20
Ғаламтор қорларын пайдалана отырып оқытуды жаңа педагогикалық технологияларға жатқызуға
болады. Ғаламтордың ең басты ерекшелігі жаңа ақпараттар алуда (мысалы жаңа оқиғалар, атақты
адамдар, компаниялар туралы қызықты деректер жəне əр тақырып бойынша оқу-бағдарламалық бей-
нероликтер, аубиожазбалар) материалдың көптігі.
Кілт сөздер: жаңа технология, ақпарат көзі, ғаламтор, инновациялық бағыт, ақпараттық құрал, ойын
сабақ.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Asmus N.G. Lingvisticheskie osobennosty virtualnogo kommunicativnogo prostranstva.Cheliabinscy
GU, 2005.265 s.
2. Avramova A.G. .Lingvisticheskieosobennostyelektronnogoobshenia: namat.francusckogo, angliskogo I
3. ruskogoiazikov. Moskva, 2005.
3. Ermenbaeva L. Kazak tilin tehnologyalar arkili okitu ozektiligi. KMEBI.
4. Smirnov S.A. Tehnologya kak sredstvo obuchenia vtorogo pokolenya / S.A.Smirnov – M., 2001 (Смир-
нов С.А. Технология как средство обучения второго поколения / С.А.Смирнов – М. 2001).
5. Fedorova G.I. Kompiuteri I Internet v obucheny inostrannim iazikam. // Uchitel – 2003. №1.
ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІМІЗДІҢ ТƏУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН КҮРЕСТІҢ
ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ
Ағдарбеков Төкіжан
ҰҒАЖА академигі, заң ғылымының докторы, профессор
Егеменді еліміздің ұлттық мемлекеттілігінің тəуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты сол тəу-
елсіздікке жету жолында бүкіл өмірлерін аямаған ұлт-азаттық қозғалысының Əлихан Бөкейханов
бастаған, Алащ зиялыларының күресінің тарихи кезеңдеріне көңіл аударып,бүгінгі күні оның сонша-
лықты маңыздылығын тағы да айқындай түсу, ең қажетті жəне актуальды проблемаларға жатады.
Н.А.Назарбаев осыған орай,қазақ зиялыларының қайраткерлерін тұлға ретінде танудың қажеттілігі
туралы «Сол айтулы есімдердің білімдарлық, һəм азаматтық тəлімдері кейде көріне бермейтін де ар-
налар бар. Оның бағасын ұрпақтары,бүгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс» деді. Себебі олар «ХХ ға-
сырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани зерделі игі жақсылар қазақтың
ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды» [1].
Əлихан Бөкейханов Санкт-Петербург университетінің заң факультетін өз бетінше бітіріп, бірнеше
шетел тілін білген жəне марксизм теориясын терең білушілердің бірі ретінде танылған. Соған байланы-
сты, Ə.Бөкейханов марксизм теориясымен қатар, Лениннің ұлттық мемлекет туралы идеяларын жақсы
білген.
Əлихан Бөкейханов өз қызметінің басты мақсаты, қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау-
мен қатар, оның тарихи кезеңдерін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау болды. Сондықтан, ол
өзінің «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың формалары», «Қазақтар» (қырғыздар)», Қазақ өл-
кесінің тарихи тағдыры жəне оның мəдени жетістіктері» тағы сол сияқты көптеген еңбектерінде ұлты-
ның тарихын зерттей келіп бірнеше тарихи жəне саяси қортындыға келді. Оның біріншісіне, қазақтың
алғашқы ұлттық мемлекетінің формасы 1465 жылғы Керей мен Жəнібек құрған хандықтан, яғни Орта-
лық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекеттен айрылып қалудың себебін, хан сұлтандардың елді басқа-
рудағы қателігінен көрді. Яғни елдің бірлігін ұйымдастырып қарсы тұрмай, салт дəстүрі,мəдениеті бар,
еркін аумақта көшіп жүрген халқын еш қарсылықсыз орталыққа жегіп бергенін байқады.
Əлихан Бөкейхановтың екінші саяси тұжырымдамасына жататын, оның заңгер жəне мемлекеттілік-
тің пайда болып даму заңдылықтарын жетік білуіне байланысты болды. Яғни Ресей империясының
отарлау саясатына байланысты ру-жүздерді біріктіріп,қарулы күрес арқылы тəуелсіздік алып,ұлттық
мемлекеттілікті құрудың мүмкін еместігі. Сондықтан ол, тəуелсіздікке жетудің бірден бір жолы заман
талабына сай қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятып,мəдениетін қалыптастырып қазақ қоғамын
еуропалық деңгейге жеткізу мəселелеріне үлкен мəн берді. Ресейдің самодержавиядан федеративтік
демократиялық парламенттік мемлекетке айналмай, оның құрамындағы ұлттардың тəуелсіз мемлекет-
тілігін, оның ішінде қазақ халқының тəуелсіз өз мемлекттігін құра алмайтындығына көзі жетті.
Ə.Бөкейханов беделді марксист бола тұрып, қазақ даласында жүргізілген экспедиция нəтижелеріне
21
байланысты халықтың тұрмыс тіршілігін, экономикасын, мəдениетін зерттей келе маркисизм идеяла-
рының қазақ даласына келмейтініне көзі жеткендіктен мемлекеттілікті құрудың басқа жолдарын іздеп,
шығыс елдерінің мемлекеттілігіне көңіл аударып зерттей бастады.
«Алаш» зиялылары, Алаш үкіметінің алғашқы құрылуында демократиялық қағидаларға сүйеніп,
тəуелсіз ұлттық мемлекеттілікті құруды мақсат етіп қойды.
Тəуелсіз ұлттық мемлекет құру жолында алаш зиялылары ең маңызды бес қағидадға сүйенді. Бірін-
шісіне қазақ елінің жерінің тұтастығын сақтау. Екіншісіне, Ресей патшалығы тұсында қазақтардың
отырықшылыққа көшуіне жол бермеу.. Себебі, сол кезде қазақтар отырықшылыққа көшсе, Патша
өкіметінің келімсектерге берілген жерлерінен мүлдем айрылып қалуы мүмкін еді. Үшіншіден, жерді
жеке меншікке, келімшек орыстарға сатуға түбегейлі қарсылығын білдірді.
Алаш қайраткерлері, патша үкіметі кезінде қазақстанда салуға жоспарланған Турксиб теміржол
құрылысына қарсы болып ,оның астарында қазақ даласын тонау, шұрайлы жерлерді Ресейдің шаруа-
ларымен толтыру мақсатының бар екенін түсінді жəне кейіннен азаттық алып өз мемлекттілігін құрған
кезде, келімсектердің оны қорғауға кедергі болатынын да көре білді.
«Алаш» партиясының баспа органы болған «Қазақ» газеті халықтың ұлттық санасын оятуға өзінің
үлкен үлесін қосты. Оның бас редакторы болған А.Байтұрсынов өз маңына дарынды қазақ журнали-
стерін,жазушыларын жинады. Олардың арасында М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутытов, Х.Досмұ-
хаметов тағы басқалар болды. Газетте ағартушылық идеяларымен қатар,өз дəуірінің көкейтесті мəсе-
лелері жарияланды.
Бүгінгі тəуелсіздігіміздің түп тамыры Алаш автономиясымен байланысты болғандықтан Н.А.На-
зарбаев атап көрсеткендей «Халықтың тарихи жадын сақтамайынша ұлтты қалыптастырып дамыту
мүмкін емес, ал ол өткен халқымыздың елеулі кезеңі қашан да, қайда да ұлттық мемлекеттіліктің пайда
болған уақыты болып табылады» деген [2].
1917 жылғы ақпан революциясының нəтижесінде монархиялық үкіметтің құлауы, Қазақстандағы
саяси жағдайларды өзгерістерге ұшыратты. Алаш партиясы патшалық тəртіпті жойып, ұлт-азаттық
қозғалысын ұйымдық жағынан жақсартуға ұмтылды. Алаш партиясының бағдарламасы бойынша Ре-
сей федеративтік демократиялық республикасыныің құрамында қазақ автономиясын құру мақсаты көз-
делді [3].
Автономия құрудың демократиялық алғышарттарына жататындар: дініне, тегіне,жынысына қара-
май сайлау құқығының теңдігі.Діннің мемлекеттен ажыратылуының қажеттігі, өздерінің діни басқару
органдарының құрылу қажеттілігі. Сол сияқты, сот процесі де күллі халықтың тең жəне сол жерде-
гі көпшілік ұлттың тілінде өткізілуі. Тағы сол сияқты ана тілінде мектептер ашу «өзінің орта жəне
жоғарғы оқу орындары, университеті де болуға тиіс» [4] екендігі көрсетілді. Сонымен бағдарлама-
да ұсынылған өркендеудің демократиялық жолы авторитарлық үдістерге байланысты жүзеге асыруға
мүмкіндік бермеді.
1917 жылы желтоқсанда Алаш ұлттық автономиясы жарияланды. Оның төрағасы, премьер мини-
стрі болып Əлихан Бөкейханов сайланды. Əрі қарай қазақ мемлекеттігі көпұлтты,көпдінді,біртұтас
болатынына сенді.Алаш үкіметінің мемлекеттік басқару туралы бағдарламасында парламент прези-
денті,ал парламенттің өзін земство, яғни жергілікті басқару органдары сайлайтынын көрсетті. Соған
байланысты Əлихан Бөкейханов дайындаған земство туралы заңдар Думаға депутат болып сайланған
кезіне сəйкес келеді. Яғни Лениндік большевиктер партиясының ұлттық мемлекеттік идеяларының қа-
зақ даласына сай келмейтіндігін дəлелдеп, зерттеулері арқылы қазақ еліне лайық ұлттық- мемлекеттік
нысанды ұсынды.
Н.А.Назарбаев қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігінің тəуелсіздігі үшін күрескен Алаш зиялыла-
рының еңбектерін бағалай келіп «Олар қазақ мемлекеттігін дамытудың нысанын жиырмасыншы ғасы-
рдың бас кезінде-ақ көрсетіп берген болатын» деді [5].
Орталық Азия халықтарының бірталай даму кезеңін қамтыған кеңестік қоғамдық саяси құрылы-
стың орнауы болды. Түрік тілдес халықтар үшін тəуелсіздік алудың нəтижесі формальды сөз жүзінде
ғана болды. Яғни əр ұлттың мəдениеті мен ғылым – білімін дамыту жолында болып, ұлт қалыптасуы
болғанмен, ұлттық мемлекеттіктер тек формальды сипатта болды, ұлттар өз тілдерін саясатта, эконо-
микада, ғылымда қолдануға мүмкіндік жасалмады.Ұлттық сана-сезім тотаритарлық режимнің құрба-
нына айналды.
«Орталық Азия республикалары тотаритарлық империяның артта қалған мешеу бүкіл сыртқы дүни-
еден «темір перде» арқылы бөліп тасталған шет аймағына айналуға мəжбүр болды» [6].
Кеңес Одағының ыдырауына байланысты түркі халықтарының,оның ішінде қазақ халқының жаңа
даму кезеңі басталды. Қазақ халқы өзінің ұлттық мемлекеттігін жаңа талаптарға сай қалпына келтіруге
Достарыңызбен бөлісу: |