Педагог мамандьіғьіна кіріспе



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет27/36
Дата29.01.2018
өлшемі2,8 Kb.
#7992
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36

7) біріккен шығармашылық - шығармашылық жұмысқа әсер ету, 
оны міндетті түрде толықтырып отыру; 
8) жасарту - өзіндік ойлауындағы инерцияны жеңе білу, қоғамдық 
көзқарастардағы артта калушылықты ескерту; 
9) психологиялык (немесе психстерапевтік) - күнделікті тұрмыстағы 
тольікдъшықтьі сақгау, адамдардың ақыл-ой дамуындағы сезімдерді 
сақтау; 
10) геронтологиялық - өмірмен байланыс жасау. 
Сондықтан, өзін-өзі білімдендіру - мәдениетті адамның өміріндегі 
болып жатқан міндетті сабағы. 
Қазіргі мәдени жағдайларда өзін-езі білімдендіру дегеніміз - жеке 
түлғаның мәдени-әлеуметтік теңсіздігі мен өз бетінділігі. Өзін-өзі 
білімдендіру феномені әлемдік білім беру дағдарысы негізінде пайда 
болған және осы дағдыларының шығу жолы болып табылады. 
Өзін-өзі білімдендіру - білімді «жинау» ғана емес, сонымен қатар 
түлғаның жалпы ақыл-ойының, тұлғаның даму жолы, оның мәдениетте 
еркін қозғалысы т.б. 
Өзін-өзі білімдендіруді рухани іс-әрекетгің түрі ретінде қарастыра 
отырып, өзін-өзі дамытуға жеткізегін бірден-бір жолы деп түсінеміз. Ал, 
күгілегін нәтижеге жету үшін реалды бейнесін мүратқа жеткізу үшін 
өзіндік дамытуда басқара алуы керек. 
Өзін-өзі үйымдастыруда түлғаның бойьшда кәсіби іс-әрекетке 
психологиялық даярлық байқалады. Н.Р.Битяновтың келіспеушілік 
жағдайларды шешуде өзінің тәргібін басқара алу, өз тәртібін меңгеру, 
жағымсыз көңіл-күйлерін өзгерту үрдісі. Өзіндік дамуьш басқару өзін-
өзі төрбиелеу арқьшы жүзеге асады. Ал, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеті 
өзін-өзі тану нәтижесінде қалыптасады, яғни, өзінің болашақтағы 
идеалды бейнесі мен «Менін» түсінуі. 
Даралық - тұлғалық өсу түсінігімен тікелей байланысты. Түлғалық 
өсу әлем туралы, өзі туралы білімдердің кеңеюі, саналы түсініктің 
болуы. 
Педагог мамаңдығының өзіндік мәні бар: ол адаммен жүмыс 
істейді, яғни, өзіндік тұлғасы мықты «жүмыс қүралы» болып табылады. 
Осы қүрал мықты болса, педагогтың кәсіби нәтижесі де сәтті болады. 
Сондықтан да педагогикалық кәсіби түлғалық өсу - кәсібиліктің 
міндетгі шарты. 
Кәсібилік дегеніміз не? 
Кәсібилік - индивидтің кәсіби дағдыларды меңгеру дәрежесі, ал, 
кәсіпқой (профессионал) - негізгі ісі өзінің кәсібі болып табылатын 
индивид; өз ісінің маманы - өзіне қажетті даярлыты мен мамандығы бар. 
Кәсібилік (профессионализм) психологиялық және түлғалық білім 
беру ретінде тек кәсіби біліктілік пен дағдылардан ғана емес кәсіби 
81 


міндеттерді қоя білу және оны шеше білу өнерімен, жалпы және іс-
әрекеттің қиын жағдайларында шындықты ерекше түсіне білуімен 
сипатталады. 
Олай болса, өзін-өзі дамьггу - тек қана білім, білік және 
дағдыларының қалыптасуымен емес, сонымен қатар кәсіби 
шығармашылығының нәтижесі. 
Е.Г.Рогов тұжырымдамасында кәсібиліктің қалыптасуының негізгі 
үш бағыты көрсетілген: 
I - қызметті, оның функциялары мен иерархиялық түзілімдерін 
орындату жүйесін өзгерту. Мүның нәтижесіндегі іс-әрекеттегі түлғалық 
ерекшелік қалыптасады. 
II - субъект түлғасын өзгерту. Бүл дүниеге кәсіби көзқарастың 
қапыгггасу жолына түсіреді. 
ІП - субъекгінің іс-әрекет нысанына катысты ықпалдастьгқ 
нысанына әсер етуді өзгертуге қатысты когнитивтік, эмоционалдық 
және практикалық компоненттерінің өзгеруі. Бұл кәсіби мәдениеттің 
қалыптасуына алып келеді. 
Бұл бағыттар шын мәнінде жеке тұлға дамуьгаың кәсіби 
қалыптасуының барысы мен кеңістігін көрсететін ішкі құрьшымдары 
мен оның әсерінен болатын өзгерістерді белгілеуге арналған. 
Үздіксіз өзін-өзі дамытуына деген талпыныс өзін-өзі түсінумен, 
озін-өзі танумен, өзін-өзі бақылаумен, өзін-өзі тәрбиелеумен, өзін-өзі 
белсендірумен (өз мүмкіндіктерін неғүрлым көп мөлшерде көрсете 
алуға және дамытуға адамның талпынысы) аныкталады. 
Таңдап алған кәсібіне байланысты қоғамдық тиімділігіне жету үшін 
міндетті және жеткішкті қабілеттерін дамыту қажеттілігі үздіксіз кәсіби 
өсуіне талпынысы арқылы жүзеге асады. 
Әлеуметтік тәжірибе психикасының барлық жағына сәйкестілігін 
сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген жағдайымен елшенеді. Оның 
қалыптасуында рефлексивті үрдістерінің дамуы, өз мүмкіндіктерін 
бағалай білу қабілеттері, өзін түлға деп түсінулері зор мәнге ие. 
Болашақ маман үшін бәсекеге қабшеттілікгің мьшадай құрамьгаың 
маңызы зор: қауіпке төзімділік, яғни, жүйке жүйесінің оңтайлы жүруін 
сипаттайтын түрақты психологиялық жағдай, эмоционалды 
түрақтьшық. Жағымсыз эмоцияларды басқара білу эмоционалдық 
жағдайдың үшқырлығын төмендетуге, эмоционалдық комфорт пен 
кәсіби сәттілікті туғызуға септігін тигізеді. 
Бүгінгі күні жастардың көп бөлігі білім алуда (орта, жоғары). Осы 
әлеуметтік институт білім беру социологиясын зерттейді, ол өлеуметтік 
білім беру жүйесінің өлеуметтік жүйе регінде қальштасуьшьш және 
дамуының, сондай-ақ оның қоғаммен өзара әрекетгестігінің 
заңцылықтарын зерттеу мәні болып табылатын саласын білдіреді. 
82 


Қазіргі білім берудің калыптасуының ұзақ тарихы бар. Адамзат 
қоғамының әр түрлі даму кезеңдерінде нақты әлеуметтік-мәдени 
контекске негізделген білім берудің әр түрлі үлгілері құрылған. Құл 
иеленушілік қоғам екі үлгімен көрінді: антикалық және римдік. Бұлар әр 
түрлі үлгілер болды, олар үшін білім берудің элитарлығы жалпы болып 
табьшды, ғылыммен және өнермен айналысу еркін туғандардың 
артықшылығы болып саналды. 
Антикалық үлгіде ежелгі гректер білімнің практикальгқ 
қосымшасын лайықты емес сабақ деп қарастырған кезде әр түрлі өнер 
мен философияны оқуға басымдық берілді. Антикалык білім алудың 
еріктілік және еркінділік принциптеріне ерекше мән берілді. 
Білімнің римдік үлгісінің утилитарлық сипаты болды және өзіндік 
нормативгік-құндылық бағдарымен ерекшеленеді. Римдік білім беру 
тәртібі сияқты әлеуметтік нысанға мәжбүрлеп оқыту басымдығын 
берді. Білім берудің басты мақсаты әскери басшьшар мен мемлекетгік 
қайраткерлерді даярлауға байланысты болды. 
Орта ғасыр, әсіресе проблеманы зерттеушілер атап көрсеткендей, 
орта ғасырдан Жаңа уақытка өту кезеңі білім беру институтын 
дамытуға қомақты үлес қосты. Бастапқыда монастырь ретінде пайда 
болған университеттерді қүру осы уақыт жетісгіктерінің бірі болды. 
Бішм берудің қазіргі заманғы жүйесі ХҮІІІ ғасырдың соңында және 
XIX ғасырдың басында қалыптасты, ол классикалық деген атқа ие 
болды. Білім берудің классикалық парадигмасы еуропалык мәдениет 
пен өркениет жетістігінің кепілі болып табылды. Міндетгі бастауьгш 
және орта білім беру үстанымы әлемнің көптеген дамыған елдері үшін 
нақты дәлел болды. XX ғасырдың соңындағы әлем халқының 80 
пайызының сауатгы болуы тиіс еді. Қоғамның әлеуметтік қүрылымы 
өзінің ішкі даму зандьшықтарының әсерімен өзгерсе де білім беру 
қоғамды, ал, қоғам білім беру жүйесін өзгертетіні негізгі объективті 
зандылық болып табылады. 
Мамандар білім беруде байқалған қазіргі заманғы үрдістердің 
бірқатарын атап өтеді: білім берудің негізгі парадигмасын ауыстыру 
(білім берудің классикалық үлгісі мен жүйесінің дағдарысы, білім беру 
философиясы мен социологиясының маңызды жаңа идеяларын әзірлеу, 
экспериментгі және балама мектептер қүру, т.б.), білім беруді 
тереңдету, бүл оқытудың қарқынды әдістемелерін енгізуді жобалайтын 
ірі ақпаратгьш өсуінің және жинақталуының салдары болып табьшады: 
білім беру шггернаішонализациясы (бірлескен халықаралық ғылыми 
зерттеулер, студентгер мен оқытушьшардың алмасуы); үздіксіз білім 
беруді дамыгу (ақпараттық шу, сондықтан жоғары оқу орнында 4-5 жыл 
оқытумен шектелмеу керек). Түтас алғанда білім беру адам өмірінің 
бөлігі сияқты оның ажырамас қүқықтарының бірі ретінде танылады. 
83 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау