Педагогика және психология кафедрасы Асантаева Ұ. 5В010600 – «Музыкалық білім»



жүктеу 171,43 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.12.2017
өлшемі171,43 Kb.
#4374
түріБағдарламасы


Қосымша 3.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

       Педагогика және психология  кафедрасы

Асантаева Ұ.



 

5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне

арналған біртұтас 

           Практика бағдарламасы

 

                                              Шымкент, 2016 ж.




5В010600   –   Музыкалық   білім   мамандығының   студенттеріне   арналған

біртұтас практика бағдарламасы. – Шымкент: Шымкент университеті, 2016 ж.

12 бет.

 

  Ұсынылған   практика   бағдарламасы   5В010600   –   Музыкалық   білім



мамандығының   студенттеріне   практикалық   іс-тәжірибелерді   өткізу   үшін

қажетті оқу-әдістемелік құрал болып табылады.

Рецензенттер:

Ахтанова С.К., Халықаралық гуманитарлы-техникалық университеті ХГТУ

доценті, п.ғ.к. 

Ибрагим Қ.Ә.,  Шымкент университеті, п.ғ.к.

  Практика   бағдарламасы   Шымкент   университетінің   оқу-әдістемелік

кеңесінде талқыланып құпталды.

 Шымкент университеті. 2016 ж.



Алғы сөз

Педагогикалық  практика  студенттер  үшін маңызды  оқу  үрдісінің бөлімі

болып   саналады.   Педагогикалық   практика   кезінде   студенттер   барлық

музыкалық пәндерден алған білімдерін жалпы білім беру мектебінде іс жүзінде

қолдану арқылы машықтанады. Бұл практика түрі болашақ маман үшін соңғы

іс-тәжірибе   болып   саналады.   Педагогикалық   практика   4   курста   өткізіледі.

Студенттер   қала   мектептерінде   8   апта   бойында   мұғалім   қызметін   атқарады.

Мектеп бағдарламасына сәйкес  сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие және

қоғамдық   жұмыстарды   жоспарлау,   бағалау   және   қадағалау   бойынша

машықтанады. 

5В010600 – Музыкалық  білім  мамандығының  студенттері  университетте

оқу   кезінде,   оқу   жоспарына   сәйкес,   оқу-танысу   және   өндірістік

(педагогикалық), дипломалды  практика түрлерінен өтеді.  Сөйтіп, әр теориялық

курстан   кейін   практикалық   курс   өткізіледі.   Оқу   практикалары   базалық

пәндерден бастап кәсіби пәндерді де қамтиды. Оқу практикалары әр курс сайын

өтілетін музыкалық пәндер бойынша жүргізіледі.

Оқу   практикасы  2   және   3   курста   өтеді..   Сонымен,   оқу   практикасының

мақсаты   базалық   және   кәсіби   пәндер   бойынша   теориялық   білімдерін   іс-

тәжірибелер арқылы нақтылау болып саналады. Оқу жоспары бойынша келесі

пәндер бойынша оқу практикасы жүргізіледі:

                        1.   Практика бойынша жалпы ережелер

1.1  Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.

      Болашақ музыка мұғалімі мамандығын дайындау жүйесінде оқу-іс 

тәжірибесі негізгі рол атқарады. Оқу іс-тәжірибесі жоғары оқу орнындағы оқу-

тәрбиелеу үрдісінің бір түрі. 

      Оқу іс-тәжірибенің негізгі мақсаты – музыка мұғалімінің және сынып 

жетекшісі көмекшісінің қызметтерін орындауға, оқушылармен оқу-тәрбиелік 

жұмыстарды жүргізуге студенттерді даялау.

Оқу іс-тәжірибенің негізгі міндеттері:

Оқу іс-тәжірибенің негізгі міндеттері мыналар: 

- студентердің ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру;

- қазіргі   заман   талабына   сай   болашақ   музыка   мұғаліміне   тиісті

профессионалды жеке тұлғаны тәрбиелеу;

- музыка мұғалімі мамандығына деген сүйіспеншілік пен құрмет білдіруге

тәрбиелеу;

- студенттерді педагогикалық іс-тәжірибе алуға баулу;

- олардың музыкалық оқу-тәрбие жұмыстарын жоғары дәрежеде өткізуге

қажетті профессионалды іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

- психологиялық, педагогикалық, саяси-қоғамдық және арнайы музыкалық

пәндерден   алған   теориялық   білімдерін   іс   жүзінде   тәжірибемен

байланыстыру;




- мектептегі   оқу-тәрбиелік,   музыкалық   жұмыстардың   қазіргі

жағдайларымен,   педагогикалық   тәжірибенің   озық   үлгілерімен   таныс

болып,   музыкалық-эстетикалық   тәрбиенің   міндеттерін   шешуде   оқу-

тәрбие мекемелеріне көмек беру;

- балалар   және   жас   өспірімдермен   қарым-қастынас   жасауды,   тіл   табыса

білуді   ұйымдастыру,   олардың   жас   ерекшеліктерімен   музыкалық

қабілеттерін зерттеу;

- музыкалық-педагогикалық   іс-әрекеттерін   шығармашылық   пен  ізденістік

бағытта жүргізу;

- оқушылардың рухани жан азығының бөлігі ретінде саналатын музыкалық

мәдениетін қалыптастыру;

- оқушылар музыкалық өнердің шығармаларын түсініп, жанрын және қай

дәуірдің   шығармалары   екенін   ажырата   білудегі   көркемдік   талғамын

тәрбиелеу. 

05010600-«Музыкалық білім» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің

оқу іс-тәжірибесін  жетекшілік ету және ұйымдастыру.

3-курс   студенттерінің   оқу   іс-тәжірибесі   мектептегі   оқу   жылының   3-

тоқсанымен   сәйкес   өтіледі.   3-курс   студенттері   белгілі   сыныптарға   бекітіліп,

музыка пәнінің мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметін атқарады. Олар үш

аптаның   ішінде   музыка   сабағынан   сабақтар   беріп,   оқушылармен   тәрбие

жұмыстарын   жүргізеді.   Оқу   іс-тәжірибенің   1-ші   аптасында   студенттер

мектептегі   музыка   пәнінің   мұғалімдерінің   сабақтарына   және   бөлінген

сыныптардың   сабақтарына  қатысып,  әдістемелік   талдаулар   жасайды.  Оқу  іс-

тәжірибенің     2-3-ші   апталарында   өздері   бөлінген   сыныптарында   музыка

сабақтарын өтеді. 

1.

Студент іс-тәжірибе барысында мектептің ішкі тәртібіне, әкімшілігіне,



тәжірибе   жетекшісіне,   сынып   жетекшілеріне,   әдіскерге   бағынышты

болуы тиіс.

2.

Студент   іс-тәжірибе   бағдарламасының   барлық   талаптарын   орындауы



тиіс,   музыка   сабақтарына   және   сыныптан   тыс   уақытта   жүргізілетін

сабақтарға ұқыпты, нақты дайындалуы керек. 

3.

Мектеп тәртібін бұзған, әкімшілік пен тәжірибе жетекшілерінің талабын



орындамаған студент іс-тәжірибеші іс-тәжірибе өтуден босатылады. 

4.

Оқу   іс-тәжірибенің   жұмысын   қанағаттанарлықсыз   деген   бағамен



аяқтаған   студент   іс-тәжірибені     қайта   тапсырады   (белгілі   себептерге

байланысты).

5.

Тәжірибе өтіп болған соң студент әдіскер жетекшіге келесі құжаттарды



тапсыруы тиіс:

6.

а) 2-3 сабақтардың күнделікті жоспарлары



б) Соңғы сабақтың жоспары мен хаттамасы;

в) күнделік;

г) студенттің іс-тәжірибе бойынша есебі.

Құжаттар мен материалдар кафедра әдіскеріне тапсырылады және

сақталады. 



1.2 Оқу практикасының өткізілуне қойылатын талаптар

1. Мектептің оқу тәрбие және музыкалық жұмыстарының мазмұны мен

міндеттерімен танысу:

- мектеп   әкімшілігі,   сынып   жетекшісі,   музыка   мұғалімі,   әдіскерлерімен

әңгімелесу;

- мектеп жұмыстарының жоспарын талдау;

- ата-аналар комитетінің бағдарламасымен танысу;

- оқу сабақтарының кестесін талдау;

- мектептің материалдық базасымен танысу;

- сабақтардың және сыныптардан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу.

2. Қазіргі   жалпы   орта   білім   беретін   мектептегі   қолданып   жүрген

«Музыка» сабағының 1-4 сынып  бағдарламасымен құрастырушылар -

Ш.Құлманова,   Б.Сүлейменова,   М.Оразалиева,   5-6   сынып

бағдарламасымен құрастырушылар -  А.Жайымов, Б.Еңсепов және т.б.,

танысу. 

- мектептегі   музыка   мұғалімінің   тақырыптық   және   күнделікті

сабақтарының   жоспарларымен,   сыныптан   тыс   уақытта   пән   бойынша

жүргізілетін жоспарлармен танысу;

- қажетті ғылыми-әдістемелік және оқулықтарды оқу;

- музыка мұғалімінің сабағын бақылап, талдау;

- оқу-тәрбиелік   іс-әрекеттерінің   психологиялық   аспектілерін   зерттеу

(оқушылардың   жеке   және   жас   ерекшеліктерін   ескеру,   оқушылардың

танымдылық   әрекетін,   сабақтағы   мұғалімнің   балалармен   қарым-

қатынасын, сабақтағы микроклиматты ескеру);

- сынып   ұжымының,   оның   құрамындағы   оқушылардың   мінез-

құлықтарының, музыкалық қабілеттерінің деңгейін зерттеу;

- сынып   жетекшісінің   жұмыс   жоспарын,   оқушылардың   жеке   ісін,

медициналық   карточкаларын,   күнделіктерін,   сыныптың   журналын,   оны

толтырудың әдістерін зерттеу. 

3. Музыка пәнінен оқулық және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу:

- оқушылардың пән бойынша білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тану

(сыныптың журналын, оқушылардың дәптерлерін, бақылау жұмыстарын

талдау);

- тәжірибе   барысындағы   музыка   сабағының   күнделікті   сабақ   жоспарын

талдау;

- сабақтарға   және   сыныптан   тыс   жұмыстарға   дидактикалық



материалдарды,   көрнекілік   құралдарды,   техникалық   жабдықтарды

дайындау;

- музыка   мұғалімінің,   студент-тәжірибешілердің   сабақтарын   және

сыныптан тыс іс-шараларының өтулерін талдау.  

4. Сыныппен сабақтан тыс уақытта тәрбиелік жұмыстарды жүргізу.

- оқушылардың тәрбиесінің деңгейін білу (тәрбиесінің жағдайы, қоғамдық

белсенділігінің дәрежесі);

- ата-аналармен жұмыс жүргізу (оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесу,

ата-аналар жиналысына қатысып, өз ой-пікірін айту).



5. Әдістемелік және өз бетінше жұмыстары:

- музыкалық шағармаларды талдау;

- 1-6 сынып балаларына арналған әндер репертуарымен жұмыс жасау;

- тоқсанның тақырыбына байланысты көрнекілік құралдарды жасау;

- техникалық құрал-жабдықтарды сабақта қолдануды меңгеру. 

Оқу   практикалары   пән   бойынша   практика   жетекшісінің   басшылығымен

жүргізіледі.   Практика   алдында   студенттерге   практикалық   сабақтың   мақсаты

мен   міндеттері,   сабақтың   жүру   ерекшеліктері,   практикадан   алынатын   соңғы

нәтиже мен оның маңызы түсіндіріледі. Практикалық тапсырманы орындауға

қажетті әдістемелік материалдар мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз

етіледі.   Сабақтың   соңында   студент   практикалық   тапсырманы   орындағаны

туралы   мәлімет   өткізеді.   Практика   жетекшісі   тапсырманы   қабылдап   алады.

Тапсырма нәтижесі тиісті бағаланады.

1.3

Өндірістік   (педагогикалық)   практиканың   мақсаттары   мен

міндеттері.

1.Арнайы пәндерді оқытуды аяқтағаннан кейін өндірістік(педагогикалық)

практика ұйымдастырылады. Бітіруші курстарында өндірістік (педагогикалық)

практика теориялық оқыту толық аяқталғанан кейін ұйымдастырылады.

2.   Өндірістік(педагогикалық)   практиканың   бағдарламасы   шығарылатын

кафедрамен әзірленеді және бекітіледі.

3. Өндірістік(педагогикалық)   практиканың мақсаты түйінді құзіреттілігін

бекіту, оқыту мамандығы бойынша практикалық дағды мен кәсіптік тәжірибе

қалыптастыру болып табылады.

4.   Өндірістік(педагогикалық)     практика   жалпы   білім   беру   мектептерде

музыкалық   білім   мамандығының     профиліне   байланысты   мектепте   музыка

мұғалімі   маманы   мен     оқу   топтарының   сынып   жетекшілеріне   байланысты

өткізіледі.

5. Өндірістік(педагогикалық)   практиканың ұзақтығы және оның мөлшері

мамандықтар   бойынша   мемлекеттік   жалпыға   міндетті   білім   беру

стандарттарына сәйкес белгіленеді.

Өндірістік(педагогикалық)   іс-тәжірибе   жоғары   оқу

орындағы оқу-тәрбиелеу процесінің бір түрі. Педагогикалық іс-

тәжірибе болашақ музыка мұғалімін даярлауда маңызды орын

алып,   студенттердің   саяси-қоғамдық,   психологиялы-

педагогикалық   пәндерден   және   мамандық   бойынша   арнайы

алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын одан әрі қарай

іс жүзінде тереңдетіп, толықтыруына көмек береді. 

Өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибенің негізгі мақсаты –

музыка   мұғалімінің   және   сынып   жетекшісінің     қызметтерін

орындауға, оқушылармен оқу-тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге

студенттерді даярлау. 

Өндірістік(педагогикалық)  

  іс-тәжірибенің   негізгі

міндеттері мыналар: 

-

студентердің ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру ;




-

қазіргі   заман   талабына   сай   болашақ   музыка   мұғаліміне

тиісті профессионалды жеке тұлғаны тәрбиелеу;

-

музыка   мұғалімі   мамандығына   деген   сүйіспеншілік   пен



құрмет білдіруге тәрбиелеу;

-

студенттерді өндірістік(педагогикалық)  іс-тәжірибе алуға



баулу;

-

олардың   музыкалық   оқу-тәрбие   жұмыстарын   жоғары



дәрежеде   өткізуге   қажетті   профессионалды   іскерліктері

мен дағдыларын қалыптастыру;

-

психологиялық,   педагогикалық,   саяси-қоғамдық   және



арнайы музыкалық пәндерден алған теориялық білімдерін

іс-жүзінде тәжірибемен байланыстыру;

-

мектептегі оқу-тәрбиелік, музыкалық жұмыстардың қазіргі



жағдайларымен,   педагогикалық   тәжірибенің   озық

үлгілерімен   таныс   болып,   музыкалық-эстетикалық

тәрбиенің   міндеттерін   шешуде   оқу-тәрбие   мекемелеріне

көмек беру;

-

балалар және жас өспірімдермен қарым-қатынас жасауды,



тіл   табыса   білуді   ұйымдастыру,   олардың   жас

ерекшеліктерімен музыкалық қабілеттерін зерттеу;

-

музыкалық-педагогикалық   іс-әрекеттерін   шығармашылық



пен ізденістік бағытта жүргізу;

-

оқушылардың   рухани   жан   азығының   бөлігі   ретінде



саналатын музыкалық мәдениетін қалыптастыру;

-

оқушылар   музыкалық   өнердің   шығармаларын   түсініп,



жанрын және қай дәуірдің шығармалары екенін ажырата

білудегі көркемдік талғамын тәрбиелеу. 

Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша білім алушылар сәйкес

кафедраларына есеп тапсырады, жетекшісі тексеріледі, кафедра меңгерушісінің

өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы

тағайындалған   балдық–рейтингтік   әріпті   жүйе   бағасы   бойынша

дифференциалды сынақпен бағаланады.

Өндірістік (педагогикалық) практиканың мақсаты болып студенттің жалпы

білім беретін мектептің мұғалімі қызметін атқаруға дағдылану болып саналады.

Педагогикалық практика кезінде практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы

қажет:

- мектеп   бағдарламасы   бойынша   музыкалық   пәндерден   сабақ   жүргізуді



меңгеру;

- пән бойынша жылдық жоспарды түзуді үйрену;

- тақырыптық жоспарды түзу;

- сабақта көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену;

- сынып жетекшісі рөлін атқаруды үйрену;

- сыныптағы тәрбие сағаттарын өткізуге машықтану;

- пән бойынша музыкалық үйірменің жұмысын басқаруды меңгеру;



- белгілі тақырыпқа диспут өткізуді меңгеру;

- пән тақырыбына ашық сабақ өткізу;

- сынып оқушыларына психологиялық мінездеме  түзуді меңгеру;

- сыныптағы психологиялық климатты анықтау, 

- оқушылыардың   білімін   бағалаудағы   педагогикалық   қағидаларды

меңгеру;


- жалпы   мектеп   мұғаліміне   қажетті   педагогикалық   ұстанымдарды

меңгеруге дағдылану.



1.4 Өндірістік(педагогикалық) практикасын өткізуге қойылатын

талаптар

Бағдарламаның   талаптарына   сабақтың   материалының

сәйкестілігі,   ғылымилығы,  

  материалдың   жүйелігі,

ұғымдылығы.   Мұғалімнің   теориялық   материалын   білуі   мен

сыныппен жұмыс жасауы. 

1. Оқытудың әдістері.

Қолданылған әдітердің мазмұны мен түріне, оқушылардың

жас   ерекшеліктеріне   сәйкестігі.   Оқытудың   принциптерін   іс

жүзінде   енгізу.   Оқушылардың   өз   беттерінше   жасаған

жұмыстарының   түрлері,   олардың   әдістемелік   құндылығы.

Оқушылардың   білімдерінің   сапалығы   мен   бағалаудың

тәсілдері.   Үй   тапсырмаларын   тексеру,   оларды   орындаудың

тәсілдері. 

2. Оқушылардың тәртібі

Оқушылардың   қызығушылығы,   ұқыптылығы,   назары,

тәртібі.   Сабақтағы   оқушылармен   үй   тапсырмасын

ұйымдастырудағы   мұғалімнің   ролі.   Оқушылардың   мұғаліммен

қарым-қатынасы. 

3. Мұғалімнің қызметі

Сыныптың   жұмысын   ұйымдастырудағы   белсенділігін,

қызығушылығын, назарын аударуды ұйымдастыра білуі. Әрбір

оқушының жеке қабілеттерін ескеріп, олармен қарым-қатынас

жасауы. 


Жұмыс   барысындағы   дауыс   мәнерлігі   мен   стилі,

педагогикалық тапқырлық; мұғалімнің сыртқы түрі; сөйлеудегі

дауысы мен мәдениеті.

4. Сабақтың нәтижесі 

Жоспарын орындау, мақсатқа жету. Оқушылардың алған

білімдерінің   көлемі   мен   сапасы   (саналылығы,   тереңділігі,

беріктігі).   Сабақтың   тәрбиелік,  білім  берушілік,  дамытушылық

міндеттері. 

5. Қорытынды жасау және шешімі. 

Сабақтың жақсы және қарама-қарсы жақтары. 

Студенттің өз сабағын талдаудағы сұрақтардың түрлері. 



1. Студент-іс-тәжірибеші   сабаққа   дайындалудағы   өзінің

іскерлігі   мен   қабілеттерін   жетілдірудегі   алдына   қандай

міндеттер қойды? Кемшіліктерін ерекше атап, оны жоюға

тырысуы.


2. Сабақты   талдауда   келесі   сұрақтар   нұсқауланады:

сабақтың оқулық және тәрбиелік мақсаты, сабақтың түрі

және сабақтар жүйесінің тақырыбындағы, мазмұнындағы,

құрылысындағы   сабақтың   орны;   қолданылған   әдістер,

оқушылардың тәртібі т.б. 

3. Студенттің   өз   сабағын   талдап   болғаннан   соң,   мына

жайларды анықтауы керек:

а) оқушылар бұл сабақта не меңгерді.

б) алдындағы сабақта студент тәжірибеші нені меңгерді.

в) алдағы сабақтарын өтуде өз алдына қандай талаптар

қояды. 

Тәрбиелік іс-шаралардың анализінің схемасы.



      

1.5 Диплом алды  практикасын өткізуге қойылатын талаптар

1.   Диплом   жұмысын   (жоба)   жазу   және   қорғау   үшін   білімдік–кәсіптік

бағдарламада диплом алды практикасы қарастырылады. 

2. Диплом алды практикасының мазмұны – диплом жұмысының (жоба)

тақырыбымен анықталады.

3.   Жеке   мамандықтар   бойынша   диплом  алды   практикасының   мақсаты,

талабы,   мазмұны   мен   өтетін   уақыты   өндірістік(педагогикалық)   практикамен

сәйкес келуі мүмкін.

4. Диплом алды  практикасының ғылыми жетекшісі – негізінен диплом

жұмысының (жоба) ғылыми жетекшісі болып табылады.

5.   Мемлекеттік   жалпыға   міндетті   білім   беру   стандарттарына   сәйкес

диплом жұмысын (жоба) жазуға, диплом алды практикасының ұзақтығы және

оның мөлшері академиялық сағат немесе берілген кредитпен анықталады. 

6.   Диплом  алды   практикасының   аралығында   білім   алушылар   практика

базасында   тиісті   кәсіптік   қызметі   туралы   нақты   мағлұмат   жиынын,   диплом

жұмысы (жоба) тақырыбы бойынша практикалық мағлұматтарды іске асырады.

Диплом   алды   практиканың   қорытындысы   диплом   жұмысы   (жоба)   жазуда

қолданылады және тиісті нұсқамен даярланады.

7. Диплом алды практикасының қорытындысы  диплом  жұмысын (жоба)

алдын ала қорғауда жүзеге асырылады, оның тәртібін оқу орны анықтайды.

8. Диплом алды практикасының қорытындысы бойынша білім алушылар

өз кафедраларына есеп тапсырады, ғылыми жетекшісімен және кеңесшісімен

тексеріледі.   Кафедра   меңгерушісінің   өкімімен   құрылған   комиссия   алдында

қорғалады.   Есепті   қорғау   қорытындысы   тағайындалған   балдық-рейтингтік

әріптік жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады.

2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы

                                      Оқу практикалары 




2.1 Оқу – танысу практикасы туралы қысқаша сипаттама

Музыка  оқытушыларын  даярлау жүйесінің   ең негізгі   бір  бөлігі –оқу-

танысу практикасы болып табылады. 

1. Болашақ   музыка   мұғалімі   мамандығын   дайындау   жүйесінде   оқу-іс

тәжірибесі негізгі рол атқарады. Оқу іс-тәжірибесі жоғары оқу орнындағы оқу-

тәрбиелеу   үрдісінің   бір   түрі.   Оқу   іс-тәжірибенің   негізгі   мақсаты   –   музыка

мұғалімінің   және   сынып   жетекшісі   көмекшісінің   қызметтерін   орындауға,

оқушылармен оқу-тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге студенттерді даярлау.

2. Оқу-танысу іс-тәжірибенің мақсаты:

1.Студентердің ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру;

2.   Қазіргі   заман   талабына   сай   болашақ   музыка   мұғаліміне   тиісті

профессионалды жеке тұлғаны тәрбиелеу;



3. Музыка мұғалімі мамандығына деген сүйіспеншілік пен құрмет білдіруге

тәрбиелеу;



4. Студенттерді педагогикалық іс-тәжірибе алуға баулу;

5. Оқу -танысу іс-тәжірибенің міндеті:

- Теориялық   сабақтарда   алған   жалпы   педагогикалық   шеберліктері   мен

дағдыларын одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;

- Студенттер дәрістерінде және практикалық сабақтарда алған алғашқы

білімдерін толықтыру;

- Студенттерді   мектеп   ұжымымен,   музыка   кабинетімен   және   ондағы

музыкалық аспаптармен таныстыру.

6. Есеп беру құжаты:

1. Күнделік;

2. 2-3 сабақтың күнделікті өту жоспарлары;

3. Көрнекіліктері;

4. Соңғы сабақтың жоспары мен хаттамасы;

5. Студенттің іс-тәжірибе бойынша қорытынды есебі.



4. Оқу – танысу  іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік нұсқаулар

   Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын

барлық жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар музыка пән мұғалімінің қатысуымен

бірге түзіледі және әдіскер бекітеді.

Жеке   жоспар   бір   апта   мерзіміне   түзіледі.   Оның   мазмұны   нақты   және

тақырыпты болуы тиіс.

Күнделік. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет.

Әдіскер   студенттің   күнделікті   жұмысының   барысын   күнделік   арқылы

қадағалайды.  Іс тәжірибе біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте

алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан

кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.

2.2 Өндірістік (педагогикалық) практика туралы қысқаша сипаттама

Өндірістік(педагогикалық)   практика   ұйымдастыру   конференциядан




басталады. Конференцияда практиканың мақсаттары мен міндеттері анықталады.

Студенттерді   практика   өтетін   мектеппен   таныстырады.   Мектеп   директорымен

және   музыка   пәнінің   мұғалімдерімен   таныстырады.   Мектептегі   сыныптардың

оқушылар  туралы   және   сабақ   жүргізудің   ерекшеліктері   жайлы   мұғалімдермен

және мектеп басшасымен әңгіме өткізеді. Студенттерге музыка пәнін үйретеді

және сыныптағы сабақ кестесімен таныстырады.

Мектеп   базасымен   танысу.   Музыка   кабинетімен   таныстырады.   Сабаққа

қажетті   көрнекілік   материаладар   базасын   анықтайды.   Музыка   сабақтарына

қажетті аспаптарды анықтайды. Мұғалімдермен кездесу кезінде мектептегі сабақ

жүргізу   әдістемелік   кешендерінің   ерекшеліктерімен   таныстырады.   Сыныптағы

оқушылардың тәртібі мен үлгерімі туралы мағлұматтар беріледі.

 Жылдық жоспарға сай практика басталған кездегі өтілетін тақырыптармен

танысу.   Мектептегі   және   сыныптағы   көпшілік   және   қоғамдық   жұмыстар

жоспарларымен   танысады.   Студент   жалпы   практика   жоспарын   түзеді.

Оқушылардың   өз   бетімен   өтетін   және   музыкалық   кештердің,   музыкалық

үйірмелердегі сабақтардың жоспарларын түзеді және конспектілер даярлайды.    



Өндірістік (педагогикалық)  практика   қоғамдағы   жаңа   әлеуметтік-

экономикалық   жағдай,   әлемдік   мәдени-білім   кеңістігіне   ену,   өркениетті

елдердегі педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының кәзіргі кездегі

тенденциялары,   әлемдік   деңгейдегі   педагогика   және   музыкалық   педагогика

ғылымында   жинақталған   тәжірибелерді   талдау   нәтижесі   музыка   мұғалім

мамандығына   сапалы   етіп   дайындауды   қажет   етеді.   Болашақ   музыка

мұғалімінің   кәсіби   деңгейін   жетілдіру   жалпы   білім   беретін   және   кәсіби

мектептердің реформасының құрамының бір бөлігі болып табылады. 

Болашақ музыка пәнінің мұғалімін дайындауда педагогикалық іс-тәжірибе

үлкен орын алады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен

бөлінбейтін   бөлігі   болып,   музыка   мұғалімді   дайындаудың     теориялық   және

практикалық бірлігін қамтамасыз етеді. 

Бұл   бағдарлама   «Қазақстан   Республикасының   жоғары   педагогикалық

білім беру тұжырымдамасына» сәйкес құрастырылған. 

Өндірістік(педагогикалық)   іс-тәжірибенің   процесінде   болашақ   мұғалім

күнделікті мектеп өміріндегі болып жатқан фактілермен жанасып, мұғалімнің

еңбегіне   деген   саналы,   жауапкершілікті     қарым-қатынасты   қалыптастырады.

Осындай   мақсатты   бағытталған   іс-тәжірибе   ұйымдастырудың   мынандай

принциптерін   алға   қояды:   іс-тәжірибенің   өмірмен   байланысы,   мектеп,

мұғалімге қойылатын оның мазмұнының және ұйымдастырудың талаптарының

сай болуы: қоғамдық-саясат,  арнайы  және психология, педагогика пәндерінен

алған   білімдеріне   негізделіп,   тәжірибенің  мектептегі   оқу-тәрбие   жұмысының

түрлерінің   әдістерімен   байланысы,   тәжірибенің   комплекстік   сипаты:

студенттердің жекеше ерекшеліктерін ескерту. 

Жоғары оқу орындарындағы өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе кәсіби

дайындықтың   бір   түрі   ретінде   саналып,   оның     кәсіби   принциптері   мен

заңдылықтарын   білуге   бағыттайды.   Іс-тәжірибе   барысында   қоғами-саясат,

психологиялы   –педагогикалық   және   арнайы   білімдері   іс   жүзінде   қолдануға

жағдайлар   жасайды.   Бұл   алған   білімдері   өмірлік   қажеттілігін   тауып,



тәжірибелік   мағыналы   болады.   Тәжірибелік   әрекет   болашақ   мұғалімнің

оқушылармен   қарым-қатынас   жасаудағы   әрдайым   пайда   болатын   оқу-тәрбие

жұмысындағы     әдістері   мен   оның   түрлерінің,   олардың   мазмұнының,

міндеттерінің сұрақтарына жауаптар іздеуді талап етеді. 

Студенттердің іс-тәжірибе барысындағы әрекеттері мұғалімнің кәсіби іс-

әрекетіне, педагогикалық іс-әрекетінің құрылысы мен мазмұнына сәйкес келеді.

Олардың   іс-әрекеттері   мұғалімнің   іс-әрекетіндегідей   көптеген   қарым-

қатынастарымен сипатталады. Сол себептен бұл әрекет кәсіби білімге, белгілі

теориялық фундаментке сүйенуі тиіс. 

Іс-тәжірибенің процесінде студенттердің өздері әдіскердің жетекшілігімен

оқушылар   ұжымымен   жұмыс   жасауды   үйренеді.   Сондай-ақ   мектептің

педагогикалық   ұжымымен,   сынып   жетекшілерінің,   мұғалімдерінің

тәжірибелерімен   танысып,   олардың   оқу   тәрбие   жұмыстарын   жоспарлауды

үйреніп, оларды өткізудің жолдарын іздестіруге консультациялар алады. 

Өндірістік(педагогикалық іс-тәжірибенің жақсы деңгейде өтуіне ең әуелі

студенттің   өзінің   жақсы   мұғалім-тәрбиеші   болғысы   келетін   ұмтылысына

байланысты болады. 

Өндірістік(педагогикалық   практиканы   ұйымдастырудың   базасы:   жалпы

білім беретін және инновациялық мектеп типтері (мектеп-гимназиялар, мектеп-

лицейлер, көркем-өнер мектептері және басқалар).



Студенттердің  педагогикалық іс-тәжірибе кезінде жүргізілетін жұмыстары туралы

жеке жоспарының нұсқасы

Жеке жоспар

   


Күні

Жоспарланған оқу жұмысы

Жоспарланған тәрбие

жұмысы

1

Университеттегі   педагогикалық   практиканың   оқу



жоспарымен танысу.

Жоспарланған тәрбие жұмысы.

2

Мектептің педагогикалық ұжымымен танысу.



Берілген сыныппен танысу.

3

Мектептегі музыка  үйірмесімен танысу.



Оқушылардық күнделігін

тексеру.


4

Күнделікті сабақ жоспарын жасау. 

Халық педагогикасының

маңызы. Сынып сағатын

ұйымдастыру.

5

Музыка   сабағына қатысу.



Келесі тәрбие сағатын өткізуге

дайындық.

6

Сабақ көрнекілігін дайындау.



Мерекелік газет шығаруды

жоспарлау.




3.3 Өтілген сабаққа талдау жүргізу әдістемесіне бойынша қойылатын

талаптар:

1. Сабақты бақылау.

Сабақты   бақылаудың   нәтижесінде   келесі   талаптардың   орындалуын

қадағалау қажет:

1. Бақылаудың   күні,   мектеп,   сынып,   сабақтың   сабақ   кестесіндегі   қай

уақытта  өтуі, мұғалімнің  аты-жөні,  сабаққа қатысқан  оқушылардың

саны, сияқты жалпы мәліметтер жазылады.

2. Сабақтың   тақырыбы   және   оның   тақырып   бойынша   өтілетін

сабақтардың жүйесіндегі орны жазылады.

3. Сабақтың мақсаты жазыдады / алдын-ала мұғалімнен анықтап алады. 

4. Сабаққа дайындығы белгіленеді:

- сабақ өтетін дәрісхананың санитарлы –гигиеналық жайы;

- сыныптың   тақтасының   тазалығы,   дидактикалық   материалдың

алдын-ала дайын болуы;

- көрнекілік құралдар, оқытудың техникалық жабдықтары;

- оқушылардың партадағы орындары;

- оқушылардың сабаққа дайындығы.



2. Сабақтың талдауы.

Сабақтың   талдауы   сабақ   біткен   соң   жүргізіледі,   ал   қажет   болған

жағдайда, мұғаліммен немесе студент іс-тәжірибешіден кейбір жерлерін

нақтылап сұрап алуға болады. 

Талдау барысында мына сұрақтарға жауап берулері керек: 

1. Сабақтың тақырыбының, мақсатының, мазмұнының айқын болуы. 

2. Сабақтың түрін анықтап және оның құрамындағы негізгі кезеңдерін

уақытқа бөлуі.

3. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі: тыныштықтың орнауы, сәлемдесуі,

сабаққа дауындықтарын текселу, өткен сабақпен байланысты орнату,

оқушылардың алдына жалпы және сабақтың міндеттерін қою.

4. Үй   тапсырмасын   орындауды   тексеру:   тексерудің   түрі   /   жеке,

барлығынан   /     кемшіліктерін   анықтап,   оралды   жоюдың   жолдары,

сұрақтарды қоюдың мазмұны мен әдістемесі / сұрақтардың сипаты

мәселесі,   сұраудың   әдістемесі,   оқушыларды   белсендірудің   әдістері

және т.б. /; оқушыларды сұрақтармен жауап беруіндегі толықтыруға

және түзетуге қаншалықты тартылады;  оқушылардың жеке, топпен,

ұжыммен   жұмысын   қалай   қиылыстырады;   қанша   оқушы   жауап

берді, қанша баға қойылды.

5.   Жаңа   метериалды   меңгеруге   өту   қалай   орындалды:   тақырыптың

атауы,   тақырыптың   өткен   сабақпен   байланысты   немесе   келесі

тақырыптарды   өтекдегі   мәнісін   байланысты   немесе   келесі




тақырыптарда   өтеудеге   мәнісін   атап   кету;   жаңа   материалды

меңгеруге барлық оқушылардың қатысуы;

6. Сабақтағы жаңа материалды меңгеру: мұғалім қандай әдіс-тәсілдерді

қолданады,   материалдың   мазмұнына   және   оқушылардың   жас

ерекшеліктеріне   сай   болуы;   тақтаны   орнымен   қолданды   ма;

оқушылардың   танымдық   іс-әрекетін   белсендірудегі   тәсілдері   /

көрнекілігі, мұғалім сөйлеуіндегі ерекшеліктері, балалар тәжірибесін

қолдануы,   мәселелерді   жасауы/:   оқушылардың   өз   бетінше

жұмысының ролі мен орны, оқулықты қолдануы.

7. Жаңа білімді бекіту: бекітуге қандай материалдар тыңдалды; бекіту

қандай   әдістермен   орындалды;   материалды   саналы   меңгерудегі

жайында қорытында жасауға болады ме; 

8. Үй тапсырмасы.

Үй   тапсырмасын   түсіндіруге   қанша   уақыт   жіберілді;   тапсыма

сабақтың қай кезеңінде берілді / сабақтың барыстында, сұраудан соң,

бекітуден   соң,   қоңырауда,   тіптен   берілмеді/;   тапсырманың     мазмұны

қандай   /   мұғалімнің   сұрағына   жауап   беру,   мұғалімнің   түсіндіру

толықтыру,   әнді   жаттау,   және   т.б.   /;   оқушылар   үй   тапсырмасын

оқушыларды қаншалықты түсінді. 

9. Жалпы   қорытындылау   және   ұсыныстар   беру   /   сабақты

қорытындылау / - сабақтың идеологиялық бағытын қамтамасыз ету;

- оқытудың   тәрбиелік,   дамытушылық,   білімділік   міндеттерін

орындау   /   оқушылардың   танымдылық   іс-әрекеттері   қандай

тәсілдермен жасалынды, білімге деген қызығушылықтарын дамыту,

музыка   тыңдау,   қадағалау   қабілеттерін   тәрбиелеу,   ән   айтудағы

мәдениетін   қалыптастыру,   музыкалық   қабілетерін   дамыту,

музыкалық   ой-өрістерін   жетілдіру   және   т.б./;   мұғалімнің

оқушылармен тіл табысуы; оқушылардың жеке тұлғасын белсендіру. 



3.4 Сабақтың жүрісі бойынша талдау

1.   Оқушылардың сабаққа ынтасы қандай?

2. Сабақтың барысы қарқынды болды ма?

3. Өткізілген ән және музыкалық-терминдік сөздіктер оқушылардың жас

ерекшеліктеріне сай ма ?

4. Оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі қандай болды?

5. Егер тыныштық сақталмаған болса, онда оның себебі неде?

6. Мұғалімнің сыныппен қатынасы қандай?

7. Мұғалім тақтаны және көрнекіліктерді қандай пайдаланды?

8. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дауысы, киімі, тактикасы және мәдениеті

қалай?

9. Сыныптың сабаққа дайындығы қандай болды?



10. Сабақ бағалануы?


11. Бағалары күнделікке қойылды ма?

12. Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Сабақтағы мұғалім. 

Мұғалімнің сабаққа дайындығы;

Күнделікті сабақтың жоспары;

Көрнекілік құралдарды орнымен қолдануы;

Музыкалық аспапта ойнауы, тональдікті дұрыс алуы және т.б;

Сабақтағы іс-әрекеттердің түрлері;

Музыканы тыңдау, қабылдау, хормен ән айту, музыкалық сауат; 

Оқушылардың жұмысын ұйымдастыру;

Сөйлеу дикциясы, екпіні, мәдениеті;

Пәнді білуі, қызығуы;

Жетекшілік етудің стилі;

Сыртқы түрі;



3.5 Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер

1. Сабақ құрылысында тәрбиелік және дидактикалық мақсаттар қойылуы

тиіс. Сабақтың өткізу түрі анықталуы тиіс және бүгінгі сабақ өткен сабақпен

байланысты болуы тиіс.

2. Сабақты   дайындау   және   ұйымдастыру   кезінде   келесідей   талаптар

қойылады:   -   жоспарлау,   қажетті   музыкалық   жабдықтардың   түрлері   мен

сандарын   анықтау,   оқушылардың   өздігінен   орындайтын   тапсырмаларының

түрлерін анықтау.



3. Сабақтың мазмұны мен оқытуға келесі талаптар қойылады: - тәрбиелік

маңызы,   музыкаға   деген   сүйіспеншілік   тудыру,ән   айтуға,   аспапта   ойнауға

талпындыруы қажет.

4. Сабақ жүргізу техникасына келесі талаптар қойылады: - дауыс ырғағын

пайдалану, оқушылар шаршаған кезде демалуға ыңғайлы педагогикалық әдісті

қарастыру, ойын және тапсырмалық сабақ әдістерін қарастыру.

 3.6 Практиканттың мінездемесінде көрсетілетін басты мағлұматтар

1. Студенттің қай мектепте практика өткені туралы мәлімет.

2. Практика кезінде өткізілген сабақтар саны.

3. Мұғалімнің орнына және көмекшісі ретінде қанша сабақ өткізілді.

4. Студенттің музыка пәні бойынша мектеп бағдарлмасын және әдістемелік

негіздерін меңгеру дәрежесі туралы мәлімет.

5. Жұмысты жоспарлау және конспектілер түзудегі икемі туралы мәлімет.

6. Музыка пәні мұғалімінің іс әрекетіне сипаттама беру және бағалау.

7. Музыка пәні бойынша сыныптан тыс орындалған сабақтардың саны мен

сапасы туралы мәлімет.

8. Студенттің жауапкершілігі туралы мәлімет.

     


3.7 Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі

1.Күнделік




2.Күнтізбелік сабақ жоспары.

3.Күнделікті сабақ жоспары.

4.Тәрбие сағат жоспары.

5.Ашық сабақ жоспары.

6.Мінездеме.

7.Ашық тәрбие сағаты.

8.Күнделік дәптер.

9.Көрнекіліктер.



3.8.   Студенттің   практика   кезіндегі   жеке-өзіндік   тапсырмаларды

орындауға әдістемелік нұсқау.

Өндірістік(педагогикалық)   іс-тәжірибе   студенттердің   мектептегі

оқыту мен тәрбиелеудегі міндеттерінің бір екендігі, музыка мұғалімі мен

сынып   жетекшісінің   іс-әрекетінің     бір   екендігі   терең   түсінуін

қалыптастырады. 

Болашақ мұғалімнің өз мамандығын меңгеруі бірнеше кезеңдерден

өтеді: танысудан-танып білуге және одан әрі қарай музыка мұғалімінің іс-

әрекетін меңгеру. 

Өндірістік(педагогикалық)   іс-тәжірибе   барысында   студенттер

музыка мұғалімінің жұмысымен танысып, пәнді оқытудың және сыныптан

тыс жұмыстардың түрлерін орындайды:

1. Музыка   мұғалімінің   оқу   бағдарламасымен,   тақырыптық   және

күнделікті   сабақтардың   жоспарларымен,   пәнге   байланысты

сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың жоспарларымен танысу;

2. Пәнді   оқытудың   және   сыныптан   тыс   жұмыстардың   сабақтарын

өтудің   жоспарларын   құру,   күнделікті   сабақтың   жоспарын   және

талдамаларын жазу;

3. Сабаққа   немесе   сыныптан   тыс   өткізілетін   жұмыстарға   қажетті

дидактикалық   материалдарды,   көрнекілік   және   техникалық   құрал-

жабдықтарды дайындау; пәнге байланысты ашық сабақтар мен тәрбе

сағаттары жүргізу. 

4. Әдістемелік   және   өз   бетінше   жасалатын   жұмыстар:   студент-

тәжірибешелер   бір-бірінің   сабақтарына   қатысу,   талдаулар   жасау;

мұғалімдердің  әдістемелік бірлестігінің  мәжілістеріне,  семинарлық

сабақтарына қатысу;

Өндірістік(педагогикалық)   іс-тәжірибе   барысында   студенттер   пән

бойынша   мұғалімнің   жұмысының   жоспарына   сәйкес   көптеген   сабақтар

мен   сыныптан   тыс   жұмыстарды,   әдістемелік   және   шығармашылық

жұмытарды жүргізеді. Сонымен қатар өздерінің жұмыстарына талдаулар

жасап, өздерінің кәсіби дайындықтарының деңгейіне баға береді. 

Студенттің жеке тапсырмасы оның жалпы мамандық туралы  көз қарасы

мен   біліктілігін   жетілдіру   және   музыкалық   қабілетін   арттыру   мақсатында

беріледі.



Студент   өндірістік(педагогикалық)

 

  практика   кезінде   мектептегі   оқу



үрдісіне   зерттеулік   көз   қараспен   қарайды.   Оқу   үрдісінің   қойылу   тиімділігі,

сапасы,   тәрбиелік   жұмыстардың   уақытылы   және   тиімді   жүргізілуіне,

оқушылырдың   білім   деңгейіне,   мектептегі   мұғалімдердің   педагогикалық   іс-

тәжірибелеріндегі   маңызды   нәтижелерге   және   қолданылатын   жаңа   оқыту

технологияларының   іске   асуына   өзіндік   баға   береді.   Студент   практика

нәтижесінде   мектептегі   оқу   ісінің   тиімділігін   арттыру   туралы   өз   пікірін

білдіреді.

Мектептегі   оқу   үрдісінің   көрнекілік   материалдармен   қамтамасыз   етілу

дәрежесіне,   сабақ   өту   барысындағы   жаңа   және   алдыңғы   педагогикалық

әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса көңіл аударады.

Пән бағдарламасы мен сабаққа арналған арнайы әдістемелік құралдардың

жеткіліктігіне және зертханалық жұмыстардың қойылу сапасына мән береді.

Аса   маңызды   сәт   болып   мектептегі   оқушылардың   сабаққа   деген

қызығушылығын арттырудағы жаңа инновациялық оқыту технологияларының

меңгерілуі   саналады.   Оқушылардың   өзіндік   жұмыстарды   атқаруына   қажетті

әдістемелік   материалдардың   мөлшері   мен   жұмыстардың   атқарылу   сапасына

баға   береді.   музыка   пәні   бойынша   біліктілікті   көтеру   және   музыканы   сүйю

бағытында   орындалатын   жеке  жұмыстар   мен   музыкалық   кештердің   сапасын

бағалайды.

Барлық   байқаған   жетістіктерді   күнделікке   жазып   практика   туралы   есеп

кезінде баяндайды.   

  

5. Студенттің   өндірістік(педагогикалық)   практикасының   мектептегі



жетекшісінің міндеттері

-   Студенттерді   сыныптан   тыс   ерекшеліктерімен,   негізгі   тәрбие

міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;

- педагогика пәнінің оқытушысымен және топ жетекшілерімен бірігіп

студенттерге тәрбие жұмыстарыны жоспарын жасауға көмектеседі,

жоспарды бекітеді, оның орындалуын қадағалап, кеңес береді;

- психология   пәнінің   оқытушысымен   бірге   практиканттардың

оқушыларды   және   сынып   ұжымын   зерттеу   жұмыстарына,

психологиялық-педагогикалық   мінездеме   жасауына   жетекшілік

жасайды;


- студенттердің өз бетінше жасаған тәрбиелік іс-шараларына және оны

талдауға, баға қоюға қатысады;

- студенттерді сыныптың күнделікті тәрбие жұмыстарына тартады;

- студенттерге мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды;

- педагогикалық   практика   бойынша   оқу-тәрбие   мекеме

жетекшілерінің

 

өткізген


 

жирналыстарына,

 

сондай-ақ



университеттегі бағыт беруші және қорытынды конференцияларына

қатысады. 



  5.   Студенттің   өндірістік(педагогикалық)   практикасының   кафедра

тарпынан жетекшісінің міндеттері


студенттердің өндірістік(педагогикалық) практикасына әдістемелік

басшылық жасайды, оларға тұтас педагогикалық үрдістің маңызды

меселелері бойынша кеңес береді;

сынып жетекшісімен біріге отырып практиканттың оқушылармен



өткізетін тәрбие жұмысын жоспарлайды, оларға кеңес береді және

тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

практиканттың   сабағына   және   сыныптан   тыс   жұмыстарына



қатысады,   сабақтан   және   сыныптан   тыс   жұмыстардың

дайындығына және өткізілуіне көмектеседі, жетекші топпен біріге

отырып, олардың сабақтарын бағалайды;

студенттерге  оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеп және



оны   жұмыс   барысында   ескеруіңе,   сыныптағы   педагогикалық

процесс жағдайын диагностикалауға көмек көрсетеді;

студенттерге   сынаптың   «жанұя   портретін»   меңгеруге,



оқушылардың   жанұясымен   жеке   жұмыс   түрлерін   өткізуге   көмек

көрсетеді;

студенттерге ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша кеңес береді;



студенттердің сынаптың оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық

технологияларды пайдалануына көмектеседі;

педагогикалық   практика   бойынша   бағыт   беруші   және



қорытындылаушы конференцияларға қатысады, сонымен бірге оқу

тәрбие орнының жетекшілері өткізген жиналыстарға қатысады;

өндірістік(педагогикалық)   практика   бойынша   сынақ   өткізуге



қатысып, оның нәтижесі бойынша есеп құруға және жалпы бағасын

қоюға қатысады;



Өндірістік(педагогикалық) практика біткен кезде студенттің практика

туралы өткізетін құжаттар тізімі.

1. Практиканың жеке жоспары.

2. Күнделік.

3. Практика кезінде өткізілген сабақтардың тақырыптық жоспары.

4. Сабақтардың жазбаша жоспарлары.

5. Сабақтың әдістемелік талдауы.

6. Бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме.

7. Музыка сабағында өткізілген кештер, тәрбие жұмысы туралы есеп.

8. Бақылау сабақтарының жазбаша жоспары.

9. Практика есебі.

10. Мінездеме.

Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі.

1.Күнделік

2.Күнтізбелік сабақ жоспары.



3.Күнделікті сабақ жоспары.

4.Тәрбие сағат жоспары.

5.Ашық сабақ жоспары.

6.Мінездеме.

7.Ашық тәрбие сағаты.

8.Күнделік дәптер.

9.Көрнекіліктер.

          

                                          ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

                            

«Педагогика және психология» кафедрасы

                                 Педагогикалық практика жөніндегі

                         

                                                



Е С Е П

___________________________________________________________

(мектептің атауы)

___________________________________________________________

(мектептің мекен жайы)

Студент _______________________________________________

(аты жөні, тегі)

Тобы  _____________________________

Практиканың өту мерзімі    _____________     ________________

Практиканың мектеп тарапынан жетекшісі _______________________________

Практиканың кафедра тарапынан жетекшісі_______________________________

Практика есебі     "____"  __________ 20____ж.      



  "____________ " бағаға қорғалды.


                                              Шымкент - 20_ ж.

жүктеу 171,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау