«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



жүктеу 0,98 Mb.
бет89/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162
ПФжӘ дәріс

Ұғымдардың екінші тобы педагогикадағы әдіснамалық мәселелердің мазмұндық-деңгейлік ерекшелігі белгісі бойынша құрылды. Бұл топ үш кіші топтарға бөлінді. Ұғымдар тобының көмегімен педагогика ғылымы мен оның даму үдерісінің әдіснамалық мәселелерінің мазмұны мен ерешеліктері ашылды. Бұл ұғымдар қатарына туыстас ұғым «педагогика ғылымының әдіснамасы» кіреді. Педагогика ғылымының дамуы үдерісіндегі әдіснамалық мәселелерін түсіну үшін педагогикадағы «әдіснамалық дәстүр», «педагогика әдіснамасының даму тарихы», «педагогика ғылымы мен практикасының өзара байланысының әдіснамалық қырлары», «педагогикадағы әдіснамалық білім», «педагогикадағы әдіснамалық зерттеу» және т.б. ұғымдардың мазмұнын ашқан жөн.
Ұғымдар тобы арқылы педагогикалық болмысты ғылыми тану үдерісіндегі әдіснамалық мәселелер мазмұны нақтыланады. Бұл ұғымдардың қатарына туыстас ұғым «педагогикалық зерттеу әдіснамасы» кіреді және оның мәні мен ерекшеліктерін анықтау үшін «педагогикалық болмысты тану», «іргелі педагогикалық зерттеу әдіснамасы», «пәнаралық зерттеу әдіснамасы» және басқа ұғымдардың мағынасы мен мазмұны қарастырылады.
Аталмыш топтағы бірнеше педагогикалық ұғымдардың мазмұнын ашайық. Педагогикалық зерттеу – бұл педагогикалық болмысты бейнелеудің ерекше үлгісі, педагогикалық болмыс нысандарын жүйелі зерттеу, мақсатты ізденіс және бұл нысан туралы жаңа ғылыми білім жасалымы үдерісі ретінде танымдық қызметтің түрі. Ғылыми танымның мақсаты – жаңа білімнің педагогика ғылымы мен практикада қолданылатындығы, шынайылығы мен дұрыстығы тексерілген, ғылыми негізделген педагогикалық болмыс туралы объективті білімдерді дамыту және теориялық жүйелендіру болып табылады.
Педагогикалық ғылыми танымның стихиялық-эмпирикалық үдерісінен басқаша, яғни адамдар практика жүзінде ұшырасатын және педагогикалық (құбылыстар мен үдерістерді) нысандарды ғана емес, сонымен бірге құбылыстарды да зерттейді. Педагогикалық зерттеуді сипаттай отырып, оның ерекше белгілерін нұсқап көрсетуге болады:
- алға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған үдерістің мақсаттылығы, ғылыми мақсаттардың тұжырымдалған жүйесі;
- жаңаны іздеу – белгісіз әдісті ойлап табу, педагогикалық идеяларды ұсыну және негіздеу, оларды іске асырудың жолдарын табу, практикада белгілі болған педагогикалық құбылыстардың және оқиғалардың т.б. табиғатын жаңаша түсіндіру;
- жүйелілік деңгейде ғылыми мақсаттар тұжырымдалады, яғни зерттеудің үдерісі және оның нәтижелері жүйелілік қағидасына сәйкес келеді;
- нақты объективтілік, дәлелділік және қорытындылар мен тұжырымдардың негізділігі.
Педагогикалық зерттеулердің нысаны болып әдетте, ұқсас құбылыстар, жағдаяттар немесе үдерістер, олардың қайсыбір жүйе түріндегі жиынтығы табылады. Педагогикалық зерттеудің мақсаты - бірқатар жекелеген педагогикалық құбылыстар немесе үдерістерге ортақ заңдылықтарды табу, олардың мәніне терең бойлау, олардың туындау, өмір сүру және даму заңдарын ашу. Педагогикалық болмыстың (құбылыстар мен үдерістердің не олардың жиынтығының) тұтастай объектісін зерттеу педагогикалық білімнің нақтылы саласы және педагогика ғылымы әдістерінің жиынтығын пайдалану аясында мүмкін болмақ.
Жүйелі педагогикалық зерттеудің мақсаты - ғылыми жүйенің қаралып отырған тобынан жалпыға ортақ құбылысты табу, қатынастардың белгілі бір типін ұстану заңдарын ашу және оларды сақтау.
Зерттеу жұмысы – шығармашылық әрекет, бірақ ғылыми шығармашылық жасау мүмкіндігінің өзі педагог-зерттеуші үшін оның негізгі ережелер мен рәсімдерді қаншалықты меңгергендігіне, сондай-ақ, ғылыми жұмыстың өзіне қойылатын әдіснамалық талаптарынан тұратын өз қызметін бағалау тәсілдеріне байланысты. Педагогика ғылымының пәндік өрісіндегі шығармашылық ой түйіндеуден соңғы қорытындысын рәсімдеуге дейінгі барша ғылыми зерттеу түпкі ойына сәйкес жеке дара жоспар бойынша жүзеге асырылады. Бірақ, бұл шығармашылық педагогикалық болмыс нысанын зерттеу деп аталатын үдерістен бірыңғай тұғырлар мен талаптарды атап айтуға болады.
«Педагогтің жобалау-қайта жаңарту қызметінің әдіснамасы» құрылған түбірлік ұғымының мәні мен ерекшелігін түсіну үшін «педагогикалық жобалау», «педагогикалық жоба», «педагогикалық жобалау нысаны», «педагогикалық жобалау әдістері» және т.б. ұғымдардың мағынасы мен мазмұнын ашу қажет.
Бұл топқа мынадай терминдер кіреді: педагогикалық зерттеу мен жобалаудың және т.б. «әдіснамалық негідері», «әдіснамалық сипаттама (белгілер)», «әдіснамалық негіздеу», «әдіснамалық құралдар жиынтығы». Бұл ұғымдар қатарына түбірлік ұғым педагогикалық зерттеулер немесе жобалаудың «әдіснамалық қамтамасыз ету» ұғымы болып табылады.
Әдіснамашылар ғылыми зерттеулерді жүргізу үдерісі және одан алынған нәтижелерді бағалайтын ғылыми зерттеулердің әдіснамалық белгілерінің «әдіснамалық аппарат» деген атауын (В.В. Краевский, В.М. Полонский және т.б.) белгілеген. Оларды зерттеу барысында, нәтижелерді ой рефлексиясы арқылы бағалау үдерісі ғылыми негізделген. Бұл жүйе зерттеудің тақырыбы мен мәселесін, өзектілігін, зерттеудің нысаны мен оның пәнін, мақсаты мен міндеттерін, болжамы мен қорғалатын қағидаларын, жаңалығын, ғылыми және тәжірибелік маңыздылығын қамтиды.

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау