Педагог музыканттың Әдіснамалық МӘдениеті


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1,77 Mb.
бет2/6
Дата13.11.2017
өлшемі1,77 Mb.
#73
1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Марат Булан




Айтыс өнерінің педагогикалық негіздері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В010600 – Музыкалық білім




Павлодар

2010

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті



Орындаушылық өнер кафедрасы

Кафедра меңгерушісімен ____________ Н.Дүкенбай

(қолы) (аты-жөні)

20___ж. «___»_______


қорғауға жіберілді


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС



Тақырыбы

Айтыс өнерінің педагогикалық негіздері


5В010600 Музыкалық білім мамандығы бойынша


(шифр) (атауы)
Орындады ___________ Марат Булан

Тобы МБ - 401 (қолы) (аты-жөні)
Ғылыми жетекшісі

п.ғ.к., доцент ____________ Исинова К.С.

(лауазымы, ғылыми дәрежесі) (қолы) (аты-жөні)



Нормабақылаушы ______ Хамметова Ж.Х.

(қолы) (аты-жөні)

Павлодар

2010



2.2.1 Библиографиялық хаттауы

Негізгі түсініктер

Библиографиялық аппарат – автор ізденіс жұмысында қолданатын қайнар кілті. Библиографиалық аппарат библиографиялық тізімі, библиографиялық сілтеуі деген мағына береді.

Библиографиялық тізімі – қорытындысынан кейін жазылады, дипломдық жұмыста 20-дан кем болмау керек.

Библиографиялық сілтеу – бұл анықтама ретінде жұмыстағы сілтеу, сүйену, дәлелдеу т.с.

Библиографиалық тізім әліппе тәртіп бойынша жазылады. Мысалы:

Соколов А.С. Музыка вокруг нас. – М., 1996.

Н.С.Дүкенбай. Жырлайды жүрек. – П., 2008. т.с.

Библиографиялық сілтеу:

«Кітап бойынша цит.:»

«Мақала бойынша цит.:»

... ол туралы келесі бетте ...

[3.16] ол деген ... (тізім бойынша 3 әдебиет 16 бет).


2.2.2 Библиографиялық сілтеудің жазу ережесі

  1. Автордың тегі алдында аты, әкесінің аты жазылады.

  2. Берілген мәтінде дәйексөзі әдебиеттен болмаса, басқадай басылымнан, не басқадай құжаттан алынса, сілтеуді келесі сөзден бастаған жөн: «... бойынша сілтеу:», не «...кітап бойынша сілтеу:», не «... мақала бойынша сілтеу:».

3. Берілген мәтіннен сілтеуге логикалық баяу көшуі болмасын, онда келесі сөздерді қолдану қараңыз (қар.), ол туралы қараңыз (қар.).

4. Сілтеу жасарда кейбір сәйкессіздік болуы мүмкін:



  • автордың тегінен кейін аты, әкесінің тегі;

  • негізгі атауы тырнақшада жазылуы;

  • нүкте мен тирені (сызықша) нүктемен ғана ауыстыру;

  • шыққан басылым мекені жазылуы емес. Осы кезде баспа мекенінен кейін үтір қойылып басылымның жылы көрсетіледі.


2.2.3 Негізгі мәтіннің тәсілі, әдебиет негізімен байланысы

  1. Библиографиялық тізімде көрсетілген әдебиет негізінің номері негізгі мәтінінде жақшаға алынады. Мысалы (25).

  2. Негізгі мәтіндегі әдебиет негізіндегі парақ (бет) жақшаға алынады. Мысалы (25.6).


Өздік жұмысына сұрақтар мен тапсырмалар

  • Музыкалық – педагогикалық ізденіс жұмысының негізі неде?

  • Музыкалық – педагогикалық ізденіс жұмысындағы мәселе мен тақырыбының айырмашылығы неде?

  • Музыкалық – педагогикалық ізденіс жұмысындағы мақсаттар мен міндеттерді сипаттаңыз?

  • Объектіні пәннің зерттеуінен айырмашылығын сипаттаңыз?

  • Музыкалық – педагогикалық ізденіс жұмысының гипотезасының негізі неде?

  • Музыкалық – педагогикалық ізденіс жұмысындағы әдіснамалық негізін қалай түсінесіз?

  • Ғылыми зерттеу жұмысының ғылымилығын, теориялық және практикалық негізін қалай түсінесіз?

  • Дипломдық жұмысын жазар кезінде Г.К.Коганның практикалық кеңестерін пайдалануға бола ма?

  • Жазылған дипломдық жұмыспен танысып, оның талдауын жасаңыз. Авторға қандай сұрақтар қояр едіңіздер?


Ұсынатын әдебиет

Негізгі

1. Коган Г.М. Избранные статьи. Вып. 2. – М., 1972. – с.87-127.) 2. Пример выпускной квалификационной работы будущего учителя музыки (кос-ша)


Қосымша

  1. Введение в научное исследование по педагогике / Под ред. В.И.Журавлева. – М., 1988.

  2. Джалилов А.Х. Основные учебно-исследовательской работы студентов: Учебное пособие для вузов. – Алма-Ата, 1989.

  3. Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. – М., 1982.

  4. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. – Самара, 1994.

  5. Сластенин В.А., Исаев И.Ф. и др. Методы педагогических исследований // Педагогика: Учебное пособие. – 3-е изд. –М., 2000

  6. Методы педагогических исследований / Под ред. А.И.Пискунова, В.Г.Воробьева. – М., 1979.

  7. Скаткин М.Н. Методика поиска научной литературы, чтения и составления обзора по теме исследования. – М., 1980.

ІІІ Тарау

Музыкалық білім беру педагогикасының философия және басқадай ғылымдармен байланысы
3.1 Музыкалық білім беру педагогикасы және философия

К.Д.Ушинский былай жазады: «Педагогика – ғылым емес, ол өнер: ең көлемді, күрделі, жоғары деңгейдегі және де барлық өнердегі керектігі, тәрбие өнері ғылымға сүйенеді ...».

Музыкант - педагог – музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалық дамуында ізденушінің алдына арнайы мақсат қояды: мысалы, музыкалық - педагогикалық ізденістің жаңа әдісін табу, музыкалық - педагогикалық мәселені әдіснамалық ұстанымына қарап шешуі. Осы іс-әрекетінде музыкалық білім беру педагогикасында жаңадай білім алуы.

Педагог – музыкант - өз әрекетінде практик, практика жүзінде әдіснамалық оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруы болып табылады. «Әдіснамалық білімді» жүзеге асыру ол педагог – музыканттың шығармашылығы. Неге? Музыкалық білім беру процесінде әрқашанда сынып бола ма, топ бола ма, олардың музыкалық мәдениеті, музыкалық қабілеті, қызығушылығы, сұранысы, жалпы өзіндік мәдениетінің деңгейі әрқашанда қайталанбайды.

Ия, тәжірибелі педагог – музыкант өз іс-әрекетінде әдіснамалық білімін сирек қолданады. Расында да, педагог – музыкант жұмыс процесінде әдейі музыкалық білім беру әдіснамалық педагогикасымен шұғылданып, әдіснамалық білімін қолдана отырып, едәуір нәтижеге жетеді. Мысалы, Павлодар қаласының Ы.Алтынсарин атындағы гимназия – интернатының музыка мұғалімі Н.Дүкенбайдің өзінің 10 жылдық эксперимент жұмысы барысындағы нәтижесі: 1-4 сыныпқа арналған музыка сабағына бағдарлама және оған қоса оқу - әдістемелік кешені, ол деген бағдарлама, музыка мұғаліміне оқу құрал, оқушыларға оқулық және қосымша материалдар (нота хрестоматиясы, фонотека т. б.).

Сондықтан, бұл ізденіс – үлгі ретінде әдіснамалық талдаудың қолдануы, философиялық, педагогикалық, психологиялық білімінің музыкалық білім беру педагогикасы саласына шығармашылық қолдануы деуге болады.

Музыкалық білім беру педагогикасы басқадай ғылымдармен қандай байланыста?

Философия мен педагогика ертеден байланыста, ол адамның рухани - шығармашылық байланысы деп есептелген. Педагогика нақты философия, өмірлік философия, ол педагогика. Педагогиканың философияға жақындауы өзіндіқ мәселелерін шешеді, ой қорытады. Адам сұлулығы мен әлем бірлігінің идеясы, оның қарым - қатынасынан байқалады. Өз шәкірттерінің ақылы мен жүрегімен музыканы сезінуі, оның сұлулығын, күштілігін бейнелеуі. Педагогика мен философияның бір - біріне жақындауы деп айтуға болады, мамандар бұл жағдайды педагогика «нақты философия» дейді (П.Наторп) немесе, керісінше, философиялық білімнің өмірдегі педагогикалық жалғасы (С.Гессен).

Музыкалық білім беру педагогикасы өз дамуында қалай да болсын философиямен байланыста, жинаған тәжірибені өз ұғынуында және өз мәселесін шешуі болып табылады. Сондықтан, осы жағдай философияда да байқалады, оның өкілдері кей уақытта музыкалық білім беру теория мен практика мәселесіне жақындап, практика және әдіснамалық ғылымды байытады (толықтырады).

Сондықтан философия - эстетикалық категориялар теорияда қалыптасуымен қатар тәжірибеде де қалыптасады. Оның дәлелденуі Д.Б.Кабалевскийде бар, оның концепциясында (өмір мен өнердің байланысы, адамның әлемге көркем бейнесінің қатысы, сұлулықтың негізін өнер мен өмірлігінде).

Қазіргі философтар өнер педагогикасын қарастырады, бүгінгі күннің шынына, философиялық білімді практика жүзінде қарастыруда. М.С.Коган: «... мектеп өміріндегі өнердің рөлі мен орны қандай екенін корсетеді... Кейінгі кезде педагогтың, оқушының тұлғалық көзқарасы қандай. Музыкант - педагогтің көзқарасын негізгі сапалы түрде қарастыру, тұлғалық мінезінің қалыптасуы, адамгершілік және кәсіби мәдениеттілігі».

Философия және музыкалық білім беру педагогикасы байланысының нәтижесі ең негізінде бола алады: білімінің қалыптасуы музыкалық білім берудің өзекті мәселелерін шешуі, ұғынуы, оның негізін шешу барысындағы нақты әдіснамалық хабардар болуы және нақтылығы.

Жоғарғы бағыттағы музыкалық білім беру педагогикасының ұғымы біріншіден тұлғаның дамуында, музыкалық интонация арқылы қоршаған шындылықта, өзінің ішкі сезімінің әлемін, адамның көп мәселелерінің разы болуы.

Сондықтан философия туған сұрақтарды, категорияларды, көріністерді шешу барысында ғылыми тұрғыда қарастырады, қазіргі музыкалық білім беру педагогикасының мазмұнының негізі, оның бастамасы. Мысалға алсақ, өнердің болуы, ондағы адам мен әлемнің сұлулығы, оның байланысы. Сондықтан осы мәселені философтардың козқарастары өте маңызды, оның құндылығы, тәрбиелеушілердің жүрегіне музыканың маңызын, оның сұлулығын өнерде және өмірде көрсете білуінде.

Қазіргі кезде философия мен музыкалық білім беру байланысы жаңа мазмұнымен толықтырылады, оның негізі – тұлғаның (педагог, оқушы) өмірлік көзқарасын қалыптастыруы.

Педагог - музыканттың өмірлік көзқарасын ең маңызды ретінде қарастыру, тұлғаның кәсіби мінезділігі ретінде, оның адамгершілік пен кәсібилік мәдениетінде. Сондықтан музыкант - педагогтің өмірілік көзқарасы рухани – құлықтылық, психологиялық және музыкант - педагогтің тұлғалығының жоғары деңгейіндегі бірлігі, біртұтастылығы.

Педагог - музыканттың көзқарасының негізі көркем - педагогикалық процестің байланысы – музыкамен және оқушымен.

Сондықтан педагог - музыканттың өзінің кәсіби білімділігімен болып жатқан уақыт – заманына, уақиғаларға өз бағасын беру, талдауы және өз тұлғалық өмір көзқарасының ұстанымын білдіру, оның ішінде өнерде, педагогикада, қоршаған шындылықта және нақты музыкалық – педагогикалық практикада. Осы кезде музыкант - педагогтің транслятор (көзқарасы, қоғам идеясы, көркемдік және педагогикалық көзқарасы, идеалы) рөлін атқарады.

Кезкелген маманды адамның қөзқарасы (оның ішінде музыкант - педагогтің) адам әрекетінің саласында хабардар болуы (ғылым, өнер, дін, саясат т.с.с.). Осы кезде философия ғылымы өте маңызды. Философиялық көзқарас ұстанымы музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалық негізін құрайды, белгілі бір тұжырымдамалар, принциптер және әдістердің болуы, қалыптасуы. Сондықтан қазіргі музыкалық білім беру педагогикасын философия – эстетикалық мұрасы ретінде шешуге болмайды. И.А.Ильин кезінде былай айтыпты: «жүрексіз мәдениет» мәдениет болмайды, дөрекілік «өркениет» рухани жаңылысуы (запущенности). Философияда жоғары түсінік бар – «руханият», «махаббат» және «шығармашылық». Соңысы И.А.Ильиннің түсінігінде әлемдегі, әлеммен диалог. Рухани бостандық адамның күшімен, адамның өнерімен дамиды.

Музыкалық білім беру педагогикасының ең басты әдістемелік бағыты – ол философиялық категория – диалог. Диалог – бұл адам арасындағы ақиқат (шындық ақиқат) ізденісі. Музыкалық білім беру педагогикасының диалогы – жай құрал емес, ол әдіс. Сондықтан педагог – музыкант рухани диалогта «үйретпейді», оқушы өзі «үйренсін» дейді. Диалектикалық әдіс – қарама – қарсылық, табиғат процесіне «кіру» т.с.с.

Кейінге кезде музыкалық білім беру педагогикасы мен философия байланысы жаңа мазмұндамамен толықтырылады.

Музыкалық білім беру педагогикасының философияға сүйенуі, байланысы – музыкалық – педагогикалық шындығының болмысы, түрлі мәселелерінің болуы және философиялық әдісі.


3.2 Музыкатану және музыкалық білім беру педагогикасы

Музыка деген не? Адам өмірінде, қоғамда музыка қандай орын алады? Әлемнің көркем мәдениетінің ерекше форма ретіндегі маңызы неде? Оны қалай танимыз? Осыған музыкатану жауап береді. Музыкатану – музыка өнерді ізденуі, оның әлеумет – тарихи шындыққа қатысуы, басқадай адамзат рухының мәдениеті саласына оның ішкі көзқарас заңдылықтары мен ерекшеліктері.

Музыкалық өнерді, музыкалық мәдениетті, оның жүйесін, нақты болмысты, музыкалық шығармаларды, музыкалық жанрларды, музыкалық шығармашылығы, тарихы, стиль процесінің өзгеруін, музыкалық жанр эволюциясының өзгеруі, әлеумет мәдениеті, музыкалық шығармашылықтың ұлттық негізі деп сеземіз.

Музыкалық білім туралы зерттеуі көне заманнан дамып, қалыптасып келеді. Музыка табиғатын, оның қызметтерін осы білім арқылы байытып, толықтырып, музыкатанушылық білімі музыкалық – педагогикалық көзқарастарда көрінеді. Сондықтан, музыкатану мен музыкалық білім беру педагогикасы өзінің тарихи дамуында өз-өздерін толықтыру жолында болды. Жаңа музыкалық – педагогикалық технологиялар жалпы музыкалық мәдениетінің дамуына себеп болды.

Музыкатану ғалымға, педагог - музыкантқа, музыка саласы оның ғылымилығына, ізденісіне, шығармашылық әлеуетіне әсер етеді.

Музыкатану зерттеулері музыкалық өнер, музыкалық мәдениет ізденісіне бағытталған, оның күрделі жүйелеріне, нақты құбылыстарына, мысалы музыкалық шығарма, музыкалық жанр, музыканттың шығармашылық өмірбаяны және жалпы құбылыстарына, мысалы тарихи процесінде болып жатқан түрлі стильдер, музыкалық жанрлардың эволюциясына, әлеумет мәденілігіне, музыкалық шығармалардың ұлттық контекстіне.

Қазіргі кезде даму сипаттамасында музыкатану ғылыми саласында қызығушылықпен кеңейіп, музыкалық өмірде, мәдениетте, шығармашылықта, орындаушылықта, музыка қабылдауында және олардың заңдылықтарын, әдістерін зерттеу барысында байқалады.

Осы зерттеу барысы (музыкатану) музыка табиғатының интонациялығын (дыбыс ырғағын) ұғынуы. Сондықтан, музыка табиғатының интонациясы – ерекше қасиет, музыканы басқадай өнер түрлерінен айырмашылығы. Интонация композитордың ойын жеткізумен қатар, оның әлемдік көзқарасын, әлемдік түсінігін, әлемдік тыңдаушылығын, әлемдік қатынасын, әлемдік сезушілігімен бірге заманның да ойын жеткізе алады.

Сондықтан музыкалық интонация, жанр, стиль, бейне т.б. музыкатанушылық категориясының кілті болып табылады да, музыкатану негізі ретінде басқадай ғылыммен байланыста болады, оның ішінде музыкалық білім беру педагогикасы да бар.

Сондықтан, келесі ұғымдарды білу қажет – музыка табиғатының интонациясы – арнайы қасиет, музыканың басқа өнердің түрлерінен айырмашылығы. Оның ішінде – «музыкалық интонация», «музыкалық жанр», «музыкалық стиль» т.с.с.



Интонация – биіктігі, музыкалық тіл, музыкадағы өлшеу т.б. тіл мен музыка байланысы. Интонацияны қазақша дыбыс ырғағы деп атауға болады. Музыка – ол арнайы қасиет; музыкалық интонацияның семантикасы: (сөздің түбі, мағынасы т.б.).

Интонацияның түрлері – суреттеу, бейнелеу, лирикалық, драмалық, батылдық бағыттары; интонация - мәнерлеу құралдарының барлығы. Сондықтан, музыканы тану – интонациялық процесс.

Музыкатану ғалымдары «интонацияны» әр түрлі деңгейде қарастырады: биіктігіне құрылған музыкалық үн; музыка туралы айтып салу нақышы; ұғып «айтылуы» және т.б. Сондықтан, музыканың ерекше интонациялық теориясы зерттеледі: музыка мен сөз интонациясының байланысының негізділігі мен айырмашылығы; музыканың арнайы ерекшелік процесі; тарихи дамуындағы музыканың семантикасы.

Ал музыкалық білім беру педагогикасында музыка табиғатының интонациясы музыкаға «кіру» мәселесін шешуде, «жанды өнер» ретінде музыканы қабылдауы. Осы бағыттағы ең бірінші қадам (интонациялық теорияда), ол музыкалық және тіл интонациясының жалпылығы мен ерекшелігін ұғынуы.

Ал, педагог – музыканттың, ең негізі, ол интонацияны барлық музыкалық мәнерлеу құралдарын біріктіру болып табылады. Осындай жағдайды интонацияның «дыбыскешені», мазмұны мен формасының біртұтастылығы деп те атауға болады.

Музыкалық білім беру педагогикасында музыканы ұғынуды интонациялық процесс деп атауға болады. Интонацияны музыкалық форманың дамуында музыканың «дәні» деп түсіндіреді.

Музыкалық білім беру педагогикасында музыка табиғатының интонациясын меңгеру барысында жанрлық үйлесу деңгейінде қарастыруы.

Музыкалық жанр – қазіргі кезде музыкалық шағармалардың түрлері дейді (мазмұны және орындау құралдары). Ол - өмірлік, өмір сүру, орындаушылық құралдар, музыканың басқадай өнермен байланысы, мазмұнының түрі, т.б.

Сондықтан, музыкалық жанрлардың түрлері туралы тұжырымдама пайда болды: өмірлік арнауы мен өмір сүру тұрмысы(Т.В.Попова, А.Н.Сохор); орындаушылық құралдар (Т.В.Попова); музыканың басқадай өнермен байланысы (О.В.Соколов); мазмұнының түрлері (В.А.Цуккерман) және т.б. Әлеуметтік факторға сүйене, жинақтай келе және жүйелеу барысында Е.В.Незайкинский – үш жанр формасын көрсетеді – синкретикалық (алғашқы дамымаған), эстетикалық (көрсететін музыка) және жалпы – коммуникациялық (байланыс, хабар). Сондықтан, музыкалық шығарманың жанры тыңдаушы мен композитор, шындық пен (көріністің) сәулеленудің делдалы. Ал, музыкалық білім беру педагогикасы (музыкатанушылар) – жанр классификациясы арқылы музыкалық материалды ұйымдастыру, реттеу негізі болып келеді.

Оқушылардың меңгеруі – оның қасиеті арқылы үлгі ретінде марш, ән, би, күй жанры, оның мазмұнында – «әуенді», «би ырғақты», «марш екпінінде», «күй ерекшелігінде», осылар арқылы симфония, соната, концерт, опера т.с.с. жанрлармен танысады. Әлде де жанр өзінің ғылыми, музыкалық – педагогикалық ұғымын алған жоқ. Әлде де зерттелген жоқ: байланыс жолдары, халықтық жанры мен кәсібишілігі, «жеңіл музыка» мен «салмақты музыка», (соната, симфония, концерт, оның дамуы, өсуі жағы зерттелмеген), олардың тақырыптық негізін, жанр интонациясын табу, коспозитор стилін интерпретациялық талдау (интерпретация – музыкалық шығарманы, бейнені шығармашылықпен көрсете алу, жеткізу).

Бұл педагогикалық – музыкалық түсінік: жанр – стиль, жанр – форма, жанр – мазмұны дегенді айыруы мен сипаты. Музыкалық стиль – музыкатануда мәнерлеушілік құралдар жүйесін түсіну деген мағына, ол идея – бейне мазмұнын іске асыру деген сөз. Композитордың көзқарасы мен әлемсезімшілігі, ғасырлар мазмұнының идеясы, музыкалық – тарихи процесінің заңдылықтары. Сондықтан, композитордың тұлғалық шығармашылық мінезі (сипаты), оның эмоциялық мінез ерекшелігі (Е.В.Назайкинский), оның шығармашылық ойлауының қасиеті (М.К.Михайлов), «әлемнің рухани көрінісі» В.В.Мендушевский). Осының бәріне әлі де бірлік, біртұтастылық керек, стиль деңгейінің жүйесі: ғасырлық (тарихи стиль), ұлттық стиль, стиль-көркемдік бағыты, авторлық, орындаушылық, жанрлық. Олардың байланысы келесі мәселелерде ашылады: жалпылығы мен ерекшелігі, жүйелілігі мен жүйесіздігі, түрі мен жекелелігінің қатынастары.

Музыкалық білім беру педагогикасында стиль бағытына ерекше көңіл аударады. Мектепке арналған музыкалық бағдарламаны қарасақ, музыканы қабылдау әрекетіне Еуропа, басқадай ұлттық, халықтық стильдер бар. Сондықтан, музыкалық материалды сұрыптау кезінде педагогтың көңілі не бір, не басқадай стильге аударады: тарихи стиль, ұлттық стиль, стиль бағытына, композиторлық стиль, орындаушылық стиль т.с. (Ю.Б.Алиев, Е.В.Николаева).

Стильді талдау әдістемесінде музыкант – педагог келесі маңызды компонентке сүйенеді, ол есту атрибуция стилі.

Есту сезім атрибуция стилі – есту сезім айырмашылығы мен шығарманың не мәнерлеу құралдырдың ұқсастығын біліп алу. Қазіргі ғалымдардың стиль-есту талдау әдісі (Ю.Б.Алиев, Б.Л.Старобинский) және интонациялық - стиль музыкасын меңгеру әдіс (Е.Д.Критинский, Г.П.Сергеева) бағытына көңіл аударуда. Музыкалық білім беру педагогикасында стильдің қалыптасу ерекшелігі педагогикалық тұжырымдама арқылы анықталады, «есеп уақыты», не «көзқарасының бұрышы» деп «музыкалық стиль» категориясындағы педагогикалық ұғым. «Музыкадан шығатын және музыкаға сүйенетін» педагогикалық тұжырымдаманың негізі (Д.Б.Кабалевский), онда стильдің педагогикалық түсінігі музыкатанушылардың айтуынша мәнерлеу құралдар жүйесі идея-бейнелеу мазмұнын іске асыруына сәйкес келеді.

Сондықтан педагог - музыканттың алдына қойылған мақсат-міндет – ерекше музыкалық-интонациялық құралдарының жүйесін анықтау, бейнелеу формасы және оны оқушылардың меңгеруі.
3.3 Музыкалық білім беру педагогикасы және психология

Психологияның музыкалық білім беру педагогикасымен байланысы – ол адамды зерттеуі және оның музыкалық дамуындағы жалпы бағытының белгісі. Педагогика және психология ғылым ретінде жалпы ортақ сұрақтарды шешеді, оның ішінде: музыка адамға қалай әсер етеді? Әсерінің себебі неде? Музыкалық қабілет деген не, және музыкалық білім берудің ұжымдық не тұлғалық құралдардың даму мүмкіндіктері неде? Музыкалық икемділік пен дағдысының заңдылықтарының дамуы қандай: тыңдаушылық, орындаушылық және шығармашылық? Музыкалық мазмұнын баланың меңгеру барысында ойлау ерекшелігі, есте сақтауы, елесі және жас ерекшелігі мен жеке тұлғалығы қалай қолданылады?

Музыкалық білім беру жүйесіне байланысты ұрпақтық психологиялық қасиеттерінде, болмыстың ішкі психологиялық негізінде, қоршаған ортаның әсері және педагогтың ұйымдастыру қабілеті. Сондықтан педагог - музыкант музыка өнерінің заңдылықтарын біле тұра жалпы музыка дамуының заңдылықтарын да білуі қажет. Музыкалық психология аспектісін зерттеу барысында адам мен музыкалық мәдениетінің байланысын, мәдениет-антропологиялық және музыкалық-педагогикалық үйлесімін тұрақтайды.

Ал, ғылым, музыкалық өнерде, музыкалық іс-әрекетте психологиялық ерекшелігін (фактілер, болмыстар, заңдылықтар, механизм) зерттеу бірлігін, ол музыкалық психология. Сондықтан, айыра білу қажет: психологизм - әдіснамалық ұстаным, ал психологиялық ғылым - білім процесінің маңызды бұлағы. Қазіргі уақытта психология музыкалық білім беру теориясы мен практика қатынаста.

Басқадай заңды байланыс – музыкант-педагогтің әрекет байланысы мен оқушылардың музыкалық әрекеті нәтижесінің, тұлғаның дамуының арасындағы байланысы.

Психологиялық ғылым өз нұсқауына сүйене отыра, музыкалық білім беру процесінде келесі деңгейде дамиды: теориялықта, технологиялықта, әдістеме - дидактикалықта.

Музыкалық – педагогикалық теорияда – музыкалық-педагогикалық процес танымында психологтар және педагогтар өз жұмысында келесі түсініктерді қолданады: «музыкалық әрекет», «музыкалық қаблет», «музыкалық - танымдық процесс» (қабылдау, есте сақтау, ойлау т.б.). Ал, «музыкалық сезімді» және «музыкалық іс-әрекетті» музыкалық психология ішкі психологиялық негізін, оның құрылысын, психологиялық заңдылықтарының қалыптасуы және сезімнің қызметі музыкалық іс-әрекетінде қалыптасады.

Музыкалық білім беру педагогикасы принциптерді қалыптастырады, педагогикалық процесте оқушылардың музыкалық сезімін зерттей отыра, мақсатты түрде дамиды.

Психологиялық ғылым теория мен музыкалық білім беру практика арасындағы байланысты жалпығылымилық психологиялық принциптерін музыкалық іс-әрекет арқылы ашады. Психология принциптері - адам психикасының қалыптасу дамуының ерекшеліктерін түсіну, механизімнің қызметі. Психологиялық принциптер негізгі заңдарды шоғырлау барысында педагогикалық процесінде адамның психикасын зерттеу және педагогикалық процесте адам тұлғалығының қалыптасуы болып табылады.

Ал, механизм деген, психология мен музыкалық білім беру педагогиканың арасындағы байланысының қалыптасуы, өзіндегі жалпы психологиялық принциптерінің жүрісі мен музыкалық білім беру педагогикасының дидактикалық принциптерінің білім беру әдісіндегі оқуы; зертелетін пәндер ерекшеліктерін есептеу және осы ерекшеліктерді пайдалана жеке әдістерді еңгізу.

Сондықтан, оқушының музыкалық қабілетін дамыту барысында педагог – музыкант оқу процесін құрған кезде, келесі маңызды отандық психологиялық принциптеріне сүйенеді.

Сана мен әрекет бірлігінің принципі - әдіснамалық саралау психологиялық пен музыкалық білім беру педагогика мәселесінде өз шешімін табады. Сондықтан, музыкалық қабілет іс-әрекет үстінде дамып қалыптасады және құрылады. Осы принципті іске асыру барысында педагог - музыкант музыкалық қабілеттің процесс моделін өз оқушыларында музыкалық қызметін ұйымдастырып дамытады. Психологиялық-педагогикалық модель процесінде дамыған оқыту - музыкалық қызметі анықталады.

Сана мен әрекет бірлігінің принципі оқушының музыкалық қабілетінің деңгейін анықтап, музыкалық сана дамуының деңгейін, оқушының музыка сабағында музыкалық іс-әрекетінің психологиялық жағдайды анықтайды, оның сипатын, екпінін, сабақтың мазмұнын меңгеруі және т.б.


жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау