54
5 тарау. ДЭЕМ-нің жұмыс істеу принципі мен архитектурасы
5.1 Қазіргі компьютердің архитетурасы. Жүйелік плата, оның
қолданылуы, негізгі элементтері және жүйедегі өзара әрекеті
Компьютердегі ең үлкен электрондық плата – жүйелік тақша (аналық плата)
болып табылады.
Жүйелік тақша-жүйенің ядросы. Бұл шынындада ДК-нің басты бӛлшегі-
қалғандарының
барлығы
онымен
жалғастырылған
және
жүйедегі
құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады. Әдетте , жүйелік тақшада келесі
құрауыштар болады:
Процессордың ұясы;
Процессордың қоректену кернеуін түрлендірушілер;
Жүйелік тақшаның жүйелік логика микросхемаларының жинағы;
Екінші деңгейлі кэш –жады (кэш L2)
SIM немесе DIMM жадтарының ұялары;
Шинаның ағытпалары (слоттар);
ROM BIOS;
CMOS пен сағаттарды қоректендіру батереясы;
Енгізу-шығару микросхемасы.
Сурет – 5.1. Аналық платаның кӛрінісі
Компьютердің әртүрлі құрылғыларын басқаратын электрондық сызбаны
контроллер деп аталады. IBM PC фирмасының барлық компьютерлерінде
пернетақтаны, мониторды, дискіжетекті басқаратын контроллер болады.
Кӛптеген компьютерде кейбір контроллер бӛлек электрондық плата -
контроллер платасында орналасады. Бұл плата компьютердегі жүйелік
тақшаның арнайы слотында қондырылған. Плата контроллерін қосу және
айыру арқылы қолданушы компьютерді модифициялау мүмкін. Мысалы,
қолданшы компьютерге факс моделін, дыбыстық картаны қосуы мүмкін.
Бұзылған компьютерлерде арнайы контроллер - PC картасы қолданылады.
55
Слотқа жүйелік тақшаны қойған кезде контроллер шинаға қосылады. Шина -
оперативті жады мен контроллер арасындағы берілгендерді тапсыру
магистралы. Қазіргі компьютерлерде 2 шина болады:
Шина ISA - тӛменгі жылдамдықты құрылғы конроллері үшін арналған
(пернетақта, тышқан, дискіжетек, модем, дыбыстық карта);
Шина PCI - жоғары жылдамдықты құрылғы контроллері үшін арналған (қатты
диск, видеоконтроллер және т.б.);
Ескі компьютерлерде - EISA, VESA (VLB) және т.б. шиналары бар.
Чипсет - жүйелік тақшаның негізгі қасиетін және функционалдық мүмкіндігін
анықтайды.
Chipset (англ. - микросхема жиынтығы деген мағынаны білдіреді).Чипсет екі
үлкен микросхемалардан тұрады:
1. "оңтүстік кӛпір"
2. "солтүстік кӛпір"Солтүстік кӛпір - тӛрт құрылғының: процессордың,
оперативті жадының, AGP видео портының және PCI шинасының
байланыстарын басқарады. Сондықтан оны жиі тӛртпортты контроллер деп
атайды.Оңтүстік кӛпірді де функционалды контроллер деп те атайды. Ол жай
құрылғылардың контроллерінің функциясын орындайды (қатты және магнитті
дискінің, ISA-PCI кӛпірінің функциясын, пернетақтаның контроллерін, тышқан,
USB шинасын және т.б.).
Бұл ДК-нің орталық блогы, ол машинаның барлық блоктарының
жұмысын басқаруға және ақпаратпен арифметикалық және логикалық
операциялар орындауға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: