Педагогика және психология институты



жүктеу 23,92 Kb.
бет2/2
Дата10.02.2022
өлшемі23,92 Kb.
#37429
1   2
сөж-1 ӘБДІРАХМАН Сұлушаш

1-кезең

2-кезең

3-кезең

Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы

(ХV-ХХғ)

Марксистік кеңестік психология(1920-1990)

Егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі(1991-2006).

Психология қазақ жерінде ғылым рентінде ерте кезден-ақ дамыған болатын оған дәлел шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады. Жалғыз ол ғана емес ортағасырлық Жүсіп Баласағүнидің «Құдадғу білік» (Құт негізі — білік) еңбегі көне түркі тілінде жазылған дастан, ол психологиялық ой-толғаныстарға өте бай. Отбасы тәрбиесі — бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Жүсіп Баласағұнңың айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі — білім, әдет-дағдыларға машықтандыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз өнері, адамның әртүрлі жаман-жақсы қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеледі.Жүсіп Баласағұнидің «Құдадғу білік» дастанында «Тіл туралы» айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. Жүсіп Баласағұнидің «Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа» деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.Моралдік-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұлама-ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Саиф Сараи, Мұхаммет Хайдар Дулати, Қ.Жалаири еңбектерінде жан-жақты баяндалады. Адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ерте кезден бастау альп ХV-ХІХ ғ.ғ. Қазақ халқы ғұламаларының ағартушы демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын жыраулардың өлең толғауларында, билердің шешендік сөздерімен халықтық нықылдары ел намысын найзаның ұшымен білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесіне жұмбақтарына терең үңіліп болашақ ұрпаққа тағлым берерлік молрухани қазына жатқандығы қазіргі кезде зерттеліп бір жүйеге келтірілді. Аса көрнекті ғалым Ш. Уалихановтың шығармаларында халықтың рухы оның таным түсініктерімен тығыз ұштастырылады. И. Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясыныңқыр-сырына толы деуге болады. Сонымен қатар А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде, шығармаларында психологиялық ой- толғаулар менен пайымдаулар көптеп кездеседі.

Бұл кездер кеңестік дәуірге келе жатқан кезең еді сол жылдарда қазақ халқының жан ашыр, азааматтарының бірі Ж. Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен” Жан жүйесі және өнер таңдауы” – деген туындысы психология пәні бойынша таза ана тілінде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. Сондай-ақ 1920-1930 жылдары А.Байтұрсынов, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А. Темірбеков, Ә.Сытдықов т.б. психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері белгілі. Қ.Б.Жарықбаев XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ағартушылары Шоқаңңың, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Нәзипа Құлжанованың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады.Кеңестік дәуірде республикада психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуын архив құжаттарына сүйене отырып, зерттеді. Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың қазақ психодогиялық терминологаясының мәселелері туралы тұжырымдары және зерттеу еңбектері өз алдына бір төбе. 1923 жылы В.Я.Струминскийдің Орынбор қаласыңда «Психология» оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегіңде диалектикалық материализм тұрғысынан ғылыми психологияның негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады. Кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбектің мәні орасан зор болды.1935 жылдан бастап, өмірінің соңғы кезіне дейін психология ғылымьшың көрнекті қайраткері, профессор Александр Петрович Нечаев (1870-1948) Семей қаласында тұрды. Психология ғьшымы саласында 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен, есімі әлемге белгілі психолог-ғалым. Ол психология ғылымының әртүрлі саласында, әсіресе, психологияның жас, педагогикалық, медициналық және т.б. салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Өмірінің соңғы жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында студенттерге педагогикадан және психологиядан дәріс оқыды. А.П.Нечаев көп жылдар «Психофизиологиялық синхромдар жүйесі» тақырыбында Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, Жоғары аттестацйялық комиссия 1944 жылы диссертация қорғамай-ақ, психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді. 30-жылдары педагогикалық институттарға арналған психология бағдарламасы профессорлар СЛ.Рубинштейн мен К.Н.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. 1938-1939 оқу жылынан бастап, жалпы психология курсы студенттерге ана тілінде оқытыла бастады. Педагогикалық жоғары оқу орындарыңда психология курсын оқытуды дұрыс жолға қоюда қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы, меңгерушісі Төлеген Тәжібаевтың еңбегінің мәні зор болды. 1947 жылы 13 мамырда КСРО Жоғары білім министрінің жоғары және арнаулы орта оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау туралы бұйрығы жарияланды. Жоғары және арнаулы оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау мақсатыңда 1947-1948 оқу жылында Одақтағы басқа да 16 мемлекеттік университеттердің бірі болып, Қазақтың С.М.Киров атындағы университетінің филологая факультетінің жанынан логика және психология бөлімі ашылды. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік университеті жанынан логика және психология мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Алғашқы кезде бөлім ұйымдасқанда логика және психология мамандықтары бойынша ғылыми кадрлар жетіспеді. Психология кафедрасы ашылып, белгілі маман кадрлармен бірте-бірте толықты. Республикада психологиядан алғаш рет кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Олар: Е.Суфиев, А.Темірбеков, М.Мұқанов, А.Асылбеков, Қ.Жарықбаев және т.б.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғылымның барлық салаларынан көңіл болініп соның ішінде психологияда дамыды. 2005 жылы профессор Қ.Б.Жарықбаевтың жоғары оқу орындарына арналған «Психология негіздері» оқулығы қазақ бөлімі студенттерінің қолдан-қолға түспейтін кітабы болды. Қ.Б.Жарықбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Т.Тәжібаев атындағы этнопедагогака және этнопсихология орталығының директоры. Ол — психология ғылымының әртүрлі саласынан 50-ден астам жеке кітаптың (оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялар, әдістемелік басылымдар, терминологиялық сөздіктер т.б.) және 800-дей мақаланың авторы. Оның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты — қазақ халқының психологиялық ой-пікірлерінің тарихы мен этнопсихологиясы мәселелері. Соңғы жылдары этнопсихологияның әртүрлі мәселелері төңірегінде профессор Қ.Жарықбаев, профессор В.К.Шабельников, доценттер С.Бердібаева, Р.Рахымбеков т.б. бірнеше еңбектер жазды.

Мәселен, Қ.Жарықбаевтың «Этнопсихология — тіл тәрбиесінің өзегі» (Алматы, «Білім», 2005), «Ортағасырлық қазақ психологиясының тарихы» (Алматы, «Қазақ университеті», 2004), «Психология негіздері» атты 2005 жылы шыққан оқулығында «Қазақ психологиясының тарихына» арнайы жеке тарау берілген.

2002 жылы «Мектеп» баспасынан психология мен педагогиканың түсіндірме сөздігі жарық көрді. Оның жарыққа шығуына авторлар ұжымына психология және педагогика ғылымдары саласында белгілі ғалым, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаев ғылыми жетекшілік етті.

Қазақ тілінде шығарылып отырған бұл сөздікте психология ғылымының теориясында да, практикасыңца да қолданылатын негізгі ұғымдар мен атаулар толық жүйеленген ақпарат берілген. Сөздіктің ұлттық сипатының айқын болуына айырықша мән берілген,



1988 жылдан бастап, Республикадағы жоғары оқу орындарында психолог мамандар даярлау ісі қолға алынды. қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Тараз университеттері мен Петропавл, Ақтөбе педагогакалық институттарында психолог кадрлар даярлануда. Республика мектептеріне «психология» мамандығының штаты енгізілді.

жүктеу 23,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау