Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет11/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62

24
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН 
ҚҰРАЛДАРДЫҢ РӨЛІ
Алимбекова Сабира Шереханқызы
п.ғ.к., доцент м.а.
Мамырбек Заңғар
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркістан қаласы
Педагогика курсынан белгілі «дидактика» ұғымы, бұл – білім мен оқытудың теориясын жасап шыға-
ратын  педагогика  ғылымының  саласы  жəне  оның  зерттеу  мəселелері:  оқыту  үдерісінің  заңдылығын 
ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді əдістері мен ұйымдастыру түрлерін жасап 
шығару. Оқыту – жеке адамның қалыптасуының жəне бірінші кезекте, ақыл-ойы мен жалпы білімін 
дамытудың құралы. Оқыту үдерісінде, оқушылардың өздігінен білім алуда дидактикалық материалдар-
дың орны ерекше.
Дидактикалық материал – оқушыларға өз бетімен жұмыс істеу үшін таратылатын құралдар (карта-
лар, кестелер, мəтіндік, сандық немесе суретті үлестірме жиыны, реактивтер, өсімдіктер, хайуанаттар 
жəне т.б.) [1, 76-77 бб.]. Дидактикалық материалдар өзінің мазмұны, безендірілуі жəне даярлану тех-
нологиясы бойынша қарапайым болып табылуы жəне мұғалімнің тапсыруымен оқушылардың өздері 
дайындауы мүмкін. Кейбір педагогтар бағдарлама материалдарын оқушыларға зерделеу үшін беретін 
графикалық тапсырмаларды, модельдерді, бөлшектерді, көрнекі құралдарды дидактикалық материал-
дарға жатқызады. 
Дидактикалық  материалдардың  мектеп  қабырғасындағы,  мектептен  тыс  оқушылардың  шұғылда-
ныстарындағы еңбекке жəне кəсіпке баулу үдерісінде пайдаланатын негізгі түрлерін төмендегідей етіп 
көрсетуге болады [2]:
1. Сабақтардың əзірлемесі.
2. Өндірістік бұйым үлгілері.
3. Өндірістік бұйымдардың операциялық өңделуінің үлгілері (сызба бойынша).
4. Сабаққа керекті стендтер (операциялық өңдеу үлгілерінің картонда, қағазда орындалғаны).
5. Сабаққа керекті оқу жабдықтарын дайындау картотекасы.
6. Өндірістік бұйымдардың үлгілерін дайындау бойынша құралдар.
7. Өндірістік бұйымды өңдеу технологиясы бойынша нұсқау карталар.
8. Пайдаланылатын материалдардың жинағы.
9. Оқу үдерісіне ұсынылған экрандық құралдар.
10. Материалдарды өңдеу жəне құрастыру жұмыстары бойынша кестелер.
11. Қауіпсіз еңбек ету ережелері бойынша кестелер.
12.  Ғылыми-əдістемелік  əдебиеттер:  анықтамалар,  оқу  құралдары,  техникалық  құжаттар,  автомо-
бильге т.б. арналған журналдар.
Технология  пəн  сабақтарында  оқушылар  негізінен  практикалық  іс-əрекеттерді  орындайды.  Сон-
дықтанда мұғалімдер оқушылардың практикалық жасаған жұмыстарына баға қояды. Ал оқушылардың 
теориялық мағлұматтар бойынша білімдері сабақтың барысында оқып үйренуден тыс қалып қоятын 
жағдайлары болады. Сондықтан да технология пəн сабақтарында оқушылардың өздігінен оқуын қамта-
масыз  ету  үшін  оқу  материалдарын  түзіп,  соған  сəйкес  оқушылардың  орындайтын  тапсырмаларын 
беру қажет. Бұл оқушылардың теориялық мағлұматтарды тереңірек оқуын талап етеді, ал теориялық 
мағлұ-маттар оқушылардың практикалық іс-əрекеттерді нəтижелі орындауына септігін тигізері анық.
Технология  пəн  сабақтарын  оқытуда  қалыптасқан  теориялар  мен  əдістемелер  басшылыққа  алын-
ды. Бұл бағытта жазылған ғалымдардың еңбектері П.Р.Атутов, В.А.Поляков, Д.А.Тхоржевский, О.Сы-
здықов, К.Дүйсенбаев, Д.Пошаев, А.Саипов, Ю.Камалов, Б.Ортаев т.б. назарға алынуы оқыту сапасын 
арттырады.
Технология пəн сабақтары бойынша оқу материалдарының мазмұны жүйелі түзілуі тиіс. Мəселен 
орта мектепті 5-сыныбына өтетін тақырып аясындағы оқушылармен ұйымдастырылатын практикалық 
жұмыс үшін өзіндік жұмыстың үлгісін талдап көрелік [3]. 
Тақырыбы: Бұрғылау станогы жəне жұқа қаңылтыр металда тесікті бұрғылау (№10. Практикалық 
жұмыс).
Мақсаты. Бұрғылау станогы құрылысымен танысу жəне бұрғылау станогымен, қол дрелімен тесікті 


25
бұрғылау дағдыларын үйрену. Бөлінген уақыт 2 сағат.
Қолданылатын  құрал-жабдықтар,  бейімдеу  құралдары.  Бұрғы,  бұрғылау  станогы  мен  қолмен 
бұрғылау операциясына арналған бейімдеу құралдары, бақылау-өлшеу құралдары.
Тірек ұғымдар: дрель, бұрғылау станогы, қозғалтқыш, беріліс механизмі, жұмыс бөліктері.
Осыдан  кейін  оқушылардың  өздігінен  оқуы  үшін  теориялық  мағлұматтар  келтіру  керек,  яғни  ол 
тақырып пен оның мақсатына сай түзілуі тиіс. Жаңа ұғым бөлектеніп көрсетілгені дұрыс. Бұл оқушы-
лардың назарын аудару үшін жасалады. Мəселен, төмендегідей мəтінде берілгені мақұл.
«Жұқа  қаңылтырдан  дайындамаға  тесік  тесіруді  дрель  немесе  бұрғылау  станогының  көмегімен 
орындайды.
Төменгі сыныптарда сіздер тасымал жəне тасымалдаушы машинамен таныстыңыздар. Енді сіздер 
əр түрлі материалдарды өңдеуге арналған техноло-гиялық машиналармен танысасыздар. Олардың əр 
қайсысы негізгі үш бөліктен: қозғалтқыштан, беріліс механизмдерден жəне жұмыс бөлігінен тұрады.
Бұрғылау станогында жұмыс бөлігі болып бұрғы саналады. ...» [3]. Одан кейінгі кезекте міндетті 
түрде  тірек  ұғымдарының  мəні  ашылып,  оларға  қатысты  көрнекіліктер  суреттеліп,  өндіріс  орында-
рындағы қондырғылар сипатталады. Оқу материалдарында техникалық, технологиялық, ұйымдастыру 
жəне экономикалық, кəсіптік бағдар беру, т.б. мəселер оқушылардың таным түсінігіне сəйкес келтіріл-
гені мақұл.
Технология пəн сабағында оқушылар практикалық жұмыстарды орын-дайды. Практикалық жұмы-
старға кіріспес үшін оқушыларға қауіпсіздік ережелерін қамтитын нұсқаумен таныстыру керек. Мəсе-
лен, оны төмендегідей реттілікте беруге болады:
-  Бұрғылау станогында жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен орындауға болады.
-  Станокты тоқтатуды қызыл нүктені (кнопканы) басумен орындайды.
-  Құрал жəне басқа да заттарды станоктың төсіне (үстіне) қоюға болмайды.
-  Станоктың қозғалатын бөліктері қорғалған болуы керек.
-  Жұмыс алдында патрон шпиндельге, бұрғы патронға, бөлшек атауызға берік бекітілуін қадағалау 
керек.
-  Бұрғылау станогын жұмысқа дайындауды жəне жоңқаларды тазалауды тек қана оны тоқтатқаннан 
соң орындайды, т.б.
Оқушылардың назарына ұсынылатын қауіпсіз еңбек ету ережелері бойынша оқу материалдары көр-
некіліктермен толықтырылуы тиіс. Осыдан кейінгі кезекте оқушыларға тапсырма жəне олардың орын-
далуына нұсқау беріледі.
Оқушыларға берілетін практикалық жұмыстарды орындаудағы өзіндік оқу материалын тұйықтай-
тын сұрақтар болуы тиіс. Мəселен, жоғарыдағы аталған тақырып аясында төмендегідей сұрақтардың 
берілгені дұрыс: 
1. Технологиялық машиналардың негізгі бөліктерін атаңыз?
Бұл  сұрақ  бойынша  оқушының  машиналар  жəне  олардың  негізгі  бөліктері  жөніндегі  білімдерін 
білуге болады. Блум таксономиясы бойынша бұл сұрақ білу деңгейін қамтиды.
2. Бұрғылау станогының қол дрелінен артықшылығын түсіндіріңіз. Бұл сұраққа жауап оқу матери-
алдарын түсіну деңгейінде меңгерілгендігін көрсетеді.
Сұрақ оқушыдан екі құралды салыстырып, талдап қорытынды шығаруын көздейді. Осындай рет-
тілікпен берілетін т.б. сұрақтар оқушылардың өздігінен ізденуіне түрткі болады. Мұғалім тарапынан 
оқу шеберханаларының арнайы бұрышы оқу-əдістемелік əдебиеттермен қамтамасыз етілгені дұрыс.
Еңбекке  дайындауда  оқушыларға  дидактикалық  материалдардан  басқа  құралдар  қолданылады. 
Оларға техникалық есептердің (тапсырмалар, міндеттер): графикалық, сапалық, сандық, техноло-
гиялық жəне конструкторлық түрлері қатысты болып табылады. Еңбекке дайындаудағы политех-
никалық  бағыттылықты  арттырудағы,  технологиялық  мəдениетті  қалыптастырудағы  құралдар 
жүйесінде үлкен орын алатыны техникалық есептер. Оқыту барысында олардың мазмұнын білу мен 
соларға сəйкес оқыту жəне оқу əдістерін қолдану қажеттігі туындайды.
П.Р. Атутов оқыту құралдарының төмендегідей түрлерінің оқу-тəрбие үдерісінде қолданылатынын 
айтады [4]:
а) баспа негізіндегі оқу құралдары (кестелер, картиналар, баспа картока түріндегі үлестірме мате-
риалдары жəне т.б.);
б) приборлар (өлшеу, бақылау, есептеу, қорғау, басқару, реттеу жəне т.б.);
в) көлемді құралдар (заттық-техникалық модельдер, муляждар, нақты объектілер);
г) аудиовизуальды құралдар (оқу кинофильмдері, диафильмдер, диапозитивтер, магнитті таспалар, 
грампластинкалар);


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау