаскарова З.К. Экономическая, социальная и политическая география мира. Учебное пособие. Алматы: Казак университеті, 2003. 120 С.

  9. Чистобаев А.И. и Шарыгин М.Д. Экономическая и социальная география. Новый этап. М.: Наука, 1990

  10. Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны. / Под ред. СБ. Лаврова, Н.В. Каледина. - М: Гардарики, 2002. - 928 С.

  11. Экономическая география СССР / под ред. А.Т.Хрущева и др. М.: МГУ часть 1, 1989.

  12. Экономическая и социальная география России: Учебник для ВУЗов / под ред. А. Т. Хрущева. М.: МГУ, 2001.

  13. Экономическая и социальная география СССР/ Под ред. В.Я. Рома.- М.: Просвещение, 1985,1986.-Ч. 1, 2.

Қосымша әдебиет:

  1. Аграрная политика: учебное пособие. Москва: КолосС, 2004

  2. Аубакирова Ж.Я. Основные задачи и направления развития региональной интеграции на постсовестском пространстве – научный доклад. Алматы: КазНПУ им. Абая, 2008

  3. Ашенкамф Н.Н. Современная геополитика: учебное пособие. Москва: Академический Проект, 2005

  4. Бутов В.Н. Экономическая и социальная география Зарубежного мира и Российской Федерации. Ростов-на-Дону: МарТ, 2006

  5. Все страны мира: Энциклопедический справочник/ Автор-составитель Родин И.О., Пименова Т.М. - М.: Вече, 2003. 560 С.

  6. Горнолыжные курорты России и СНГ (путеводитель). Павлов К.А., Минина Л.Ю., Кусый И.А. Москва: Вокруг света, 2006

  7. Дергачев В.А., Вардамский А.Б. Регионоведение: учебное пособие, Москва: юнити-дана, 2004

  8. Динамика развития интеграционных процессов в государствах СНГ и перспективы формирования единого экономического пространства. Под ред. Ашимбаева М.С. Алматы, 2004

  9. Конституции стран СНГ. Составитель Булуктаев Ю. Алматы: жети жаргы, 1999 – 416с.

  10. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости. Алматы: Казахстан, 1996 – 622с.

  11. Назарбаева Д.Н. Содружество Евразия. Москва: Бизнес-школа «Интел-Синтез», 2000

  12. Металлургический комплекс стран СНГ: экономический аспект. Роминец В.А., Юзов О.В. и др. Москва, 2003

  13. Мировая экономика: учебник под ред. Булатова А.С. Москва: экономистъ, 2008

  14. Моисеев Е.Г. Международно-правовые основы сотрудничества стран СНГ: учебное пособие под ред. Бекяшева К.А. Москва: Юристъ, 1997

  15. Содружество независимых государств: 10 лет спустя. Авторы-составители Е.Горелик, А.Юревич. Минск: Панграф,2001

  16. Социально-экономические концепции стран мира на рубеже тысячелетий. Международный энциклопедический словарь под редакцией М.А.Севрука. Москва: международный университет «Содружество», 2000 – 191с.

  17. Спиридонов И.А. Мировая экономика. Учебное пособие. М.: ИНФРА-М, 1999.

  18. Экономические горизонты развития Казахстана и стран СНГ. Сборник работ. Алматы: Эксклюзив, 2008

жүктеу 434,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау