Аударма, бейімделу, апробация –А.А. Карпов, В.В. Козлов
Мәні: Массачусет сұрақ-жауабын (МАGS) 1994 жылы Шаффер, Ла Бриер, Скаплан, Каммингс әзірледі. Әдістеме жасөспірімнің құмар ойындарға елігуін бағалауға мүмкіндік береді. Ол 2 межеден және 26 сұрақтан тұрады, «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруге болады. Он төрт сұрақ мәскүнемдікті анықтауға арналған қысқаша мичиган скрининг-тесттен алынды (SMAST), ал 12 DSM-IV-дан. Бұл сұрақ-жауап жасөспірімдерді тәуелділікке жақын патологиялық ойыншыларға және патологиялық емес ойыншыларға бөлуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауаптың сенімділік пен дұрыстылық деңгейі жақсы нәтиже көрсетіп отыр (Россен, 2001).
Достарыңызбен бөлісу: |