6. Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. Психология пәні. Ми және психика.
Жоспар
Жалпы психологияның әдіснамалық кызметтері.
Психологияның принциптері: бейнелеу, субъект (антропологиялық), даму, сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психикал; құыблыстардың жүйелік детерминациясы.
Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым.
Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі.
Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты.
Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі.
Жоғарғы жүйке қызметінің заңдылықтары.
Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б) көпшілігімізге өз тәжірибиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – “псюхе” (жан), екінші – “логос” (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көз қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамзат тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының ,сезімінің, еркінің) иесі де себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуынада алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата-алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететіні, мәнгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың натижесі еді.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б) аралас дамып келді.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылысьарын (түйсік, ес, ойлау, қиял, т.б) тәжіребие жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибиелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұнғыш енгізген неміс ғұламасы В. Вундт болды.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келген тітіркендіргіштерге жауап қайтарылады. Жүйке жүйесі нейрон – деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардардың екі түрлі тармағы болады олардың бірі ұзын тармақты нейрит (оксан), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп келіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Жүйке орталықтарына орталық перифериялық (шеткі) вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми жатады.
Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болады. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 см) омыртқа қуысының ішінде орналасқан, оның ұзындығы орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан мұның көлденең кесіндісі көбелектің пішініне ұқсас болып келеді.
Жұлыннан жан – жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды. Жұлын біздің қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ – қолды бүгу, керіп – созу т.б.). жұмысын басқаратын орталық болып табылады.
Мыс: Жаңа туған нәрестенің емуге әрекеттенуі. Бұл жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмдерге туысынан тән.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай.
Мұндағы сопақша, аралық және ортаңғы ми – бәрі қосылып келіп ми бағанасын құрайды.
Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну т.б. сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі. Сопақша мидың сырт жағында, ағаш жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, жүріс – тұрысын басқарып отырады.
Орталық мида – құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталығы бар.
Аралық ми – көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланысады.
Ми сыңарлары – екі бөліктен (оң және сол жақ) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең.
Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы – деп аталады. Ол қалыңдығы 3-4мм бірнеше қабаттардан тұрады.
Ми қабығы 4бөлімге бөлінеді . Олар: Маңдай, самай, төбе, желке. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлық ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, иіс, дәм, қозғалыс т.б. анализаторлық жүйке орталықтары бар. Мыс: Мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есіту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200-ге жуық.
Тақырып 2. Заманауи психологияның құрлымы, міндеттері мен әдістері
Жоспар
1.Заманауи психология, ғылым жүйесіндегі оның міндетерімен және орны. 2.Психологиялық ғылымның философиялық-әдіснамалық принциптері
Заманауи психологиялық ғылымның құрлымы.
3.Бақылау, лабораториялық және табиғи эксперемент. Анкета, интервью және материалды талдау мен жинақтаудың басқада әдістері.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зеттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б.Ф. Ломов «психологияның методологиялық және теориялық проблемалары» атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да бұлай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады», - деп жазады.
Психикалық құбылыстардың мәнін тануда Б.Ф.Ломов өзінің еңбегінде психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бірге бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап берген. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс-әрекет категориясы жеке адам категориясы, тіл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер- « әлеуметтік » және «биологиялық».
Адамның әлеуметтік және табиғат қасиеттерінің объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым міндеттерінің ең бір қиыны.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазіргі кезеңде оның қоғамдағы рөлі көп өзгеріске ұшырады.
Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объктив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай
қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталуы тиіс. Сонымен бірге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті барлық уақытта адам өмірінің объектив жағыдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерімен де қатынаста болады. Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады.Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантану білімдерінің даму деңгейі мен сараптау схемасынан келіп шығады.Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бірде бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология сияқты жиі өзгертіп тұрған емес.Қазіргі күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап әдісі қабылданған.Бұл әдіс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негізделген. сынылған схема-шыңдарына жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдар қонақтаған-үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған міндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының біріне бұрып отырады. Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі-зерттеу обьекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру. Сонымен,психикалық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің обьектив жағдайларына тәуелді заңдылықтарын аша отырып,психология осы әсерлердің мидағы бейнелену механизмдерін де айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен,дәлірек айтқанда, жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсіз. Психологияның дербес ғылымға айналуында оның 19-ғ. басталған жаратылыстану ғылымдарымен бірлікте зерттелуі үлкен маңызға ие болды.Осы байланыстың нәтижесінле психологияға экспериментальдық әдіс енді. (Г. Фехнер),рефлекторлық теория ашылды.(И.М.Сеченов, И.П.Павлов). Қазіргі заман психология проблемаларының зерттелуіне Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигізіп, тіршілік иелерінің құбылмалы орта жағдайларына икемделудегі психиканың рөлін анықтауға, жоғары психикалық әрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсінуге мүмкіндік берді.
Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану, заң және т.б. зерттеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизмі, әрекет, әдет, әлеуметтік бағыт, тәртіп-талап стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегібілімдердің пайдаланбай, кәйіп, сезім, психологиялық климатты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктері менпсихологиялық қасиеттерін, қабілетін, сезімін, мінезін, адам аралық қатынастарын зерттемей, әлеуметтік процестер мен құбылыстардың мәні толық ашылмайды, яғни, ықшамдап айтсақ, әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторды ескерту заңды қажеттілік. Психологиялық факторлар өздігінен әлеуметтік процестерді бағыттай алмайды, керсінше, олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін.
Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі, кезінде К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет”, -деген еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жөніндегі білімдерге сүйенбесе, онда ол қара-дүрсін педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мәнде ғылым болудан қалып, мұғалімге ешқандай жәрдем бере алмайды. Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория, дидактика, пән әдістемесі, тәрбиесі теориясы) даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам қабілеттері мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б. сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағына-маңызға ие.
Психологияның аса қажеттігі педагогиканың тәрбие проблемаларына орай байқалады. Тәрбиенің мақсаты даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке адамды қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын: бағыт-бағдар, қабілет, қажеттілік, дүниетаным және т.б. зерттеуді қажет етеді. Айтылғандар қазіргі заман психологиясының ғылымдар тоғысында тұрғанының дәлелі, яғни психология бір жағында философия ғылымдары, екінші тарапында жаратылыстану ғылымдары, үшінші жағында әлеуметтік ғылымдар болған аралықта орналасқан
Солай болса да, барша ғылымдармен байланыса, психология өз пәніне, өзінің теориялық принциптеріне және өзінің зерттеу әдістеріне иелігімен дербестенетінін ұмытпау керек. Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысы сырт көзге байқала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай қарағанға “сыйыспайтындай” болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір-психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол-адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері.
Жантану ғылымынан хабары бар кісі өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас болмысын танып білуге, онымен ылғи да санасып отыруға, сондай-ақ құрбы-құрдас, аға-іні, апа-сіңілі дегендей, ағайын-туыс, жегжат-жұрағаттарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Айналадағы, толып жатқан фактілер мен қағида-ережелерді іріктеп, сұрыптап жүйеге салу түгілі, тіпті бастан кешірген күйініш пен сүйініштің өзін басқа біреуге айтып беру де оңай тірлік емес. Ал, көңіл күйіңді саналылықпен ұғынып, мінез-құлқыңды басқару кімге болса да ауадай қажет.
Психологиядан біршама түсінігі бар адам өзін-өзі аңғара алып, ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін таразыға сала алады. Сонымен бірге кісінің өзін-өзі тәрбиелей алуына, өз мінезінің олпы-солпы жерлерін тап басып, кемістігін түзеуіне, өзіндік сана-сезімдері мен қабілет бейімділіктерін дамыта түсуіне мүмкіндік береді. Жантану ғылымы, әсіресе, өзгелердің жан дүниесін танып-білу үшін қажет. Жан сыры туралы ғылымның негіздерін меңгерген адам алдымен ақыл-ой жұмысын (кітап оқу, лекция тыңдау, өз бетінше білімін көтеру, т.б. ) тиімді етіп ұйымдастыра алуға машықтанады ( шапшаң оқу, тез жазып, жылдам есептеу, қысқа да нұсқа сөйлей алу, тәуліктегі уақытты барынша үнемдеп, дұрыс пайдалана алу, т.б. ) .
Психология пәні, сондай-ақ ілім-білімді миға саналылықпен тоқудың түрлі айла,әдіс-тәсілдерін білуге адамды жұмылдырумен қатар, кісінің ерік-жігерін, қажыр-қайратын шыңдай түсуге, сезім дүниесін жетілдіре түсуге жәрдемдеседі.Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейді.
Тақырып 3. Сана мен психиканың дамуы
Жоспар
Сана-психика дамуының жоғарғы сатысы.
Адамның қалыптасуында еңбектің ролі.
Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі.
Сана-психика дамуының жоғарғы сатысы.
Сана- адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті.Ол-ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі.Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен- бірі тығыз байланысты.
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі.
Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.
Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.
Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп дами берді.
Қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер енді еңбекке бастап қойған жоқ, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді.
Сөйлеудің қалыптасуы адамдардың психикалық дамуындағы алғашқы төңкеріс болды. Сөйлеу белгілері жоғарғы жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын 2-ші сигналдық жүйе қалыптасты.
Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді, және ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғарғы сатыдағы жануарлардың дерексіз ойлауын жетілдіреді. Ал дерексіз ойлау дегеніміз - сананың өзегі.
Сөйлеу, сөз-біздің саналық болмысымыздың формасы - қарым қатынас деңгейін шеңберін кеңейте түседі.
Қарым-қатынас процесі арқылы адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қарым-қатынас жасау қоғамдық өмір факторы.
Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адаммен қарым-қатынасында ғана пайда болады.
Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек жеке басының ғана емес, (адамдардың) қоғамдық санасы да қалыптасады.
Адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлі. К.Маркс пен Ф.Энгельс адам жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғындағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен түсіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетіліуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырады, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.
Сана және өзіндік сана.
Жануарлардың психикасының эволюциялық дамуының негізгі кезеңдері. Психиканың пайда болуы және даму туралы жалпы түсінік. Адам санасының пайда болу тарихы. Адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлі. Сананың қалыптасуындағы сөзбен қарым – қатынастың рөлі.
Тақырып 4 Іс- әрекет.
Жоспар
1.Жеке адам және оның іс-әрекеті.
2.Іс-әрекеттің мақсаты мен мотивтері (түрткілері)
3.Іс-әрекеттің құрылымы.
4.Іс-әрекет түрлері.
Адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған белсенді қылықтары. Іс-әрекет деп. аталады. Жануарлар іс-әрекеті жөнінде бұл ұғымды қолдануға болмайды. Адамның іс-әрекетінің жануарлар іс-әркетінен айырмашылығы әрі артықшылығы. Мысалы: жануарлар табиғатқа бейімделген яғни табиғаттағы дайн өнімді пайдаланылады. Ал адам іс-әрекет үстінде өзінің қажеттілігін мұқтаждығын қанағаттандыру үшін табиғаттағы, қоршаған ортадағы дүниені өзіне бейімдеп қайта құрады.
Жеке Адам өзінің іс-әрекетінің нәтижесін тек өзі үшін ғана емес, қоғам үшінде басқа адамның мүддесі үшінде өндіреді. Қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекеті көпшілік жағдайда ұжымда жүргізіледі, яғни алға қойылған мақсат көпшіліктің күш жұмсауымен орындалады. Адамның іс-әрекеті өзінің алдына қойған мақсатымен сипатталады. Егер, мақсат болмаса іс-әрекетте болмайды. Тек адамның еркінен тыс кездейсоқ қимылдар болуы мүмкін. Кейде адам алдына мақсат қоймай бір іс-әрекеттерді жасайтын кезі болды. Мысалы: қызбалықпен жөнсіз іс-әрекетке ұрысып, соңынан өзі ыңғайсыз жағдайда сезінеді.
Қажеттілік пен мұқтаждықтың негізінде, адамда іс-әрекеттің мотивтері пайда болады яғни мұқтаждықты қанағаттандыру үшін адамның ішкі қозғаушы және алға итермелеуші күші, себебі.
Ал мақсат дегеніміз адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға ұмтылуы. Іс-әрекет процес інде адамның алдында, тек бір ғана мақсат тұрманды, бір-бірімен байланысқан мақсаттың бүтін бір жүйесі тұрады. Жеке адамның іс-әрекетінің қайсысын болсада психо-физиологиялық процестердің күрделі құрылымдарынан тұрады. Оның қарапайым элементі – қозғалыс. Адамның жасайтын жеке қозғалыстарының бірігуін іс-әрекет деп. атайды.
Бір мақсатқа біріккен, бағытталған қимыл-қозғалыстың жиынтығын ғана іс-әрекет деп. танула болады. Іс-әрекеттің қай түрін алмасада белгілі бір құрамды бөліктерден яғни компоненттерден тұрады.
Мұндай құрылым:
Мақсатты қоя білу.
Жұмысты жоспарлау.
Оның неғұрылым тиімді әдістерін іріктеп ал.
Іс-әрекетті орындау.
Іс-әрекеттің нәтижесін тексеру.
Жіберген қателерді тексеру.
Қорытынды жасау.
Жеке адамға тән іс-әрекеттің түрі санаулы, олар:
а) ойын іс-әрекеті
ә) оқу іс-әрекеті
б) еңбек іс-әрекеті
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Мысалы: кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қтанынас жасайды. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, оның мунда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті.
“Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса-балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды, ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады”.
Баланың жасы өсуімен қатар ойнайтын ойынының мазмұны да өзгеріп отыратыны, белгілі.
Тақырып 5 Қарым-қатынас.
Жоспар
Қарым-қатынастың туралы түсінік.
Қарым-катынастың сан салалары. Коммуникативті қатынас.
Интерактивті және персептивті қаныстар.
Қатынас жасау және хабар алмасу.
Әрбір жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас бір – бір імен тығыз байланысты топтарда болады.
Топтағы, ұжымдағы әрбір адам екі түрлі: 1) Іскерлік
2) Жеке
қатынаста болады. Оның 1-сі топтың бүкіл құрамымен бірге документке түсірілу.
2-сі ұнату, жақсы көру, достық жолдастық, жек көру, жауласу, т.б. себептер негізінде пайда болды. Жеке адамдардың бір – бір імен қатынасын зерттеген кезде бақылау, экспримент, әртүрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады.
Мұндай әдістердің бірі – таңдау әдісі. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологы Дж. Марено.
Таңдау әдісін – шағын топтардың мүшелері бір – бірін өте жақсы білгенде ғана пайдалануға болады. Яғни таңдау әдісі арқылы жеке адамның іскерлік жағын және жеке басының қадыр – қасиетін яғни топтағы алатын беделін сонымен бірге бастапқы топтың бар – жоғын, шағын топтардың ыдырау және пайда болу себептерін анықтауға болады.
Таңдау әдісін жүргізу барысында сұрақтар беріп, жауабы да ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп. аталады.
Ол 2-ге бөлінеді: күшті, осал
Сол сияқты шағын топтағы адамдардың қарым – қатынасын зерттеу үшін әлеуметтік өлшем әдісті де ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағым ұжымдардың жетекшілері, өндірістік – кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым – қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерий) әр түрлі, басты мақсаты – топ ішіндегілердің тілегі мен мүддесін анықтау топтардағы адамдардың қатынасын:
1) Матрица – кесте
2) Социограмма
3) Графикалық кестелер арқылы анықтауға болады.
1. ортақтасу –қарым-қатынасы психологияның негізгі ұғымы. Ортақтасусыз жеке адамның тұлғалық қалыптасу үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Ортақтасу моделі
Субъект-1 Субъект-2
Достарыңызбен бөлісу: |