«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



жүктеу 0,98 Mb.
бет96/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162
ПФжӘ дәріс

Ғылым мен білім берудің
даму үрдістері












ТЕОРИЯЛЫҚ БАЗА
Философия. Тарих. Саясаттану. Экономика. Құқық. Логика. Психология. Педагогика. Психопедагогика. Әлеуметтану. Медицина. Физиология. Гигиена. Әдебиет. Тіл. Математика. Физика. Химия. Биология. Техника. Информатика. Қоғамтанушылық және жаратылыстанушылық білімдердің дамушы салалары






  • Экология

  • Антрополгия

  • Валеология



  • Коммуникация теориясы

  • Ақпарат теориясы

  • Информатика

  • Шешім қабылдау теориясы

  • Жасанды интеллект теориясы

  • герменевтика

  • Синергетика

  • Кибернетика

  • Инноватика

  • Технология

  • Мәдениеттану

  • Дінтану

  • Элитология

  • Этнология

  • Өркениеттану

  • Менталитет теориясы
І блок ІІ блок ІІІ блок ІV блок ІІ блок


М И К Р О Т Ұ Ғ Ы Р Л А Р

П Е Д А Г О Г И К А
Б І Л І М Б Е Р У ЖҮ Й Е С І
4-сурет. Педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар
Педагогтің зерттеу мәдениетін қалыптастыруға қатысты әдіснамалық тұғырларды іздеу және айқындау барысында осы саладағы ТМД елдерінің, оның ішінде, Қазақстан ғалымдарының ұстанымдары басшылыққа алынды. Осы мәселеге қатысты әдіснамалық тұғырды мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің ғылыми негізделген басты нормасы ретінде анықтауға болады. Ол педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық үдерістің жұмыс істеуін оңтайландыру мақсатында ізделіп отырған сапаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл жерде басты бағдар мәдениеттанымдық, аксиологиялық, синергетикалық және инновациялық тұғырлар болып табылады. Ал, инновациялық тұғыр педагогикалық қауымдастықты жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайды қабылдау мен ұғынуға бағыттайтын білім парадигмасының ауысуы жағдайында педагогтің зерттеу мәдениетінің теориясы мен практикасын ұғынуға мүмкіндік береді [139].
Гуманитарлық ғылым ретінде педагогика әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның қалыптасып келе жатқан жаңа парадигмасы мен олардың әдіснамасын түсіндіруді қажет етеді.
Ғалымдар жүргізген зерттеулерге жүгінсек, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмасын қалыптастыру бағытындағы төмендегідей негізгі белгілерді ажыратып көрсетуге болады:
- жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың жақындасуы, олардың әдіснамалық бағытта бірін-бірі толықтыруы;
- қарама-қарсы тұжырымдық-әдіснамалық бағыттардың өте тығыз жақындасуы мен өзара байланысы;
- гуманитарлық ғылымдардың өз ішіндегі ғылыми рефлексияның шұғыл артуы;
- әдіснаманы түсіндіретін мәдениет және герменевтика аппараттарының кеңінен енуі; синергетикалық әдістердің әлеуметтік таным идеяларына белсенді енуі, осы себепті статистикалық-ықтималдау әдістерінің көбірек қолданылуы; әлеуметтік әдіснаманың жаңа парадигмасын құрудың тиімді жолы – барлық және кез-келген әдіснамалық бағыттың тұтас бірлігі.
Ғылымда екі үлкен әдіснамалық бағдар бар, олар: ғылыми-жаратылыстанулық және гуманитарлық.
Педагогика ғылымында әртүрлі дүниетаным, көзқарас, парадигмаларды сипаттайтын 20-дан астам әдіснамалық бағдар кездеседі, олардың көбісі мега-, макро-, микро- әдіснамалық бағытта орынды көрініс табады. Ғылыми-жаратылыстанулық пен гуманитарлық мегаәдіснамалық бағдар қоғам дамуының ғылыми жаратылыстанулық және гуманитарлық парадигмаларының мазмұнды сипаттамаларына негізделеді.
Ғылыми-жаратылыстанулық парадигма мен оған сәйкес келетін ойлаудың технократты тұрпаты ғылымды жеке дара қарастыратын, жалпы ғылыми бейнелер мен нормалардың объективті шындығы, өлшемі практика болып табылатын классикалық философия негіздемесіне сүйенеді. Ғылыми-жаратылыстанулық парадигмада ғылым мен табиғаттағы басқа да таным объектілерімен әсерлесуінде адам құбылыстың объектісі ретінде қарастырылады. Гуманитарлық парадигма ғылыми зерттулерге «адами өлшем» ұғымын ендіреді. Егер ғылыми-жаратылыстану парадигмасы ғылымның мұраты ретінде ақиқат, өлшем және экспериментке бағытталса, ал танымның гуманитарлық типі жеке тұлғаға, даралыққа, адамның жеке тұлғалық қасиеттеріне сүйеніп, рухани әлеміне бағытталған «субъективтік» бағытты жақтайды. Гуманитарлық білім ерекшеліктерінің сипаттамасына жататындар: адамның сананы құнды-мағыналы игеруі, оның салыстырмалы, өзгерісті болатынын түсінуі және т.б. (4-сурет. Педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар).
Гуманитарлық парадигма білім беру бағытының өзіндік жеке жүйесі бар: адамның жоғары құндылық екенін мойындау, оның жеке танылуға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар екендігін ескеру, жеке тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруына жағдай жасау, оның өзінің «Менінің» дамуына ұдайы қолайлы факторларды табу, өзінің өміріндегі өзіне қолайлы жағдайларды белсенді түрде іздеп табуы және т.б.
Ғалым С.И. Архангельскийдің жүргізген зерттеуіне жүгінсек, әдіснамалық бағыттардың ішінен көбіне қолданылатындары макробағыттылық пен микробағыттылық. Макробағыттылықта қарастырылатын нысандардың ішкі құрылымы есепке алынбайды да, әртүрлі бір-біріне ұқсамайтын өзара әрекеттесетін қандай да бір элементтер жиынтығынан тұратын нысан біртұтастыққа қарастырылады. Микробағыттылық күрделі динамикалық жүйенің ішкі құрылымын мұқият зерттеуді қарастырады, оның әрбір құрамдас бөліктерін анықтап, олардың өзара бір-бірімен әсерлесуінің сыртқы көріністерін ашады. Сипаттамадан көрініп тұрғандай, құрылымды модельдеудің екі бағыты бір-бірімен ұштасып, бір-бірін толықтырады.
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасай келе, мәденитанымдық макробағытқа кіретін жеке тұлғалық, тұлға-бағыттылық, іс-әрекеттілік, тұлғалық-әрекеттілік, мазмұндық, логикалық, тарихилық, сапалық, сандық, феномендік, өркениеттік, этнопедагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, диагностикалық, жобалаушылық, гуманистік, этномәдениеттілік, индуктивтік, дедуктивтік, экономикалық, риторикалық, социологиялық және т.б. бағыттар екенін пайымдаймыз.
Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен педагогикаға өз мәртебесін нақты негізделген әдіснамалық тұғырлары бар толыққанды гуманитарлық-ғылыми пәннің дәрежесіне көтерілуге мүмкіндік беретін әдіснамасының жаңа қалыптасқан парадигмасын ұғыну қажеттілігі көрініп тұр. Бұл тұғырлар педагогика ғылымы мен практикасын дамыту және болжау әдістері ретінде де қолданылуы мүмкін.

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау