«педагог мәртебесі туралы» Қазақстан республикасының заңЫ


-бап. Педагогтерді даярлау



жүктеу 49,92 Kb.
бет10/10
Дата20.10.2023
өлшемі49,92 Kb.
#43940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мугалим мартебеси зан жобасы

18-бап. Педагогтерді даярлау

1. Педагогті даярлау техникалық және кәсіптік, орта білімнен және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Ұлттық және салалық біліктілік шеңберіне сәйкес орындалады.


2. Педагогті даярлау үшін білім беру бағдарламалары педагогтің кәсіптік стандарты талаптары ескеріле отырып, тиісті деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары негізінде әзірленеді.
3. Педагогті даярлады жүзеге асыратын білім беру ұйымдары педагог мамандықтары бойынша жоғары деңгейдегі даярлығы бар білім алушыларды («Алтын белгі» белгісінің иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалар, жарыстар және т.б.) тарту үшін қабылдаудың басқа жағдайларын ұсынуға құқылы.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына педагогикалық бадарламалар және мамандықтар бойынша оқуға қабылдау конкурстық негізде және білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Педагогикалық даярлықты ақылы түрде іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтаған деңгейден төмен емес шекті балмен білім алушыларды қабылдауды жүргізеді.


19-бап. Біліктілікті арттыру және педагогті қайта даярлау

1. Педагогтер кәсіптік қызметіне қажетті жаңа құзыреттілікті алу және (немесе) жетілдіру және (немесе) бар біліктілігінің аясында кәсіптік деңгейін көтеру, өз пәнінің саласында, сондай-ақ оны оқыту әдістемесінің саласында жаңа жетістіктермен танысу мақсатында үш жылда бір реттен кем емес біліктілігін арттырудан өтеді.


2. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту бір мезгілде және үздіксіз, сондай-ақ кезең-кезеңмен (дискретно), оның ішінде жеке пәндерді, курстарды, пәндерді (модульдерді) меңгеру, практиканы өту, желілік нысандарды қолдану және желілік қауымдастыққа қатысу, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту және басқа да нысандарда, Қазақстан Республикасында анықталған заңнамалар мен жүзеге асырылады.
3. Білім беру саласындағы уәкілетті орган басқарушы кадрлардың, педагогикалық және ғылыми-педагогикалық және басқа да бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне теңестірілген кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларының каталогын бекітеді және операторды анықтайды.
4. Жұмыстан қол үзе отырып біліктілікті арттыру кезінде педагогтің еңбекақысы сақталады, Қазақстан Республикасының еңбек және бюджет заңнамасына сәйкес іссапар шығыстары төленеді.
5. Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар күнтізбелік жыл ішінде алған білімдерін тәжірибеде сапалы іске асыру үшін біліктілікті арттырудан өткен педагогтің қызметін әдістемелік алып жүруі тиіс.
6. Педагог жаңа біліктілікті алуы, кәсіптік қызметінің жаңа түрін орындау үшін қажетті құзыреттілікті алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіптік қайта даярлаудан өтеді.
7. Кәсіптік қызметіне қысқа мерзімде қолжетімділікке жету үшін педагогті қайта даярлаудың мерзімі мен өзге де жағдайлары білім беру саласындағы уәкілетті органмен анықталады.
8. Қайта даярлау нәтижесі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша қайта даярлау туралы құжат беріледі, ол құжат педагогтік қызметпен шұғылдануға құқық береді және жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатпен теңеседі.
VI тарау. Қорытынды Ережелер


20-бап. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасының бұзылуына жауапкершілік

Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.




21-бап. Осы Заңның күшіне енуі

Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін өз күшіне енеді.




Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
жүктеу 49,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау