Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет7/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62

16
«Жалғыздық – жалғыз досым екен менің,
Тақпаңдар жалғыздыққа бекерге мін».
  Ақын  осылайша  жалғыздыққа  ара  түседі.  Адамды  жалғыздықтан  тек  қана  Құдай  құтқарады,  ол 
жалғыз  қалғанда  ғана  өзінің  жалғыз  емес  екенін,  онымен  Жаратушы  бар  екенін  мойындайды  деген 
көркемдік концепцияға Алмастың мына өлең жолдарынан кейін келеміз:
Өз ойы мен өзегіне құл пенде,
Өлім жоқта өмір құнын білген бе?!
Құдай деген Жалғыздықтың атасын
Еске аламын жалғыз қалған түндерде.
Махамбетке Ықыластың жасаған сатқындығын мысал еткен Маралтай ақын да жалғыздықтан өзге 
шынайы достықтың жоқ екенін астарлай жеткізіп, сенер ешкім таппайды.
Көбейіп кенет жалқы боп,
Ере алмай заман көшіне.
Сүйеніп, сенер халқы жоқ,
Махамбет түсіп есіме.
Теңселіп үйге қайтамын,
Батыр боп, кейде ақын боп.
Жалғыздық əнін айтамын,
Жалғыз болмасқа хақым жоқ [3,20] 
Ерлан Жүніс те қазіргі қоғамда адамдар арасындағы достықтың шынайылығын жоққа шығарады:
Бір досым бар еді менің –
Ал оның жоқ екен досы.
Өлең өмірді жырлайды. Бірақ оны түсінер ешкім жоқ:
Көшелер – өлеңнің жолы,
Ешкім де табылмас оқыр.
Лиркалық қаһарман саны бар, сапасы жоқ мағынасыз адамдар тобын:
«Автобус тағы да толы –
Тағы да бос келе жатыр» [4, 42] – деп, тұспалдап, қысқа əрі нақтылы əрекет арқылы 
жеткізеді.
Өзінің  əлемде  жалғыздығын  түйсінген  сəтте  ақындарымыздың  поэзиядағы  танымының  бөлінуі 
басталады. «Мұң жоқ менің мұңымдай» деп шарасыз халын мойындаған Маралтай Райымбекұлы «Ал-
ладан деп не болса да алдымен» деп өзін сабырға шақырады. Үмітсіздікке бармай, дəстүрлі танымдағы-
дай өзінің асқақ «Менімен» күреске шығады.
«Қорқытқа ұқсас пішінде,
Шындық өліп ішімде.
Қашып жүрмін өлімнен
Өңімде һəм түсімде». 
Адалдықты,  тазалықты  аңсаған  жүректі  тірідей  өлтірер  қоғамдағы,  адамдар  арасындағы  қай-
шылықтан ақын қаша жүріп күреседі, беріле салмайды.
Өзім қорқам Өзімнен,
Не істейін, не қылайын?!
Күн де маған уайым,
Түн де маған уайым.
(Бір көрінші көзіме!)
Уайымды ұстап ап,
Ауызынан ұрайын [1,15].
Не істерін, не қыларын білмей абдырап тұрған сəтте Маралтайдың қаламына тəн күрескерлік рух 
көмекке  келеді.  Дəстүр  аясын  жалғастырушы  ақындарымыздың  діни  сарынға  бет  бұруының  да  бір 
ұшығы осында жатыр. Бар əлемде жүріп жатқан рухани ізденіс, еліміздегі бір қоғамдық формациядан 
екіншісіне аяқ басуы салдарынан дəстүрлі дүниетанымда төңкеріс жүріп жатқанын əдебиет өкілдері-
нен байқаймыз. Əлемді қатыгез, қарама-қайшылыққа толы деген пікірді құптаған буын көріне бастады. 
Өзін- өзі, əлемді жатсынатын психологиялық өзгерістер байқалуда. Қазақ прозасында Əуезов проза-
сынан, кейін 70-80 жылдары белең алған экзистенциалистік таным бірлігі бүгінгі жаңашыл ақындары-
мызда көрініс беріп жатқандығын атап өткеніміз теріс болмас.
Тəңірім, осы бір сəттің


17
Ешқандай жауабы жоқ па?
Мен бүгін – өзіме жатпын,
Бауырмын – өзіне жатқа!
Ақынның жатсынуы жеке басының, жеке танымның мəселесі емес, өз атынан сөйлей отыра заман-
дастар бейнесін, бір-бірінен безінген көпшіліктің психологиясын береді.
Ақын əлемді де, адамды да кінəлап жатпайды. Қоғам адамды өзгерте ме , жоқ адам қоғамды өзгерте 
ме деген сұрақтың мазалайтыны осы ойынан көрінеді:
Менде еді – əлемнің күнəсі,
Ал менің бар күнəм – əлемде!
Əлем  күнəһар  болса,  адамдардың  ниетінен  немесе  керісінше  адам  күнəһар  болса,  оны  мəжбүрлі 
еткен қоғам.
...Мен едім сол түні Абылды өлтірген,
Тағы мен мерт болған Қабылдың қолынан..! 
Адам өзі қалыптастырған қатыгез қоғамның құрбаны дейді.
Рессейлік  əдебиет  сыншысы  Илья  Куклин 90 жылдары  орыс  поэзиясында  жаңа  өлшемдер,  ұғым 
түсініктер қалыптаса бастағаны назар аудартады. Ол қандай өлшемдер? Бұл, əсіресе, сыртқы əсердің 
ықпалынан  пайда  болатындай  кез-келген  құндылықтарға  көзқарас  тез  айнығыш  сипатта.  Кез-келген 
шепті бұзып, қалыптасқан пайым түсініктерді тас-талқан етуге бейімділік бар. «Для 90-х важно ощу-
щение того, что граница может возникнуть и исчезнуть в любом месте. Мир 90-х может быть описан 
как мир мерцающих – возникающих и проподающих границ» [5.22].
Қабаттан  құлап  өлген  біреуге  қарап  тұрған  топ  оны  өлгенше  ішкенін  жазғырып  тұр,  бірақ  ақын 
сырттан осы оқиғаны бақылаушы ретінде араласып, өз ойын білдіреді. Жай ғана салқынқандылықпен 
өлген адамды ақтап алады. «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» деген бұрыннан таңсық емес ойды 
ақынның жаңаша жеткізе білуі оның дара үнін көрсетсе керек. Оның өлімі – мейірімсіз қоғамға көр-
сеткен қарсылығы:
Бір топ тұр біреуге қарап,
Қабаттан құлаған биік.
Ол байғұс ішіпті арақ,
Пышақтың жүзіне құйып.
«– Өлгенше ішкені несі,
Ақылдан адасқан болар?!»
Меніңше тым дұрыс есі,
Білмейді олар.
Мейірімсізге өлі жатып,
Қарсылық көрсетер, бəлкім... [2, 37]
Күрделі  ойды  арқау  еткен  ақынның  тұлғасы  да  күрделі.  Ол  өзінің  қайшылықтарға  толы  ортаға 
күресін асқақтата, айқайлай жеткізбейді. Күйректікке салынып, ажалын күткен бір пенде болып көрін-
бейді. Суық ақылмен шешім қабылдар, сабырдың, сарабдал сыншының болмысын танытады. Интел-
лектуалды өлең деп атауға толық негіз бар. Ақынның энциклопедиялық білімі де көрініп жатады. Бірақ 
хрестоматиялық ұғымдарды тізіп, ділмарсып, философия соғудан да аулақ.
«Рессейде постмодернизм əдеби бағыт ретінде, дəлірек айтсақ, жаңа əдеби бағыттың жүйесі ретінде 
бəрінен бұрын поэзияда дамыды. Орыс романтизмінде, символизмінде, тағы да акмеизм, футуризм си-
яқты модернистік ағымда поэзия прозадан басым түсіп, оның дамуынан озып кетті»-деп жазады М.Н. 
Эпштейн [6,127]. Орыс поэзиясында постмодернизм толыққанды бағыт жəне көркемдік ойлау жүйесі 
ретінде 1970 жылдардың аяғы, 1980 жылдардың басындағы «жаң толқында» көрінді. Ал біздің ұлттық 
поэзияда да постмодернизімнің кең құлаш жайғанын көреміз.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Райымбекұлы М. Ай. Алматы: Жазушы. 2001 ж.
2. Темірбай А. Мың бір мұң. Алматы: Жалын. 2008 ж.
3. Райымбекұлы М. Кентавр. Алматы: Жалын. 2008 ж.
4. Е. Жүніс Киелі түндер дұғасы. Алматы: Жалын. 2011 ж.
5. Современная русская поэзия . И. Куклин. Москва, 1996 ж.6
6. Эпштейн М.Н. Постмодернизм в русской литерературе. Москва: Высшая школа 2005 г.


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау