Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 241,98 Kb.
Pdf просмотр
бет30/31
Дата03.01.2020
өлшемі241,98 Kb.
#25829
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

және басқа мектептерде: мастер-кластар өткізу; топтық консультациялар жүргізу; мұғалімдердің

коучингін және тәлімгерлігін жүзеге асыру; басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беру мәселелері бойынша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін және нормативтік құжаттарды. Филиал

қызметін айқындайтын нормативтік актілерді. Кембридж университетімен бірге дайындалған «НЗМ»

ДББҰ-ның оқу бағдарламасының жеті модулінің тұжырымдамалық идеяларын. Ересектерді оқытудың

заманауи формалары мен әдістерін. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін. Еңбек

қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, білім беру саласындағы жұмыс

өтілі кемінде 1 (бір) жыл, біліктілікті арттыру курстарының тренері сертификатының болуы.



Кафедра меңгерушісі

      Лауазымдық міндеттері: Кафедраның даму стратегиясын жасайды, сыртқы байланыстарды

нығайтады және дамытады.

      Тыңдаушыларды курстық даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлейді. Оқытудың

педагогикалық әдістері мен құралдарын, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс

дағдыларын меңгереді. Профессорлық-оқытушылық құрамды оқытуды ұйымдастырады. Оқу, ғылыми,

әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша кафедра отырыстарын өткізеді.

      Кафедра жұмысын жоспарлайды, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді.

Кафедра оқытушылары арасындағы педагогикалық жүктеме мен лауазымдық міндеттерді бөлуді жүзеге

асырады, олардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасайды. 

      Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Аяқталған ғылыми-зерттеу

жұмыстары мен оларды енгізу мүмкіндіктерінің нәтижелерін талқылауды ұйымдастырады. Қол

жеткізілген ғылыми нәтижелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

      Оқу және оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді. Көрнекі құралдар

мен кафедраның оқу-әдістемелік материалдарының дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі

қатысады.

      Кафедрадағы оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларының сапасы мен орындалуына бақылау жасайды.

Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Кафедра оқытушыларының жұмыс

тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады. Жұмысты жаңа бастаған оқытушыларға оқу және

әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетеді. Кафедра оқытушыларының біліктіліктерін арттыруды

жоспарлайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді.

Ғылыми кеңес жұмысына қатысады. Ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру

ұйымдарымен және басқа да ұйымдармен байланыс орнатады.

      Кафедраның, институттың халықаралық қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді. Кафедраның

барлық құжаттарының және есептерінің дайындалуын және сақталуын қамтамасыз етеді.

      Кафедра қызметінің қорытындысы бойынша есеп береді. Кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау

және қауіпсіздік техникасы, санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауына бақылау

жасайды. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын

орындайды.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының

Конституциясын

Еңбек 

, Қазақстан Республикасының 



кодексін



«Білім туралы»

«Ғылым туралы»

«Қазақстан

 заңдарын және



Республикасындағы тілдер туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық

актілерді, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау және бекіту тәртібін, білім беру жүйесін

басқарудың теориясы мен әдістерін, оқу жоспарларын жасау тәртібін, оқу жұмысы бойынша

құжаттамаларды жүргізу тәртібін, педагогика, физиология, психология және кәсіптік оқыту беру

әдістемесін, қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеу нысандары және әдістерін; экономика негіздерін,

еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен

нормаларын.



      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, ғылыми немесе академиялық

дәрежесінің болуы және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде біліктілікті арттыру

жүйесінде кемінде 3 жыл.

Аға оқытушы

      Лауазымдық міндеттері: Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.

      Барлық оқу жұмысының түрлерін жүргізеді. Оқытатын пәндер бойынша оқу бағдарламаларын,

оқу-тақырыптық жоспарларын әзірлейді. Оқитын пәндері немесе жекелеген оқу сабақтары, оқу

жұмыстары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету үшін еңбектер жинақтайды және әзірлейді.

      Тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Оқитын пәндері немесе жекелеген оқу

бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына басшылық жасайды.

      Біліктілікті арттыруды әдістемелік қамтамасыз етеді. Кафедраның, институттың

ғылыми-әдістемелік жұмыстарына қатысады. 

      Сабақтарды, зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтарды өткізуде тыңдаушылардың

еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау

жасайды. 

      Кафедрадағы оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, әзірлемелерді, жұмыс

бағдарламаларын және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға қатысады. Жеке

жоспардың орындалуы туралы есепті дайындайды және ұсынады. Компьютерлік сауаттылықты,

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді.

      Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін

орындайды.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының

Конституциясын

Еңбек 

, Қазақстан Республикасының 



кодексін



«Білім туралы»

«Ғылым туралы»

«Қазақстан

 заңдарын және



Республикасындағы тілдер туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық

актілерді, білім беру жүйесін басқарудың теориясы мен әдістерін, оқу жоспарларын жасау тәртібін,

оқу жұмысы бойынша құжаттамаларды жүргізу тәртібін, педагогика, физиология, психология,

андрогогика, кәсіптік оқыту беру әдістемесін, қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеу нысандары және

әдістерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы

және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі

кемінде 5 жыл.



Бөлім басшысы

      Лауазымдық міндеттері. Нормативтік, құқықтық актілер мен біліктілікті арттыру институты

туралы ережеге сәйкес бөлім қызметіне басшылық жасайды. Бөлімнің даму стратегиясын әзірлейді.

Бөлімнің жұмыс жоспарын және бөлім мамандарының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Бөлім

мамандарының арасында функционалдық міндеттерін бөлуді, олардың уықытылы және сапалы орындалуын

бақылайды. 

      Бөлім қызметінің нәтижесін талдайды. Бөлім мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға

көмек көрсетеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

меңгереді.

      Ішкі тәртіп ережесін сақтайды және бөлімнің жұмыс регламентіне сәйкес құжаттардың

орындалуын қамтамасыз етеді. 

      Бөлімнің барлық түрлердегі құжаттамаларын, есебін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді. 

      Институттың іс-шараларына қатысады, бөлімнің барлық түрдегі қызметін жоспарлайды және

талдайды. Қажетті есепті, бөлім қызметі туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз

етеді.



жүктеу 241,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау