Қазақстан Республикасының Конституциясы
(үзінділер)
Осы Конституция 1995 жылы 30 тамызындағы республикалық референдумында қабылданған
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.
I бөлім.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен,
оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
2-бап
1. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
3-бап
1. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық.
2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.
3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi.
4. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады.
2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады.
3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
5-бап
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттiк органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
2. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.
3. Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады.
4. Республикада басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының қызметіне, дiни негiздегi партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi.
5. Шетелдiк дiни бiрлестiктердiң Республика аумағындағы қызметi, сондай-ақ шетелдiк дiни орталықтардың Республикадағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиiстi мемлекеттiк органдарымен келiсу арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000.06.07. N 4/2 қаулысымен, өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.21. N 254 Заңымен.
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
II бөлім АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ
10-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
3. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
11-бап
1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
2. Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.
12-бап
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
3. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады.
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады.
Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.
13-бап
1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.
2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең.
2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16-бап
1. Әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы.
17-бап
1. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды.
18-бап
1. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар
2. Әркiм өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
3. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
19-бап
1. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар.
20-бап
1. Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады.
2. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi.
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.
21-бап
1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам, заңда көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.
2. Әркiмнiң Республикадан тыс жерлерге кетуiне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар.
22-бап
1.Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс.
23-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi.
2. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьялар партияларда, кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бiр саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиiс.
24-бап
1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.
2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.
32-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткiзуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттiк қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерi үшiн заңмен шектелуi мүмкiн.
33-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға құқығы бар.
2. Республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
3. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
4. Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық мiндеттердiң сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгiленедi.
Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен.
34-бап
1. Әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
2. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
36-бап
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi.
2. Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.
III бөлім ПРЕЗИДЕНТ
40-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
41-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
2. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
3. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
4.
алып тасталды
5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.
42-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.
2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi
3. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.
4. алып тасталды
5. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
43-бап
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
2. алып тасталды
44-бап
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
8) Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi;
9) Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;
10) республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды;
11) келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекiту грамоталарына қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
12) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
13) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi;
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
15) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
18) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды; Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiн құрады;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
« Қазақстан Республикасының сайлауы туралы»
(үзінділер)
I. Жалпы бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар
Осы Конституциялық заң Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
2-бап. Сайлау бостандығы
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
3-бап. Сайлау құқығы принциптерi
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты
немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
4. Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің, соның ішінде
партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.
5-бап. Тең сайлау құқығы
1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады.
2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.
3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.
.
6-бап. Төте сайлау құқығы
Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тiкелей сайлайды.
7-бап. Жанама сайлау құқығы
1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.
Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
8-бап. Жасырын дауыс беру
Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
9-бап. Сайлау жүйелерi
1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:
1) (алып тасталды)
2) мыналар:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.
1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.
2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.
3. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1) (алып тасталды)
2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
2-тарау. Сайлау органдары
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi
1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:
1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
3) округтiк сайлау комиссиялары;
4) учаскелiк сайлау комиссиялары.
3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi - бес жыл.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.
6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді.
7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтінішінің негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.
11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады.
3. алып тасталды
4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.
5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Орталық сайлау комиссиясы:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;
3) алып тасталды
3-1) алып тасталды
4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;
5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi, сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi; Президенттi және Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;
6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасаудың және берудің тәртібін айқындайды;
7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін шығарады;
10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;
12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;
13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;
14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
15) мәслихаттар
мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады; Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды;
16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми wеb-сайтына сайлау заңдары жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тізілімін жүргiзедi;
16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;
16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Аумақты сайлау комиссиялары:
1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;
2) жетi адамнан құрылады.
3. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
2-1) партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;
3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi: Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;
6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;
6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;
7)
мәслихаттардан басқа,
өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;
8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;
9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми wеb-сайтында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;
10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;
11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары
1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.
3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен, өзгеріс енгізілді - 2004.04.14. N 545 Заңымен, 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен.
16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Округтiк сайлау комиссиясы:
1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;
3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнеді;
4) (алып тасталды)
5) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;
6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;
7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;
8) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiң аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
10) алып тасталды
11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;
12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары
1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
Учаскелік сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.
2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - жетi күннен, ал
өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;
2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де заң актiлерiмен айқындалады.
2-1. Мыналар:
сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсіби тұрақты негiзде жүзеге асырады.
Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүддесін бiлдіреді, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерін бiлдiру жөнiндегi өкілеттiктi тиiстi сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.
4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткiзу кезеңiнде өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;
3) күн тәртiбiне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үшiнің даусымен расталған уәкiлеттігі бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;
7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;
8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;
9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.
6. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген өкілеттiк мерзiмi аяқталғанда, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ:
1) мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
3) тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;
4) соттың оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы сот шешімi заңды күшiне енген;
6) қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі өзін ұсынған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда өз міндеттерінен босатылады.
7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн бiрнеше мәрте бұзған немесе мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда сайлау комиссиясын құратын орган оны лауазымын атқарудан босатады.
8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.
9. Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс.
10. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
20-бап. Сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастыру және олардың әрекеттерiне шағым жасау. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық
1. Сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
2. Алғашқы отырыстарды:
1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кейін он төрт күннің ішінде шақырады;
2) төменгі тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын тиісті жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейінгі жеті күн мерзімнен кешіктірмей шақырады.
3. Сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңінде комиссиялардың отырыстары кемінде екі аптада бір рет өткізіледі. Өзге уақытта комиссиялар өздерінің отырыстарын қажетіне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамашылығымен өткізеді.
4. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, олар заңды болады.
5. Комиссиялардың шешімдері, осы Конституциялық заңда белгіленгеннен өзге жағдайларды қоспағанда, олардың мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешімімен келіспейтін мүшелері ерекше пікірін айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткізіледі және комиссия отырысының хаттамасына жазбаша нысанда тіркеледі.
6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуы үшін жағдай жасайды.
Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.
Саяси партияның кеңесші дауыс құқығы бар өкілі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы, сайлау комиссиясының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
7. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өздеріне қатысты мәселелер қаралатын кезде тиісті сайлау комиссияларының отырыстары мен күн тәртібі туралы алдын ала хабардар етіледі.
Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
8. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.
9. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды.
Өтініштер сайлау комиссиясы мен сотта бір мезгілде қаралған кезде сайлау комиссиясы сот шешімі күшіне енгенге дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтініш туралы және оны қарау нәтижелері бойынша сот шешімінің заңды күшіне енгені жөнінде сайлау комиссиясын хабардар етеді.
10. Мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетуге, оларға қажетті мәліметтер мен материалдар беруге, сайлау комиссияларының өтініштеріне - үш күн мерзім ішінде, ал сайлау күні және оның қарсаңындағы күні дереу жауап қайтаруға міндетті.
11. Аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңіне өздерінің қалауымен комиссияның шешімі бойынша сайлауды өткізуге бөлінген қаражаттың есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, өндірістік немесе қызметтік міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.
Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңіне өздерінің негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады.
Сайлау комиссиялары мүшелерінің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы еңбегіне ақы төлеу сайлау өткізуге бөлінген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
12. Мыналар:
1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;
2) Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірген адамдары;
3) мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар;
4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.
Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
Осы тармақтың екінші тармақшасында аталған адамдар тиісті кандидат тіркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен.
20-1-бап.
3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi
21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi
1. Қазақстан Республикасында мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланылады.
2. Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады. Бұл ретте облыс шегiндегi, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасындағы, аудандық, қалалық сайлау округтерiндегi сайлаушылар санының айырмасы осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегі әрбiр депутаттық мандатқа сайлаушылардың орташа санының он бес процентінен аспауға тиiс.
3. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады.
4. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар сақталып, бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi құрылады.
5. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен, 2004.04.14. N 545 Заңымен, 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен.
22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың шекараларын қайта қарау
1. Сайлау округтерiн аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
2. Сайлау округтерiнiң тiзiмiн, олардың шекараларын және округтiк сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiп, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей тиiстi сайлау комиссиялары тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
3. Сайлау округтерiнiң тiзiмiне өзгерiстер енгiзудi, олардың шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн анықтауды тиiстi сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен.
23-бап. Сайлау учаскелерiн құру
1. Аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн тиiстi әкiмдердiң сайлау комиссияларымен келiсiлген шешiмдерiмен сайлау учаскелерi құрылады. Сайлау учаскелерi сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып, құрылады.
2.Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар:
1) әрбiр сайлау учаскесiнде үш мыңнан аспайтын сайлаушы болуы;
2) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы ескерiле отырып құрылады.
3) (алынып тасталды)
3. Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлiмдерде және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында олардың орналасқан жерi, кеменiң тiркелген порты немесе тұрған жерi бойынша тиiстi сайлау округтерiне кiретiн сайлау учаскелерi құрылады. Шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң жанынан Республика Сыртқы iстер министрлiгi орналасқан аумақтағы сайлау округiне қарайтын сайлау учаскелерi құрылады.
4. Сайлау учаскелерiн құру кеме капитандарының, бөлiмдер немесе әскери құрамалар командирлерiнiң, осы баптың 3-тармағында аталған мекемелер басшыларының тиiстi әкiмдер мен Республиканың Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Тиiстi әкiмдер учаскелердi құрған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткiзген кезде үш күн мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды әрбiр сайлау учаскесiнiң шекарасы жөнiнде хабардар етедi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен, 2004.04.14. N 545 Заңымен, 2005.04.15. N 44 Конституциялық Заңымен.
4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi
24-бап. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерi және оларды жасау тәртiбi
1. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Сенат депутаттарын сайлау кезiнде таңдаушылардың тiзiмдерi жасалады.
2. (алып тасталды)
3. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.
4. Сайлаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады. Тiзiмде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (18 жастағылар үшiн - қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты мекен-жайы көрсетiледi. Таңдаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады және тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, таңдаушы депутаты болып табылатын мәслихаттың атауы әрi оның тұрғылықты мекен-жайын қамтиды.
5. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде жасайды.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмайтыны белгiлi болса, оның өзiнiң болатын жерi бойынша жергіліктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес азамат өтiнiш жасаған кезде жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелу орны бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.
Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылардың тiзiмiне тиiстi әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырылады.
Басқа құзыреттi органдар мен ұйымдардың деректерiмен алдын ала салыстырылған сайлаушылар туралы мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы орган әр жылдың 1 шiлдесiне және 1 қаңтарына электрондық жеткiзушi арқылы және қағазға түсiрiлген күйiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына тапсырады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi сайлау комиссиясына тапсырылған сайлаушылар тiзiмдерiнiң, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердiң дұрыстығы үшiн жауапты болады.
6. Жатақханаларда тұратын күндiзгi бөлiмдерде оқитын студенттер мен аспиранттар сайлаушылар тiзiмiне жатақхананың орналасқан жерi бойынша енгiзiледi.
7. Әскер бөлiмдерiндегi сайлаушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылардың тiзiмi әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде жасалады.
8.Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер, өкiлдiктер басшылары мен кеме капитандары берген деректер негiзiнде жасалады.
Уақытша болу орындарында (демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерінде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерi жанынан, Қазақстан Республикасының
иелiгіндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде) құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тізімдері дауыс берiлетiн күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша мiндеттi түрде нақтылануға тиiс.
9. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) мәслихаты хатшысының ұсынуы бойынша жасайды.
10. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
25-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне енгiзу
1. Сайлаушылар тiзiмдерiне:
1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары;
2) тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтар;
3) демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болған азаматтардың бәрi;
4) әскер бөлiмдерi бойынша әскер бөлiмдерiнде тұрған әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi;
5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.
2. Таңдаушылар тiзiмiне:
1) облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың;
2) тиiсiнше республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы мәслихатының барлық депутаттары енгiзiледi.
3. Азамат (таңдаушы) сайлаушылардың (таңдаушылардың) бiр ғана тiзiмiне ене алады.
26-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiмен таныстыру
1. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерiндегi сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда тиiстi сайлау комиссиялары танысу үшiн сайлаушыларға бередi.
Әскери бөлiмдерде, Қазақстан Республикасына тиесiлі және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын жерлерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi шетелдiк мекемелерінiң жанынан құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тiзiмдерi сайлаушыларға танысу үшiн дауыс беруге бес күн қалғанда; өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау өткiзiлетiн кезде құрылған сайлау учаскелерi бойынша - дауыс беруге жетi күн қалғанда берiледi.
2. Сенат депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерi танысу үшiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен сайлауға дейiн кемiнде жетi күн бұрын ұсынылады.
3. Азаматтарға (таңдаушыларға) тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiмен танысу, сондай-ақ оларға енгiзiлген сайлаушылар (таңдаушылар) жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiледi.
Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін, дауыс беру күнін қоспағанда, тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.
4. Әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы. Тiзiмдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы тұрған жер бойынша тиiстi сотқа шағым жасауға болады, ол шағымды - арыз келіп түскен күні қарап, түпкiлiктi шешiм қабылдайды. Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi.
5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт
27-бап. Сайлау алдындағы үгiт
1. Сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет.
Шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
3. Сайлау алдындағы үгiт:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
2) сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткiзу жолымен;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.
4. Мыналарға:
1) мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына;
2) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьяларға;
3) сайлау комиссияларының мүшелерiне;
4) діни бiрлестiктерге сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
5. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары болып табылатын кандидаттарға өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.
Осы Конституциялық заңда мыналар:
1) бағынышты немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi адамдарды, аталған адамдар кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары ретiнде үгіттi жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге тарту;
2) кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған саяси партияның сайлануына септiгiн тигiзетiн қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар орналасқан үй-жайларды пайдалану, егер өзге кандидаттарға, саяси партияларға аталған үй-жайларды осындай шарттармен пайдалануға кепiлдiк берілмесе, лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалану деп ұғынылады.
Осы тармақта белгiленген шектеулердi сақтау лауазымды адамдарға өздерiнің қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрмеуге тиiс.
6. Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ.
7. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; өтiнiш келiп түскеннен кейін баспа басылымының таяудағы нөмірінде сол бетте, сондай көлемде және сол қаріппен немесе теледидар не радио хабарларында жиырма төрт сағат iшiнде сондай уақытта аталған адамдарға ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғауы үшiн терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдары тиiстi сайлау комиссияларының сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және осы Конституциялық заңда белгiленген хабарламаларды жариялауына кiдiрiссiз мүмкiндiк туғызады.
8. Бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдары, осы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетiлген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы науқан барысында айтқан пiкiрлерi үшін жауапты болмайды.
9. Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады. Сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.
Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады.
Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның, сондай-ақ олардың сенiм бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешімнің күшiн жоюға әкеп соғады.
10. Қандай да бiр адамның бейнесiн - оның жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келiсімінсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тыйым салынады.
28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы
1. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңына, өзге де заң актiлерiне сәйкес белгілi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап не қарсы кедергiсiз сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кепiлдiк бередi.
Осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы.
2. Осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген тiркеу мерзiмi аяқталған кезден бастап, үгіт науқаны аяқталғанға дейiн кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында үгiттеуге және насихаттауға құқығы бар.
Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзуiнiң тең жағдайына кепiлдiк беріледi.
3. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуіне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың телевизиядан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi.
Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар теледидарда Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын, ол белгiлейтiн уақыт көлемiнде саяси пікiр-сайыстарға қатысуға құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға шарттық негiзде эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бередi. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын беру туралы шарттың талаптары белгiлi бiр кандидатқа, саяси партияға артықшылық туғызбауға тиiс. Эфирден және баспасөзден орын беру төлемiнiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi тиiстi телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзiмдiк баспа басылымының редакциясы сайлаудың тағайындалғаны туралы шешім ресми жарияланғаннан кейiнгі оныншы күннен кешiктiрмей хабарлауға және жариялауға тиiс, сондай-ақ Президент сайлауы кезiнде - Орталық және облыстық сайлау комиссияларына, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттары мен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау кезiнде өзге де аумақтық, сондай-ақ oкругтік сайлау комиссияларына берiлуге тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралы кандидаттардың, партиялық тізімін ұсынған саяси партиялардың бірiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге берген келiсімi басқа да кандидаттарға, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге келiсiм беруі болып табылады.
Кандидаттар мен партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келiп түсу ретiмен не егер өтiнiштер бiр мезгiлде келіп түссе, жеребе бойынша белгiленедi.
Кандидаттардың телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiне iле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздерiне сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.
4. Сайлау комиссияларының өтiнiмi бойынша жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде үй-жай бередi. Сайлау комиссиялары бөлiнген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесуiнiң кестесiн жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Үй-жай беру шарты барлық кандидаттар үшін бiрдей болуға тиiс.
5. Тиісті сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, листовкалар, ұрандар мен өзге де үгіттiк баспа материалдарын басып шығару үшiн бiрдей мөлшерде ақша бөледi. Барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс. Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
6. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгiттiк баспа материалдары барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орналастырылады.
Кандидаттар үгiттiк баспа материалдарын тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен өзге де орындарда iлiп қоюға құқылы.
Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға тыйым салынады.
Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда кандидаттың фотосуретiмен және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мәліметтердің стандартты жиынтығымен, бiр нысанда кандидаттар туралы ақпарат орналастырылады.
Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығынан тұратын бірыңғай форматтағы ақпарат орналастырылады.
7. Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттар өз сайлау қорларының қаражаты есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге, қосымша үгіт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлiк және iссапар шығыстарының орнын толтыруға құқылы. Бұл мақсатқа кез келген басқа көздерден өзге ақша тартуға, сайлау науқаны барысында кандидаттар пайдаланатын, кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарын, жұмысы мен қызметiн қабылдауға, аталған жеке және заңды тұлғаларға осы қызметтердің көрсетiлгенi үшін кандидат тарапынан жәрдемнің кез келген түріне тыйым салынады.
Кандидатқа, саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда олардың осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келiсiмi болуға тиiс. Жазбаша келiсiмi жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
8. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмдi баспа басылымдары сайлау комиссияларының хабарламаларын, сайлауға қатысатын кандидаттар туралы деректердi Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiппен және көлемде жариялауға мiндеттi.
9. Сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау caлу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні жариялауға жол берілмейдi.
Сайлау күнi дауыс берілетiн үй-жайда немесе дауыс беру пунктiнде қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.
29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламасы
Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына, жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзінің болашақ қызметiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден, саяси партияның партиялық тiзiмін тiркеуден бас тартуға, ал кандидат немесе саяси партия мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен.
30-бап.
Ескерту. 30-бап алынып тасталды
31-бап. Сенiм бiлдiрген адамдар
1. Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, кандидаттар, саяси партиялар мүдделерiн білдіретін сенiм бiлдiрiлген адамдары болуына құқылы.
2. Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.
Сенат депутаттығына кандидаттың әрбiр ауданда, қалада, қаладағы ауданда бір-бірден сенім бiлдiрiлген адамдары болуына құқығы бар.
Кандидат, саяси партия сенiм бiлдiрiлген адамдар ретiнде ұсынған адамдар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенiм бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтінішін табыс етедi.
3. Сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi.
4. Сенiм білдiрiлген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, ол Сенат депутатын сайлау кезiнде мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс.
5. Сенім білдірілген адамдар Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады және кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның өздеріне жазбаша нысанда берген өкілеттігі шегінде әрекет етеді.
6. Сенім білдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз ұйғарымымен, кандидаттың және партиялық тізiмiн ұсынған саяси партияның шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзімдi тіркеудiң күшi жойылған, осы Конституциялық заң бұзылған жағдайларда өз мәртебесiнен айырылады.
32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату
1. Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.
2. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
6-тарау. Сайлауды қаржыландыру
33-бап. Сайлауды мемлекеттiк қаржыландыру
1. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетін бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібi Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленеді.
2. Республикалық бюджет қаражатынан:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне еңбек ақы төлеуге;
2) осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне;
3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiлетiн кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;
4) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiкке;
5) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенттікке, Парламент Сенатының және мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы, сондай-ақ партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығындары жабылады.
3. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттiк органдар, шет елдердiң Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады.
4. (алып тасталды - 2005.04.15. N 44 Конституциялық Заңымен)
34-бап. Сайлауды мемлекеттiк емес қаржыландыру
1. Президенттi және Парламент және мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады.
2. Сайлау қорлары заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жатады.
3. Сайлау қорлары мынадай көздерден:
1) сайлау округтерi бойынша депутаттыққа кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;
2) кандидатқа оны ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан;
3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтарына тыйым салынады.
4. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Қорға келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiм бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары;
мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде - округтік сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
5. Аталған көздерден сайлау қорларына жолдануы мүмкiн ақшалай қаражаттың шектi мөлшерi осы Конституциялық заңның Ерекше бөлiмiнде белгiленедi. Белгiленген мөлшерден артық түскен ақша қаражаты сайлау қорына есептеуге жатқызылмайды және оларды қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылып берiледi. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. Дерегi жоқ қайырмалдықтар республикалық бюджет кiрiсiне енгiзiледi.
6. Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты кандидат, партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн тиiстi сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Осы Конституциялық заңда аталған мақсаттар үшiн сайлау қорының қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға берiледi. Банктер тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп бередi. Тиiстi сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәлiметтер жиырма төрт сағаттың ішiнде берiледi. Сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртiбiн және тиісті банк мекемесін Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
7. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылуға жатады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.
8. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысулар, міндеттi аударымдар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сайлаудың алдындағы күнi сағат 18-де тоқтатылады.
Қайта дауыс беру өткізілген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсіруге рұқсат берілген ақшаның шекті сомасы бір жарым есе ұлғайтылады.
Қайтадан дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады.
Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы осы Конституциялық заңмен белгiленген шектен acпaуғa тиiс.
9. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей кандидат, саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруге мiндеттi. Сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады.
10. Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның осы баптың 1-8-тармақтарында белгiленген ережелердi, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген сайлау қорлары қаражатын жұмсау тәртібін бұзуы - кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға, ал сайлау өткiзiлгеннен кейiн кандидаттың Президент, Парламент депутаты, мәслихат депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі ретiнде тiркелуiне дейін тиiстi аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
7-тарау. Дауыс беру тәртiбi
37-бап. Сайлау бюллетені
Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды өткiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Сайлау бюллетеньдерi мемлекеттiк тiлде және орыс тілiнде басылады.
Сайлау бюллетеньдерi сайлау округiндегi сайлаушылардың жалпы санының 1 процентi резервiмен сайлау округiндегi сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.
Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлаудан кем дегенде бiр күн бұрын сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервімен жеткiзiледi.
Алып тасталды - ҚР 2004 ж. 14 сәуірдегі № 545-II Конституциялық заңымен.
Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй мөрлеп бекiтiлiп, iшкi iстер органдарының күзетуiне тапсырылады.
38-бап. Дауыс беру уақыты мен орны
Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау жөнiндегi дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырмаға дейiн өткiзiледi. Аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат алтыдан ерте бастап, сағат жиырма екiден кеш аяқтауға болмайды. Дауыс берудi бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық немесе округтiк комиссиялардың шешiмi сайлаушылардың назарына жеткізілуге тиіс.
Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн уақыт пен орын туралы дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, ал мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзген кезде бес күннен кешiктiрмей сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ өзге де әдiстермен хабардар етуге тиiс.
Қазақстан Республикасының иелiгiндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, әскер бөлiмдерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда, алыстағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан құрылған сайлау учаскелерiнде, егер тiзiмге енгiзiлген сайлаушылардың бәрi дауыс берсе, учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс берудi кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады. Мұндай учаскелердiң тiзбесiн тиiстi сайлау комиссиясы сайлауға дейiн жетi күннен кешiктiрмей, мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлауды өткiзгенде үш күннен кешiктiрмей бекiтедi.
Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бiр күннiң iшiнде өткiзiледi. Бұл ретте дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды.
9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi
47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны барысындағы кепiлдiктерi
1. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Кандидаттардың сайлауға қатысқан уақыты тiркелген күнге дейiн оның жұмыс iстеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледi.
2. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына,
өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ iссапарларға жiберуге не әскери жиындарға шақыруға болмайды.
3. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн, сондай-ақ оларды Президент, Парламент депутаты ретiнде тiркегенге дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз тұтқынға алуға, ерiксiз әкелуге, оларға сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сондай-ақ тiкелей қылмыс үстiнде ұсталғаннан және ауыр қылмыс жасағаннан басқа реттерде ұстауға болмайды.
48-бап. Мемлекеттiк органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi
1. Соттар, прокуратура мен iшкi iстер органдары үшiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi ұйымдар үшiн дауыс беру күнi мен соның қарсаңындағы күн жұмыс күнi болып табылады.
2. Iшкi iстер органдары мен тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi ұйымдар сайлау комиссиялары қажет ететiн, тиiсiнше, мынадай:
1) дауыс берудi өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен сайлау бостандығын қамтамасыз ету;
2) сайлаушылар тiзiмдерiн нақтылау;
3) дауыс беретiн күнi сайлау комиссияларының қызметiнде туындаған басқа да мәселелер жөнiнде көмек көрсетуге мiндеттi.
3. Егер сайлау комиссиясы өзiнiң атына берiлген өтiнiштi тексеру кезiнде өтiнiште көрсетiлген мән-жайларды құқық қорғау органдарының тексеруi қажет деп тапса, онда тиiстi органдар сайлау комиссиясының өтiнiшi бойынша мән-жайларды тексередi және өтiнiштi алған күннен бастап - үш күндiк мерзiмде, ал егер өтiнiш дауыс берілетiн күн алдындағы бес күнге жетпейтін уақыт ішінде не дауыс берілетін күні алынған жағдайда дереу өтiнiш бойынша шешiм шығарады.
49-бап. Сайлау науқаны барысындағы шешiмдер мен iс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшiн жою
Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткiзуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөнiндегi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы заңдарды бұзатын шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сотқа шағым жасалады.
Соттар, прокуратура органдары мен сайлау комиссиялары өз жұмысын сайлау процесi кезiнде, оның iшiнде демалыс күндерi және сайлау өтетiн күнi, шағымдарды қабылдау мен қарауды осы Конституциялық заңда белгiленген мерзiмде қамтамасыз ететіндей етiп ұйымдастырады.
Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтініштерiн, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күннiң ішінде қарайды.
Сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздiгіне) жасалған шағымды, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап үш күннiң ішінде қарайды.
50-бап. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Тұлға:
1) сайлау комиссиясының жұмысына араласқан;
2) дауыс беруге кедергi келтiрген;
3) кандидатты, партиялық тiзiмдердi тiркеуге байланысты
iндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
4) дауыстарды санауға және сайлау қорытындыларын анықтауға байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
5) кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатында өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
6) сайлау құжаттарын қолдан жасаған;
7) дауыстарды көрiнеу қате санаған;
8) сайлау нәтижелерiн көрiнеу қате айқындаған;
9) дауыс беру құпиясын бұзған;
10) Республика азаматының өз сайлау құқығын еркiн жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту, сатып алу жолымен кедергi келтiрген жағдайда заңмен белгiленген қылмыстық жауаптылықта болады.
2. Тұлға:
1) осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi бермеген немесе жарияламаған;
2) сайлау комиссиясының өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмiн орындамаған;
3) сайлау алдындағы үгiттi кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тiзiмдi тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
4) сайлау алдындағы үгіт жүргiзу құқығына кедергi келтiрген;
5) кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан немесе олардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасаған;
6) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң құқықтарын бұзған;
7) азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзған;
8) сайлаушылар тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы жалған мәлiметтер берген;
9) басқа адамдар үшiн дауыс беру мақсатымен азаматтарға сайлау бюллетеньдерін берген;
10) сайлауға қатысу үшін демалыс бермеген;
11) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргiзу талаптарын бұзған;
12) анонимдi үгiт материалдарын дайындаған немесе таратқан;
13) үгiт материалдарын қасақана жойған немесе зақымдаған;
14) кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық (материалдық) қолдау көрсеткен;
15) кандидатты сайлау үшiн шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан, азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдық алған;
16) сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу жүргiзудің талаптарын бұзған;
17) сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен байқаушылардың заңды қызметiне кедергi келтiрген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкiмшілiк және өзге де жауаптылықта болады.
3. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде сайлау комиссиясы сотқа не прокуратураға жүгiнуге құқылы.
4. Кандидат, саяси партия осы Конституциялық заңның талаптарын бұзған кезде, кандидатты тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою үшiн негiз болып табылатын талаптарды қоспағанда, оларға ескертiледi, ал қайта бұзған кезде тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
II. Ерекше бөлім
13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы
101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, кезектi сайлауды;
2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутат сайлауын тағайындау үшiн негiз болып табылады.
2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.
3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Президент Жарлығының, мәслихаттың өзін-өзі тарату туралы шешімінің негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының) сайлау комиссиясы депутаттың мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей тағайындайды.
5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмі жөнiнен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиiс.
6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар
Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.
103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi және
өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.
2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбiр кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бірлестiктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етіп ұсынуға құқығы жоқ. Қоғамдық бiрлестік не оның құрылымдық бөлiмшесi әрбiр сайлау округiнде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Mәcлихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктiң, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi.
3. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiк жоғарғы органының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.
5. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.
6. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе,
депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне бiр ай қалғанда аяқталады.
7. Егер кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiсті округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
8. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркеу
1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституция мен осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясының шотына депозит ретінде заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.
1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелердің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәліметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшінде беруге мiндеттi.
2. Қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:
1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының, осы қоғамдық бiрлестiктiң әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi тiркеле отырып, тиiстi сайлау округi бойынша кандидат ұсыну жөнiндегi отырысы хаттамасының үзiндiсi;
2) азаматтың өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiктен осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
4) (алып тасталды)
5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат болған жағдайда жүргізіледі.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:
1) осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер бар болған ретте жүзеге асырылады;
3) (алып тасталды)
4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат болған ретте жүзеге асырылады.
4. Тiркеуге мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.
5. Мәслихат депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына табыс етiледi.
6. Округтiк сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi баспасөз құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып тiркеу туралы хабар жариялайды;
2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгітті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгі анықталғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiмнiң жойылуына қоғамдық бiрлестiк немесе кандидаттың өзi аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа жетi күн мерзiм iшiнде шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде шешiм шығарады.
8. Мәслихат депутаттығына кандидатты тiркеу, егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне жиырма бес күн қалғанда аяқталады.
105-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Мәслихат депутаттығына кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгі кезеңде округтiк сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын қайтып ала алады.
2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң, қоғамдық бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшесiнің жоғары органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс берiп, мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi немесе кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.
106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;
2) кандидатқа өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген, жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгі жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс қаражаттан;
3) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының үш жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
107-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
2. Мұндай жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде дауыстарды санау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
2. Мәслихат депутатын сайлау нәтижелерi учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде округтiк сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Мәслихат депутаттары сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссия төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылып, сайлау өткiзiлген күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiлетiн хаттама жасалады.
3. Дауыс беру нәтижесi мен сайлау нәтижесiн анықтаумен байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен.
109-бап алып тасталды
110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмдерi бойынша өткiзiледi.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарланады.
4. (алып тасталды)
111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей анықтайды.
2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс берген кандидат мәслихаттың сайланған депутаты болып есептеледі.
3. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Мен сайланбалы топ басшысы бола аламын ба
Эссе
Сайланып қойылған өкімет органдарына бір ғана жол бар – оған сайлау арқылы шығуға болады. Расында да Мәжіліс немесе мәслихаттың сайлауына қатысқыңыз келе ме? Адамдардың көбі сайлаушылардың алдына өздерін көрсете алмайды немесе халық алдына шыққанды қаламайды. Жиі кездесетін жағдайды еске сақтаған дұрыс болар: кандидат саны мандат санынан артық болады, кейбір кезде он есе мөлшерде. Осындай жағдайды алдын-ала елестету қиын бола қоймас, себебі жеңіске жеткендердің саны жеңілгендерден көбірек болады. Өзіңіздің болашақтағы ұтылысыңызды сабырлы қабылдай аласыз ба? Сайлаудың алдында жасалған плакатта фамилияңыздың қасына біреу жазған тіл тигізуші немесе ақымақтардың сөздерін көргенде, фотоңызға сақал-мұрттың суретін салса, ал суреттегі көзіңізді шұқып алған жағдайлармен кездескенде өзіңізді ұстай аласыз ба? Есте сақтайтын жайт, жұртшыл тұлға болатын тек депутат қана емес, оған қоса кандидат та сондай болып қалады. Қазақстан Республикасында және өз аймағыңызда болған бірнеше сайлау кампанияларының куәгерісіз, сондықтан осының бәрін еске түсіріп, ойланыңыз. Сіз жеке басыңызбен осының барлығын шыдай аласыз ба?
Сайлауға қатыспас бұрын бірнеше факторлардың болғанына көңілімізді міндетті түрде бөлу керек. Әр қайсысы туралы ойланған кезде қазір проблема тудырмайтын мәселе екі-үш жылдан кейін күрделеніп, өзіңізге қиыншылық тудырмай ма?
Төменде аталған проблемалардың барлығы маңызды болып табылады. Кейбір кезде бұл тізімде бірінші орында тұрмаса да, шешуші рөль атқаратыны барлығымызға мәлім.
НЕГІЗГІ САЯСИ ЖАҒДАЙЛАР
Депутаттар саясатпен айналысады
Жергілікті басқару органдарындағы қызмет саяси іс-әрекет болып саналады. Депутаттар қабылдаған шешімдер саясаттан тыс болады деп айтқандарға сенуге болмайды. Бірінші қарағанда осы жағдайға келмейтін мысалға көңіл аударайық.
Бір күні ата-аналар өзінің үш балаларының болашағы туралы ойланып, оларды оқыту керек деген шешім қабылдайды. Бұл шешімді тапжылмай жүзеге асыра бастайды. Балаларын қосымша сабақтар мен тілдік курстарына жазғыздырады, талаптарына сай жаңа мектеп пен ЖОО-ны таңдайды, тұратын мекен-жайын да ауыстыруға мәжбүр болады. Ата-аналарының бүкіл күштері балалардың жақсы білім алуына бағытталған. Қажырлы тырысқанның еңбегін бірнеше жыл өткеннен кейін, алдымызда үш жоғары білімді, білікті жас адамды көреміз. Жақсы үлгі ме? – Өте жақсы!
Ал екінші үш балалы отбасында дәл сол кезде ата-аналары балалардың әр қайсысына үй саламыз деп шешім қабылдайды. Үйдегі барлық қаражат, қосымша сабақтар, демалыстар, отбасының бүкіл күштері сол үй құрылыстарына бағытталған. Қажырлы тырысқанның еңбегін бірнеше жыл өткеннен кейін үш әдемі үйден көреміз. Жақсы үлгі ме? – Өте жақсы!
Сол кезде екі отбасында да саяси шешімдер қабылданған болатын. Көптеген жылдарға созылған және бүкіл өмірлеріне әсерін тигізген шешімдер олардың тағдырын да өзгертті. Осы жерде саясаттың қысқаша анықтамасын келтіруге болады: «Саясат дегеніміз билікке жету және оны ұстай білу, сондай-ақ дамудың негізгі бағыттарын анықтау». Жоғарыда келтірілген мысалдардың мағынасы – ата-аналар өз билігін пайдалана отырып, балаларының болашағын анықтай алды.
Осындай шешімдерді қабылдайтын депутат екенін ұмытпа! Бүгін қабылданған шешімдердің нәтижелерін кейбір кезде бірнеше жылдар өткеннен кейін байқауға болады. Бұл туралы өзіңіз ұмытып кетсеңіз де, басқалардың «Мынаны қандай ақылды (немесе ақымақ) адам ойлап тапқан екен?» деп сұрақ қоюы мүмкін. Алайда, Сіз сол кезде саяси шешім қабылдаған адамсыз. Мысалы, көпір салу (немесе салмау) керектігі туралы, су құбыры немесе канализация туралы, мектепті жабу туралы, кітапхананың ашылуы туралы, және т.б. шешім қабылдадыңыз. Бұл бүгін қабылданған шешімдер бірнеше жылдар бойы қаржылық және әлеуметтік нәтижелерін көрсету мүмкін.
Сен депутат ретінде саяси қызметті атқаратыныңды түсінесің бе?
Өзіңе бұл туралы есеп бере аласың ба?
Жергілікті саясаткер болатыныңды білесің бе?
|
Саяси көзқарастар
Саясатпен айналасуды әңгімелегенде, міндетті түрде Сіздің саяси көзқарасыңыз туралы сұрақ туындайды. Жалпы бұл маңызды емес, аналар – оң жақта, екіншілер – сол жақтағы деп, немесе тек қауымдастықта барлығы жақсы болғанын қалаймын деп айтпаңызшы. Ойланбай, тез арада жауап беруіңізді тілемейміз.
Біз төмендегі мәселелер бойынша өзіңіздің қалыптасқан көзқарасыңызға көңіл аударуыңызды сұраймыз: қауымдастықтың мемлекеттік және коммуналдық меншіктеріне, коммуналдық қызмет көрсетудің төлемақысының мөлшеріне, салықтарға, балабақшаның төлемақысының көлеміне, автобус билеттерінің дотацияларына, қауіпсіздік пен жұмыссыздық мәселелеріне, әлеуметтік проблемаларға (аш адамға жұртты дүрліктірген қармақ не балықты береміз бе?)... Біріншіден тыныштықта ойланыңыз, бұл мәселелер бойынша Сіздің бір жақты ұстанымыңыз бар ма? Енді ғана өз көзқарасыңызды анықтай аласыз: оң жақты немесе сол жақтыларға, либерал немесе социалистерге жатасыз ба. Маслихатта шешім қабылдаған кезде бұл өте керекті жағдай болады.
Егер де аталған бірнеше мәселелерге ғана қатысты өз ұстанымыңызды нақты белгіле алмай тұрсаңыз, сондай-ақ бұрынғыдай «қауымдастықта барлығы керемет болу керек» деп ойласаңыз, сайлауға қатысуыңыздан тез арада басыңызды тартыңыз!
Өзіңіздің саяси көзқарастарыңызды нақты анықтай аласыз ба?
Олар қандай?
Маслихатқа жалғыз не тобыңызбен барасыз ба?
|
Сайлауға жалғыз өзің барсаң да, «командаңмен бірге» мақсатқа жету үшін іс-әрекет жасау керек болады. Ымыраны кіммен жасауға дайынсыз? Басқаша көзқарастағы адамдармен жұмыс істей аласыз ба? Тәртіпке бағына аласыз ба? Сайлауға қатысу туралы шешім қабылдамай тұрып, осы сұрақтарға жауап беріңіз.
Маслихатта жан-жақты істермен айналасуға мәжбүр боласыз
Қауымдастыққа қатысты барлық мәселелермен айналасу керек екендігін (сондай-ақ, бұл мәселелер бойынша шешім қабылдау) туралы білесіз бе? Таңдаулы, өзіңізге жақын тақырыптармен ғана жұмыс істеймін деп ойламаңыз, мысалы, мәдениет, денсаулық сақтау, ағартушылық, қоғамдағы тәртіп, және т.б., немесе өзіңіздің қоршаған ортаңызға қатысты: тұратын көшеңіз, ауылыңыз, орамыңыз, шағын ауданыңыз. Егер Сіздің қызығушылықтарыңыз сондай санаулы болса, Сізге өз мақсаттарыңызды жүзеге асыру үшін басқа жерден мүмкіндіктер іздеу керек.
Есте сақтайтын жайт, маслихаттың комиссияларында мүшелердің 50 % дейін депутаттар емес қатысуға құқықтары бар. Дәл осы нақты проблемалар бойынша құрастырылған комиссияларда маслихат шешімдері жобаларымен негізгі мазмұнды жұмыс атқарылады. Осы жерде сіздің тәжірибеңіз пайдалы болады, халықты өз көзқарасыңызбен таныстыра аласыз, болашақта қабылданатын шешімдердің мазмұнына әсеріңізде тигізе аласыз.
Түрлі қоғамдастықтар, үйірмелер, клубтар сияқты өкіметтік емес ұйымдар демократиялық қоғамның негізін қалайтыны сөзсіз. Бұлар жергілікті аймақтық (өзін-өзі) басқару органдарымен бірлесе отырып, қауымдастық өміріндегі жеке мәселелерімен айналысу керек.
Әрине, жеке сала бойынша немесе бір көшенің мәселесін шеше алатын мәжілісте отыратын депутаттар жиі кездесетін болды. Бұлар тек өз саласы бойынша мәселелермен жұмыс істеп, басқа ешқандай проблемаларға көңілдерін аудармайды. Олар сөз сұрамайтын, бойкүйез адамдар, ал күн тәртібіне «олардың» мәселесі енгізілетін болса, олар тіріліп кетеді. Осындай кезде бұлар арыстандай төбелеседі, түрлі дәлелдер тауып, сайлаушыларының (әдетте көршілері немесе әріптестрі) алдында биік шыңдардан көрінеді. «Осы адам бізді қорғайды, біздің проблемаларымызды шешеді, біз үшін күреседі! », - дейді олар.
Бұл өте қауіпті депутатттар! Көптеген мәселелердің нақты шешімі олардың бойкүйездігінен лобби немесе қызығушылық танытқан адамдардың қолдарына тиеді. Сондай депутат болмаңыз!
Депутат қызметін атқарғанда немен айналысқың келеді?
|
Жаһандық ойлау
«Жергіілікті жұмыс істе, жаһады ойлан» деген мәтел бар. Сіздің әр қабылдаған шешіміңіз кез-келген дәрежеде қауымдастық халқының өміріне әсерін тигезетінін және олардың өкімет пен әкімшілік жүйесін түсіну үшін маңызды рөль атқаратындығын ұмытпаңыз. Есте сақтаңыз, сіз қабылдаған кез-келген шешіміңіз, сіздің ойыңызша жергілікті маңызға ие болса да, небір алыстан көрінетін қорытындыларға әкеліп түсуі мүскін. Бүгін балабақша бойынша қабылданған шешім бірнеше жыл өткеннен кейін демографиялық құбылыстарға тірелуі мүмкін. Бүгін мүлікті сату туралы қабылданған шешім көптеген жылдардан кейін, Мәжіліс депутаты Сіз емес, басқа біреу болған кезде өзінің нәтижесіне жетуі мүмкін. Мәслихатта қабылданатын шешімдер дауыс беру арқылы қабылданады. Сосын «мәслихат шешті», «мәслихат мақұлдады» деп айтылады. Ал шын мәнінде кез-келген мәселе бойынша Сіз және сіздің әріптестеріңіз қол көтеріп, бұл шешімді қолдадыңыз. Жауапкершілік нақты емес, шешімді ұжым қабылдады – бірақ Сіз осы әрекетке қатыстыңыз ғой!
Төртжылдық депутаттық мерзіміндегі көптеген сессияларда көптеген дауыс бергеніңіз өте маңызды іс-шараға қатысып отырғандарыңызды ұмытпау керек! Бұны есте сақтап жүресіз бе? Қол көтерер алдында бүгінгі күнгі мәселе бойынша дауыс бергеніңіздің ертең, бір жылдан кейін, немесе болашақта беретін нәтижелер туралы ойланасыз ба?
Жаһандық ойлана аласыз ба?
|
Сайлау алдындағы бағдарлама
Жоғарыда келтірілген ойлар мен қойылған сұрақтардан кейін келесі сұрақ қоямыз: өзіңіздің бағдарламаңыз бар ма? Өз қауымдастығыңызда арадағы бес жылдың ішінде депутат болу туралы жеке өзіңіздің бағдарламаңыз. Бір жергілікті газеттен алынған мысал:
«Шағын ауданның тұрғындары өз депутатын әлі де еске алып жүр. Жергілікті көшелерге асфальт салғыздыруға тырысамын деп сайлау алдында уәде берген. Мәслихат өкілеттілігінің мерзімі аяқталуға аз уақыт қалды. Асфальт пайда болды.... депутат тұратын көше бойында».
Осыған ұқсас мақала көптеген қауымдастықтарда пайда болуы мүмкін. Бірақ біз оны екінші рет басқаша оқып көрейік, оның мазмұны жайында ойланайық. Біріншіден, «көшелерге асфальт салғыздыруға тырысамын». Ол қалай тырысады екен? «Мейірімсіз өкіметпен» немесе «аты жоқ» қандай жаумен шайқасқа шығып, тырысады екен. Депутат мәслихаттың жарты құрамынан ғана өз ынтасына қолдаушыларды тапса, қауымдастықтың бүкіл көшелеріне асфальт салуға мүмкіндігі туады.
Екіншіден, «тұрғындар сайлау алдында берілген уәдені еске түсіреді...». Түсінікті, бұл депутат сайлауға «көшелерге асфальт салу» деген бағдарламамен шыққан, одан жеңіп шыққан. Бұл сайлаушыларға осы бағдарлама жеткілікті болып көрінді. Өз қауымдастығында бірнеше көшелерінде асфальт болмағанынан басқа проблема байқамаған. Барлығы ойдағыдай, бірақ бірнеше жүз метр асфальт жетпегендігі қана болмаса, қандай керемет аудан! Бұл «бір көшенің депутаты» болғалы мүмкін, осындай депутаттар туралы жоғарыда айтқанбыз. Бағдарламаға оралсақ. Кандидат көшеге, шағын ауданға асфальт саламын деп уәде береді (көшелерді, шағын аудандарды жарықтандыру, канализация орналастыру, және т.б.). Басқа сөзбен айтқанда, өзінің кішкентай қауымдастықтың халқы үшін өте маңызды проблеманың шешімін ұсынады. Мәселе расында да өте маңызды, кандидат жеңеді. Оның өкілеттілігінің бірінші жылында бұл мәселені шешуге мүмкіндік туады. (Мүмкін, бұл мәселе ауыл дамуының жоспарында бұрыннан болған!) Бұндай жағдайда біздің кандидат өз мандатын тапсырып тастауға құқығы бар, себебі сайлау алдындағы өз бағдарламасын орындап, жүзеге асырды.
Ал бес жылдың ішінде шешім таппаған мәселелер де болады ғой (керекті құжаттар құрастырылған, конкурс жарияланған, келесі жылы бұл жұмыс аяқталады). Бұл кезде халық депутат сенімді ақтамады, уәде берген, бірақ шешіп қоймады, айтқанын орындамады дейді.
Алайда біздің депутат әр түрлі мәселелер бойынша дауыс беруге қатысқан, оның қатысуымен аймақтағы маңызды өзгерістер пайда болған. Бірақ ол сенімді ақтай алмады – асфальтты «салғыздыра» алмады.
Өкінішке орай, мәслихаттағы депутаттың іс-әрекетін осылай қабылдаудың жиі кездесетіні сөзсіз. «Сайлау алдындағы бағдарламалардың» осындай болуы да мәлім.
Сайлауға барарда, бағдарламаны құрастырғанда төмендегіні ұмытпауға тырысу керек: барлық проблемалар бойынша өз көзқарасыңыз болуы қажет және де Сіз барлық мәселелердің шешімін қабылдаушысы ретінде боласыз. Өйткені осы жайт Сіздің ұстанымыңызды анықтайды, оның ішінде нақты дауыс берілген жағдайда.
Сіздің бағдарламаңыз бар ма?
Ол қандай?
|
Біз неге сізді осындай бағдарламаны құрастыруға үйретпейміз деп таңғалып отырсыз ба? Өзіңіз осы сұраққа жауап бере аласыз ба?
СИПАТТАМАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
Сіз жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап бердіңіз, көптеген проблемалар туралы ой қозғадыңыз, біздің кейбір қорытындыларымызбен келіскен жоқсыз, бұның барлығы өте жақсы! Өйткені Сіз біреудің айтқан пікіріне сын көзбен қарау керексіз. Сондықтан сынап көру керек деген қорытынды жасауға болады.
Басқа жағдайлар туралы ойланайық. Адамның кейбір қасиеттеріне тоқталып өтсек, әсіресе осы қасиеттер Сіздің мінезіңізде болғаны дұрыс болар еді.
Шыдамдылық
Жақсы депутат болу өте қиын. Психология жағынан да, дене тәрбиесі жағынан да шыдамды болу керек.
Сессиялар бірнеше сағат бойы созылуы мүмкін, кейбір кезде күн батқанда ғана аяқталады. Өз тәжірибеңізде болған жағдайларды еске түсіріп, қандай да бір көптеген уақытқа созылған жиналыс немесе мәжілістерде қаншаға дейін күш-жігеріңізді және таза ойыңызды сақтай алғасыз? Темекісіз қанша уақыт шыдай аласыз? Естеріңізге салыңызшы, бір-екі депутат темекі шегуге шығып, мәжіліс отырысында болмағандықтан, қаншама шешім қабылданған жоқ!
Түскі тамағыңызды ішпеген жағдайда кешкі сағат алтыдан кейін басыңыз ауырған жағдайлар есіңізге түсе ме? Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орнында қалып отыруға дайынсыз ба?
Мәслихат пен азаматтар жиналыстарында ұзаққа созылған дискуссиялар жиі кездеседі, арасында төбелеске дейін жету мүмкін. Кейбір кезде жеңіске жету үшін дұрыстық пен логика қажет емес, ал қайсарлық пен тұрақтылық керек екен. «Мен шаршадым, менің басым ауырып тұр, қарыным ашқандықтан, мен үйге кеттім» деген бос сылтауларға жол бермеу керек.
Жеткілікті психологиялық
және дене шыдамдылығы сізге тән бе?
|
Холмс пен Раге әдістемелігі бойынша өзіңіздің стресске тұрақтылығы мен әлеуметтік адаптацияңызды анықтаңыз.
№
| Өмір оқиғалар | Ұпайлар |
1
| Жұбайыңыздың қайтыс болуы | 100 |
2
| Ажырасу | 73 |
3
| Жұбайлар ажырасуы (бекітусіз) | 65 |
4
| Түрмеге жабуы | 63 |
5
| Туыстың қайтыс болуы | 63 |
6
| Зақымы немесе ауруы | 53 |
7
| Үйленуі, үйлену тойы | 50 |
8
| Жұмыстан шығуы |
47
|
9
| Жұбайлардың татуласуы |
45
|
10
| Зейнеткерлікке шығу |
45
|
11
| Отбасы мүшелерінің денсаулығы өзгеру |
44
|
12
| Жұбайының жүкті болуы |
40
|
13
| Сексуалды мәселелер |
39
|
14
| Отбасының жаңа мүшесі пайда болу, бала туу |
39
|
15
| Жұмыстағы қайта ұйымдастыруы |
39
|
16
| Қаржылық жағдайдың өзгеруі |
38
|
17
| Жақын достың қайтыс болуы |
37
|
18
| Кәсіби бағыттың өзгеруі, жұмыс орны ауысуы |
36
|
19
| Жұбайлар қарым-қатынастардың даулылығы |
35
|
20
| Қымбат затқа несие алу (мысалы, үй сатып алуына) |
31
|
21
| Несие төлеу мерзімінің аяқталуы, борыштардың өсуі |
30
|
22
| Лауазымның өзгеруі, қызмет жауапкершілігінің жоғаруы |
29
|
23
| Ұл немесе қыздың жеке шығуы |
29
|
24
| Жұбайдың туыстарымен тіл таба алмауы |
29
|
25
| Жетістік, табыс |
28
|
26
| Жұбайы жұмыстан шығады (немесе кіріседі) |
26
|
27
| Начало или окончание обучения в учебном заведении |
26
|
28
| Өмір жағдайлары өзгеруі |
25
|
29
| Әдеттерден бас тартуы, жүріс-түріс бет алысының өзгеруі |
24
|
30
| Бастықтармен тіл таба алмауы, конфликттер |
23
|
31
| Жұмыс жағдайлары несеме мерзімі өзгеруі |
20
|
32
| Тұрған жері ауысуы |
20
|
33
| Оқу орны ауысуы |
20
|
34
| бос уақыт өткізуге байланысты әдеттердің өзгеруі |
19
|
35
| Дін тұтуға байланысты әдеттер өзгеруі |
19
|
36
| Әлеуметтік белсенділігі өзгеруі |
18
|
37
| Арзан заттар (көлік, телевизор) алу үшін несие немесе қарыз |
17
|
38
| Ұйқымен байланысты әдеттердің өзгерісі, ұйқыны бұзуы |
16
|
39
| Бірге тұратын отбасының саны өзгеруі, отбасының өкілдерінің қарым-қатынасының өзгеруі |
15
|
40
| Тамақтандыруға байланысты әдеттердің өзгеруі (тағамдардың саны, диетасы, тәбеттің өзгеруі, т.б.) |
15
|
41
| Демалыс кезеңі |
13
|
42
| Жаңа жылды, туған күнін қарсы алуы |
12
|
43
| Тәртіпті елеусіз бұзуы (көшедегі тәртіпті бұзу) |
11
|
ҚОРЫТЫНДЫ ТҮСІНДІРУ
Ұпайлардың жалпы саны |
Стресске қарсылықтың күші
|
150-199
|
Жоғары
|
200-299
|
Жеткілікті
|
300 и более
|
Төмен (қамкөңілдік)
|
Егер ұпайлардың саңы 300 асса, ол нақты қауіптілікті білдіреді, сізге психо-соматикалық ауру мүмкін пайда болады, сіз жүйке ауруға жақын тұрсыз.
Ұпайлардың сомасы өзіңіздің стресс бейнесін ескертейді. Сіздің өміріңіздегі кейбір мәнсіз сияқты жағдайлар стресстік ахуалдың себебі болып қалады.
Азаматтық ерлік
Азаматтық ерлік – депутатқа өте қажетті қабілет. Өз пікірді болуы жеткілікті емес, оны көпшіоіктің алдында жариялау керек. Жиі жағдайда ол өте қиын жұмыс, өте күрделі мәселе бойынша пікір білдіру керек. Салықтардың, тарифтардың өсуі, кейбір мекемелердің жоюы, қажетті, бірақ қиын шешімдер қабылдауы – ол көпшіліктің қолдауын сирек кездестіреді. Көбі осындай жағдайларда қарапайым құралды пайдаланады – дауыс беруден, азаматтардмен кездесуден қашады. Бірақ, ол шешім емес. Сіз өз пікіріне ие болу, шшім қабылдау үшін депутат деп, таңдағаны мен сайлағаны.
Ақылдардың бірі бекер айтпаған: «мықты депутат референдумді қолдамайды». Бізде өкілді демократия билейді, сайлаушылар өз мәселелерін шешу үшін депутаттарға мандаттарын тапсырды. «Неліктен дауыс бердіңіз?» деген сессиядан қойылған сұрақтар туралы ұмытпау керек. Ұнамаса да щын жауап беруге дайын болыңыз.
Сіздерде азаматтық ерлік болуы керек – осындай қасиет сізде бар ма?
Сізде азаматтық ерлік бар ма?
|
Мәдениет және өз-өзін иеленуі
Мәдениет және өз-өзін иеленуі – өте маңызды белгілер. Демократиялық жүйенің негізінде әр түрлі пікірлерге құрмет пен көпшіліктің пікіріне сәйкес шешуін қабылдауы. Футболда да, шахмат та біреу жеңіп келе жатса, біреуі жеңілу керек. Шахматтық партияны ойнауға отырғандаы, жеңілуге де дайын болу керек. Осындай да маслихаттың отырысына келгенде өзіңіздің жеңілуді ұмытпау керек. Ол қиын жағдай, бірақ қарсылас адамдар да женуі мүмкін. Маңызды матч барысындағы шындықьы сақтауға қиын сияқты, осы пікірмен келісу өте күрделі. Осы жағдайда өз мәдениет, өзді ұстамды болуы мәнді.
Пікір-талста бір-бірін ренжіту, жаман сө қолдану қажет емес. Осындай мысалдар аз емес.
Мүмкін, осындай әдістерді сіздің қарсы ойыншы қолданады. Өзіңізді азғырмаңыз – егер сабыр сақтасаңыз, жеңістің жарты сіздің қалтаңызда.
Өз қабілеттеріңізді бағалаңыз, сізді абыржылдауға шығару қиын болмаса, өзіңізге басқа жұмыс іздеңіз.
Сіздің өмір салтыңыз бен жігерлілігіңіз депутат болу талаптарына сәйкес пе?
|
Келіссөздер және мәлімілер
Мәслихатқа 12 депутат кіреді. Егер осындай мәслихаттың өкілі болсаңыз жән сізде іске асырылатын идея болса, оған ең кемі алты депутатты сендіру керек. Сізбен бірге жеті депутат болады да, сіздердің дауыстарыңыз көп болады, осымен бірге шешім қабылдаушы болуы мүмкін. Осы пікірде ұжымдық органдардың сиқыры болады.
Мәслихаттың саңы көбірек болса, оның көпшілігін жинау үшін дауыстардың саны өсу керек. Ал Мәжілісте 107 депутат. Келіссөзге жету үшін қабілетіңіз бар ма? Басқаларды өзіңіздің дұрыстығыңызға сендіре аласыз ба? Сәйкес аргументтерді таба аласыз ба?
Мәслихаттың шешімдері сесс ия барысында пайда болады, осыны ұмытпау керек. Осындай шешімдерге комиссиялардың барысында ұзақ және күрделі пікірталастар жеткізеді. Кейбір жағдайларда өзінің басты мақсатына жету үшін ұса-түйекк қарамау керек. Мысалы, алтыншы депутат өз талабын жарияласа, олармен келісу қажет. Дұрыс шешім қабылдау үшін мықты пікірі және анық бағдарлама болуы қажет, сонда өзіңізді ешқашан алдамайсыз.
Мәслихаттағы жұмы – саяси қызмет, ал саясатта келісімдер билейді.
Өз өміріңізден мысалдарды келтіріңіз. Қалай қиыншылықтарды жеңдіңіз?
Келісссөздер бойынша мықты серіктессіз бе?
Мәселенің мазмұынына бұрылмай, келісісді қабылдайсыз ба?
Өз әділдігіңізе жақындағы адамдарды сендіре аласыз ба?
|
Тесттің келесі сұрақтарына жаувп беріңіз. «Иә» деген жауапқа 2 ұпай, «анда-санда» деген жауапқа 1 ұпай, «жоқ» деген жауапқа 0 ұпай деп санаңыз.
Ұпайларды санаған соң өз мінезіңізбен танысыңыз.
Тест «Сіздің жанасымдылығыңыз»:
Келесі сұрақтарға ұнаған жауаптарды таңдаңыз:
№
|
Сұрақ
|
Иә
|
Анда-санда
|
жоқ
|
1
|
Сізді кездесу күтіп тұр. Оның күтуі сізді құбылжытады ма?
|
|
|
|
2
|
Дәрігерге баруын кейінге қалдырасыз ба?
|
|
|
|
3
|
Отырыста баяндама, хабарлама жасау деген тапсырма немесе ұсыныс сізді ашуландырады ма?
|
|
|
|
4
|
Сізді ешқашан болмаған қалаға іс-сапарға жіберіп тұр. Осы іс-сапарға бармау үшін күш саласыз ба?
|
|
|
|
5
|
Өз әсерленушіліктермен біреумен бөлінесіз бе?
|
|
|
|
6
|
Бейтаныс адам өтініш жасаса ашуланасыз ба?
|
|
|
|
7
|
«Ата-аналар» мен «балалардың» арасындағы мәселе бар ма? Оларға бір бірінді түсінуге қиын ба?
|
|
|
|
8
|
Бурнеше ай бұрын сізден қарызға алған 1000 теңгені қайтаруды ұялмай ескертесе аласыз ба?
|
|
|
|
9
|
Мейрамхана немесе кафеде сізге нашар дайындалған тағам ікелсе, ашуланып үндемейсіз бе?
|
|
|
|
10
|
Бейтаныс адаммен бетпе-бет қалсаңыз, үндемей тұрасыз ба, егер ол әңгімені бастаса зәрде боласыз ба?
|
|
|
|
11
|
Дүкендегі, кітапханадағы, кассадағы кезек сізді шошытады. Кезекке тұрып, зәрде болсыз ба немесе өз мақсатыңыздан бас тартасыз ба?
|
|
|
|
12
|
Тартысты жағдалар бойынша комиссияларға қатысудан қашасыз ба?
|
|
|
|
13
|
Сізде өнер, мәдени туындылар бағалаудың жеке, өз пікіріңіз бар, басқалардың пікірлерін қабылдамайсыз. Осы шын ба?
|
|
|
|
14
|
Сіз білетін мәселе бойынша қате пікірді естісеңіз, үндемейсіз бе, пікір-таласқа қатыспай?
|
|
|
|
15
|
Қызмет мәселе шешу, оқу тақырыпты түсіндіру өтініштер сізді ашуландарады ма?
|
|
|
|
16
|
Өз пікіріңізді жазба түрде жазасыз ба?
|
|
|
|
|
Жалпы ұпайлар
|
|
|
|
30-32 ұпай – сіз жаңасқыш емессіз, осы мәселеден өзіңіз ғана бейнеттенесіз.
25-29 ұпай – тұйық адамсыз. Жалғыздықты таңдайсыз, сондықтан достарыңыз аз.
19-24 ұпай – жұғымды адамсыз, бейтаныс жағдайда өзіңізді батыл ұстайсыз. Пікірлеріңізде негізссіз мысқылдар көп болады. Бірақ осы кемшіоіктер жойылатын.
14-18 ұпай – сіздің коммуникабельность нормада. Жаңа жұмысты қорықпай бастайсыз, жаңа адамдармен қиналмай танысасыз, бірақ көп сөйлегені, шулағаны сізге ұнамайды.
6-13 ұпай – сіз ешқанда қысылмайсыз: барлық жағдайларда өз пікіріңізді білдіресіз, қандай болса істі, тапсырманы орындайсыз, бірақ аяғына дейін жеткізбейсіз. Осыны ойланыңыз.
5-тен кем ұпай – жұғымдылығыңыз асып тұр, көп сөйлейсіз, сізге қатысы жоқ істерге кірісесіз. Ашушаң, ренжігіш адамсыз. Адамдарға сізбер қарым-қатынас құру қиын.
Оқыту
Оқу аласыз ба? Өз салаңызда қандай болса да кәсіби маман болсаңыз да, қандай бай тәжірибеге ие болсаңыз да, сіз күтпеген жаңа сұрақтар және жағдайлармен кездесесіз. Мүмкін, сіз үшін ол оқу мен заңдардың мәтіндерін түсінуіне қажеттілік болады: қаржы, мемлекеттік сатып алуы, суларды тазартуы, араққорлықпен күресуі, т.б. Егер сіз мықты депутап болғыңыз келсе – сіз оқуыңызды жалғастыруыңызға дайн болуыңыз керек. Келесі сұраққа жауап беріңіз:
Оқыңыз келеді ме және оқуға қабілетіңіз бар ма?
|
Өз жағдайлар
Дауыс салуға кіріссеңіз келесі жағдайларды қарастыру қажет.
Қалай ойлайсыз, мәслихат депутатының жұмысы қанша уақыт алады? Уақыты қайда кетеді?
Уақыт
Депутаттың жұмысы көп уақыт алады. Сайланған мықты ьасшылардың жұмысы одан да көп уақытқа қажет. Қатарлы депутаттың (маслихатта міндет атқармайтын) кейбір негізгі міндеттерін көрсетейік:
Сессияларға қатысу – ең кемі айда бір рет, әдетте – күні бойы;
Комиссиялардың отырыстарына қатысу – бірнеше сағат бойынша, айда бірнеше рет;
«Клуб» кездесулер. Кейбір маслихаттарда, әсіресе ірілерде, саяси клубтар қазмет етеді, басқаларда – жай депутаттық топтар. Осындай кездесулер өте маңызды және көп уақыт алады.
«Жергілікпен танысу». Сессияла болатын мәселені: қоқыс жинайтын орынды, мектепті, жолдарды, салынып жатқан немесе жөнделеніп жатқан бала-бақшаны өз көзімен көру қажетті болады. Ал облыста, қала/аудан, ауылдар ірі болғандықтан, жолға көп уақыт кетеді.
Сайлаушылармен кездесулер. Осы міндет заңмен белгілінген, оны ұмытпау керек.
Айтылған барлығы дайындықты талап етеді. Шешімдердің жобаларын оқу қажетті, сәйкес материалдармен танысу керек. Осы барлығы көп уақыт алады, әр сессияның, әр комиссияның отырысының алдында бірнеше сағат кетеді.
Тағы да оқу қажет. Депутаттарға арналған әр түрлі курстар, сабақтар бар, одан басқа өз-өзін жетілдіру керек. Ол да өте көп уақыт алады.
Сайланған басшы болғыңыз келсе, өз кәсіби және үй міндеттер туралы ойлаңыз, отбасыңыз, әуестігңіз туралы ұмытпаңыз. Санаңыз, депутаттың қызмет айда қанша күн, күн ішінде қанша сағат алады. Ол бәрі бес жылға созылады!
Сайланған басшының міндеттерін атқаруға уақыт табасыз ба?
|
Денсаулық
Шыдамдылық туралы айтылды. Денсаулық нашар болса, шыдамдылықты сақтау өте қиын. Жиі ауырсаңыз, дәрігерлер тыныштықты сақта десе сайлауға қатысудар бас тартыңыз.
Сайланған басшы (депутат) болу үшін денсаулығыңыз мықты ма?
|
Отбасы
Уақыт туралы айтылғанда осы мәселені қозғадық. Жақын адамдарға уақыт жетпейді, ол шын. Отбасыңыз сіздің қызметіңізбен келіседі ме, бұқаралық адам болсыз, сіз туралы көбі талқылайды, сөз қозғайды (көбінесе жаман сөздер жиі айтылады). Сіздің тегіңіз жергілікте басылымдарда жарияланады, ол сіздің жақындарыңызға мүмкін ұнамайды. Жұбайыңыз, балалармен ақылдасыңыз.
Жақын адамдар қоғамдық қызметті қабылдамаса, өте қиын жағдайға түсесіз. Отбасы немесе мәслихат? – осы таңдауды қатты ойластыру керек
Сенесіз бе, отбасыңыз қоғамдық жұмысыңызбен келіседі деп?
|
Мамандық бойынша
Осында да уақыт маңызды мәселе. Заң бойынша депутат маслихаттағы міндеттерін атқару үшін жұмысынан босатылады. Бірақ депутаттың басшылығы мен әріптестері бәрін тұсінеді, көмек көрсетеді деп заң кепіл бере алмайды. Қажеттілік болғанда жұмыстан шыға алсыз ба, ойланыңыз. Мүмкін, жұмысыңызда жиі іс-сапарлар жіберсе? Мүмкін бастығыңыз басқа салалардағы белсенділікті ұнатпаса? Әріптестер, басшылық, бағынышты адамдар қалай қарайды, осыны ойлаңыз. Депутаттардың көбі жұмыстарында осындай мәселелерді кездестірген. Бірақ әріптесі депутат деп кейбір жағдайда басшылар қанағат болып мақтанады.
Дауыс салуға кірісудің алдында осы ақылдарды қарастырыңыз.
Депутат болсаңыз жұмыстағы қарым-қатынастар қалай құрылады? |
Қаржы
Осы бөлімде қаржы туралы сұрақтарды қарастырайық. Қаржы туралы ашық және анық айту қажетті. Депутат болғыңыз келсе, осы пікірге үйрену керек.
Бірнеше қаржы мәселелерді көрсетейік:
Сайлау кампанияның бағасы. Қампанияның бағасы жоғары. Оған өз қаржыңызды жұмсауға дайынсыз бе? Келіссеңіз, қандай қаржы? Осы туралы отбасыңыз не айтады? Егер демеушілер көмек жасаса, бекер ештееңе берілмейді дегенді ұмытпаңыз!
Жағдайда әр жақтан қарастырып, қаржы туралы ойланыңыз, бірақ сайланған басшы болуының негізгі себеп – ақшалы ұтымдарға үміт болса – дереу бас тартыңыз.
Қаржылық жағдайыңыз қандай?
|
Заңды жағдайлар
Белгілі құқықтық шектеулер туралы айтайық. Ең басты шектеулер жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша заңнамаға негізделеді.
2003 жылы 25 қыркүйектегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті орындау өкілеттілігінде, жемқорлық құқықты бұзуды жасағандар қатал шаралар қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жазалау шаралары негізінде жүзеге асады.
Аталмыш заңның 2 б. қосымшасына жазылған:
Мемлекеттік міндеттерді орындайтын тұлғаларға лауазымды тұлғалар, Парламент және маслихат депутаттары, соттар және ҚР мемлекеттік қызметкерлер туралы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік қызметкерлер жатады.
Мемлекеттік міндеттерді орындау өкілеттігімен теңестірлетін тұлғалар:
жергілікті өзін-өзі басқару ұжымына сайланған тұлғалар;
белгіленген заң тәртібімен тіркелген ҚР Президенттігіне кандидат, ҚР Парламенті мен маслихат депутаты санатына, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару сайлау ұжымының мүшелігіне тіркелген тұлғалар.
3. Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзіндік басқару ұжымдарында ұйымдастыру-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді жүзеге асыру мен орындаушылар тұлғалардың тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік қызмет жасайтын тұлғалар.
«Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 1 п. 8 б.сәйкес «Мемлекеттік қызметтерді орындауға үміткер немесе мемлекеттік қызметке орнығу тұлғалары... өзіне бекітілген аталмыш Заңмен басқа да шектеулі заңдарды қабылдайды» .
Ол біріншіден табыстар туралы декларация, мүлік, банктік мекемелердегі салымдар, бағалы қағаздар, қаржылар туралы, өз акционер ретіндегі үлесі немесе заң жөнінен тұлға құрушы ретінде туралы декларацияларға қатысты.
Осы да бәрі емес. Сіздің жұбайыңыз ьабыстар туралы декларацияны жариялау керек.
Осындай шектеулерді қабылдауға дайынсыз ба? |
Дауысқа түсу туралы ойланып, осыны ескерту керек.
Мысал ретінде келесіні келтіруге болады.
Сіз – мықты құрылысшы, үздік құрылыс қомпанияным иесі, өз қоғамыңызда бірнеше гектар шатырлары бар жалғыз тұлғасыз. Әрине, кезі келгенде оларды жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес сайыс жарияланады. Барлығы заңды болады. Сіздің фирмаңыз ұтып алады, шатырларды жөндейді, ал сізді айла-амал жасады деп, өз баю үшін қызметтік жағдайды пайдаланды деген кінә жүктеленеді.
Ал сізде жол жөндеу фирма болса? Немесе сіз – сәулетші?
Заңды жағдайлардан басқа шектеулер болады. Осыны ойланыз. Қоғамдық пікір үшін сіз абсолютті «мөлдір» болу тиістісіз, осыны ұмытпаңыз. Мүмкін, даусқа түсуден бас тартасыз?
Депутат міндеттерін сіз атқару үшін заңды шектеулер бар ма?
Өз пайда үшін депуттатқа сайланды деген күдіктер сізге түспейді ме?
|
Шешімді сіз қабылдайсыз
Алдында жазылғандың бәрін оқып шығып және қойылған сұрақтар бойынша ойланып, сіз депутат қызметін атқаруға ешқандай кедергі жоқтығын түсінсеңіз, тағы да осы туралы ойланыңыз.
Депутат болу өте маңызды, егер:
сіздің қоғамыңызда шешілмеген мәселелер көп болса, ал алғашқы өз-өзін басқару органдар оларды шешелмесе немесе шешу келмесе;
кейбір мәселе бойынша сізде дәл ұсыныстар болса;
қасыңызда сізді колдайтын пікірлес азаматтар болса;
өзіңізде үлкен белсенділікті сезесіз және әрекет ету ықыласыңызды сезінесіз.
Осыдан кейін отбасыңызды өз мақсаттарына сендіріп, алдағы бес жылды өз қоғамыңызға арнайсыз - ауыр міндетті атқаруға кірісесіз.
Жасайтын барлығын біреу істеу керек
Сен болмасаң, сонда кім, қазір болмаса, сонда қашан?
|
Сайлауға қатысып, сайлау кампанияның барысында сіздер жаңа адамдармен танысазыздар, сіздерге бейтаныс мәселелермен кездесесіз. Ал сайлаудан ұтылсаңыз, ол да мүмкін, өкінбей, бұрынғыдай белсенді болып жүріңіз, өз мақсаттардан бас тартпаңыздар. Сіздің қала, ауылыңызда үкіметтік емес мекемелер, клубтар, үйімелер, қоғамдар, саяси топтар бар шығар, оларға қосылып, өз облысы, қала/аудан, ауылдың өміріне қатысуға тырыс.
Бірақ алдын-ала жеңілеміз деп ойламаңдар, одан көрі ойланыңыздар, қайда дауысқа түсесіз, депутат болған соң не істейсіз.
Аяғында сайлау, жергілікті және мемлекеттік басқару туралы заңдардың ақырғы толық мәтіндер және сәйкес сайлау жүйелермен танысу қажеттілігін ескертейін дегенбіз. Осыны сайлау көшбасы боламын деген адамдарға ұсынамыз.
№ 98 тапсырма
ШЖБ «Цитадель СВ»
тиражы 800 дана